Қалалар саяси өмірдің,сауда өнер мен мәдениеттің орталығы ретінде


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Факультеті: Заң

Мамандығы: Әлеуметтану

СӨЖ

Тақырыбы: Қалалар саяси өмірдің, сауда өнер мен мәдениеттің орталығы ретінде

Қабылдаған: т. ғ. к., доцент

Нурбетова Г. О.

Орындаған: Иманбеков Ж

Тобы: ЗСЦ 111

Түркістан - 2011

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары

2. ҮІ ғ. Мен ІХғ. Бірінші жартысындағы қалалар мен мекендер

3. Мәдениеттердің өзара ықпалы және бірін-бірі байытуы

4. ІХ ғ. екінші жартысы мен ХІІІ ғ. Бас кезіндегі қалалар мен мекендер

Пайдаланған әдебиеттер

1. Қазақстан тарихы. 4 томдық І, ІІ, ІІІ. т. А 98

2. Қазақстан тарихы. Очерктер. А. 1994

3. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. А. 2001

4. Әбдіәкімұлы К. Қазақстан тарихы. А. 1997

5. Мусин. Ч. Қазақстан тарихы. А. 2003

6. Қазақстан тарихынан А. 1997

КІРІСПЕ

СӨЖ тақырыбының өзектілігі.

СӨЖ тақырыбының зерттелу деңгейі.

СӨЖ-дің мақсаты мен міндеттері.

СӨЖ тақырыбының хронологиялық шеңбері.

1. Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары

Ұлы Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан шығып. Тұрбат асуы арқылы Исфиджаб, Сайрамға келеді. Ежелгі қаланың аты осы күнге дейін сақталған. Исфиджабтан құлдарды, бөз маталарды, қару-жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан.

Исфиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шарап және Будукент қалалары арқылы Таразға барады екен. Қазақстанның аса ірі қалаларының бірі Тараз болған. 568 ж. түрік қағанына Дизабұл Византия императоры Юстинианның стратег Земарх бастап келген елшілігін тап осы қалада қабылдаған. Таразбен қатар Жамухат деген шахар тұрған. Ол да ҮІ ғ. Хатқа түскен. Жамухаттың жәдігерліктері Талас алқабында, Жамбылға таяу жерде, Талас өзенінің бойындағы Михайловка селосына қарама- қарсы бетте жатыр, оның үйінділерін кәзір Қостөбе деп атайды.

Алқаптың жазық жағындаАтлах қаласы бар, 751 ж оның түбінде осы араны ықпалында ұстау үшін арабтар қытай әскеерімен шайқасқан болатын. Тараздан таяқ астам жерде, талас бойымен төмен, теріскейге қарай кететін ауда жолы үстінде Адақкет пен Дех Нуджикес қаласы тұратын Талас алқабының таулы бөлегінде сол сияқты Шелжі, Сұс, Күл және Текабкет деген қалалар болған. Олар күміс кендеріне жуық жерден қоныс тепкенді.

Керуендер Талас алқабына Ферғана аймағынан Шатқал қыратындағы Шанаш асуы және Талас Алатауындағы Қарабура асуы арқылы да өтіп келетін . Жолдың осы бөлегі Жібек жолының Ферғаналық және Жетісулық бағыттарын біріктіретін.

Тараздан шыққан жол шығысқа Құлан қаласына қарай асатын еді. Тараз бұн Құлан аралығывнрдағы территория қарлуктерге жататын сияқты қалалардан өтетін. Құланнан әрірек шығыста бір- бірінен төрт фарсақтай жерде Меркі мен Аспара қалалары барды. Сосын сауда керуендері Нұскент, Харраджуан, Жол қалаларына соғып өтетін. Жолдан кейін ол Сарығ, «түрік қағанының қыстағына», Қырмырауға баратын.

Жол Науакенттен шыққасын Пенджикент (Бунджикент) арқылы Жетісудың аса үлкен қаласы Батыс Түріктерінің астансы (кейін түргештер, қарлықтар астансы) Суябқа келеді. Бұ қала туралы қытай, араб саяхатшылары Х ғ. Дейін жазып келген. Соңынан астана рөлі Баласағұнға көшеді, тегі оның ертеректегі аты Беклиг немесе Семекна болса керек. Баласағұн қарахандардың, сосын қарақытайлардың астанасы ретінде белгілі, оны кейін ХІІІ ғ бас кезінде қарақытайлар қиратады. . Қала содан қайта салынады., бірақ ХІҮ ғ тағы жа ойрандалып, үйінділері ғана қалады. Бұ қалалардың тұрған жері кәзіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде және орта орта ғасырдың көпке белгілі екі ескерткішіне- Ақбешім мен Боран қалажұртына сәйкес келеді.

Х-ХІІ ғ. ғ Жібек жолының бір тармағы күллі Іле алқабын оңтүстік- батыс жағынан көктей өтіп, солтүстік шығысқа қарай кетеді екен. Бұл тармақ Науакенттен басталып, Бунджикен және Қастек асуы арқылы жүріп, Іле Алатауының теріскей жоталарына әкелген. Әлгі асуға тағы бір жол Баласағұннан келетін болған. Бұл арадағы танымал белгі қасиетті Ұрын- Арж тауғы болған. Жол Іле Алатауынынң баурайындағы қазіргі Қастек, Қаскелең мен Алматы орындарындағы шағын қалашықтар арқылыТалғар қаласының теріскей жетіне орналасқан Тәлхиз (Тәлхира) қаласына жеткен. Осы арада Талғар өзенінің оң жағалауындағы тау баурайында орта ғасырдың аса ірі қала жұртының ойран болған орны жатыр. Тәлхиз транзитті сауданың үлкен орталығы болған.

Іле алқабына басқа жолмен де келе береді екен: Құлан мен Аспарадан немесе Нүзкенттен шығып, Шудың орта және төменгі ағысындағы қалаларға барған. Сосын Тасөткел қайраңынан өтіп, жол Шу-Іле тауларының теріскей жоталарын жағалай келіп, Іле Алатауының теріскей бетіндегі қалаларды қуалай жүрген.

Тәлхизден Жібек жолы екіге айырылады: оңтүстік желісі Есік пен Түрген, Шелек үстімен жүріп, Іленің Борохудзир маңындағы өткелінен өтіп, оның оң жағалауын қуалап, Хоргос арқылы Алмалыққа жетеді де, осындағы Ыссық көл жақтан келгенжол тармағымен қосылады. Жолдың осы бөлігінен археологтар Есік, Түрген, Лауар сияқты кішкене қалалардың, үлкен қала Шелектің төбешіктеніп қалған орындарын тапты. Іленің оң жағым ен жол қазіргі заман қыстағы Көктал мен Жаркент арқылы өтеді. Көктал маңында Ілебалық қаласының орны бар. Тәлхизден басталатын теріскей жолы Талғар өзенін қуалай жүріп, Іленің Қапшағай шатқалы маңындағы өткеліне дейін жеткен. Одан әрі жол Шеңгелді үстімен Алтын Емел белесінен асып, Көксу алқабына түседі. де, Екіоғыз қаласына жетеді. Ол қазіргі Дунгановка селосының орнында болған. Вильгелм Рубрук бұ қаланы Эквиус деп атаған. Іле алқабының ең үлкен қала жұртының бірі тап осы жерден табылғанр. Онда 1253 ж болған В. Рубрук осынау қалада «сарациндер» (иран көпестері) тұрушы еді- деп жазады.

Жол Екіоғыздан шығып, қарлықтар жабғысының астанасы Қаялыққа (Қойлақ) барады екен. Бұл шаһардың хан базарларымен аты шыққан. Руброуктің жазбаларына қарағанда Қаялыққа жақын- жукық жерлерде христиандар селосы болған. Жібек жолы сол арқылы өткен. Содан ары қарай жол тентек алқабымен жүріп, Алакөлді айналып өтіп, Жоңғар қақпасын басыпШихо алқабына жетеді, сосын Бесбалықты басып, Дунхуанға барады да, Ішкі Қытай жаққа шығандап кетеді екен.

Алакөлдің оңтүстік - батыс шетінде бір қала болған, оны ХІІІ ғ саяхатшылары «Облыстың астанасы» деп атаған.

Испиджаб қаласынан шығатын керуен жолы Арыс бойындағы Арсубаникетке, содан Отрар- Фарабқа иек артып Сырдария бойымен Арал өңіріне барған.

Сырдария бойын қуалай жүретін керуен жолы үстіндегі қалалардың ірісі Отырар- Фараб пен Шавғар екен. Бірінші қаланың аты Арыстың Сырдарияға барып құятын жеріне жақын орналасқан аса үлкен қала жұртының атында сақталып осы күнге дейін жеткен.

2. ҮІ ғ. мен ІХ бірінші жартысындағы қалалар мен мекендер

Қазақстанның ұлан- байтақ жерінде ежелгі замандардан бергі отырықшылық, ал орта ғасырдан бастап қалалық өмір- тіршілігі дамыған ірі- ірі тарихи- мәдени аймақтар бөлініп көзге түседі. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан яғни Сырдария өңіріндекгі географиялық уәлаят, солтүстігінде- Орталық Қазақстан даласымен, оңтүстігінде- Талас Алатауымен, Шығысында-Жуалы қыраттарымен, батысында - Қызылқұм шөлімен шектеледі.

Оңтүстік Қазақстан жерінде Сырдария алқабы айрықша орын алады. Сырдарияның ежелгі атын гректер Яқсарт деп жазып қалдырыпты да, ол ҮІІғғ. дейін сақталды Сосын ол Сойқан, Қангар, Гүл-Зариун, Иинчу-Оғыз деп аталды. Тек ХҮІ ғ. Бастап оның әу бастағы аты-Сыр қайтадан көпшілікке тарайды.

Жетісуда екі тарихи-мәдени аудан айрықша көңіл аударды Оңтүстік-Батыс Жетісу, оған Шу мен Талас алқаптары, Терістік-Шығыс Жетісуы, оған Іле алқабы енедін.

Ғылымда тарихтың ең бір күрделі мәселесіне- отырықшы және көшпелі тайпалар мен халықтар дала мен қала зор көңіл бөлінеді. Ғылымда еуроорталық бағыты деген ағым бар, онда көшпелілер өркениетті егіншілерге қарама- қарсы, жабайы тағылар ретінде көрсетіледі.

Әлбетте көшпелілер мен егіншілердің арақатынасы ұдайы тыныш болып отырмаған. Көшпелілердің барған жерін құлазытып кететін шапқыншылықтары мен басқыншылықтары туралы толып жатқан тарихи фактілері бар. Тарихта көшпелілер мен қала тұрғындарының сыртқы жауларға қарсы тізе қосып күреске шыққан мысалдары да бар. Тұтас алғанда Қазақстан мен Орта Азияның отырықшы облыстары мен қалаларының дала көшпелілерімен бірге дамуының тарихи заңдылығы тығыз экономикалық байланыстармен анықталып отырады. Сонымен қатар ежелгі және орта ғасыр тарихының ұзына бойы әртүрлі факторлар әсерімен көшпелілер отырықшылыққа және қала тіршілігіне өтіп отырған.

Жетісу қалаларын алғаш рет сипаттаған кісі оы арадан 630 ж жүріп өткен, будда қажысы Сюань Цзянь екен. Археологиялық зерттеулер арқылы Қазақстанның оңтүстігінен ҮІ-ІХ ғғ қатпарындағы 25 қалажұрты белгіленді, оларды қалалар қалдығы деп атауға болады. Олардың бірсыпырасының аттары белгілі: Испиджаб, Шараб, Будухкет, Отырар (Фараб), Шавгар. Бұл қалалардан бірден көзге түсетіні: арқ (қамалсарай), шахристан (ішкі қала) және рабад (қала маңы)

Жетісудың оңтүстік - батысында (Шу мен Талас алқаптары) археологиялық мәліметтерге қарағанда, 27қалажұрты бар деп есептеледі, олардың көпшілігі шежіреге енген Тараз, Құлан, Атлах, Джамукат, Мерке қалалары болар деп болжалынады.

Жетісу қалаларының Оңтүстік Қазақстан қалажұрттарынан бір өзгешелігі- оның топографиясы өзгеше: оларда қаланың қамалсарай мен шахристаннан тұратын орталық бөлігі және ұзын дуамен қоршалған қала маңының жері болады. Мәселен, Отырар көгалды аймағындағы ҮІ-ҮІІ ғғ бірінші жартысындағы қатпарға жататын Көкмардан қалажұртының шахристаны орам- орам етіліп салынған. Бұл адамдарды туысқандығына, жалпы кәсібіне, дініне қарай топқа- жікке тұйықтап қоятынфеодалдық қалалар сипатына сай келеді. Мұндағы тұрғынжайлар екі типті үйлер түрінде салынады. Оның біріншісіне бір бөлмелі жер бетіне салынатын текше тәрізді не тікбұрышты үй жатады. Бұл тектес үйдің бір түрінің іргесі жартылай жер астына жіберіледі. Үй қабырғаларын түгел немесе үшеуі қуалай сәкілер қойылатын болған. Үй ортасына не есікке жақын еденнен төртбұрышты Үй ортасыа не есікке жақын еденнен төртбұрышты немесе дөңгелек ошақ жасап, оны сазбалшықпен кенерлеп қойған.

Үйдің екінші типіне екі бөлмелі үй жатады, оның біреуі тұруға, екіншісі шағын қойма үшін падаланылған.

Жетісу тұрғынжайларының негізіне бір қатарға тізілген ұзынша тар бөлмелердң ортақ дәліз арқылы біріктіру принципі алынған, бөлмелер со дәліз арқылы байланысады- мұны «тарақ тәрізді жобалау» деп атаған.

Қалалардың қамалдарында билеушілердің сарайлары болған, ол сарайлар іші әшекей өрнектермен, оюлы ағаш, бедерлі қыш бетіндегі көркем суреттермен әсемделеді екен.

Қалалар күллі қолөнері мен сауда - саттықтың орталығы болып табылған. Бұларда халықаралық саудамен бірге жергілікті облыстық сауда, көшпелілірмен алыс- беріс кеңінен дамиды. Оның шын мәнінде өріс алғанына сол арадан табылған теңгелер куәлік етеді. Әлгі халықаралық, облыстық саудаға осы теңгелер жұмсалған. Бұл ортада әртүрлі діндер уағыздалып таратылған. Қалалар мәдениетінің қалыптасу процесіне түрік тайпалары белсене аралсқан. Сөйитіп Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың, Орта Азияның көгалды аймақтары мен қалаларында тұрақтап қалған. Олардың мәдениеті бүкіл орта-азиялық- қазақстандық аймақтың ерте ортағасырлық мәдениетінің құрамдас бір бөлігі болған. 3. Мәдениеттердің өзара ықпалы және бірін-бірі байытуы

Ортағасырлардың бастапқы кезінде Азияда аса кең аймақтары мен елдердің бейнесі ретінде әлемнің төрт патшалығының концепциясы етек алып жайылған еді. Осынау «әлем патшалығының» әрқайсысы замандастарының көз алдында өзіне ғана тән артықшылығымен дараланған. Сүй әулеті (589-618) мен Тан әулеті (618-907 ж. ж) өкіметтерінің қоластында біріккен Қытай, Үнді билеушілерінің патшалықтары Тынық Мұхиттан бастап, Қара теңізге дейінгі Түрік бірлестігі, Персия мен Византия сияқты мемлекеттер дүниенің төрт тұсында орналасқан әлемдік төрт монархияның негізі деп саналады: оңтүстікте- пілдер патшасының империясы (Үндістан), батыста- бағалы тастар патшасы (Иран мен Византия), солтүстікте- сәйгүліктер пати\шасы (Түрік қағанаты), Шығыста -адамдар патшасы ( Қытай) . Осы идея сосын мұсылман авторларына да ауысып келеді.

Самарканд маңындаңы Кушания қыстағы үйлерінің қабырғаларындағы суреттер осы концепцияның айқын көрінісі болып табылады, онда бір қабырғада - қытай императорлары, екінші қабырғада- түрік хандары мен брахмандары, үшіншісінде- парсы патшалары мен рим императорлары бейнеленген еді.

Сол бір алыс оқиғалар замандастары тек өз мемлекеттерінің табыстары туралы ғана емес басқа мәдениеттері құндылықтарын да игеру туралы жазған, бүкіл әлемдік мәдениеттің шынайы бір түрінің негізгі мәні міне осындай болаты.

Тауарларды, қолданбалы өнердің, сәулет өнері мен қабырға живописінің мәдени үлгілері мен эталондарын таратумен бірге, Шығыс пен Батыс елдерінде саз бен би өнері де сахналық ойындар да кеңінен таратылып отырған.

Шетел оркестрлері сарай қызметіндегі кісілер құрамына енгізілген.

Мәслеен сазман патша Сюань Изунь 30 мың сазгер ұстаган. Т үрік қағанының Суяб төңірегіндегі ордасында елшілерді қалай қабылдағаны жөніндегі сипаттама сақталып қалған. “Қаған, -деп жазады сол сияпатты көзімен көрген будда сопысы Сюань Цзянь, -шарап әкеліп, саз ойнауға әмір етті . . . сосын бір үзілмей, метелл сыңғырымен сүйемелденген жатжерлік саз әуезі тамылжып төгілді де тұрды. Және ол жабайылардың сазы болғанымен, тыңдаушылардың құлақ құрышын қандырып, жаны мен ойын жадыратып оырды”. Таң әулеті Қытайында ең көп жайылған саз

Шығыс Түркістан мен Орта Азияның ән- күйлері болған. Құш пен қашғардың, Бұқар мен Самарқанд-Үндістанның сазгерлік дәстүрі, Сарайдың ресми қамқорлығы арқасында қытайдың саздық дәстүрімен ұласып табысып кетеді.

Иран, соғды мен түрік актерлері Қытайдың хореографиялық мәдениетіне көптеген жаңалықтар енгізеді. Мәселен Константинопольде Шығыс артистері жиі-жиі өнер көрсетіп тұрады. Византия императоры әйелінің орыстың кінәзі әйелі Ольганың құрметіне берген түскі қабылдауы кезінде шығыс масқарампаздары мен эквилибристері жиналғандардың көңілін көтеріп, рахатқа бөлейді, ал Мануил І-нің салжық сұлтан Арыстан ІІ -нің құрметіне жасаған мереке- тойында түрік акробаты алмағайып сальтоны орындаған. Сол сияқты өнерпаздар маска киіп ойын көрсеткен деседі.

Мұндайц дәстүрлер кейінгі уақыттарға дейін мұсылман елдерінде сақталады. Наурыз мейрамы кезінде Бағдатта актерлер маска киіп, халиф алдында өнерлерін паш еткен.

Жібек жолы бойынан әртүрлі жердегі ескерткіштерді қазған мәдениеттердің дамуы және өзара бірін-бірі байытуын дәлелдейтін көптеген материалдық дәйектер табылған: бишілер мен биші әйелдерді, маскалы актерлерді түйе үстіне жайғасып отырған музыкалық ансамбельдерді бейнелейтін Тан дәуірінің рерракот коллекциясы- осының айғағы. Мұндағы көптеген артистердің бейнесінен Орта Азия халықтары өкілдері екені көрініп тұрады.

Пенджикенттің, Варахша мен Топырақ қаланың және шығыс Түркістанның қалаларындағы салтанат залдарында сақталып қалған қабырғалардағы суреттерде сазшылар мен актерлер бейнеленген. Биші әйелдің ағаштан қашалған таңғажайып мүсіні Пенджикенттен табылды. Сырдария бойындағы Кедер қаласында қазба жүргізген кезде Х-ХІ ғғартистің қыш маскасы кездесті.

Жібек жолымен діни идеялар да кең таратылып отырған, ал миссионерлер өз дінін тіпті теңіздің арғы бетіндегі елдерге барып таратқан. Үндістанның Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы Қытайға буддизм келген. Сирия мен Ираннан, Арабиядан- христиан діні, осыне барып ислам жеткен.

Зерттеушілердің пікіріне қарағанда Қытайға буддизм Үндиядан Орта Азия мен Қазақстан арқылы барған. Бұл әрекет б. э. бұрынғы І ғ басталған. . Шығыс ТИҮркістан мен Қытайға будда дінін таратуда ортаазиялық діндарлар мен миссионерлер, әсіресе соғдылар, парфяндар мен қаңлылар көп еңбек сіңірген. Б. э. ІІ-ІІІ ғғ буддизм белсенді түрде таратылған, тегі бұл Кушан империясының Шығыстағы саяси мақсаттарына байланысты болғанға ұқсайды.

Ерте ортағасырларда буддизмнің негізгі миссионорлері қызметін соғдылар өз міндетіне алған. Будда дінін Орталық Азияда тарату ісінде тек солар ғана маңызды рөл атқарады. Шығыс Түркістандағы түріктердің будда текстеріндегі терминдерді талдап тексергенде олардың соғдының көмегімен алынғаны анықталды. Ұлы Жібек жолы үстіндегі бірқатар қалалардан будда ескерткіштері табылды.

Түріктер ҮІ ғ бастап буддизмнің қатты ықпалын өз абынан өткерген. Сюань- Цзян Батыс түрік қағанының будда дініне ықылас білдіргенін жазады. Зерттеушілер пікіріне иісек ҮІІ ғ бірінші жартысында батыс түріктерінің кейбір билеушілері буддашы болған немесе буддизмге қамқорлық жасаған. Бұл жайь олардың отырықшылыққа және қала өміріне өтуімен тығыз байланысты болған.

Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуде буддизм едәуір дәрежеде кең тараған. Ең әуелі бұл өлкеден буддалық құрылыстардың тыбылуынан көрінеді. Будда ескерткіштері Шу алқабының Ақбешім, Қызылөзен, Новопокровск, Новопавловск секілді қала жұрттарынан кездесті: олар ғимараттар, әдарияттар(шіркеулер), сол сияқты будда кейіпкерлері мен көріністері бейнеленген мүсіншілер мен стеллалар.

Кездейсоқ табылған археологиялық олжалар ішінде Үндия импорты да көп кездеседі: Буддалар мен буддашылардың қола мен күмістен құйылып, алтынмен апталып, асыл тастармен әшекейленген мүсіншелер көңіл аударады.

Археологтардың соңғы ашқан жаңалықтары қатарына орта ғасырдың белгілі қаласы Исфиджаб- Сайрам үйінділеріне таяу жерден табылған жер асты әдарияты жатады.

4. ІХ ғ. екінші жартысы мен ХІІІ ғ. Бас кезіндегі қалалар мен мекендер

Арабтар басқыншылығы Орта Азияның өмір тіршілігіне қатты ықпал етеді. Қазақстанның оңтүстігі де, Жетісу да арабтар қоластына қарамағанымен, жатжұрттың көршілерді жаулап алуының әсері облыстың қала мәдениетіне тимей қалмайды. Орта Азиямен тығыз экономикалық және мәдени байланыстар арқылы шырмалып қалған облыс мұсылман мәдениетінің ықпалына түседі, ол мәдениет әуелі қала халқы арасына тарайды.

Осы айтылып отырған кезде қала санынының көбейгені деректерде өз ізін қалдырған.

Кейбір деректерге қарасақ, Талас Алатауының баурайларында Джумишлагу мен Манкент қалалары, Арыстың орта ағысында орталығы Үсбаникетте орналасқан Кеңжиде округі құрылыдаы; Отырар көгалды аймағында Кедер, Весидж бен Борық қалалары, Шавгар өңірінде- Яссы, Шағылжан, Қарнақ, Қарашақ, Сауран; Сырдарияның төменгі бойында- Сығнақ, Жент, Асанас, баршакент; теріскей жоталарда- Баладж бен Берукет қалалары пайда болды. Бұлардың бірқатары бұрын да болған еді, бірақ шағын-шағын мекендер мен қалашықтар еді, ал ІХғ. -ХІІ ғ бас кезінде олар кәдуілгі қалалық орталықтар қатарына қосылады.

Жетісудың оңтүстік- батысындағы жаңа қалаларп саны да өседі. Талас алқабында- бұл Жікіл, Балу, Шелжі, Текабкет, Көлсұс, Кенжек қалалары, Шу алқабында Баласағұн бас қалаға айналады.

ІХ ғ-ХІІІ ғ бас кезінде Жетісудың солтүстік- батысында қала мәдениетінің жаңа ауданы құрылды. Орта ғасыр деректері Тәлхир, Лабан, Екі оғыз, Қаялық қалаларын айтады. Осы кезеңде отырықшылық және қала тірлігі Орталық Қазақстанға да жайылады. Қалалар мен мекенжайлар Жезді, Кеңгір, сарысу алқаптарынан Ұлытау байрайынан қоныс тебеді.

Сол сияқты қалалар Шығыс Қазақстанда да Ертіс бойында да пайда болады. Деректер бұ қалалардың қимақтар меншігінде болғанын жазады. Олардың ісіндегі ің ірісі- хан (қаған) сарайы Имақия болғңан. Астанадан басқа Дамирия, Сарауыс, Банджар, Дахлан, Астур сияқты қалалар аталады.

Қосынды- ордалы қалалар Батыс Қазақстанда, Жайық алқабынан салынады. Олар оғыз- түріктер меншігі саналған.

Қазба жұмыстары өткен кезеңмен салыстырғанда оларды салу ісінде өзгерістер жайын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық қалалық мәдениеттің қалыптасуы
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
VІ-ХІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛАЛАР МЕН ҚОНЫСТАР. ХIV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті туралы
Ұлы Жібек жолы мәдени феномен ретінде
ҮІ-ІХ ғғ. 1-жартысындағы Отырықшы және көшпелі мәдениет
Қазақастандағы орта ғасырлық қалалар
Қала мәдениеті тарихын оқыту
Рухани мәдениетті дамыту
Жібек жолы одан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz