Паразиттер және ие түрлері


Реферат
Тақырыбы: « Паразиттер және ие түрлері »
Жоспар
1. Кіріспе
2. Паразит және оның түрлері
3. Паразиттердің иелерінің түрлері
4. Иенiң организмiне паразиттiң әсер етуi
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Паразиттік тіршілік ететін құрттардың өсіп-дамуы үшін әлбетте тұрақты не болмаса уақытша болса да ӛмір сүруі мен қоректенуіне қажетті тірі жануар (иесі) ағзасы қажет екендігібелгілі. Сол себепті паразиттердің иелері аралық (мұнда гельминттің дернәсілдік дамуы өтеді) және ақырғы (тек осы жерде гельминттер жыныстық жетіледі, яғни инвазиялы) болуы мүмкін.
Сондықтан күдікті деп танылған жануарларға дер кезінде және дұрыс диагнозы, алынғанматериалдарды зертханалық жағдайда тексеру және оның құрамынан әр түрлі паразиттік құрттар мен олардың дернәсілдерін анықтау арқылы қойылады. Бұл мақсатта көбінесе мал нәжістері, сирегірек - зәрі, коньюктивальды беттердің заттары, перинатальды қабықтардың қырмалары және т. б. пайдаланылады. Мал нәжістерін зерттеу жұмыстары - гельминтокопроскопия деп аталады.
Пішіні мен құрылысы бойынша құрттар екі топқа бӛлінеді: жұмыр құрттар (нематодтар) және жалпақ құрттар. Өз кезегінде жалпақ құрттар цестодтарға (таспа құрттар) мен трематодтарға ажыратылады. Трематодтардың дене пішіні жалпақ әрі жапырақ тәрізді болып келеді және бір немесе екі ауыз сорғыштары. . Бұл құрттар кӛлемі бойынша шағын (1-3 мм) және біршама ірілеу де (10 см артық) болуы мүмкін.
Қандай да бір құрт аурулары бойынша қолайсыз деп есептелінетін аймақтарда, ауыл шаруашылық малдарын гельминттерге тексеру жұмыстары сол аймақтың климаттық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Зерттеу мерзімдері туралы бұйрықтар сол аймақта орналасқан ветеринариялық институттар, зертхана қызметкерлері сияқты арнаулы мекеме тарапынан беріледі.
Жергілікті жерде ауру пайда болса, оның клиникалық белгілері мен эпизоотологиялық жағдайын есепке ала отырып, зерттеуге арналған материал (патматериал) құрамында гельминт бар не болмаса жоқ екендігін анықтау мақсатында ветеринариялық зертханаға жіберіледі. Егерде, малдан гельминттердің жұмыртқасы не болмаса дернәсілдері табылмай, ал клиникалық белгілері гельминттердің бар екендігіне күмән тудырған жағдайда, сол топтағы малдар бір айдан кейін қайта тесеріледі.
Ӛлген жануарлардың диагнозын ӛлікті сою арқылы, не болмаса аурудың белгісі көрініс берген 2-3 малды арнайы сою барысында тексеріп, олардың ішкі мүшелерінің паталогоанатомиялық өзгерістерін есепке алу арқылы анықтайды.
С. С. Евсеенконың «Медицина - жеке адамды емдесе, ветеринария -бүкіл адамзатты сақтайды . . . » деген қанатты сөзі белгілі. Сондықтан, жануарлардағы гельминтоздардың алдын алу мен емдеу жұмыстарын дұрыс жолға қою бағытындағы кешенді түрдегі ветеринарлық-санитарлық және профилактикалық шараларды, ауру қоздырғыштарының биологиясын, белгілі аймақтың географиялық-климаттық ерекшеліктеріне байланысты аурудың эпизотологиясын, малдарды күтіп-бағу технологияларын ескере отырып жүргізу қажет болады.
Паразиттердiң түрлерi
Жануарлар мен адамдарда ауру тудыратын паразиттердің таралуын және оның алдын алу, емдеу, инвазияға қарсы күресу тәсілдерін зерттейтін ілім саласы - паразитология деп аталады.
Паразитология үш бөлімнен тұрады:
- Протозоология- қарапайымдылар тудыратын ауруларды зерттейтін ілім.
- Гельминтология -ауру тудыратын жалпақ және жұмыр құрттар типі өкілдеріне жататын гельминттерді зерттейтін ілім.
- Арахноэнтомология -буынаяқтылар типіөкілдерінің қоздырғыштарды тасымалдаушыларын зерттейтін ілім.
Паразитологияның негізгі мақсаты - паразиттер қоздыратын ауруларды болдырмау және алдын алу жүйесін құру.
Паразиттердi тоғышар тiршiлiк ететiң уақытына (мерзiмiне), локализациясына (мекендейтін жеріне) және иелерiне байланысты арнайы барысына қарай топтарға боледi.
Уақытына қарай тоғышар тiршiлiк ететiң паразиттердi уақытшылық және стационарлық паразиттерге бөледi.
Уақытшылық паразиттер сыртқы ортада өнiп-өседi және омiр сүредi, ал жануарларға коректену үшiн ғана жабылады (соналар, сар масалар және т. б. ) .
Стационарлық паразиттер ие организмнiң iшiнде немесе сыртында коп уақыт (кейбiр кезде омiр бойы) тiршiлiк етедi. Бүларға гельминттердiң коп түрлерiң, соналарды, биттердi, қышыма кенелердi және т. б. жатқызуға болады.
Стационарлық паразиттердi тағыда екi топқа бөледi - тұрақты және кезендi.
Паразиттердің иелерінің түрлері
Табиғатта паразит түрлері көп, олар - нағыз, жалған, уақытша және тұрақты деп бөлінеді.
Нағыз паразиттер иесінің денесімен едәуір уақыт бойы байланысқан, паразиттік тіршілік ету тарихы қалыптасқан және түрдің ерекше белгісі болып саналады.
Жалған паразиттер еркін тіршілік ететін түрдің кейбір өкілдері кездейсоқ басқа бір түрдің дарасына еніп оның қалыпты тіршілігін бұзады.
Уақытша паразиттер ( негізінен қан сорғыш буынаяқтылар) өздерінің өмірінің шамалы ғана уақытын иесінің денесінде өткізеді, ал қалған уақытта еркін тіршілік етеді.
Тұрақты паразиттер - салыстырмалы тұрақты және шартты тұрақты паразиттер болып бөлінеді. Салыстырмалы тұрақты иесінің денесінде өзінің даму циклінің бір - ақ кезеңін өткізеді, ал қалған кезеңдерінде еркін тіршілік етеді.
Шартты тұрақты паразиттер - өздерінің барлық өмірін иесінің денесінде өткізеді, олар еркін, яғни иесінің денесінен тыс, тіршілік ете алмайды.
Иесінің денесінде орналасуына қарай паразиттерді эктопаразиттер және эндопаразиттер деп бөледі.
Эктопаразиттер иесінің дене жамылғысының (тері, түктер) тіршілік етеді. Оларға қансорғыш буынаяқтылар - кенелер жатады.
Эндопаразиттер - иесінің ішкі мүшелерінде тіршілік етеді.
Паразиттердің иелерін аралық, негізгі деп бөледі. Иесі дегеніміз - паразиттердің қорек және мекен ортасы ретінде пайдаланатын тірі ағзалар. Кейбір паразиттер өздерінің даму циклінде бір иесінен екіншісіне көшіп отырады, оны иесін алмастыру деп атаймыз.
Аралық иесі деп паразиттің дернәсілдік сатысы кездесетін, не жыныссыз жолмен көбейетін ағзаны айтамыз.
Негізгі иесі деп паразиттің ересек сатысы болатын не жыныстық жолмен көбейетін ағзаны айтамыз.
Паразит үзақ уақыт сақталатын ағзаларды резервуар деп атайды. Кейбір паразиттер үшін резервуар болып адамдар (безгек, бөртпе сүзегі, іш сүзегі), кейбіреулері үшін жануарлар саналады. Жабайы жануарларды табиғи резервуарлар деп атайды. Мысалы, кемірушілер лейшмания, оба, туляремия ауруларының қоздырғыштарына табиғи резервуар болып саналады.
Көптеген паразиттердің таралауы үшін резервуарлардан басқа таратушылар да қажет. Таратушылар қызметін қан сорғыш буынаяқтылар атқарады. Таратушылардың белсенділігі нәтижесінде паразиттер табиғатта кең таралады. Оларды арнайы таратушылар, механикалық таратушылар деп боледі.
Арнайы таратушылар денесінде паразиттер өздерінің дамуының бір кезеңін өткізеді (безгек масасы) .
Механикалык таратушылар денесінде паразиттер дамымай тек олардың көмегімен кеңістікте таралады. Мысалы, шыбын денесіне әр түрлі паразиттер жабысып таралуы мүмкін.
Паразиттердің таратушылар денесінде сақталу мерзімінің созылуына олардың трансовариалдық жолмен берілуі маңызды рел атқарады. Паразиттердің трансовариалдық жолмен берілу дегеніміз таратушылардың жұмыртқа жасушалары (гамета) арқылы паразиттердің ұрпактан-ұрпақка беріліп өтырылуы болып табылады. Паразиттер таратушылардың әр түрлі ұлпаларымен мүшелеріне өтуі мүмкін, соның ішінде жыныс мүшелеріне - аналық безге, жұмыртқа жасушаларына. Осындай жұмыртқа жасушалары ұрықтанғанда ұрық калыпты дамиды, бірақ оның барлық сатыларында, ересек дараларында паразиттер болады және оны ұрпақтан-ұрпакка беріп отырады.
Пайда болу себептеріне қарай адамдар мен жануарлардың ауруларын инфекциялық (жұқпалы ауру, індет) және инвазиялық (паразиттік) аурулар деп боледі.
Инфекциялық аурулар әр түрлі микроағзалардың - бактериялар, спирохеттер, вирустар, саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болады.
Инвазиялық аурулар түрліше патогендік қарапайымдылар (протозооноздар), гельминттер (гельминтоздар), насекомдар әсерінен пайда болады.
Таратушылар аркылы берілетін ауруларды трансмиссивтік аурулар деп атайды. Оларға инфекциялық және инвазиялық аурулар жатады.
Паразиттер мен иесінін арасындағы ерекше байланыстарға қарай төмендегідей трансмиссивтік ауруларды ажыратады:
зооноздар - тек қана жануарларға тән аурулар (құстар безгегі) ; антропоноздар - тек қана адамдарға тән аурулар (трихомонадоз, амебиаз), антропозооноздар - адамдарда да, жануарларда да кездесетін аурулар (тайга энцефалиті, лейшманиоз, оба т. б. ) .
Е . Н. Павловский 1939 жылы экспедициялык, лабораториялық, эксперименталдық зерттеулер нәтижесінде табиғи ошақтық аурулар деген ұғымды қалыптастырды. Табиғи ошақтық аурулардың бірнеше ерекше белгілері болады:
- олардың паразиттері адамның катынасынсыз табиғатта өз бетінше ұзақ уақыт айналып жүреді;
- олардың таратушылары болып жабайы жануарлар саналады;
3) олар табиғатта кең таралмай белгілі бір шағын жерлерде - ошақтарда кездеседі.
Табиғи ошақтық ауруларға мысал ретінде тайга энцефалитін алуға болады. Тайганы мекендейтін жабайы жануарлар (тиін, қоян, кірпі, кұстар) - табиғи резервуарлар; жануарлардың паразиттері - иксод кенелері таратушылар болып саналады да, табиғатта адамнан тәуелсіз, өз беттерінше бірінен-біріне өтіп ұзақ жылдар бойына айналып жүреді. Олардың ареалдары қылқан жапырақты ормандармен шектелген, одан тыс кездеспейді. Паразиттің табиғи резервуарларының, таратушыларының таралған жерлерін (тайга) ошағы деп атайды.
Лейшманиоздың табиғи ошағы - лейшманиямен зақымданған тышқандар мен олардың індерін мекендейтін бәкене шыбындар таралған шөлді және шөлейт жерлер саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz