Құстардың инфекциялық ларингиті
Тақырыбы: Құстардың инфекциялық ларингиті
ЖОСПАР:
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.1 Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2 Құстардың инфекциялық ларингиті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..12
2.3 Емдеу және алдын алу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
V. Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Кіріспе
Жұқпалы аурулар (латын сөзі infection -- жұқтыру) - бір топ патогенді қоздырғыштармен шақырылатын; жоғары жұғуымен, цикл түрінде өтуімен сипатталатын, арнайы иммунитет құратын, кең таралған аурулар.
Жұқпалы аурулар дүние жүзінде маңызды мәселелердің бірі. Бұрын- эпидемиялар мен пандемиялар (оба, нағыз шешек, холера, бөртпе сүзегі, іш сүзегі, грипп т.б - тірі ағзаның өліміне басты себебі болған. Қазіргі күнде - көптеген инфекциялармен сырқаттану біршама төмендеуде.
Ларингит ( көмейдің қабынуы) және трахеит ( кеңірдектің қабынуы).
Ларингит - көмейдің ісінуі және тітіркенуі (қабынуы). Ларингит әдетте, дауыстың қарлығуымен немесе дауысты жоғалтумен қосарланады. Ауруды алғаш рет АҚШ-та Мей және Титслер (1925) сипаттады.Қоздырушысы - Gallid (alpha) herpesvirus 1 құрамын-да ДНҚ бар герпесвирустар туыстастығына жатады.Табиғи жағдайда жұқпалы ларинготрахеитпен тауық, қырғауыл, күрке тауық және мысыр тауығы ауырады. Аурудың негізгі таралу жолы аэрогенді.
Ауру қоздырушысының бастауы ауру және ауырып жазылған құстар. Жасырын кезеңі 2-20 күн. Ауру жіті, жітілеу және созылмалы өтіп, ларинготрахеитті коньюнктивитгі түрде білінеді.Ауырған тауық күйзеліп тәбеті болмайды, козғалысы шектеледі. Өз еркімен отырған кұс кырылдаған, шиқылдаған үздік-создық дыбыс шығарады. Көмейі мен кеңірдектің экссудатпен бітелуі тынысына бөгет болып, кұс аузын ашып дем алады.
Аурудың ларинготрахеиттік түрі кезінде көмейдің ішінде тығыздалған казеозды бөлінділер, ал тыныс жолдырының өне бойында кеңірдек пен бронхаларды бітеген кілегейлі қан аралас ұйынды бодады. Ауруға тән індеттанулық, клиникалық деректер, патологоанатомиялық өзгерістер жұқпалы ларинготрахеитке күдік тудырғанмен тұжырымды диагноз қоюға жеткіліксіз. Ол үшін зертханалык тексеру жүргізу кажет.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жұқпалы аурулар турал жалпы түсінік
Инфекция туралы ілім - бұл макроорганизмдерде тіршілік етуге және оған патогенді әсер етуге мүмкіндік беретін микробтардың қасиеті туралы, және де микроорганизмнің ауру тудырушылық әсеріне қарсы тұратын макроорганизмнің қорғаныс-бейімделу реакциялары туралы ілім. Инфекция туралы ілім маңызды роль атқарады, өйткені инфекциялық процесс қоздыратын микробтардың патогенсіз микробтардан ерекшелігін, және де қоздырғыштарды қабылдаушылық және қабылдамаушылық қасиеті бар макроорганизмнің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар екенін түсінуге мүмкіндік береді. Ол жұқпалы ауруларды емдеу және алдын алу үшін қажетті препараттар жасауда, және де диагноз қою әдістерін жетілдіруге шешуші рөл атқарады. Инфекциялық процестердің дамуын және оның барысын молекулалық деңгейде ғана емес одан да жоғары деңгейде сауатты бақылауға мүмкіндік береді.
"Инфекция" (лат. inficio - жұқтыру, зиянды нәрсені енгіземін) немесе оның синонимі "инфекциялық процесс" термині қоршаған ортаның тиісті жағдайында қабылдаушы макроорганизммен оған, көбейген патогенді немесе шартты-патогенді микроорганизмнің өзара әсері +нәтижесінде пайда болатын және макроорганизмнің ішкі ортасының тұрақтылығын(гомеостазын) сақтауға бағытталған физиологиялық қалпына келу - бейімделу реакцияларының жиынтығын білдіреді. Қарапайымдылар, гельминттер, жәндіктер - Animalia әлемінің өкілдері қоздыратын осындай ұқсас процесті инвазия (лат. invazio - шабуыл, басып кіру) деп аталады.
Инфекциялық процесс және жұқпалы ауру
Инфекциялық процестің пайда болуы, дамуы және аяқталуы үш топ факторлармен анықталады: 1) инфекциялық процесс қоздырғышы - микробтардың сандық және сапалық сипаты; 2) макроорганизм жағдайы, оның микробты қабылдаушылық дәрежесі; 3) микроб пен макроорганизмді қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық факторларының әсері, олар өз кезегінде бірнеше түрлер өкілдерінің арасында жанасу мүмкіндігіне, бір түрдің мекендейтін аумағының бірлігіне, қоректік қатынастарына, популяция тығыздылығы мен санына, генетикалық ақпарат беру және миграциялану ерекшеліктеріне т.б. өз әсерін тигізеді. Адамдарға қатысты сыртқы орта жағдайы деп оның тіршілігіндегі әлеуметтік жағдайларды қабылдау керек. Макроорганизмдегі микробтардың әсерінен дамитын алғашқы екі биологиялық фактордың - инфекциялық процеске тікелей қатынасатындар. Бұл кезде инфекциялық процестің спецификалығын микроб анықтайды, ал инфекциялық процестің байқалу және оның үдеу барысындағы ауырлығына, ұзақтығына және індет аяқталуына макроорганизм интегралды шешуші үлес қосады, ол ең алдымен бейспецификалық резистенттілікпен және оған көмекші жүре пайда болатын спецификалық иммунитет факторларымен байланысты. Үшінші, экологиялық фактор, макроорганизмнің қабылдаушылығын, қоздырғыштың жұқтырғыш мөлшерін және вируленттілігін төмендетіп немесе күшейтіп, жұғу механизмін және инфекциялық берілу жолдарын т.б. белсендіре отырып, инфекциялық процеске жанама әсер етеді.
Жұқпалы ауруларды тудыратын микроорганизмдерді жұқпалы аурулар қоздырғыштары деп атау жалпы қабылданған термин. Инфекциялық жағдайдағы адамдардың немесе жануарлардың организмін, яғни онда қоздырғыштың паразиттік тіршілік етуін - инфицирленген, ал қоздырғыштар түскен сыртқы орта заттарын - ластанған деп атайды. Макроорганизмнің қабылдаушылығы деп, микробтар енгенде макроорганизмнің көптеген көріністермен (тасымалдаушылықтан жұқпалы ауруға дейін) реакция беру қабілеттігін айтады.
Жұқпалы ауру туралы түсінік
"Инфекция" және "жұпалы ауру" терминдерінің мәнісі бірдей емес. Инфекциялық процесс жұқпалы аурулардың негізін құрайды. Инфекциялық процестен айырмашылығы сол, жұқпалы ауруды, әр кезде зертханалық әдіспен анықталатын жәненемесе микробтардың, олардың токсиндерінің әсерінен әр түрлі дәрежеде гомеостаздың бұзылуымен сипатталатын осы макроорганизмнің айқын клиникалық көрініс беретін жағдайы деп түсіну қажет. Бұл әрбір нақты дарада (индивидумда) инфекциялық процесс байқалатын жеке жағдай. Ауру кезінде патологиялық, морфологиялық субстрат қалыптасып, макроорганизмнің функциясы бұзылған жағдайда ғана жұқпалы ауру туралы сөз айтылады
Микробтардың қасиеттерімен және де макроорганизмнің жеке даралық ерекшелігіне байланысты жұқпалы аурулардың қалыпты ағымынан басқа кең спектрлі ауытқулар болуы мүмкін. Егер жұқпалы ауру айқын клиникалық жағдайда өтсе, инфекциялық процестің ең жоғарғы дәрежеде көрінгені туралы сөз айтуға болады. Инфекциялық процесс әрқашанда ауру дамуымен аяқталмайды. Қалдық иммунитеті немесе туа біткен табиғи қабылдамаушылығы бар адамдар микробпен кездескенде патологиялық, морфологиялық субстрат қалыптасуы және макроорганизм функциясының өзгеруі байқалмайтын дені сау организмде микробтасымалдаушылық қалыптасуымен аяқталады. Аттенуацияланған штамдардан дайындалған тірі вакциналар қолданғанда симптомсыз вакциналық инфекция қалыптасуы осындай жағдайға мысал бола алады.
Жұқпалы ауру жеке нозологиялық бірлік (аурудың абстракты аты) ретінде түрлік, ал кейде типтік тұрғыдан өз алдына бөлек жекеленген қоздырғышпен зардаптануынан туындайды. Инфекциялық (инвазиялық) аурулардың саны қазіргі кезде ғылымға белгілі болған, макроорганизмге жұғу қабілеті бар, қоздырғыштар түрінің санына сай келеді.
Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері
* Жұқпалы ауру туу үшін этиологиялық фактор қажет.
* Қоздырғыш организмде қорғаныс факторларын (капсула, L -- түрлері) түзіп, өзіне тіршілік етуіне әрекет жасайды (соның ішінде антибиотиктерге төзімділік құрастыру).
* Жұқпалы ауруларға жұғыстық тән, әр науқас - ауру көзі ретінде қауіпті.
* Жұқпалы аурулар кең таралып, лап етіп өршу, эпидемия немесе пандемия түрінде өтеді.
* Жұқпалы аурулар көбінесе циклдік түрде өтеді (соматикалық, хирургиялық аурулардан басты айырмашылығы)
* Бірталай жұқпалы аурулардан кейін тұрақты, ұзақ иммунитет қалыптасады ( қызылша, дифтерия, скарлатина, желшешек т.б), кейбір аурулардан кейін типіне байланысты қысқа мерзімді иммунитет ( ішек инфециялары), кейбір инфекциялардан кейін иммунитет қалыптаспайды.
Қазіргі уақыттағы жұқпалы аурулар ішінен ең маңызды мәсеселер: аурухана ішіндегі инфекциялар және антибиотик төзімді штаммдар. Бұрын төмендеген инфекциялар өршіп, қайтадан бас көтеруде ( туберкулез, дифтерия, безгек, холера); Кейбір табиғи инфекциялардың белсенділігі жоғарлауда ( оба, кене энцефалит, геморрагиялық қызбалар, лептоспироз); Зоонозды инфекциялардың таралуы кеңейген ( сібір жарасы, туляремия, құтырма); Жаңа аурулар пайда болып жатыр ( АИТВ, ротовирусты синдром, Лайм ауруы, вирусты геморрагиялық қызбалар, боррелиоз, легионеллез,холера бенгал); Баяу дамитын нерв жүйесінің зақымдауымен өтетін аурулар көбеюде; Қазіргі күнде жұқпалы аурулардың құрамында көбінесе вирустармен шартты патогенді микробтар шақыратын инфекциялардың үлес салмағы жоғарлауда.
Қазақстан Республикасында кездесетін жұқпалы аурулар: ( ЖРВИ, соның ішінде грипп ішек инфекциялары (дизентерия, сальмонеллез, ботулизм, АИТВ, ВГА) менингококкты инфекция; (қызылша, шел шешек, эпидпаротит ж.т.б.); бруцеллез, сібір жарасы, лептоспироз, листериоз, көктемгі-жазғы энцефалит ҚҚГҚ (Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы), оба, тілме, құтырма;
Жұқпалы аурулардың жіктелуі. Этиологиялық факторы бойынша: бактериялды, вирусты, паразитарлы, саңырауқұлақтармен шақырылатын риккетсиоздар т.б.
Таралу ортасына байланысты: антропоноздар, зооноздар, зооантропоноздар, сапроноздар. Таралу механизмі бойынша (Л. З. Громашевский): ішек аурулары, ауа - тамшы инфекциялары, қан инфекциялары, тері және шырышты қабат инфекциялары, туа біткен аурулар.
Инфекциялық үрдістің даму түрлері. Инфекция (infection - жұқтыру, жұғыстық) - ауру қоздырғышы (микроорганизм) тірі ағза организміне (макроорганизмге) еніп, сыртқы ортаның жағдайына байланысты қарым қатынасқа түсіп, нәтижесінде инфекциялық процесстің бір түріне апаратын жағдай.
Инфекциялық процесс -- қоздырғыштың патогенді әсерінен тірі ағза организмінде туатын қорғаныс физиологиялық және патологиялық реакциялардың жиынтығы. Инфекциялық үрдістің түрлері: Манифестік түрлері (клиникалық көріністер болған кезде), жедел, созылмалы.
Бактерия тасымалдаушы: сау ағза арасында болатын, сонын ішінде транзиторлы аурудан кейін дамитын жедел (3 айға дейін), созылмалы түрде (3 айдан кейін, оның ішінде өмір бойы), латенттік ( жасырын, иннапарантты), баяу дамитын инфекциялар ( құтыру ауруы, герпес инфекциясы).
Инфекциялық үрдістің түрлері
Инфекциялық ауру әртүрлі көріністермен байқалатын инфекциялық үрдістің жоғары дәрежесі. Байқалу көріністері: клиникалық, патоморфологиялық, биохимиялық, иммунологиялық.
Жұқпалы аурулардың даму циклі
* Инкубациялық кезең
* Клиникалық көріністер кезеңі - алғашқы көріністері - нағыз клиникалық көріністер
* Реконвалесценция кезеңі
* Аурудың соңы (сауығуы, созылмалы түрінде өту, өлім).
Жұқпалы аурулардың диагностикалық принциптері
* Болжам диагноз: шағымдары, эпидемиологиялық мәліметтер, клиникалық көріністер
* Клиникалық диагноз: болжам диагноздың негіздеуімен зертханалық зерттеу нәтижелері
* Қорытынды диагноз: клиникалық диагноздың негіздеуі, динамикада бақылау мәліметтер
Диагностикалық мағынасы бойынша барлық клиникалық көріністер 3 топқа бөлінеді:
* Патогномды немесе спецификалық белгілер - бұл тек қана осы сырқатқа тән көріністер. Осы көріністер болған кезде - диагноз анық дәлелденеді, болмаған жағдайда осы сырқат деуге мүмкіншілік бермейді.
* Факультативті немесе сүйеніш белгілері. Бұл көрініс осы ауруға негізгі болғанымен, басқа ауруларда да көрінуі мүмкін (мысалы - қан және шырыш араласқан нәжіс бөртпелер,брадикардия,қызба т.б).
* Жәрдемші ( ой салатын) белгілер - бұл көріністер бірқатар ауруларда кездесуі себебімен диагноз қоюға мүмкіншілік бермейді. Бірақ сырқаттың негізгі белгілерімен қоса клиникалық көріністерінің спецификалық жиынтығын құрастыруға мүмкіншілік береді.
Жұқпалы аурулар жиі кездесетін синдромдары: жалпы улану (интоксикация), қызба синдромы, экзантема синдромы, респираторлы синдром, диарея синдромы, сарғаю синдромы, лимфаденопатия синдромы, менингиальды гепатолиенальды синдромдар.
Эпиданамнез. Мақсаты: пайда болған аурудың көзін, тарау жолын факторларын анықтау.
* зерттеу мерзімі инкубация кезең мерзіміне байланысты
* нақты сұрақтар қойылып анықталады
* эпидимиологиялық мәліметтер анықталмаған жағдайда диагноз қоюға кедергі болмау керек
* эпидмиологиялық анамнезді жинаған кезде жоспарлы және эпид. көрсеткіштер бойынша жасалған егулер жөнінде мәліметтер анықталады.
Жұқпалы аурулар (инфекциялық) лабораторлы диагностикалау: арнайы емес (ҚЖА, ЗЖА, құрт жұмыртқаларына тексеру, RW, АИВ) ауруларға тексеру. Арнайы әдістер қоздырдырғышты анықтауға бағытталған: бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, ПТР, қоздырғыш антигендерін анықтайтын серологиялық реакциялар (ИФА, РАГА), антиденелерді анықтау, серологиялық, аллергиялық, инстументальды.
Жұқпалы ауруларды госпитализациялау ережелері
* Міндетті түрде (іш сүзегі, менингококты инфекция, ботулизм, сібір жарасы т.б
* Клиникалық көріністер бойынша (клиникалық асқынулар, ауыр ағымы)
* Эпидемиологиялық көріністер бойынша (эпидемиологиялық ошақтарты залалсыздандыр шаралары)
Жұқпалы ауруларға көмек көрсететін медициналық мекемелер
* Инфекциялық ауруханалар
* Емханалар құрамында жұқпалы аурулар кабинеттері
* Жұқпалы аурулардың ғылыми зерттеу институттары.
Инфекциялық стационар тәртібі
* Инфекциялық аурулардың контагиоздылығын ескере отырып, инфекциялық стационарда төмендегілерді қарастыратын (ауруханаішілік инфекцияларды жоққа шығару үшін) эпидемияға қарсы тәртіп сақталу керек (жай инфекциялар кезінде);
* Бокс түрінде диагностикалық палаталар немесе бөлімдердің болуы;
* Инфекциялық ауруларды нозологиялық форма бойынша госпитализациялау;
* Күнделікті дезинфекцияны және науқасты шығарған кезде қорытынды дезинфекцияны жүргізу;
* Аса қауіпті инфекциялар кезінде төмендегілерді ескеретін, қатаң эпидемияға қарсы тәртіп қолданылады;
* Стационарды таза және кір бөліктерге бөлу;
* Қорғаныс киімде жұмыс істеу (түрлі типті обаға қарсы костюм).
Жұқпалы аурулардың емдеу прициптері
* Уақытында басталу керек
* Комплексті болу керек
* Патогенетикалық емді негіздеу қажет
* Әр науқасқа жеке ерекшеленген ем қолдану керек
* Комплексті ем ұғымына кіретін жағдайлар: рациональды күн тәртібі, дұрыс тамақтану да ем болады, этиотропты ем, патогенетикалық ем, спецификалық ем, симптоматикалық ем, физиопроцедуралар.
Жұқпалы аурулардың алдын алу
Жұқпалы аурудың алдын алу принциптері: спецификалық және спецификалық емес вакциналар, сары сулар, анатоксиндер.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz