Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеудің теориялық негіздері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балаларды дене тәрбиесіне
тәрбиелеудің теориялық негіздері
1.1.Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің
міндеттері ... ... ... ... ... ... . 6
1.2.Күн режиміндегі физкультуралық – сауықтыру
шаралары ... ... ... ... ... ... ... .13
ІІ. Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балаларды дене тәрбиесіне
тәрбиелеудің әдістемесі
2.1.Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балаларды дене тәрбиесін
ұйымдастыру формалары мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2. Қазіргі балабақшада дене тәрбиесіне тәрбиелеу жұмысының
әдістемесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..36
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар,
экономиканы дамытудағы жаңа стртегиялық бағдарлар, қоғаның ашықтығы, оның
жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды
түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру
жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне
қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып,
білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес,
әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және
ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру
және жұмыс істеу болып табылады.
Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне
ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектепке дейінгі ұйым
тәрбиеленушілерінің және мектеп оқушыларының дербестігін, ізденімпаздығын,
белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуды талап етілуде..
Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балаларадың мектепке дейінгі мекемелерде
тәрбиеленіп жүрген кезінде олардың денсаулығын шынықтыру, ойлау
белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамыту,білімі мен біліктерін өмірдің
жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындап отыр.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған Қазақстан-2030 стратегиясында
негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-
дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті
елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық
рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса
айтылған
Қазақстан Республикасы дамытудың 2030 жылға дейінгі кезеңге
жоспарланған стратегиялық бағдарламасында дене жетілуі әрбір қазақстандықты
жан-жақты дамытудың бір салалы болып көрсетілген. Демократиялық,
адамзаттық, еркін қоғамды орнатушы, Қазақстанның тәуелсіздігі мен
бостандығын қорғаушы барлық қырынан алғанда мінсіз болуға тиісті[1].
Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру
стандартының жобасында: Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан
Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде
маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен
ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі... деп
көрсетілген[2].
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді бамыту
тұжырымдамасында мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзеу
бағдарламаларымен қамтуды дәйекті түрде ұлғайту жолымен балалардың білім
алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсат етілген.
Сонымен қатар мектепке дейінгі және бастауыш білімді оқыту
бағдарламаларының үйлесімділігі, баланы шаршаудан қорғау мақатында оны
оңтайлы жүктемемен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтының құндылықтарына
баулу арқылы денсаулығын нығайту міндеттелген[3].
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттырудың негізгі
бағыты балалардың жеке бас мәдениетінің негіздерін, мектепте оқытуға
қажетті дағдыларды, мемлекеттік тілді үйренуіне, зияткерлік және эмоциялық
дамуына, олардың табиғи және психикалық денсаулығын сақтауға және
бекемдеуге жағдай жасау болып табылады.Мектепке дейінгі тəрбие мен
оқытудың мəнін арттыру жалпы əлемді үрдістер қатарына жатады. Балабақшаға
баратын балалар білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды
жəне жалпы өмірде табысты болып келетіні анық делінген[4].
Аса көрнекті педагог және педиатр Е.А.Аркин Мектепке дейінгі жас
деген кітабында мектепке дейінгілердің дене мәдениеті тек бұлшық етті
жаттықтырудан, гигиеналық дағдыларды игеру мен денсаулықты күшейтуден ғана
тұрмайды деп атап көрсетті. Мектепке дейінгі жастағы дене мәдениеті ол
сезім, зейін, ерік, сұлулық, мәдениетті мінез-құлықтың бүкіл мәдениеті
деп есептейді [5].
П.Ф.Лесгафттың іс қимыл ойындарының теориясы мен әдістемесін құруы.
Орыстың тамаша педагогы П.Ф.Лесгафт Ресейде дене тәрбиесінің ерекше
жүйесін жасады. Әрбір ойын дейді Лесгафт белгілі бір мақсатты көздеуі
керек, ал ойынның түрі осы мақсатқа жауап бергені жөн.
Дене тәрбиесін дұрыс жүргізу үшін ағзаның дамуына әсер ететін
жағдайдың бәрін пайдалану қажет,- деп И.П.Павлов адам ағзасының
біртұтастығын, дене мүшелерінің бәрі де бір – бірімен және сыртқы ортамен
байланысты екенін танытты[6].
Дене тәрбиесі теориясы қоғамдық, жаратылыс және педагогика
ғылымдарымен тығыз байланысты. Қазақстандық дене тәрбиесі теориясының
идеологиялық негізгі ұлттық-халықтық педагогика мен интернационалдық
тәрбие практикасының озық үлгілеріне сүйенеді[8]. Дене тәрбиесі осы жалпы
адамзаттық тәрбиенің ажырамас бөлшегі болып табылады. Демократиялық
қоғамның негізін салушылар адам тәрбиесі әлеуметтік-экономикалық жағдайға,
ал ол өз кезегінде адамдардың санасы мен білім деңгейіне, мәдениетіне, бір
ауыз сөзбен айтқанда, алған тәрбиесіне тәуелді екенін дәлелдеп берген
болатын. Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға ұлттық, тәрбие беруге
байланысты бірнеше шетел және отандық ғылыми зерттеушілерді атап өтуге
болады:
- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің аспектілері (Т.В.Черник,
О.В.Леонова, М.Г.Евграфова, Е.А.Иванова, Е.Н.Кергилова, Т.Иманбеков,
К.Сейсембаев, Т.А.Левченко, Ә.С.Әмірова, А.Е.Манкеш, О.М.Сыздық,
З.М.Балгимбаева)[9];
- мектеп жасына дейінгілердің дене дамуы (Е.Ф.Вертякова, Л.Д.Вавилова,
В.Д.Ботнарь, О.Н.Юденко, С.Д.Кириенко, Б.Н.Галаева) [10];
- мектепке дейінгі ұйымдардың мамандарын даярлау мәселесі (О.И.Давыдова,
Х.Т.Шерьязданова, Л.С.Берсенева, У.Ш.Ибрагимов, М.Б.Кожанова, Ж.С.
Хасанова) [11];
- мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үдерісіне ұлттық педагогика
үлгілерін ендіру (Ж.М.Акпарова, С.Г.Жанабаев, А.Ә.Капенова,
Ұ.Т.Төленова)[9]
Көптеген зерттеулердің әдіснамалық бағдарына профессор М.Т.Тұрыскелдина
Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі тұжырымдамасы алынды[17].
Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие процесін талдау балалардың дене
тәрбиесін қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі мекеменің жұмысының
мазмұнында дене тәрбиесі элементтердің өз мүмкіндігіне сай қолданылмайтынын
көрсетті.
Осыған сәйкес дәстүрлі құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған жеке
тұлғаны тәрбиелеудегі қазақстандық қоғамның қажеттіліктері мен мектепке
дейінгі мекеменің балалардың дене тәрбиесі қалыптастыру жүйесінің
жеткіліксіздігі; мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың дене тәрбиесі
қалыптастыру мүмкіндігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен
практикада аз зерттелгендігі арасында бірнеше қайшылықтар туындайды. Бұл
қайшылықтардың шешімін табу мақсатында дене тәрбиесі мектепке дейінгі
кезеңнен бастап қалыптастыру жолдарын анықтау біздің зерттеу проблемамызды
айқындауға және тақырыпты Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балаларды
дене тәрбиесіне тәрбиелеу деп таңдап алуымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Қазіргі мектепке дейінгі мекемелердегі дене
тәрбиесі сабағын тиімді жүргізудің мәселелерін теориялық тұрғыдан негіздеп,
тәжірибе жүзінде әдістемесін талдау.
Зерттеудің обьектісі: Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі
пәнінің оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеудің міндеттері:
- Балабақшада оқу жұмысына талдау жасау;
- Дене тәрбиесінің сабақ жоспарының мәнін ашу;
- Сабақтың тиімділігін хронометриялық әдіспен анықтау;
- Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық
шаралардың тиімділігі пайдалану;
- Балабақшадағы Денсаулық білім беру саласының базалық мазмұнының
ерекшеліктерін айқындау;
Зерттеудің пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесі пәнін
оқыту үрдісі
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1.1.Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері
Дене тәрбиесі – демократиялық қоғамдағы тәрбиенің қоғамдас бөлігі. Ол
дене жетілуінің жоғары нәтижелеріне, яғни денсаулықтың, дене дамуының және
дене дайындығының биік деңгейде болуына бағытталған.
Бұл анықтама, дербес түрдің қатыстылығына қарай, дене тәрбиесінің
өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Ол тәрбиенің адамгершілік, эстетикалық, ақыл-
ой және еңбек тәрбиесі сияқты түрлермен тығыз байланысты. Сондықтан, біздің
қоғамымызда дене тәрбиесі үдерісінде педагогика мәселесінің басқа қырлары
да көрініс табады. Бала туылғаннан бастап, мектепке барғанға дейінгі
алғашқы жылдар адам өмірінде өте үлкен маңызға ие. Бұл кезеңде денсаулықтың
іргетасы шыңдалады, әр түрлі қабілеттер дами бастайды бастайды, сапалы
қасиеттері көрінеді және мінез-құлық ерекшеліктері қалыптасады. Осы
жылдарда баланың қалай тәрбиеленуі, оның болашақтағы оқуына, жеке адамзат
болып қалыптасуына негіз болады. Баланы алғашқы жылдары жан-жақты
тәрбиелеудің негізгісі дене тәрбиесі болып табылады. Дұрыс дамып келе
жатқан бала ылғи да қозғалысқа қабілетті болады. Қозғалыс ықпалымен жүрек-
буын, тыныс алу және жүйке жүйесі қызметі жақсартады, тірек-қимыл жүйесі
жетіліп зат алмасу реттеледі. Олар бала ағзасының ауруға қарсы әрекетін
күшейтіп, қорғаныс күшін реттейді. Бала қимыл арқылы әлемді таниды, оның
психикасы, еркі, дербестігі, үлгерімі, ұйымшылдығы дамиды[12].
Әсіресе қол саусақтарының қимылы зор мәнге ие, болады. Мидың үлкен
жарты шеңбер үлкен жарты шеңбер бөлігінің белсенділігін арттырып, тіл
қозғаушы орталықтың дамуын реттейді. Сондықтан бала неғұрлым түрлі қимыл-
қозғалыстарды меңгерсе, соғұрлым сезім, қабылдау және де басқа психикалық
процестерді дамуын мүмкіндік туғызады.
Мектепке дейінгі мекемелерде 2 айдан 6 жасқа дейінгі балалар
қатысады. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне, өмір шарттарына, тәрбиесі
мен оқу біліміне қарай болып бөлінеді. Олар яслилік және мектепке дейінгі
топтар болып бөлінеді. Ясли: нәрестелік жастағы бірінші топ (2 айдан 1
жасқа дейін) және нәрестелік екінші топ (1 жастан 2 жасқа дейін). Мектепке
дейінгі: бірінші сәбилік топ (3 жастан 4 жасқа дейін), орташа топ (4 жастан
5 жасқа дейін), жоғары топ және мектепке дайындық топ (6 жас) [13].
Қимылды дамыту ерекшеліктері. Бала үшін өмірінің алғашқы үш айы бір
қалыпты өтеді. Ол ересектерге дыбыстау арқылы ғана жауап береді. Бала
күлгенде өміршеңдік кешені деп аталатын қимылды қолдап көтермелеу керек.
Бұл баланың барлық бұлшық еттерінің дамуына, ағзаны нығайтуға, жалпы өмір
сүруге талпынысын арттырады. Қозғалысты меңгеру құбылысы өте тез өтеді.
Бала екі айлығында жилжиды, жеті-сегіз айлығында отырып-тұра алады, ал он-
он бір айлығында өз бетінше қимылдау белсенділігін арттыру керек және осы
қимылдарды жүйеге түсірген жөн. Мысалы, оны алғашқыда отыруға, тұруға,
жүруге үйрету қажет.
Өмірінің екінші кезеңінде баланы жүруге үйретуге баулу керек. Бала
алғашқыда сенімсіз қимылдайды. Алайда, екінші жылдың соңында қарай ол бұл
қимылдарды толық игеріп, 1-1,3 м. саты, текпешектерге шығып, түсе алады.
Рахаттанып доппен ойнайды, әр түрлі беттерден асып өтеді. Сыртқы әр түрлі
заттардың ықпалымен қолдың майда шеміршектері дамиды. Ол сөйлеуді,
ойлауды, ойнау қызметтерін жетілдіруге септігін тигізеді.
Бала өмірінің үшінші-төртінші жылдарында қимыл тәжірибесі кеңейеді. Үш
жасқа қарай допты қағу, лақтыру, бір орында секіру және жүгіру, сияқты
гимнастикалық сатыдан өтуге талпынады. Төрт жаста тепе-теңдікті сақтай
отырып шанамен сырғанайды, велосипед айдайды.
Бес жасында оның реттегіш үлкен бұлшық еттері қимылды нақты орындайды.
Алтыншы жылдарында қимыл дамытуда мәнділік, дәлдік пайда болады.
Балалар қимылды дұрыс орындамаса, талдау нәтижесінде өз қатесін түсінеді.
Сөйтіп биіктік пен ұзындыққа секіруді, арқанға өрмелеуді, т.б.
меңгереді[13;14;].
Бала тәрбиесінің міндеттері: Бала ағзасының нәзіктігіне, оның бойы мен
ағза дамуының теңсіздігіне, біркелкі еместігіне қарай отырып, өмірінің
алғашқы жылдары сауықтыру міндеттерін енгізу зор маңызға ие болды.
1) Өмірін қорғау, аурумен күрес, шынығу, қоршаған ортаның кері
әсерлерінен ағзаның қарсылығын жетілдіру.
2) Барлық ағза жүйесінің уақытылы, жүйелі дамуын, оның қызмет
мүмкіндігінің кеңеюін, омыртқасы мен табандарының дұрыс пішінінің,
жылдамдығын, ептілігін, төзімділігінің дамытуды жүзеге асыруды қамтамасыз
ету.
Бала өзгермелі шарттарға, дене жүктемесіне тез икемделеді. Оны игеру,
қабылдауы, биіктігі ерекшелендіреді. Сондықтан білім беру міндеттерін шешу
аса маңызды.
1) Жеке бас және қоғамдық гигиенаны ұстану.
2) Өмірге ең қажетті қимылдық қозғалыстарды (жүру, жүгіру, секіру
т.б.), сонымен бірге жүзу, шаңғымен жүру, коньки тебу, жүгіру, велосипед
тебу сияқты жаттығулардың негізін құрайтын қимылдарды реттеу.
3) Атқарылып жатқан дене жаттығулары жайында алғашқы білім беруді
ретте.
Сонымен тәрбиелеу міндеттерін де естен шығармау керек:
1) Рухани-ерікті сапаларын тәрбиелеу адалдық, шешімге келу, батылдық,
табандылық т.б..
2) Ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік еңбекке тәрбиелеуді қамтамасыз
ету[15].
Дене тәрбиесінің мазмұны. Жасына лайықты қимыл – қозғалыс
ерекшеліктермен оған деген қажеттілікті ескере отырып, алғашқы жылы дене
тәрбиесінің арнайы құралдары қолданады.
Бала дене тәрбиесінде, әсіресе өте жас кезінде күн режимі басты
маңызға ие болады. Күн режимін сақтау (жүйелі сергу, ұйқы, тамақ т.б.)
баланың ырғақтылығын қамтамасыз етеді, жүйке жүйесін әлсіреуден сақтайды.
Күн режимінің тәрбиелік маңызы да зор: белсенділікті, дербестікті,
үлгерушілікті арттырады.
Бала даму үшін санитарлық тазалық құрылымының да зор мәнге ие. Тәртіп
пен тазалықты ұстану, бөлменің ауасын, жарығын, жылылығын реттеу, дұрыс
киіну – дене тәрбиесіндегі ең басты нәрсе.
Бала ағзасын шыңдауда табиғат әсерлері де кеңінен қолданылады, олар:
ауа, су және күн. Әр баланың жеке бас ерекшелігіне байланысьы шыңдайтын
процедураларды жүйелі қабылдау жүйке жүйесін нығайтады, бейімділікті
арттырады, аурудың алдын алуға көмектеседі.
Тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан
тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің,
жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта
қаланады; қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондай-ақ дене қасиеттерінің
бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді[16].
Баланың дене жағынан қалыптасуы оның интеллектуалдық және моральдік-
еріктік жетілуімен, барлық психикалық функцияларының дамуымен тығыз
байланысты. Мұндайда өмір жағдайларының әсері мен тәрбие шешуші роль
атқарады.
Өмірді қорғау мен денсаулықты нығайту, бала организмінің функцияларын
жетілдіру, оның денені дұрыс жетілдірудегі ықпалы, жұмыс қабілетін арттыру
мектеп жасына дейінгі балалық жылдарда дене жағынан тәрбиелеудегі ең басты
міндеттер болып табылады. Бұл міндеттердің маңыздылығы мынада: органдар мен
жүйелердің тез өсуіне және дамуына қарамастан, олардың қызметі әлі
жетілмеген, ағзаның қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан, кішкентай балалар
сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан сүйек жүйелері
мен байланыс-буын аппаратының дұрыс мерзімімен жетілуіне, бел омырқаның
физиологиялық иіндерінің қалыптасуына, табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне
ықпал жасау қажет; барлық бұлшық ет топтарын, әсіресе жиырылмалы бұлшық
еттерді қатайту; жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, оның әр түрлі және
тез өзгеріп тұратын ауыртпалықтарға бейімделу мүмкіндіктерін арттыру; тыныс
алу мускулатурасын қатайту, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс
алуды қозғалыспен үйлестіру шеберлігін дамытуға мүмкіндік жасау, нерв
жүйелері мен сезім ағзасының дамуына көмектесу қажет [17].
Басты міндет, балалардың қозғалыстарын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және
дененің икемділік, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін
қалыптастыру болып табылады.
Дене тәрбиесі жүйесінің барлық буындарда бір мақсат- өмірге, еңбекке,
отан қорғауға даярлау жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалық шақ дене
тәрбиесінің міндеттері жалпы мақсаттық бағытты сақтай отырып, жас
ерекшеліктерін ескере нақтыланады.Мектепке дейінгі жаста дене тәрбиесінің
сауықтыру, білім беру және тәрбиелік мәндеттері жүзеге асырылыды.
Сауықтыру міндеті – өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың
организмін шынықтыру болып табылады. Жақсы денсулық барлық мүшелер мен ағза
жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады. Денсаулық нығайту
міндеттері бала ағзасының даму ерекшеліктерінен туа отырып, әр жүйе
бойынша әлдеқайда нақты түрде анықталады; дұрыс және нақтылы сүйектенуге,
омыртқа иілістерінің қалыптасуына, табан үзенгілерінің дамуына, байланыс-
буын аппаратының нығайуына көмектесу, дене бөліктерінің дұрыс арақатыста
пропорция дамуына, сүйектердің өсуі мен дамуына себепші болу; бұлшық
еттердің барлық топтарын кеуде, арқа, қарын, аяқ, қол, алақан, саусақ,
табан, мойын, ішкі ағзалар, оның ішінде жүрек, қан тамырлары бұлшық еттерін
дамыту, нашар дамыған иіп-жазғыш бұлшық ет топтарына айрықша көңіл бөлу:
қанның жүрекке қарай ағуының күшеюіне, оның жиырылу жиілігінің және
тұтқиылдан өзгерген жүкке бейімделу қабілетін жақсарта жәрдемдесу; тыныс
жолдары еттерін нығайту, кеуде клеткасының қозғалғыштығын дамыту, тыныс
алудың тереңдеуіне, ауаны үнемді жұмсауға, тыныс ырғағының тұрақталуына,
өкпенің ауа сиымдылығын арттыруға себепші болу; мұрын арқылы дем алуды
үйрету; ішкі ағзалардың ас қорыту, зәр шығару, және т.б. дұрыс қызмет
етуіне көмектесу, теріні зақымданудан сақтау және оның дұрыс қызмет етуіне
жылуды реттеу және қорғаныс жәрдемдесу; қозу және тежелу процестерінің
тең қалыптылығына, олардың қозғалмалдығына, белсенді тежелістің дамуына,
сонымен қатар қимыл-қозғалыстық анализатордың сезім мүшелерінің көру, есту
т.б. жетілуіне себепші болады[18].
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде білім беру
міндеттерін шешудің де маңызы аз емес; қимыл-қозғалыс дағдыларын
қалыптастыру, денені түзу ұстау, гигиена дағдыларын бойға сіңіру, дене
тәрбиесі туралы білімді игеру.
Нерв жүйесінің икемділігі арқасында балалардың қимыл-қозғалыс
дағдылары басқалармен салыстырғанда оңай қалыптасады.Олардың көпшілігін
еңбектеу, жүру, жүгіру, т.б. балалар күнделікті өмірде пайдаланады.
Қимыл-қозғалыс дағдылары қоршаған ортамен байланыс жасауды
жеңілдетеді және оны танып білуге көмектеседі; мысалы еңбектеуді үйренген
бала оны қызықтыратын заттарға өзі жақындайды да олармен танысады. Дене
жаттығуларын дұрыс орындау бұлшық еттердің, буындардың, бунақтардың, сүйек
жүйесінің жетілуіне тиімді әсерін тигізеді. Мысалы қолды артқа сілтей
құлаштап лақтыруды дұрыс үйренген бала құлаш сілтеу мен лақтыруды кеуде,
аяқ, қол, қозғалысының үлкен амплитудасымен орындайды, бұл бұлшық еттер,
буындар, бунақтардың тиісті топтарының жақсы жетілуіне жағдай жасайды.
Қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдылары баланың күш үнемдеуіне мүмкіндік
береді. Егер бала жаттығуды оңай, қиналмай орындаса, онда ол жүйке қуатын
аз жұмсайды. Осының арқасында жаттығуды көп рет қайталауға және жүрек қан
–тамырлары, тыныс жүйелеріне әлдеқайда тиімді әсер жасауға, сондай-ақ дене
қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туады. Нық қалыптасқан қимыл-қозғалыс
дағдыларын пайдалану қимыл-қозғалыс және ойын іс-әрекетінің күтпеген
жерден туатын міндеттерін ойластыруға мүмкіндік береді. Мысалы жүгірген
бетте дұрыс жүгіруді меңгерген бала, мысалы Жер астында қасқыр бар ойынын
ойнап жүргенде қалайт секіру керек екендігі жайын ойламай, қасқырдан қалай
құтылу жағдайын ойластырады.
Алты жасқа дейін қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдылары мектепте оны
одан әрі жетілдірудің іргетасын қалайды және алдағы уақытта спортта жақсы
нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Көптеген спортшылар (И.Тер-Овенесян,
В.Брумель) дене жаттықтырумен үзбей айналысуды балалық шақтан бастаған.
Мектеп жасына дейінгі балаларда негізгі гимнастика жаттығуларын
(сапта тұрып жаттығу, жалпы жетілу жаттығулары, негізгі қозғалыстар – жүру,
жүгіру, теңдік сақтау, өрмелеу, жер бауырлап қозғалу, асып түсу, лақтыру
секіру),спорт жаттығуларын (шаңғы тебу, коньки, велосипед тебу, жүзу)
орындауды қалыптастыру қажет. Мұнымен бірге балаларды спорттық элементтері
бар ойындары ойнай білуге үйрету керек (теннис, бадминтон, городки,
волейбол, баскетбол, хоккей, футбол т.б.) Жас мөлшеріне қарай бөлінген
топтар бойынша қалыптастырылатын қимыл-қозғалыс дағдыларының көлемі
Балабақшадағы тәрбие бағдарламасында берілген.
Балалардың қимыл-қозғалыс дағдылырын қалыптастырумен қатар алғашқы
күндерден бастап дене қасиеттерін (ептілік, шапшаңдық, күш, төзімділік,
тепе-теңдік сақтау т.б.) дамыту қажет. Мұндай көрсеткіштерді дамытуға
мүмкіндік бар екенін көрсеткіштер дәлелдейді. Мысалы, күштің, шапшаңдық пен
ептіліктің дамуымен бірге секіру биіктігі, ұзындыққа лақтыру алыстығы
артады. Төзімділікті дамыту балаларға дене жаттығуларын шаршамай жасауға,
ұзақ жол жүруге мүмкіндік туғызады. Лақтырғанда көздеген жерге тигізу,
секіргенде діттеген жерге дәл түсу, жүргенде, жүгіргенде бағдар сақтау –
балалардың көзбен шамалау қабілетінің жақсы екендігін дәлелдейді[19].
Дене қасиеттерін дамытпайынша бала аса қарапайым да жаттығуларды
орындай, қимыл-қозғалысты тілейтін іс-әрекеттің алуан түрлерін жетілдіре
алмас еді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тұлғаны дұрыс ұстау дағдысына яғни
бала отырғанда, тік тұрғанда, жүргенде денені дұрыс қалыпта сақтай білуге
тәрбиелеудің маңызы зор.Тұлға дұрыстығының барлық мүшелер мен ағза
жүйелерінің нормаға сай қызмет етуі үшін үлкен мәні бар. Бірақ тұлғаның
дұрыстығы – дер кезінде қалыптастырылуы тиіс дағды[23].
Бұл жаста жеке және қоғамдық гигиенаның бастапқы дағдыларын бойға
сіңірудің (дене жаттықтырудың алдында қол жуу, мұрын тазалау, дәрет
сындыру, костюмді, аяқ-киімді күту, ойыншықтарды, физкультуралық
құралдарды, бөлмені таза ұстау т.б.). Балалардың денсаулығы көбінесе осы
дағдыларға байланысты.
Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесіне байланысты қарапайым
білімді хабарлаудың маңызы бар.Алған білім неғұрлым саналы түрде айналысуға
және балабақша мен отбасыда дене тәрбиесі құралдарын неғұрлым өз бетімен
пайдалануға (гигиеналық жағдайды, табиғаттың жаратылыстық факторларын, қол
еңбегін ), тұлғаның дұрыстығын, қозғалыс техникасы, қимыл-қсзғалыстық
ойындардың ережесі туралы мағлұматты, сондай-ақ жеке және қоғамдық гигиена
туралы қарапайым білімі болуға мүмкіндік береді.
Балалар дене мүшелерінің аттарын, қозғалыс бағыттарын, (жоғары, төмен,
алға, артқа, солға, оңға бұрылу т.б.), физкультура жабдықтарының аттары мен
атқаратын қызметтерін, оларды сақтау және күту ережелерін, киімді, аяқ-
киімді күту ережелерін білулері тиіс. Дене тәрбиесі туралы білімдері бар,ай
сайын арта түседі.
Дене тәрбиесі процесінде кең ауқымды тәрбиелік міндеттерді шешудің
маңызы үлкен. Балаларда күн сайын дене жаттықтыруға деген қажеттілікті
әдетті қалыптастыру, балалар мекемелерінде және үйде осы жаттығулармен өз
бетімен айналыса білуді дамыту, неғұрлым қарапайым жаттығуларды өз
құрдастарымен және біршама кіші жастағы баламен бірге өткізу қажет[24].
Балаларда спортқа деген сүйіспеншілікті, оның нәтижелеріне,
спортшылардың жетістіктеріне деген қызғушылықты тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі процесінде адамгершілік, ақыл-ой, эстетика және еңбек
тәрбиесін жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер болады.
Дене жаттығуларын орындаған кезде мінездің жақсы жақтарын және
адамгершшілік қасиеттерді (әдептілік, адалдық, жолдастық сезім, өзара
көмек, ұжыммен жұмыс істей білу т.б.) тәрбиелеу үшін, сонымен қатар ерік-
жігер қасиеттерінің (батылдық, тәуекелшілдік, табандылық, ұстамдылық т.б.)
көрініс беру үшін жақсы жағдайлар жасайды.
Ақыл-ой және дене тәрбиесі өзара тығыз байланысты. Дұрыс дене
тәрбиесі жүйке жүйесінің және барлық мүшелер мен жүйелердің қалыпты қызметі
үшін мейлінше қолайлы жағдай туғызады, мұның өзі жақсы қабылдауға және есте
сақтауға көмектеседі.Сонымен бірге балаларда тек дене тәрбиесіне қатысты
ғана емес, іс-әрекеттің басқа түрлерінен (мысалы жануарлардың, құстардың,
жәндіктердің мінез-құлықтары, табиғат жіне қоғам өмірі құбылыстары ) жайлы
алған білімдері бекемдене түседі. Балалардың барлық психикалық процестері
(қабылдау, көңіл аудару, елестету, ойлану, сөйлеу, ес, қиялдау т.б.) сондай-
қ ойлау процестері (бақылау, салыстыру, талдау, синтездеу, жинақтаут.б.)
дамиды.
Мектеп жасына дейінгі балаларда сергек, жайдары көңіл-күйді
қамтамасыз ете отырып, жағымды эмоцияларды тәрбиелеу, сондай-ақ жағымсыз
психикалық көңіл–күйді тез жеңе білуді дамыту өте маңызды. Бұл жағымды
эмоциялардың барлық мүшелер мен ағза жүйелері жұмысына жақсы әсер
ететіндігімен, қимыл-қозғалыс дағдылары қалыптасуының шапшаңдығы мен
беріктігін қамтамасыз ететінідігінен де қажет.
Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруға жақсы жағдай
жасайды. Дене жаттығуларын орындау процесінде қимыл-қозғалыстың, дене
тұлғасының сұлулығын, әсемдігін, мәнерлілігін, костюмдердің, физкультура
сабағы жабдықтарының, айнала қоршаған бүкіл ортаның әдемілігін қабылдау,
сезіну,түсіну және дұрыс бағалау қабілетін дамытуды қолдап отыр,
эстетикалық жағынан лайықты мінез-құлыққа ұмтылысты, әрекеттердегі,
сөздердегі, қылықтардағы дөрекілікке төзбеушілікке тәрбиелеу орынды. Дене
тәрбиесі процесінде еңбек тәрбиесі жүзеге асырылады. Еңбекке даярлаудың
мәні мынада, балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын шапшаң меңгеру қабілеті
дамиды және еңбекке қажетті дене қасиеттері тәрбиеленеді. Сонымен қатар
балалар бөлмені, учаскені жабдықтаумен (секіруге арналған құм төгілген
шұңқыр, қар белдеулерін жасау, сырғанақ жолдар мұз айдынын құю,шаңғы
сүрлеуін жасау т.б.) физкультура құралдарын әзірлеумен және жөндеумен
байланысты (лақтыратын қапшықтарды тігу, нысаналарды бояут.б.) спорттық
киімдерді, аяқ киімдерді сақтауға және оларды күтіп ұстауға бөлмені,
учаскені сабаққа даярлауға (учаскені қардан тазалау түcке жапырақтарды
жинау, жолдарға құм шашу,оларға су себу) физкультура қүұралдарын сабақтар
кезінде орын-орнына қоюға және жинауға байланысты еңбек дағдыларын
меңгереді. Сонымен бірге балалар дене тәрбиесі сабағының жабдықтарын күтіп
ұстау жөніндегі еңбек дағдыларын бойға сіңіреді; қабырғадағы
сатылардың, тақтайлардың, доптардың, таяқшалардың, шеңберлердің т.б. шаңын
сүртеді, шаңғылардың қарын тазалайды, оларды май жағып, ысқылайды,
орындарына қояды, конькилерді сүртіп жинастырады; шаналардың қарын сілкіп
түсіреді; велосипедтің шаңын сүртеді т.б.. [25].
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің процесі осы айтылған
міндеттердің бәрі бірдей шешілетіндей болып құрылуы тиіс. Мектеп жасына
дейінгі балаларды дене жағынан тәрбиелеудегі жұмыстың мәнді жағы – тұлғаны
дұрыс қалыптастыру.
Сонымен қатар балаларға тұрмыста және дене мәдениеті сабақтарында
қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дарыту қажет.
Баланың психикалық, ойлау процестерінің дамуына оған физкультураның,
адамның әр түрлі қимыл-қозғалысының пайдасы туралы, дене мәдениеті
құралдардың пайдаланылуы, сондай-ақ оларды пайдаланудағы, сақтаудағы
талаптар және т.б. жайындағы білімдерді хабарлау арқылы ықпал етудің
маңыздылығы кем түспейді.
Дене мәдениеті сабақтарында әртүрлі тәрбиелік міндеттер де шешіледі.
Олардың негізгілері болып, мінез-құлықтың жағымды жақтарын, адамгершілік
және ерік қасиеттері, денешынықтыру жаттығуларының күнделікті сабақтарында
қажеттілік пен әдеттерді пайдалану, алған білімдері мен дағдыларын дербес
қызметте творчестволықпен пайдалана білу.Дене тәрбиесі балаларды ақыл-ой,
адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге
асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына ықпал етуі
тиіс.
1.2. Күн тәртібіндегі физкультуралық – сауықтыру шаралары
Баланың дұрыс дамып өсуінің, тәрбиеленуінің негізі – күн тәртібі. Күн
тәртібі дегеніміз баланың күнделікті қайталанып отыратын іс – әрекетінің,
тынығатын кезеңдерінің нақты, белгілі бір жүйемен ауысып келуін көздейтін,
тиімділігі ғылыми негізделген, үйреншікті өмір тәртібі. Баланың дұрыс
өсуіне жағдай жасау үшін күн тәртібі жас шамасына, психофизиологиялық
ерекшеліктеріне, денсаулығына, ата-ананың жұмыс істеу уақытына байланысты
құрылады. Күн тәртібіне сергіту, ұйықтату, тамақтандыру, серуендету,
ойнату, оқыту әр түрлі еңбекті ұйымдастыру жатады. Бұлар тұрақты түрде
белгілі уақыт аралығында бір ырғақпен қайталанып келіп отырады, ол бала
ағзасындағы өзгерісті табиғат құбылыстарының ауысуын, асқазанның жүректің,
ми қызметін жүйеге салып, бір әрекеттен екіншісіне ауысуды оңайлатады. Күн
тәртібінің дұрыс орындалуы баланың жүйкесіне және ағзасындағы барлық өсу,
даму процесінің дұрыс жүруіне игі әсерін тигізеді. Тұрақты күн тәртібі
баланың денсаулығын жақсартады, ал күн тәртібінің бұзылуы баланың
денсаулығына, мінез – құлқына кері әсер тигізеді. Бала миының жүйке
клеткалары ұзақ қызмет етуді көтермейді. Күн тәртібінің өзгеруі дене
қызметінің бұзылуына, дене күшінің әлсіреуіне, шаршауына, шамадан тыс
қозуына әкеліп тірейді. Сондықтан күн тәртібінің тұрақты болғаны дұрыс[26].
Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында жас шамасына қарай
құралған әрбір топтың күн тәртібі белгіленген, әр кезеңге лайықты іс –
әрекеттің түрлері, дене, ақыл – ой күшіне сай сергектігі, таза ауада болуы,
демалысы, тамағы, ойыны, қимылы нақты анықталған[22].
Барлық мектеп жасына дейінгі топтағы балалардың демалысы мен іс –
әрекетінің түрлері ортақ, тек жылдан жылға олардың мазмұны күрделеніп,
тапсырма көлемі артады, ұйқысы мен сергектігінің ұзақтығы өзгереді.
Күн тәртібін түзгенде мына талаптарды ескерген жөн:
□ Негізінен балалардың жас ерекшеліктерін ескеру. Жасына қарай
қимылдарының күрделенуі, жаңа қимылдарды ойындарды енгізу, ойын
уақыты ұзартып, үлкендер тарапынан қарым – қатынастың өзгеруі.
□ Жоғары жүйке ерекшеліктерін ескеру (ми клеткаларының жұмысқа
қабілеттілігі, ұйқысы мен сергектігі.)
□ Баланың денсаулығы, пихикалық даму дәрежесі және қарым – қатынас
жасау мүмкіндігін ескеру.
□ Ауа райының жағдайын, жыл мезгілдерін ескеру.
□ Күн тәртібінің тұрақтылығын және ата – аналарының жұмыс істейтін
мерзімін ескеру.
Балалардың өсіп, дамуы үшін күн тәртібінің дұрыс жасалуы – бала
көңілінің байсалды, сергек, шат – шадыман, мінезінің бірқалыпты болып
қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сондықтан нәрестелік, бөбектік, сәбилік
шақтағы балалардың күн тәртібін жасауда жүйке клеткаларының жұмыс істеу
қабілетін ескеру (ойнату, сергіту, тамақтандыру, серуендету мерзімін),
жүйке қызметін қалпына келтіру үшін ұйықтау мерзімін анықтау, тамақтану
уақытын тұрақтандыру, бұл шақта бала жүйкесінің жұмыс істеу қабілеті
өзгеріп отырады (жаңа туған бала тәуліктің көп уақытын ұйқымен өткізсе 2 –
3 айлық бала 1,5 сағатқа дейін ұйқысыз жата алады, 1 жасқа 3 – 3,5 сағат
бойы сергек күйде болады, 3 жаста 5,5 – 6 сағат, мектеп жасына дейінгі
кезеңде 6 – 7 сағатқа дейін ұзарады) [27;28;].
Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібін жасауда жүйкенің жұмыс
қабілетінің артуын, ұйқы ұзақтығы, тамақтану арасы азайып, уақыттын
өзгерістерінін ескеру керек.
Мектеп жасына дейінгі бала үшін сергек жүру мерзімі 5,5 – 6 сағаттан 6
– 7 сағатқа ұзарады, ол бір тәулікте 12 – 12,5 сағат ұйықтауы қажет, оның 2
– 2,5 сағаттын күндіз ұйықтайды.
Күн тәртібінің жасалу принциптері мыналар:
1.баланың ұйқысын, сергектігін, іс–әрекетін, демалысын дұрыс
ұйымдастыру;
2. күнделікті өмірде, түрлі қимыл – әрекетте жұмсалған күшін қалпына
келтіру, баланы аса көп шаршаудан сақтандыру;
3. тамақтану мезгілін ас қорыту органдарының және ішкі секреция
бездерінің қызметіне сәйкес ұйымдастыру;
4. ойын, серуен, еңбек, оқу тәрізді күнделікті іс – әрекет түрлерін,
демалыс кезеңдерінде серуне, ұйқы, бой жазу әрекеттерін дұрыс алмастырып
отыру;
5. таза ауада болу мерзімін белгілеу сияқты принциптерге
сәйкестендіріліп құрылады.
Сауықтырудың аса тиімділігіне сабақты ашық ауада – дене мәдениет
алаңында немесе табиғи жағдайларда өткізген кезде жетуге болады.
Сабаққа арналған бөлме таза және жинақы болуы тиіс. Бала күтуші әрбір
сабақ алдында еденді дымқыл шүберекпен тазалап сүртеді.
Қолданылатын құралдар мен ойыншықтар құрылысы, көлемі және салмағы жағынан
балалардың жасына, олардың дайындығына сай болуы қауіпсіздігін қамтамасыз
етуі тиіс. Бөлмеде және жылдың жылы кездерінде учаскеде олар бойдарына
қарай іріктелініп алынған таза, жақсы үтіктелген трусимен және майкамен
жаттығады. Суық күндері жүннен тоқылған трикотаж немесе жылы костюмдер
қолайлы; жеңіл шәркейлер, шарф пен қолғаптар қажетіне қарай киіледі.
Киімдер шақ және жеңіл, балалардың қозғалысына оңтайлы болуға тиіс.
Аяқ киімдерден чешки немесе резенке табанды шапата. Жылдың жылы
кезінде жай шапата, сабақтар суықта далада жылы бәтеңкелер киген қолайлы.
Сабақтардың алдында тәрбиеші балалардың киімдері мен сырт көріністерін
қарап шығады. Тәрбиешінің өзі де қайтадан киінеді: шалбар немесе сабаққа
арналған шолақ шалбар, шаңғымен және коньки тебуге арналған спорттық костюм
киеді, күнделікті аяқ киімін арнаулы аяқ киіммен ауыстырады[29].
Дене жаттығуларына үйретудің әдістері мектеп жасына дейінгілерге дене
тәрбиесін беру тәжірбиесінде дене жаттығуларын үйретудің мынадай
әдістерімен тәсілдері қолданылады: Сөздік (жатығуларды түсіндіру, көрсету,
нұсқау және команда беру, әңгімелеу, әңгімелесу), көрнекілік (көрсету,
еліктеу, дыбыстық және көру бағдары, көрнекі құралдарды пайдалану)
тәжірбиелік (жаттығу, нақтылы тапсырма, ойын тәсілдері, қолдану және
көмек).
Мектеп жасына дейінгілерді дене жаттығуларына үйретуде тәрбиелеу мен
үйрету міндеттерін, үйрету кезеңдерін, жас еркшеліктерін, балалардың
даярлығын, олардың эмоционалдық жағдайын ескере отырып, методикалық
тәсілдердің барлық түрлерін шебер үйлестіре білгенде ғана елеулі табысқа
жетуге болады.
Жаттығуларға үйреткен кезде тәрбиеші оларды балалардың сапалы
орындауын қадағалайды. Бұл шеберлік пен дағдылардың дұрыс қалыптасуы
қозғалыстың сапалы түрде меңгеруі үшін қажет[30;31;32;].
Мектеп жасына дейінгілерді қимылдауға үйреткенде тапсырмалар
қолданылады. Мәселен, балаларға екі сызықтың арасымен, оларды басып кетпей,
жалаушаға дейін жүгіріп өту және қоңырау сыңғырлату және т.б. ұсынады. Көру
және сезім бағдарымен орындалатын тапсырмалар берген дұрыс, өйткені онда
балалардың өздері орындайтын тапсырмалар айқынырақ болып келеді, олардың
әрекеті неғұрлым мақсатты және саналы бола бастайды.
Жаттығуларды орындауда қозғалыстың амплитудасын (сермеу) ұлғайту
немесе азайту үшін, бұлшық еттердің белгілі бір тобына әсер ету үшін
балаларға керекті әуелгі жағдайда да көрсету өте маңызды. Бірнеше мысалдар
қарастырайық. Егер жаттығуларда тұлғаның төменгі бөлігі бұрылулар кезінде
қозғалмауға тиісті болса, онда тәрбиеші әуелгі жағдайды отырып таңдайды.
Егер дененің бұрылуын ұлғайту қажет болса, аяқ бірге қойылып, тік тұрады.
Тұлғаны еңкейту аяқты бірге қойып тұрғаннан гөрі иықтың еніндей алшақ қойып
тұрып орындаған әлде қайда жеңіл[33].
Негізгі қозғалыстар кезінде тыныс алуда өзгеше. Жүру және жүгіру
кезінде тыныс алу ырғақты болуы керек, тыныс алу – дем шығарудан гөрі
біршама қысқарақ; ұзындыққа бір орында секіру дайындық сатысында және
итеруде дем алынады, көтерілгенде шамалы дем алмай тұрып, жерге түскенде
толық дем шығарылады. Лақтыру кезінде сермеу дем алумен, лақтырып жіберуде
шығарумен сәйкес келеді. Тепе-теңдіәк сақтау, егер ол машықтану түрінде
атқарылса тыныс алуды шамалы кідірте тұру керек. Динамикалық тепе-теңдік
біркелкі тыныс алу қозғалыстарымен атқарылады. Өрмелеу кезінде тыныс алуды
кешіктірмей, біркелкі дем алуға тырысу керек.
Мектеп жасына дейінгілерді қимылға үйреткенде ойындық әдіс
қолданылады. Кіші топтағыларға қимылдарға үйреткенде ойындық тәсілдер
қолданылады.
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың қимылын жетілдіру әдісі
ретінде жарыс қолданылады. Жарыстарға қатысу денелік және эмоционалдық
үлкен шабытпен байланысты. Соңғысы жарысушылардың күштерін түгел жұмсауына
және қимылдарда елеулі жетістікке жетудің нәтижесі ретінде организмнің
мүмкіншіліктерінің барынша пайда болуына ықпал етді. Жарыс балалардың
жетістігін анықтайтын және бағалайтыне тәсілдердің бірі болып табылады.
Балалар өз жетістіктерін өз жолдастарының нәтижелерімен өз бетінше,саналы
түрде салыстыруға мүмкіндік алады.
Жарыстың тәрбиелік маңызы жоғары іс-шара – балалар бір бірімен
санасуға, өздерінің шамаларын объективті түрде бағалауға үйренеді. Бірақ
балалар коллективті жарыстарда өз әрекеттерінің нәтижеснің маңызын дұрыс
түсінулері үшін, тәрбиеші қорытындыларды талдағанда әрқайсысының
мүмкіндігіне сүйенуі тиіс: адалдығы мен ынталығы, ережелердің орындалу
дәлдігі. Даярлығы мол ең күшті балалардың әрекеттерін ең әлсіздердің
кемшіліктерін қарама-қарсы қоюға болмайды. Ұжымда достық қарым-қатынас
орнауына ықпал жасау керек, дандайсушылықтың, жолдасын сыйламаушылықтың
көріністерін бермеу керек. Аяқ киімдерден чешки немесе резенке табанды
шапата. Жылдың жылы кезінде жай шапата, сабақтар суықта далада жылы
бәтеңкелеркиген қолайлы.

киеді, күнделікті аяқ киімін арнаулы аяқ киіммен ауыстырады.

қозғалыстың сапалы түрде меңгеруі үшін қажет.

жалаушаға дейін жүгіріп өту және қоңырау сыңғырлату және т.б. ұсынады .Көру

немесе азайту үшін, бұл шық еттердің белгілі бір тобына әсер ету үшін

тұрып орындаған әлде қайда жеңіл.

Балалар өз жетістіктерін өз жолдастарының нәтижелерімен өз бетінше, саналы
түрде салыстыруға мүмкіндік алады.
Күн тәртібіндегі физкультуралық – сауықтыру шараларын төмендегідей
топтастыруға болады: Таңертеңгі гимнастика балаларды сауықтыру мен
тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. Таңертеңгі гимнастикамен жүйелі
айналысушыларды ұйқысыздық жоғалады, сергектік сезім пайда болады,
эмоционалдық өрлеу басталады, еңбек қабілеттігі артады. Оянғаннан кейін сол
заматта төсектен тұрып жаттығу жасайды кірісу белгілі бір ерік күшін талап
етеді, тұрақтылықты қалыптастырады, балаларды тәртіпке ендіреді.
Ертеңгілік гимнастика — баланың отбасыдағы, яслидегі, балабақшадағы
күнделікті режимнің міндетті бөлігі. Оны ересек адамның басшылығымен жүйелі
түрде жүргізу балалардың бойында жанға жағымды бұлшық ет сезімдерімен, оңды
эмоциялармен байланысты шат көңіл туғызатын дене жаттығуларын жасауға
үйреншікті әдетті қалыптастырады[34].
Ертеңгілік гимнастиканың маңызы сан алуан: ол ағзаның тіршілік әрекетін
арттырады, ұйқыдан кейін жүйке жүйесін сергітеді, ұйқыдан ширақтыққа ауысу
уақытын қысқартады.
Оянғаннан кейін арнайы іріктелген дене жаттығуларын орындаудан
көрінетін ертеңгілік гимнастика баланың бүкіл ағзасының біртіндеп әрекет
ету жағдайына тартады. Дене жаттығуларын орындау ми қыртысының
қозуын, сондай-ақ жүйке жүйесінің реакциясын күшейтеді. Миға барлық
рецепторлардан — көру, есту, тірек-қимыл, тері рецепторларынан келетін
импульстардың тұтастай тасқыны жүйке жүйесінің жұмыс істеу қабілетін және
тұтастай ағзаның тіршілік қызметін туғызады және қалпына келтіреді.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі ертеңгілік гимнастикаға жатады, немесе,
отбасыда және интернат үлгісіндегі мекемеде бала оянғаннан кейін іс жүзінде
дереу жасалатын дене шынықтыруды осылай атайды. Күндізгі топтарда ол
сауықтыру және ұйымдастыру маңызын сақтайды[35].
Бұлшық еттердің әр түрлі топтарын интенсивті жұмысқа тартуды
көздейтін, белгілі бір тәртіппен орналастырылған жаттығулар әрбір
комплекстің мазмұнын құрайды. Бұл орайда жаттығулардың мынадай жүйелігі: 1)
иық буындарының, көкірек қуысының қозғалғыштығын дамытуға және омыртқаның
түзуленуіне жәрдемдесетін иық белдеуі бұлшық еттерін дамытуға және
нығайтуға арналған, 2) құрсақ шандыры мен аяқ бұлшық еттерін дамытуға
арналған, осы бұлшық еттерді нығайтуға бағытталған және ішкі ағзаларға
массаждаушы ықпал жасайтын, 3) арқа бұлшық еті мен омыртқаның иілгіштігін
дамытуға және нығайтуға арналған, осы бұлшық еттерді дамытуға көмектесетін,
ішкі ағзаларға массаждаушы ықпал жасайтын, аяқ буындарын дамытатын, тұлғаны
дұрыс қалыптастыруға көмектесетін жаттығулар белгіленеді.
Нақты жаттығуларды комплексті түрде іріктеп алу белгілі бір топтың
балаларының мүмкіндіктері мен денсаулық жағдайын, сондай-ақ олардың жеке
бастарынын, ерекшеліктерін ескере отырып, әр жастағы топқа арналған
балабақша бағдарламасымен анықталады.
Ертеңгілік гимнастика ағзаның функциялық жағдайына пайдалы әсер ететін
жүруден, жай жүгіруден, жалпақ табандылықтың алдын алуды, кеңістікте бағдар
ұстауды көздейтін ұзаққа созылмайтын жаттығулардан басталады, одан кейін
балалар жалпы денені дамытатын жаттығуларды орындау үшін бірнеше тізбекті
сапқа немесе шеңбер жасап тұрады. Бұдан кейін біртіндеп қарқынды, ал одан
соң баяу жүріске ауысатын жүгіру (немесе секіру) өткізіледі, ол орнында
тұрып аяқ басумен және тоқтаумен аяқталады.
Ертеңгілік гимнастикада заттарды (жалаушаларды, таяқтарды, құрсауларды т.
б.) балаларға дәл үлестіріп берген жағдайда оларды қолдану өте тиімді
болады.
Ертеңгілік гимнастика процесінде музыка балалардың эмоциялық
өрлеуін, өмірді қуана түсінуді туғызады.
Ертеңгілік гимнастика үшін музыкалық шығармаларды таңдап алу оған
енгізілген жаттығулардың сипатымен анықталады. Сөйтіп, ертеңгілік
гимнастика музыкалы маршпен үндесксн ширақ жүрістен басталады. Керісінше,
ертеңгілік гимнастиканың соңындағы жүру ағзаны тыныштандыру үшін беріледі,
осыған орай қорытындылаушы маршта байсалды болуға, баяу қарқынмен орындалуы
тиіс[36].
Сауықтыру және тәрбие беру міндеттерін жүзеге асыру үшін ертеңгілік
гимнастика режим боиынша белгіленген дәл уақытында өткізілуі керек.
Ертеңгілік гимнастика бірінші кішкентайлар тобынан бастап енгізіледі.
Жаттығуларды (комплекстерді) іріктеп алу және гимнастика жасау уақытының
ұзақтығы әрбір жастагы топ балаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктсрі
ескеріліп, Балабақшадағы тәрбие бағдарламасымен анықталады.
Ертеңгілік гимнастикаға енгізілген жаттығуларды балалар физкультура
сабақтарында алдын ала үйренеді. Алайда олар қимылдың қай түрін болса да
дәлме-дәл қайталамайды, бірақ онымен ортақ негізге ие. Мысалы, ертеңгілік
гимнастикадағы таяқты бастан жоғары тұрған қалыпта тізеден бүгілген аяққа
тигізу жаттығуы сабақтар кезінде дайындалады, балалар қолдарын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz