Қайта өрлеу дәуірінің сипатты белгілері мен оның философиядағы көрінісі


Жоспар
I. Кіріспе
Қайта өрлеу дәуірінің сипатты белгілері мен оның философиядағы
көрінісі
II. Негізгі бөлім
Қайта өрлеу философиясының даму кезеңдері.
а) Ілгері қайта өрлеу.
б) Жоғарғы қайта өрлеу.
в) Кейінгі немесе модификацияланған қайта өрлеу.
III. Қорытынды
Қайта өрлеу философиясы геоцентристіктен пантеизмге өту
философиясы.
Қайта өрлеу дәуірі ( XIV-XVI ғғ . ) . Бұл дәуірде өнер, әдебиет, ғылым, әлеуметтік саяси ой қарыштап дамыды. Бұл - данышпандық, жасампаздық уақыты, адамның дәстүрлі қоғам шекарасынан батыл аттау уақыты, адамның стихиялы-индивидуалистік бағдарының орнығу уақыты, тосындылықтар мен қайшылықтар уақыты. «Қайта өрлеу» терминінің пайда болуы италия әдебиетінде XV ғғ. мәдениет қайраткерлері арасында, өнерді мыңжылдық «орта ғасыр түнегінен» кейін жарыққа шығару туралы ойлар жиі қайталануымен байланысты. Кейіннен бұл терминді француз ойшылдары да пайдаланды ( французша - қайта өрлеу - renaissance ) . XIX ғ. бастап ғылыми сөз қолданыстарында, өзінің экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани түрлерінде орта ғасыр барлық мүмкіндігін сарқып аяқтап, ал жаңа буржуазиялық құрылым бекімей тұрғанда, орта ғасырдан жаңа заманға өтетін дәуірді белгілеу мақсатында ( Италия XIV- XVI ғғ., басқа еуропалық елдерде (XV- XVI ғғ . ) бекіді.
«Қайта өрлеу дәуірі» терминін алғаш рет 1550 жылы италиялық Джордже Вазари «Аса көрнекті суретшілердің, мүсіншілердің және сәулетшілердің ғұмырнамасы» кітабында қолданды. Мұнда діннің ұзақ үстемдігінен кейін ежелгі ғылым мен өнерді түлету туралы болды. Қайта өрлеу дәуірі - бұл адамның шексіз мүмкіндігіне деген сенім, ол тағдырмен бетпе-бет келеді, құдайшылық беделінің алдындағы үйреншікті әлсіздікті жеңеді және Құдайдың өзімен ашық шығармашылық сайысқа түседі.
Адамзаттың тұлғалығы өздерінің сан алуан сауалдарын дүниеге көзқарас түрінде, және де саясат өрісіндегі әлеуметтік тәжірибелілер түрінде этикалық және қоғамның басқа да салаларында көрінетін гуманизмнен ( лат. Humanus - адамдық, адамгершілік, білімді ) тапты. Қайта өрлеу заманының адамгершілігі: адамның жеке тұлға ретіндегі құндылығын, оның бостандыққа құқығын, бақытын, дамуға және қабілеттілігін көрсетуге деген мүмкіндіктерін мақұлдады. Ол дүниетану мәдениетінде сол уақыттардағы нағыз төңкерісті іске асырды. Жаңа мәдениеттің, Құдайға ұмтылған орта ғасыр мәдениетінен айырмашылығы, адамға бағыттылған. Оның негізінде - антропоцентризм, ( грек. antropos - адам және лат. Centrum - орталық ) адам орталық және әлемнің ең жоғарғы мақсаты деген принциптер жатты.
Адамгершілік және антропоцентристік Қайта өрлеу мәдениеті антиклерикалдық көңіл-күйлермен тығыз байланыста болып, (Антиклерикализм ( грек. аnti - қарсы және лат. Clericalis - шіркеу), діншілдікке, шіркеуге, яғни діннің өзіне емес, шіркеу қызметшілеріне жасалынатын жеңілдіктерге, лауазымға қарсы бағытталған қозғалыс ) даму көздерін Реформация ( лат. Reformatio - өзгерту, дұрыстау ) идеяларынан тапты. Католицизмді өзгертуге бағыттылған осындай әр текті қозғалыс XVI - XVII ғғ., Еуропа елдерінің көпшілігінде жалпыфеодалдыққа қарсы сипат алды.
Ақырғы болмаса да, философияның одан әрі секулярлықтануы (Секуляризация ( лат. Seacularis - қауымдық, зиялы ) - қоғамның барлық сфераларының және адамның діни ықпалдан босану барысындағы тіршілік әрекеті ) жүріп жатты.
XVI ғ. итальяндық философияға тәнділік ( органицизм ) түсініктер келеді. Табиғатты адамдық өмірмен ұқсастық негізінде қарастыра отырып, оны көптеген ойшылдар бірыңғай үлкен организм деп бағалады. Табиғатқа деген аса қызығушылық, оны түсінуге бағытталған ерекше ұмтылыс және оған күшпен билік жүргізуге тырысушылық натурфилософиялық идеялардың туындауларына әкеп соқты. (Натурфилософия (лат. Natura - табиғат), табиғат философиясы, табиғатты біртұтас күйінде ойша пайымдап түсіндіру) .
Итальяндық философияның тағы бір сипаты кейде мистикалық түрді туындататын әлемге деген пантеистік көзқарас болды. Осы уақыттағы ойшылдарға Николай Кузанский, Лоренцо Балла, Флоренциядағы Платондық академияның мүшелері, александрилік мектептің басшысы Пьетро Помпонацци жататын. Бұл өтпелі замандағы барлық қайшылықтар қоғамның рухани өмірлерінде, әсіресе, қайта өрлеу философиясында толық көрінді, соның ішінде, ең алдымен, итальяндық философияда.
Итальяндық қайта өрлеу философиясы өзгермейтін және қатып қалған күйінде емес, қайта рухани білім іздеуде тұрақтылықты көрсетті. Ол идеялардың дамуын мына кезеңдерге бөліп қарастыруға болады:
- Ілгергі қайта өрлеу;
- Гүлдеу дәуірі немесежоғарғы Қайта өрлеу;
- Кейінгінемесе өрлеу.
- Ілгергі қайта өрлеу; Ұлы ақын Италияның гуманистік қозғалысын шабыттандырушысыДанте Алигьеридің(1265-1321) «Құдайшыл комедия» еңбегінде алғашқы рет ғасырдың дүниетануынан өзгеше көзқарастардың элементтері көрінді.
Данте, адамды өз тәжірибелері арқылы іске асыратын ойлы-ақылының мүмкіншіліктерінің жемісі деп ылғи да ойлады. Ол, барлық адамзаттың өмір сүруі ойлы-ақылдылыққа бағынышты болу керек деді.
Гуманистік қозғалыстың бастауында болған, ақын және ойшыл
Франческо Петрарка (1304-1374) «өмір өнерін» («искусства жизни») құру негізгі мақсат деп есептеді. Петрарканың түсінуінше, адам діни парыздарда айтылғандай, тек қана о дүниеде ғана емес, жердегі нақты өмірінде де бақытқа құқықты болады. Стоиктердің этикалық концепцияларына сүйене отырып, петрарка адами тұлғаның қадірін, адамның ішкі әлемінің бірегейлігін, оның ұміті мен әсершілдігін және үрейін табанды түрде маңыздандарды.
2. Жоғарғы қайта өрлеу философиясы. XV ғ. ортасына қарай итальяндық Қайта өрлеу философиясы өзіне тән жаңа сипаттарға ие болып, гүлдену дәрежесіне жетті. Олар схоластикалық түсіндірулерден тазаланған Аристотель мұрасын пайдаланды.
Николай Кузанский (1401-1464) шіркеу қызметкері, дін ілімін уағыздаушы болды. Өз заманына сай жаңашыл философиялық идеяларды ұстанды. Болмыс пен таным түсініктерін жасады. Оның ойынша, Құдай мен оның жаратқанының арасында айырмашылықтар жоқ, яғни әлем бір, ал құдай және қоршаған орта, әлем - бәрі біртұтас. Сондықтан «бірыңғай» (Құдай) және «шексіз» (Оның жаратқаны) бір-бірімен минимум максимум да барынша толықты сәйкес.
- Кейінгі Қайта өрлеу дәуірінде(XV-XVI ғғ. ) Еуропада, әсіресе, Италияда натурфилософиялық идеялар кеңінен таралды.
Натурфилософия өкілдері:
- Әлемге деген материалистік көзқарасты негіздеді;
- Теологиядан философияны бөліп алуға ұмтылды;
- Теологиялықтан азат етіп, ғылыми дүниетануды қалыптастырды;
- Әлемнің жаңа бейнесін ұсынды (онда Құдай, Табиғат және Ғарыш бір, ал Жер әлемнің орталығы емес) ;
- Әлем, Құдайшыл көрегендіктен гөрі ең әуелі сезімдік таным мен ойлыақылдың арқасында танылады деп есептеді.
Джордано Бруно (1548-1600) Қайта өрлеу заманындағы натурфилософияның айшықты өкілдерінің бірі. 1592 жылы күпірлігі үшін айыпталып, инквизиция тұтқында болған, жеті жылдан астам өмірін оның зындандарында өткізді. Бруно өзінің философиялық идеяларынан жалған деп бас тартпады. Оны 1600жыл 17 ақпанда тірідей отқа өртеді.
Жалпы қорыта айтқанда, өзінің онтологиясы тұрғысында Қайта өрлеу философиясы теоцентристіктен пантеизмге өту философиясы болды. Бұл ғалымдардың барлығы дерлік бір қатар - натурфилософиялық концепциялар жасады. Ол концепциялардың басты сипаттарына мыналарды жатқызуға болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz