Ауру мен ауырғаннан кейінгі анамнезі


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

1. Сойып ашу хаттамасы

  1. Кіріспе бөлімі

Хаттама № 3

Мал түрі - құс

Жынысы - тауық

Жасы - 2 ай

Түсі - боз

Тұқымы - Фавероль

Салмағы - 1. 7 кг

Өлген күні - 21 сәуір

Мал иесі - Ардақов С. К

Мал иесінің мекен - жайы - Қостанай облысы, Таран ауданы, Комсомол көшесі, 7 үй.

1. 2 Өмірінің анамнезі

Anamnez vitae - мал иесінің айтуы бойынша тауық, құс шаруашылығында 2016 жылдан бері бар. Тауықтар жыл бойы қысы - жазы құс шаруышылығында азықтарымен азықтандырылады, шаруашылық бүкіл талаптарға сай жасалған. Төрт мезгіл азықтанып отырады. Бұл құстардың азықтандыру рационы жалпы оның түрінің ерекшелігін ескере отырып, оның сүйсініп жейтін жемдерінен құрастырылған. Азықтың құрамының сапасы сандық көрсеткіштерге сай келетін құрамында құстардың ағзасына қажетті минералдық, дәрумендерге бай заттары болады. Оларды уақытылы саурады.

1. 3 Ауру мен ауырғаннан кейінгі анамнезі

Anamnez morbi - құс иесінің айтуы бойынша сәуірдің он тоғызынан бастап ауру белгілері пайда болды. Тәбетінің жоғалуы, мазасызданып, құсты ұйқы басып тұрады, аз қозғалады, қанаттары қалыптыдан түсірілген, тұмсығынан ақпа ағып тұрды. Шаруашылықта басқа құстар бұл аурумен ертеректе ауырмаған және ешқандай клиникалық белгілері байқалмаған. Жануарға ауру кезінде нақтылы емдеу жасалмаған. Клиникалық диагнозы - құс обасы ауруы.

Сойып ашу жұмыстары 2016 жылы 21 сәуір күні сағат 9. 30 - да Таран ауданында ветеринарлық зертханасында өткізілді.

Союды өткізген: ветеринариялық фельдшер Алпысбаев Қ. Ж.

1. 4 Сыртқы өзгерістер

Құс өлексесін сыртқы өзгерістері бойынша зерттеу:

1. Құс фавероль тұқымына жататын, боз түсті, қондылығы орташа келген, дене тұрқы дұрыс, салмағы 1. 7 кг.

2. Мойын, қанаттары, құрсақ бұлшық еттері жиырылып қалған.

3. Ауыз бен көз аймақтары қызарған, нүктелі қан кетулер байқалады.

4. Көзінде конъюктивит, қызырған, өзгеріссіз, қабақтары ісінген, тұмсығы жараланған.

5. Тыныс алуы қиындайды, дем алу үшін аузын ашып ауа жұтады, мұрын қуысы кілігейлі, таңауы ісінген.

6. Көзге көрінетін кілегейлі қабықтар ісінген болып келеді.

7. Өлексенің клоака маңы нәжісімен ластанған.

8. Сырттай зертегенде өлексе арық, қауырсындары үрпейген, көгергіштік (басы, айдары, сырғалары) байқалады, мойын созып, қанаттары түсіріңкі болып отырады, қауырсындары өзгеріссіз, ылғалдылығы орташа.

1. 5 Ішкі тексеру

1. Қанның түсі қарақошқыл, нашар ұйыған.

2. Бұлшық еттері қызарған, әр жерінде қанталулар бар.

3. Жүрегі едәуір үлкейген, қанталу жерлері көп, паренхиматозды және интерстициальды миокардит байқалады.

4. Өкпеде веналық гиперемия, домбыққан.

5. Ішкі ағзалардың сірі қабықтарында нүктелі және дақты қанталаулар, еттіқарын мен безді қарынның аралығында жолақты қанталау. Өңеш пен ішекте қанталаулар сирек кездеседі.

6. Бауыр босаңқы, сұры - сарғыштау. Көк бауыр өзгеріссіз немесе біраз ұлғайған. Бүйректерде қан іркілген, қошқыл - қызыл түсті.

7. Талақта айтарлықтай өзгерістер байқалмайды, шамалы үлкейген.

8. Мида дистрофиялық және өліеттену өзгерістері пролиферативті реакцияларға қарағанда басымырақ. Некроз ошақтары мидың көптеген бөліктерінде табылады.

  1. Патологоанатомиялық балау:

1. Зілді гемодинамикалық бұзылыстар, көптеген нүктелі және дақты қанталаулар, сонымен қатар дене қуыстарына сарысудық жиналуы, тері астындағы шелдің домбығуы байқалады. Паренхималық ағзаларда дистрофиялық зақымдар, ас қорыту жүйесі мен тыныс жолдарының кілегейлі қабықтарының, мидың қабынуы да обаға тән өзгерістер;

2. Ауыз бен танау қуыстарының ішінде созылмалы кілегей табылады, олардың кілегейлі қабықтары қалыңдаған, қызарған, қанталаған;

3. Бастың мойынның, аяқтардың тері шелдерінде кілкілдек инфильтрат көрінеді, сондай - ақ жүрек қабында, көкірек - құрсақ қуысында фибрин араласқан сұйық кездеседі;

4. Ми қабаттарының қатты қозуы;

5. Қозғалыстың нашарлауы;

6. Тәбеттің жоғалуы;

7. Ойық жаралар;

1. 7 Зертханалық зерттеулердің нәтижелері

Зертханалық зерттеу Қостанай облысы, Таран ауданындағы зертханасында өткізілді. Зертханаға өлген құстың жарасынан материал және қанмен қоздыруы енуі мүмкіндігінен қан және ми, кеңірдек, бауыр, талақ жіберіледі. Вирусологиялық зерттеу жүргізіліп, нәтижесі оң болып шықты.

Жолдама (іліспе) құжат

Форма №3

Таран аудандық ветеринариялық зертханасына

Мекен - жайы: Таран ауданы, Алтынсарин көшесі, 43 үй.

Өлген құстың диагнозын анықтау мақсатында бағытталған.

Патологиялық матерал(ми -1, кеңірдек -1, бауыр -1, талақ -1) : жарадан матерал, қан және мүшелер(4) жіберілді. Саны 6.

Иесінің мекен - жайы: Қостанай обл., Таран ауданы, Комсомол көшесі, 7 үй.

Малдың түрі: құс (тауық), жасы 2 ай.

Ауырған күні: 19 сәуір 2016жылы.

Өлген күні: 21сәуір 2016 жылы.

Аурудың клиникалық белгілері (сипаты) : Аурудың бастапқы белгісі - дене қызуының 41-42°С-қа көтерлуі. Ыстық тұрақты болып, таңертеңгі мезгілде ғана аздап төмендейді. Жем-шөп жеуі саябырлап, ішек-қарында агония байқалады, шөлдей береді, тәбіті болмайды, 2-3 күн өткенде тұмсығы мен айдарында қабығында ауруға тән өзгерістер байқалады.

Патологиялық жарып сою кезіндегі деректер: Ауызда, өңеште, безді қарында және ішектің алдыңғы жағында жіті катаральды - геморрагиялық қабыну байқалады. Бауыр босаңқы, сұры - сарғыштау. Көк бауыр өзгеріссіз немесе біраз ұлғайған. Бүйректерде қан іркілген, қошқыл - қызыл түсті. Өкпеде веналық гиперемия, домбыққан. Мида дистрофиялық және өліеттену өзгерістері пролиферативті реакцияларға қарағанда басымырақ. Некроз ошақтары мидың көптеген бөліктерінде табылады.

Болжамды диагнозы (балауы) : құс обасы

Пат. материалдың жіберілген күні: 21. 04. 2016ж.

Лауазымы: ветерианрлық фельдшер Алпысбаев Қ. Ж.

Қолы:

1. 8 Қорытынды

Зертханалық зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша аурудың клиникалық сүреті және ашып сою нәтижесі бойынша оба ауруына балау қойылды. Өлімге ұшыруының негізгі себебі құс обасының вирусы ағзаға еніп, қанға ілесіп бүкіл ағзаға тарайды (виремия), оның ең көп шоғырлануы қанда, талақта, өкпеде, мида байқалады. Токсиндер тамырларды зақымдап, полисахарид кешендерін ыдыратып, тамыр қабырғаларының өткізгіштігін жоғарлатады, осыған орай бүкіл денеде құжынаған геморрагиялар көрінеді, қуыстарда сарысу іркіліп жиналады. Ағзалардың зақымдалған бөгеттерінен вирус кедергісіз өтіп, олардың ұлпаларында ( әсіресе үлпершекте ) қабыну және дистрофиялық өліеттену процесстерінің дамуына тікелей әсер етеді. Торшалардың ферменттер жүйесіне тигізген кеселінен, көмірсутегі мен ақ заттардың алмасуы өзгереді. Бауыр мен жүрек етіндегі гликоген мөлшері азайып, кейіннен мүлде жоғалады, осының салдарынан олардың қызметі күрт төмендейді. Иммуноморфологиялық реакциялар иммунитетті толық қамтамасыз ете алмайды және вирус бейтараптанбайды, сондықтан да өлімге дәрежесі өте жоғары, 100 пайыздық көрсеткіште бұл летальды нәтижеге алып келеді.

21. 04. 2016 жыл

ІІ. Әдебиетке шолу

2. 1 Тарихи деректер

Оба ауруының өзіндік қоздырғышы Үersinia pestis, 30 тарта антигендері бар (капсулалық антиген фагоцитоздан сақтайды) . Vі және W-антигендер мононуклеарлардың цитоплазмасындағы лизистен сақтап, сол арқылы клетка ішінде көбейе алады, эндотоксині бар, агрессия факторларын өндіреді (пестицин, фибринолизин, гиалуронидаза, коагулаза) сыртқы ортада тұрақты болады.

Ең алғаш құс обасы 1878 жылы Италияда Перрончито анықтап, бұл індетті " тауықтардың эксудативті тифі" деп атаған, кейінірек 1880 жылы Ривольт пен Дельпрато (Rivolta и Delprato) ашқан болатын. Италиядан бұл ауру бірнеше рет басқа да мемлекеттерге тараған болатын және де өз атынан үлкен экономикалық шығындарға құс шаруашылығын ұшыратқан. 1901 жылы Чентани мен Савонуци (Сепtani и Savanuzzi) бұл аурудың қоздырғышын анықтап, оны Typhus exudativus gallinarum деп атады. Көптеген зерттеушілер (Дойль, Эндрюс, Свинцов, Трауб және т. б. ) екі өзге ерекше ауруларды бөліп қарастырды - құс обасы мен жалған обаны (псевдооба) . Басқалары болса (Маннингер, 1932; А. П. Киур-Муратов, 1944; И. Н. Дорошко, 1952, және басқалары) бір - ақ ауру бар екенін ғана сенді - құс обасы.

Дені сау құсқа ас қорытқыш тракт, жараланған тері арқылы жұғады. Гигиеналық талаптарды дұрыс орындамау, антисанитарлық жағдайдың талапқа сай болмауы. Тар, нашар желдетілген немесе мүлде желдетілмеген құс қоралары, олардың жеткілікті мөлшерде жарықтандырылмауы, құс қораларының құс саңғырығымен ластануы - осылардың бәрі құс организмінің ауруға қарсы тұру қаблеттілігін төмендетеді, ауруды қабылдауын жоғарылатады. Дегенмен ауру Италияда өршіп жатса да ол, кейіннен Австралия, Швейцарияда, Чехияда, Румынияда табылған.

Диагноз қойғанда құс обасын міндетті түрде Ньюкасл ауруынан, пастереллезден, індетті ринотрахеиттен, спирохетоздан, ажырата білу керек.

2. 2 Аурудың өршуі және оның белгілері

Құс обасы (құстардың жоғарыпатогенді тұмауы, инфлюэнца, құстардың классикалық обасы, үйректердің жұқпалы тұмауы, үйректердің инфекциялық синуситі) респираторлық мүшелер, ішек - қарын тракті және орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, аса қауіпті жоғары контагиозды, жіті өтетін ауруы.

Құс обасы (Pestis gallinarum) - вирус денеге танау тесіктері немесе ауыз қуысы арқылы, көздің қасаң қабығы, артқы тесік немесе зақымдалған тері арқылы енеді. Вирус қанға ілесіп бүкіл организмге тарайды (виремия), оның ең көп шоғырлануы қанда, талақта, өкпеде, мида байқалады. Токсиндер тамырларды зақымдап, полисахарид кешендерін ыдыратып, тамыр қабырғаларының өткізгіштігін жоғарлатады, осыған орай бүкіл денеде құжынаған геморрагиялар көрінеді, қуыстарда сарысу іркілілдегінің жиналуымен сипатталатын, жұқпалы індет.

Вирус 56° С температураға қыздыру барысында 5 минутта, ал 100° С - бірден жойылады. Шіріп жатқан өліктерде 30 - 60 күн (кейбір мағлұматтарға сүйінсек 4 айға дейін) өмір сүреді, 20° С температурада вирус өмірсүргіштігін 300 күнге дейін, қатырылған ұшада - 1, 5 жыл сақталады. Тура (тіке) түсірілген күн сәулесі вирусті 40 - 48 сағат ішінде, ал жайылған жарықта 16 күнге дейін белсенділігін сақтайды.

Вирус 10 - 30 минуттан кейін 5% - дық карболды қышқылымен, 3% - дық хлорлы әкпен, 5% - дық креолин ерітіндісімен және 2% - дық сілтілі ерітіндісімен инактивирленеді.

Табиғи жағдайда құс обасымен тауықтан басқа қырғауыл, күркетауық және мысыр тауығы (цесарки) ауырады. Сирек жағдайда қаз, үйрек және көгершіндер ауырады. Жабайы құстарды (жас көгершіндерді, бозторғай, қараторғай, шымшықтарды) бұлшықеттеріне, тамырларына, теріасты жолдары арқылы жұғынды материалды егу арқылы жұқтыруға болады. Контактілі, алиментарлы және аэрозольды жолдармен жұқтыру мүмкін емес.

Ақ тышқандыр мен күзендерге интрацеребральды (бас миына) жолмен ғана жұқтыруға болады. Аурудың көзі ауру құстар және олардың қалдықтары болып саналады. Вирус қанға ілесіп бүкіл ағзаға тарайды (виремия), оның ең көп шоғырлануы қанда, талақта, өкпеде, мида байқалады.

Оба эпидемиологиясы: Табиғи-ошақты инфекция. Инфекция көздері егеуқұйрық типті кемірушілер (300-ге тақау түрлері бар), оның ішінде негізгілері:

  • сарышұнақ
  • суыр
  • ауру жануар (ауру құстар)

Оба инфекциясының берілу жолдары құстарда:

  • арнайы жұқтыру
  • зақымдалған тері және шырышты қабат арқылы
  • алиментарлы
  • ауа - шаң жолдары арқылы

Маусымдылығы: Жаз немесе күз-қыс айлары.

Қабылдаушылығы: Жоғары

Иммунитеті: Тұрақты

Қоздырғыштардың ену жолдары:

  • зақымдалған тері
  • көздің шырышты қабаты
  • тыныс алу жолдарының шырышты қабаты
  • асқазан - ішек жолдарының шырышты қабаты

Берілу механизмі және қоздырғыштың ену жолдары обаның клиникалық формасын анықтайды.

Оба қоздырушысының бастауы рөлін денесінен вирусты нәжіс, несеп, кілекей, танау мен көзден аққан сорамен бөлініп шығаратын ауру құстар атқарады. Обадан өлген құстың өлексесі қоздырушысының таралуының қауіпті себепкері болады. Иттер, жыртқыш аңдар, құстар өлексемен қоректенгенде оба вирусын механикалық жолмен тасымалдаушы ролін атқарады. Қоздырушының құсты күтетін адамдар, көлік, жем-шөп, су, төсеніш, арқылы да таралуы мүмкін. Жасырын кезеңі 1-5 күн. Ауру әдетте жіті, кейде аса жіті, жітіден төмен және үзілмелі түрде өтеді.

Аурудың бастапқы белгісі - дене қызуының 41-42°С-қа көтерлуі. Ыстық тұрақты болып, таңертеңгі мезгілде ғана аздап төмендейді. Жем-шөп жеуі саябырлап, ішек-қарында агония байқалады, шөлдей береді, тәбіті болмайды, 2-3 күн өткенде тұмсығы мен айдарында қабығында ауруға тән өзгерістер байқалады. Бастапқыда қан кернеген телімдер, кейіннен бозғылт-сарғыш дақтар пайда болады. Алғашқыда олар тығыз болып, соңынан жұмсарып, бірнеше жерінен ойылады. Ойылған жер алқызыл түсті, шеттері тегіс емес. Ауыздан шұбырып сілекей ағады. Көздің конъюнктивасы қызарып, қабықтары домбығып, көзден жас ағады. Көздің мүйіз қабығы кей жағдайда күңгірттенеді, көздің алдыңғы камерасында экссудат жиналады. Ринит, вульвит, вагинит байқалады. Жануар бастапқы 3-4 күнде қозбалы келеді, кейіннен селқостық пайда болады. Жүні үрпиіп, бұлшық еті босаңсиды. Тамыр соғысы мен тыныс алуы жиілеп, ентік пайда болады. Жөтеледі, кейбір бұлшық еттері дірілдейді, .

Асқазан және тыныс жолдары арқылы мал денесіне енген вирус, қан және сөл арқылы бүкіл организмге тарайды. Оның улы заттары тамыр қабырғаларын зілді зақымдап, олардың өткізгіштігі жоғарлап, дененің көптеген жерлері қанталайды, сонымен қатар токсиндер әсерінен ағзаларда дистрофиялық және өліеттену процестері дамиды. Ерекше кілегейлі қабықтардың эпителиі, әсіресе ішектерде, ондағы лимфоидты құрылымдар қатты зақымдалады. Ауыз қуысында, ішектерде зақымдардың зілділігіне әсер етуші микробтар болады. Малдың өлімі тамырлардағы, ас қорыту жүйесіндегі, орталық жүйке жүйесіндегі күрделі өзгерістермен және де организмнің улануымен байланысты. Обамен ауырған малды емдеуге тиым салынған. Ауырған мал сойылып, өлексе өртеледі. Сонымен қатар, ол жерден жем, мал өнімдері алынбайды, тері дайындалмайды.

2. 3 Патологиялық-анатомиялық өзгерістері

Дені сау құсқа ас қорытқыш тракт, жараланған тері арқылы жұғады. Гигиеналық талаптарды дұрыс орындамау, антисанитарлық жағдайдың талапқа сай болмауы. Тар, нашар желдетілген немесе мүлде желдетілмеген құс қоралары, олардың жеткілікті мөлшерде жарықтандырылмауы, құс қораларының құс саңғырығымен ластануы - осылардың бәрі құс организмінің ауруға қарсы тұру қаблеттілігін төмендетеді, ауруды қабылдауын жоғарылатады. Ауруды таратуына жағдай туғызады. Жеткіліксіз азықтандыру, азықта витаминдердің жетпеуі, минералды заттардың азық құрамында болмауы және құстардың күтімінің нашарлығы да үлкен роль атқарады. Әсіресе тауықтардың зерігуі жайылымға шықпауы аурудың таралуына бірден - бір әсер ететін жағдай. Тауықтар арасында, басқа құстарға қарағанда, оба вирусының тұрақтылығы байқалады. Обаның таралуы шаруашылықтағы ауру құстардың сыртқы ортаға бөліп шығарған заттармен ластануы салдарынан болады. Құстардың бір астаудан су ішуі, азықтану орнының бір болуы, лас жерден жемді теріп жеуі - осылардың бәрі аурудың таралу себептері болып табылады. Вирус денеге танау тесіктері немесе ауыз қуысы арқылы, көздің қасаң қабығы, артқы тесік немесе зақымдалған тері арқылы енеді. Вирус қанға ілесіп бүкіл организмге тарайды (виремия), оның ең көп шоғырлануы қанда, талақта, өкпеде, мида байқалады. Токсиндер тамырларды зақымдап, полисахарид кешендерін ыдыратып, тамыр қабырғаларының өткізгіштігін жоғарлатады, осыған орай бүкіл денеде құжынаған геморрагиялар көрінеді, қуыстарда сарысу іркіліп жиналады. Ағзалардың зақымдалған бөгеттерінен вирус кедергісіз өтіп, олардың ұлпаларында ( әсіресе үлпершекте ) қабыну және дистрофиялық өліеттену процесстерінің дамуына тікелей әсер етеді. Торшалардың ферменттер жүйесіне тигізген кеселінен, көмірсутегі мен ақ заттардың алмасуы өзгереді. Бауыр мен жүрек етіндегі гликоген мөлшері азайып, кейіннен мүлде жоғалады, осының салдарынан олардың қызметі күрт төмендейді. Иммуноморфологиялық реакциялар иммунитетті толық қамтамасыз ете алмайды және вирус бейтараптанбайды, сондықтан да өлім өте жоғары. Құс обасындағы өзгерістер Ньюкасл індетіндегі өзгерістерге ұқсас. Септикалық процестер. Зілді гемодинамикалық бұзылыстар, көптеген нүктелі және дақты қанталаулар, сонымен қатар дене қуыстарына сарысудық жиналуы, тері астындағы шелдің домбығуы байқалады. Паренхималық ағзаларда дистрофиялық зақымдар, ас қорыту жүйесі мен тыныс жолдарының кілегейлі қабықтарының, мидың қабынуы да обаға тән өзгерістер. Ауыз бен танау қуыстарының ішінде созылмалы кілегей табылады, олардың кілегейлі қабықтары қалыңдаған, қызарған, қанталаған. Бастың мойынның, аяқтардың тері шелдерінде кілкілдек инфильтрат көрінеді, сондай - ақ жүрек қабында, көкірек - құрсақ қуысында фибрин араласқан сұйық кездеседі. Ішкі ағзалардың сірі қабықтарында нүктелі және дақты қанталаулар, еттіқарын мен безді қарынның аралығында жолақты қанталау. Өңеш пен ішекте қанталаулар сирек кездеседі. Ауызда, өңеште, безді қарында және ішектің алдыңғы жағында жіті катаральды - геморрагиялық қабыну байқалады. Бауыр босаңқы, сұры - сарғыштау. Көк бауыр өзгеріссіз немесе біраз ұлғайған. Бүйректерде қан іркілген, қошқыл - қызыл түсті. Өкпеде веналық гиперемия, домбыққан. Мида дистрофиялық және өліеттену өзгерістері пролиферативті реакцияларға қарағанда басымырақ. Некроз ошақтары мидың көптеген бөліктерінде табылады.

Обаға диагноз клиникалық белгілерін талдау, аллергиялық, серологиялық, патологоанатомиялық, гистологиялық, микробиологиялық және биологиялық зерттеулердің нәтижелері негізінде қойылады. Құсты ұйқы басып тұрады, жүйке белгілеріне, тұмсығынан ақпа ағып тұрады, аурудың ұзақтығы 1 - 7 күнге (кейде одан ұзақ) созылады. Патолого - анатомиялық жағынан асқазанның кілегейлі қабығында нүктелі қанталаулар және ішекте ойық жара белгілері байқалады. Вирусты мидан, кеңірдектен, бауырдан, талақтан бөліп алып, лабораторияға жіберіледі. Осы деректерлер тауықтың ауру-сырқауының толықтырылады.

2. 4 Балау

Оба диагностикасы

  • клиникалық көрінісіне
  • эпидемиологиялық мәліметтерге (эпидемиологиялық ошақта болуы)
  • лабораторлы тексеру әдістерінің қорытындысы оң болған нәтижеде обаның диагнозы қойылады.

Зертханалаық әдістеріне:

  1. бактериологиялық
  2. биологиялық (жануарларды жұқтыру арқылы)
  3. экспересс - әдіс - иммунофлюоресценция
  4. серологиялық әдіс (РА, РПГА)

Обаның салыстырмалы диагностикасы

Диагноз қойғанда құс обасын міндетті түрде Ньюкасл ауруынан, пастереллезден, індетті ринотрахеиттен, спирохетоздан, ажыратуымыз керек. Кәдімгі классикалық обада тамырлар жүйесінің зілді зақымдалуы ерекше байқалады. Осыған орай дененің домбығуы, қуыстарда сарысудың іркіліп жиналуы, сірі қабықтардың қанталауы айрықшы көрінеді, ал асқорыту жүйесіндегі зақымдар онша зілді емес, сондай ақ мидағы қабыну процесінде торшалы - өліеттену реакциясы басым. Ньюкасл ауруы 2 айдан асқан балапандар шалдығады. Пастереллезде (холера) көк бауырда гиперплазияға ұшыраған, сонымен қатар осы ағзада, бауырда, жүректе және басқа ағзаларда некроз ошақтары кездеседі. Індетті ринотрахеитте қабыну процестері әдетте тыныс ағзаларында табылады, әсіресе көмей мен кеңірдекте. Жалпы септицемиялық өзгерістер, тамырлар мен ми зақымы болмайды. Спирохетозда өлім аз. Бұл індетке тән өзгерістердің бірі - ол тауық айдарының сарғаюы немесе қоңырқайлануы. Көк бауыр 2 - 3 есе ұлғайғаяды және онда некроз ошақтары табылады. Қан жұғындысынан спирохеттерді көруге болады.

2. 5 Алдын алу және оны жою шаралары

Қазақстан Республикасының аумағын құс обасының қоздырғышының енуінен қорғау шаралары:

Құс обасының алдын алу шараларына мемлекеттің аумағын шеттен аурудың қоздырғышының енуінен қорғау, шекарамен шектес зоналарда бейім жануарларды жылда вакцинамен егу, қолайсыз пункттерде карантиндік және басқа ветеринариялық санитариялық шаралар қатаң сақталып ал құс обасы шыға қалған жағдайда ауру және ауруға күдікті құстар сойылып жойылады.

Қазақстан Республикасының аумағын құс обасының қоздырғышының енуінен қорғаудағы ветеринариялық санитариялық шараларды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағыныштағы мекемелері жергілікті билік органдарымен бірге жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының аумағын құс обасынан қорғайтын кешенді түрде жүргізілетін шаралардың негізі арнайы профилактикалау болып табылады. Қатер төнген аумақта иммунделген құстардан буферлік зоналар дайындайды.

Құс обасынан таза емес мемлекеттермен шекаралас әкімшілік аумақтарда орналасқан барлық елді мекендер және шаруашылық субъектілері төмендегі тармақта көрсетілген ұйымдастыру, індетке қарсы және ветеринариялық-санитариялық шаралар міндетті орындауға тиісті.

Шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың аумақтық басқармаларының ветеринариялық мамандары, сондай-ақ шекаралас аудандардың ветеринариялық мекемелері өздеріне бекітілген шекаралық зоналардың індет жағдайын, жайылымдардың, суаттардың, қызмет көрсету аумағында елді мекендердегі және шаруашылықтардағы құстар түрлерін санын білуге тиіс.

Құстарды сою тек құс сою орындарында міндетті түрде ветеринариялық мамандардың бақылауымен жүргізіледі. Сойылған құс еті және жабайы құстардың еті базарларда сатуға ветеринариялық қадағалаудың рұқсатынан кейін жіберіледі.

Құс обасына бейім үй, немесе жабайы құстардың өлекселері табылған жағдайда ол туралы тез арада әкімшілік аумақтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторына (диагностикалық зерттеулерге) қажетті патологиялық материал алу үшін хабар береді және өлекселерді жоюын ұйымдастырады.

Шекаралас аумақта ұсталынған жабайы құстар немесе олардың ұшалары міндетті түрде ветеринариялық тексеруге жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқылардың африкалық обасы
Етқоректілердің құтыру ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Қызамық инфекциясының жүктілікке әсер етуі
Ветеринариялық хирургия
Жалпы медициналық білім беруде ішкі аурулардың маңызы
Пациентті тексеру әдістері
Балалардағы жұқпалы аурулар. Иммунды алдын алу
Ірі қара малдың кампилобактериоз ауруын алдын алу және емдеу
Паразиттік жұқпалар кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері
Пациентті клиникалық тексеру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz