Жастардың қазіргі қоғамымыздағы саяси және әлеуметтік орны


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 32. 001/659. 3:053. 81(574) Қолжазба құқығында

БАЙМҰХАНОВ ЕРБАҚЫТ МҰХАМЕДҚАЛИҰЛЫ

Қазіргі Қазақстан Республикасы жастарының саяси санасын қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі

23. 00. 02 - саяси институттар, этносаяси конфликтология,

ұлттық және саяси процестер мен технологиялар

Саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның

Авторефераты

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Қайнар университетінің

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында орындалған

Ғылыми жетекші:
ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ә. Н. Нысанбаев
Ғылыми жетекші::
ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессорӘ. Н. Нысанбаев:
Ғылыми жетекші:: Ресми оппоненттері:
ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессорӘ. Н. Нысанбаев:

саяси ғылымдарының докторы

Т. Қ. Әуелғазина

Ғылыми жетекші::
ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессорӘ. Н. Нысанбаев:
Ғылыми жетекші::
ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессорӘ. Н. Нысанбаев:

саяси ғылымдардың кандидаты

Ж. О. Кенжалин

Ғылыми жетекші::
ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессорӘ. Н. Нысанбаев:
Ғылыми жетекші:: Жетекші ұйым:
ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессорӘ. Н. Нысанбаев:

Л. Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің

саясаттану кафедрасы

Диссертация 2010 жылғы 23 маусымда сағат 16. 00 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі 23. 00. 02 - саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар мамандығы бойынша философия ғылымдарының докторы және саяси ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғалатын Д 14. 21. 03 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30, диссертациялық зал (ауд. 215)

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30) танысуға болады.

Автореферат 2010 жылғы 22 мамырда таратылды

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, философия

ғылымдарының докторы,

профессор Н. Ғ. Аюпов

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертацияда Қазақстан жастарының саяси санасы, олардың әлеуметтенуі және патриоттық сезімдерін оятудағы бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі мәтінде - БАҚ) рөлі мен ықпалы зерттеледі. Жастардың қазіргі қоғамымыздағы саяси және әлеуметтік орны, сонымен бірге жаһандану үдерісіндегі көптеген ақпарат құралдарының мемлекетіміздің алдыға қарыштап дамуына және азаматтық қоғам мен ұлттар арасындағы бір-біріне деген төзімділікті қалыптастырудағы маңызы ерекше фактор ретінде қарастырылған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, демократиялық жолға түскеннен кейін еліміздегі саяси - әлеуметтік және мәдени құндылықтар мен қатар рухани, танымдық өзгерістер кең өріс алуда. Мемлекетіміздің дамуының және оның аяғына тік тұрып, сыртқы және ішкі саяси бағытымыздың айқындалуына жастар саясаты мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі өте зор екендігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Жастар мәселесі дамушы мемлекеттер мен қатар дамыған елдердің де өзекті мәселелеріне айналып отырғаны белгілі. Бұқаралық ақпарат құралдарымен еліміздегі жастар саясаты, ұлтжандылық пен патриоттық мәселелер мемлекет саясатының басты тұғырларының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев пайымдағандай: «Еліміздің бойына ата-бабамыздың елі мен жеріне деген сүйіспеншілік қасиеті тараған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой-өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет» [1] . Жастар саясаты мен БАҚ бұл бір-бірімен ажырамас, құрамдас бөлік болып табылғандықтан, оларды мемлекет іргесін нығайтумен қатар қоғамымыздағы саяси экономикалық және әлеуметтік қатынастардың негізгі рөлге ие болатындығы белгілі. Қазіргі ақпараттар ағымы заманында БАҚ-тың рөлі өте зор, себебі демократиялық қоғамда қандай да болсын саяси науқан мен оқиға БАҚ-сыз жүзеге асуы мүмкін емес деп айтуға болады. ХХ-ХХІ ғылыми техниканың жетістіктерімен бірге заманауи технологиялар заманы болып отырғаны баршаға мәлім. Ал демократиялық ұстанымдарды алдыға тартып келе жатқан еліміз үшін жаһандану кезеңінде саяси институттар мен үкіметтік емес ұйымдардың орны ерекше. Сол себепті де БАҚ-тың жастардың саяси санасын қалыптастырудағы Қазақстандағы ерекшеліктерін талдауға мән береміз.

Саяси мәдениеттің құрамдас бөлігі сананың өзгеруіне БАҚ-тың ықпалы қашанда анық көрінеді. Көптеген ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздігімізге қол жеткізген заманда жастар мәселесі, оның маңыздылығы және жастарға байланысты проблемаларды шешу жолдары мен әдіс-тәсілдері, құралдары әр түрлі түрде көрініс табуда. Ширек ғасырдан астам Кеңес Одағының құрамында болу, халықтың тілі мен мәдениетіне байланысты негізгі құндылықтарының жойылып кетуінің азақ алдында қалғаны мәлім. Әсіресе бұл мақсатты түрде жүзеге асқан саясатқа жастарымыздың дүниетанымы мен ділі ілінгені жасырын емес. Сондықтан еліміздің қабырғасын нығайтуда елдігімізбен, тәуелсіздігіміздің баянды болу мәселесінен жастар тыс қалмауы тиіс. Сонымен қатар осы өзекті тақырыпқа мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп отыр.

Ұлт тағдырымен мемлекетіміздің дамуына жастардың үлесі қашан да бір төбе болғанын тарих беттерінен табуға болады. Еліміздің саяси жаңаруына және түлеп қайта ұшуына жастардың саясатқа әсер етуі де негізгі себептердің бірі болып отыр. Яғни 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы», ондағы жастарымыздың өздерінің саяси ұстанымдарын білдіру үшін алаңға шығып, қарсылықтарын білдіргендіктері баршаға аян. Бұл үрдісті жастардың биліктің қылышынан қан тамып отырған заманындағы алғашқы демократиялық бастамалар деуге әбден болады және оқиғаны саралай отырып өзіне тәлім-тәрбие алу қазіргі буын өкілдерінің парызы деп айтсақ қателеспейміз.

Жастарымыздың саяси сауатты, жан-жақты болуынан қазақ топырағы кем де емес. Кеңес үкіметінің қазақ сахарасында құрылуына біздің сол кездегі жас буын өкілдері аянбай ат салысты. Солардың ішінде Сұлтанмахмұт Торайғыровты, Ғани Мұратбаевты атап өтуге болады. Сауатсыздық пен надандықтан құтқару үшін білім мәселесіне байланысты мақсатты түрде жұмыс атқарған қазақ қыздары мен жігіттерін айтпасқа болмайды. Осы тарихи кезеңдерде жастардың ұстанымдары, елі мен жеріне деген қайраткерліктерін зерделеу жас ғалымдардың еншісінде.

Мемлекеттік жастар саясаты мен БАҚ-тың арасындағы байланысты қарастыруда, қоғамымызда болып жатқан саяси процестерге терең үңіліп, саяси жолдары мен бағыттарын анықтауға болады.

Отанымыздың саяси таңдап алынған сара жолында жастар саясаты мен оның саяси-қоғамдық қатынастардағы ақпарат құралдарының байланысының өзектілігін айқындап, жастарымыздың саяси ұстанымдарын қандайда заман болмасын көрсете білетіндігі, қазіргі мен болашақ жастар үшін тәлім-тәрбие және патриоттық рухты көтеретін бірден-бір көрініс болып табылатындығында. Жалпы саяси институттардың ішінде БАҚ-тың құрылымы мен қызметі, Қазақстандық демократия моделі негізінде оның рөлі мен қатар жастардың саяси ой-тұжырымына әсерінің ерекшелігін ғылыми әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы зерттеу болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Еліміздің саяси ғылымында БАҚ-қа байланысты зерттеулер аз емес, Кеңес үкіметі құлағаннан кейінгі кезеңде БАҚ-ты зерттеуге деген құлшыныс арта түсті. БАҚ-тың саяси институт және азаматтық қоғамдағы қалыптастырудағы басты құралдарының біріне айнала бастағаны себепкер болды. Демократиядағы негізгі қағидаттардың бірі бұл -«сөз бостандығы» мәселесі қоғамымызда өзекті мәселелердің біріне айналды. БАҚ-тың саяси санаға ықпалы, жастардың әлеуметтенуіндегі оның рөлі, әдіс-тәсілдері және патриоттық сезімді оятудағы ықпалы т. б. Саяси мақсаттарға жету үшін қарсыластардың бір-біріне ақпараттық айла-тәсілдер қолдану біздің қоғамымызда жаңа үрдіс болып табылады.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары аға буын және орта буын өкілдерінің іске асырған шаралары мол десек артық айтқанымыз емес. Ал қазіргі таңда орта буын өкілдерінің көпшілігі саяси элитаның негізін құрап отыр. Олар өз кезегінде демократиялық бағыт ұстануда. Бірақ-та негізгі саяси тәжірибесін олар коммунистік тәрбиеден алғандығы кейбір жағдайларда қылаң беріп жататыны жасырын емес.

Батыс саяси ғылымында саяси әлеуметтену тұжырымдамасын және саяси институттардың бір бөлігі болып табылатын классикалық түрін зерттегендердің дәстүрлі теориясын негіз қылып институтционалды талданды. Батыс Еуропа елдерінің зерттеушілерінің осы мәселеге байланысты әртүрлі теориясы өзекті болды, оларды атап өтетін болсақ: Дж. Г. Мид пен Ч. Х. Кулидің «символдық интерекционизм» теориясы, әлеуметтену «рөлдік жаттығу» түрінде (Т. Парсоностың «құрылымдық функционализм» теориясы), әлеуметтену «саяси қатыс үлгісі» ретінде (С. Верба, Н. Пай), әлеуметтену «саяси қолдау» негізінде (Д. Истон, Дж. Деннис), саяси әлеуметтену, саяси мәдениет ауқымында (Г. Альмонд, С. Верба, С. Липсетт) қарастырды.

Зерттеу барысында жастардың ұлттық-саяси болмысының қайнар көздерін, түп негізін саралауда және саяси әлеуметтендіруді жүзеге асыруда БАҚ-тың рөлін зерттеген С. И. Абдулпаттаев, Б. Аяған, Л. Ә. Байдилдинов, А. Қ. Бижанов, К. Н. Бұрханов, Ғ. Есім, Ә. М. Жүнісов, Ж. Х. Жүнісова, Л. Ю. Зайниева, Ғ. Ж. Ибраева, Л. М. Иватова, Ә. Ш. Ишмухамдедов, Р. Қ. Қадыржанов, Н. Қалиев, М. Б. Қасымбеков, Ш. А. Құрманбаева, М. С. Машан, М. Б. Мұхаметов, Д. Н. Назарбаева, Ә. Н. Нысанбаев, Н. З. Нығматуллин, Г. Р. Нұрымбетова, Ә. Ө. Рахимова, Ж. Қ. Симтиков, К. Л. Сыроежкин, И. Н. Тасмағанбетов, М. Б. Тәтімов және т. б. ғалымдардың зерттеудегі мақалалары және саяси тұжырымдары мәселені жаңаша сараптауға арқау болды.

Саяси ғылымдардағы салыстырмалы әдіске сүйенудің арқасында, зерттеліп отырған тақырыптың мәнін тыңғылықты қарастыруда, сонымен бірге жастардың қоғамымыздағы лидерлердің өзіндік қасиеттерін ашып көрсетуде және оның болашақ еліміздің тізгініне ие болатын жастарға айқын үлгі болуда көптеген зерттеушілердің еңбектері ұйтқы болды. Олар А. И. Артемьев, Л. Н. Қасымова, С. А. Қасабеков, Г. О. Әбдікерова, Е. Әбдірайымов, Е. Тәжітаева т. б. ғылыми еңбектері мен мақалалары қазіргі кезеңмен болашақтың өзара сабақтастығын нақтылып алуымызға септігін тигізді.

Қазақстанның дамуында өткен шақтан да біз сабақ алуымыз қажет, яғни тарихымызды зерделемей болашаққа көз жүгірту әбестік болып саналады. Өткен әртүрлі саяси-экономикалық және әлеуметтік оқиғаларды зерделей отырып қана біз дамуда негізгі ұлттық тұжырымдық ойларды ұмытпауымыз қажет. Олардың ішінде тек қана қазаққа емес, сонымен бірге әлемдік ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан көптеген бір туар ұлы тұлғаларды айтуымызға болады. Осы ойлар диссертация арқылы жастардың ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігн қалыптастыруға түрткі болды. Олардың ішінде Әль-Фараби, Асан қайғы, Абай Құнанбаев, Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин және т. б. Оларға жеке тоқталатын болсақ:

Абай Құнанбаевтың қара сөздері мен өлеңдеріндегі көптеген идеялар мен бағыттар бұл жастарды тәрбиелеудегі негізгі ұстаным болып табылады және сол кездегі қазақ қоғамындағы кереғар көріністер, біздің жаңа ғасырымызда да маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Сол себепті қоғам дамуына байланысты сыни көзқарастар соның айғағы. Соған байланысты адамға тән сан-алуан түрлі қасиеттердің болуы бұл философия мен психологияның ара-жігін ашып көрсету болып табылады. Ұлы Абайдың шығармашылығындағы қоғамдағы проблемалар біздің уақытымызда да түрі өзгерген мен мәні сол қалпы қалуда. Осы бағдар теориялық тұрғысынан тақырыптың терең зерттеуде түрткі болып табылады.

Б. Бұлқышев шығармашылығындағы адамгершілік пен білім сияқты негізгі принциптердің бір-бірімен ұштасуы ол қазіргі қоғамға керекті қағидалардың бірі. Сондықтан осы мәселелерді зерттеуде тәрбиелік маңызы ескерілді. Б. Бұлқышев жастарды оқуға, адамгершілікке шақыруы бұл қазіргі заманда да өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Жалқаулықтан құтылуға шақырған ойшылдарының бірі. Оның көптеген шығармалары әлі күнге дейін тәрбиелік мәселе жағынан кеңінен қолданып жүр.

Зерттеу тақырыбын тереңірек қарастыруда шетелдік ойшылдардың да еңбегі орасан зор. Оның ішінде жастардың әлеуметтену процесіне және олардың мінез-құлық қырларын, саяси ойлау психологиясын зерттеді. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ саяси әлеуметтену «дербес бақылауды дамытушы процесс» теориясы З. Фрейд бойынша, саяси әлеуметтену жеке тұлғаның көзқарасы мен сезімін саясаттандыратын процесс жөнінен (Э. Эриксон, Э. Фромм, Т. Адорно, А. Адлерлердің бейсана тұтқаларды қарастырған зерттеулері), әлеуметтену бихевиоризм бағытындағы «әлеуметтік үйрету» сипатында (Ж. Пиаже, Д. Адельсон) зерттелді.

Сонымен бірге, жеке тұлғаның саяси әлеуметтенуінің әлемдік саяси тәжірибедегі тұжырымдары Дж. Локк, Г. Алмонд, С. Верба, Д. Истон, Дж. Деннис, Е. Вятр, Н. Смелзер, П. Шаран, С. Липсетт сынды зерттеушілердің еңбектерінде зерделенген. Халықаралық қауымдастықтағы көптеген мемлекеттер жастарының әлеуметтенуіндегі саяси іс-тәжірбиелеріне саяси салыстырмалы түрде талдау жасауға және оны еліміздің қоғамының ерекшеліктеріне сай бейімдеп, дұрыс жақтарын басты назарда ұстауға аталған ойшылдардың еңбектері зор маңызға ие.

Кеңес үкіметі құлағаннан кейін комунистік идеология құрдымға кеткен уақытта көптеген шетелдік ғалымдардың ойлары альтернативтік түрде жастардың және БАҚ-тың саяси институт болып қалыптасуына, сонымен бірге жас ұрпақтың идеалық тұрғыдан бағыт-бағдарын негіздеуге және оларға саяси білім мен тәрбие беру т. б. проблемалары И. С. Кон, Г. Н. Лола, Н. В. Андреева, И. В. Бестужев-Лада және т. б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.

КСРО идеологиясында марксизм идеясы басым болу себебінен көптеген алыс және жақын шетел ойшылдарының еңбектеріне аса мән берілген жоқ. Қоғамызда саяси институттар мен азаматтық қоғамды қалыптастырудағы демократияның принциптерін ұстануға тоталитарлық жүйенің ыдырай бастауы себеп болды. Осыған орай саяси әлеуметтену ұғымының мәніне деген көзқарас түбегейлі өзгеріске ұшырады. Сонымен бірге жастардың саяси белсенділігін арттыру үшін және жас буын өкілдерін әлеуметтік топ ретінде қалыптастыруға әртүрлі ғалымдардың ғылыми еңбектері, материалдар жиынтықтары өз үлесін тигізді. Посткеңестік кезеңде көптеген зерттеушілер осы мәселеге байланысты әртүрлі қырларымен танылды. Оларды атап өтетін болсақ Е. Б. Шестопал, В. П. Пугачев, А. И. Соловьев, Г. Г. Дилигенский, Л. И. Божович, Л. Сморгунов, В. Семенов, М. Н. Марченко, Ю. В. Ирхин, В. Д. Зотов, Л. В. Зотова, Е. А. Ануфриев, М. Р. Холмская, А. И. Щербинин, Е. Я. Сергеева және т. б. зерттеушілердің еңбектері бар.

Диссертацияның зерттеу тақырыбының Қазақстанда зерттелу мәселесіне келсек, кеңестік басқару кезінде жарық көрген Р. Б. Әбсаттаров пен Б. К. Байлярованың, К. Г. Ахметовпен О. Н. Белоустың, М. М. Сужиковпен, В. В. Трошихиннің және т. б. еңбектерде осы тақырыпқа байланысты әртүрлі жастардың саяси-әлеуметтену процесіндегі мәселелер қарастырылған.

Көптеген Қазақстандық зерттеушілер қоғамның жаңару барысында ұлттық саясатпен, патриоттық сезімді қалыптастырудағы және ұлтаралық қатынастардың ерекшеліктері, оның даму болашағы мәселелерін қамтитын зерттеулердің Қазақстан Республикасындағы жастардың саяси әлеуметтену процесін жүзеге асыруға қатысты проблемалар болып табылатындығы күмәнсіз. Осы орайда ғалымдар - Р. Б. Әбсаттаров, С. М. Борбасов, Қ. Е. Көшербаев, С. Ш. Мұсатаев, С. З. Нарматов, Т. С. Сарсенбаев, Н. В. Романова және т. б. ғылыми зерттеу жұмыстары бұл саладағы маңызды еңбектер қатарына жатады.

Мемлекеттік құрлымдар қалыптасудағы жастардың тұлғалық қасиеттерінің ерекшелігі және саяси әлеуметтенудегі бөлінбес бөлшектердің бірі саяси мәдениет және саяси құндылықтар, гуманисттік ұстанымдар тәрізді жеке тұлғалардың саяси әлеуметтенудің факторлардың мәні айрықша екені анық. Бұл ретте Қазақстандық ғалымдар - Д. Ж. Жамбылов, Р. Қ. Қадыржанов, Г. В. Малинин, А. А. Нұрмағанбетов, Қ. Ж. Нұғыманова, С. Е. Нұрмұратов, Р. А. Нұртазина, Т. С. Садықов және т. б. білім беру саясаты, саяси мәдениеттің деңгейі мен даму болашағы, саяси сана сияқты демократиялық қоғамның ерекшілігі және рухани құндылықтар жүйесінің мәселелерінің мәнін ашып көрсетуге қомақты үлес қосып отырғанын атап өткен жөн.

Тақырыпты зерттеуде және оны жаһандану тұрғысынан қарағанда белгілі батыс ойшылдары С. Хантингтон, өз ойларымен әртүрлі саяси институттарды дамытқан жағдайда ғана қоғам алдыға ілгерлейтіндігін, сонымен бірге демократияны жетілдіруде аталған институттардың орны ерекше екенін көрсетеді.

Зерттеудің нысанына тәуелсіздік алғаннан бері жастардың саяси-әлеуметтік белсенділігімен БАҚ-тың қоғамындағы орны мен бірге қозғаушы күш болып табылатын жас буын өкілдерінің саясат пен билік мәселесіне және отанымыздың егемендігін нығайтудағы рөлін әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы саралау.

Диссертациялық зерттеудің пәні жастардың саяси ұстанымдары мен қағидаттарының еліміздің дамуындағы елеулі рөлінің процестерін талдау мен қатар, ой елегі арқылы сабақтау. Қоғамдағы саяси үрдістердің қарқынды ілгерілеуіндегі жастар саясатының осы үрдіске тигізетін әсерін сараптамадан өткізу. Еліміздің дамыған елдердің қатарына қосылуда ақпараттық ағымдардың арасындағы қайшылықтар, демократияны орнатудағы бірден-бір құрал екендігін көрсету болып табылады.

Зерттеудің негізгі мақсаты - жастар саясаты мен БАҚ-тың арасындағы өзара байланыс пен Қазақстан қоғамында әртүрлі демократиялық процестердің ықпалына әртүрлі тұрғыдан талдаулар мен зерттеулер жасау, сонымен бірге Қазақстандық жас буын өкілдерінің әлеуметтену барысындағы тәрбие, отансүйгіштік және бір-біріне деген ұлттар арасындағы шыдамдылық мәселесінің ерекшеліктерін қарастыру.

Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер.

  1. Кеңес үкіметі кезінде қалыптасқан идеологияға байланысты саяси сананың өзіндік саяси ерекшеліктерін көрсету, БАҚ-тың тоталитарлық кезеңіндегі көрінісіне теориялық пен салыстырмалы талдау жасау
  2. ХХ ғасырдың соңындағы БАҚ-тың саяси институт және демократияның құрамдас негізгі принциптерінен алынбас бір бөлігі ретіндегі қалыптасу мәселесіне тоқталу.
  3. БАҚ-тың мемлекетіміздегі және шетелдердегі интеграгативті қызметіне саяси баға бере отырып, талдау жүргізу.
  4. «Жаһандану» феноменінде БАҚ-тың саяси мәселелерге ат салысуы және еліміздегі ұлтаралық шиеленістерді болдырмау мақсатындағы толеранттылықты (төзімділік) көрсету.
  5. Билік пен БАҚ-тың байланысы және жастар саясатындағы үкіметтік емес ұйымдардың дамушы қоғамдағы орнын анықтау. Сонымен бірге ТМД мемлекеттеріндегі жүргізіп отырылған жастар мәселесіне байланысты саясатты, сын-пікірлерімен салыстырмалы түрде сараптау.
  6. Сөз бостандығы мағынасының негізгі қағидаттарына тоқталу. Сөз еркіндігі мен этика, сенсация шетелдік БАҚ-тың еліміздің саяси процестеріндегі рөлін анықтау. Жастардың республикамыздағы мерзімді басылымдар мен телеарналардың жас буын өкілдерінің санасының қалыптасуындағы ерекшеліктерін талдау.
  7. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ел болашағына жастардың рөлімен олардың болашақтағы мемлекеттік, қоғамдық саясатқа етене араласуындағы мақсаттар, тапсырмалары және орындалуындағы ұрпақтар сабақтастығын айғақтау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Жастар саясаты және оларды әлеуметтік қорғау
Тәжірибесіз жастар жұмыссыз жүр
Қазақстанның жарқын болашағы тірегі - жалынды жастар
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруды теориялық тұрғылар
Мемлекеттік идеология және ұлттық рух
Деструктивті мінез құлық
Дәстүрлі және қазіргі отбасыларға салыстырмалы талдау жасау
Девиантты мінез - құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы. Жастардың девианттық мінез - құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz