Психология курс бойынша қайталау



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Психология курс бойынша қайталау.

1. Қайталаудың негізгі принциптері.
2. Өткен тақырыптармен материалдың байланысының жүйесі.
3. Қайталауға арналған сұрақтар.
4. Схемалар бойынша жұмыс қайталау әдісі ретінде.

Мектеп оқушыларына психологиядан саналы да сапалы білім беруде қайталау
сабағын жүргізіп отырудың мәні мен маңызы ерекше. Өткен психология
материалдарын оқушылар ойына толық қалыптастыру мақсатында жүргізілетін
жұмыс түрін қайталау сабағы деп атайды, психология материалдарын қайталап
отыру білім беру. процесінің басты бір бөлігі болып табылады.

Қайталау сабағын жүйелі жүргізу үшін оған мынадай талаптар қойылады:
1. Қайталау сабағының негізгі мақсаты анық болуы тиіс.
2. Қайталау сабағының түрі белгіленуі қажет.
3. Қайталау сабағы жоспар негізінде өтілуі жөн.
4. Қайталау өткенді.еске түсіріп қана қоймайды, оны терең үғынуға
көмектесуі керек.
5. Қайталау түрлері бір-біріне байланысты түрде өткізілуі тиіс.
6. Қайталау оқушылардың белсенділіпн арттыруы қажет.

Психология өтілетін қайталау сабақтарын тиімді жүргізу үшін мұғалім сан
қилы жұмыс түрін ойластырып отырғаны абзал. Қайталау сабағын тереңірек
түсінуде, оңы топтастырудың мәні үлкен, бұл белгілі бір методикалык
өлшемдерге негізделеді.
Негіз етіп алынатын өлшемдер мыналар: 
1. Қайталаудың мақсатына негізделеді. Психологияда алған білімі мен
білігін оқушылар есінде толық қалыптастыру және оны күнделікті өмірде
қолдана білу қайталау сабағының негізгі мақсаты болып табылады.
2. Қайталаудың мазмұны мен көлеміне негізделеді. Қайталаудьң мазмүны
—таным процестері, психикалық процестері тақырыптардьң ауыр-жеділдігіне
байланысты болады.

Сөйтіп қайталау сабақтары жоғарыда айтылған методикалық өлшемдерге
негізделе отырып, олар төмендегіше топтастырылады:
I. Бастапқы қайталау сабағы.
II. Күнделікті қайталау сабағы.
III. Мерзімді қайталау сабағы.
IV. Қорытынды қайталау сабағы.

Қайталаудың негізгі принциптері.

Принцип - латын сөзі, қазақша негіз деген сөз.
1. Көрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип.
Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы
тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - көру мүшелері; Олар
арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір
заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.
Шарттары:
•  оқушылардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін
естен шығармау;
•  көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы;
•  оқушы ұғымдар және абстрактілік ережелерді түсіну үшін нақты фактілер,
мысалдар келтіру;
•  көрнекілікті мәселелі жағдаяттар туындату үшін қолдану;
•  көрнекі құралдық оқылатын зат және құбылыс туралы анық және дұрыс
түсінік алуға көмектесуі;
•  оқушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін, салдарын
анықтату;
•  көрнекілікті қолданып оқушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан
түсініктерге сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау;
•  қазіргі көрнекі құралдарды, атап айтсақ: оқу теледидарларын,
бейнежазбаларды, кодослайдтарды, жартылай әкранды проекцияларды т.б.
қолданып, техникалық құралдармен жұмыс істей білу;
•  көрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейінін, бай-қампаздығын, ақыл-
ой мәдениетін, жобалай білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу;
•  көрнекілік арқылы өмірмен байланыс орнату;

Көрнекілік түрлері:
Табиғи көрнекі лік оқушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен,
жануарлармен, минералдармен) таныстыруды талап етеді.
Эксперименттік көрнекілік
Суретті көрнекіліктің мақсаты - нақты дүниенің бейнесін көрсету
(бейнесурет, картина, диафильм, диапозитив, мылқау кинофильмдер).
Көлемді көрнекілік: макет, үлгі, муляж, панорама.
Дыбыстық көрнекіліктер: күйтабақтар, ұнтаспаға жазылған материалдар, т.б.
Символдық және графикалық көрнекілік: абстракты ой дамуына көмектеседі,
себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді. Олар: карта, жоспар, сызба,
диаграмма.
Жанама көрнекілік жаңа бейнені бұрынғымен салыстырып, ол туралы түсінік
қалыптастыру.
В.Ф.Шаталовтың тірек сигналы бейне, таңба, шартты белгі, суреттерден
тұрады. Олар қарапайым, сондықтан оқушы факті құбылыстың негізгі мәнін
мұғалімге айтып бере алады.

2. Оқушылар білімінің беріктігі принципі . Бұл принципте мына заңдылықтар
бар: білім мазмұны және оқушылардың танымдық күштерін дамыту оқыту
процесіндегі бір-бірімен өзара байланысты бөліктер; оқу материалын түсініп
есте сақтау оның мазмұнына, оқушының материалмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру
Психология пәні бойынша семинар сабақты дайындау
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық пәндерді меңгертудің кәзіргі жағдайы
Студенттердің өз бетімен оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруының ерекшеліктері
БАЛАНЫҢ ЫРЫҚТЫ ЖӘНЕ ЫРЫҚСЫЗ ЕСТІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Квалиаметрия пәнінен дәрістер кешені
Ұстаз ұлы тұлға
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары (5-6 сынып ағылшын тілі сабағында)
Сандардың нумерациясын оқыту әдістемесі
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер