Инновация ұғымының мәні



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық мәселелері.
1. Кіріспе. Курсты оқыту мақсаты мен міндеттері.
2. Басқа да пәндермен байланыстылығы.
3. Инновация ұғымының мәні.

Әдебиеттер:
1. Селевко Т.К.Современные образовательные технологии. – М., 2000.
2. Сластенин В.А. Педагогика. Инновационная деятельность. М – 1997.
3. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – Москва:
Просвещение, 1989.
4. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного
процесса. –Усть-Каменогорск, 1982.
5. Керимбаева М.С. Инновационные процессы в школе: проблемы, перспективы,
поиск. – Алматы, 1995.
6. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. –Алматы: Жазушы.,
2004.
7. Скаткин М.Н. Методология и методы педагогического исследования – М.:
Педагогика, 1989.
8. Онищук В.А. Урок в современной школе М, 1985.
9. Амоношвили Ш.А.Личностно-гуманная основа педагогического процесса
Минск, 1990.
10. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту. – Алматы., 1998.

Баланың физикалық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының,
бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақты, көрнекті жағдайда өтіп жатады.
Ал оның психикасының, жекетігінің дамуы ше? Сананың дамуы оқытудан ба,
әлде әлеуметтік жағдайлардан ба? Не табиғи есеюден бе? Бұл сұрақтарға
жауап адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын, сыртқы педагогикалық
әсерлердің мақсат міндеттерін анықтайды.
Педагогика тарихында екі түрлі қарама-қайшы пікір орын алып келеді.
Бірі – жаратушының күштілігін, тұқым қуалаушылық факторы қуаттаса, екіншісі
керісінше барлық нәтижені ортаның әсеріне жатқызады.
Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада
сәулеленуіне яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне,
меншіктеуіне байланысты деп қарайды. Бұл – оқу білім алу деген сөз.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту
белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Біз бұдан ары қарай дамудың алдында
жүретін, дамуда шешуші роль атқаратын оқыту жайлы сөз етпекпіз.
Даму ұғымы философиялық сөздікте ... мөлшерлік өзгерістердің
белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы – деп
түсіндіріледі. Диалектика заңы бойынша кез келген құбылыс өзінің жеткен
дәрежесіне қанағаттанып тұрып қалмай, оларды жоққа шығару арқылы жаңа
сапаға көшеді.
Терістеу – дамудың қозғаушы күші. Терістеу –белгілі бір зат пен
құбылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның
болуына мүмкіндік туғызу.
Даму ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту процесі, жаңаның
өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат
құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып,
өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың
зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың
қатысатындығын дәлелдейді. Олар:
1. Биологиялық фактор.
Бұл ата-анадан ауысқан, туа бітті және өмір сүру барысында қабылданған
дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құбылысының ерекшелігін
білдерітен, бала организмінің ортамен қарым-қатынасының нәтижесі.
2. Әлеуметтік фактор.
Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл сондай-
ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-құлық және
ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері,
талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.
3. Баланың өз белсенділігі.
Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш болып саналады. Оқитын пән
қандай да жаңа, бағалы болмасын; мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары
болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған
ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күтпен нәтиже
бермейді.
Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы
белсенділік арқлы жүзеге асады.
Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі,
азамат ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қатысуымен қамтамасыз етіледі.
Ең бастысы осы факторлардың бірде-бірі, қандай да бір кемеліне келген болса
да басқа екеуінен ерекшеленіп жеке әсер ете алмайды. Барлық іс осы үш басты
күштін өзара әрекет етуінде.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы
жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені
түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтаған
көрнекті психолог Л.С.Выготский.
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген
көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей
екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1. Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі
арқылы атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен амағы – баланың үлкендердің
көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол
жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде
дамуға өріс ашылады. Бұдан әрі психиканың бүкіл саласының қалыптасуы,
адамның белсенді қызметті өрістетуі мүмкін болады. Бұл процесте ол бір
жағынан өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайтып жетілдіреді, жаңа
дағдыларды игереді, екінші жағынан материалдық және рухани байлықтар жасап,
осы арқылы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Баланың потенциалдық
мүмкіндіктері неғұрлым жан-жақты үйлесімді, толғырақ дамыса, есейген кезде,
оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан-жақты, табысты болады.
Оны жүзеге асырудың жолдарын ол соғұрлым серпінді меңгеріп, жаңғырта
алады. Демек, шын мәніндегі ертеңгі күнге меңзеу орын алады.
Инновация термині ғылымға ХІХ ғасырда антропология және этнография
арқылы еніп, дәстүр терминіне антоним ретінде мәдениет саласындағы
өзгерістерді зерттеу үрдісінде қолдана бастады және өзгеше мәдениетке өту
барысындағы жаңалық ендіру деп танылды. Инновация ұғымы мәдени өзгерісінің
эволюционистік жазықтығының орнын басты. ХХ ғасырдың бірінші жартысында
Батыста әлеуметтік ғылымдардың периферийінде айтулы өзгерістер орын алды,
инновация қалыптасқан жүйенің нормадан ауытқуы ретінде көрініс тауып,
жаңалықтың шығу көзі ретінде таныла бастады. Ал экономика ғылымында ХХ
ғасырдың басында-ақ инновация ұғымы ендіріліп, бар элементтердің жаңа
комбинациясы ретінде қалыптастырылып, халық шаруашылығында, адам өмірінде,
тұрмысында пайда табудың көзі ретінде саналып, циклдік кризисті жеңудің
негізгі құралы деп қарастырылды.
ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы экономикалық дағдарыстан кейін менеджерлер
арасында фирманың инновациялық саясаты деген термин қалыптасты да, 50-70
жылдары алып фирмалар мен басқа да іскер ұйымдар жүргізген эмпирикалық
зерттеулерде техникалық және ұйымдастырушылық –басқарушылық инновациялар
кең құлаш жайды, сондай-ақ экономикалық саладағы инновациялардың әлеуметтік
факторлары белсенді түрде зерттеле бастады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында әлеуметтанушылар функционализмнің
әлсіздігін жеңу үшін инновацияны жалпы даму үрдісінің әлеуметтік өзгерісі
ретінде қарастырып, 4 негізгі элементтерін айырып көрсетті: жаңалық,
жаңашылдық, диффузия агенттігі, бағалаушылар. Даму үдерісінің
критикалық өзгертуші фазасы жаңалық енгізуді бағалаушылардың көзқарасы,
берген бағасы болып табылады.
Инноватиканың ғылымға жаңалық енгізудің мақсатқа бағытталған
өзгерісінің заңдылықтарын үйрететін білімнің қалыптастырушы теориялық
саласы ретінде қарастыру Г. Тарда, Й. Шумпертер және т.б. ғалымдар
еңбегінде көрініс табады.
Г.Тарданың Әлеуметтік логика еңбегінде қоғамдық үрдістің индикаторы
өнертапқыш пен жаңашылдық болып табылатындығы айқын дәлелденеді: өнертапқыш
– бұл жаңалық ашу, ал жаңашылдық жаңаны меңгеру үдерісі, жаңашылдықтың
басты мақсаты халықтың сұранысын қанағаттандыру ғана емес, адамның қоғамды
өзгертуге бағытталған жаңаны, жаңалықты өмірге әкелуі.
Австралиялық экономист Й.Шумпертер Экономикалық даму теориясы атты
еңбегінде жаңалықты енгізудің жаңа механизмін ұсынады:
ғылым зерттеу құрастыру өндіріс қолданыс.
Шетелдік ғалымдар инновация терминін әртүрлі мағынада түсіндіреді.
Мәселен, шетелдік ғалым Э. Роджерс инновация – дегеніміз жаңашылдық, жаңа
идея, жаңалық деп түсіндіреді.
Ал В.П. Кваша инновация – бұл жаңашылдық, қандай да бір жүйенің
сапалы өзгерісі деп инновациялық динамиканың екі бағытын ерекше атап
өтеді: педагогикалық инновация және педагогикалық шығармашылық.
ХХ ғасырдың 80-жылдарында осы инновация ұғымының педагогика ғылымына
түпкілікті енуіне сәйкес, педагогикада инновациялық үдеріс, инновациялық
әлеует ұғымдары ендіріліп, кеңінен зерттеле бастады.
Ғалым Н.Р. Юсуфбекова педагогика ғылымына өзара синоним болатын білім
берудегі инновациялар мен педагогикалық инновация терминдерін енгізіп,
ғылыми негіздемесін жасады. Н.Р.Юсуфбекова педагогикалық инноватиканы
өзінің жеке нысанасы (объектісі), пәні және зерттеу әдістері бар педагогика
ғылымының жеке саласы ретінде қарастырады.
Қазіргі кезеңде инновация термині педагогика теориясы мен
практикасында кеңінен қолдануда. Бірақ, бұл терминнің белгілі бір
педагогикалық категория ретінде әлі де қалыптасу үстінде екені анық.
Педагогикалық инновация мәселесін жан-жақты талқылап зерттеушілердің
бірі - югославиялық педагог-ғалым К.Ангеловски. Зерттеуші мұғалімнің
жаңашылдығына қандай әлеуметтік факторлар әсер етеді, жаңашылдыққа
мұғалімдердің көзқарасы қандай, оның мұндай іс-әрекетке катысуы немен
белгіленеді деген сұрақтарға жауап іздейді. Ғалым Учителя и инновации
деген еңбегінде инновация термині экономика немесе техника ғылымдарынан
педагогика саласына келуі мүмкін, бірақ бұл терминнің нақты қайдан
алынғанын анықтау аса маңызды емес дей отырып, инновацияға жақын туыстас
ұғымдарға тоқталады.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді саралай отырып, инновация мәселесі
әртүрлі салаларда зерттелінгенін және инновация ұғымына берілген
анықтамалар зерттеу саласына байланысты екеніне және педагогикадағы білім
беру мен тәрбие ісіндегі жаңалықтар мәселесіне аз көңіл аударылған.
К.Ангеловски өз еңбегінде америка зерттеушісі Э.М.Роджерстің ой-
пікірлерін көрсете келе, автордың инновация мәселелерін аграномия, өндіріс
жене медицина салаларында зерттеген, оның пікірінше, инновация - нақты бір
адамға жаңа болып табылатын идея.
Педагогикадағы инновациялар оның дамуына қажетті алғы шарттар болып
табылады: бір жағынан, көп жылдардағы барлық құндылықтарды сақтай отырып,
екінші жағынан, олар барлық ескі нәрседен арылып, әлеуметтік түрленулерге
негіз қалайды.
ХХІ ғасырдағы қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік, экономикалық
өзгерістер білім беру парадигмасының өзгерісіне әкеліп отыр, яғни білім
беру саласындағы педагогикалық инновацияның қажеттілігі туды.
Соңғы жылдары ғылым саласында жаңа мектеп құруда, мектептің даму
үдерісін зерделеуде білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация
дамып келеді.
Инновация деген сөз - латынның novis - жаңалық және in - енгізу
деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы жаңару, жаңалық, өзгерту
деген мағынаны білдіреді.
Т.И. Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде Инновация дегеніміз –
жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық
енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үдерісі мазмұнды дамытуды, жаңаны
ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал жаңаша деп жаңаның мазмұны,
оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз
делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде инновация әртүрлі анықталады. Үлкен
энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым жаңаша білім беру деп түсіндіріледі.
Ал А.И. Кочетов инновация ұғымына төмендегідей анықтама береді:
көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық
және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы. Алайда Р.Масырова
мен Т.Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың
тұжырымдамасында, егер баратын деңгей алдына-ала көрсетілген болса, ол
қандай инновация делінген. В.Кваша мен В. Лапинның пікірлері бойынша
инновация - бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің
шегінен шығатын кәсіптің іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып
табылады.
Тәжірибелер көрсетіп жүргендей кез келген инновация – мөлшерлі іс-
әрекеттің шегіне ұмтылуы және одан шығуы. Педагогика ғылымының тарихын
саралап талдау көптеген педагогикалық инновациялардың ерте уақыттарда да
болғанын көрсетеді. Мысалы, Сократ мектебі – қуаныш үйі, К.Д. Ушинский
мен Л.Н. Толстойдың ғылыми идеялары және т.б.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың 80-ші
жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті
мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да берік түрде жаңа мақсатты
шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді.
С.И.Ожеговтың сөздігінде инновация ұғымына үш түрлі анықтама
беріледі:
1) Бірінші рет шыққан, жасалған немесе жаңадан пайда болған;
2) Бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған нәрсе;
3) Бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.
Қоғам білім беруде тұлғаның қандай болып қалыптасуын қажет етеді,
қалай тәрбиелеу керек екеніне сұраныс жасайды. Осыған байланысты дәстүрлі,
адам жайлы философиялық және педагогикалық көзқарастарға білім берудегі
дәстүрлі мен жаңаның арасындағы байланысты дәстүрлінің қандай түрлерін
сақтау, дамыту керек және қазіргі білім беру жүйесіне калай тасымалдау
керектігіне талдау жасау қажеттігі туындайды.
Дәстүрлінің жай ғана өткенді ұдайы өндіруші ретінде қаралмауы керек
екенін ұмытпаған жөн. Қазіргі тек ғана бүгінгі пайда болған жаңаның бейнесі
емес.
Бірақ мұның барлығы жаңаның өзі кездейсоқ емес, дәстүрлінің ықпалында
болуы қажет. Қазіргі біздіңше, дәстүрлі мен жаңаның синтезі. Осыдан келіп,
инновация мен жаңаның арасындағы айырмашылық қандай деген занды сұрақ
туады.
Білім беру саласындағы инновация деп арнайы жоспарланған немесе
кездейсоқ ашылған педагогикалық инициативалар ретінде жаңалықтарды
айтамыз. Бұл ретте жаңашылдық мазмұнына ғалым В.М. Полонский ғылыми-
теориялық білімнің нақты жаңалығын жатқызса, В.П. Беспалько және В.В.
Сериков жаңа тиімді білім беру технологияларын жатқызады, ал Н.Л. Гузик
тиімді инновациялық педагогикалық тәжірибенің технологиялық жобасын
ұсынады.
Ғалым Я.С. Турбовскойдың пікірінше, жаңашылдық – озат педагогикалық
тәжірибені пайдалану барысында оқу-тәрбие үрдісінің сапалы жаңа өзгерісі
болып табылады.
Барлық педагогикалық жаңашылдықтардың атқаратын қызметіне қарай 3
түрге топтастыруға болады:
1) жаңашылдық – білім беру үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ететін
жағдай (білім берудің жаңа мазмұны, инновациялық білім беру ортасы,
мәдени-әлеуметтік жағдай және т.б.);
2) жаңашылдық – жаңа өнімдер, жаңа туындылар, жаңа идеялар
(педагогикалық құрал, білім берудің технологиялық жобалары және
т.б.);
3) ұйымдастыру-басқарушылық жаңашылдық (білім беру жүйесі
құрылымындағы сапалы жаңа шешімдер және олардың қызметін қамтамасыз
ететін басқарушылық іс-әрекеттер).
Инновациялардың саралануы төмендегідей бағытта өтеді:
• білім беру мазмұнына қарай;
• оқыту технологиясына сай;
• білім беру жүйесінің тәрбие саласында;
• педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзара іс-әрекеттестік
құрылымына қарай;
• педагогикалық құралдар жүйесіне қарай және т.б.
Білім беру саласындағы жаңашылдықты инновациялық өзгерістердің
интенсивтігіне қарай немесе жаңашылдық деңгейіне қарай 8 түрін ажыратуға
болады:
1) Нөлдік деңгейдегі инновация – жүйенің алғашқы қасиеттерін практика
жүзінде түрлендіру (дәстүрлі білім беру жүйесі немесе оның
элементтерін жаңадан қарастыру);
2) Бірінші деңгейдегі инновация – сапалы өзгеріссіз қалатын жүйенің
сандық өзгерісімен сипатталады;
3) Екінші деңгейдегі инновация – жүйенің элементтерін қайта
топтастырып, ұйымдастырушылық өзгерістерімен ерекшеленеді (мысалы,
белгілі педагогикалық құралдардың жаңа комбинациясы, оның
реттілігінің өзгерісі, пайдалану ережелерінің түрленуі);
4) Үшінші деңгейдегі инновация – ескі білім беру моделінің шегінен
шықпай білім беру жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу болып табылады;
5) Төртінші деңгейдегі инновацияда шешімнің жаңа нұсқасы болады (бұл
көбінесе білім беру жүйесінің жеке компоненттерінің қызметтік
мүмкіндіктерін кеңейте түсіп, қарапайым сапалық өзгерістері ретінде
көрініс табады);
6) Бесінші деңгейдегі инновация – білім беру жүйесінің жаңа буынын
құрумен ерекшеленеді (жүйенің алғашқы қасиеттерін түгел өзгерту
болып табылады);
7) Алтыншы деңгейдегі инновация – жүйелі түрленуші қызметтік принципін
сақтай отырып, жүйенің қызметтік қасиеттерінің сапалық өзгерісін
сипаттайтын білім беру жүйесінің жаңа түрімен ерекшеленеді.
8) Жетінші деңгейдегі инновация – нәтижесінде жүйенің негізгі
қызметтік принципі өзгеріске ұшырайтын білім беру жүйесінің
жоғарғы, түбегейлі өзгерісімен сипатталады, яғни білім берудің
жаңа жүйесі қалыптасады.
Жоғарыда көрсетілген инновациялардың тек соңғы 3 деңгейі ғана жүйелі
жаңашылдығымен сипатталады және инновациялық білім беру жүйесі ретінде
қарастыруға болады. Инновацияның деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым
инновациялық үдерісті басқаруға қоятын талап жоғары болады.
Көптеген педагогикалық әдебиеттерде білім беру жүйесінде жаңалық
ендіру дискретті деңгейде немесе жеке компоненттерін пайдалану ретінде ғана
көрініс табады. Инновация педагогикалық практикаға жаңа идеялар есебінен
өмірге келіп бір рет қолданысқа еніп келеді. Дегенмен де ғалымдардың
соңғы зерттеуіне сүйенсек (И.И. Лапин, А.И. Пригожин және т.б.) үздіксіз
білім беру жүйесін түбегейлі жаңартуда пайдаланылатын инновациялық
үдерістердің тұжырымдамалары жасалынады. Бұл ғылыми тұжырымдаманың маңызы
инновация жүйенің өзін-өзі дамыту тетігі арқылы жаңару үдерісімен
сипатталады.
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі инновациялар бастауы
1999
Қазіргі кезеңде ғылымда инновацияның топтастыру жүйесі әлі калыптасып
болған жоқ. Ресейлік ғалым А.И. Пригожин инновацияны оқу-тәрбие ісінің
түрлі бөліктерінің ара-қатынасына қарай төмендегідей етіп қарастырады:
1) білім мазмұнына;
2) оқыту әдістемесіне, технологиясына, формасына;
3) оқу-тәрбие үдерісінің құралына;
4) оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуына;
5) мектеп жүйесінің басқарылуына.
Бұл топтастыру шеңберіне қарай инновацияны төмендегідей бөлуге
болады:
1) Масштабына (көлеміне) қарай енетін жаңалық көлеміне;
2) Жеке, басқалармен байланыссыз түріне;
3) Белгілі бір пәндердің тобына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне;
4) Бүкіл мектепті камтитын жүйелілігіне байланысты.
Егер, бастауыш сыныптарда өтілетін Технология және Көркемөнер
сабағы бір кіріктірілген курс Көркемөнер технологиясы болып өтілетін
болса, бұл жекеше инновацияның түрі болып табылады.
Егер, жүйеленген бір жаңа бағдарлама бірінші сыныпта немесе барлық
сыныпта енетін болса, жаңа бағдарлама енгізіліп шығармашылық ұжым, кафедра,
шағын педагогикалық топтар т.б. пайда болады. Онда біз бұндай инновациялық
идеяны модульді инновация дейміз.
Егер де инновация бұрынғы оқыту жүйесінің барлық бөлігін
қамтитын болса, онда ол жүйелі инновация түріне жатады. Жүйелі инновацияға
байланысты бүкіл мектепті жаңа идеямен, тұжырымдама бойынша немесе жаңа
білім беру орынын бұрынғы базада қайта құру жатады.
Бұл жерде әңгіме жаңа типті гимназиялар, лицейлер, колледждер туралы.
Инновацияны топтастыруда маңызды рөл атқаратын инновациялық әлеует. Біз
мұнда модификациялы аралас (комбинаторлы) және радикалды (ұсақ)
инновацияларды қарастырамыз.
Модификациялық инновация бағдарламаның немесе белгілі
бір әдістеменің түрін өзгертіп пайдаланумен байланысты. Дәстүрлі әдістемені
басқа пәнге кеңейте отырып тиімділігін арттырып пайдалану. Мысалы,
В.Ф. Шаталовтың Тірек белгілерін жатқызуға болады. Бұл идея психолог Б.Я.
Гальпериннің еңбектерінде көрсетілген.
Комбинаторлық (аралас) инновация. Бұл жаңа құрылымда элементтердің
қосылып, бұрыннан таныс әдіс-тәсілдердің осы қосылыста бұрын
пайдаланылмаған жаңа түрі. Бұл әрбір бағдарлама технологиясының
бөлшектерінің жай бірігуі емес, жаңа кіріктірілген тәсілдің пайда болуы.
Мысалы, комбинаторлық инновация Е.Н. Потаповтың 6-7 жасар балаларды
жазуға үйретуді оптимизациялап оқытудың үш кезеңі:
а) Бала қолын шығармашылық сурет салу арқылы жаттықтыру. Мысалы,
инженерлік сызғышпен әр түрлі фигураларды оңнан солға, жоғарыдан төмен
қарай сыздыру арқылы есте сақтау;
ә) Қатты қағаздан кесілген әріптерді қолмен ұстап сезіну арқылы
есте сақтау;
б) Әріптерді бірнеше қайтара трафаретпен жазғызу, трафаретсіз жазғызу.
Бұл аталған элементтердің әрқайсысы модификациялық жаңалық. Ал енді үш
элементті біріктіре отырып бір каллиграфиялық жазу сабағын өткізуде
балалардың орфографиялық қырағылығын арттырып сабақ уақытын екі сағатқа
шейін үнемдейді. Аталған тәсіл бұрын еш жерде қолданылмаған. Бірақ,
Е.Н.Потаповқа шейін элементтерді әр жерде пайдалана білу өзінің жаңаша
тиімділігін дәстүрлі тәсілдерден артықшылығын көрсете білген.
3) Келесі радикалды инновацияның мысалына дәстүрлі пәндерді оқыту
емес, басқа жаңа пәндерді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер жатады.
Н.В. Горбунова, В.И. Слабодчиков инновациялық іс-әрекет, жаңалықтар
топтамасымен тікелей байланысты деп көрсетеді. Бұл авторлар инновацияны
төмендегідей жіктейді:
- идея мен іс-әрекет толығымен жаңа;
- идея мен іс-әрекет белгілі, бірақ кеңейтілген,
модификацияланған, белгілі жағдайға бағдарланған;
- педагогика тарихының теориясы мен практикасында бұрыннан белгілі,
ал белгілі жағдайда жаңа болып табылатын идея мен іс-әрекет.
Аталмыш топтағы жаңалықтың авторын анықтауға, өмір сүруші инновацияға
салыстырмалы талдау жүргізуге, олардың нәтижесін болжауға мүмкіндік береді.
Н.Нұрахметов жасаған жаңалық топтамасы қызығушылдық туғызады:
- білім беру мазмұнында;
- әдістемелерде, технологияларда форма мен оқу-тәрбие үрдісінің
құралдарында;
- мектеп басқару жүйесіндегі жаңалықтар көлеміне.
Бұл топтамада автор инновацияны масштабына қарай бөледі:
- жеке бір-біріне байланыссыз;
- модульдық (жеке кешендік) бір-бірімен байланысты.
Мысалы: бір пән тобы, оқушылардың жас ерекшелігімен байланысты немесе
жүйелі (бүкіл мектепті қамтушы).
Н.В. Горбунова топтамасын төмендегідей бес факторға негіздейді:
- мектеп басшыларының шығармашылық әлеуетін құндылық бағдар және жеке
бас тәртібінің жаңа үлгісін жасау, оқытудың жаңа технологиялары
және оқу үдерісін жүргізушілердің инновациялық қызметке даярлығын
көтеру;
- әзірленген кешенді (бағдарлама, жоспар) тек инновациялық үдерісін
жүргізушілердің ғана емес, оның әсер етуші ортаға қатысын белгілеу;
- жетекшілер қызметіне сенім тудырушы жоспар (бағдарлама) және
инновациялық үдеріске дер кезінде түзетулер жасап, қосымша
толықтыру енгізіп отыру;
- әлеуметтік-экономикалық орта, педагогикалық-психологиялық ғылыми-
әдістемелік және материалдық-техникалық қамсыздандыру тұрғысынан
инновацияның кепілдігі болады;
- инновациялық үдеріске қатысушылардың рөлдік қызметі.
Олардың инициативалы, бірге қызмет етуші, қарама-қарсы қызмет етуші,
мүлде қызмет етпеуші топтарға бөлінуі.
Олардың басым бағыттағы инновациялық мектептердің жаңалықты қолдануы,
енгізу, тарату әрекеттернен анық байкалады.

Лекция №2
Тақырыбы: Технологиялық қарта және технологиялық сұлба (сызба).
Технологиялық аппарат
1. Технологиялық сызба, технологиялық карта ұғымдары, мәні,
мағынасы.
2. Педагогикалық технологияның негізгі алгоритмдері.
3. Технологиялық карта мен технологиялық сызбаны жасау жолдары.
4. Сабақты технологиялық жобалау.
5. Сабақтың ақпараттық картасын жасау жолдары.
Әдебиеттер:
1. Амоношвили Ш.А.Личностно-гуманная основа педагогического процесса
Минск, 1990.
2. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту. – Алматы., 1998.
3. Коротова Е.В.Обучающее технология в познавательной деятельности
школьников М, 2003.
4. Бұзаубақова К.Ж. Оқытудың инновациялық педагогикалық технологиясы
бастауыш сынып оқушысын дамыту құралы ретінде. –Алматы: Жазушы., 2006.
5. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. – М.: Просвещение, 1986.
6. Монахов В.М., Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық технологиялары.
– Алматы: РБК, 1999.

Педагогикалық технология тәсілімен жобалаудың негізгі мақсаты кейбір
оқытушылардың әдістемелік өнерін технологияға айналдырып оны басқа жас
оқытушылар қолдана алатындай етіп көбейту керек.
Технологиялық картаны құрастырудың ең төменгі сатысында оқытушы өз
әдістемелік тәжірибесіне арқа сүйеп, шағын мақсатқа жеткізетін студенттің
өзіндік оқу-тәрбиелік іс-әрекеттерін байқау керек. Содан соң барып
технологиялық модульді жобалауды шешуіміз керек.
Технологиялық модуль – дидактикалық модуль. Ал, дидактикалық модуль
(ДМ) дегеніміз сабақтардың ақпараттық карталар (САК) жиынтығы:
ДМ = 1. САК +2. САК+3. САК+ ... +п. САК.
Сабақты өткізу мәселесі сабақтың ақпараттық картасына (САК)
енгізіледі. Сабақтың ақпараттық картасы (САК) дегеніміз – сабақтың мазмұны,
өткізілу тәсілі және студент пен оқытушының әрекетінің қадамдары жазылып
дайындалады.
Дидактикалық модуль жобасының дамуын 4 кезең түрінде көрсетуге болады
(1-сурет):
Дидактикалық материалдар деңгейінде педагогика, дидактика және жоғарғы
мектептің төмендегідей үлкен мәселелері шешілуі мүмкін:
- дифференциалдап оқыту (деңгейлер әдістемелік құралдарға кіреді);
- интегративтік курстар (ДМ деңгейінде, пәнаралық ДМ-дағы
интеграциялар);
- оқытушының қазіргі заманғы әдістемелік мәдениеті;
- ғылыми негізделіп, тәжірибелік тексерілген дидактикалық үрдіс
жобасы;
- оқу мақсатын түзету;
- жаңа буындағы оқулықтар.
Оқу үрдісі құрылымын педагогикалық технология тәсілімен жоболаудың
тиімділігі:
1) Әр өтілген сабақ нақты жоспарланып жобаланады.
2) Болжанатын мақсаттар жүйесі сәйкестеліп, анықталады.
3) Студенттің өзіндік, үй жұмыстары дұрыс мөлшерленеді.
4) Оқытудың жоспарлы нәтижесін айқын көрсетіп және оны түзете алады.
5) Студентте уақытын үнемді және мақсатты пайдалануды қалыптастырады.

1. ДМ-нің жалпы құрылымы:
Кіру Ақпараттың дидактикалық мазмұны Шығу
Мазмұнның мотивациялық компоненті
Оқу үрдісін басқару мен
диагностикалаудың жүйесі

2. Берілген тақырыптың пәндік нақтылануы:
Оқушылар Дидактикалық мазмұнның Нәтиже
дайындығының логикалық схемасы нақтылаудағы
диагностикалық бақылау,
жүйесі бағалау
әрекеті.
Оқудың
жоспарланған
нәтижесі.
Өзіндік әрекет жүйесі - әр
пәндік жаттығулар жүйесі
Мотивациялық компоненттердің
қалыптасуы
Диагностика жүйесін дамыту –
тесттер жүйесі және корекциялық
жұмыстар мазмұнын қалыптастыру.

3. Экспериментті талдау нәтижесінің әдістемелік құралының баюы:
Кіру сабақтыңДМ әдістемелік құралын байыту Мемлекеттік
ДМ-нің және әрі қарай дамыту стандартқа
кіріспе сәйкес
мазмұнының бақылау және
қалыптасуы өзіндік
жұмыстардың
мазмұнын
анықтау
Тестілер жүйесін және оқу
үрдісін басқару жүйелерін
қорыту
Мотивациялық компонентті байыту
– арнайы даму бағдарламасын
іске асыру, ойлау, қызығу,
көңіл бөлу, жады, сөйлеуін
т.с.с. қалыптастырудағы
оқытушының тәжірибелерін
жүйелендіру.

4. Негізгі технологиялық параметр бойынша ДМ-ді ықшамдандыру
Жалпы ақпараттық көлемді бірқалыптандыру, ақпараттық ағым
жылдамдығына өзгерістер енгізу, дидактикалық материалды қабылдау
жылдамдығына баға беру, жоспарланған оқу нәтижесіне жету
кепілдігіне баға беру.

Лекция № 3
Тақырыбы: Педагогикалық технологияның түрлері. Оқыту білім беру
үдерісінің іс-әрекеті ретінде
1. Білім беру мазмұны оқытудың мақсаты, объектісі, құралы және нәтижесі
ретінде.
2. Білім беру мазмұнын қалыптастыру деңгейлері және олардың сипаттамасы.

Әдебиеттер:
1. Селевко Т.К.Современные образовательные технологии. – М., 2000.
2. Сластенин В.А. Педагогика. Инновационная деятельность. М – 1997.
3. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – Москва:
Просвещение, 1989.
4. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного
процесса. –Усть-Каменогорск, 1982.
5. Керимбаева М.С. Инновационные процессы в школе: проблемы, перспективы,
поиск. – Алматы, 1995.
6. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. –Алматы: Жазушы.,
2004.
7. Скаткин М.Н. Методология и методы педагогического исследования – М.:
Педагогика, 1989.
8. Онищук В.А. Урок в современной школе М, 1985.
9. Сабыров Т.С. Оқыту теориясының негіздері. - Алматы, 1992.
10. Лысенкова С.Н. Я читаю, считаю, пишу. - М.: Школа, 1987.
11. Кашлев С.С. Современные технологии педагогического процесса. – Минск,
2002.

Дидактикалық үрдіс басқа да еңбек үрдістері сияқты қол жеткен
жетістіктерді сандық та сапалық та бағалауға мүмкіндік беретін үрдісті
ұйымдастырудың, басқарудың деңгейлеріне байланысты болады.
1) Оқу-тәрбие үрдісін басқару заңдылығы. Педагогикалық әрекеттің
тиімділігі мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыстың
интенсивтілігіне байланысты және тәрбиеленушінің іс-әрекетінің
түзетушілік сипатына тәуелді.
2) Ынталандыру заңдылығы. Оқыту үрдісінің өнімділігі оқу әрекетінің
ішкі мотивіне тәуелді және сыртқы ынталандырудың (қоғамдық,
педагогикалық, моральдық, материалдық және т.б.) интенсивтілігіне,
сипатына, уақытына байланысты болады.
3) Сыртқы (педагогикалық) және ішкі (танымдық) іс-әрекетердің
бірлігінің заңдылығы. Дидактикалық үрдістің тиімділігі
педагогикалық іс-әрекет сапасы мен оқушылардың жеке танымдық іс-
әрекетінің сапасына тәуелді.
Дидактикалық үрдістің жалпы заңдылықтарының ішінен зерттеуімізге
қатысты төмендегілерді ажыратуға болады:
4) Дидактикалық үрдістің динамикасының заңдылығы. Әрбір келесі
өзгерістердегі шамалардың мәні алдыңғы кезеңдегі өзгерістердің
нәтижесіне тәуелді болады.
Оқыту үрдісіндегі тұлғаны дамыту заңдылығы. Оқыту үрдісіндегі тұлғаны
дамыту деңгейі мен нәтижелі оқыту ортасына, баланың шыққан тегіне, оқу-
тәрбие үрдісінде пайдаланылатын құралдар, әдіс-тәсілдерге тәуелді болады.

1-сурет. Педагогикалық технология ұғымына сипаттама

2-сурет. Оқытудың педагогикалық жүйесінің негізгі компоненттерінің өзара
байланыстары

Оқытудың жүйелік іс-әрекеттілік бағыттылығы оқытудың тұлға – іс-
әрекеттілік нобайын жасауға мүмкіндік береді, бұл жерде оқыту төмендегідей
бағытта анықталады:
мақсат – ынта – іс-әрекет – рефлексия – теориялық білім.
Жоғарыда аталғандарды талдай отырып, педагогикалық жүйені (ПЖ)
төмендегідей формуламен анықтауға болады:

Мұндағы:
ПЖ – педагогикалық жүйе; ӘЖ - әдістемелік жүйе;
Дүр – дидактикалық үрдіс.
Академик В.П. Беспалько дидактикалық үрдісті төмендегідей формуламен
анықтайды:

Мұндағы:
Дүр - дидактикалық үрдіс; Тә - оқушының танымдық
әрекеті;
Ы – ынта; Б – басқару.

Ресейлік ғалым В.П. Беспалько мен қазақстандық ғалымдар Ж.А. Қараев
пен Ж.У. Кобдикованың зерттеулеріне сүйене отырып педагогикалық
технологияның мағынасын ашып көрсетуге болады (2-сурет).
2-суреттен көріп отырғанымыздай, мұғалімнің инновациялық даярлығын
қалыптастыруда педагогикалық технологияның жетекші рөл атқаратындығы анық
байқалады.
В.П. Беспалько, Ж.А. Қараев, Ж.У. Кобдикованың еңбектеріне сүйене
отырып, педагогикалық технологияның мағынасын төмендегідей тұрғыда ашып
көрсетуге болады (1-сурет).
Педагогикалық технологияны пайдалануда оқыту процесінің құрылысын 3-
суретте көрсеттік. Оқыту процесінің құрылысын мемлекеттік білім стандарты
анықтайды. Мемлекеттік білім стандартына сәйкес білім мазмұны анықталады.
Білім мазмұны сәйкесінше оқыту мақсатын анықтайды. Оқыту мақсатына сәйкес
мұғалімнің және оқушының іс-әрекеті анықталады. Педагогикалық технология да
мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің ара жігін анықтауға алып келеді. Оқыту
әдістемесінде көбіне мұғалімнің іс-әрекетіне жете тоқталатын болса, ал
педагогикалық технология оқушы іс-әрекетін сабақтың әр кезеңінде ашып
көрсетуге жүгінеді.
Таңдалып алынған педагогикалық технологияға сәйкес педагогикалық
технологияның механизмі анықталады. Педагогикалық технологияның жүзеге асу
механизмінен білім сапасы, яғни оқыту нәтижесі алынады.
3-сурет. Оқыту процесінің құрылысы

Ал оқыту әдісінің құрылысын қарастырып, онда педагогикалық
технологияны пайдалану барысында оның құрылысы төмендегідей болады (4-
сурет).
Мұғалімнің мкақсатынан мұғалімнің іс-әрекеті мен оның қолданатын
құралы анықталады. Ал мұғалімнің іс-әрекетінен оқушы ұжымының іс-әрекеті
оқушының жеке басының іс-әрекеті туындайды. Мұғалімнің сабақта пайдаланатын
құралынан оқушы ұжымының құралы, ал оқушы ұжымының құралынан оқушының
құралы анықталады. Оқушы мақсатынан оқушының іс-әрекеті мен құралы
анықталады. Мұғалімнің мақсатынан оқушы ұжымының мақсаты оқушы мақсаты
жинақталып келіп педагогикалық технологияның механизмін анықтайды. Ал
педагогикалық технология механизмі арқылы қол жеткен мақсат айқындалады.
Болашақ мұғалімдің педагогикалық технологияны меңгеру процесін
қарастырайық. Бұл процесс 4 кезеңнен тұрады.
І кезең. Болашақ педагогтарды өз бетінше сабақ жоспарын құруды үйрету:

- сабақтың технологиялық картасын құру;
- оқушы мен мұғалімдер әрекетін бөліп көрсету.
ІІ кезең. Өзінің жеке авторлық сабақ жоспарын – сабақтың технологиялық
бағдарламасын жасау:
- сабақтың мақсат-міндеттерін, формасын, таңдалған әдіс-тәсілдерін,
алынған технологияны ғылыми тұрғыда негіздеу;
- сабақтың технологиялық картасын жасау оны дәлелдеу;
- сабақтың нәтижелігін негіздеу:
1- қадам. Сабақтың педагогикалық мақсатын анықтау, оны ғылыми тұрғыда
негіздеу.
2- қадам. Сабақтың мазмұнын талдау, оның интеллектуалдық, тәрбиелік,
дамушылық мүмкіндіктерін ашу, оқушылардың материалдарды қабылдау
деңгейлерін ашып көрсету (қиындық дәрежесі, түсініктілігі, жас
ерекшелігіне сәйкестігі). Тірек сөздерді, сөз тіркестерін анықтау.
3- қадам. Сабақтың педагогикалық міндеттерін ашып көрсету.
4- қадам. Сабақтың құрылымын жасау.
5- қадам. Сабақтың әр кезеңде қолданылатын әрбір әдістемелік тәсілдерді
анықтау.
6- қадам. Сабақтың режиссурасы. Сабақтың барлық кезеңіндегі психологиялық
жағдайды алдына ала көре алу. Сабақ барысында оқушылардың эмоционалды
қабылдауын көре алу (сабақтың ритмі).
7- қадам. Сабақтың нәтижелігін болжау (тәрбиелік, білімділік,
дамытушылық).
ІІІ – кезең. Микросабақ беру (студенттік аудиторияда сабақ беру).
IV – кезең. Микросабақты талдау, педагогикалық технологияға қажетті
түзетулерді енгізу. Микросабақ барысында мұғалімнің іс-әрекетіне талдау
жасау, болашақ мұғалімнің кәсіби біліктілік дәрежесіне баға беру.
Барлық педагогика оқулықтарында көрініс тапқан оқу процесінің
кезеңдерін ашып көрелік.

4-сурет. Оқыту әдісінің құрылысы

Лекция № 4

Тақырыбы: Педагогикалық технологияның даму динамикасы.

1. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары.
2. Оқыту мазмұны мен технологиясы.
3. Педагогикалық технологияның даму динамикасы.
Әдебиеттер:
1. Селевко Т.К.Современные образовательные технологии. – М., 2000.
2. Сластенин В.А. Педагогика. Инновационная деятельность. М – 1997.
3. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – Москва:
Просвещение, 1989.
4. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного
процесса. –Усть-Каменогорск, 1982.
5. Керимбаева М.С. Инновационные процессы в школе: проблемы, перспективы,
поиск. – Алматы, 1995.
6. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. –Алматы: Жазушы.,
2004.

Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы
(1994); Мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының тұжырымдамасы (1995);
Қазақстан Республикасыжалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы
(1995); Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасы (1997);
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін негізгі оқу жоспары (1996);
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны
тұжырымдамасы (1996); Қазақстан Республикасы Білім туралы заңы (1999);
Қазақстан Республикасы Білім мемлекеттік бағдарламасы (2000); Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (2001);
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы (2004); Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (2005) қабылданып,
Республика мектептері осы құжаттар негізінде қызмет жасауда. Осы ресми
құжаттарға оқытудың қазіргі технологиялары мәселесі бойынша талдау жасайық.
Білім туралы Заң, білім мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы т.б. жоғарыда
аталған негізгі құжаттарда көрсетілген реформаның басты қағидалары
–ізгелендіру мен демократияландыру қағидаларына сәйкес оқытудың мақсатын
айқындап алу, одан әрі осы мақсатқа бағындыра отырып мазмұн, әдіс, түр және
оқыту құраладрына жаңа талаптарды анықтау.
Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептердегі білім мазмұнына
қойылатын қоғамның әлеуметтік талабының ерекшеліктері –оқытуда ақпараттық
технологияны пайдалану мүмкіндігін ескере, даралап және саралап оқытуды
негізге ала отырып, білім мазмұнын жаңартудың көп деңгейлік жолдарын жүзеге
асыру. Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында:
Бастауыш мектептің негізгі міндеттері –баланың жеке басының алғашқы
қалыптасуын қамтамасыз ету; оның қабілеттерін ашып,дамыту, оқуға деген
ықыласын, іскерлігін қалыптастыру, оқу, жазу, санау, қарым-қатынас
ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту дей келіп, оқытудың
жаңа мазмұны, тиімді әдістемелер мен педагогикалық технологиялар мәселелері
бойынша жедел ақпарат беру үшін қазіргі коммуникациялар жүйесін жасау
міндетін қояды.
Қазақ мектебінде басқа да жалпы білім беретін мектептер сияқты оқу
үрдісін жаңа талаптарға сай ұйымдастырудың нормативтік негізін анықтайтын
құжат 1994 ұсынылды. Бұл базистік оқу жоспар мектептің ескі, үздіксіз білім
беруге бағытталған құрылысына саралап оқытудың жаңа идеяларын бейімдеуге
арналған алғашқы нормативтік құжат. Әрине, мұндай бейімдеу кемшіліксіз
болмады. Айталық, базистік оқу жоспарда белгіленген нормативтер оның
қосымшасы ретінде берілген типтік оқу жоспардың 28 нұсқасындағы оқу
жүктеменің көлемі санитарлық-гигиеналық нормадан асып кетті. Сонымен қатар,
олардың әрқайсысыңда бірнеше пәндердің оқыту бағдарына сай жүктеменің
көбеюі басқа бағдарлы емес пәндердің есебінен болғандықтан, білім
мазмұнының функционалдық толықтығы бұзылды. Алайда, бұл кемшіліктер
мектептің жаңа құрылымына сай дайындалған жаңа базистік оқу жоспарында
ескеріліп, оқу жүктемесінің нормативтік талаптары типтік оқу жоспарларда
сақталуына аса мән беріліп отырды.
1-сурет. Білім сапасын қамтамасыз ету жолдары
Оқыту үрдісін

Білім стандарты – мемлекеттің әрбір азамат алдындағы, өз кезегінде
азаматтық мемлекет алдындағы жауапкершіліктерінің басын біріктірген басты
құжат. Мемлекет әрбір жас азаматынан стандарт бойынша анықталған білім
деңгейін игеруді талап етеді, ал өзі соған қажетті мүмкіндіктердің бәрін
жасауды мойнына алады.
МБС-ның негізі оның нормативтік құраушылары болып саналады, өйткені
олар тұжырымдық құжаттардағы негізгі идеяларды іске асыруға бағдарлап,
бүкіл мектептегі білім беру үрдісін дамытудың жолдарын анықтап береді.
Нормативті құраушылар: мемлекеттік базистік оқу жоспарындағы, базалық білім
аумағының стаңдартындағы талаптарды барлық білім мекемелері бұлжытпай
орындауға міңдетті.
МБС-ның әдістемелік құраушылары дара тұлғаны дамытуға бағдарланған
оқу үрдісіні ұйымдастырудың негізін калайды. Сондықтан ол пәнді оқыту
тұжырымдамасы, оның оқу бағдарламасын, соған сай келетін оқулығын, сан-
алуан оқу құралдарын қамтиды.

2-сурет. Жалпы білім берудің мазмұндық және процессуалдық негізін
реттеу жолдарының өзіндік ерекшеліктері.
Кіруді реттеу Шығуды реттеу
Мектепте берілетін білімнің Ұлттық деңгейде білімнің
мақсаты мен міндеттерін жалпы мақсатын, мектеп
жалпылама түрде белгілеу. түлектерінің басты
Мектептің әр сатысының мақсат құзырлық-тарын сипаттау
пен міндеттерін нақтылау. арқылы белгілеу.
Әрбір оқытылатын пәннің орнын Білім аяларының мақсатын
оқу жоспарда анықтау. күтілетін түпкі нәтижелер
Әрбір пәннің мақсат пен міндетінарқылы нақтылау.
2 деңгейде анықтау: Оқу жетістіктерінің
тұжырымдама; деңгей-лерін, анықтау.
стандарт. Оқу жетістіктерін
Оқу бағдарламасы негізінде әрбіранықтайтын
пәннің мазмұнын әр сынып үшін бағалау-өлшеуіш жүйелерін
анықтау. даярлау.
Әр пән бойынша оқулық, Балама бағдарламалар,
оқу-әдістемелік, көмекші оқу оқулықтар жасау арқылы
құралдарын жасау. нақтыланған мақсатқа
12-жылдық білім берудің жетудің әртүрлі жолдарын
мазмұнын, жаңа стандарт-тарын таңдауға мүмкіндік жасау.
анықтау, оқу бағдарла-масын Білімге қатысушылардың
даярлау, оқулықтар, жауапкершілікті өзара
оқу-әдістемелік кешендерін бөлісу жүйесінің
даярлау қалыптасуы.
Кәсіптік білім беру
шеңберін анықтау.

Бірыңғай білім беру жүйесі Білімнің мазмұндық
(1930-1980 ж.ж.). Оқу процес-суалдық
жүктемесінің жылжымалы бөлігініңнегіздерінің шынайы
балама мазмұны (1990-2004 ж.ж.).баламалығы.
Құзыреттілік білім беру жүйесі
(2005-2015)

Елімізде бүгінгі жалпы білім беруді бастауы кеңес дәуірінің 30-жылдары
басталған. Сол жылдары мектепте берілетін білім мазмұны пәндік ұстанымда
жүйеленуі ғылымдар классификациясына сүйеніп, жеке пәндер оқытыла бастады.
Нәтижесінде Нені оқыту? деген сұрақ аясында жеке пәндер бойынша берілетін
білімнің құрамы мен құрылымы анықталып, көлемі белгіленді. Бұл үрдіс тарихи
кезеңдерден өтіп, бүгінде дәстүрлі болған оқу пәндер жиынтығы қалыптасты.
Әр пән аясындағы білім жылдар бойы толықтырылып, жетілдіріліп бүгінгі
тандағы көлемі айқындалды. Осы білім мазмұнын оқушыға жүйелеп, өңдеп дайын
күйінде жеткізетін мұғалім болғандықтан, Қалай оқытамыз? деген сұрақ
аясында әдістемелік ізденістер болды. Осы бағытта ұйымдастырылған білім
беру жүйесінің соңғы нәтижесі жеке пәндер бойынша алынатын ББД болып
табылады. Білім беруді ұйымдастырудың бұндай жолын шартты түрде жүйеге
кіруді реттеу делінеді.
Әлемдік білім беру кеңістігінде өркениетті елдерде білім беруді
ұйымдастыруда екінші жолы орын алған. Оны шартты түрде жүйеден шығуды
реттеу дейді. Бұл жолдың ерекшелігі неде? Мәселе Не үшін оқытамыз? деген
сқраққа жауап алудан басталады. Бұл сұраққа жауап ретінде алынатын соңғы
нәтижелер нақтыланады. Бұл нәтижелерге жеке пәндер бойынша меңгерген ББД
емес, өмірлік дағдылар жатады. Бұдан кейін шешілетін мәселе оқушыны оқуға
қалай үйрету? деген сұрақпен байланысты. Демек, мұғалім оқушыларға
жүйеленіп өңделген оқу материалды дайын күйінде ұсынбайды, баланы өз
бетімен іздеуге, өзіне қажет білімді өз бетінше іздестіруге керекті
қасиеттермен (білік, дағды, тәсіл және т.б.) қаруландырады. Осындай
ұстанымды ұйымдастырған оқу үрдісінің нәтижесінде оқушылар өмірге қажетті
кең ауқымды дағдыларды, құзырлықтарды меңгеріп шығады.
1-суретте жалпы білім берудің мазмұндық және процессуалдық негізін
реттеу жолдарының өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсетуге тырыстық.
Аталған мазмұндық және процессуальдық ерекшеліктер негізінде жалпы
білім берудегі басты құжат – білім беру стандартының атқаратын
міндеттерінде айырмашылықты тудырады. Кіруді реттеу жағдайында білім
стандартының міндеті – жалпы білім берудің және пәндердің мазмұндарын
реттеушілік және жүйелілік, ал шығуды реттеу жағдайында білім
стандартының міндеті:
- мектептің әр сатысында алынатын нәтижелерді анықтау;
- білім аялары бойынша алынатын нәтижелерді нақтылау;
- оқу жетістіктері деңгейлері бойынша алынатын нәтижелерді белгілеу;
- реттеу және қадағалауға бағдар беретін құрал.

1-кесте. Білім беру стандартына байланысты оқытудың ғылыми-әдістемелік
проблемалары
№ Негізгі дидактикалық сұрақтар Проблемалар
Неге оқыту керек? оқыту мақсаты
Неліктен оқыту керек? оқыту мотивациясы
Нені оқыту керек? білім мазмұны
Қашан оқыту керек? жас шамасына сай оқыту
Қалай оқыту керек? білім берудің әдістері, түрлері
Қай деңгейде оқыту керек? міндеті және мүмкін деңгейлер
Қандай бағамен оқыту керек? білім рейтингі

Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту
тұжырымдамасында белгіленді. Жалпы кез келген тұжырымдама сияқты бұл
құжатта білім жүйесін дамытудағы басты ұстанымдар, мақсат пен міндеттер,
өндірілетін өзгерістердің басты идеяларын сипаттау арқылы даму бағыттарын
нақтылап отыр. Солардың бастысын атайтын болсақ, олар төмендегілер:
- білім жүйесінің құрылымын оның жеке буындарындағы
(деңгейлеріндегі) құрылымдық өзгерістер арқылы жетілдіру;
- білім сапасын арттыру мақсаттарында оқу нәтижелерін қадағалау
жүйесін жасау;
білім саласын ашық жүйе ретінде дамыту
Қазіргі психологиялық-педагогикалық ғылымдарда орындалған тәжірибені
(білімдер мен іскерліктерді) игеру ерекшелігін зерттеуді басшылыкқа алып
кез келген дидактикалық үрдістің құрылымын өзара байланысты және өзара
жұптасқан мынадай үш компонент түрінде көрсетуге болады: мотивтендіру (М),
оқушының (инновациялық іс-әрекетті игеретін мұғалімнің) өзінің танымдық іс-
әрекеті (ТІ) және бұл іс-әрекетті педагог тарапынан басқару (Б).
Дидактикалық үрдіс құрылымын белгімен мынадай шартты формуламен кескіндеуге
болады: Д = М + ТІ + Б.
Білім - бұл өмірде туған әр түрлі проблемаларды және мәселелерді
шешудің құралы. Оны игеру танымдық іс-әрекеттің арнаулы мақсатына айналады
- дейді, Ю.Н. Кулюткин мен Г.С. Сухобская.
Іс-әрекет – адамның қоғамдық-тарихи санасының арнайы формасы, адамның
өмір сүруі мен дамуының қайнар көзі, табиғатты түрлендіруге арналған
мақсаттық әрекет. Кез келген іс-әрекеттің өзіне тән мақсаты, міндеттері,
жүзеге асыруға қажетті құралдары болады және ол әрбір үрдіс сияқты
нәтижесімен ерекшеленеді. Іс-әрекет адам санасының формасы және оның өмір
сүруінің қажетті шарты болады:
• адам өміріне қажетті материалды жағдайды қамтамасыз етеді, адамның
табиғи сұраныстарын қанағаттандырады;
• адамның рухани әлемін дамыту факторы, оның мәдени сұранысын
қанағаттандырудың формасы мен шарттарын анықтайды;
• адамның өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби технологияны таңдауы
Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық мәселелері
Оқушылар санына байланысты оқытуды ұйымдастырудың формасының жіктелуі мынадай
Инновациялық технологиялармен оқыту
Дәстүрлі технологиялар мен инновациялық технологиялардың аражігі
Оқытудың тиімді инновациялық әдіс-тәсілдері мен педагогикалық технологиялар
1991-2005 жылдарындағы қазақ этнопедагогикасының білімдік мазмұнының қалыптасуы және дамуы
Орта мектеп химия курсында инновациялық технологияларды пайдаланып оқыту әдістемесі
білім алушылардың тілдік дағдыларын, көркемдік көкжиегін дамытатын, шыңдайтын драмалық шығармаларды түсіндіру мен оқытудың ең тиімді шарттары мен әдістерін, инновациялық технологияларын анықтау
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамаларын талдау
Пәндер