ҚР мемлекеттік ветеринарлық - санитарлық бақылау және қадағалаудың заманауи мәселелері



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс
Тақырыбы: ҚР мемлекеттік ветеринарлық - санитарлық бақылау және қадағалаудың заманауи мәселелері

ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
I Әдеби шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5- 6
1.1 Комитеттің негізгі міндеттері және құқықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..7-10
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1
2.1Қазақстан Республикасының мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылау жəне қадағалау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...11-17
2.2 Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы ... ... ... ... ... ... 17-2 0
2.3 Ветеринариялық қызметті халықаралық талаптармен үйлестіру ... .20-22
2.4 Жануарлар денсаулығын халықаралық қорғау ұйымының (OIE) аурулар тізімі және оның принципімен кіретін аурулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22-23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында елді азық түлікпен және шикізат өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылығын дамытудың кешенді шаралары қарастырылған. Бағдарламада арнайы кешендерді, фермерлік қосалқы шаруашылықтарды дамыта отырып, алдағы уақытта малшаруашылығы өнімдерін көбейту қарастырылған. Сонымен қатар мал және шикізат өнімдерін өңдеуге үлкен мән берілген.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта мал ауруларын анықтау мен оны емдеудің алдыңғы қатардағы әдістері мен жолдарын табу және практикаға енгізу, сонымен қатар жануарлар мен құстардың ауруларын және шығынын азайтатын ветеринариялық санитариялық шараларды жүзеге асыру жүйесі ойластырылуда.
Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық қызметтің негізігі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады. Ветеринария саласының экономикалық, биологиялық және медициналық санитариялық маңызы да жоғары.
Әлемнің және республикамыздың ветеринария саласындағы жетістіктері де айтуға тұрарлықтай. Көрнекті ғалымдардың жан жақты жүргізген ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде жануарлардың көптеген ауруларын жою әдістері және аурулардан сақтандырудың жолдары ойластырылып табылған. Сондай ақ Қазақстан Республикасында сиыр обасы, ала өкпе қабынуы, жылқы маңқасы жойылған.
Қазақстанда 1810 жылға дейін жануарлар ауруларын емдеумен малшы қазақтар өздері айналысқан, содан кейін Ресейден жұмыс бабымен келген ветеринарлық мамандары, ал 1891жылдан бастап ветеринариялық қызмет жекеленіп, өз алдына бөлініп шыққан. Мамандарды Омбы, Тобыл ветеринариялық мектептері, сонымен қатар Қазан, Юрьев, Варшава ветеринариялық институттары дайындаған. 1897 жылы тұңғыш ветеринариялық бактериологиялық лаборатория Оралда ашылған. 1920 жылы ветеринариялық бас басқарма құрылып, Қазақстанда ветеринариялық саланың дамуына А.П.Петровский, У.Б.Базанов, Т.И.Исенгулов, К.И.Скрябин, А.П.Сейдалин және тағы да басқа ғалымдар үлкен үлес қосқан.
Қазақстан Республикасында жануарлар ауруларымен күресу шаралары ҚР Президенті бекіткен (Бірінші заң 1995 жылы 25маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады). Ветеринария туралы заң негізінде, Үкімет жарғылары және ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринария туралы заң актілері мен нұсқаулары бойынша жүргізіледі. Қазақстанда ветеринария саласын қадағалау органдары мемлекеттің басқаруында болады, жүргізілетін ветеринариялық шаралар жоспарлы түрде, ал аса қауіпті жұқпалы ауруларды және карантиндік шараларды қоспағанда, ветеринариялық жұмыстардың барлық түрлері бәсекелестік ортаға берілген және лицензиялауға жатады. Ветеринариялық препараттарды өндіру саласы да бәсекелестік ортаға қарайды.
Жұқпалы аурумен күресудің негізі аурудың алдын алу болып табылады. Сиыр шаруашылығында жүргізілетін ветеринариялық шаралар шаруашылықтың жоспарлы жұмыстары құрамына кіреді және мал шаруашылық мамандарымен біріге отырып жүргізіледі.
Курстық жұмыстың өзектілігі - заманауи деген ұғымда тіріледі. Яғни өткен күнмен бүгінгі күнді салыстыруға болмайды. Қаншалықты адам ауруға қарсы іс - шараларды қолданса, соншалықты ауру түрленеді. Тек ауру ғана емес сонымен қатар оған қандай іс - шаралар өолданады екені жатқызылады. ҚР мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылау және қадағалауының заманауи мәселелерінің болмауын және оның алдын алуы, осы курсытық жұмыстың өзектіліктің негізі болады.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты - ҚР мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылаудың және қадағалаудығ замануи мәселелерін анықтау. Заманауи бұл қазіргі заманға сай пайда болған мәселелерін қалай пайда болатының және осы арада (антропозоонозды) аурулардың таралмауы болдырмауын анықтау. Яғни ветеринариялық - санитариялық тек жануардың саулығы ғана емес, сонымен қатар адамның ден саулығы ҚР занының құндылығына жатады.
Осыған байланысты, курстық жұмысты орындау барысында келесі міндеттерінің қатарына мына төмендегілер жатады:
1. Жануар ауруының сыртқы және ішкі себептерін білу;
2.Кеңінен тараған аурулардың пайда болу себептерін алдын алу шараларын анықтау;
3. Қарапайым емдеу әдістерін қолдана отырып, ауру малға алғашқы көмек көрсету;
4. Ең көп тараған жұқпалы емес аурулардың пайда болуын және алдын алу жолдарын білу;
5. Мал басын қорғау мақсатында сақтық шараларын жүргізу;
6. Ветеринариялық мамандарға арнаулы шараларды жүргізуге көмек беру;
I Әдеби шолу
Қазақстан Республикасынның қазіргі уақытында жануарларды, жануартекті өнімдер мен шикізаттарды экспорттау жəне импорттау көлемі өсуде. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының шекара жəне көліктегі мемлекеттік ветеринарлық инспекторларының жауапкершілігі артуда. Ветеринарлық инспекторлардың міндеттері: аурудан сау емес шаруашылықтан өнімді шығармау; тасымалдау барысында жұқпалы аурулардың пайда болуына жəне таралуына қарсы алдын алу шараларын жүргізу; ақауы бар еттерді, ет, сүт өнімдерін жəне жануартекті шикізаттарды жібермеу; тасымалдау кезінде ҚР ветеринария туралы заңдылық ережелерін ұстануға; вагон, автокөлік жəне кеме көліктерімен өнімдерді тасымалдау кезінде зарарсыздандырғыш жұмыстарды сапалы жүргізу. Барлық аталған міндеттер ҚР аумағына шетелден жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының өтуінен сақтайды, бұл жұмысты шекарадағы ветеринарлық бекеттің ветеринарлық инспекторлары жүзеге асырады. Бұл жағдайда ҚР көліктегі ветеринарлық қызметтің транзит жəне республика ішінде ішкі тасымалдау мен ветеринарлық-санитарлық қадағалау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру маңызды болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті де мемлекеттік бір бөлімі болып табылады.
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен жүктелген ветеринария, ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдері саласында (бұдан әрі - реттелетін сала) іске асырылатын және бақылау-қадағалау қызметтерін жүргізетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комитеттің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.
4. Комитет құрамы мыналардан:
1) тамақ өнімдері мен орны ауыстырылатын объектілер қауіпсіздігі басқармасынан;
2) биологиялық қауіпсіздік басқармасынан;
3) жануарлардың ауруларының таралуын болжау және қауіпті талдау басқармасынан;
4) ветеринариялық заңнама басқармасынан;
5) құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасынан;
6) ұйымдастыру жұмысы және бухгалтерлік есеп басқармасынан тұрады.
5. Комитет мемлекеттік мекеменің Министрлікке бағынысты ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, өзінің мемлекеттік тілде жазылған атауы бар мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті органдарында және банктерде шоттары бар. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Комитеттің егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болып түсуге құқығы бар.
6. Комитеттің толық атауы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мемлекеттік мекемесі. Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, қалалар мен аудандарда аумақтық инспекциялары, олардың ішінде орын ауыстыратын (тасымалданатын) объектілеріне ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізетін қажетті құралдармен және жабдықтармен жарақталған шекаралық және кедендік пункттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тура келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) орналасқан ветеринариялық бақылау бекеттері бар.
Облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы, қалалар мен аудандардағы аумақтық инспекциялар Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады.
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтайшы құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады[1].

1.1 Комитеттің негізгі міндеттері және құқықтары
10. Комитеттің негізгі міндеттері болып есептелінеді:
1) реттелетін салада ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды қамтамасыз ету;
2) реттелетін салада мемлекеттік саясатты, стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге бағдарламалар мен жобаларды қамтамасыз ету [4] ;
11. Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) реттелетін салада стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге бағдарламалары мен жобаларды іске асырады;
2) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау мәселелері бойынша мемлекеттің саясатын іске асырады;
3) жануарлардың аса қауіпті ауруларын алдын алу және диагностика жүргізу бойынша бағдарламаны іске асырады;
4) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі саласында нормативтік-техникалық құжаттамалар жобаларын келіседі;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын тағам өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігіне ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды ұйымдастырады және іске асырады;
6) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын ішкі сауда орындарында қауіпті тағам өнімдерінің сатылуын анықтау және жол бермеу мақсатында ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау мен мониторинг жасауды іске асырады;
7) жануаралар аурулары, эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда олар бойынша эпизоотиялық мониторинг жүргізеді;
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлестік аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық шаралар жоспарын келісуді жүргізеді;
9) жануарлар ауруларының пайда болу және таралу және олардың тағамдық улану себептерін анықтайды;
10) қолдағы бар тиісті ақпараттың негізінде экспорттаушы елдің ғылыми негіздемесі жеткіліксіз болған жағдайда, халықаралық ұйымдардан алынған ақпараттарды қоса отырып, уақытша ветеринариялық-санитариялық шараларды енгізеді;
11) тәуекелді талдау, мал ауруларының таралуына болжам жүргізеді;
12) тәуекелді талдау және бағалау кезінде адамның өміріне және денсаулығына зиянды әсер ету мүмкіншілігі бірдейлендірілетін жағдайда, алайда оның дәрежесін анықтауға арналған қолдағы бар ғылыми мәліметтердің жеткіліксіздігінде, тәуекелдікті басқару бойынша қажетті ветеринариялық-санитариялық шаралар қабылдайды;
13) ветеринария саласы бойынша қолданылатын ұйымдарда жануарлар ауруларының қоздырғыш штаммдарының тасымалдануына (жеткізуін), сақталуына, қолданылуына және жойылуына ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүргізеді;
14) жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тағам өнімдерін, азық, азық қоспаларын, құралдарын және аспаптарына қорытындылар береді;
15) жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тағам өнімдерін, азық, азық қоспаларын өндіруге нормативтік-техникалық құжаттаманы келіседі;
16) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды, қолдануды және тізімнен шығаруды, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
17) бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса есептегенде, бөлуді және сақтауды, қолдануды және тізімнен шығаруды бақылайды;
18) ветеринариялық препараттарға, азық және азық қоспаларына, құралдарға, аспаптарға тіркеу сынақтарын жүргізеді, сонымен бірге ветеринариялық препараттарды, азық және азық қоспаларын мемлекеттік тіркеуге алады;
19) жануарларды өсіру, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, ветеринариялық препараттарды және азық және азық қоспаларын экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, ішкі сауда объектілерінде және өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық бақылауды және қадағалауды жүргізеді;
20) жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азық және азық қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын өндіріс объектілерін пайдалануға тапсыру бойынша мемлекеттік комиссияға қатысады;
21) кеден одағының мүше мемлекеттерінің ветеринария саласындағы құзыретті органдары кеден одағының кеден аумағына әкелінетін, сондай-ақ кеден одағының бір мүше мемлекетінің аумағынан кеден одағының екінші мүше мемлекетінің аумағына ауыстырылатын ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізіміне енгізілген тауарларды (өнімдерді) өндіруді, қайта өңдеуді және сақтауды жүргізетін отандық және шетел ұйымдары мен адамдарға бірлескен тексерулерді (инспекциялауды) және кейіннен зертханалық зерттеу жүргізу және тексерулер (инспекциялау) нәтижелерін ресімдеу үшін көрсетілген тауарлардан (өнімдерден) сынамалар (үлгілер) алуды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
22) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігіне, ветеринариялық-санитариялық жағдайға бақылау және қадағалау жүргізеді;
23) ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге эпизоотиялық жағдайдың сәйкестігіне баға беруді ескере отырып, экспорттауға, импорттауға және транзиттеуге рұқсат береді;
24) ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификатты ресімдеуді және беруді жүргізеді;
25) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерді ветеринариялық-санитариялық қорытынды береді;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізеді;
27) Қазақстан Республикасы заңнамасында және халықаралық шарттарда көзделген тәртіпте және жағдайларда ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тауарларды (өнімдерді) өндіретін, қайта өңдейтін және сақтайтын ұйымдарды және тұлғаларды Тізілімге енгізу және одан шығару туралы шешім қабылдайды;
28) кеден одағы және үшінші елдердің кәсіпорындарының тізілімін жүргізеді;
29) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын және ветеринариялық препараттарды, азық пен азық қоспаларын жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне есеп нөмірлерін береді;
30) кеден одағының кеден аумағына әкелінетін, сонымен бірге кеден одағына мүше мемлекеттің біреуінің аумағынан кеден одағына басқа мүше-мемлекеттің аумағына тасымалданатын ветеринариялық бақылауға және қадағалауға жататын тауарлардың бірыңғай тізіміне енгізілген тауарларды (өнімдерді) өндіруді, қайта өңдеуді және сақтауды жүргізетін ұйымдарға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;
31) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасымен көзделген жағдайларда, нұсқама береді және әкімшілік айыппұл салады, әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттамалар толтырады, істерді қарайды;
32) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден келетін жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының кіруі мен таралуынан қорғау бойынша ветеринариялық шараларды бақылайды және оны жүзеге асырады;
33) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте (Автокөлік өткізу пункттерінен басқа, кеден одағының кеден шекарасымен тура келетін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) шекаралық және кедендік өткізу пункттерінде ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастырады;
34) ауру аз таралған немесе аурудан таза аумақтардың бөліктерін анықтауды жүргізеді, осы аумақтардан экспортталатын орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүргізеді, импорттаушы елдерге растау құжатын беру және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, оның өкілдерінің осы аумақтарда инспекция жүргізуге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
35) тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының ұсыныстары бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің жергілікті атқарушы органдарының шешімімен карантин алынғаннан кейін, ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайлардағы шектеу шараларын анықтайды;
36) ветеринариялық шараларды іске асыру бойынша ұсыныстар мен әдістемелік көрсеткіштерге келісім береді;
37) жануарлардың аса қауіпті ауруларының шығуы тіркелген көрші мемлекеттердің шекаралық аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына кіретін көлік құралдарына залалсыздандырудың (зарарсыздандырудың) жүргізілуіне бақылау және қадағалау жүргізеді [1].

II Негізгі бөлім

2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылау жəне қадағалау

Ветеринария саласы сау және ауру жануарлар организмінің тіршілік заңдылығын, аурудың пайда болу себептерін, анықтау әдістерін, аурудың алдын алу және малдарды күтіп бағу, азықтандыру, жұмысқа жегу жолдарын ескере отырып, ауру жануарларды емдеу, сонымен қатар адамды жануарлар мен адамға ортақ аурулардан сақтандыру шараларын толық меңгеретін ғылыми білімнің кешені. Осыған байланысты ветеринариялық істі басқаратын және ветеринариялық қызмет көрсетудің ретін анықтайтын, оның мақсаттарын айқындайтын Ветеринария туралы заң аясында ветеринариялық қызмет жүргізіледі. ҚР Ветеринария туралы заңы бірінші рет 1995 жылы 25 маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады.
Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау Ветеринария туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 14-бабының 4-тармағына сəйкес əзiрлендi жəне ҚР Үкіметінің 2012.09.05.№1146 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды жəне қадағалауды ұйымдастыру жəне жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi мəселелердi регламенттейдi [2].
Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау - ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын бұзудың алдын алуға, оны анықтауға, болдырмауға жəне жоюға бағытталған қызмет.
Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың жəне қадағалаудың негiзгi мақсаттары:
1) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардың алдын алу;
2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау объектiлерiнiң ветеринариялық-санитариялық қауiп сiздiгiн қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы жəне экзотикалық ауруларының əкелiнуi мен таралуынан қорғау;
4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзуды болдырмау, анықтау, жолын кесу жəне жою [3].
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыру тəртiбi
Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау келесі нысандарда өткізіледі: iшкi сауда объектiлерiнде; жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi жəне өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем шөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау жəне өткiзу жөнiндегi ұйымдарда; ветеринария саласындағы, оның iшiнде лицензияланатын кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғаларда.
Ветеринария саласындағы уəкiлеттi орган бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын жасауды жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттiк кəсiпорында мынадай функцияларды жүзеге асырады: жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функцияны; ҚР-ғы жабайы жануарлар ауруларының эпизоотиялық мониторингін; сақтаулы микроорганизмдер штамдарының Ұлттық коллекциясын жүргізуді; ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын, байқаудан өткізуді, сондайақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылауды; тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингті, референцияны [4];
Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік мониторингін жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттiк кəсiпорында мынадай функцияларды жүзеге асырады: ҚР-ның Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды; ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын зарарсыздандыруды; аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарларды мемлекеттік органдардың шешімі бойынша алып қоюды жəне жоюды;
Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды жүзеге асыру мақсатында құрылған мемлекеттiк ветеринариялық мекемелерде мынадай функцияларды жүзеге асырады; жануарлардың аса қауіпті жəне энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді; ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді; жануарларды қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді; жануарлардың аса қауіпті жəне энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді; тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары салған мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырды), мал соятын алаңдарды күтіп-ұстауды; қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды жəне жоюды [4];
Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған ветеринария саласындағы өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру мақсатында жергiлiктi атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарда; шекара жəне кеден пункттерінде (Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы тасымалданатын (орны ауыстырылатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде; мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақыланатын жəне қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi өткiзу (тасымалдау), тиеу, түсiру кезiнде; жануарлар аурулары қоздырғыштарының берiлу факторлары болуы мүмкiн көлiк құралдарының барлық түрлерiнде ыдыстардың, буып-түю материалдарының барлық түрлерiнде; тасымалдау (өткiзу) бағыттары өтетiн мал айдау трассаларында, бағыттарында, жайылым жəне жануарларды суару аумақтарында; аумақтарда, өндiрiстiк үй-жайларда жəне мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға жəне қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi өсiретiн, сақтайтын, қайта өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалардың қызметiне; мал көметін жерлерді (биотермиялық шұңқырларды), ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге жəне өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта құру жəне пайдалануға енгiзу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауда жəне қадағалауда болатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық жəне ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына; ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдардың бөлiмшелерiнде жүзеге асырылады [5].
Одан басқа жоғарыда көрсетiлген объектiлерде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды жəне қадағалауды тексеру нысанында ветеринариялық iлеспе құжаттарды да тексереді. Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлік өткiзу пункт терiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды жəне қадағалауды Қазақстан Республикасының кеден органдарына iссапарға жiберiлген мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.
Iшкi сауда объектiлерiнде, жануарларды өсiру, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындау (сою), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу жəне өткiзу жөнiндегi ұйымдарда, шекара жəне кеден пункттерінде (Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) Кеден одағының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Шекарадағы және кедендік пунктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалауды ұйымдастыру
Мал шикізат өнімдері
Жануарларды тасымалдау шарттары
Жануарларды диспансеризациялауды ұйымдастыру
Темір жол ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
Экспорт және импорт кезінде жануарларға, жануартекті өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы минстрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің құрылымы, қызметі, міндеттері
Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау.Басқа көлік түрлерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың ерекшеліктері
Пәндер