Қазіргі кезде оқыту технологиясы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Қазіргі технологияда білімді меңгерудің шығармашылық деңгейіне жету үшін Блум жуйесі жиі пайдаланылып келеді.

Блум жүйесі.

:
Оқушы іс-әрекеті.: Оқушы іс-әрекеті.
: Білім
Оқушы іс-әрекеті.: Қабылдайды, түсінеді, ойлайды.
: Түсінік
Оқушы іс-әрекеті.: Түсінеді, көрсетеді, жазады.
: Қолдану
Оқушы іс-әрекеті.: Жаңа проблема шешеді, бұрынғы білімді пайдаланады.
: Анализ
Оқушы іс-әрекеті.: Салыстырмалы, ашады, талдайды (результат), ойлайды, т. б.
: Синтез
Оқушы іс-әрекеті.: Продукгивті, шығармашылық жұмыстар құрастырады.
: Баға(сыни баға)
Оқушы іс-әрекеті.: Бағалаңды, талқылайды.

Енді осы модельге түсінік берейік:

I. Оқушылық деңгейде бала мұғалім көмегімсн амал-әрекет жасайды. Алдындағы мақсатгы шешуге ұмтылады, бұрынғы білімдерін пайдаланады.

ІІ. Алгоритімдік дсңгейдс мақсат пен шешілуге тиісті ситуаия анық, оқушы бұрынғы жинақталған білімін пайдалана отырып, мақсатқа жету үшін өз бетімен жұмыс істейді.

III. Эвристикалык. деңгейде: мақсат анық, ситуация түсініксіз, оны оқушының өзі толықтырады, табады, шешеді. Бұнда да бұрынғы білім көмекке келеді. Оқушы жаңа хабар, білімді өз ізденісімсн ала алады. Бұл деңгей - өнімді деңгей.

ІҮ. Шығармашылық деңгей - мақсат жалпылама, анық емес. Оқушы оны анықтайды, жаңа нәрсені табады, өз бетінше жаңадүние әкеледі.

Шығармашылық деңгейге жету жолдары оңай емес. Қазіргі технологияда "миға шабуыл", дебат, модель, проект жасату, қорғату, оқу, жазу арқылы оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру жиі пайдаланып келеді. Соның ішінде, әсіресе, негізгі концепциясын ұсынып жүрген Эльканин, Давыдовтардың дамыта оқытуын алуға болады. Дамыта оқыту тікелей баланы (субъекті, объекті) жан-жақты дамыта отырып (жеке басын, дунистанымын, ойлауы, темпі) оқытуға негізделеді.

Дамыта оқыту мақсаттары төмендегідей:

- оқушы субъекті, яғни, ол өзін-озі дамыта алады, жетілдіреді, тәрбиелей алады;

- баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды (іскерлігі, машығын дамыту емес) ;

- білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала-тыңдаушы, мұғалім-информатор емес, керісінше, бала - зерттеуші, ізденуші, жаңалық ашушы. Олардың дағды, іскерлігі белгілі бір проблема, ситуацияны шешу арқылы қалыптасады. Мұғалім - оқушы іс-әрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші;

- дамыта оқытудағы басты іс-әрекет - диалог, пікірлесу, пікірталасы;

- дамыта оқытудағы мұғалім қызметі - диалогты ұйымдастырушы, бағыт беруші, балалардың іс-әрекетін, ынтымақтастығын бір бағыт, бір мақсатқа бағыттаушы.

Қазіргі кезде оқыту технологиясы туралы екі түрлі пікір қалыптасып отыр. Бірішні, "технология-өнер, шебсрлік" деген ұғымның синонимі ретінде аталады, яғни, "педагогикалық шеберлік" деген ұғымды білдірсе, екіншіден, "білім беру ісін технологияландыру, сол арқылы жоғары сапалы өнім алу, ғылым мен өнердің синтезі" деген мағынаны білдіреді. Өндірістсгі технология сапалы, жаңа бір нәрсе жасап шығаруды нақты мақсат етіп соған жақсы материал, шикізат іздейді, оның жобасын, конструкциясын жасайды, құрал-жабдықтарын әзірлейді (жоғары сапалы) . Ал педагогикалық технология үшін баланың жеке бас ерскшелігін білу, білімді соған қарай бағыттай беру - ең басты мәселе. Білімді тұлғаға қарай бағыттай беру деген белсенді, жан-жақты дамыған, өзіне сенетін, өмірге икемді тұлға калыптастыру болып табылады. Сондай-ақ гуманды педагогика тұлғаға бағыттала отырып, оның мінез-құлқы, адами қасиеттерін, іскерлік дағдысы, өз беттерімен өмір сүруге бейімділігін, кез-келген жағдайлардан жол таба алатын, өз пікірін ұсына және қорғай алатын гуманист-азамат қалыптастыруды мақсат етеді. Қазіргі мектеп пен мұғалім мақсаты, міндеті де осыған келіп саяды, баланың ішкі мүмкіңдіктерін тани білу, оның сыртқа шығуына түрткі жасау, көмек жасау оңай процесс емес. Инноваииялық технологиядан іздену - осы мәселелердің шешімін іздеу деген сөз.

Білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеруге шығармашылық тапсырмалардың (дамыта оқыту концепциясын басшылыққа алған) орны ерекше.

Технологиялық сабак жоспарының жобасы:

Сабақтың девизі;

Сабақтың тақырыбы;

Сабақтың түрі;

Сабақтың жабдығы;

Сабактың мақсаты:

а) Білімділік;

ә) Дамытушылык;

б) Тәрбиелік.

Сабақ құрылысы.

Сабақ кезең-дері: Сабақ кезең-дері
Сабақ құры-лысы, бары-сы: Сабақ құры-лысы, бары-сы
Техно-логия-сы: Техно-логия-сы
Форма-сы, типі (түрі): Форма-сы, типі (түрі)
Сабақ жабды-ш: Сабақ жабды-ш
Бақылау түрлері: Бақылау түрлері
Коррек- ция: Коррек- ция
Сабақ кезең-дері:
Сабақ құры-лысы, бары-сы:
Техно-логия-сы:
Форма-сы, типі (түрі):
Сабақ жабды-ш:
Бақылау түрлері:
Коррек- ция:

Технологиялық сабақ мұғалім, оқушы іс-әрекетінің тұтастығын талап етеді. Жан-жақты қарастырылған, яғни, жүйелілік, мақсаттар бірлігі, оның орындалуы.

Технологиялық сабақтарда нақты мақсаттар қою, мақсаттарды анықтау бірінші орында тұрады. Жоспардың нақтылығы, мақсаттар жүйесі оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыра білу, сол арқылы олардың қабілетін дамыту мәселесінде нақты нәтижсге жету ескеріледі.

Технологиялық сабақтарда сабақ құрылымы, оның негізгі элементтері оқушы мсн мүғалім іс-әрекетін алгоритмдеуге құрылады, технологиялық тізбектер сабақтың кезеңдерінде негізгі мақсаттар жүзсге асуы тиіс.

Технологиялық тізбектер:

1. Нақты мақсаттар жүйесі (орындалуға тиісті) ;

2. Оқу жабдықтарының толықтығы;

3. Психологиялық жағдай;

4. Сабақтың жүрісі, жұмыстардың белгілі бір темпі, ритмі;

5. Жүйелі жалғаспалық (оқу іс-әрекетіндегі қорытынды, бекіту, тұтастық арқылы бір нәтижеге жету) ;

6. Уақыт үнемдеу;

7. Бақылау, үнемі басшылықтық жасау. Үнемі бақылау мен бағалау;

8. Бекіту, оқушының білім-білік, іскерлік дағдысын бағалау;

9. Қорытынды, коррекция жасау.

Сабақ - ол мұғалімнің жеке ғылыми-педагогикалық және әдістемелік шығармашылығы. Оны жобалауда мұғалім сабаққа қойылатын талапты ескереді, басшылыққа алады, сондай-ақ өз ізденісі, мүмкіндігін пайдаланады.

Негізгі талаптар:

1. Мақсаттар жиынтығы (многоцелевой характер) ;

2. Дидактикалық міндет, мақсаттарды түгел орындау, жүзеге асыру;

3. Ғылымилығы;

4. Пәнаралық байланыс, интеграция;

5. Проблема қоя білу, оны шешу(сабақта туатын проблема) ;

6. Таным белсенділігі, қабілеті, дарынын дамыту;

7. Ойлау белсенділігін арттыру (ойлау іс-әрекетін) ;

8. Оқушылардың жеке бас ерскшелігін ескеру сол арқылы жеке қарым-қатынас жасау;

9. Оқу жабдықтарын кешенді (комплексті) түрде пайдалану;

10. Өз беттерімен орындайтын тапсырмаларды ұйымдастыру;

11. Білімді бағалау, жинақтау, коррекдия жасау. Сабақтарды технологияға құру үшін төмеңдегідей мәселслер есксрілуі керек:

- диагностиканы басшылыққа алу (анализ беру, жағдайды анықтау) ;

- диагностикаға негізделген болжамды мақсаттар жүйесін қоя білу;

- Болжам жасау;

- Жобалау (технологиялық карта, программа) . Технологиялық. сабақтардың дәстүрлі әдіс-тәсілдермен жүретін сабақтардан айырмашылығы:

1. Технологияның ең негізі - мақсаттар жүйесі, оның қорытынды нәтижесі. Мақсат - ең негізгі компонент. Ол нәтижеге жетуді айқындайды;

2. Диагностикаға негізделген болжамды мақсаттар нақты түрде белгіленуі керек. Сол арқылы әдіс-тәсілдер сұрыпталынып алынады, бақылау жүргізіледі;

3. Жоспар емес, оқу процесінің жобасы талап етіледі; Жоба дегеніміз - технологиялық карта, бағдарлама және басқалары;

4. Мұғалім іс-әрекеті емес, оқушы іс-әрекеті алдыда түрады, сол арқылы нәтижеге жету жобаланады. Бала субъект + субъект арасындағы қарым-қатынас ретінде болады. Бұрынғы парадигма моделі:

Мұғалім-кітап-оқушы,

Технологияда:

Оқушы-кітап-мұғалім;

5. Дәстүрлі сабақтарда орындалуы қиын жалпылама мақсаттар белгіленеді, ал технологияда жүзеге асатын, нәтиже беретін, нақты нәтижеге жететін мақсаттар белгіленеді.

Диагаостикалық мақсат деген не?

1. Мемлекеттік стандарттағы белгіленген білім, біліктілік, іскерлік, дағды ескеріледі.

2. Баланың әлеуметтік жағдайына диагностика жасалынады.

3. Дарыңды балалармен жұмыс ескеріледі.

4. Тереңдетіліп берілетін білімдер басшылыққа алынады. Технологиялық оқыту құрылымы:

1. Алдын-ала диагностика жасау, яғни баланың оқу материалын меңгеру деңгейіне қарау, таңдау жасау (класс күшті ме, орташа ма, меңгере ала ма, әсіресе, оқу материалын меңгеруде) ;

2. Оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру, бала білімді өз іс-әрекеті арқылы алады;

3. Білімді тексеру, бағалау, жүйелеу;

4. Қосымша тапсырмалар мен жұмыстардың әдіс-тәсілдерінен іздену;

5. Оқушылардың үлгермеу себебін анықтау, диагностика жасау.

Технологиялық процесті былай тұжырымдауға болады:

1. Диагностикалық мақсаттар қою;

2. Объективті контроль (бақылау) ;

3. Қорытынды, нәтижеге жету.

Технологиялық карта

Тақырыбы: Мұғалім:

Шағын мақсат-тар: Шағын мақсат-тар
Мерзімі: Мерзімі
Диагности-калық тапсырма-лар: Диагности-калық тапсырма-лар
Бақылау түрлері: Бақылау түрлері
Күні: Күні
Коррек ция: Коррек ция
Шағын мақсат-тар:
Мерзімі:
Диагности-калық тапсырма-лар:
Бақылау түрлері:
Күні:
Коррек ция:
Шағын мақсат-тар: Үй тапсырмасы

1. с. т. т.

ж. т. т.

2.

3

4

Түсінік:

1. С. Т. Т - стандарт талаптары

2. Ж. Т. Т - жогарғы талаптар

Әдебиетті оқытуды технологияландыруда интерактивті әдістер пайдаланудың манызы зор. Ол өнімді білім беру іс-әрекетіне, оқушылардың белсенділігін, өз бетінше жұмыс істеуінде пайдалы.

ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА - ТЕХНОЛОГИЯ

САБАҒЫНДА

Халқымыз қашаннан бері өзінің ұлттық дәстүрі мен тұрмыс - салттың үрдісінде өз өрен - жараны, ұл-қыздарына келелі кеңесін беріп отыратын кемел ойлы қарттары мен тапқыр тілді, салиқалы бәйбішелерден кеңде болып көрмеген. Көпті көрген қамқор көңіл әжелер «Қызы щолжаңмен ауылдас болма», «Әйелі әдепсіз ауылға қыз-келініңді жақындатпа» деген данагөй тәлім-тағылымдар арқылы қыз-келіндерін жүзік көзінен өткізетін.

Сөз орайы келгеңде, отбасы, ошақ қасы емес, бүтіндсй бір ауылға өнеге көрсеткен бәйбішелері қыздарға тәлім-тәрбие айтқанда: «Қыз бала-адамға лайық жақсы қасиет атаулының иесі болуы керек. Өз бойын өзі үкідей қорып жүруі қажет. Үкі өз басын көрсетпей, қорғап, ол былай тұрсын, түлеген талшық қауырсьндарының өзін көлденең көзден жасырып көміп кетеді. Онысы өзінің жүрген жа-ғын, мекенін білдіргісі келмегені. Сөйтіп ол оңайлықпен қолға түспейтіндігімен қастерлі», - дейтін.

Біз технология сабағында бірыңғай қыз балаларды оқытатын болғаннан кейін сабақтың барльқ кезеңін ұлттык педагогикамен байланыстыра жүргізіп отырамыз. Тарауларды өткеннен кейін көрме дайындау, дайын бұйымдардан лотерея ұтысын өткізу, жарыс сабақтар, мақал-мәтел, жұмбақ жарыстары, тақырыптық көрнекі сабақтар, тест, қалыптан тыс сабақтар өткізу арқылы оқушыларды өз салт-дәстүрін, халкының ұлттық бұйымдарын, ұлттық киімдерін ұлттық тамағын дайындай білуге, оларды қастерлей білуге, олармен мақтана білуге баулып отырамыз. «Тұсау кесу», «Қыз өссе- елдің көркі», «Қыз еркем - кестесімен көркем» атгы жарыс сабақтар өткіздім.

Сынып екі топқа бөлініп, жетекшілері сайланады,

I. топ - Жауқазын.

ІІ. топ - Раушан.

Сабактың мақсаты:

Бұйымды әсем, сапалы дайындау.

Жарыс үш кезеңге бөлінеді.

I. Кесте тігу.

II. Бізбен гүл тоқу.

ІІІ. Оюды тігін машинасымен жапсырып тігу.

Әр кезең бойынша топ мүшелері жарысады. Қай топтың мүшелері сапалы, әрі тез істесе, сол топ жеңімпаз атанады.

Екі топ бір-бірімен сұрақтар қою арқылы біліммен сынасады.

Сұрақтар:

1. Қазақтың ұлттык бұйымдарын атаңыз?

2. Киіз үйдің құрылысы қандай?

3. Ұзатылатын қызға қандай бұйымдар дайындалады?

4. Қамзол, сәукеле кімге арналып тігіледі?

5. Ер адамның сырт киімдері туралы не білесің?

6. Қазақ қыздары қандай болуы керек?

Осы сұрақты сынып болып талдадық. Майын тамыза отырып, күйіндіре, сүйіндіре сөз сөйлейтін, қылықты қыз, құлықты келін баққан ақ жаулықты енесі бар, әйелі дана, үлгілі жұрттың үрдісі бүгін қай денгейде?

Ата салтымыздағы биязылық, нәзіктіктің орнын ешкімнен тартынып именбейтін кексе, кақсалдыкқа айырбастаған кейбір қыздарымыз «Етегін кесіп, елден шыққан» деген сөзді еске түсіргендей.

Біз әр сабақ сайын кыздарды ұлттык салт-сананы сыйлауга тәрбиелеп отыруымыз керек. «Қызға қырық үйден тыю» дегең мақаланы даналарымыз тегін айтпаған болса, сол қырық үйдің бірі -мектеп. Ұлы Әуезов өзінің ғылыми еңбегінің бірінде: «Адамның негізі - әйел» деп атап көрсеткеніндей, ұлттың ең зор үміті көкөрім қыздарымызда екенін ұмытпалық.

Ғасырлар бойы үйренген ұлттық мінез-құлықпен сананы қалыптастыру нәсіп еткен тағам түрлерінен ауыз тие алмаған ұрпақ еріксіз «еропалана» бастады. Шөп-шөңге, тұзды сүрлем, ашымакты көп жейтін болды. Бұл үұпақтың сыртқы бейнесінің өзгеруіне, қарындары «қампиып» шыға келіп, артық май жинауына соқтырды. Әйелдер еркектермен құқықтары тең екендігін дәлелдеу үшін дастархан басында арақшараптан бас тартпай, өзге ел әйелдеріне ұқсап темекі, есірткі шегетін дәрежеге жетті.

Ұлттык тағам алдымен ұлттың ұлт болып қалыптасуы үшін аса қажет. Біздін ата-бабаларымыз осынау кең байтақ далада өсіп-өніп, малдың етімен, сүтімен қоректенді. Терісін киім етті. Жүнінен түрлі бұйым, киім, тұрмысқа қажетті заттар істеді. Қазақта «Адам-жылқы мінезді» деген мәтел бар. Онысы- барлық адамзат баласына емес, алдымен қазаққа, содан соң өздері сияқты көшпелі, жартылай көшпелі тұрмыстағы ұлттар үшін айтылған деу керек. Жылқыны казақ: «Мінсең -үсті жел, ішсең - сүті жел» деп те жатады. Жылқыньң қымызы өкпе ауруға ем, еті, қазысы да ем. Осының бәрі жылкынын қазақ баласының бойына дарытар қасиетіне негізделеді. Қазақтың қанына қасиет берген қандай тағам? Ол - ең әуелі ананың »ақ сүтінің қасиеті, ал сонан кейін ұлттық тағам дарытқан қуат. Ұлттық тағамға уызымен бірге жарыған қазақ ұланының туған да ласын сүймеуі мүмкін емес. Қазіргідей тәуелсіздікке қол жеткізген кезде ұмыт бола бастаған салт - дәстүрлерімен бірге ұлттық тағам түрлерін молайтуға маңыз берілсе, еркіндік аңсаған еліміз бір қадам алға баса түсер еді. Қазақ коғамында ас пен той қазанын белгілі билер, қолы берекелі ақсақалдар билеген. Мәселен, Арғында Тобықты алатын атаның бір жігіті -Жуантаяқ бір үлкен аста қазан-ошақ билігіне араласып, пісіп жатқан еттің жылы-жұмсағын алыстан келген сыйлы қонақтарға қалдырмай қойған бейбақтарды қолына жуан таяқ алып қуған екен деген аңыз бар. Содан бастап әлгі кісі мысқылмең «жуантаяқ» аталып кетсе керек.

Үлкен жиын, ас пен тойларда, емшілік қабылдауда, қазан-ошақ билігі неге ерлерге жүктелді? Алдымен, ер адамдардың сыйлы кісілер алдындағы жауапкершілігі ескерілді. Одан кейін егер ас дайындаған кісі ойда жоқ жауапқа тартылып, басы істі бола қалған күнде бала-шаға, қатын-қалаш.

емес, азаматпен бетпе-бет қалу көзделді. Сыйлы адамдардың тамақтан уланьп қалмауы, шикі, лас жемеуі, аузы дуалылардың айтқан қүпия сөздерінің өсекке айналмауы - осының бәрі ежелгі қазақ қоғамының да үнемі ескеріп отырған мөселелері. Және де үлттық тағамның шырайы шьғуы, оның бабынын алысқа дабыра боп жетуі, әсіресе, сүрленген тағамдардың ұстап-түтынуының құпия сырлары қазақ даласына осындай ұлыстың ұлы күндерінде таратылып отырады. Ас ұстау мен сақтаудың, сүрлеудің атам за-манғы бабына қанық, қолы берекелі бөйбіщелердің даңқы жомарттығымен ғана емес, шеберлігімен де есімдері елге тарады. Мұның өзі қазқк атамыз айткандай: «Ас-адам ның арқауы» деген қағиданың дұрыстығын ел-елден келген жайсаң мен жақсылар алдында тағы бір ай қындандырып, ұлттық тағам жасаудың шеберлерін халық арасында насихаттап отырды. ¥лттық тағам түрін молайтып онымен әр ата-ана балаларын тамақтандырған дұрыс. Технология сабағында қазақтың ұлттық тағамы «Бұжы жасау» туралы таныстырып қыздардың өздеріне жасатқызып үйреттім.

Бужы жаңа сойылған малдың іш майынан жасалынады. Тамақтық қуаты өте күрделі.

Ішмайды немесе малдың бөтеке майын уақтап турайды. Пияз, ұн, бұрыш керегінше түз қосады. Қойдың бүйінен немесе қарны мен жұмыршағына салып пісіреді. Баспен бірге дастарханға қоюға болады.

Жент қоспасының дайындалу жолдарын үйреттім. Женттің де тамақтың қуаты өте жоғары, ұзақ сақталуға келетін тағам. Бұл тағам бұзылмай, ұзақ сақталатын болғандықтан, жорықка шыққан жауынгерлерге, сапарға шыққан жолаушыларға, қысқы соғыммен бірдей сақтаған, Қазактың ұлттық тағамының қиын-қыстау, жұт, кездейсоқ табиғат апаты кезінде де адам ағзасына қуат дарытатын қасиетін ұмытпай, оны осындай күтпеген бақытсыздықка душар болғаңда «тиіспейтін қор» ретінде пайдала ну жағын да оқушыларға айтып, түсіндіріп отырамын.

Ұлттық тағам - ұлттьң бет бейнесі, тарихы мен шежіресі, ұлттың дара касиеттері сақталынуының асыл нәрі. Сондықтан оны дайындай білуге үйрету - әр ата-ана мен ұстаздын міндеті деп есептеймін.

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

КӨМЕПМЕН САВДЫҚ ӘДІСТЕР ПӘНШ

ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

"Сандық әдістер" пәні педагогикалық жоғары оқу орындарында математика, физика және информатика мұғалімдерін дайындауда негізгі курстардың бірі болып табы-лады. Курстың материалы алгебраның, математикалық талдаудың, дифференциалдық теңдеулер теориясының негізгі үғымдарымен тығыз байланыста және математакалық есептерді есептеуіш техника құралдарымен шешудің сандық әдістері жайлы фундаменталды білімдерді қалыптастыруға бағытталған. "Сандық әдістер" курсы студенттердің жеткілікті жоғары деңгейде математикалық есептеу мәдениетін және ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Пәнді оқытудың міндеттері - педагогикалық мамандықтағы студенттерді жуықтап есептеу әдістеріне сандық талдау және есептеу математикасының әдіс-тәсілдерін қолдана білуге үйрету. Сол арқылы студенттерді есептеу математикасы әдістерінің негізгі ұғымдарымен таныстыру, әдіс қолданысын жетік білдіре отырып есептерді практикалық түрғыда шешу іс-әрекеттерін қалыптастыру және есепті автоматты түрде дербес компьютер көмегімен шешуге дағдыландыру. Студент қарапайым математикалық модельдерді компьютерлік бағдарламалар көмегімен есептеу математикасының тиімді әдістерін пайдалана білуі және сандық нәтижелерді талдай білуі қажет. Демек, педагогикалық жоғары оқу орнында "Сандық әдістер" ку-сын оқу төмендегілерді кепілдік ететін білімдердің, білктліктің және дағдылардың қажетті деңгейін қамтамасыз етуі керек:

- есептеу матеиатикасының ғылыми меңгеру;

оның фактілерін, идеяларын, әдістерін түсіну.

Қолданбалы математикалық есептерді компьютерлік технологияны тиімді қолдану арқылы шешуге қабілетті болу. т

оқулықтарында алгоритмдерді негіздеу, шешімді бағалау, қолданылған әдістің жинақтылық ретін тағайындау, аппроксимация, шешімнің орнықтылығын анықтау, тағы бас-қалар негізгі мәселелер болып есептеледі. ЭЕМ-нің пайда болуы және дамуы, есептеу алгоритмдерін зерттейтін және қолданылатын әдістерді бағалау критерийін әрі тез, әрі дәл анықтайтын жаңалықтарымен, математикаға түбірлі өзгерістер алып келді. Сонымен бірге, сандық әдістердің теориялық аспектілерін тереңдетіп, тиімді алгоритм құру мүмкіндіктерін арттыру арқылы пән мазұүнының кеңейгені байқалады.

Ю. И. Попов және А. А. Самарский зерттеулерінде берілген есептің шешімін белгілі бір дәлдікпен аз ғана арифметика-лық, логикалық әрекеттер арқылы, яғни өте аз машиналық уақыт шығынымен алатындай тиімді есептеу әдістерін құрастыру мақсатындағы мәселелердің маңыздылығы көрсетілген. Бұл сандық әдістерді ақпараттық техниканың дамуы жағдайыңда компьютерлік технологиялармен байланысқан пән ретінде қарастырудан шыққан.

Пәнді оқытуда келесі функциялар жузеге асады:

- қоршаған ортаны танып-білуде модельдеу әдіснамасын жетекші деп білу;

- математика саласындағы ақпараттық және арнайы дайындыққа қарағандағы пән-аралық байланысты іске асыру;

- ЭЕМ-ді қолдану мен программалау саласындағы дағдыларды дамыту және тереңдету.

Сандық әдістер пәнінің көптеген оқу пәндерін игеруге негіз болып табылатындығы, ондағы математика мен информати-каның қатар қолданысы және басқа да пәндермен тығыз байланыскандығы пән мазмұнында толық ашылады. Мысалы, пәнаралық байланысты алсақ, ол басқа да оқу курстарынан танымал оқу-ақпараттық модельдерге сандық әдісті қолдану есебін шығарудан, есептің қойылымын "аклараттық" немесе "алгоритмдік" түрде қарастырудан көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану
Оқытудың қазіргі технологиялары
Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы
Оқыту технологиясын топтастыру
Деңгейлеп - саралап оқыту технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
Бастауыш сыныптарында қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану жолдары
білім алушылардың тілдік дағдыларын, көркемдік көкжиегін дамытатын, шыңдайтын драмалық шығармаларды түсіндіру мен оқытудың ең тиімді шарттары мен әдістерін, инновациялық технологияларын анықтау
Модульдік оқыту технологиясы
Мұғалім және оның педагогикалық процесті ұйымдастырудағы рөлі - копия
Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz