Биология және денсаулық


Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі №23 «Тескентоған» орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тексерілді Келісемін Бекітемін
Әдістемелік бірлестік Директордың оқу
отырысында қаралды: ісі жөніндегі орынбасары: Мектеп директоры:
А. Сейітова Н. Амирова Н. Арыстанбеков
«Биология және денсаулық»
7-сынып
2017-2018 оқу жылы
Мұғалімі: Ниязбекова А. А.
Түсінік хат
Ұсынылып отырған бағдарлама «Қазақстан Республикасы жалпы білім берудегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» негізіне сүйене отырып жасалынған Биология және денсаулық бағдарламасы оқушылардың осы курс бойынша білімін жетілдіру, танымдық көз-қарасын қалыптастыру, биологиялық сауаттылығы мен мәдениеттілігін дамыту мақсатында жасалынған.
Бағдарламада оқушылардың жас ерекшеліктері мен қабылдау дәрежелері ескерілген. Тақырыптар оқушылардың қызығушылықтарын арттырып өзіндік ерекшелігін терең тануға мүмкіндік береді.
Мақсаты:
«Биология және денсаулық» бағдарламасының терминдері мен қағидаларына нақты түсінік бере отырып жеткізу. Оқушыларды жеке тұлға ретінде тіршілік әрекеттерін білуге, алған білімін өмірде іс-жүзінде қолдана білуге үйрету.
Ағзаның өсіп жетілуіне ондағы болып жатқан өзгерістерді ұғынып өмірдің кез-келген қиындықтарына төтеп бере алатындарын ұғындыру.
Міндеттері:
-Мемлекеттік білім стандарты деңгейді білім, білік және дағдыларын игерту
-«Биология»пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік
іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ
ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық ұлттык болмысты жалпы адамзаттың мәдени мұраларымен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру
Мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген биология және денсаулық курсының білімін өмірде қолдануға жан- жақты дайындауды жүзеге асыру. Биология және денсаулық курсын өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету.
Оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейінде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.
Пәнді меңгерту деңгейінің талаптары.
- Оқушылардың коммуникативтік құзырлығын дамыту
- Іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру
- Ой - өрісін дамуына мүмкіндік тудыру
Бағдарлама жеті бөлімнен тұрады
І. Өз денең туралы біл ( 3 сағат)
Кіріспе. Адам денесіндегі кереметтер. Адам ағзасының құрылысы. Адам ағзасына жанаспалы ультрадыбыс пен инфрадыбыстың әсері.
ІІ. Жүрек және қан( 5сағат)
Қанның артериялық қысымы . Жүректің ишемиялық ауруы. Адам ағзасындағы трансплантация. «Тін» ұғымының анықтамасы. Рентген сәулесі.
ІІІ. Тері күтімі( 5сағат)
Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттері. Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы. Тері аурулары. Терідегі безеулермен күрес. Жағымсыз тері иісі.
ІY. Шаш туралы мәлімет ( 2 сағат)
Шаш күтімі. Шаш түстерінің өзгеруі
Y. Сана түйсігі( 2 сағат)
Сана - Адам миының функциясы. Сана - объективті дүниенің бейнесі.
YІ. Сүйек және буын, бұлшықет қозғалысы ( 12 сағат)
Сүйек-буын туберкулезі. Саусақтар арасындағы газдар. Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар. Сынық рентген сәулесі. Бронх демікпесі. Бұлшық ет туралы дерек. Гистология. Моноциттер. Экзокринді бездер. Гормондар. Адам организмінің қалыпты микрофлорасы. Денсаулық және жеке бас тазалығы.
YІІ. Адам ағзасындағы құбылыстар( 5 сағат)
Адам ағзасына лимонның пайдасы. Тақырыбы. Семіздік - өлімнің басты себепкері. Акселерация. Өтпелі жас - оқушылар үшін ең қиын кезең. Денсаулық - өмір кепілі
По nekekz -
« Биология және денсаулық » бағдарламасының күнтізбелік тақырыптық жоспары
Гистология
№1 сабақ.
Тақырыбы:
Адам денесіндегі кереметтер.
Мақсаты:
1) Адамзат тарихында орын алған таңғажайып оқиғалар мен құбылыстар туралы түсінік беру, адам қабілетінің шексіздігіне көздерін жеткізу.
Адам денесі тылсым құбылыстарға толы. Адам айтса сенгісіз ерекше жүйелер өз денеңізде екенін білесіз бе?
Ең кішкентай «Радиостанция».
Адам денесінің әрбір клеткасы микро радиостанцияға ұқсас. Олардың тарататын электр толқынының жиілігі 150 герц айналасында, яғни радионың қабылдау жиілігінен сәл ғана төмен.
Ең керемет «Су насосы»
Адамның жүрегі күніне 6-8 тонна қанды ығыстырып шығара алады. Мысалы, жүректің үш жарым жылдағы шығарған қанымен алып кемені қалқытуға болады.
Ең ғажап «Мотор»
Адам өкпесінің сиымдылығы да таңғаларлық. Тыныс алған кезде кеуденің кеңею шегіне жетіп, 4. 5L ауаны сыйғыза алады. Демек, өкпенің ауа сіміру көлемі 12. 9 шаршыметр. Бұл бір кішкене бөлменің көлемімен бірдей. Өкпенің ішкі көлемі денеміздегі терінің көлемінің 50 есесіне тең.
Ең төзімді «Болат шыбық».
Денеміздегі қаңқа сүйектердің өзегі қуыс болғанымен, өте төзімді. Күш ғылымының заңдылығына сүйенсек, әр квадрат метр сүйегіміз бір тонна ауырлықты көтере алады екен.
ТҰЛА БОЙДАҒЫ ТАҢҒАЖАЙЫПТАР
Адам денесінде туабітті пайда болатын таңғажайыптар жеткілікті. Таяуда жасалған ғылыми зерттеулер нәтижесінде ғалымдар осындай тұжырымға келді. Олардың айтуына қарағанда, адамның тұла бойында жайшылықта өзіміз мән бермейтін көптеген тылсым ғажайыптар тұнып тұр екен.
Ең алдымен адамның бұлшық етіне қатысты қызықты фактілерге тоқтала кетейік. Бұлшық еттер дене салмағының бестен екі бөлігіне дейінгі мөлшерді құрайды. Сондай-ақ әйелдерге қарағанда ерлердің бұлшық ет салмағы анағұрлым артық болады.
Соның салдарынан ер-азаматтардың денесі де ауыр болып келеді.
Ең үлкен бұлшық ет - бөксе бұлшық еті. Адам жүрген, жүгірген және секірген кезінде аяғын артқа, ал денені алдыға қарай итеру қызметін атқаратыны да сондықтан болса керек. Денедегі ең кішкентай кіші бұлшық ет құлақтың түпкі жағында орналасқан. Сондай-ақ ол көлемі «1» санының мөлшеріндей үзеңгі бұлшық ет.
Ағзаға көбірек оттегі қажет болатындықтан адам есіней бастайды. Ал есінеу қосымша терең тыныс алуды тудырады. Есінеген кезде миға қан барып, жақ пен беттің бұлшық еттері қимылдап, адам сергиді. Кей адамдар есінеген кезде ауыздарын қатты кере ашады, сондықтан қатты есінегенде олардың жақтары жылжиды да, аузын жаба алмай қалады.
Сондай-ақ кез келген адам демалғанда немесе ұйықтағанда, тек 3-4 секундта бір рет тыныс алады. Ал дене қозғалыста болғанда, тыныс алу секундына бір ретке дейін жиілейді.
Терең тыныстағанда өкпеге 2-3 литрдей ауа барады да, қалыпты тыныс алғанда бір минут ішінде өкпе 10 литрдей ауаны, ал қатты тыныс алғанда 150 литрден астам ауаны айдайды. Бірақ демді сыртқа қаншалықты мөлшерде шығарғанымызға қарамастан, өкпемізде жарты литрдей ауа қалады. Тыныс алуды тежеп ұстағаннан кейін, адамның терең дем алуына оттегінің жетіспеушілігі емес, қанда еріген көмірқышқыл газының жетіспеушілігі мәжбүр етеді.
Ал енді денедегі сезімдер жайлы мынадай мәліметтерге назар салыңыз:
Тілдің дәм сезу бүртіктері негізгі төрт дәмді сезеді екен. Яғни адамның тілі тәттіні, тұзды, қышқыл мен ащыны ғана сезеді. Ал мұрын 10. 000-нан астам алуан түрлі иісті ажыратады. Тамақтану кезінде тіл дәмдерді ажыратқанда, мұрын да ауыздың артқы жағынан мұрын қуысына келген иісті сезеді. Демек, адам тамақтың дәмдісін тек дәмі арқылы ғана емес, түрлі иістерді сезіну арқылы да біледі.
Кәдімгі рентген суретінде дененің жұмсақ бөліктерін нашар көрсетеді, сондықтан одан мидың бөліктерін көре алмайсың. Рентгенге түсірілген суреттен көрінетін зат рентгендік-контрастілік бояғыш деп аталады. Яғни оны қан тамырларының ішін және мидың айналасындағысын көру үшін қанға енгізуге болады. Осындай жолмен миға қан құйылу (инсульт) кезінде болатын қан тамырларының бітелуін табуға болады.
Ерлердің миы әйелдерге қарағанда көбірек, өйткені ерлер әйелдерден ірілеу болып келеді. Дегенмен дене мөлшерімен салыстырғанда, әйелдің миы ерлерге қарағанда сәл артығырақ.
Әдетте, бастағы шаш аптасына 3, 5 миллиметрге ұзарады. Орта есеппен алғанда, адамның басында 100. 000-нан 120. 000-ға дейін шаш болады. Бүкіл денеде саны 20 миллионға дейін жететін өзге де түктер болады. Сондай-ақ әрбір кірпік 1 - 2 ай ғана өмір сүреді де, түсіп қалады, содан кейін ол фолликулдан жаңа кірпік өсіп шығады.
Ал тырнақ аптасына 2, 5 миллиметрге дейін өседі. Бір қызығы, қол көбірек қимылдаған сайын тырнақтар да жылдамырақ өседі екен. Тіпті ?6?
Қортынды.
- Бүгінгі тақырып сендерді несімен таңғалдырды?
- Осындай ерекше қабілетті сендер өз бойларыңда дамыта алар ма едіңдер?
- Қай қабілетті игеру мүмкіндігі бәрінен жоғары
№2 сабақ
Адам ағзасының құрылысы
Мақсаты: Адам ағзасындағыкөмірсулар қарапайым және күрделі заттардың алмасуын түсіндіру
Ересек адам үшін ақуыздың орташа тәуліктік нормасы - ағза салмағының әр келісі үшін 1, 5 грамнан келеді. Және бұл порцияда өсімдік ақуыздары да, ағза жақсы сіңіретін жануар ақуыздар да болуы керек. Мұндай ақуыз көбіне етте, тауықтың төс етінде, сүт өнімдерінде, жұмыртқаның ақуызында болады. Өсімдік ақуызы картопта, бұршақ өсімдіктерінде болады.
Бірақ адам ағзасына тек ақуыз ғана емес, оған сол ақуызды сіңіруге, жаңа жасушаларды түзілуге көмектесетін энергия керек. Ал энергияны адам ағзасы көмірсулардан алады. Көмірсулар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Алғашқысы, аты айтып тұрғандай, оңай бөлінеді және ағзаға тез сіңіріледі, яғни адам энергиясына энергияны сол сәтте береді. Ал күрделі көмірсудың энергиясы бірнеше сағатқа жетуі мүмкін.
Қарапайым көмірсулар тәттілердің, сүт өнімдерінің, жемістердің құрамында көп болады. Көмірсу шамадан тыс болса, зиянды саналады, себебі ол қандағы қанттың құрамын көбейтеді. Оған жауап ретінде ағза инсулин бөледі. Күрделі көмірсуларды ботқалардың, нанның және көкөністердің құрамында кездестіруге болады. Бұлар өте тоқ тамақ болып табылатыны да сондықтан.
Ағзаға қажетті үшінші компонет - майлар. Жұрт артық салмақтан арыла алмай жатқанда, майдың қажеті қанша деп ойлайтын шығарсыз?! Бірақ, ол ағзаға өте керек зат. Себебі, майлар ақуыздардың да, көмірсулардың да қызметін атқарады. Яғни, біздің ағзамызда қандай бір күрделі кезде қажет болуы ықтимал энергияның қоры болуы үшін қор жасақталады. Осы қор - біз айтып отырған майлар. Оған қоса, майлар терінің, шаштың, тырнақтың жағдайына, тестостерон өндіруге жауап береді.
Майдан мүлдем бас тартуға болмайды, бірақ зиянды майлады тұтынуды азайтға болады. Ондай майлар сүт өнімдерінде, жұмыртқада, етте, тәттілерде болады. Есесіне, пайдалы майларды балықтан, жаңғақтан, т. б. өнімдерден ала аламыз.
Адамның он екі мүшесі
Бір жылда 12 ай болса, адамда 12 мүше бар. Уақыт көшінің бір жылы 365 күннен тұрса, Қытай емшілерінің айтуынша, адамның да буындары соншама. Мұның бәрі адамның табиғатпен тығыз байланысты ендігін айғақтайды. Қа-риялардың жадында болар, халық жұмбақтарының бірінде: «Дүниеде бір ағаш бар түбі жуан, он екі ұл, алпыс екі қыз бір күн туған», - деп айтылатыны. Мұндағы 12 ұл адамның он екі мүшесі, 62 қыз - адамның алпыс екі тамыры (алпыс екі мүшеге тараған тамыр), ал ағаш - адамның өзі.
Төрт мүше (екі аяқ, екі қол), жеті мүше тәрізді он екі мүше адамның дене бітіміне бай- ланысты айтылған. Біз бала кезімізде талай естігенбіз, алыс сапардан оралған адамдармен ауыл ақсақалдарының «Он екі мүшең аман ба? Төрт мүшең түгел оралдың ба?», - деп амандасып, жөн сұрасқандарын.
Осы қариялардың кезінде он екі мүшенің не екенін санамалап айтып кеткен бір нұсқасы бойынша адамның он екі мүшесі мыналар: Бас (біреу), омыртқа (біреу), жамбас (екеу), жауырын (екеу), тоқпан жілік (екеу), асық жілік (екеу), қары жілік (екеу) . Әрине, он екі мүшені басқа-ша талдап, түсіндіретіндердің болуы мүмкін. Қазақ - дана халық қой. Жеті қазынаның өзін әртүрлі құлпыртып айтатындай, он екі мүшені де солай түрлендіріп, бейнелей алатынына таласымыз жоқ. Көнекөз, шежіре кеуделердің барлық болжам, талдауы қисынды.
Он екі мүшенің жоғарғы, төменгі деңгейі
Көне заманғы халық емшілері адамның он екі мүшесінің әр бөлігі тәуліктің ішінде өзінің жоғарғы, төменгі денгейіне ауытқып, ылғи алмасып отыратынын дәлелдеп берген. Оны қазіргі заманауи медицина ілімінің өкілдері де мойындайды. Осынау ғылы-ми тұжырымдама бойынша адамның он екі мүшесінің, яғни қызмет жүйесінің әр бөлігінің тәуліктегі күш - қуаты мынандай:
1. Таңғы сағат 3 - 5-тердің шамасында өкпе жүйесінің қуаты (энергиясы) артады.
2. Таңғы сағат 5-тен 7-ге дейін тоқ ішектің қуаты күшейеді.
3. Таңғы сағат 7-ден 9-ға дейін асқазанның қуаты үсті-үстіне жақсарады.
4. Сағат 9-дан 11-ге дейін ұйқы безінің және талақтың қуаты еселеп артады.
5. Сағат 11-ден 13-ке дейін жүректің қызметі айрықша күшейеді.
6. Түскі сағат 13-тен 15-ке дейін ащы ішектің қуаты барынша артады.
7. Түстен кейін сағат 15-тен 17-ге дейін қуықтың қуаты өте жоғары болады.
8. Сағат 17-ден 19-ға дейін бүйректің қуат көзі ерекше күшейеді.
9. Түні сағат 21-ден 23-ке дейін иық сүйегінің қуаты барынша артады.
10. Түнгі сағат 23-тен түнгі сағат 1-ге дейін өттің күш - қуаты өте молаяды.
11. Түнгі сағат 1-ден 3-ке дейін бауырдың қуаты шарықтау шегіне жетеді.
12. Тек 12 сағаттан кейін әр мүшенің қабынуы өз қалпына түседі, төменгі
шегіне жетіп, тынышталады.
Ғалымдар көп адамның ауруды өздерінің мінезінен, жат қылықтарынан, рухани жан дүниесінің таяздығынан, адамгершілік қасиеттерден жұрдай- лығынан да табатынын айтады. Яғни, мынандай адамдар- ға мынандай сырқаттар үйір. (Бұл - медициналық, ғылыми басылымдар бойынша дай-ындалған болжамдар) :
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz