Халықтық IPO-ға қатысу тәртібі және негізгі қадамдар


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қалай «Халықтық IPO» қатысушысы боласыз

Сіз «Халықтық IPO» Бағдарламасына қатысуға шешім қабылдадыңыз ба? Осы сәттен бастап қаржы тілімен айтқанда сіз «бөлшек инвестор» болып саналасыз. Әрине сіз «Халықтық IPO» қатысушы компанияларынан тікелей акциялар сатып ала алмайсыз.

Сізге қаржы мамандары көмектесетін болады - брокерлер, олармен қызмет көрсетулерді алуға тиісті шарт жасасқаныңыз жөн. Бұл үшін оларға жеке басыңыздың куәлігін (немесе паспортты) және СТН-ді ұсынуыңыз қажет. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҚК) деректері бойынша қазіргі сәтте Қазақстанда 67 брокерлік компания тіркелген. Алайда жеке тұлғалармен барлық брокерлер жұмыс істей бермейді.

Алғашқы қадам - білікті брокер таңдау

Брокер таңдаған кезде мынадай аспектілерге назар аударыңыздар:

• Брокерлік комиссия мөлшеріне (орташа алғанда мәміле сомасынан 0, 3 - 0, 8% шегінде ауытқиды) ;

• Нарықтағы белсенділігіне (бұл ақпаратты сіз www. kase. kz табасыз) ;

• Клиенттік сұрауларға ден қою жылдамдығына (сұрауға ден қоюдың оңтайлы кезеңі - шамамен 1 сағат) ;

• Ақпараттық-талдамалы жіберілімдердің болуына, ол сізге қаржы нарығы туралы жедел деректерді жеткізеді

Екінші қадам - Орталық депозитарийде жеке шот ашу

Брокерді таңдағаннан кейін сіз Орталық депозитарийде жеке шот ашуыңыз керек.

Орталық депозитарий - бағалы қағаздарды сақтау және есепке алу жөніндегі қызметтерді ұсынатын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым.

Орталық депозитариймен Шарт екі данада жасалады. Шотты дүрлікпе басталып кеткенше және кезекте тұрмау үшін акцияларды сату басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын ашқан дұрыс.

Маңызды! Егер сіз әлі де брокерлік компаниялар бар шағын елді мекендерде тұрсаңыз, трансфер-агенттердің көрсететін қызметін пайдаланыңыз, олар сіздің құжаттарыңызды жинауы және брокерге беруі тиіс.

Трансфер-агент - өз клиенттері арасында құжаттарды (ақпаратты) қабылдау және беру бойынша қызметтер көрсететін бағала қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.

Қазақстанда үш компанияның трансфер-агенттік қызметке лицензиялары бар

• «ҚазПочта» АҚ

• «Қазақстанның Халық жинақтаушы банкі» АҚ

• «Дос» ЖШС

Шарт жасасқаннан кейін Орталық депозитарийде сіздің жеке шотыңыз болады. Осы шот биржада қаржы операцияларын жүргізуге, яғни акцияларды сатып алуға және сатуға мүмкіндік береді. Ақшаны өз шотыңызға кез келген банкте немесе трансфер-агентте аударуыңызға болады. Аударылғаннан кейін брокермен байланысқаныңыз және шотыңызға ақша түкенін білгеніңіз жөн

Үшінші қадам - роуд-шоуға бару

Бағдарлама басталар алдында «Халықтық IPO» катысушы компаниялары барып өткізетін өз акцияларының таныстырылымдары - «роуд шоу» өткізеді. Осындай таныстырылымдарда сіз компания менеджментіне өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды тікелей қоюға мүмкіндік беріледі.

Төртінші қадам -акциялар сатып алу

Акциялар - бұл қаржы нарығының тауары және акцияның кез келген тауары сияқты таныстырылымды қажет етеді.

Акцияларды шығару (эмиссия) бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде алдын ала құлақтандырылады. Одан басқа, сіздің брокеріңіз мыналарға:

• акцияларды сату процесінің басталуы туралы сізге нұсқау беруге міндетті;

• қолыңызда бар қаражатқа қанша акция сатып алуға болатынын түсіндіруге міндетті;

• сізбен жеке кездескен кезде, не электрондық сауда платформасы немесе трансфер-агент арқылы екі данада акциялар сатып алу туралы тапсырма алуға міндетті. Тапсырмада акциялар саны және оларды сатып алған баға көрсетілуі тиіс;

• эмитент-компаниямен сіздің атыңыздан мәміле жасауға, одан кейін сізге сатып алғаны туралы хабардар етуге міндетті.

* Сауда электрондық платформа арқылы операциялар жүргізу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу қажет. ЭЦҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (ХҚО) немесе Қазақстандық банкаралық есептер қорынан алуларыңызға болады.

ЭЦҚ алу процесі туралы www. egov. kz егжей-тегжей берілген.

Бесінші қадам - инвестициялау стратегиясын таңдау

Инвестициялау мерзімі стратегияға байланысты, оның сіз брокермен талқылағаныңыз орынды болып табылады. Тұтас алғанда стратегия нақты жағдайға: бос ақшалай қаражат көлеміне, инвестициялау мақсаты мен өз мақсатыңызға қол жеткізгіңіз келетін уақытқа сүйене отырып анықталады. Брокерлерде әртүрлі жағдайларға әзірленген стратегиялар бар және біз олармен осы мәселені алдын ала шешіп алуды табанды ұсынамыз. Сіз өз қаржы жағдайыңыздың әртүрлі өзгешеліктерін талқылайсыздар және брокер сізге оңтайлы стратегияны ұсынады.

Практика мыналарды:

• акцияларды кем дегенде бір жыл ұстаған пайдалы екенін, бұл ретте инвестор (төлемдер жүргізілген жағдайда) дивидендтер алуы мүмкін екенін көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ДСҰ-ға интеграциясы және халықаралық сауда дауларына қатысу: мақсаттары, мәселелері мен мүмкіндіктері
Қазақстанның капитал нарығын дамыту: жаңа қадамдар және инвестициялық механизмдер
Ақша теориясы мен құралдары: акция құнын дисконттау, IPO бағалау және ақша түрлері
Инвестициялық портфельді басқару және ұлттық компания акцияларын IPO арқылы халыққа бөлу: әлеуметтік-экономикалық әсері
Адвокаттың қылмыстық процестегі қорғаушылық қызметі: ҚР ҚІЖК негіздері, міндетті қатысу және тағайындау тәртібі
Дәстүрлі емдеу әдістерінің негізгі принциптері: қазақ халықтық және шығыс медицинасын салыстырмалы талдау
Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану тәртібі және негізгі қағидалары
Бастауышта экологиялық тәрбие: дүниетаным қалыптастырудың теориясы мен практикасындағы жаңа қадамдар
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі: негізгі түсініктер, ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Қылмысқа қатысу: ұғымы, нысандары және қатысушылардың жауапкершілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz