Оқушылардың ізгіліктік тәрбиесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтардың орны


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қазіргі педагогика ғылымындағы ізгіліктік идеялардың өткен дәуірлердегі жалпыадамзаттық және Қазақстандық құндылықтармен сабақтастығы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ІЗГІЛІКТІК ИДЕЯЛАРДАҒЫ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
- Ізгіліктік тәрбие және көзқарас қалыптастырудың әлемдік және Қазақстандық зерттеу жұмыстарын сараптау 16
1. 2 Оқушылардың ізгіліктік тәрбиесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтардың орны 34
2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗГІЛІКТІК ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2. 1 Оқушылардың ізгіліктік тәрбиесінің құндылықтық мазмұны 49
2. 2 Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушылардың ізгіліктік тәрбиесін қалыптастыруда жалпыадамзаттық және қазақстандық құндылықтардың сабақтастығын қамтамасыз ету 64
ҚОРЫТЫНДЫ 86
ӘДЕБИЕТТЕР 88
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасында қабылданған білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында жалпы адамзаттық құндылықтар мен Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, өтпелі кезеңде гуманитарлық білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын ұсыну, оның серпінді дамуы мен қызмет атқаруына жағдай жасау мақсаты көрсетілген [1, 2] .
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» педагогика ғылымының жоғары интеллекті жстар тәрбиелеу міндетін шешуде жеткші роль атқаратын бірден-бір ғылым екендігіне ерекше тоқталған[3] . Әсіресе, гуманистік педагогикасының тәрбиенің еркін табиғи сәйкестілік идеясына негізделген тәрбиенің ізгі мұраттарына назар аударудың басымдылығын көрсеткен болатын. Мұндағы басты шарт - баланың өз белсенділігі. Тәрбие ең алдымен әртүрлі міндеттерді атқаруға бағытталған дидактикалық материалдарды тәжірибеде қолдану тәсіліне сүйенеді. Сонымен бірге, оқу мен тәрбиені жеке даралап жүргізуге, тұлғалық ерекшеліктерді ескеруге үлкен мән беріледі.
Қазақстанда қазіргі уақытта тәрбие жұмысын жаңа арнаға түсіру, оның тұлғалық-бағдарлы мазмұнын қатамасыз ету тетігін айқындау барысында біршама жұмыстар атқарылуда. Сонымен бірге, алыс және шетел педагогикасының озат тәжірибелері талқыланып, олардың Қазақстан жағдайында тиімділігі зерттелінуде. Френе, Вальдорф ұсынған Батыс педагогикасының ерекшеліктері зерттелініп, дәріптелінді. Бұл тәрбие ағымдары әрбір баланың даму ерекшелігін ажырата отырып, оның даралығын, яғни ойлау, мінез, ерік, ес, және т. б. психикалық қасиеттерін түсінуді басты қажеттілік ретінде қабылдап, осы негізде даралап тәрбиелеудің әдістері мен формаларын ұсынды. Баланың іс-әрекеті оның көңіл-күйі мен ой-өрісімен ажыралмас тұтастыққа келтірілетіні насихатталды.
Сонымен бірге, балалардың жас ерекшелік психологиясындағы, қабілеттері мен қызығуларындағы әр түрлілік міндетті түрде ескеру; олардың интеллектуал және көңіл-күй белсенділігін мақсатты түрде ынталандыру; барша оқу кезеңдерін қоғамдық пайдалы еңбекпен байланыстыру; мектептің өзіндік басқару жүйесінің тиімділігін көтеру; жоғары моральдық және азаматтық мұраттар рухында тәрбиелеу мәселелері жетекші тәрбие бағдарлары ретінде негізге алынды.
Алайда, Қазақстан Республикасында білім беру саласында жүргізілген реформалар жоғарыда қарастырылған шетелдік тәрбие жүйелерінің еліміздің қоғамдық-әлеуметтік даму ерекшеліктеріне толық жауап бере алмайтынын, жаңа қоғамдық формацияның мүмкіндігі толық есепке алынбайтындығын көрсетті. Қазақстаннның тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңында жас ұрпақтың тәрбиесіне жаңаша мазмұн беру, білім беру мазмұнын гуманитарландыру мәселесі жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтар мазмұнында шешілуі тиіс деп танылды. Осы тұрғыдан қазақ философтары: Ә. Нысанбаев [5 ] , С. Ақатай [6 ] , М. Сәбит [7 ] , С. Нұрмұратов [8 ] , А. Қасымжанов [9 ] , т. б. еңбектерінде адам бойындағы ізгі ниет пен ізгілік қасиеттердің қалыптасуы гуманистік бағыттылықты көрсетеді десе, педагогтар: А. П. Сейтешев [10 ] , Г. М. Храпченков [11 ] , Г. А. Уманов [12 ] , Р. Ержанова [13 ] , Л. А. Байсерке [14 ] , Т. Ахметов [15 ] , Э. А. Орынбасарова [16 ] , С. О. Нұрмұқашева [17 ] , А. К. Меңжанова [18 ] , Е. З. Батталханов [19 ] , А. Н. Көшербаева [20 ] , С. Оспанова [21 ] , т. б. педагогтар оқу-тәрбие процесін гуманитарландыру жас ұрпақ тәрбиесінің ізгіліктік компоненттері арқылы жүргізілуі тиіс деп тұжырымдады. Онда: «Ізгіліктік - тарихи алмасатын адами көзқарастар жүйесі, рухани құндылықтарды жеке тұлға ретінде мойындаушы, оның бостандыққа, бақытқа, дамуы мен өзіндік қабілетті көрсету құқығы, адам игілігі әлеуметтік институттардың қызметтік бағалау белгісімен есептелетін, ал теңдік, әділеттілек, адамгершілік принциптері адамдар арасындағы көңілдің тілектелген нормасы болып табылады» - деп айтылған тұжырымның өміршеңдігін зерттеу маңызды педагогикалық мәселе екендігі бүгінгі күні есепке алынған.
Елімізде білім саласындағы ресми мемлекеттік құжаттарда ізгіліктік тәрбиенің негізгі және оның тәлім-тәрбиелік маңызы туралы құнды ой-пікірлерде білім беру мекемелерінің жұмыстарының қажеттілігі, олардың болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сияқты қасиеттерге тәрбиелеудегі орны жоғары бағаланып отыр. Онда жас ұрпақ тәрбиесі туралы қазақстандық педагогтардың еңбектеріне шолу және талдау жасау, олардың тәрбиелілік потенциалын пайдалану қажеттігі расталған. Бүгінгі таңда қазақстандық педагогтардың тәрбие жұмыстары зерттеу жұмыстары мен ғылыми ізденістері көп болғанымен, олардың мазмұнына жүйелі талдау және сараптау жұмыстары жеткіліксіз деңгейде жүргізілуде.
Әлемдік және Ресей педагогикалық ғылымдар жүйесінде жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстары бойынша зерттеу жұмыстары жеткілікті талданған және олардың пайдалы әсер коэффициенттері айқындалған. Қазақстанда сол мемлекеттерде қабылданған тәрбие бағыттарын қолдану әлі күнге дейін жалғасын табуда. Сондықтан Елбасы айтқандай: « . . . тәуелсіз елде ұлттық мұраттар бағытында отанын сүйетін, отанына адал қызмет ететін ізгі ниетті азаматтар тәрбиеленуі тиіс және олар ұлттық дәстүрді берік сақтау бағдарын көздеуі қажет» [5] .
Жалпы білім беретңн орта мектеп оқушыларының тәрбие жүйесін жаңа бағытта жетілдірудің ең басты шарттарының бірі - тәрбие жүйесінің мазмұндық идеологиясын дұрыс бағдарлау. Ғарыштану заманында, ғылыми-техникалық прогрестің технократиялық зияндылықтарын бастан кешіру кезеңінде жас ұрпақты ата-баба мұраларына адал етіп тәрбиелеу аса маңызды міндеттердің бірі.
Міне, осы күрделі мәселелерді шешуде қазақстандық педагогтарда өз үлестерін қосуда. Олар жас ұрпақ тәрбиесінің аса тиімді мазмұнын ізгіліктік педагогикасынан іздейді жөн деп санап отыр. Көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалып, ізленістер жүргізілуде. Алайда, олардың тақырыптық жіктелуі мен сарапталуы жеткілікті көңіл аударылмай келе жатқан мәселелердің бірі. Осы мақсатта біздің зерттеу тақырыбымыз бүгінгі күнге дейін республика көлемінде өз деңгейінде ғылыми тұрғыдан толықтай, қарастырылмай келе жатқан мәселелерінің бірі. Сондықтан жас ұрпақ тәрбиесінің бағыт бағдарын айқындауға арналған зерттеу жұмыстарына талдау жасау парыз. Тәрбие мазмұны мен оның құралдары туралы көрнекті ғалым - психолог Л. М. Божович [37], А. Г. Ковалев [38], Н. А. Рубинштейн [39], С. А., Қ. Б. жарықбаев [40], А. А. Бейсенбаева [41], С. Қалиев [42], С. А. Ұзақбаева [36], Х. А. Өтешова [43], т. б. өздерінің зерттеулерінде ізгілікті қарым-қатынастардың тәрбие жүйесіндегі орны мен қалыптасып дамуы, олардың заңдылықтары мен қалыптасу әдістемелеріне арналған жұмыстарын атауға болады.
Мектепте бастауыш сынып оқушыларына гумандық тәрбие беру проблемасын зерттеуде Ш. А. Амонашвили, В. Н. шацкий [30], Н. Л. Грозденская, Д. Б. Кобалевский, Н. А. Ветлугина, т. б. ауқымды үлес қосса, қазақстандықтардан Н. Д. Хмель [32], М. Н. Сарыбеков [31], Г. К. Дүйсенбинова [33], Ш. С. Ахымбекова [34], Б. Махметова [35], т. б. оқу-тәрбие процесін гуманизациялау туралы көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Оқушыларда ізгілікті қалыптастыру мәселесіне қатысты А. А Бейсенбаеваның [41], мектеп білімін ізгілендірудің теориясы мен практикасы, Х. Т. Наубаеваның [45] балабақша балалары іс-әрекеттерін ізгілендіру мәселесі, Қ. Т. Әтемованың [42] оқушыларда гумандық қасиеттерін қалыптастыруда мектеппен отбасының бірлескен жұмысының маңыздылығы туралы келелі мәселелер көтерілген.
С. А. Ұзақбаеваның [36] халықтық педагогика арқылы гумандық қарым-қатынастарын қалыптастыру, Г. А. Уманов [46], Л. К. Керімовтердің [47] қиын балаларды қайта тәрбиелеу арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, Н. Н. Ханның [48] тұтас педагогикалық процесте болашақ ұстаздардың педагогикалық қарым-қатынастарын тәрбиелеудің келелі мәселелерін зерттеген.
Қоғамдағы әділдікті ешқашанда күштеу, зорлау арқылы жүзеге асыруға болмайды. Бұл рухани әлемнің заңдылығына қайшы келетін іс-әрекеттер. Тек адамға біткен ішкі нұрдың күшімен, шыдамшылық пен мойынсұнушылық арқылы барлық қайшылықты жеңіп шыққанда ғана руханилықтың есігі ашылады. Қаталдық пен қатыгездіктің арасы жер мен көктей. Ал іштегі жылуы жоқ қаталдық-қатыгездік деп аталады.
Ал, жақсылықтың өзіндік ерекшелігі туралы қазақстандық философ Қ. Әбішев былай дейді: «Жақсылықтың ешбір айнымайтын өлшемі - адамдардың әлеммен қатынасында да, өзара қатынастарында да олардың ешқашан өшпес құндылықтар екенін мойындап, олардың жалпы дүние болуының негіздерін сақтау, қастерлеу және оны бұзатын, оны былғайтын, оны тәрк ететіннің бәрін де жамандық деп қарау»[49] .
Міне, рухани өмірдің талаптарын қанағаттандыру мақсатында жаңа ғасырда қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени салалардың басты бағдары мен құндылықтары өзгеріп, білім беру жүйесінде ізгілік пен демократиялық ұстанымдар қалыптаса бастады. Әлемдік білім кеңістігімен үйлесімділікке бет алып отырған еліміздегі білім берудің жаңа мазмұны басқару жүйесіне тың жаңалықтар енгізілуін талап етеді.
Осы мақсатта біліктілекті арттыру жүйесін басқаруды білім беру үрдісіне қатысушы оқушы және мұғалім тұлғасының айналасына шоғырландыру арқылы тұлғаның бойында ізгіліктік, рухани қасиеттер пайда болатынын жаңа мазмұнда беру мәселесі көтерілуде.
Қазақ этнопедагогикасының тарихына жасалынған талдау қазақтың ұлттық мектебінің педагогикалық, психологиялық және ізгіліктік негізі халықтық тәлім-тәрбиеден, белгілі ақын-жыраулардың дүниетанымдық көзқарасынан бастау алып Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердиевтің педагогикалық ой-пікірінен жалғасын табатынын көрсетіп отыр. Олар адамның адам болып қалыптасып, рухани ішкі қуаты кемелденуі, оның өзіндік мұраттарына жете алуы әркімнің өз мүмкіндігіне байланысты екенін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дәлелдеп көрсете алған [50] .
Бүгінгі жаңа қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім дамуына жаңа ықпалдарды талап етеді, қалыптасқан әдіснама мен педагогика ғылымының парадигмаларын өзгертуді қажет деп санайды. Білім беруді дамыту концепциясы тек қана білімнің теориялық ұстанымдарының жаңартылуына бағытталған, ал реформаның негізгі талаптарына жауап бере алмауда.
Сол себепті Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдар аралығында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім берудің әрбір кезеңдеріне білім жүйелерінің жетілген жаңа үлгілерін енгізу міндеттелді, оның ішінде, гуманитарлық тәрбие парадигмасына айрықша назар аударылып отыр.
Алайда, жоғарыда қарастырылған жұмыстарда оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес олардың ізгіліктік тәрбиесін жетілдіру мәселесінің зерттелмегенін аңғардық. Яғни жас ұрпақтың ізгіліктік тәрбиесін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі мен оның жас ұрпақтың жас ерекшеліктері арасындағы байланыстың толық белгілі бір педагогикалық қайшылықты тудырып отыр. Өйткені ізгіліктік тәрбиені қалыптастыру тәжірибесі зерттелінбей оны қалыптастыру нәтижесіз болары сөзсіз.
Сондықтан ізгіліктік тәрбиені қалыптастырудың басты өлшемі ретінде қазақстандың зерттеу жұмыстары мен ғылыми еңбектердің ғылыми нәтижелері есепке алынуы қажет. Осы тұрғыдан Қазақстанда соңғы жылдары тәрбие жүйесінде орындалған жұмыстардағы жеткші ой-пікірлер жан-жақты талданылуы керек, оның мазмұнындағы ізгіліктік тәрбиенің мазмұн құраушы элементтері мен олардың өзара байланысын зерттеу күн тәртібіне қойылуы тиіс.
Қазақстандық педагогтардың оқушыларға ізгіліктік тәрбие беру туралы ой-пікірлерін негізгі ұстанымы ретінде қабылдау қажеттілігі мен олардың мазмұндарына тақырыптық жүйелі талдау жасау зерттеу жұмысының негізгі қарама-қайшылығын анықтап берді.
Аталған қайшылықтарды шешу үшін біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Қазіргі педагогика ғылымындағы ізгіліктік идеялардың өткен дәуірлердегі жалпыадамзаттық және Қазақстандық құндылықтырымен сабақтастығы» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: Қазақстан педагогтарының тәрбие мәселесі туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарын әлемдік тәжірибе деңгейінде зерттеу және олардағы оқушыларға ізгіліктік тәрбие беру туралы ой-пікірлерін сараптау
Зерттеу объектісі: Қазақстан педагогтарының тәрбие мәселесі туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерттеу үдерісі
Зерттеу пәні : Оқушыларға ізгіліктік тәрбие беру туралы ой-пікірлер
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, Қазақстан педагогтарының тәрбие мәселесі туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерттеу және олардағы оқушыларға ізгіліктік тәрбие беру туралы ой-пікірлерін сараптау нәтижелері оқушылардың тұлғалық-бағдарлы сапаларын дамытуға мүмкіндік беретін болса, онда жас ұрпақтың тәрбие жүйесінің ізгіліктік мазмұнын тұрақтандыруға, яғни нақты ғылыми-педагогикалық жұйесін қалыптастыруға жағдай жасалынады. Бұл мәселе арнайы ұйымдастырылған педагогикалық шарттар ретінде оқушы тәрбиесінің ізгіліктік мазмұнын анықтаумен және оны оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдаланудың әдістемелік мазмұнын айқындаумен тікелей байланысты болады. Осы негізде талдауға алынған ғылыми ұстанымдар мен озат тәжірибелерді сараптау нәтижесінде ізгіліктік тәрбиесінің ізгіліктік мазмұны тұжырымдалады. Яғни, жеке тұлғаның ізгіліктік тәрбиесінің қалыптасуы аталған процесті басқару қызметінің ерекшелігіне тәуелді болатыны және оның бірнеше кезеңді қамтитындығы, жеке тұлғаның гуманистік көзқарасын қалыптастыру әрекеттерінің рухани құндылықтар мазмұнын, олардың ізгіліктік бағытын тәрбие мақсатымен сәйкестендірумен қамтамасыз етіледі. Оқушы тәрбиесінің ізгіліктік мазмұны бүкіладамзаттық құндылықтарды қабылдаудың жетекші күші екендігі тағы да расталып, оны қалыптастырудың жолдары көрсетіледі.
Зертеудің міндеттері:
- Зерттеу тақырыбы бойынша ізгіліктік тәрбие және көзқарас қалыптастырудың әлемдік және Қазақстандық зерттеу жұмыстары мен тәжірибелерге талдау жұмыстарын сараптау;
- Зерттеу тақырыбы бойынша «ізгіліктік тәрбие», «ізгіліктік манмұн», «оқушылардың ізгіліктік тәрбиесі», «гуманистік сипат» ұғымдарына ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделген анықтамалар беру;
- Қазақстан педагогтарының ізгіліктік тәрбие беру туралы ой-пікірлері талданып, олардың жетекші бағыт-бағдарын анықтау;
4) Қазақ этнопедагогикасынан орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарына талдау жасау және оларда анықталынған тұжырымдардың тәрбиелік мәнін көрсету;
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, философиялық, әдеби, ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау, қазақ этнопедагогикасының тәрбие құралдарының нәтижелілігін салыстыру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Қазақстан педагогтарының оқушыларға ізгіліктік тәрбие беру туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен еңбектеріне талдау жұмыстары негізінде ғылыми тұжырым дайындалды.
- «Ізгіліктік тәрбие», «ізгіліктік мазмұн», «оқушылардың ізгіліктік тәрбиесі», «гуманистік сипат» ұғымдарына ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделген анықтамалар беру.
3. Қазақстан педагогтарының ізгіліктік тәрбие беру туралы ой-пікірлері талданып, олардың жетекші бағыт-бағдарлары анықталды.
4. Қазақ этнопедагогикасынан орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарына талдау жасау және оларда анықталынған тұжырымдардың тәрбиелік мәні көрсетілді.
Зерттеу орны: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қарасаз орта мектебі Зерттеудің негізгі кезеңдері :
Бірінші кезеңде Қазақстан педагогтарының оқушыларға ізгіліктік тәрбие беру туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен еңбектеріне талдау жасалынды. Зерттеудің ғылыми аппараты дайындалды.
Екінші кезеңде Қазақстан педагогтарының ізгіліктік тәрбие беру туралы ой-пікірлері талданып, олардың жетекші бағыт-бағдарлары анықталды.
Үшінші кезеңде қазақ этнопедагогикасынан орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарына талдау жасалынды және оларда анықталынған тұжырымдардың тәрбиелік мәні көрсетілді.
Зерттеудің мазмұны: Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі анықталған. Осы проблема бойынша зерттелген ғылыми еңбектерге шолу жасалынған. Зерттеудің ғылыми аппараты жасалынып, зерттеу мақсаты, міндеттері, зерттеудің ғылыми болжамы анықталған.
1-ші бөлімде зерттеу проблемасы бойынша ғылыми-теориялық әдебиеттерге педагогикалық талдау жасалынған. Зерттеудің проблемалық негіздері айқындалды.
2-ші бөлімде О қушылардың ізгіліктік тәрбиесін қалыптастырудың гуманистік сипаты айқындалды, қазақстан педагогтарының ой-пікірлері жіктелінді.
Қорытындыда Қазақстан педагогтарының тәрбие мәселесі туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерттеу және олардағы оқушыларға ізгіліктік тәрбие беру туралы ой-пікірлерін сараптау нәтижелері бойынша педагогикалық тұжырым жасалынды.
Қорғауға ұсынылады:
1. Қазақстан педагогтарының тәрбие мәселесі туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерттеу және олардағы оқушыларға ізгіліктік тәрбие беру туралы ой-пікірлерін сараптау нәтижелері.
2. Қазақстан педагогтарының ізгіліктік тәрбие беру туралы ой-пікірлері талданып, олардың жетекші бағыт-бағдарлары.
3. Қазақ этнопедагогикасынан орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарына талдау жасау және оларда анықталынған тұжырымдардың тәрбиелік мәні.
1. ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ІЗГІЛІКТІК ИДЕЯЛАРДАҒЫ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
- Ізгіліктік тәрбие және көзқарас қалыптастырудың әлемдік және Қазақстандық зерттеу жұмыстарын сараптау
Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер - қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi - жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы һәм парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн де алға тартып отырғаны шындық.
Ел Президентiнiң сөйлеген сөзінде: “. . Барлық дүние мектептен басталады. Сондықтан 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беретін жүйеге көшіп, педагогтардың профессионалдық деңгейі мен жаңа оқулықтар мен білім технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет. ”, - деп, атай келе “Қазақстан - 2030” бағдарламасында: “ . . . бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз ұрпақтарын жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ [1] .
Қазақстан Республикасында қабылданған білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында (1994) жалпы адамзаттық құндылықтар мен Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, өтпелі кезеңде гуманитарлық білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын ұсыну, оның серпінді дамуы мен қызмет атқаруына жағдай жасау мақсаты көрсетілген [2] .
Қоғамды демократияландыруды мақсат ететін гуманитарлық білім және тәрбие беру адамдардың әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқына, этносаралық, әлеуметтік-топтық, мемлекетаралық қатынастардың жай-күйіне тікелей ықпал етеді, жаңа артықшылықтар берілетін құндылықтар жүйесін және азаматтардың өмірлік бағдарын, ізгілікті қоғамның рухани бітімін қалыптастырады.
ХХІ ғасырда өркениетті дамудың талабы - қоғамды ізгілендіру, яғни әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жеткізуіне байланысты болып отыр. Ізгілендіру мақсатына жету құралы - зиялылықты қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы процесс - гуманитарландыру болып табылады. Өйткені біз ертеңгі күні өзіміз қалыптастыратын қоғамда өмір сүретін боламыз, сол себепті болашақ балаларымыз гуманистік көзқараста тәрбиеленгені тиімді болмақ.
Гуманизм (лат humanus-адамгершілік) адамгершілік, адамға деген сүйіспеншілік идеясын бейнелейтін қөзқарас. Гуманизм (адамгершілікті) -- әлемде адамды ең жоғары құндылық деп таныған біртұтас теориялық тұжырымдама. Бұл тұжырымдаманың басты ережесі тұлға қадір-беделін қорғау, оның еркіндігін тану және мойындау, бұл үшін қолайлы (өмірлік, еңбектік, оқу және т. б. ) жағдайлар түзеп беру. Гуманизм - бұл жалпы адам болмысының, сонымен бірге әрбір жеке тұлғаның әмбебеп маңыздылығын қолдау- қуаттау беретін идеялар мен құндылықтар жиынтығы. Құндылықты бағыт-бағдар және нұсқау көрсетпелер жүйесі ретінде гуманизм бүгінгі Қазақстанда қоғамдық мұратқа айналып отыр [4] .
Адам өзінің ойына, әрбір ісіне баға беріп отырады. Ізгі ойы, ізгі ісі, адамда жағымды сезім туғызады. Адамға пайда келтіретін жағымды ой мен істі ізгілік деп білеміз. Адам ойының және ісінің ізгі, не болмаса жауыз болуына қарап, сол ой мен іске іштен баға бергенде болатын жағымды не жағымсыз сезімдер мінез-құлық сезімдері деп аталады [15, 134 б] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz