Тілдің грамматикалық құрылысы, оның қызметі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А. ЯСАУИ атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
пәнінен
лекция тезистері
Пән оқытушысы: ф. ғ. к., доцент Г. Қ. Жылқыбай
Лекция тезистері кафедраның « . . . 1. . » . . . 09 . . . 2012 ж. (хаттама № 1) мәжілісінде талқыланды.
Факультеттің «. . 3 . . . ». . 09 . . . 2012 ж. (хаттама № 1) ОӘК-де қаралып, мақұлданды.
№ 1
1. Лекция тақырыбы : Грамматика және оның салалары.
Негізгі грамматикалық ұғымдар.
2. Лекцияның жоспары:
1. Тілдің грамматикалық құрылысы, оның қызметі.
2. Грамматиканың зерттеу объектісі.
3. Морфология. Синтаксис, зерттеу объектілері, байланысы.
4. Негізгі грамматикалық ұғымдар. Сөздің лексикалық мағынасы.
5. Сөздің грамматикалық мағынасы, өзіндік белгілері, ерекшеліктері.
6. Грамматикалық форма, белгілері, ерекшеліктері.
7. Грамматикалық категория, анықтамасы, белгілері, шарттары.
3. Лекцияның мақсаты: Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мағлұмат қорын толықтыру, сөздің морфологиялық құрылымына талдау жасау қажеттілігін ұғындыру.
Сөз құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды морфема (түбір және аффикстік морфемалар), оның түрлерін меңгерту.
Негізгі ұғымдар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория, сөзформа, морфологиялық құрылым, құрылымдық элемент, морфема, түбір морфема, аффикстік морфема, жұрнақ, жалғау.
4. Лекцияның мазмұны:
Тілдің грамматикалық құрылысын тануда да, оның негізгі мәселелерін анықтауда да әрі таяныш, әрі нысана тұтатын негізгі грамматикалық ұғымдар бар. Бұл ұғымдарды ажырайытпайынша тілдің грамматикалық құрылысының сыр-сипатын түсіну де, анықтау да қиын болады.
Грамматикалық құрылысқа қатысы бар негізгі ұғымдар мыналар:
- грамматикалық мағына,
- грамматикалық форма,
- грамматикалық категория.
Сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматикалық мағына дейміз.
Грамматикалық мағына лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы да (зат есімнің жалпы зат атауын білдіруі, сын есімнің заттың сынын, сапасын, түсін, қатыстық белгісін білдіруі, етістіктің қимылды, іс-әрекетті білдіруі т. б. ), сөздің түрленуі (грамматикалық тұлғалардың үстелуі) арқылы да , сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынастары (орын тәртібі, дауыс ырғағы т. б. ) арқылы да беріледі.
Грамматикалық мағына грамматикалық форманың мазмұны да, грамматикалық форма грамматикалық мағынаның сыртқы жағы, берілу жолы, көрінісі болып табылады.
Грамматикалық форма - грамматикалық мағына берудің синтетикалық тәсілдердерінің бір түрі. Оған тіліміздегі қосымшалар жатады. (жалғаулар мен сөз түрлендіретін жұрнағы) .
Грамматикалық категория туралы ұғым грамматикалық мағына мен грамматикалық форма туралы ұғымдарымен ұштасып жатады, олармен әрқашан тығыз байланысты болады. Себебі:
1) грамматикалық мағына грамматикалық категориялардан тыс, оған байланыссыз өмір сүрмейді, қайта оның элементі ретінде грамматикалық категориялардың құрамында өмір сүреді.
2) грамматикалық категория грамматикалық формамен тығыз байланысты. Қандай да бір грамматикалық категория болсын, ол біртектес грамматикалық мағыналарды білдіріп, кемінде екі түрлі формада көрінуі шарт. Мұнсыз бірде-бір категорияның болуы мүмкін емес. Мысалы: бір ғана септіктің формасы немесе бір ғана грамматикалық жақтың формасы өздігінен септік категориясын да, жақ категориясын да құрай алмаған болар еді. Белгілі бір тілдегі септік категориясы туралы сөз ету үшін, ол тілде, мысалы, ілік септігінен басқа барыс, шығыс септіктері, т. б. септіктердің болуы шарт. Сонда ғана септік дербес грамматикалық категория ретінде таныла алады. Грамматикалық жақ категориясы туралы І жақтан басқа ІІ жақ, ІІІ жақ болғандықтан ғана әңгіме ете аламыз. Сын есімнің шырай категориясы туралы да осыны айту қажет. Сын есімнің шырай категориясы оның мазмұнына енетін жай шырай, салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырайдың мағыналары мен формаларының жиынтығынан құралады.
Бір грамматикалық категорияға енетін біртектес, бір сипаттағы грамматикалық мағыналар өзара шарттас, бір-бірімен байланысты болады. Белгілі бір грамматикалық категорияға енетін өзара шарттас, ыңғайлас, біртектес грамматикалық мағыналардың ұқсас, ортақ жақтарымен бірге, бір-бірінен айырмашылықтары да болады.
Грамматикалық категория бір ғана грамматикалық тәсілмен беріле ме, әр түрлі грамматикалық тәсілмен беріле ме - мұның грамматикалық категорияның табиғатына, мазмұнына тигізетін әсері болмайды.
Грамматикалық форма сөз таптары ішінде қаралады. Тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы (тәсілі) бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады. Грамматикалық мағына сөздің түрленуі арқылы да сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынастары арқылы да беріледі.
Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс талдау жасау үшін сөз құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдардың алдын-ала айқындап алу өте-мөте қажет. Олар: морфема туралы ұғым;
көл→ түбір морфема (немесе негізгі морфема) ;
шік-ке→ аффикстік морфема (немесе көмекші морфема) .
1) Морфема тіл білімінде морфологиялық единица ретінде танылады. Морфологиялық единица ретінде танылған морфема сөздердің мағыналық бөлшектеріне дұрыс талдау жасауға мүмкіндік береді. Морфема - сөз құрамындағы ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық единица.
2) Сөз құрамында оны құрастырушы құрылымдық элементтер ретінде танылатын екі түрлі морфема бар:
а) түбір морфема;
ә) аффикстік морфема;
3) Түбір морфема лексикалық немесе заттық мағынаға ие болып саналады. Түбір морфема сөздің әр түрлі лексика-грамматикалық топтарына (сөз таптарына) бірдей тән, бірдей ортақ морфема ретінде жұмсала алады.
4) Түбір морфема жалпылама лексикалық мағынаны білдірсе, аффикстік морфемалар әр түрлі грамматикалық мағыналарды білдіреді және олар мұндай мағыналарды тек сөз құрамында қолданылғанда ғана білдіре алады. Демек, аффикстік морфемаларда ешбір дербестік болмайды.
5) Түбір морфема әр топқа қатысты сөздердің құрамында қолданыла алса, аффикстік морфема сөздердің белгілі бір тобының құрамында ғана қолданыла алады. Бірақ аффикстік морфема түбір морфемаға қарағанда әлдеқайда жиі қолданылады.
6) Аффикстік морфемалардың өз ішінде мағынасы мен қызметіне және сөз құрамында орналасу тәртібіне (орнына) қарай бірнеше түрлері бар: префикс, жұрнақ (суффикс, постфикс), инфикс және жалғау (немесе флексия) .
Аталған морфемалардың түрлерінің бәрі бірдей бір тілде ұшыраса беруі шарт емес. Белгілі бір тілде немесе тілдің белгілі бір тобында олардың бірінің болуы, екіншісінің болмауы сол тілдің немесе тілдер тобының грамматикалық құрылысына байланысты. Аффикстің ішінен әр түрлі тілдерде жиі ұшырасатыны - жұрнақтар мен жалғаулар .
7) Жұрнақ түбір морфемадан сөз немесе, сөздің формасын тудырып, латынша (меншіктеп бөлу) деривациялық мағынаны білдірсе, жалғау сөз бен сөзді байланыстырып, реляциялық (латынша: қарым-қатынас) мағынаны білдіреді.
8) Жалғаудың қолданылуы өрісі мен шеңбері, жұрнаққа қарағанда, анағұрлым кең болады.
9) Жұрнақ түбірге жымдаса кірігіп, оның жалғануынан жасалған туынды сөзде тұтастық қасиет сақталады да, жалғау сөздің түбіріне кірігіп кетпей, жай ғана селбесіп, қосақталған қалыпта тұрады. Жұрнақтарға қарағанда, жалғаулардың сөздің түбіріне мағыналық жақтан кірігуі және онымен байланысы әлдеқайда солғын, әлсіз болады.
10) Лексикалық единица - сөздерге байланысты қаралып келген полисемия, омонимия, синонимия, антонимия құбылыстары тек лексикалық құбылыстар ғана емес, сонымен бірге грамматикалық құбылыстар ретінде де қаралып танылуы керек. Өйткені ол құбылыстар лексикалық единица ретінде қаралатын сөздерге ғана тән емес, грамматикалық единица ретінде қаралатын аффикстік морфемаларға да тән. Сөздер секілді, аффикстер де омонимдес, синонимдес, антонимдес, полисемиялы бола алады.
Сөздің морфологиялық құрылымына талдау жасап, оның мағыналық бөлшектерін айқындаудың барысында тіл білімінде морфема туралы ұғым пайда болды. Морфема морфология үшін және сөздердің морфемалық құрылымына талдау жасау үшінөлшем ретінде қызмет ететін единица болып табылады. Морфема - сөз құрамындағы ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық единица. Сөз құрамында оны құрастырушы құрылымдық элементтер ретінде танылатын екі түрлі морфема бар. Оның бірі - түбір морфема, екіншісі - аффикстік морфема.
Бақылау сұрақтары:
1. Негізгі грамматикалық ұғымдар.
2. Морфеманың басқа тілдік единацалардан айырмасы.
3. Морфеманың түрлері.
4. Түбір морфема, түрлері, өлі түбірлер.
5. Қосымша, оның түрлері.
СӨЖ : 1. Қазақ тіл біліміндегі сөз таптарын жіктеу туралы пікірлер.
ӘДЕБИЕТТЕР:
- Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. -Алматы, 1966.
- Қазақ тілі грамматикасы. Морфология. -Алматы, 1967.
- Қазіргі қазақ тілі. -Алматы, 1954.
- А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. -Алматы, 1991.
- С. Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. -Алматы, 1992.
№2
1. Лекцияның тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім.
2. Лекцияның жоспары:
1. Ғылымда сөздердің 3 топқа бөлінуі. (атауыш, көмекші, одағай)
2. Сөздерді топтастыру принциптері(А. Ысқақов) .
3. Сөз таптарының бұл принциптерге сай келе бермеуі.
4. Қазақ тіліндегі сөз таптары.
5. Зат есім, құрылымы. Көмекші есімдер.
6. Зат есім сөз табының күрделілігі.
7. Зат есім, мағыналық сипаты (деректі, дерексіз)
8. Зат есімнің жалпы, жалқы мағынасы.
9. Зат есім сөздердің құрылымы жағынан бөлінуі(жалаң, күрделі), олардың іштей бөлінуі.
10. Көмекші сөздер, мағынасы, оның зат есімге қатысы.
11. Көмекші есімдердің түрлену қабілеті.
12. Көмекші есімдердің кейбір қолданыста жеке тұруының кездесуі, себебі, өзіндік ерекшеліктері.
3. Лекцияның мақсаты: Қазақ тіліндегі сөздерді таптастырудың принциптерін айқындау.
Негізгі ұғымдар: Сөздерді таптастырудың семантикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілері, атаушы сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер.
4. Лекцияның мазмұны:
Тілдегі сөздерді грамматикалық топтарға бөлу, оларға тиісті грамматикалық сипаттамалар беру, алды-алдына талдау - грамматиканың негізгі өзегі, ең түйінді, ең басты мәселесі.
Қазақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай 3-ке бөлінеді.
1. Атаушы сөздер - өздеріне тән лексикалық та мағыналары бар және ретіне қарай әр қилы қосымша реңдер жамап алып, өзге сөздермен әр алуан қарым-қатысқа түсе алатын сөздер.
2. Көмекші сөздер - лексикалық мағыналары солғындаған, одан гөрі грамматикалық мағыналары басым болғандықтан әр алуан грамматикалық қатынастарды білдіріп, әр қилы грамматикалық қызмет атқаратын жәрдмші сөздер.
3. Одағай сөздер - ешқандай да ақиқат ұғымдарды білдірмейтін, тек адамның әр алуан көңіл күйі мен сезім райларын білдіру үшін қолданылатын сөздер.
Атауыш сөздер - осы 3 топтың ішіндегі әрі көбі, әрі негізгі ұйтқысы.
Атаушы сөздер: есімдер: атаушы есімдер (зат, сын, сан, есімдік), үстеуші есімдер (үстеу, еліктеу) ; етістіктер.
Бұлай жіктеу белгілі бір принципке сүйенуден шыққан. Ол принцип бойынша жіктегенде, бұл сөздердің материалдық (заттық) мағыналары таяныш етілмейді, топ-тобына тән категориялық семантика сүйеніш етіледі.
Осы принципке сүйене отырып бағдарласақ:
Атаушы есімдер заттық ұғымдардың және ойша зат ретінде тұспалданатын түсініктердің аттарын, заттарға тән әр алуан тұрақты белгілер жайындағы түсініктердің аттарын білдіреді.
үстеуші сөздер әр қилы іс-әрекеттің (амалдың) белгілерін білдіреді.
Етістіктер амал-қимыл (процесс) реінде қабылданатын әр алуан іс-әрекеттің қилы-қилы көріністерінің аттарын білдіреді.
Атаушы сөздің 3 тобының бірінен-бірі ажырайтын шектері бар, бірақ олардың шекаралары жабық емес, тілдің даму процесінде іштей бірінен біріне ауысуда болады.
Көмекші сөздер : жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер.
Сөз табы деп жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне ортақ болып келетін сөздердің тобын айтамыз. Ендеше сөз табының мазмұны осындағы лексика-грамматикалық деген қос сөз арқылы айтылған 2 компоненттің бірлігінен құралады. Грамматикалық семантика деген ұғымға сөздің материалдық я лексикалық мағынасы емес, заттың атын, амал-ісін, заттың сапалық, сандық я басқа (қатыстық) белгілерін, амал мен белгінің белгілерін және т. б. материалдық ерекшеліктерді білдіретін семантика-грамматикалық мағыналар енеді. Бұдан, әрине, сөздің лексикалық мағынасы ескерусіз қалады екен деген түсінік тумаса керек. Өйткені дербес лексикалық мағынасы бар сөз белгілі әр сөз тобына енеді де, оған әрі таяныш есебінде қызмет етеді. Ал грамматикалық дегеннің мазмұнына белгілі бір сөзге тән грамматикалық категория және олардың жасалу, түрлену формаларының мағыналары енеді.
Қысқасы, сөздің лексика-грамматикалық белгілері деген термин белгілі бір сөзге, сөз табына тән бүкіл лексикалық (семантикалық) морфологиялық және синтаксистік сыр-сипаттарды түгел қамтиды.
Қазақ тілінде әрі есім, әрі етістік мағыналарда қолданылатын омоним сөздер бар. Мысалы: Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Тойға барсаң, тойып бар.
Мұндайда есім-есімдерге, етістік-етістіктерге жатқызылып, сол сөз таптарының аясында қаралу керек.
Бөлмеге жарық түсті. Жарық бөлме. (сөздерді таптастырғанда мұндай құбылыстар да ескерілуі қажет) .
Қазақ тіліндегі сөз таптары: Зат есім. Сын есім. Сан есім. Есімдік. Етістік. үстеу. Еліктеу. Көмекші (шылау) сөз. Одағай.
Сөздерді топтастырғанда сөздердің мағыналары таяныш етілмейді, топ-тобына тән категориялық семантика сүйеніш етіледі. Сөз табы деп жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне ортақ болып келетін сөздердің тобын айтамыз.
Зат есімнің жалпы сипаттамасы.
- Зат деген ұғым тек күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірде ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды да қамтиды. Демек, зат есімнің лексика-семантикалық сипаты салалы, қарымды.
- Зат есімнің өзіне тән морфологиялық ерекшеліктері бар.
а) түрленеді;
ә) зат есімнің сөз тудыратын, форма тудыратын жұрнақтар бар.
- Зат есім сөйлемнің барлық мүшелері ретінде қолданыла береді.
- Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
Зат есім заттық ұғымды білдіретіндіктен біркелкі болғандарымен іштей
а) нақтылық (ағаш, су, шөп, сүт, темір т. б. )
абстрактілік (ақыл, сана, ой, жер, адамгершілік) .
ә) жалпылық, жалқылық
б) даралық (құрт, құмырсқа, апа, қарындас, төсек, орын, шөп, шалам)
жинақтылық (құрт-құмырсқа, апа-қарындас, төсек-орын, шөп-шалам)
в) жекелік, топтық (мал атаулары, өсімдік аттары, т. с. с. ) сияқты семантикалық категорияларды да қамтиды.
- Адамзат есімдері мен ғаламзат есімдері.
Адам атаулымен байланысты Адамнан өзге заттық ұғымның атауларын
ұғымның аттары мен кісі аттары түгел қамтитындықтан, осы семантика-
енетіндіктен, оларды осы семан- лық ерекшеліктеріне қарай ғаламзат есім-
тикалық ерекшелігіне қарай адам- дері деп атауға болады. Не? деген сұрау-
зат есімдері деп атауға болады. ға жауап береді.
Кім? деген сұрауға жауап береді.
2. 2. Жалқы есімдер, жалпы есімдер.
Жеке я дара заттарға Заттар мен заттық ұғымдарды жалпылама
берілген зат есімдер атайтын зат есімдер.
Кісі аттары геграфиялық
(ономастика) атаулар (топонимика) .
- Көптік мәнді есімдер.
Заттық жеке-даралап аталмай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдер айтамыз. (алтын, ұн, жел, ақыл, т. с. с. )
- Сұйық зат атаулары: айран, шай т. б.
- Газ тектес зат атаулары: бу, түтін, тұман.
- Уақ, ұнтақ, үйінді, ұйысқан зат атаулары: ұн, шаң, жүн, түбіт, шаш, жиде т. б.
- Дерексіз ұғым атаулары: ақыл, қайғы, қасірет, шындық, т. б.
- Өздігінше табиғи бөлшектенбейтін кесек зат атаулары: алтын, қола, шойын, т. б.
- Жаратылыс құбылыстарының атаулары: боран, қар, жел, құйын, т. б.
- Табиғи жұп болып келетін заттар: аяқ, көз, құлақ, қол, бәтеңке, шаңғы т. б. Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер:
Кейбір зат есімнің әдеттегіше бейтарап түрде жалпы қолдануларымен бірге, үлкен тұтып құрметтеу, сыйлау, еркелету, қомсыну тәрізді эмоциялық жер, экспрессивтік рең бере қолданылатын формалары болады.
Бұл формалар мен жай формалардың негізгі лексикалық мағыналары бір болғанымен, араларында сол ерекшеленетін семантикалық айырмашылық болады, ол формалардың араларындағы семантикалқы айырмашылықты мазмұн ерекшелігі деп түсінумен бірге, олардың сыртқы формаларының араларындағы айырмашылықты сол мазмұнның формасы деп есептеуге болады.
- шық (-шік)
- ша (-ше)
- сымақ
- й
- еке (-ке)
- тай
- жан
- қан
- қай
- ш (-ыш, -іш)
- кен
Бұл жұрнақтар арқылы жасалған зат есімдер туынды зат есімдер болғанымен жаңа сөздер емес, олар өздері туған төркіндерінен тек сәл басқаша айтылған, яғни сәл ерекше рең беріле айтылған формалары есебінде жұмсалады.
Көмекші есімдер лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталып, бірде солғындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке-дара мүше есебінде, кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздер.
Сан жағынан көп емес, қолданылу аясы кең алды, арты, асты, үсті, жаны, қасы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, шеті, түбі, төбесі, тұсы, маңы.
Көмекші есімдер зат есімдерше қолданылады.
Сыртын көріп ішінен түңілме.
Ол қанша артта қалска да, пікірі алда. Сырттан аяз, іштен жалын шарпиды (семантикалық дербестік бар) .
Ой артынан ой туар, желге мінсең жеткізбес (лексикалық мағыналары солғындаған) .
3. Зат есімнің морфологиялық сипаты.
- Зат есімнің құрылымы.
Зат есім
Жалаң күрделі
Түбір туынды біріккен қосарланған
Зат есім зат есім зат есім зат есім (абысын-ажын, ел-
(бәйтерек, белбеу) жұрт) .
тіркес (құрама) зат есім (балалар бақша-
сы, күн тәртібі, сары май)
қысқарған зат есімдер
3. 2. Зат есімнің жасалу тәсілдері ;
лексикалық синтаксистік морфологиялық
3. 2. 1. Есім зат есім (өнімді)
-шы, -ші
-шылық (-шілік)
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік
-ыл, -іл, -л
-кер, -гер
3. 2. 2. Есім зат есім (өнімсіз)
-дақ, -дек, -лақ, -лек, -тақ, -тек
-кеш, -паз, -қор, -қой, -хана, -стан
-т, -ат, -іт, -айт, -пан, -қал
3. 2. 3. Етістік зат есім (өнімді)
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе
-м, -ым, -ім
-қы, -кі, -ғы, -гі
-ыс, -іс, -с
-қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек
-ынды, -інді, -нды, -нді
-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш (-қаш, -кеш, -ғаш, -геш)
-ыш, -іш, -ш
-уыш, -уіш
3. 2. 4. Етістік зат есім (өнімсіз)
-мақ, -мек, -бақ, -пақ, -пек
-сын (-сін)
-мыс, -міс, -мыш, -міш
-мал (-мел)
-ман, -мен, -бан, -бен
-р, -ыр, -ір, -ар, -ер
-ыт, -іт, -т
-уыл, -уіл
-қын, -кін, -ғын, -гін
-асы (-есі)
-н, -ын (-ін)
-шақ, -шек
-ашақ, -ешек
Бақылау сұрақтары:
- Атаушы сөздер, оларға тән белгілер.
- Көмекші сөздер, олардың түрлері.
- Одағай сөздер.
- Қазақ тіліндегі сөз таптары.
- Сөздерді таптастыру принциптері.
ӘДЕБИЕТТЕР:
- Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. -А., 1966.
- Қазақ тілі грамматикасы. Морфология. -А., 1967.
- Төлеуов Ә. Сөз таптары. -А., 1982.
- Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөз таптарының морфологиялық құрылысы. -А., 1968.
- Мұхтаров С. Қазақ тіл біліміндегі сөздерді таптастыру мәселесі. -А., 2001.
- Ысқақов А. Қазақ тіліндегі сөздерді таптастыру туралы //Халық мұғалімі. 1950, № 9, 65-73-б.
7. Сауранбаев Т. Қазақ тіліндегі сөз таптары және олардың таптастырылуы да туралы //Халық мұғалімі. 1939. №2, 67-77-б.
№3
1. Лекцияның тақырыбы: Зат есімнің грамматикалық категориялары
және түрлену жүйесі.
2. Лекцияның жоспары:
1. Зат есім - грамматикалық категория ларға бай сөз табы.
2. Зат есімнің көптік мағынасы, көптік мағынаның берілу жолдары, көрсеткіш тері.
3. Зат есімнің тәуелдік категориясы.
4. Септік категориясы.
5. Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі.
6. Зат есімнің жіктелуі.
7. Синтаксистік қызметі.
- Лекцияның мақсаты:Зат есім сөздердің лексика-семантикалық сипаттарын, морфологиялық ерекшеліктерін, жасалу тәсілдерін, түрлену жүйесі мен синтаксистік қызметін ұғындыру.
Негізгі ұғымдар: зат есім, семантикалық категориялар, көмекші есімдер, жалқы есім, көптік мәнді есімдер, эмоциялы-экспрессивтік зат есімдер, зат есім тудыратын жұрнақтар.
4. Лекцияның мазмұны:
Зат деген ұғым тек күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірде ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды да қамтиды. Демек, зат есімнің лексика-семантикалық сипаты салалы, қарымды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz