Қазіргі психология ғылымы туралы түсінік


ері
ПСИХОЛОГИЯ - ҒЫЛЫМ
1-лекция
Жоспары:
1. Қазіргі психология ғылымы туралы түсінік.
2. Қазіргі заман психологиясы мақсат-міндеттері, ғылымдар жүйесінде алатын орны.
3. Психология ғылымының салалары мен тармақтары.
(Қосымша деректер)
- Қазіргі психология ғылымы туралы түсінік.
Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберінде өркендеуі мен қалыптасуына, төңірегіндегі басқа адамдармен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқан қызығушылық уақыт өте келе өрістей түскен. Адамның даму заңдары мен оның болмысының жасампаздық мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның кемелденуі үшін өте қажет. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін объекті, ал ғылымдар әрқайсысы өзіне тән ерекше көкейкесті мәселелермен айналысады. Солардың ішінде қоғамдық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеуде психологиялық факторларды айналып өтуі тіпті мүмкін емес.
Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан-салалы ғылым. Психология ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мың жылдай болды. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия.
Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сөзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар (түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т. б. ) көпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді.
Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты психикалық құбылыстары, процестері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын, спорт салаларындағы бірде-бір әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып, білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін обьект. Солардың ішінде гуманитрлық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескереді. С. Л. Рубинштейн өзінің «Жалпы психология негіздері» (1940ж. ) атты еңбегінде «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрінеді: - олар біздің сезімдеріміз бен ойларымыз, қабылдауларымыз бен түйсінулеріміз, ықылас-ниеттеріміз және т. б., яғни біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрап, біздің жан толғаныстарымыз үшін денімізге ажырамастай болып сіңген құбылыстар жиыны», - деген.
Ерте заманда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсінік бойынша жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс және адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады. Мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы жалған түсініктің қалыптасуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды. Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын, ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Осылайша, психикалық процестер, қалыптар мен қасиеттер ғылыми талдауға түсіп, зерттелгенге дейін адамдардың бір-бірі жайлы қарапайым түсініктер мен ұғымдар жинақтала берді.
Қазіргі заман психология теориялары мен психология салаларының бастаулары осы өмір тәжірибесі мен атадан балаға ұрпаққа жеткен рухани мұрадан келіп шығады. Психология ғылымындағы күрделі міндеттердің бірі - заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре білу. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы жылдары психологиялық зерттеулер айтарлықтай ұлғайып, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымынында жаңа болжамдар мен тұжырымдамалар пайда болып, психология жаңа тәжірибелік мәліметтермен толысуда. Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі үш бөлімін қарастырамыз:
1) психикалық процестер;
2) психикалық қасиеттер;
3) психикалық қалып.
1) Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сөйлеу, қиял және елес, ес;
2) Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез, қабілет.
3) Психикалық қалып: адамның түрлі көңіл күйінің (зерігу, үрейлену, абыржу, ашулану, қуану) т. б. компоненттері.
Сонымен, психология - психикалық құбылыстардың пайда болу, қалыптасу заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.
Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі - сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, процестерді қамтиды. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау - теория болады деп көпшілік санайтынын ерекше атап айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған жиналған білімдерді салыстыру мен интеграциялау да, оларды жүйелеу де және т. б. кіреді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттелетін құбылыстардың мағынасын ашу саналады. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер пайда болады.
Психологияның төмендегідей негізгі дәрежелері бөлініп айтылған: бейнелеу дәрежесі, әрекет дәрежесі, тұлға дәрежесі, қарым-қатынас дәрежесі, сондай-ақ жалпыламалық деңгейі бойынша дәрежеге теңелетін ұғымдар бұл "әлеуметтік" және "биологиялық" ұғымдар. Адамның әлеуметтік және табиғи касиеттерінің объективтік байланыстарын, әлеуметтік және биологиялық детерминанттарының даму барысындағы қатынасын анықтау - ғылымның күрделі міндеттерінің бірін білдіреді. Психология өнеркәсіптегі, мемлекеттік басқарудағы, медицинадағы, мәдениеттегі, спорттағы, білім беру жүйесіндегі және т. б. ерекше кәсіби практикалық әрекеттің аумағына айналуда. Психологиялық ғылымды практикалық міндеттерді шешуге енгізу, оның теориясының даму жағдайларын да маңызды өзгеріске ұшыратады.
Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан іздеп, психологияны әр даму кезеңіне орай өзінің зерттеу пәніне деген көзқарасының өзгеретінін байқау қажет. Психология өте ежелгі де, өте жас та ғылым. Мың жылдық тарихының барына қарамастан, оның бар болашағы әлі алда. Психологияның дербес ғылыми сала болып танылғанына енді ғана жүз жылдан асып барады, ал ол шұғылданған психологиялық ой, проблемалар тарих тұңғиығында бастау алған философиямен бірге келе жатыр.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында, белгілі психолог Г. Эббингауз психология тарих алдында ұлан ғайыр, ал тарихы өте қысқа- деген болатын. Психология ғылымынң даму тарихы 2 кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі 2500 жылға созылған, ежелгі гректің ғалымы Аристотель есімімен байланысты. 2500 жылға созылған осы кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиеттану, жаратылыстану т. б. ) аралас дамыды. Оның 2-ші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В. Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.
Орта ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып, Ф. Бэкон ғылымда индуктивтік әдісті дамытты. Бұл әдіс бойынша дүниетану, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан - қиынға, жақыннан -алысқа, деректіден - дерексіздерге көшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға ерекше әсер етті. Жаңадан бас көтеріп эканомикада өз орнын ала бастаған буржуазия тобы, өздерінің өндіріс орнындағы жұмысшылардың психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін, адамдардың ақиқаттық, нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді керек қылды. Буржуазияның осынау мақсаттарын орындауға эмпериялық психологияның аренаға шығып дами бастауы қолайлы болды. Бұл психология Ф. Бэконның эмперикалық философиясына негізделді. Ф. Бэкон тек жаратылыстану ғылымдарын емес, философия, психология ғылымдарын да схолостикадан арылтып, оларды тұрмысқа, өмірге үйлестіріп, ғылыми түрде дамуға негіз салды.
Эмпериялық философияның принциптерін психология ғылымын ағылшынның келесі ғалымы Джон Локк (1632-1704) таратып, әрмен қарай дамыта бастайды. Психологияда метафизикалық, схоластикалық, құрғақ әдістерге шабуыл жасалып, нақтылы білімдерге көшу мәселесі қолға алынды. Дж. Локк эмпериялық психологияның, философияның теориялық негіздерін белгіледі. Ол өзінің философия-психологиялық концепциясында сенсуалистік көзқарасты дамытады. Бұл көзқарас бойынша психика нәсіл арқылы берілмейді. Адам туғанда оның психикаы - табула расса (таза тақта) есебінде болады. Дж. Локк «негізгі принципке білімдердің және идеялардың сезімді дүниеден пайда болуына» толық түрде түсінік берді. Бірақ сыртқы және ішкі тәжірибелерді ажыратуда Дж. Локк дуалистік философияның жолына түсті. Ол өзінің «сыртқы тәжірибесін» дәлелдеуде - материалист, «ішкі тәжірибесін» дәлелдеуде - идеалист болып көрінеді. Оның ұғымынша, біз сыртқы тәжірибе арқылы ғана дүниедегі заттарды сезім мүшелерімізбен түйсіну, қабылдау арқылы ғана танимыз, онсыз сыртқы дүниеден ешбір мағлұмат ала алмаймыз. Дж. Локктың айтуынша, біздің біліміміз заттар туралы білім емес, тек қана заттардың елестеулері туралы білім. Ақиқаттың сыртқы дүниесінің біздің санамызға сәуле түсіруі емес, елестеулер мен ұғымдардың бір-бірімен келісімі. Бұл айтылғандардан Локктың сенсуализмі дуалистік философияға негізделгенін, оның «сыртқы тәжірибесі» идеализмге негізделгенін көруге болады.
Эмперикалық психологияның белгілі ірі ғалымдарының бірі, ағылшын философы және психологы Давид Юм (1771-1776) ассоциациялық эмперикалық психологияға негіз салды. Кейіннен психологияның бұл ағымын Милл, Спенсер т. б. дамытты. Юм адамның өте күрделі диалектикалық жолмен дамитын санасын механистік жай элементтерге, түйсіктерге және олардың көшірмесін елестеулерге бөлді. Оның ұғымынша, адамның күрделі психикалық әрекеттері, қылығы осы элементттердің жай қосындысынан ғана, елестеулердің бір-бірімен жай байланысуынан ғана құралады.
Өткен ғасырдың орта шенінде көп табыстарға жетіп, өршіп алға басқан табиғат ғылымдары психология ғылымына зор әсер етті. Табиғат ғылымдарында қолданылатын тәжірибе жасау әдістері психология ғылымына да ене бастады. Психология бара бара өзінің зерттеулерінде дәл ақпараттарды пайдаланылатын тәжірибелік әдістерді қолдана бастады. Эмперикалық психологияның өзінде-ақ кейбір психологтар, әсіресе, Вундт пен Джемс ассоциативтік психологияның өрескел қателеріне қарсы шыға бастады. Вундт - заттарды қабылдау - түйсіктері мен елестеу - тездің жай ғана қосындысы, шумағы емес екендігін, перцепция мен апперцепцияны өндіріп отыратын өте күрделі психикалық процесс екендігін айтты. Джемс - сана әрекеттерінің сыртқы ақиқаттық дүниеден айрықша өзгешеліктеріне көбірек көңіл бөлді; психикалық әрекеттердің өне бойы өзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа ауысып, толқып отыратын «сана ағымы» екендігін айтты. Әйткенмен, бұлар ассоциативтік психологияға ашық қарсы тұрып, оның қателерін түгел көрсете алмады.
Эмперикалық психологияның мынадай қателері болды:
1. Психология ғылымын «психика құбылыстары», «сана құбылыстары» ғылымы есебінде түсініп, психиканы сыртқы дүниенің санадағы сәулесі есебінде қарамай, жалғыз іштен шығатын әрекет дей білуі. Эмперикалық психология идеалистік психология болды.
2. Психика сыртқы дүниенің әсерінсіз өзінен-өзі іштен пайда болып, өз бетімен дамиды деген ұғымға сүйеніп, әрбір адамның өзін-өзі байқау әдісін психологияның негізгі әдісі деп білу. Әр адам өзінің ғана психикалық әрекеттерін біле алады, басқа адамдардың психикалық әректтерін зерттеп білуге болмайды. Объективтік байқау әдісінің орны психологияда емес, философияда, физиологияда деген ұғымды жақтау. Психологияның бұл ағымы «эмперикалық психология» делініп аталғанмен, эмперияны объективтік түрде қарамай, әр адамның жеке өзін-өзі байқайтын субъективтік тәжірибесі деп түсінді.
3. Психикалық әрекеттерді механистік көзбен қарау. Адам жеке тұлға есебінде емес, тек қана бір-бірімен механистік түрде қосылған бөлшектер есебінде қаралған. Ол - сезімдердің жинағы сезімдердің бір түрі есебінде қаралған.
4. Адамның психикалық әрекеттерінің тарихта өзгеріп отыруының, адам баласының пайда болып, өсіп-дамып отыруын зерттемеді. Нақты тарихи жағдайларда тіршілік ететін адамдарды зерттемей, ешбір қоғамға тән емес, тарихта болмаған абстрактылы, дерексіз адамның психикалық әрекеттерімен шұғылданды.
5. Психофизикалық теорияға негізделу. Рухани әрекеттер мен физикалық әрекеттердің әрқайсысы өз алдына өмір сүреді, олардың әрқайсысы өз алдына болғанымен араларында байланыс бар, бір-біріне әсер етеді деген теорияны жақтайды.
Эмпирикалық психологияның қателерімен бірге олардың алға басқан жақтары да болды. Олар психология ғылымының дамып, алға кетуіне себептерін тигізді. Құрғақ оймен шұғылданып, дәлелсіз құрғақ қорытындылар шығарған ескі схоластикалық метафизика психологиясына қарсы, тәжірибелік әдістерді қолданып, психологияны тұрмысқа жақындатуға тәжірибелік ғылымға айналдыруға ұмтылды. Психология ғылымының мағлұматтары тәрбие жұмысында, медицинада, өнер жүйесінде, әдебиетте, өндіріс орындарында, түрлі еңбек салаларында т. б. жерлерде мейлінше мол қолданыла бастады.
19-ғасырдың 2-ші жартысынан бері қарай ғалымдар психикалық құбылыстарды (түйсік, қабылдау, ес, елес т. б. ) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдықтың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дами бастады. Психиканы зерттеу және түсіндіру психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болады. Сонымен психология алғашқыда Жан туралы ғылым ретінде анықталды. Әр тарихи дәуірлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсіндірді. Психиканың мәніне байланысты көзқарастардың қалыптасуы және дамуы әрқашанда философияның өзекті мәселесі - материя мен сана, заттық және рухани болмыстардың ара қатынасына байланысты болған. Осы мәселе төңірегінде бір-біріне қарама-қарсы бағыт материализм мен идеализмнің талас тартысына толы болды. Психикалық құбылыстарды идеалистік тұрғыдан түсінудің мәні психиканың материядан тыс, өз бетінше өмір сүретін болмыс ретінде қаралатындығында. Психика - тәнсіз, материясыз негіздің, «абсолютті рухтың», «идеяның» көрініс беруі -, дейді идеалистер. Материалистік түсінік бойынша психиканы материядан туындайтын, екінші құбылыс ретінде көрсетеді. Идеалистік бағыт өкілдері материяға қатысы жоқ ерекше рухани бастаманың барын мойындап, психиканың әрекеті тәнсіз, мәңгі жойылмас жанның көрінісі деп біледі. Ал барша заттасқан дүние мен процестер, оларша біздің түйсігіміз бен елестеріміздің нәтижесі. Діннің пайда болуымен психика «о дүниемен» байланысты, көрінбейтін, әрі мәңгі жасайтын, тәннің екінші бір баламасы - рухтық зат деп танылды. Бар әлемнің бастаушысы идея, рух, сана, ал материя осылардан туындайды деп есептеген әр түрлі идеалистік бағыттар дамыды. Психиканы адамның рухани өмірінің көрінісі және ол барлық материалдық табиғат бағынатын заңдарға бағынбайды деп қарастырған идеалисті философия, адам психикасын түсінудегі материалдық көзқарасты көптеген ғасырларға ығыстырды.
Тек ХVІІІ ғасырда психология ілімдерінің дамуының жаңа кезеңін бастады. Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпті дене әрекетінің де психикаға қатысы жоқтығын көрсетті. Р. Декарт ғылымға бір мезгілде екі ұғымды енгізді. Сана және рефлекс. Бірақ ол өз ілімінде жан мен тәнді бір-біріне қарама-қарсы қойды да, өзара тәуелсіз екі болмыс - материя және рухтың жасайтынын уағыздады. Сондықтан психология тарихында бұл ілім «дуализм»( екі тарапты) деген атаққа ие болды. Дуалистік ілімнің негізінде ХІХ ғасырда психологияда психофизикалық параллелизм (яғни психикалық және физикалық құбылыстар қатарлас өзара тәуелсіз, бірақ бірге деп тұжырымдайтын) деген идеалистік теория кеңінен тарады. Бұл бағыттың өкілдері - В. Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Бине, Джемс және т. б.
Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасқан уақытынан басталатын дамуы, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әр түрлі мақсаттағы зерттеулердің әр түрлі әдістерін пайдаланатын өзара ауыспалы теориялардың үздіксіз күресіне ұласты. Сананың құрылымының, мазмұнының және белсенділік деңгейінің әр түрлі сипатталуы - интероспективтік психология шеңберіндегі теориялар арасындағы негізгі айырмашылық болып саналады. Осы тұрғыдан идеалистік сана психологиясы өз зерттеулеріне 5 бағытта алып барды:
- сана элементтер теориясы (негізін салғандар В. Вундт және Э. Титченер) ;
- саналық әрекеттер психологиясы (Ф. Брентаноның есімімен байланысты) ;
- саналық ағым теориясы (У. Джемс негізін салған) ;
- дербес құрылым психологиясы (гештальтпсихология) ;
- Дительдің сипаттамалық психологиясы.
Осы кезде психологияда эксперименттік әдістің болуына қарамастан, бұл теориялардың бәріне тән ерекшелік - психикалық құбылыстардың мәнін түсіндіру ғана емес, тек қана суреттеп сипаттау болды. 1879 жылы В. Вундт Лейпцигте алғашқы экспериментальдық лабораторияны ұйымдастырды. Сана психологиясына эксперимент қою мүмкіндігі ашылды. Диалектикалық материалазм көзқарасы бойынша материя 1-ші кезекті субстрат (негіз), психиканың иесі ретінде қаралады; психика, сана - бұл 2-ші обьективтік шындықтың мида бейнеленуі. Сыртқы психикалық өмірсіз ішкі психикалық өмір бола алмайды. Яғни, өзінен тәуелсіз әрі тысқары обьективтік шындықты психика, сана бейнелейді, бұл ұғынылған болмыс. Ақиқат болмаса, бейнелеу туралы айтудың мағынасы жоқ. Бұл туралы ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит сол кездің өзінде-ақ психиканы оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндіреді. Ол психиканың мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон керісінше «психика мәңгі өлмейді, өшпейді». - деп тұжырымдады.
Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу-насыр әл-Фараби дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, психика денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса алмайды деп материалистік тұрғыдан пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский психиканың мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді дамытты. Психика дүниесінің сыры жайлы дәйекті материалистік пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан. Мұндай ой-пікірлер фольклорда, әсіресе, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мысалы: «Тән ауырса, жан ауырады», «Тәні саудың жаны сау», «Тән өледі, демек жанда өледі». «Жан бар жерде қаза бар» т. б. Ал, Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар, Шал, Дулат, Махамбет т. б. ақын-жыраулар мен ойшылдардың толғауларында ата-бабаларымыздың жан дүниесінің сырлары әр қырынан сөз болады.
2. Қазіргі заман психологиясы мақсат-міндеттері, ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті психикалық іс-әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зерттеулер аймағы біршама кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалар дүниеге келді. Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді, жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздіксіз өрістеуде, психология бұрын кезікпеген эмпирикалық деректермен толығуда. Б. Ф. Ломов «Психологияның методологиялық және теориялық проблемалары» атты еңбегінде қазіргі заман ғылымының жағдайын сипаттай келе, «бүгінгі күнде психологияның әдіснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан да былай тереңдетіп зерттеудің қажеттігі күрт жоғарылады», - деп жазды.
Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше, психология олардың нәтижелерін өзіне қалай қолданатынын жете түсінуге болады.
Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі - зерттеу объекті адам болған барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz