Әр халықтың әдеби дәстүрі – бір кезең, бір дәуір емес, ұзақ ғасырлар тудырған, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, үнемі өзгеріп, түлеп, байып, дамып отыратын рухани игілік
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
Қазіргі замандағы аударма мәселесі
ІІ. Негізгі бөлім
1. Э.Хемингуэйдің “Шал мен теңіз” повесіндегі зат есімдерді орыс
тілінен қазақ тіліне аударғандағы сәйкестік, сәйкессіздік мәселесі
2. Зат есімдерді орыс тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды
ХХІ ғасырдағы аударма ісінің маңыздылығы
Кіріспе
“Әр халықтың әдеби дәстүрі – бір кезең, бір дәуір емес, ұзақ ғасырлар
тудырған, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, үнемі өзгеріп, түлеп, байып, дамып
отыратын рухани игілік. Қашанда әдеби дәстүр мен әдби даму - әдеби
қозғалыстың өзара ажырамас, тығыз диалектикалық байланыстағы құрамдас
қайнарлары” - дейді белгілі әдебиет сыншысы Р.Нұрғалиев. (1,147 бет)
Шынында, қай елдің әдбиетін алып қарамайық, ол сол ұлттың қалыптасып,
даму жолында үлкен қызмет жасайды. Қоғамдық ой-пікір мен мақсат-мұратты,
сол ұлттың тыныс-талабы мен қасірет-мұқтажын белілейді. Осы мақсат-мүдделер
сол елдің әдебиеті арқылы дамып өседі. Қоғамдық өмірдің әлеуметтік-саяси
экономикалық тұрғыдан көркеюі сол елдің әдебиетімен тікелей байланысты.
Рухани өресі өскен сайын ол халықтың басқа ұлттардан ерекшелен түсетіні
белгілі. Бұл әдеби дістүр мен әдеби даму, әдеби ықпал мен әсердің қоғамдағы
рөлінің жоғары екендігінің дәлелі. Әдебиеттану ғылымының осындай
дәстүрлерге негізделген салаларының бірі - әдеби байланыс дер едік. Белгілі
әдебиет зерттеушісі Ш.Сәтбаева әдеби байланысқа мынандай баға береді:
“Көркемдік дамудың, әдеби үрдісінің мыңызды бір заңдылығы - әдеби
байланыстар - әдеби әлеміндегі тосқауылдар, қарым-қатынастар, рухани
байлықтар алмасулары. Қоғамның өрлеу жолымен даму қажеттілігінен туған
мәдени, әдеби байланыстардың өзіндік мол тарихы, бай мазмұны бар. Өрлеу
биігінде ұмтылған әрбір әдебиет томаға-тұйықтық пен провинциализмнен бойын
аулақ салып, дәстүрлі байланыстар орнауын, дамуын, нығаюын қажетсінген
талай озық ақыл-ой ізденістері осы бағдарға бағытталған”.
Қай халықтың болсын өнер жағынан дамуындағы әдеби байланыстар сол ұлт
әдебиетінің өркен жая өсуіне, оның әлеуметтік ықпалының күшеюіне септігін
тигізіп, сөз өнеріндегі көрінген халықтың рухани қалпын, арман-мүддесін,
өмір тарихын басқа халықтардың тарихымен ұштастыруға, сөйтіп, олардың өзара
түсінісуіне, бірін-бірі құрметтеп, достасуына дәнекер болады. Демек,
халықтардың мәдени-әдеби байланыс мәселесі – заманымыздың маңызды, актуалды
істерінің бірі. Міне, осы әдеби байланысты жүзеге асыратын негізгі процесс
– аударма процесі.
Аударма арқылы ой ауыстыру – мәдениет кемерін кеңейтудің бір құралы.
Ауысқан ойдың екінші елдің ұғымына бейімділігін, сәйкестігін аудармашылар
басты назарда ұстаған. Аударма мезгілі де көп жайды аңғартады. Аудармашы
бір шығармаға көз тігу арқылы өзінің айтар ойына, көзқарасына өзгеден
үндестік іздейді. Қаламгердің еркінің бағынышты болып, еркін сөзге ноқта
салынған қоғамда аударма көбейеді. Яғни көркем сөз шеберінің ой мен тілі
қабыспағанда аудармаға жүгінеді.
“Аударма – бұл күрделі гуманитарлық ғылым. Ол өзінің құрылымында таза
прагматикалық аспектімен қоса күрделі ойлау процесінің эстетикалық
аспектісін қамтиды. Арнайы шеберлікті қажет ететін бұл процестің негізі –
көркем аударма”. (2, 20 бет)
Көркем аударма тарихы талай ғасырларды қамтығанымен оны ғылыми
нысанаға айналдыру ХХ ғасырдың еншісіне түскені белгілі. Тәржіманың
қалыптасу, даму барысын сапалық тұрғыдан бағамдау, оның негізгі методикалық
қағидаларын саралау қолға алына бастағалы одан да аз уақыт өтті. Соңғы
жарты ғасырда аударма теориясына қатысты біршама жаңа қағидалар пайда
болды. Аудармтанудың өз алдына арнайы ғылым болып орнығуы да осы кезеңге
сәйкес, тәржіма ісін тарихи-мәдени, әдеби, тілдік, психологиялық тұрғыдан
зерттеу осы уақытта ерекше дамығаны анық.
Көркем тәржімалар қатарына көз салсақ, олардың дені – ақын-жазушылар,
арнайы маманданғандар – саусақпен санарлықтай. Аударма теориясын
қалыптастыру және дамыту үшін көптеген еңбектердегі орнықты пікірлер мен
өнімді көзқарастарды тарихи-жүйелі тұрғыда ғылыми айналымға енгізудің
қажеттігі сөзсіз.
Көркем тәржіма теориясының негізгі нысандарын айқындауда басын ашып
алар мәселелер жетерлік. Алғашқы кезекте аударманың творчестволық процесін
қамтитын мәні мен маңызының арасын ажыратып алу қажет. Өйткені аударманы
белгілі бір процесс деп қабылдау мен тәржімаланған туындыны осы процестің
нәтижесі деп екі бөлініп қарастыру мынадай мәселелерді тереңірек тануға
септігін тигізеді: 1) аударманы әдеби-эстетикалық, психолингвистикалық
процесс деп бағалау оны тереңірек зерттеуге мүмкіндік туғызары анық,
өйткені бір тілдегі мәтінді екінші тіл арқылы бейнелеудің көптеген қырларын
арнайы қарастырудың ғылыми құндылығы көп; 2) аударма туынды шығармашылық
процестің нәтижесі, ендеше туынды мәтінді жаңа тілдегі жаңа шығарма деп
талдауға болады; 3) аударманы көркемдік-эстетикалық ізденістің нәтижесі деп
қарастыру да ғылыми өнімді бағыт.
Көркем аударманың жалпы заңдылықтары: 1) аударманың көркемдік-
эстетикалық негіздерін айқындай түсу және таратып зерттеу, яғни әдебиет
құрылымдар мен тілдік ерекшеліктер мен заңдылықтарының көркем тәржімаға
қызмет ету мүмкіндігі мен сапалық айырманы саралау;
2) көркем аударма теориясы мен әдебиетттанудың зерттеу объектілерінің
ортақ және жалқы сипаттарын айқындау, тәржіманың өзіне тән қасиеттері мен
ерекшеліктерін анықтай түсу;
3) көркем аудармадағы “заңды сәйкестілік”, “эквиваленттік” сияқты
ұғымдардың қолданылу аясын, сапалық мүмкіндігін ашу және түпнұсқа мен оның
тәржімасының коммуникативтік теңдігін сақтаудың жолдарын іздеу;
4) қазақ әдебиетінің шығармаларын белгілі бір тілге, тілдер тобына
аударудың ортақ қағидалары мен жеке ерекшеліктерін жүйелі түрде басқа
пәндермен бірлікте зерттеуге кірісу; басқа тілдердегі туындыларды қазақ
тіліне тәржімалаудың жалпы және жалқы мәселелерін қарастыру;
5) прогматикалық, лингвситік, көркемдік факторлардың аударма сапасына
әсерін, ықпалын ашу, прескривтік және десприпивтивтік қарым-қатынастардың
байланысын сараптау.
Сонымен қатар, көркем аударма теорияы бірқатар мәселелерді қамтығаны
жөн: 1) көркем аударманы пін ретінде оқытудың әдіс амалдары; 2) тәржімаға
қатысты әр түрлі аударма мәнітдерді өңдеу мен жетілдірудіңм қағидалары.
Көркем аударманың теориясы әдеби шығармаларды тану мен талдаудың
методологиялық қағидаларын есепке алуы қажет-ақ, яғни түпнұсқа мен аударма
мәтіннің мазмұны пен пішінің арасындағы байланысты анықтаудың маңызы көп.
Менің бүгінгі қарастырайын деп отырған тақырыбым ағылшын тіліндегі
шоқтығы биік шығарма Э.Хемингуэйдің “Шал мен теңіз” қазақ тіліндегі
аударммасы. Осыған қатысты әңгімені әріден өрбітейін.
Қазақ-ағылшын әдеби байланыстарының тарихы бай. Қазақстанның мәдени,
рухаани, әдеби өмірінің бұл құбылысын ғылыми зерттеу ХХ ғасырда басталған.
Оған А.Байтұрсынов, М.О.Әуезов, А.Х.Марғұлан, Ш.К.Сатпаева, Нығмет
Ғабдуллин сияқты ғалымдар мол үлес қосты. Көлемі қомақты, мол күрделі
романдарды тәржімалау дәстүрі, оны әңгімелеу арқылы тарату үрдісі ХІХ
ғасырда өріс алған. ХІХ ғасырда қазақ интеллегенциясы өкілдерінің басқа
елдердің рухани қазыналарын қабылдау шегі бірталай кеңейді.
Шет ел жазушыларының шығармалырының барлығына жуығы қазақ тіліне орыс
тілі арқылы аударылатыны белгілі. Бірақ бұл Ю.М. айтқандай “ұлттық
калоритті жеткізудегі ең қауіпті кедергілердің бірі” болып табылатын жолма-
жол аударғанға қарағанда жақсы. Барлық шет ел жазушыларының шығармаларының
қазақша аудармалары жанама аудармаға жатады. Ал жанама аудармалар тікелей
аударманың аудармасы болып табылады.
Ағылшын жазушысы
Әлемге аян американ жазушысы Эрнест Хемингуэйдің “Шал мен теңіз”
повесі ұлы қаламгердің шоқтығы биік туындыларының бірінен саналады.
Жазушыға осы шығарма үшін Нобель сыйлығы берілген. Повестегі басты кейіпкер
балықшы шал Сантьягоның бейнесі адамның құдірет-күшін, ұлылығын көрсететін
кесек тұлға. Ғаламда адамды жеңетін күш жоқ деген философиялық түйінді
жазушы осы шығармасына негізгі арқау етіп алған.
Бұл шығарманы 1947 жылы Е.Колашникова; Б.Грибянова, т.б. жазушылар
Москва “Көркем әдебиет” баспасында орыс тіліне аударса, қазақ тілінде 1966
жылы Алматыда “Жазушы” баспасы болып шығарған. Орысшадан аударған – Нығмен
Ғабдуллин. Кітап 1400 дана болып шаққан. Аударма еркін жасалған. Аудармашы
шығарманың сюжет, композициясына нұқсан келтірмеген. Түпнұсқа қалай
басталып, қалай аяқталса, аударма да тура солай. Автордың жасаған образ,
пецзаж, портреттерінің бірде бірі өзгермеген. Диалогтар да сол қалпында,
кейіпкер бейнесіне, характерінде де өзгеріс енгізбеген. Аударма шығарманың
түпнұсқасынан кем түспейді, қайта мағынасын аша түседі.
Н.Ғабдуллин мәселесінде өзара байланыс, үйлесім, аударма табиғатын
тану, басқаша айтқанда, аударма табиғатын тану, басқаша айтқанда, көркемдік-
бейнелеуіш құралдары, сөздер мен сөз оралымдарын ұтымды да орынды
пайдалануды басты назарда ұстаған.
Негізгі бөлім
Қазіргі қарастырып отырғанымыз, Э.Хемингуэйдің орысша аудармасы
“Старик и море” мен қазақша аудармасы “Шал мен теңіздегі” зат есімдер. Кез
келген шығарманың, айтылған ойдың, т.б. бәрінің негізгі дені (түбірі) зат
есімдерден тұратыны белгілі. Олай болса зат есімді бір тілден екінші тілге
аударғанда негізгі мазмұнды сақтау, мағынаны діл беруде маңызы зор.
Лингвистикадағы салыстармалы типологиялық әдіс генетикалық жағынан
тіыс емес тілдерді бір-бірімен салыстыруда қолданылатын аса маңызды амал-
тәсілдердің бірі. Аударманың лингвистикалық теориясы мен салыстармалы
типология өзара тығыз байланыса отырып, бірін-бірі толықтырады.
Салыстырмалы типология екі тілге тән белгілерді зерттейтін болса,
аудармадағы аудармашының мақсаты, бір тілдегі сөзді немесе сөйлемді келесі
бір тілге дәл сол мағынасында жеткізу. Аудармашының мақсаты – ол негізгі
мағынаны дәл беру болғандықтан бір тілден екінші тілге аударма жасағанда
грамматикалық мағына белгілі бір мөлшерде ұшйрайтыны белгілі.
Негізгі мақсатымыз генетикалық жағынан туыс емес тілдердің зат есім
категорияларын жан-жақты салыстырмалы зерттеу арқылы жүйелі түрде негізгі
ерекшеліктері мен ұқсастықтарын айқындау болып отыр.
“Старик рыбачил один на своей лодке в Гольфстримс” деген сөйлемдегі
зат есімдер ешбір өзгеріссіз қазақша аудармада да дәл солай берілген. “Шал
Гольфстримге қайығымен бір өзі ғана шығып жүрді”. Мұндағы зат есімдер “Шал”
- “старик” бастауыш болып тұр, ал “қайығымен” - “на лодке” деген зат есім
екі тілде де толықтауыш болып тұр. Қазақ тілінде бұл зат еесім көмектес
септігінде тұрса, орыс тілінде “творительный падежда” тұр. Бұл автордың
сөйлемнің синтаксистік, морфологиялық құрылымы мен қоса негізгі мағынасын
да боз қалпында, кіршіксіз сақтай отырып жеткізгендігін көреміз.
Ал, орыс тіліндегі “Вот уже всемьдеят лет четыре дня он ходил в море и
не поймали ни одной рыбы”, деген сөйлемдегі “рыбы” деген сөз қазақ
тіліндегі аудармада зат есім емес, есімдік түрінде берілген.
“Міне, сексен төрт күн болды, теңізге күнде шығады, бірақ қармағына
әлі де ештеме ілікке жоқ”. Осыдан аңғаратынымыз, автордың сөзбе сөз
аудармаға қисынды-қисынсыз бой ұрмай, әңгіме желісін сөцлем, сөз мағынасын
түсінікті, қарапайым тілде оқырманға айқын етіп жеткізу. Екіншіден,
аудармада орыс тіліндегі сөздерді сөзбе-сөз аударсақ, “Ол сексен төрт күн
бойы теңізге шығып, бірде бір балықты ұстамады”.
Бұл сөйлем өте жадағай, әрі жазушының ойлау өресін, сөз қолданысының
қорын жүдететін сөзбе сөз аударма ғана болып шығар еді. Ал, автор бұл
сөйлемді өзінше әрлендіріп, оқырманға да тартымды етіп, әңгімені өзінше
өрбітеді.
“Но день за днем не приносил улова, и родители сказали мальчику, что
старик теперь уже явно, то есть “самый что ни тна есть невезукий”, и
влелели ходить в море на другой лодке, которая действительна привезла три
хорошие рыбы в первую же неделю”.
Жоғарыдағы сөйлемдегі зат есімдерді талдайтын болсақ:
день – зат есім, мужской род, родительнаы падеж;
улова – зат есім, мужской род, родительный падеж;
родители – зат есім, именительный падеж, көпше түрде; винительный
паеж;
мальчику – зат есім, дательный падеж, мужской род, жекеше түрде;
старик – зат есім, иминительный падеж, мужскоц род, жекеше түрде;
лодка – зат есім, пысықтауыш қызметін атқарып тұр;
в море – зат есім мекен пысықтауышының қызметін атқарып тұр;
неделю – түбірлі зат есім, мезгіл пысықтаушының қызметін атқарып тұр.
Аудармашы бұл сөйлемді былайша тәржімалаған:
“Күн өте берді, қолға балық түспеді, содан соң баланың ата-анасы күдер
үзіп, бұл шалды “жолын қырсық шалған сорлы бейбақ” десіп, балаға енді басқа
қайыққа ауыс деп әмір еткен-ді. Басқа қайыққа барғанда баланың жолы болып,
серігі мен екеуі алғашқы аптаның ішінде-ақ үш ірі жайын ұстаған-ды”.
Автор бұл сөйлемді таратып, мән-мағынасын ауқымды әрі толық көрсеткен.
Сөйлем құрылымын өзгерткен, зат есімдерді де өз қалауынша қолданған.
Мәселен, “күн” сөзi қазақ тiлiнде жекеше түрде, дара, атау
септiгiндегi зат есiм болса, орыс тiлiнде “день за днем” болып кездеседi.
Бұл сөздi қазақ тiлiне тура аударсақ “күннен күнге” болатын едi. Яғни,
“күн” сөзiне шығыс септiгiнiң “-нен” және барыс септiгiнiң “-ге” жұрнағы
жалғанады. Ал, осылайша қазақ тiлiне аудару сөйлемнiң сәнiн кетiрер едi.
“Улов” сөзi қазақ тiлiнде дәлме-дәл аударылмаса да, “балық” деп
аударылып негiзгi мағынаны сақтап тұр. Ал орыс тiлiндегi аудармада
қолданылған ағылшын сөзi “salao” қазақ тiлiнде “бейбақ” деп тәржiмаланған.
Бұл аударма да ағылшын сөзiнiң негiзгi мағынасын дәл берiп-ақ тұр.
“Все у него было старое, кроме глаз, а галаз были цветом похожи море,
веселые глаза человека, который не сдается” деген сөйлем қазақ тiлiнде:
“Шалдың өңi де, киiмi де ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz