Ірі қараның обасы



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Тақырыбы: Ірі қараның обасы

Жоспар:
I. Кіріспе
1.1 Тарихи деректері
II. Негізгі бөлім
2.1 Аурудың өршуі және оның белгілері
2.2 Патологиялық-анатомиялық өзгерістер
2.3 Обаның диагностикасы
2.4 Аурудан сақтану және одан арылу шаралары
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
V. Қосымшалар

Кіріспе
Оба - қоздырғыштары әр түрлі механизммен берілетін, айқын интоксикация, терінің, өкпелік, лимфатикалық түйіндердің зақымдалуымен және жиі сепсистің дамуымен сипатталатын, зоонозды табиғаты-ошақты жедел инфекциялық ауру. Аса қауіпті топқа жататын инфекция.
Ірі қара малдың обасы ауыз қуысында ойық жараның пайда болуымен, кілегейлі қабықтардың, әсіресе ішек қарынның кілегейлі қабықтарының ісініп өлеттенуі, диареямен, ринитпен, конъюнктивитпен, дене қызуының көтерілуімен ерекшеленетін, жіті өтетін жұғымтал вирустық ауру.
Табиғи жағдайда сиырдың обасымен сиырдан басқа енеке, қодас және буйбол ауырады. Сирек жағдайда қой, ешкі, түйе және басқа жабайы күйіс қайыратын хайуанаттар да ауырады. Бұл ауруға жылқы, есек, қашыр, ит, мысық, құс және адам төзімді.
Аурудың қоздырғышы парамиксовирус тұқымдастығына жататын вирус. Сиыр обасының вирусінің штаммдары антигендік және иммуногендік қатынастары біртектес, олардың тек уыттылығы жағынан ғана айырмашылығы бар.
Сиырдың обасына диагноз аурудың жұғымталдығымен, тез таралуымен ерекшеленетін індеттанулық, дене қызуы, кілегей қабықтарының зақымдануы, арықтау байқалатын клиникалық деректер, сондай-ақ патологоанатомиялық және зертханалық зерттеулер нәтижелері негізінде қойылады.
Ірі қара малдың обасының алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларының ережесі (бұдан әрі - Ереже) жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық шараларының ұйымдастыру және жүргізудің Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес міндетті түрде орындауға тиісті тәртібін анықтайды. Обаның табиғи ошағы Қазақстанның 39 пайыз жерін қамтиды. Негізінен бұл аурудың инфекциясы табиғаттағы жабайы кеміргіштерде сақталады. Олардың арасында инфекцияны бүргелер тасымалдайды.
1.1 Тарихи деректер
Оба ауруының өзіндік қоздырғышы Үersinia pestis, 30 тарта антигендері бар (капсулалық антиген фагоцитоздан сақтайды). Vі және W-антигендер мононуклеарлардың цитоплазмасындағы лизистен сақтап, сол арқылы клетка ішінде көбейе алады, эндотоксині бар, агрессия факторларын өндіреді (пестицин, фибринолизин, гиалуронидаза, коагулаза) сыртқы ортада тұрақты болады.
Ауру туралы алғашқы жазба деректер біздің дәуіріміздің бастапқы кезеңінде кездеседі. Б.з.б. ғ-да Аристотель өзінің Historia Animalium атты еңбегінде дертке сипаттама берген. Италиялық дәрігер және профессор Бернардино Рамадзини оның жұқпалы екендігін 1712 жылы анықтаған. Алғаш ауру Орталық Азияда шығып, бірте-бірте Европаға тараған (XVғ). 1744 ж. Дадесон бұл Аурудың індеттер қатарына жататындығын анықтады. Николь мен Адиль-Бей 1902ж. қоздырғышын ашты. Оның құрамында РНК бар, парамиксовирустар тобына жатады. 19 ғасырдың аяғына дейін сиыр обасы лаң түрінде дүниежүзіне кең тарады.
Халықаралық эпизоотикалық бюроның (МЭБ) мәліметтері бойынша тек Европада ғана 200 млн. ірі қара өліп, өлмегендері жойылған, Ресейде 1891жылдан 1914жылдар аралығында 10млн астам мал қырылған. Осы індеттен 1967 ж Иранда 50мың, Ауғанстанда 30 мың бас және Түркияда 25 мыңнан астам ірі қара қырылған. Осындай ауыр эпизоотикалық жағдай Индонезияның Бали аралында байқалған, онда 50 мың бас мал өлген, ал Үндістанда 1969-70ж.ж. обадан 80 мыңнан астам ірі қара қырғында ұшыраған.
Дертке соңғы рет 2001 жылы Кенияда үй жануарлары ұшыраған. 2010 жылдың 14 қазанында БҰҰ - ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы ауруды жою науқанының аяқталуына жақындығы туралы және 2011 жылдың маусым-айында ол бүкіл әлемде түп-тамырымен жойылатыны туралы мәлімдеді. Ірі қара обасын зілді катаральді безгектен, аусылдың зілді түрінен және вирусті диареядан ажырата білу керек.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Аурудың өршуі және оның белгілері
Ірі қара обасы (Pestis Bovum) - септицемиямен және ас қорыту жүйесінің кілегейлі қабықтарының зілді зақымдануымен сипатталатын жұқпалы індет. Мөлшері 86-126 нм, әр түрлі формада және өлшемде полиморфты келеді. Вириондарының басым көпшілігі домалақ немесе сопақша, ал кейбірі жіпше тәрізді болады. Сиыр обасының, ит обасының және қызылшаның вирустарының өзара ортақ антигені бар.
Ірі қара обасының вирусы сыртқы ортада онша төзімді емес, 60°С қыздырғанда бірнеше минутта, тұрғын үй температурасы жағдайында 3-4 тәулікте өледі. 20°С-та 3-6 айға дейін сақталады. Шіріген көңде тез өледі. Жаздың күні өлекседе 20-30 сағат аралығында жойылады, бірақ, сүйек майында 30 күнге дейін сақталады. Күннің көзінде 30сағат, ал жайылымда 36 сағат ішінде өледі. Сойылған малдың етінде вирустың сақталуы аутолиз поцесінің жылдамдығына байланысты. Егер сүт қышқылы уақытылы түзіліп, тұздалған етте 3 айға дейін сақталады. Сойылған малдың терісінде, көлеңкеде кептірілсе, вирус зардаптылығын 48 сағат, ал байыздалмаған малдың терісінде 24 сағат жояды.
Дезинфекция үшін 2% белсенді хлоры бар хлорлы әк, 2% күйдіргіш натрий, 1% формальдегид қолданылады. Бұл ерітінділердің әсерінен вирус бірнеше минут ішінде өледі.
Ірі қараның обасымен сиырдан басқа африкалық бизондар, бөкендер, бұғылар, керіктер, гнулар және енеке ауырады. Сирек жағдайда қой, ешкі, түйе және жабайы күйістілерде де байқалады. Бұл ауру шошқаның кейбір тұқымдарына да жұғуы мүмкін. Бұзау ересек сиырға қарағанда обаға өте бейім. Кейбір сиыр тұқымдары, мысалы, жапонның қара сиыры, кореяның сары сиыры, Үндістанның таулы аймақтарындағы сиырлар обаға сезімтал келеді. Ауру тұрақты жайлаған өлкелерде жергілікті мал біршама төзімді. Обаны жасанды жолмен сиырдан жұқтыруға болады. Зертханалық жануарлардан үй қояны мен ит бейім келеді.
Оба эпидемиологиясы:
Табиғи-ошақты инфекция. Инфекция көздері егеуқұйрық типті кемірушілер (300-ге тақау түрлері бар), оның ішінде негізгілері:
* сарышұнақ
* суыр
* ауру жануар (әсіресе өкпелік түрі)
Оба инфекциясының берілу жолдары:
* трансмиссивті (кенелер арқылы)
* қарым - қатынас - зақымдалған тері және шырышты қабат арқылы
* алиментарлы
* ауа - тамшы - обаның өкпелік формасымен ауыратын науқастан
* ауа - шаң жолдары арқылы
Маусымдылығы: Жаз немесе күз-қыс айлары.
Қабылдаушылығы: Жоғары
Иммунитеті: Тұрақты
Қоздырғыштардың ену жолдары:
* зақымдалған тері
* көздің шырышты қабаты
* тыныс алу жолдарының шырышты қабаты
* асқазан - ішек жолдарының шырышты қабаты
Берілу механизмі және қоздырғыштың ену жолдары обаның клиникалық формасын анықтайды.
Оба қоздырушысының бастауы рөлін денесінен вирусты нәжіс, несеп, сүт, сілекей, танау мен көзден аққан сорамен бөлініп шығаратын ауырған және ауырып жазылған малдар атқарады. Обадан өлген малдың өлексесі, ауырып жұққанда тез жазылып кететін қой, ешкі, бөкендер, шошқа т.б. жануарлар қоздырушысының таралуының қауіпті себепкері болады. Иттер, жыртқыш аңдар, құстар өлексемен қоректенгенде оба вирусын механикалық жолмен тасымалдаушы ролін атқарады. Қоздырушының малды күтетін адамдар, көлік, жем-шөп, су, төсеніш, арқылы да таралуы мүмкін.
Жасырын кезеңі 3-17 күн. Ауру әдетте жіті, кейде аса жіті, жітіден төмен және үзілмелі түрде өтеді. Қой, ешкі және түйе ауыра қалған жағдайда көбінесе үзілмелі не өшкін түрінде байқалады.
Аурудың бастапқы белгісі - дене қызуының 41-42°С-қа көтерлуі. Ыстық тұрақты болып, таңертеңгі мезгілде ғана аздап төмендейді. Жем-шөп жеуі саябырлап, ішек-қарында агония байқалады, шөлдей береді, сауын малдың сүті қайтады, 2-3 күн өткенде ауыз қуысының кілегейлі қабығында ауруға тән өзгерістер байқалады. Бастапқыда қан кернеген телімдер, кейіннен бозғылт-сарғыш дақтар пайда болады. Алғашқыда олар тығыз болып, соңынан жұмсарып, бірнеше жерінен ойылады. Ойылған жер алқызыл түсті, шеттері тегіс емес. Ауыздан шұбырып сілекей ағады. Көздің конъюнктивасы қызарып, қабықтары домбығып, көзден жас ағады. Көздің мүйіз қабығы кей жағдайда күңгірттенеді, көздің алдыңғы камерасында экссудат жиналады. Ринит, вульвит, вагинит байқалады. Жануар бастапқы 3-4 күнде қозбалы келеді, кейіннен селқостық пайда болады. Жүні үрпиіп, бұлшық еті босаңсиды. Тамыр соғысы мен тыныс алуы жиілеп, ентік пайда болады. Жөтеледі, кейбір бұлшық еттері дірілдейді, жануар тісін шықырлатып, ыңыранады.
Асқазан және тыныс жолдары арқылы мал денесіне енген вирус, қан және сөл арқылы бүкіл организмге тарайды. Оның улы заттары тамыр қабырғаларын зілді зақымдап, олардың өткізгіштігі жоғарлап, дененің көптеген жерлері қанталайды, сонымен қатар токсиндер әсерінен ағзаларда дистрофиялық және өліеттену процестері дамиды. Ерекше кілегейлі қабықтардың эпителиі, әсіресе ішектерде, ондағы лимфоидты құрылымдар қатты зақымдалады. Ауыз қуысында, ішектерде зақымдардың зілділігіне әсер етуші микробтар болады. Малдың өлімі тамырлардағы, ас қорыту жүйесіндегі, орталық жүйке жүйесіндегі күрделі өзгерістермен және де организмнің улануымен байланысты. Обамен ауырған малды емдеуге тиым салынған. Ауырған мал сойылып, өлексе өртеледі. Сонымен қатар, ол жерден жем, мал өнімдері алынбайды, тері дайындалмайды.
2. 2 Патологиялық-анатомиялық өзгерістері
Өлексе өте арық. Құйрығы мен санындағы тері нәжісімен былғанған. Тері асты шелі домбығып, қан кернеген. Қан сұйылып, қара қошқылданып, нашар ұйыйды. Ауыз қуысының, оның астында алқызыл ойылым болады. Құрсақ қуысындағы сұйықтық қызқылт түсті. Шажырқай сөл түйіндері үлкейіп, қанталаған. Ұлтабардың қабырғасы қалыңдап, суланған, ішінде жағымсыз иісті қоңырқай сұйық болады, кілегейлі қабығы домбығып, қатпарланып, қанталайды. Өліеттенген эпителий сұрғылт-сары түсті қабыршақтанып, оңай сыдырылады, астында қызыл шақа ойылым көрінеді. Аш ішектің қабырғасы домбығып, қан кернеп, крупозды геморрагиялық қабынуға ұшырайды, кілегейлі қабығы ойылып, ішектің ішінде фибринді бөлінділер кездеседі. Тік ішектің қабырғасы қанталап, өліеттенген ірімік массамен бүркеліп тұрады. Көкбауыр аздап ұлғайып, капсула асты қанталайды. Өт қабындағы өттің мөлшері көбейіп, исі жағымсызданады, ал кілегейлі қабығын қан кернейді, ұсақ ойылымдар кездеседі. Бүйректері өзгеріске ұшырап, астаушысының кілегейлі қабығы домбығып, қанталайды, несепке қан араласады. Жүрек созылып, миокард азғындап, болбырайды. Эндокард және эпикард қанталайды. Өкпе домбығып, қан кернейді, кейде қабынған ошақтар ұшырасады. Миды қан кернеп, домбығады, гистологиялық тексеру лимфоцитарлық іріңсіз энцефалитті айқындайды.
Ауруға тән патологиялық-анатомиялық өзгерістер - септицемия мен қабыну-өліеттену зақымдары ас қорыту жүйесінде табылады, әсіресе ауыз қуысындағы ағзаларда, ұлтабар мен жіңішке ішекте. Осыған орай ауру мал тез арықтайды. Өлекседе сіресу жақсы байқалады, жүні ұйпа-тұйпа, бұлыңғыр. Құйрық терісі, сандардың ішкі жағы, сирақтары, артқы тесіктің төңірегі нәжіспен ластанған. Кейбір жағдайда некрозға ұшыраған құйрықтың ұшы үгітіліп түседі - мутиляция. Терінің пигменттелмеген жерлері (желін, ұма терісі) қанталаған, ал кейде осы жерлерде және де сандардың ішкі жақтарында, күнтиместе, танау тесіктерінің маңайында, еріндерінде, мойында, арқасында, жауырын артында түйіндер мен күлдіреуіктер табылады, кейіннен олар жарылып, жалқақпен қылшықтар жабысып қалады, бұл жерлер қабыршақтанады, жүн түсіп, тері жалаңаштанады. Шүңірейген көздер төңірегі, таңау тесіктері мен ұрғашы малдың қынабының маңайындағы тері кілегей-іріңді жалқақпен, ал ауыздың маңайы қоймалжын, қан араласқан көбікті сілекеймен ластанған. Қасаң қабық қалындап қанталаған, көкшіл-қызыл түсті. Көздерінде іріңді-катаральды жалқақ іркіліп жиналған, онымен кірпіктер бір-бірімен жабысып қалған, көз бұрыштарында қоңырқай-жасылдау қабыршақ көрінеді.
Таңау қуыстарының кілегейлі қабықтары көгілдір-қызыл түсті, қанталаған, эрозиялар мен ойық жаралар кездеседі, олар борпылдақ сұры түсті өліеттенген эпителимен немесе фибринмен көмкерілген. Жылтыр танаудың некрозға ұшыраған жерлерінде қоңырқай қабыршақтар табылады, олар опырылып түссе, орнында қызыл түсті эрозиялар көрінеді.
Ауыздың кілегейлі қабығы көгілдір-қызыл түсті, ұрттары, астынғы ерін, таңдай, қызыл иектері, тілдің асты сұрғылт-сарғыш немесе сұрғылт-ақшыл борпылдақ затпен көмкерілген, оның астында ашық-қызыл түсті эрозиялар көрінеді. Кейде олар бір бірімен қосылып, көлемді зақымға айналады. Бұл жерлерге фибрин шөгіп, ошақты дифтеритті қабыну дамиды, некроз ошақтары мен ойық жаралар пайда болады. Алдымен ауыздың кілегейлі қабығында қызыл дақтар пайда болып, бара-бара түйінге немесе бляшкаларға айналады. Олар тығыз, беттері тегіс және жылтыр, сұры-сарғыштау, бір-бірімен қосылып, олардың үстінгі эпители қабаты өліеттенеді, сары түсті борпылдақ ірімшік тәрізді затқа айналады. Бұл өлі зат опырылып түссе, орнында эрозиялар мен ойық жаралар қалады.
Морфогенетикалық тұрғыдан ең алдымен түйіндердің орнында қабыну гиперемиясы болады және субмукозада, әсіресе тамырлар мен бездер төңірегінде лимфоид торшалары мен плазмоциттер шоғырланады. Бұларға лейкоциттер араласып, осы жерлерде сарысу іркіле бастайды, зақымдалған эпидермистің күсті қабатының астында лейкоциттер шоғырланады, эпидермис вакуольді колликвацияға ұшырап кеуектенеді Осының салдарынан сарысу толған күлдіреуіктер пайда болады. Эпителидің өліеттенуі нәтижесінде төмпешік-түйіндер сарғыштанады, жұмсарып үгітіліп түседі, орнында эрозия қалады. Қосалқы микробтар бұл патологиялық процесті асқындырып, осы жерде крупозды немесе дифтеритті қабыну дамиды.
Дененің сыртқы сөл түйіндері ұлғайған, көгілдір-қызыл түсті, қанталаған, тілінген беті шырынды, жылтыр. Олардың маңайындағы дәнекер тоқыма домбыққан. Тері астындағы шел дымқыл, жылтыр, кейбір жерінде сарғыш түсті кілкілдек инфльтраттар көрінеді, қанталаған, сонымен қатар газданған кеуектер (эмфизема) кездеседі. Дененің бұлшық еті босаңқы, көкшіл-қызыл; ірі тамырлар қуысында ұйымаған қошқыл-қызыл, тіпті қара түсті қан.
Аса зілді өзгерістер ас қарыту жүйесінің кілегейлі қабықтарында табылады. Ауыз қуысындағы күрделі өзгерістер жұтқыншақтың, бадамша бездің, көмейдің зақымдарымен сипатталады. Бұл ағзаларға қанды жалқақ сіңген, олар қанталаған, фибринмен көмкерілген эрозиялар мен ойық жаралар кездеседі. Өңеш пен алдынғы қарындар өзгеріссіз, кейде өңештің кілегейлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары туралы ақпарат
Вирустардың жіктелу принциптері,олардың наменклатурасы
Вирустар туралы мәлімет
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар. Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше - мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар
Топалаң ауруының шошқадаға белгілері
Мал сою цехы
Жұқпалы аурулар кезінде мал өнімдерін ветеринариялық - санитарлық сараптау
Жұқпалы аурулар туралы
Ұшаны өлшеу
Пәндер