ҚАЗІРГІ САЯСИ ҒЫЛЫМНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 176 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

Шадинова Г. Ә.

ҚАЗІРГІ САЯСИ ҒЫЛЫМНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Түркістан

2014

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қоғамдық ғылымдар кафедрасының оқу-әдістемелік мәжілісінің «25»_12_2014 ж. №4 хаттама мәжілісінде мақұлданды. Әлеуметтік ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің хаттама №5 «_08_»_01_2015 ж. мәжілісіне бекітіліп, университеттің оқу әдістемелік кеңесінде бекітуге ұсынылды.

Пікір жазғандар :

Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Нұсқабаев О. Н.

Философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Шалдарбекова А. Б.

Шадинова Г. Ә. Қазіргі саяси ғылымның негізгі мәселелері. Ж оғары оқу орындарының магистранттарына арналған лекциялық жинақ. - Түркістан: Тұран, 2014. - 160 б.

Бұл лекциялық жинақта қазіргі саяси ғылымның негізгі мәселелері курсының негіздеріне арналған. Бұл еңбекте саяси ғылымның негізгі мәселелерінің методологиясы мен қоғамдық мәселелеріне қысқаша мәлімет берілді.

© Тұран, 2014

© Шадинова Г. Ә., 2014

КІРІСПЕ

Пәннің мақсаты: . магистранттарды қазіргі Қазақстандағы саясаттану ғылымының өзекті проблемаларымен таныстыру. Сонымен бірге, әлемдік саясаттану ғылымының даму тәжірибесін талдау. Саясат тарихы мен теориясының теориялық-методологиялық негіздерін, саяси институттардың, қоғамның саяси өміріндегі заңдылықтарын, саяси процестердің даму үрдістерін, сыртқы саясаттың ерекшеліктерін қазіргі саяси теориялар негізінде талдау.

Пәннің міндеттері :

  • Бұл пәнді игеру нәтижесі магистрантқа саясаттану ғылымының қазіргі проблемаларымен таныстырады;
  • қазақстандық қоғамның саяси өмірінің негізгі мәселелерін білуге мүмкіндік жасайды;
  • саяси зерттеулердің өзектілігін негіздейді;

Білім беру бағдарламалары құрылымындағы пәннің орны және қысқаша мазмұны

Саясаттану ғылымының қазіргі заманғы өзекті мәселесі Қазақстан Республикасының саяси процесінің өмірлік-маңызды аспектісі болып табылады. Саясаттанушы-аналитик үшін оны игеру саяси өмірдің маңызды мәселелерін талдауға және маңызды саяси қорытындылар мен ұсыныстар жасауға қажет.

Пәнді оқығаннан кейін білім алушының меңгеретін:

Білімі : Магистранттарды қазіргі саяси ғылымның негізгі мәселелерін және оның ерекшеліктерімен таныстыру, оның тарихының негізгі кезеңдерін атап өту.

- магистрант жастардың толық мағынадағы саяси субъект дәрежесiне көшiру баспалдағы болу және жас азаматтың саяси көзқарастарының iргелi негiзiн құрайтын, қоғамдағы бiрлiктi, тұрақтылықты сақтауға ықпал ететiн саяси дүниетанымын мен саяси бағдарын қалыптас-тыру, дамыту.

- адамды іс-әрекет, таным, қарым-қатынас субьектісі ретінде зерттеу үшін қазіргі заманғы өзекті білімдерді ғылыми негізде қолдана білуге дағдылар қалптастыру.

Білігі - Магистрлік топтарды дәстүрлі әрі белсенді әдістерді қолдана отырып олардың шығармашылық және өз бетінше ойлай білу, қабілетін жетілдіру ;

- Болашақ мамандардың бойында тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашағын қалыптастыруда дамыту үшін ғылыми білімдерді іске асыру болып табылады ;

Құндылық құраушылары:

- Саясаттану жас мамандарға саяси қажеттiлiктерiн мемлекет тарпынан iске асырудың жолдары мен әдiстерiн дұрыс таңдауға, демократиялық тәртiптердi және қоғамдық институттарды қалыптастыруға көмектеседi. Саясаттану негiздерi саяси төзiмдiлiктi, келiсiмге, серiк-тестiкке, мәмiлеге келе бiлудi, дау-жанжалды дер кезiнде шешудi, ұлтжандылықты, қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершiлiктi сезiнуге ықпал етедi

№1 Лекция тақырыбы: Саясаттанудың ғылыми-методологиялық негіздері

Лекцияның жоспары:

  1. Саясаттанудың ғылыми зерттеу негіздері
  2. Саясаттану ғылымының қазiргi кезеңдегi ғылыми бағыттары
  3. Саяси ілімдер тарихындағы мәндік, тұрақтылық және қайталанушы аспектілер

Лекцияның мақсаты: Саясаттанудың ғылыми-методологиялық мәселелерді анықтау

Лекцияның мәтіні:

Дүниежүзiлiк саяси iлiмдер тарихы - адамзаттың рухани мəдениетiнiң маңызды құрамдас бөлiмдерiнiң бiрi. Мұнда адамзаттың өткен заманнан бүгiнгi күнге дейiнгi саяси-құқықтық iлiмi мен тəжiрибесi жинақталған, мемлекет, саясат, заң жүргiзу, құқық, бостандық мəселелерiнiң негiзгi қағидалары жəне iлiмдерi анықталған. Адамзаттың өткен уақыттағы саяси-құқықтық тəжiрибесi, идеялары, ойлары қазiргi замандағы саяси жəне құқықтық iлiмнiң дамуы мен оның бағытына едəуiр ықпал етедi, бiздiң қазiргi iс-əрекетiмiзге бағыт бередi. Қазiргi дүниенi неғұрлым дұрыс танып, бiлу үшiн жəне болашақ жақсы өмiрдiң дұрыс жолын таңдай бiлу үшiн адамдар əр уақытта, əр дəуiрде өзiне дейiнгi өткен идеялар мен қағидаларға сүйенген. Өткен тарихты жəне адамзаттың ұзақ ғасырлық тəжiрибесiн пайдалану тарихи қажеттiлiк болып табылады. Қазiргi кезде елiмiзде алуан түрлi саяси бағыт-бағдар ұсынған партиялар мен қозғалыстар дүниеге келдi. Олар дүниеге келiп ғана қойған жоқ, белгiлi-бiр мақсат ұстанған нақты күш ретiнде саяси аренаға шықты. Олардың саяси қызметi мемлекет iсiне, құқыққа, саясатқа белгiлi бiр дəрежеде ықпал да жасауда. Қоғамдық бiрлестiктердiң пайда болуы, дамуы жəне саяси платформасы əлемдiк тарихтың жəне Қазақстанның бұған дейiнгi əр кезеңiнде болған партиялар мен қозғалыстар тарихына сипаттас, мазмұндас жəне үндес болып келедi. Сондықтан да олардың Отан тарихында алатын орны мен құқықтың көзқарастары жиынтығын қарастыру мен шешуде əлемдiк саяси-құқықтық iлiм тарихының саяси тəжiрибесi мен ғылыми тұжырымдарын ескерудiң пайдасы зор болмақ.

Саясатта ақиқатты табудың бiрден-бiр дұрыс жолы демократиялық ойлау жүйесiн қалыптастыру екендiгi белгiлi. Ал мұндай баламалы ойлау жүйесiнiң бұған дейiнгi тарихы, ондағы саяси оқиғалар мен ағымдардың, ойлар мен идеялардың пайда болуы мен дамуы жəне жүзеге асу жолдары саяси жəне құқықтық iлiмдер тарихы ғылымында сараланады. Ендеше адамзаттың саяси жолында болашақты дұрыс таңдай бiлуi оның бұрынғы тарихын жақсы оқып, үйренуiне де байланысты.

Саяси iлiмдер тарихы əртүрлi көзқарастар мен ойлардың күресi ғана емес, сондай-ақ адамзаттың таңдаулы өкiлдерiнiң мемлекет пен құқықтың даму тарихын, бостандық пен əдiлдiктiң, заң мен заңдылықтың, қоғамдық жəне мемлекеттiк құрылыстың, адамдардың құқы мен бостандығын, билiк пен жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы мен олардың формалары мен принциптерi туралы терең де зерделi ойлар айтқанын көрсетедi.

Саяси iлiмдер тарихы пəнi заң ғылымы жүйесiнде жеке пəн болып есептелiнедi. Бұл пəннiң зерттеу нысаны мемлекет, құқық, саясат жəне заң шығару туралы iлiмнiң пайда болуы мен дамуы. Саяси iлiмдер тарихы пəнi заң, тарих, философия, саясаттану ғылымдарын да қамтиды. Саяси iлiмдер тарихы таза түрiндегi заң пəнi ғана болып табылмайды.

Саяси iлiмдер тарихына заңгерлермен қатар гуманитарлық пəндер өкiлдерi, ең алдымен философтар едəуiр үлес қосты. Философиялық ойдың бүкiлəлемдiк ойшылдары Пифагор, Гераклит, Демокрит, Протагор, Сократ, Платон, Аристотель, Эпикур, Фома Аквинский, Падуанский, Спиноза, Гобсс, Локк, Кант, Фихте, Гегель, Бердияев, Н. Макиавелли, жаңа дəуiрдiң ойшылдары Ж. Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Пейн, Бентам, Штейн жəне т. б. ойшылдар саяси-құқықтық iлiмге зор мұра қалдырды. Басқа да пəндер сияқты, саяси iлiмдер тарихының өзiндiк ерекшелiгi бар.

Танымның ғылыми əдiсi саяси iлiмдер тарихының бай қазынасын зерттеуге жəне танып бiлуге мүмкiндiк бередi. Саяси жəне құқықтық iлiмдер тарихының əдiстемесi əртүрлiойларды, көзқарастарды жəне идеяларды нақтылы тарихи тұрғыдан дұрыс түсiнуге көмектеседi.

Нақтылы бiр тарихи дəуiрдегi қоғам, мемлекет, құқық, саясат туралы ойларды дұрыс түсiну үшiн сол қоғамның, сол дəуiрдiң белгiлi бiр əлеуметтiк топтары мен таптары үшiн, олардың қандай мүдделерiн қорғағандығын, бұл iлiмнiң авторы қандай мақсат пен позиция ұстанғандығын бiлу шарт. Сонда ғана саяси жəне құқықтық iлiмдер мен ойларға, идеяларға сол кезеңнiң жəне сол мемлекеттiң ерекшелiгiне қарай дұрыс баға беруге болады. Ең алдымен саяси iлiмдер тарихының негiзгi кезеңдерi мен оның ерекшелiктерiн жəне саяси тарихын терең бiлу шарт. Саяси iлiмдер тарихын хронологиялық жəне мазмұндық тəртiппен iрi төрт кезеңге бөлуге болады.

1. Ежелгi замандағы саяси iлiмдер тарихы (алғашқы мифтiк көзқарастардың пайда болуынан, б. з. д. 3 мың жылдықтан - б. з. V ғасырына дейiн) .

2. Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дəуiрiндегi саяси iлiмдер тарихы (V-XVII ғ. ғ. ) .

3. Буржуазиялық революциялар кезеңiндегi саяси iлiмдер тарихы (XVIII-XIX ғасырдың бiрiншi жартысы) .

4. XIX ғасырдың екiншi жартысы мен ХХ ғасырдағы саяси жəне құқықтық iлiмдер тарихы.

Саяси iлiм тарихының ежелгi заманнан қазiргi күнге дейiнгi хронологиялық тəртiппен баяндалуы ұлы ойшылдардың сол заманға лайық бейнесiн (мысалы, Сократ, Аристотель, Макиавелли, Монтескье, Пейн жəне т. б. ) беруге, олардың мемлекет жəне құқық туралы жаңа концепцияларын жəне саяси-құқықтық ойдың кең тараған бағыттары мен ағымдарына, мектептерiне (мысалы, брахманизм, буддизм, даосизм, ежелгi қытай легистерi, софистер, рим заңгерлерi, құқықтың тарихи мектебi, заңдық позитивизм жəне т. б. ) оң баға беруге көмектеседi.

Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуы. Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық, әлеуметтік жүйе әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Бұрын жоғары оқу орындарында тоталитарлық тәртіп, коммунистік идеология тудырған марксистік тұрғыдағы жасанды пәндердің орнына бүкіл дүние жүзі мойындап, өркениетті елдерде бұрынан оқытылатын бүгінгі заман талабына сай келетін пәндер енгізіле бастады. Солардың ішінде ерекше орын алатыны - саясаттану.

Саясаттанудың немесе саяси ғылымның өзіндік әдістік принциптері, түсінік, ұғымдық аппараты бар өз алдына дербес оқу пәні ретінде қоғамтану пәндерінен бөлініп қарастырыла бастауы - қазіргі Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру міндеттерімен байланысты.

Саясаттану терминіне келетін болсақ, саясаттану (орысша «политология») термині грек сөздерінен құралған: politike (мемлекеттік және қоғамдық істер, мемлекетті басқару ісі, мемлекетті басқару өнері деген мағынада), polis (қала-мемлекет) және logos (ілім, ғылым) сөздерінен құралған. «Саясат» («политика») сөзі Аристотельдің «Политика» деп аталған мемлекет, басқару, үкімет туралы трактаты ықпалымен пайда болған.

Саяси ғылымның пайда болуын ХІХ - ХХ ғғ. межесімен байланыстырады. Бұл кезеңде саяси құбылыстарды зерттеудің жаңа әдістемелері қалыптасты, олар қазіргі заманғы саясаттанудың дамуында маңызды роль атқарған түрлі мектептер мен бағыттардың пайда болуына әкелді. Саясаттанудың әдістемелері: позитивтік әдістеме (өкілдері О. Конт, Г. Спенсер), эмпирикалық (тәжірибелік) әдістеме (Ч. Мерриам), әлеуметтік әдістеме, марксизм, психоанализ (З. Фрейд), бихевиоризм. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін саясаттану өзінің зерттеу мәселелерінің шеңберін кеңейтті. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап саясаттану ұйымдық жағынан да қалыптаса бастады. 1948 жылы Парижде өткен саяси ғылым мәселелері жөніндегі Халықаралық коллоквиумда саясаттанудың мазмұнын, оның негізгі мәселелерін анықтайтын құжат қабылданды. Онда саяси ғылымның негізгі зерттеу мәселелері болып төрт мәселе көрсетілді: саясат теориясы және саяси идеялар тарихы; саяси институттар; партиялар, топтар және қоғамдық пікір; халықаралық қатынастар. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың Халықаралық ассоциациясы (СҒХА) зор роль атқарды. ХХ ғ. 70-90 жж. саяси ғылымның түпкілікті институционалдануы жүзеге асты. Саясаттану жалпы мойындалған, ұйымдық жағынан құрылған, кең тармақталған білім беру және зерттеу мекемелері бар академиялық пәнге айналды.

Ал біздің еліміздегі саяси ғылымның дамуы күрделі қиын жолдан өтті. Алғаш болып саясат, мемлекет, билік жөнінде араб тілді түрік ойшылдары, ғалымдары - Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ. А. Яссауи өз еңбектерін жазды. XV-XVIII ғғ. қазақ хандары, Тәуке хан, ХІХғ. ағартушы-демократтары Шоқан, Ыбырай, Абай, ХХ ғасыр басында Алаш зиялылары - еліміздің саяси тағдыры, өз халқының болашағы туралы өз ойларын айтты.

Бұрынғы Кеңес Одағы елінде саясаттануды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп оқытпады. Себебі, Кеңес өкіметі, шын мәнінде саяси сауатты адамдарды дайындауға мүдделі болмады. Бірақ бұл біздің елімізде саяси ғылымға еш көңіл бөлінбеді деген сөз емес. Саяси мәселелер тарихи материализм, ғылыми коммунизм, КОКП тарихы сияқты коммунистік идеологияға негізделген пәндер шеңберінде, ең алдымен қандай әлеуметтік- саяси процестер социализм мен коммунизмге әкеледі, сол тұрғыдан оқытылды. Алайда тек 80-ж. соңында саясаттануға деген көзқарас КСРО-дағы түбегейлі реформаларға, қоғамның демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді. Қазіргі Қазақстанның барлық жоғары оқу оындарында бұл ғылым жеке пән ретінде оқытылады.

Саяси нақтылық - саясаттанудың зерттеу және үйрену объектісі. Кез келген ғылым сияқты саясаттанудың да өзінің объектісі мен мәселелері бар. Саясаттанудың зертеу объектісі - қоғамның саяси өмірі және ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер, яғни саяси нақтылық болып табылады. Қоғамдық өмір - объективті, әлеуметтік практикалық процесс. Табиғатқа қарағанда қоғамдық өмірдің субъектісі, яғни оның жасаушысы бар. Субъект қандай болса, белгілі бір дәрежеде тарих та сондай. Тарихи катаклизмдер, әлеуметтік эволюциялар - адамдардың іс-әрекетінің нәтижесі, әлеуметтік күштердің, орасан зор бұқараның өзара қатынастарының нәтижесі. Қоғамдық өмірдің бұл жағын «саяси нақтылық» деген түсінікпен анықтаймыз.

Саяси нақтылық объективті, себебі қоғамдағы әлеуметтік жіктеліс жағдайындағы үлкен топтар қатар өмір сүріп, бір-бірімен әрекет жасайды, топтар мүдделерін өзара үйлестіре отырып, шешімдер қабылдау және оларды жүзеге асыру қажеттілігі пайда болғандықтан, топтар арасындағы қатынастар саяси сипат алады. Саяси қатынастар субъектілер арасындағы қатынастар болғандықтан субъектілік сипат алады. Сондықтан саяси нақтылықтың маңызды әлеуметтік меселесі - осы субъектілердің мүдделерін үйлестіру және соның негізінде қоғамның тұтастығын сақтау, прогрестің шарты ретінде - әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету. Саясаттану саяси нақтылықтың шығу негіздерін, оның қоғамдағы орнын, құрылымын, пайда болу заңдылықтарын, дамуын, қызметін қарастырады.

Зерттеушілердің көпшілігі саясаттануды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін шоғырланған, бірнеше жеке пәндерден тұратын ғылым деп санайды. Зерттеу меселелеріне байланысты саясаттану мынандай бағыттардан (жеке пәндерден) тұрады (1-схема) : саяси философия, саясат теориясы, саяси әлеуметтану, саяси психология, саяси ілімдер тарихы, саяси антропология, халықаралық қатынастар теориясы. Саясаттанудың келесі құрылымы оны теориялық немесе (немесе жалпы) және қолданбалы деп бөлумен байланысты. Саясаттанудың бұл екі бағыты бір-бірін толықтырып отырады.

Қазақстан Республикасы саяси шындық ретінде. Барлық уақытта, әсіресе бүгінгі күні саясаттың маңызы артып отыр, себебі саясат барлық уақытта жеке адамдардың, тіпті бүкіл халықтардың өміріне, тағдырына шешуші ықпал етеді. Антикалық заманның ұлы ойшылы - Аристотель б. з. д. V ғасырда-ақ айтқандай, саясат - адамның табиғатынан туындайды, себебі адам - әлеуметтік жәндік, ол тек қана ұжымда, қоғамда, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы ғана толыққанды өмір сүре алады.

Саяси білім мен мәдениет бүгінгі күні кәсібіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әрбір адамға керек, себебі ол қоғамда өмір сүріп, тіршілік етіп басқа адамдармен және мемлекетпен міндетті түрде бірлесіп әрекет етеді. Ал саяси білімі мен мәдениеті жоқ адам саяси істерде амал-айла, қулықтың арбауына түсіп, оны саяси белсенді күштер өз мақсаттарында пайдаланып кетуі мүмкін. Адамдардың көпшілігінің саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси сауаттылық қоғамды бір адамның дара әкімшілігіне негізделген үкімет жүйесінен, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады. Сондықтан мемлекетте адамдардың өркениетті өмір сүруіне тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі, өркениетті өмір сүру өнері ретіндегі саяси мәдениетті саналы түрде қалыптастыру қазіргі заманғы қоғамның міндеті, оның дұрыс дамуының маңызды шарты болып табылады.

Қазақстан Республикасы - қоғамдық өмірдің барлық салаларында сапалық түбегейлі өзгерістерді басынан кешіп отырған мемлекеттердің бірі болып табылады. Қазақстандағы саяси және қоғамдық қайта құрулардың табыстарға жету шарттарының бірі - азаматтардың саяси ғылым мен демократиялық мәдениет негіздерін меңгеруі болып табылады. Кез келген әлеуметік өзгерістердің, ең алдымен, адамдардың сана-сезімінде басталатыны белгілі. Демократиялық құрылыс тұрғындардың саяси мәдениетінсіз қалыптаса алмайды. Демократия - халық билігі, осы халық жеке адамнан басталады, демократия адамды биліктің көзі етіп, оны өз елінің тағдырын жасаушы, халықаралық саясатты жасаушы етеді. Демократиялық мемлекет жағдайында әрбір адам саяси шешім қабылдауға нақты әсер етпегенмен, мемлекеттік саясатта тұрғындардың түрлі топтарының мақсат-мүдделелінің ескерілуі, басқарушы элитаның құзіреттілгі мен жауапкершілігі адамдардың көпшілігінің саналы түрдегі таңдауы мен белсенділігіне байланысты болады.

Экономиканы әміршіл-әкімшіл әдістер арқылы басқарудан нарықтық шаруашылыққа көшу, тоталитарлық саяси жүйеден құқықтық мемлекетке, демократиялық жүйеге, азаматтық қоғамға көшу тұрғындардың саяси мәдениетінде түбірлі өзгерістерді талап етеді, нарықтық экономика мен плюралистік демократияға сәйкес бұқаралық менталитетті қалыптастыруды талап етеді. Демократиялық саяси білім - бұл процестердің тез жүзеге асуына септігін тигізеді. Саяси білім беру - қазіргі заманғы жеке адамның әлеуметтенуі мен саяси мәдениетін қалыптастырудың, демократиялық құндылықтарға жақындастырудың әдісі болып табылады.

Саясаттанудың әдістері, ұғымдары, функциялары. Методология - бұл жалпы теория, нені білу керек және қалай білу керек деген сұраққа жауап беретін, сондай-ақ іс жүзінде пайдаланатын тәсілдердің, әдістер мен ережелердің жиынтығын зерделейтін саяси ғылымның өзіндік әдістемесі. Әдіс деп - зерттеу жүргізудің ұйымдастыру тәсілін айтады. Саясаттануда жиі қолданылатын әдістердің үш тобы:теориялық танымдық әдістер, философиялық және жалпықисындық әдістер, эмпирикалық әдістер. Теориялық танымдық әдістерге: институционалдық әдіс, социологиялық әдіс, тарихи әдіс, салыстырмалы әдіс, жүйелілік әдіс, құрылымдық-атқарымдық (функциялық) әдіс, антропологиялық әдіс, психологиялық әдіс, бихевиористік әдіс, нормативті-құндылықтық әдістер жатады. Философиялық және жалпы қисындық әдістерге: диалектикалық әдіс, абстрактіліктен (дерексіздіктен) нақтылыққа жету әдісі, анализ (талдау) және синтез (жинақтау), индукция және дедукция, талдап қорыту жатады. Жаратылыстану ғылымдарынан енген эмпирикалық (тәжірибелік) әдістер де қолданылады. Бұларға: сұрақ-жауап, байқау, статистикалық әдістер, математикалық әдістер, модельдеу әдісі жатады.

Категориялар дегеніміз әр ғылымның бүкіл құрылымдық табиғатын айқындауда, түсіндіруде қолданылатын негізгі ұғымдар тізбегі. Саясаттанудың басты негізгі категориялары - саясат және саяси деген ұғымдар болып табылады. Саясаттанудың функциялары (қызметтері) : танымдық (гносеологиялық), бағалау, болжау, инструменттік-тәжірибелік, саяси әлеуметтендіру функциялары.

№2 Лекция тақырыбы: Саяси ғылымдардың әлеуметтік-тарихи негіздері

Лекцияның жоспары:

  1. Ежелгi дәуiрдегi саяси iлiмдер
  2. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуiріндегі саяси ойлар

3. Жаңа заманның саяси ой-пiкiрлерiндегi саяси ойлар

Лекцияның мақсаты: Саяси ғылымдардың әлеуметтік-тарихи негіздері

айқындау

Лекцияның мәтіні:

Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер. Ежелгі Шығыс елдеріне: Египет, Вавилон, Индия, Қытай, Персия; Батыс елдеріне: Грекия, Рим жатады. Бұл елдерде саяси ой-пікірлердің қалыптасуы қоғамның таптарға жіктелуі мен мемлекеттер пайда бола бастағанда жүзеге асады. Саяси ой-пікірлердің пайда болуы бұл елдерде көбінде аңыздарға (мифтерге) тікелей байланысты. Адамның дүние¬дегі алатын орны да осы қиял-аңыздармен көрсетіледі. Бұл ой-пікірлер өз алдына білімдер саласы ретінде қалыптаспаған, мифология¬лық көзқарастың құрамдас бөлігі болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясат тарихы жайлы мәлімет
Саяси халықаралық құрылым мәселелері
Cаясат тарихы
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты
Жалпы теорияның пәні және әдісі
ЖАЛПЫ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСІ
Жалпы теорияньің пәні және әдісі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазіргі заманғы саяси процесс саяси ғылымның зерттеу объектісі ретінде
Қазіргі кездегі саяси жүйелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz