Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытуда жобалау әдісін қолданудың тиімділігі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ

ЖҰМЫС

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Макашева Севара

Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытуда жобалау әдісін қолданудың тиімділігі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

Түркістан 2015

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

кафедра меңгерушісі,

ф. ғ. к., доц. м. а. Ж. Исаева

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытуда жобалау әдісін қолданудың тиімділігі

5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

Орындаған Макашева С.

Ғылыми жетекшісі,

ф. ғ. к., доцент Жылқыбай Г. Қ.

Түркістан 2015

А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Факультеті Филология

Мамандығы 5В 011700 - қазақ тілі мен әдебиеті

Кафедрасы Қазақ филологиясы

Диплом жобасын (жұмысын) орындауға

ТАПСЫРМА

Студентке Макашева Севара № СБ - 649

Жобаның (жұмыстың) тақырыбы Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытуда жобалау әдісін қолданудың тиімділігі

Аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі 05. 04. 2015ж.

Жобаның (жұмыстың) негізгі деректері Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 5В05011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, зерттеу проблемасына қатысты психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері, білім беру мәселесіне арналған ресми құжаттар, педагогикалық оқулықтар, ғылыми-теориялық материалдар, мерзімді басылымдар жарияланымдары.

Диплом жобасында көрсетілген мәселелердің тізімі немесе диплом жұмысының қысқаша мазмұны:

Кіріспе

1 Қазіргі қазақ тілі морфологиясын жоғары оқу орнында оқытудың ғылыми негіздері

1. 1 Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде тұлғаның танымдық белсенді оқу әрекеті - ғылыми таным негізі

1. 2 Морфологияны оқыту жүйесіндегі дидактикалық ұстанымдарды

бағдар ету - білім сапасының кепілі

2 Қазіргі қазақ тілі морфологиясын белсенді оқыту

2. 1 Қазіргі қазақ тілі морфологиясын белсенді оқыту әдістері

2. 2 Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытуда жобалау әдісін қолданудың тиімділігі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Графикалық материалдардың тізімі (міндетті сызбалардың дәл көрсетілуімен)

Ұсынылатын негізгі әдебиет

1. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жыл 17 қаңтар.

2. Білім туралы заң. //Қазақстан Республикасындағы Білім туралы
Заңнама. Заң актілерінің жиынтығы. -Алматы: Юрист, 2003. -180 б.

3. Зинченко В. П. Психологические основы педагогики. Психолого -
педагогические основы построения системы развивающего обучения
Д. Б. Эльконина-В. В. Давыдова. Учебное пособие. М., 2002.

4. Коджаспирова Г. М., Коджаспиров А. Ю. Педагогаческий словарь М.,
2000. -176 с.

5. Эльконин Д. Б. Избранные психологические труды. МД989.

6. Дулатов М. Шығармалары. А, Жазушы. 1991.

7. Давыдов В. В. Теории развивающего обучения. М., 1996.

8. Зимняя И. А. Педагогическая психология. Учебник для вузов.

- М. : Логос, 2003. -384с.

9. Давыдов В. В- Содержание и структура учебной деятельности

школьников. //Формирование учебной деятельности школьников. Под ред. В. В. Давыдова и др. М,, Педагогика. 1982. -216 с.

10. Жұмабаев М. Педагогика. -А., 1992. -112б.

11. Леонтьев А. Н. Основы речевой деятельности. М., 1974.

12. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:
Педагогика және психология. Алматы: Мектеп, ЖАҚ, 2002. -256 б.

13. Құрманова Н. Сөз тipкeci синтаксисін дамыта оқыту технологиясы.
ПҒД . . . авторефераты, Алматы, 2004: -50-б.

14. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. -Алматы, 2002. -415 б.

15. Рубинштейн С:Л; Основы общей психологии. В 2 томах, М., 1989.

16. Шамова Т. И. Активизация учения школьников, М,, Пед. 1982. -208 с.

17. Есипов - Б; П. Самостоятельная работа учащихся на уроках. М., Учпедгиз, 1961.

18. Низамов Р. А. Дидактические основы активизации учебной
деятельности студентов. Казань, 1975. - 302 б. 19. Архангельский С1И. Введение в теорию общения в высшей школе. Вып. 3. М., 1977.

20. Чернилевский Д. В. Дидактические технологии в высшей школе.
Уч. посдля вузов. М., 2002. -437 с.

21. Подласый И. П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов.

Пед. вузов. М. : Владос, 2000. - 576 с.

22. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Оқу құралы. Алматы: Қазақ
университеті, 1993. - 240 б.

23. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. Алматы, Жазушы, 1988.

24. Андреев И. Д. Теория как форма организации научного познания.
М. Наука, 1979. -303 с.

25. Алдамұратов Ә. Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру
психологиясы. Алматы: Мектеп, 1983. -151 б.

26. Усова А. Б. Психолого-дидактичсскме основы формировании учащихся
научных понятий. Челябинск, 1986, -88 с.

27. Бадмаев Б. Ц. Методика преподавания, психологии. М. : Владос, 2001.

28. Ильясов И. И. Обучение студентов деятельности учения://Формирования учебной деятельности студентов. М., 1989.

29. Загвязинский В. И., Гриценко А. . Основы дидактики высшей школы. М. 1978.

30. Российская педагоическая энциклопедия в 2 томах. М., 1999.

31. Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы.
А., 1998.

32. Храпченков В. Г. Проблемы содержания и методов обучения в школах

Казахстана. Алматы: Мектеп, 1983.

33. Сейталиева К. Қазақстанда жоғары педагогикалық білім берудің даму

тарихы. Пед. ғыл . . . докторы . . . дисс. авторефераты. Алматы, 1999.

34. Современный урок русского языка и литературы. Под ред. З.
С. Смелковой. 2-изд., Л. : Просвещение, 1990. - 239 с.

35. Загвязинский В. И. Дидактика высшей школы. Челябинск, 1990.

36. Батышев С; Я. Реформа профессиональной школы, опыт, поиск, задачи, пути реализации. М., 1988.

37. Беляева А. П. Теоретические основы содержания обазовании в средних

профессионально-технических училищах. Автореферат . . . ДПН. М., 1971, -51с.

38. Мажитова Л. Студенттердің кәсіби ынтасын қалыптастыру. А., 1994.

39. Харламов В. Педагогика. M, 1990

40. Коменский Я. А. Великая дидактика. XXт. М., 1966.

41. Қадашева Қ. Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми - әдістемелік негіздері: өзге тілді дәрісханалардағы қазақ тілі. Пед . . . докторлык, дисс. А., 2001. -385 6.

42. Федоренко Л. П. Принципы и методы обучения русскому языку; Пособие для студентов пединститута. Мц Просвещение, 1964. -255 с.

43. Текучев А. В. Методика преподавания русского языка. М., . 1980. -4-15 с.

44. Дудников А. В. Русский язык в школе. 1974.

45. Жұбанова М. Қ. Құдайберген Жұбанов ұлттык дидактика
проблемалары хақында. Алматы: Рылым, 2002. - 82 б.

46. Маманов И. Е. Қазіргі қазақ тілі. Етістік . Алматы: Мектеп. 1966. -155 б.

47. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010

жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан. 16 қазан, 2004.

48. Щукина Г. И. Роль деятельности в учебном процессе; М., Просвещение. 1986. -144 с.

49. Лозовая В. И. Познавательная активность. Автореф . . . д. п. н. М., 1990.

50. Әбілқасымова А. Студенттің танымдық ізденімпаздығын
қалыптастыру. А., 1994. -192 б.

51. Сабыров Т. Болашақ мұгалімдердің дидактикалық дайындығын

жетілдіру. А., РБК, 1999. -83 б.

52. Педагогический Энциклопедический словарь. Научное, издательство "Большая Российская энциклопедия", М:, 2003, - 527 с.

53. Қадашева Қ. Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. өзгетілді дәрісханалардағы қазақ тілі. Пед . . . докторлык дисс. А., 2001. -385 б.

54. Жақсылықова К. Қазақ тілін орыс тілді бөлімдерде модульмен оқытудың ғылыми-теориялық негіздері. Алматы: Білім, 2000. 261 б.

55. Қараев Ж., Қуанбаева Б. Жетілдірілген педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары. // Ізденіс. 1999.

56. Вербицкий А. А. Активное обучение в высшей школе: контекстный подход. Метод. Пособие. М., высшая школа, 1991. -207 с.

57. Вайндорф-сысоева М. Е., Крившенко Л. П. Педагогика. М., Юрайт. Издат., 2005. -239 с.

58. Дайрабаев Е., Дайрабаева А. Педагогика пәнінің негіздері. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2005. -223 б.

59. Педагогика и психология высшей школы. Учебное пособие. Ростов на Дону: Феникс, 2002. -544 с.

60. Смирнов С. Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. Учебное пособие. М., Академия, 2003. -304 с.

61. Mахмутов А. Мектепте проблемалық оқуды ұйымдастыру. Алматы: Мектеп, 1981. -247 б.

62. Лихачев Б. Педагогика. Курс лекций: Учебное пособие для студентов пед. Учебных заведений и слушателей ИПК и ФПК. М. : Юрайт, 1999. -523 с.

63. Қазақстан республикасының білім беру жүйесін ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы. Астана, 2001.

64. Азимов Э. Г. Использования компьютера в обучении русского языка как иностранному. М., 1989.

65. Фадеев С. В. ЭВМ в преподавании русского языка.

66. Алгазина Н. Н. методика предупреждения ошибок и недочетов по синтаксису словосочетания и простого предложения. М., АПН РСФСР, 1962.

67. Бабанский Ю. К. Методы обучения в современной общеобразовательной школе. М., 1985.

68. Батманов И. А. О частях речи. Фрунзе, 1986.

69. Караев Ж. А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии обучения. А., 1994.

70. Джусубалиева Д. М. теоретические основы формировании информационной культуры студентов. А., 1997.

71. Евдокимов В. И. Научные основы повышения эффективности обучения среством наглядности. М., 1997. -313 с.

72. Caтбeкoвa A. Жoбaлaу әдici арқылы оқыту технологиясының сапалылығы // «Академик Серік Қирабаев және ХХ ғасырдағы әдебиеттану ғылымы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдар. -Алматы, 2007. -441-446 б.

73. 2011-2020 жылдарға арналған Қaзaқcтaн Pecпубликacындa Бiлiм бepудi дaмытудың мeмлeкeттiк бaғдapлaмacы. -Acтaнa, 2010. -45 б.

74. Aбдиeвa Ш. Жoбaлaу әдiciн қoлдaну apқылы cтудeнттepдiң тiл үйpeнугe дeгeн бeлceндiлiгi мeн қызығушылығын apттыpу // Жоғары оқу орындарында қазақ тiлiн oқыту әдicтeмeci. - Aлмaты, 2009. - 84-93 б.

Жоба (жұмыс) тараулары көрсетілген жоба (жұмыс) бойынша кеңестер

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Тарау: І
Кеңесші: Жылқыбай Г.
Мерзімі: 5. 01. 2015
Қолы:
Тарау: ІІ
Кеңесші: Жылқыбай Г.
Мерзімі: 5. 02. 2015
Қолы:
Тарау:
Кеңесші:
Мерзімі:
Қолы:
Тарау:
Кеңесші:
Мерзімі:
Қолы:

Диплом жобасын (жұмысын) дайындау кестесі

Тараулардың аттары, зерттелген мәселелердің тізімі
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескерту
№: 1
Тараулардың аттары, зерттелген мәселелердің тізімі:

1 Қазіргі қазақ тілі морфологиясын

оқытудың ғылыми негіздері

  1. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде тұлғаның

танымдық белсенді оқу әрекеті - ғылыми таным негізі

  1. Морфологияны оқыту жүйесіндегі

Дидактикалық ұстанымдарды бағдар ету - білім сапасының кепілі

Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі: 15. 01. 2015
Ескерту:
№: 2
Тараулардың аттары, зерттелген мәселелердің тізімі:
  1. Қазіргі қазақ тілі морфологиясын белсенді оқытуҚазіргі қазақ тілі морфологиясын белсенді

jқыту әдістері

  1. Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытуда

; обалау әдісін қолданудың тиімділігі

Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі: 15. 02. 2015
Ескерту:

Кафедра меңгерушісі: ф. ғ. к., доц. м. а. Ж. Исаева

Ғылыми жетекші: ф. ғ. к., доц. Г. Жылқыбай

Тапсырманы орындаушы студент: С. Макашева

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың ғылыми негіздері . . . 7

1. 1 Білім беру жүйесінде тұлғаның танымдық белсенді оқу әрекеті - ғылыми таным негізі . . . 7

1. 2 Морфологияны оқыту жүйесіндегі дидактикалық ұстанымдарды бағдар ету - білім сапасының кепілі . . . 22

2. Қазіргі қазақ тілі морфологиясын белсенді оқыту . . . 38

2. 1 Қазіргі қазақ тілі морфологиясын белсенді оқыту әдістері . . . 38

2. 2 Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытуда жобалау әдісін қолданудың тиімділігі . . . 59

Қорытынды . . . 67

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 69

Кіріспе

Диплом жұмысының өзекті мәселелері. ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда жоғары мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің өзінің іс-әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу - көкейкесті мәселе. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеудің көшбасшысы бола алады.

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында: «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс », - деген болатын [1] .

Жоғары білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлға қалыптастырады. Жоғары мектептегі білім берудің басты мақсаты - алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелік деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін дайындау. Білім саясатының өзекті мәселелері- кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық ғылымдарды ұйымдастыруды қайта құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үрдісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру.

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өзгерістердің ауқымдылығы, күрделілігі білім беру саласына оның ішінде жоғары оқу орындарында білім беру стратегияларына өзгерістер енгізуді талап етеді. Әр түрлі болжамдардың сан алуандығына қарамастан, қазіргі білім беру жүйесін дамыту үрдісінде жаңа оқыту үлгілеріне, мазмұнына, технологияларына, түрлері мен әдістеріне қатысты шығармашылық ізденістердің қарқындылығымен әрі көп түрлілігімен ерекшеленетінін мойындауға болады.

Қазақстан Респубикасының «Білім туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделгенін ескерсек, болашақ мамандарды жаңашылдыққа даярлауымыз керек [2] .

Қазіргі білім берудің барлық деңгейлерінде зерттеулік, компьютерлік, жобалық және көптеген өзге де инновациялардың кең ауқымы байқалады. Алайда, бұл инновациялардың басым көпшілігі технологиялық жеткіліксіздігі мен теориялық негізінің әлсіздігі салдарынан жаппай білім беру жүйесіне айтарлықтай ықпалын тигізе алмай келеді. Десек те, жаңа аталмыш үлгілер ескі білім беру парадигмасы шектеулерінің жойылып, оның орнына жаңасының құрылып жатқандығын растай түседі.

Ғылыми педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай отырып, жоғары оқу орындарының инновациялық іс-әрекетіндегі қолданбалы тәжірибенің көп түрлілігі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерді ескере отырып, жаңа бағыт-бағдарды айқындауды, теориялық тұрғыдан ұғынуды, жалпылауды және сараптауды қажетсінеді. Мұндай өзгерістер жоғары мектептегі инновациялық білім беру үрдістерін басқаруға қатысты педагогикалық теория мен практикаға деген көзқарастың жаңа сипатта қалыптасуын талап етеді.

Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалау. Қазіргі заман педагогтары Б. Әбдікәрімов, М. С. Молдабекова, Т. С. Садықов, А. А. Саипов, Л. Х. Мажитова, Г. Ж. Меңлібекова, Е. Ө. Медеуов, Ж. Ж. Жаңабаев, А. А. Жолдасбеков, Ж. К. Оңалбек, С. С. Маусымбаев, А. М. Абдыров, Б. А. Оспанова, К. М. Беркімбаев және т. б. маманды даярлау үрдісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне, мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларына тоқталады. Оның құрылымын негіздей отырып, маманның іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, студенттердің шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынған.

Жоғары мектептегі білім берудегі болашақ түрлі мамандардың жетілдіру жолдары А. В. Усова, И. Л. Беленок, Б. К. Момынбаев, М. А. Құдайқұлов, Ш. Т. Таубаева, А. Е. Әбілқасымова, А. Б. Абибуллаева, О. С. Сыздықов, А. Г. Қазмағамбетов, Б. Т. Кенжебеков, С. М. Кеңесбаев, Қ. Ералин, Б. Тойлыбаев, К. М. Беркімбаев, А. З. Тұрсынбаев, және т. б. ғалымдардың еңбектерінде әр қырынан талданған.

Жоғары білім беруді ұйымдастыру мен жетілдірудің қазіргі заманғы келелі мәселелері Б. К. Момынбаевтың, Л. К. Керімовтің, С. Ж. Пірәлиевтің, М. Н. Сарыбековтың, С. С. Хасеновтың, В. А. Кимнің, Ж. И. Намазбаеваның, Н. Асановтың, Қ. Б. Бөлеевтің, О. Салимбаевтың, Ж. А. Шоқыбаевтың, Е. Омардың, А. К. Ахметовтың, К. М. Беркімбаевтың және т. б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.

С. А. Абдыманапов заманауи университет білімінің структуралық диверсификациясын талдап, университет білімін қалыптастыру әдістемесін (функциялары, макропринциптері, бағыт-бағдарлары, инновациялық технологиялары) жетілдірді. Білім жүйесінің тиімділігін арттыру және оны жетілдірілген потенциалға келтіру мақсатында білім беру саласына белсенді ақпартану қажеттілігін көрсетті.

Қазіргі педагогикалық теорияда мұғалімнің кәсіби білім деңгейі оның кәсіби қызметінің құрылымы мен жалпы педагогика ғылымының даму бағытымен анықталады. Осы мәселелер, атап айтқанда мұғалімнің кәсіби қызметінің әр бағыттағы ғылыми зерттеу жұмыстарына арқау болады.

Ұстаз табиғаты, оның абырой-беделі туралы ой-пікірлердің іргетасын қалаған классик-ғалымдарымыз - Я. А. Коменский, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев және т. б. ғалымдардың айтулы еңбектері бүгінгі ғылымның болашағы деуге әбден болады.

Алайда, бұл еңбектерде жоғары оқу орнындағы білім беру үрдісінде инновациялық технологияны енгізудің педагогикалық шарттарының мәселелері ғылыми тұрғыда жеке мәселе ретінде зерттелмеген.

Оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізудің негізгі өзекті мәселесі - ғылым негіздерін саналы түрде оқытушымен қатар түрлі педагогикалық-психологиялық әдістерді қолдана отырып мақсатты және жүйелі түрде жас жеткіншектердің интеллектілік, шығармашылық ойлауын дамыту, қазіргі өмір талабына сай экономикалық көзқарастары мен белсенділігін қалыптастыру. Оларды кәсіпкерлікке баулу, өзбетінше білім алу және еңбек ету дағдыларына негіз салу болып табылады.

Осылайша, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру жағдайында жоғары мектептегі деңгейлік технологияны енгізудің теориялық негізін және оларды ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтау, психологиялық-педагогикалық тұрғыда сараптау мәселесі туындайды.

Жоғары мектептегі білім беру үрдісінде оқытудың озық технологияларын енгізудің түбегейлі түрде қарастырылмағаны және көтеріліп отырған мәселенің көкейтестілігі біздің тақырыбымызды «Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытуда жобалау әдісін қолданудың тиімділігі» деп таңдауымызға негіз болды.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері . Жоғары оқу орындарында қазіргі қазақ тілі морфологиясынан оқытудың ғылыми негіздеу мақсатында төмендегі міндеттерді шешу көзделеді:

  1. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде тұлғаның танымдық белсенді оқу әрекетін ұйымдастыру түрлерін айқындау;
  2. Морфологияны белсенді оқыту жүйесінде дидактикалық ұстанымдарды бағдар етудің білім сапасының кепілі екенін дәлелдеу;
  3. Қазіргі қазақ тілі морфологиясын белсенді оқыту әдістерін саралау.

Зерттеудің нысаны: Қазіргі қазақ тілі морфологиясынан оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері, қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытуда жобалау әдісін қолданудың тиімділігі.

Теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңашылдығы. Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың теориялық мәселелерін толықтырумен қатар білім беру үдерісінде қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалды, атап айтқанда:

  • білім беру жүйесінде тұлғаның танымдық белсенді оқу әрекетін ұйымдастыру түрлерін айқындалды;
  • Морфологияны белсенді оқыту жүйесінде дидактикалық ұстанымдарды

бағдар етудің білім сапасының кепілі екені дәлелденді;

  • Қазіргі қазақ тілі морфологиясын белсенді оқыту әдістері сараланып, білім мазмұнына қарай іріктеліп ұсынылды.

Практикалық маңыздылығы . Зерттеу жұмысының нәтижелері жоғары оқу орындарының филология факультеттеріндегі морфологияны оқыту мәселелеріне байланысты оқу құралдарын толықтыруға жәрдемін тигізеді деп есептейміз.

Теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеу барысында бірін-бірі толықтырып отыратын теориялық, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау, жаңа педагогикалық тәжірбиелерді жинақтау және зерттеу, отандық зерттеулерге салыстырмалы талдау жасау, әңгімелесу, тестілеу, педагогикалық тәжірибе, студенттердің іс-әрекет нәтижелерін зерделеу; тәжірбиелік жұмыс және оның нәтижелерін талдауда логикалық (салыстыру, талдап қорыту, топтау) әдістері пайдаланылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың теориясы мен практикасы
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың әдістемесі
Интерактивтік оқыту технологиясы
Қазақ тілін оқытуда жобалау әдісінің маңызы
Шетел тілін оқытудағы жоба технологияларының әдістері
Жоғары сыныпта ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану
Ағылшын тілінің морфологиясын синтаксистік негізде оқыту әдістемесінің негіздері
Ағылшын тілі сабағы. Оқыту әдістері
Компьтерлік окыту технологиясы
Жобалау мен шығармашылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz