Психологияның жеке ғылым болып қалыптасуы және даму бағыттары жайлы


Психологияның жеке ғылым болып қалыптасуы
және даму бағыттары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Қазіргі шет ел психологиясының негізгі бағыттары.
2 Кеңестік психология ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
3 Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
XX ғасырдың бас кезінде ғылыми білімнің ең алдымен дамыған сүраныстарының саддарынан санада интроспективтік психологияның тоқырауы байқалды. Иностроспективтік психология тәжірибелік талдауды талап ететін проблемалардың алдыңда әлсіздік танытты. Капитализмнің тез қарқынмен дамуы анықталатын тәжірибенің сұрақтарын бұрынғы субъективтік әдістермен қанағаттандыру мүмкін болмады.
Психология ғьшымының тарихын зерттеушілердің бірі профессор М. Г. Ярошевскийдің айтуынша, сана психологиясының тоқырауы, әсіресе Францияда тоқырау басталғанға дейін ерекше кең өріс алған невропатология және психиатрия саласындағы зерттеулердің нәтижелері дайындалды. Бұл зерттеулер адам психикасына кейде санасыздық көріністер тән екендігін дәлелдеп берді. Санасыздық саласына клиникалық және эксперименталдік талдау жасалынды.
Жан-жақты зерттеу жұмысын Шарко (1825-1893) жүргізді. Оның жетекшілігімен аса дарынды француз психологі Пьер Жане (1859-1937) және психоанализ бағытының негізін салушы Зигмунд Фрейд (1859-1939) өз жұмыстарын бастады. Көрнекті француз психологі Альфред Бине объективтік әдістерді зерттеп, талдады. Ол балалардың интеллектісінің даму деңгейін анықтау үшін тестілер жасады. Интроспективтік әдіс жаңа объективтік талдау және эксперименттік зерттеу әдістерімен салыстырғанда кейінгі қатарға ығыстырылды.
Сонымен, XX ғ. бас кезінде психиканы эксперименталдік зерттеулер психологияға сана турлы ғылым деп анықтама берудің дұрыс емес екендігін дәлелдеді.
Бұл кезеңде психологияның дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі ерекше рөл атқарды. Дарвиннің эволюциялық ілімі бойынша, психикалық қүбылыстарды қоршаған ортадан, тірі организмнің бейімделу іс-өрекетінен бөліп алып қарауға болмайтындығын дәлелдеді. Эволюциялық теорияның әсерімен бала психикасы мен жануарлар психикасын зерттеулер жан-жақты қолға алынады. Онда интроспекция әдістерінің қолдану мүмкіншіліктері шектеліп, адам психикасын зерттеуге генетикалық және салыстырмалы түрде қарауға ерекше мөн берілді. Осындай қалыптасқан жағдайдан, тоқыраудан шығудың жолдары іздестіріліп, әртүрлі теориялар мен бағыттар қалыптасты. Соңдай теорияларға бихевиоризм, гештальпсихология және психоанализді (фрейдизм) жатқызуға болады. Олардың барлығы бір кезеңде жан туралы ғылымның жалпы тоқырауы негізінде дүниеге келді.
Бихевиоризм - XX ғасырдың бас кезінде жоғарыда келтірілген себептерге байланысты қалыптасқан психологиялық бағыттардьщ бірі. Бихевиоризм теориясьның негізгі зерттеу нысаны сана емес, адам мінез-құлқы болып табылады. Мінез-құлық психологиясы АҚШ-та ерекше дамыды. Бихевиоризм бағытының көрнекті өкілі америка ғалымы, әрі психологі Джон Уотсон (1873-1958) болды. Ол дәстүрлі психологияның пәнін, жан құбылыстарын жаңа мінез-қүлық психологиясымен өзгерту қажеттігін үсынды.
Бихевиоризм behavior - деп аталатын ағылшын сөзінен шыққан, қазақшалағанда мінез-құлық мағынасында қолданылады. 1913 жылы америка психологі Джон Уотсон психологияны мінез-қүлық туралы ғылым ретінде қарастырды. Жаңа бағытгың пайда болуы "Психология, оны бихевиорист қалай көреді" атты мақаланың шығуымен ерекшеленеді.
Бихевиоризм психологиядағы прагматистік бағыт, оның пайда болуы тез қарқынмен дамып отырған капиталистік экономиканың сұраныстарьша байланыстьі. Бихевиористердің мақсаты - психологияны мінез-құлықты басқаруға қабілетті білімнің саласына айналдыру. Д. Уотсонның түсіңдіруінше, бихевиоризмнің түпкі мақсаты - адам мінез-қүлқын түсіндіру. Бұл үшін 3 жағдай жеткілікті деп есептеді: мінез-құлықтың өзін суреттеу, организмге әсер ететін ішкі, сыртқы дене стимулдарын және оған жауап беретіп мінез-қүлық реакциясын байланыстыратын заңдарды тану. Адам жануарлардан тек мінез-қүлық реакцияларының күрделілігімен, оларға жауап беретін стимулдардың әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Бихевиористердің дәлелдеуінше, негізгі ғылыми үғымдар болып табылатын стимул - сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш, реакция - тітіркендіргішке ағзаның жауабы жөне стимул мен реакцияның байланысы - ассоциация. Сонымен, Уотсон санадан ғылыми категория ретінде бас тарта отырып, өзінің еңбегінде И. П. Павловтың шартты рефлекстер туралы әдістемесіне сүйенеді.
30-жылдардың өзінде бихевиоризм идеясьшың өміршеңдігі, оның мәнділігі бірте-бірте шайқала бастады. Америкада кезекті экономикалық тоқырау басталды, жаппай жұмыссыздық, халықтың жағдайы одан әрі нашарлай түсті. Корнекті америка психологі Роберт Вудворте функционалдық психологияның негізін салушылардың бірі (1869-1962) болды. Ол бихевиористердің ұсынған "стимул - рекация" үлгісін жоққа шығарып, оның құрамына аралық буын - ағза мен ұстанымды енгізді, түрткі туралы ілімді таддады. Сонымен, бихевиоризм қатты сынға алынып, мінез-құлық психологиясының реформасы басталды. Ол реформаны Эвард Толмен және Кларк Халл сияқты ғалымдар басқарды, ал жаңа бағыт "необихевиоризм" деп аталды. Олардың айтуынша, психологиядан дәстүрлі ұғымдарды: образ, түрткі және т. б. шығарып тастау мүмкін емес, олар реакция мен стимулдың арасында түрады деді.
Сонымен бихевиоризм барлық өз тарихының барсында психологияны мінез-құлық ағзасы туралы жаратылыстану ғылымына айналдыру ұранымен шұғылданды. Бихевиоризмнің және необихевиоризмнің барлық нұсқаларының негізгі кемшілігі - олардың әдіснамалық негізі позитивизм және адам механикалық философиясы. Бірақ, нәтиже көрсеткендей, осы екі әдіснамалық ұстаным негізсіз болды.
1 Қазіргі шет ел психологиясының негізгі бағыттары және олардағы тұлға мәселесі.
Тоқырау кезінде пайда болған екінші бағыттардың бірі психоталдау (фрейдизм) болып табылады. Оның негізін қалаған австриялық психиатр және психолог Зигмунд Фрейд. Психоталдау бағыты өкілдерінің бахевиористерден, айырмашылығы психологияда ғылыми білімді құрудың үлгісі ретінде дәл және жаратылыстану ғылымдарына бағдарланған жоқ, ал олар тоқыраудан шығудың жолын медицина және психологияның өз шеңберіңде табуға ұмтылды.
Фрейдизм, оның негізі мынада - адам туралы психологиялық білімді жаңа өмір шыңдығымен толтыруға, практикалық психологиялық, ең аддымен психотерапевтік міндеттерді шешу үшін пайдалы теорияны құруға және ақпаратты қабылдауға ұмтылды.
Фрейд өзінің ғылыми ізденістерін психотерапевтік тәжірибені талдаудан және жинақтаудан бастауы кездейсоқ емес, содан кейін жинақтаған тәжірибені психологиялық теорияға айналдырды.
Фрейдизм үшін негізгі ұғымдарға "сана" жөне "санасыздық" жатады. Психоталдау ілімінің болашақ тағдыры жөне оған көзқарас әртүрлі елдерде түрліше қалыптасты. Алғашында Фрейдтің ең жақын шәкірттері мен ізбасарлары және психиатор-дәрігерлердің кейбіреулерінен басқалары оған өте салқын қатынаста болды. Кейіннен психоталдау бағытын жақтаушылар Германия мен Австрияда, Еуропа мен АҚШ-та күні бүгінге дейін кеңінен таралды.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында кеңес психолог-ғалымдары оған қызығушылық танытты. Сол кезде үстемдік еткен субъективтік идеалистік психология бұл ілімнен материалистік балалықтың бірден бір мүмкіншілігін көре білді. Кейін, 30-жылдары, психологиялық зерттеулерді шектеумен бірге ("Халық ағарту комиссариаты жүйесінде педологиялық бұрмалаушылықтар туралы" белгілі қаулыда) З. Фрейдтің ілімі қатты сынға алынды. Осы қаулыдан кейін біздің елімізде Фрейдтің еңбектерін аударуға және баспа бетінде жариялауға тиым салынды. Соңғы жылдары әлемде кеңінен таралған Фрейдтің психологиялық іліміне қызығушылық қайтадан өсіп отыр.
XX ғасырда психологтардың ішінде австрия дәрігері Зигмуңд Фрейдке ерекше орын берілді. Оның негізгі еңбегі "Түс көруді талқылау" 1900 жылы жарық көрді. Сол кезден бастап, психологияда бір-бірін әртүрлі ғылыми беделді тұлғалар ауыстырды. Олардың ішінде бірде-бірі бүгінге дейін Фрейд және оның ілімі сияқты ынта туғызған емес.
Адам мінез-қүлқының басты реттеушісі сана екеңдігі белгілі. Зигмунд Фрейд (1856-1939) - австрия невропатологі, психиатры және психологі, психоталдау бағытының негізін салушы. Фрейдизмнің концепция ретінде қалыптасуы XX ғасырдың бас кезіне жатады. Психоталдау бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 20-жылдары кең өріс алды. Жеке тұлғаның құрылымында Фрейд санасыздыққа ерекше көңіл бөлді жөне зерттеу нысанына айналдырды. Оның айтуьшша, ауру адамдар өз іс-әрекетінің түрткілерін түсіндіре алмайды: Фрейд негізін салған психоталдау әдісі санасыздықты зерттеу үшін психикалық ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданьглады.
Фрейд тек ауру адамдардың ғана емес, дені сау адамдардың көңіл-күйі мен мінез-құлқын түсіндіретін теорияны негіздеді. Бұл теория Батыс елдерінде кеңінен тарады, үлкен беделге ие болды. Фрейд теориясы көптеген шет елдерде психология, психотерапия, психиатрия оқулықтарына берік енген. Фрейдизм бағыты адам туралы басқа ғылымдарға - социологияға, педагогикаға, антропологияға, этнографияға, сонымен қатар өнер мен әдебиетке ерекше ықпал етті.
Фрейдтің еңбектерінде күрделі психологиялық проблема ретіңде адамның сексуалдық өмірі туралы мәселе қойылды. Фрейдтің түсіндіруінше, жас жеткіншек балалардың әртүрлі жағымсыз іс-әрекеттерге бейімділігі оларды жыныстық инстинктердің билеуінен деп түсіндіреді.
Гештальтпсихология (немістің gestalt деген сөзінен шыққан, қазақшалағанда бейне, құрылым, түр деген мағынаны білдіреді) . Егер бихевиоризм психологияның тоқырау жағдайынан шығудың жолдарының бірі ретінде АҚШ-та пайда болса және өз дамуында бұл елден тысқары таралған жоқ. Ал гештальтпсихология - психологиялық бағыт ретінде Германияда пайда болды және XX ғасырдың бірінші жартысында көптеген Еуропа елдерінде жүргізіліп жатқан психологиялық зерттеулерге ерекше әсер етті, оның ішінде біздің елімізде (соғысқа дейінгі жылдарда) кеңінен тарады. Егер де бихевиоризм өз дамуында физиология және биология ғьглымдарына жан-жақты негізделсе, ал гештальтпсихология физика мен математиканың ерекше ықпалында болды.
Бұл бағыттың көрнекті өкілдерінің ішінде М. Вертгеймердің, В. Келердің, К. Левиннің және т. б. есімдерін атауға болады. Гештальтпсихология өкіддерін интроспективтік психологияға тән психикалық құбылыстарды талдауға жөне зерттеуге жеңілдетілген атомистік тұрғыдан қарау негізінен қанағаттандырмады. Бұл интроспективтік психология барлық күрделі құбылыстарды қарапайым құбылыстарға бөлді, олардың тіркесінен күрделі тұтастық заңын қалыптастыруға ұмтылды.
Гештальтпсихологтар психикалық құбылыстардың қиын да тұтас жүйесін қалыптастырудың өзіндік заңының өмір сүруі және жүмыс істеуі туралы айтқан болатын. зерттеулерінде күрделі құбылыстардың элементтері және оның байланыстары бойынша зерттеу осы байланыстардың құрылымын анықтаумен ауыстырылды. Осы себептерден ғылымдағы бұл бағытты кейде "құрылымдық психология" деп атайды (гештальт деген сөздің қазақша мағыналарының бірі "құрылым" деген мағананы береді)
Кеңестік психология ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
Отандық ғылыми-педагогикалық ой-пікірдің ертеден қалыптасқан тарихы мен дәстүрі бар. Оның тарихи тамырлары өз бастауын XIX ғасырдан алады. Біздің елімізде психологияға деген қызығушылық тарихи түрғыдан қоғамдық ғылыми білімнің дамуымен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік үрдістерді дұрыс түсінуде қоғамдық ұмтылыспен, адамгершілік, педагогикалық, діни, құқықтық сипаттағы проблемаларды қою жөне шешумен байланысты.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басыңда отандық ғалымдардың психологиялық көзқарастары материализм мен идеализмнің, ғылым мен діннің шиленіскен күресі жағдайыңда қалыптасты. Біздің елімізде психология ғылымының жаңа бағытын талдауға алғашқылардың бірі болып сұраныс берген, сол кездегі әлемде үстемдік еткен бағыттардан өзгеше, аса көрнекті орыс физиологі И. М. Сеченовтың еңбектері болып табылады. Ол материалистік бағытты үстана отырып, психикалық қүбьглыстар ағзаның рефлекторлық қызметінің қүрамына кіретіңдігін көрсетті, рефлекстің бөлінбейтін бөлігін қүрайды, сонымен қатар органикалық үрдістер ретінде мінез-құлықты басқарады.
XIX ғасырда кең тараған, үстемдік еткен ескі интроспективтік психологияны жақтаушылар психикалық құбылыстардың мөні мен рөлін осылайша түсіндіріп, түпкілікті жоққа шығарған болатын.
Өткен ғасырдың аяқ кезінде Ресейде И. М. Сеченовты жақтаушылар мен ескі психологиялық мектептің арасында өткен ғылыми пікірталас өте қызу түрде жүргізілді.
И. М. Сеченов интроспекция әдісін психикалық қүбылыстарды тану әдісі ретінде жоққа шығарды, ал оның қарсыластары ол әдісті психикалық құбылыстардың мәнін түсінудің негізгі тәсілі ретінде қарастырды. Біздің елімізде психологиялық білімді одан әрі дамытуда, оның ішінде іс-әрекеттің психологиялық теориясын талдауда Сеченовтың идеялары В. М. Бехтерев және И. П. Павлов сияқты белгілі отандық ғалымдардың еңбектеріне ықпал етті. Сеченовтың ықпалымен ағзаның рефлекторлық қызметі туралы ілімді В. М. Бехтерев, И. П. Павлов сияқты талантты ғалымдар негіздеді. Олар ортальгқ жүйке жүйесі жүмысының қызметін өртүрлі атаған болатын: Бехтерев "біріккен рефлекс", ал Павлов - "шартты рефлекс" деп атады. Олар алғаш рет психологияға мінез-құлықты (реакцияны) зерттеу пәні ретіңце енгізді. Бірақ бихевиоризмді жақтаушылармен сол кезде жұмыс істеген Бехтерев пен Павлов және мінез-құлықты зерттеген отандық физиологтордың арасында ерекше қағидалық айырмашылықтар болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz