Қазіргі кезеңдегі құрылымдық жадиғаттар


Тақырыбы: Қазіргі кезеңдегі құрылымдық жадиғаттар.
жоспары:
- Металл құймалары
- Металл құймалары және оларды қолдану
- Құрылымдық жадиғаттар
Ортопедиялық стоматологияда протездерді дайындау үшін әр түрлі металл құймалары қолданылады. Металдар таза күйінде қолданылмайды, өйткені олардың қасиеттері негізгі материалдарға қойылатын талаптарға сай емес. Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын барлық металдар көп компанентті құймалар болып табылады.
Металдардың химиялық қасиеттері құрамындағы атоммен әлсіз байланысқан қозғалғыш электрондардың санына байланысты.
Металдардың құрылысы. Металдар қатты күйінде анық байқалатын кристалдық құрылыста болады. Металдың бет қабатын мұқият жалтыратып содан соң белсенді химиялық заттармен улай отырып микроскоппен қарағанда оның құрылысының кристалды екенің көруге болады. Кристалды дененің негізгі ерекшеліктері атомдардың молекулалардың немесе иондардың кеңістікте белгілі бір орында орналасуы болып табылады.
Металдардың көпшілігіне тән кристалдық тордың үш түрі бар:
- кубтық қабырғаларынан орталықтандырылған, бұдан кристалдық тор темірде 910-1390º С температура аралығында алюминийде, алтында, мыста, қорғасында болады.
- Кубтық көлемді - орталық таңдырылған, бұндай кристалдық тор темірде 910 ºС төмен болғанда және 1390ºжоғары болғанда хромда, ванадида болады
- Гексагональды бұндай кристалдық тор мырышта, магнийде, кадмийде болады. Кристалдық тордың байдамдарында оң зарядталған иондар орналасады.
Атомдардың валентілігін анықтайтын электрондар кристалдық торда бос қозғалыста болып, электрондық газдар түзеді. Олардың белсенділігінен металдың электр және жылу өткізілетін қасиеті өзгеріп отырады.
Кристалдық құрылыстың кемшіліктерінің бірі - атомдар арасындағы қуыстардың болуы, басқаша « вакансия ». Торлардың бұл кемістіктері құймалардың балқу кезінде бір-біріне енуі үшін өте маңызды және термиялық өндеуге байланысты. Кристалдық құрылыстың екінші бір кемшілігі дислокация деп аталады. Бұл жағдайда кристалдардың шоғырлануына байланысты жартылай жазықтық түзіп, бір сызықтың бойына орналасқан кемістікке әкеліп соғады басқаша айтқанда жиектік дислокация. Бұл дислокация түзу болуы болмаса бұралып спираль тәрізді болуы да мүмкін. Соңғысы “бұрандалы дислокация“ деп аталады.
Құймалардың кристалдық құрылысы: Құймалар сұйық күйден қатты күйге көшкен кезде кристалдық тор түзеді. Осы қату кезінде құйма құрамындағы компоненттерінен бір-бірімен әрекеттесуін негізгі үш түрге бөледі механикалық қосылыс, қатты ерітінді және химиялық қосылыс.
Механикалық қосылыс. Құйманың бұл түріне бір-бірінде ерімейтін металл қосылыстарын жатқызады. Бұндай қосылыс ретінде, мысалы қорғасын, висмут және кадмий қосылыстарын жатқызуға болады. Құйманың әрбір компоненті өзіне тән кристалдық торын сақтайды және қасиеттері негізінен құрамдық бөліктерінің қатынастарына байланысты. Компоненттерінің өзара әлсіз байланысы бұл құймаларды тез балқығыш жасағанымен қолдану үшін олардың беріктігі жеткілікті.
Қатты ерітінді. Бұл топқа жататын құймалардың элементтері өзара сұйық күйде де қатты күйде де бір бірінде ерігіштік көрсетеді. Қатты ерітінді деп негізгі еріткіштің металл торларына еріген заттың атомдары кірген біркелкі кристалдардын тұратын денені айтамыз. Рентгеналогиялық тексерулердің нәтижесі қатты ерітіндінің бір ғана торы болатындығын анықтап отыр. Қатты ерітіндіде бір заттың атомы екінші бір заттың кристалдық торындағы атомдардың орнын басуы мүмкін, ал атом аралық кеңістіктерде металл емес заттар орналасады. Осы қосылыстарға мысал ретінде ортопедиялық стоматолгияда кеңінен қолданылып жүрген хром - никель, хром - кобальт құймаларын жатқызуға болады.
Метал коррозиясы Коррозия деп металдардың сыртқы ортамен химиялық және электрохимиялық әрекеттесулерінің нәтижесінде болатын бұзылуын айтамыз.
Коррозиялар біркелкі, жергілікті және интеркристаллитті болып бөлінеді.
Біркелкі коррозия басқа коррозияларға қарағанда қауіпсіздеу. Бұйымның қалыңдығы жергілікті болғанда оның механикалық қаттылығы шамалы ғана өзгереді. Өйткені коррозияға ұшыраған бөлігін тазартатын болса, онда ұйыиның беткі қабаты бұдыр лайып тұрады.
Жергілікті коррозия металдардың кейбір бөліктерін қамтиды және оюды дақ немесе нүкте сияқты әр түрлі тереңдіктегі бүліністер ретінде көруге болады.
Интеркристалиттік коррозия металдық кристалдарының арасындағы болған бұзылыс.
Емдік және алдын алу апараттары - бұл ортопедиялық қондырғылар шайнау - сөйлеу аппаратында болатын ауытқуларды, ақауларды қалпына келтіруге арналған. Шайнау - сөйлеу аппарты бұл бір бірімен тығыз байланыста болатын мүшелер тобын айтады, олар шайнауға, тыныс алуға, дыбыстарды құрауға және сөйлеуге арналған.
Аномалия - бұл белгілі биологиялық түрге тән қызметі мен құрылсынан ауытқу, ағзаның даму бұзылыстары салдарынан пайда болатын құбылыс.
Көптеген ортопедиялық алдын алуға және емдеуге арналған аппараттар бекітілу әдісіне, қондырғының түріне, орналасу орнына, әсер етуі мен тағайындалуына байланысты бөлінеді. Барлық протездер келесі ретпен топтастырылады:
· Бекітілу әдісі бойынша:
- Алынбалы протездер - адгезия арқылы, анатомиялық ретенция және механикалық бекіткіштер (ілмектер, вестибулярлы доға, құлыпты бекіткіштер, тіс альвеолалық құрсау) көмегімен бекітіледі, керек жағдайда науқастың өзі протез орны тіңдерін, табиғи тістерді, олардың пародонтына, протездің өзіне ешқандай зиян келтірмей ауыз қуысынан алып шығып, қайтадан орнына кигізе алады. Бұл протездерге жартылай алынбалы пластиналы пртездер, толық алынбалы пластиналы протездер және доғалы протездер жатады.
- Жартылай алынбалы пластиналы протез дегеніміз - бұл тіс қатарының жартылай ақауларын жасанды қондырғылардың көмегімен қалпына келтіруге арналған протез. Бұндай протездер қондырғыларына тек қана тіс қатарының анатомиялық пішінін келтіріп қоймайды сонымен бірге жоғалтылған жақтың қатты тіңдерінің және ауыз қуысының жұмсақ тіңдерінің рельефтерінің ерекшеліктерін келтіреді. Егерде ақауларды алынбайтын протездермен қалпына келтіру толық жүргізілмесе жартылай алынбалы протездер қолданылады. Жартылай пластиналы протездер көмегімен тіс жақ жүйесінің қызметі қалпына келеді және оның көмегімен айтарлықтай косметикалық нәтижеге жетуге болады. Пластиналы пртездер арқылы тек қана тістердің пішінінін және түсін келтіріп қана қоймай, ауыз қуысының шырышты қабатының рельефі мен түсінде келтіруге борлады. Жартылай пластиналы протез негізден және ақау аймағында орналасқан жасанды тістерден тұрады. Протездің құрамды бөліктеріне бекіткіш элементтер - ілмектер және аттачмендер жатады.
Толық алмалы - салмалы протез бұл - тіс қатарында барлық тістер болмаған уақытта қолданылатын протез. Барлық тістердің болмауы дистрофиялық (тіс жегісі, пародонтоз) және жарақатты процестердің әсерінен тіс - жақ жүйесіндегі функциональды және анатомиялық бұзылыстарға алып келеді. Альвеоляр өсіндісі мен жақтардың семуі жүреді. Жақта барлық тістер болмағанда самай төменгі жақ буынында өзгерістер кездеседі. Толық алмалы - салмалы протез көмегімен пайда болатын өзгерістерді тоқтатуға және шайнау қызметін қалыптастыруға, науқастың ішек жолдары қызметін қалыпты жағдайға келтіруге мүмкіндік туғызады. Толық алмалы - салмалы протездер пластмассалы негізден және жасанды тістерден тұрады.
Доғалы протездер бұл - алынбалы протездер, тірек ілмектерден немесе құлыпты бекіткіштерден, негізі бар жасанды тістерден және доғадан тұрады. Протездің металл бөлшектері протездің қаңқасы деп аталады. Доғалы протезде пластиналы протезге қарағанда, протезден өтетін шайнау қысымы тірек тістерге ілмектер арқылы таралады, ал протездің негізі арқылы альвеолярлы өсіндінің, жақ денесінің және таңдайдың шырышты қабатына таралады. Ілмектер арқылы тірек тістерге шайнау қысымы берілгендіктен пластиналы протезге қарағанда доғалы протездің негізін кішірек етіп жасауға болады. Доғалы тіс протезі ілмектерден, тістесу бастырғышынан, металды доға - бюгельден, ер тәрізді негізден және басқа да арнайы құрылымдардан тұрады.
- Алынбайтын протездер- бұлар тірек тістерге немесе имплантаттарға уақытша (цинкоксидэвгенольды сықпалармен) немесе тұрақты бекіткіштермен (цементтер, композитті материалдар, құлыпты бекіткіштер) бекітіледі. Оларды ауыз қуысынан алып шығу тек қана дәрігердің көмегімен арнайы құралдарды қолдану арқылы жүргізіледі. Алынбайтын протездерге көпір тектес протездер, қаптамалар, салмалар, жартылай қаптамаларды т. б. жатқызуға болады.
Тіс қатарлары ақауларында олардың орналасуы мен аралығының ұзақтығына байланысты және сақталған тістердің тіректік аппаратының жағдайына байланысты көпіртектес немесе консольды протездер қолданылады. Консольды немесе көпіртектес протездер тіректі бөліктен және протез денесінен (аралық бөлік) тұрады.
Консольды протез бұл - алынбайтын протез түрі, тірек бөлігі бір жақта ғана болғанда тіс қатары ақауын қалыптастырады.
Көпір тәрізді протез - мұнда протездің тірек бөліктері ақаудың екі жағында орналасады.
Консольді және көпір тектес протездің тіректі бөліктеріне қаптамалар, жартылай қаптамалар, салмалар, штифті жасанды қаптамалар жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz