Қорымдарды зерттеу


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

АВТОРДАН

Қаламыздың көне заманғы тарихына көз салсақ, әлі де толық зерттеліп үлгірмеген көптеген ақтаңдақ беттерін көретініміз анық. Со-нымен бірге, баспасөз беттерінде соңғы жылдары біршама пікірталастар туғызып, жұртшылықтың құлағын елең еткізген мәселелерді де жоққа шығара алмаймыз. Бұл пікірталастар негізінен - «Түркістан қаласының жасын анықтау» мен оның көне заманнан келе жатқан қорым - некрополіне «тарихи тұлғалардан кімдер және қай жерлерге жерленген» деген сияқты сұрақтар төңірегінде өтті. Осы мәселелердің бірі - әлі күнге ақтаңдақ күйінде қалып отырған-Ахмет Иасауи кесенесі мен оның айнала төңірегіне кімдер жерленгені жайлы сұраққа «Әзірет Сұлтан» мұражайы ғылыми қызметкерлері жинақтаған деректер арқылы жауап беріп көрейік.

Кез келген қала не қоныс тарихын зерттегенде жазба деректермен қоса ауыз әдебиеті үлгілері де жинақталатыны, сонымен бірге, кең түрдегі археологиялық, архитектуралық зерттеулердің де жүргізілетіні белгілі. Мұндағы ерекше көңіл аударатын жағдай - қала жасын анықтау үшін археологиялық зерттеулердің тек қала территориясында ғана емес, оның көне заманғы қорым - мазаратында да жүргізілу тиістігі болып отыр. Қорымдарды зерттеу аса мұқияттылықты қажет ететін жұмыс болғандықтан археологияда бұл өзінше бір сала болып есептеледі. Әдетте, қорымды зерттеуге археолог та, этнограф та, антрополог та, архитектор да қатысуына тура келеді, ал егер, мазар ішіне құлпытас қойылған болса тіл мамандарының да қажеттігі туады. Ал, сүйектердің дәл жасын анықтау мәселесінде археологиялық табыстарға сүйенумен қатар ғылымның ең соңғы жетістіктері - атап айтсақ - радиокарбоңды әдіс пен полюстік магниттік өрістің ауытқу заңы сияқты әдіснамалар пайдаланады. Мұнымен қоса, генетика ғылымының соңғы жыддардағы табыстары мүрденің дәл кімдікі екеңдігін (егер ұрпақтары әлі күнге бар болса) анықтауға мүмкіндік береді деп күтілуде. Біздің қозғайтын мәселеміз негізінен Ахмет Иасауи кесенесі мен оның айналасына жерленген тарихи тұлғалар жайлы болатындықтан, әзірше тек жазба, қазба және ауызша деректерге сүйенбекпіз. Сонымен, Иасы - Түркістан қорымдары қай замандардан бастап қалыптасқан деген сұраққа шолу жасап көрейік.

Қолда бар қала мен оның айналасын қоршай орналасқан елді мекендер түсірілген 1947 - 48 жылдардағы картаға көз салсақ 20-дан аса қорым мазараттарды көреміз. Тек «Ескі Түркістан» деп аталатын 87 гектарлық қала территориясында және осы қаланың айналасында орналасқан қорымдар санының өзі оннан асады, әрине, бұл күндері бұлардың ешқайсысына да мүрде жерленбейді, көбінің орыны тегістеліп үстіне құрылыс салынып кеткен. Біздің талдауымызша - бұлардың ішіңдегі ең көне заманнан келе жатқандары бірнешеу, олар - Ахмет Иасауи кесенесі мен оның айналасы, Әли Қожа Ата мазары мен оның айналасы, Әулие Құмшық Ата жер асты мешіті мен оның айналасы, Жеті Ата мазараты және қазіргі ДОСААФ - тың солтүстік - батыс жағына орналасқан ескі қорымдар. Аталған қорымдардың арасынан ұзақ уақыт бойы (60 жыл) ғалымдардың назарын аударып келгені де және ең көнесі де - Ахмет Иасауи кесенесі орналасқан қорым - некрополь болып табылады. Бұл тарихи ескерткіш біршама толық зерттеуді басынан кешіп, оның жасы бір жарым мың жылдан кем еместігі археологиялық зерттеулер арқылы дәлелденді. (1) . Зерттеулер бұл қорымның Иасы - Күлтөбе қаласымен бірге IV-V ғасырларда қалыптасып, XX ғасырдың басына дейін пайдаланылғандығын көрсетті. Мүрделерді жерлеу процесі ұзаққа созылып, сүйектер қойылған жер қабатының қалыңдығы 3, 5 - 4 метрге дейін жеткен. Қорымда қойылған мүрделерді зерттей келе қорым тарихын алты кезеңге бөліп қарастыруды дұрыс деп таптық. Бұл кезеңдер хронология бойынша былайша орналасады:

I - КЕЗЕҢ: V-VIII ҒАСЫРЛАР - МҰСЫЛМАНДЫҚ ДӘУІРІНЕ ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢ;

  1. - КЕЗЕҢ: IX-XII ҒАСЫРЛАР - МҰСЫЛМАҢДЫҚТЫҢ БАСТАПҚЫ ЖӘНЕ АХМЕТ ИАСАУИ ӨМІРІНІҢ КЕЗЕҢІ;
  2. - КЕЗЕҢ: XII - XIV ҒАСЫРЛАР - АХМЕТ ИАСАУИДІҢ АЛҒАШҚЫ КЕСЕНЕСІ МЕН АЛТЫН ОРДА БИЛІГІ ТҰСЫНДАҒЫ КЕЗЕҢ;
  3. - КЕЗЕҢ: XIV - XVI ҒАСЫРЛАР - ТЕМІР МЕН ӘБІЛХАЙЫР ҰРПАҚТАРЫ ТҰСЫНДАҒЫ КЕЗЕҢ;
  4. - КЕЗЕҢ; XVI - XVIII ҒАСЫРЛАР - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ КЕЗЕҢ;
  5. - КЕЗЕҢ; XIX - XX ҒАСЫРЛАР - ҚОҚАН ЖӘНЕ РЕСЕЙ БИЛІГІ ТҰСЫНДАҒЫ КЕЗЕҢ;

I. КЕЗЕҢ

Осы уақытқа дейін алғашқы кезең - V-VIII ғасырлар аралығы тек кездейсоқ табылған материалдармен және әр жылдары жүргізілген қазба жұмыстары кезінде аршылған мүрделерді зерттеумен ғана анықталып келеді. Бұл кезеңге, мысалы, М. Е. Массонның 1928 жылғы зерттеу жұмыстары кезінде табылған заттарды жатқызуға болады. Сол жылы кесененің шығыс мұнарасының түбінен 2, 5-3 метр терендіктен мүрде ораған тері қапшықтардың фрагменттері, ағаш табыттың темір қысқыштары, керамика бөлшектері табылған болатын. Мүрде жерлеуге арналған бұл керамикалық ыдыстар-оссуарийлердің сынықтары 1951-1959 жылда аралығында кесене қабырғалары астына іргетас құю кезінде табылғанды, мұндай оссуарийлердің біздің территориямызда VI-VIII ғасырлардың мәдени қабаттарынан кездесетіні белгілі.

Қазба барысында осы кезеңге жататын үш мүрде аршылды, олардың екеуі балалардың, ал үшіншісі үлкен кісінің мәйіттері. .

Осы кезеңге қатысты, тағы бір мүрде 50-55 жастағы ер адамдікі (жас-тарын анықтаған антрополог О. Исмағұлов) . № 26 деп белгіленген бұл сүйек 172 см. тереңдікте жерленген

Бұл екі мүрденің жанынан шыкқан құмыралар формасы жағынан Шаға селосы маңындағы наустардан (мүрдехана) табылған құмыраларға ұқсас және жалпы деректері бойынша Иасы-Күлтөбе қаласының ІІ-ІІІ құрылыс горизонттарының керамикасына келеді.

Бұл деректер тек «Қазандық» бөлмесіндегі 30 квадрат метрлік қаз-бадан ғана табылып отыр, алайда Кесененің басқа да бөлмелері мен айналасы, Рабия Сұлтан Бегім кесенесіне дейінгі қас беті түгел көне заманғы қорым-некрополь екендігін талай жүргізілген құрылыс, қайта жаңғырту жұмыстары кезінде кездейсоқ аршылған мүрделер көрсетіп берді.

Қорым-некрополь жайлы бұл болжамды алғаш рет М. Е. Массон айтқан болатын, сонымен бірге, Бұл жерде Ахмет Иасауидің XII ғасырда салынған ескі мазары мен мешітінен басқа да түрлі мазар құрылыстарының болғандығын басқа да авторлар айтып кеткенді, мұның шындық екендігін «Қазандық» бөлмесінде жүргізілген археологиялық зерттеу де дәлелдеді.

II - Кезең

М. Е. Массонның жазуынша Ахмет Иасауидің әйелі мен ұлы Ибраһим де өзінің қасына - «Қабірханаға» жерленген сияқты. Бұған қоса, қабырғаларға жабыстыра қаланған арнайы орындарда олардың басына кешегі күндерге дейін шырақ жағылып келді.

Бұл мүрделердің басым бөлігі I-II кезеңдерде, яғни, V пен XII ғасырлар арасында жерленгендігі анық. Себебі, XII ғасырда Ахмет Иасауидің басына тұрғызылған құрылыс қазіргі «Мешіт» пен «Қабірхананың солтүстік-батыс бетіне түскеңдігін және оның «Зийаратхана» қызметін атқаратындығын архитектор-ғалымдар Б. Т. Тұяқбаева мен А. Н. Проскурин өз еңбектерінде атап өткен.

Біздің пікірімізше Отырар билеушілерін, Отырардың беделді адамдарын - осы қабірстанға әкеліп қоятын болған. Қазіргі Қожа Ахмет Иасауи кесенесіндегі Илияс хан ойығы Отырардың қарахаңдық билеушісі Илияс хан қабірінің орны болса керек», - деген тың тұжы-рым жасайды және бұл пікірге келуіне Зікірия Жандарбековтың «На-сабнама» как источник по истории Южного Казахстана» атты еңбегіңдегі ойлары негіз болғанына сілтеме жасайды.

III - Кезең

Үшінші - XII-XIV ғасырлар арасындағы кезеңге Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған, қазіргі Ахмет Иасауи кесене-кешенін салу кезінде құрылыс қабырғалары астында қалып қоймасын деген оймен қазылып алынып, «Шілдехана» жерасты құрылысына қайта жерленген мүрделерді жатқызуға болатын сияқты. Бірақ, құрылыс іргетасының қалыңдығының 25-30 см. ғана болғандығын еске алсақ, анау айтқандай көп мүрде алына қоймаған сияқты. Тек, оңтүстік беттегі алып «Пештақ» қақпасы мен мұнаралардың қабырғаларының асты ғана екі метрге дейін қазылып, асты ұсақ, беткі жағы ірі қойтастармен толтырылғандығын жазады М. Е. Массон. Мүмкін, осы беттен шыққан мүрделер «Шіддеханаға» енгізілген шығар.

Бұл кезеңге, сонымен бірге, кесененің солтүстік бетіңде орналасқан, қабырғалары шеңбер түрінде қаланып, құлпы тастар қойылған құры-лыстарды да және XV-XVI ғ. ғ. тұрғызылған әскери-қорғаныс құры-лыстары астынан археологиялық зерттеу кезіңде табылған мүрделерді де жатқызуға болады.

Рас, бізде мүрдехананың төбесін жабудың оншақты түрі кездеседі, мұны «Қазандық» бөлмесінің құрылысы жоқ кезде (XV ғ. дейін), Ахмет Иасауи қабірінің аяқ жағына жерленгендердің тірі кезіңде өте үлкен географиялық аймақта өмір сүргендігімен түсіндіруге болады. Яғни, Иасауи ілімі тараған аймақ халықтарының мәйіт жерлеуде қолданған мүрдехана құрылыстарының өзіндік ерекшеліктері бұл жерде де өз көрінісін тапқан демекпіз.

IV-КЕЗЕҢ

Бұл кезеңге XIV-XVI ғасырлар арасын жатқызамыз, тарихта Бұл Алтын Орданың әлсіреп, Әмір Темір мемлекетінің қанат жайған және Шайбанидтер әулетінің өкілі Әбілхайыр билік еткен «Өзбек-қазақ ұлысы» мемлекетінің тарих сахнасына қадам басқан тұсы. Қаралып отырған кезең Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанда әбден орныққан, тамырын тереңге жайған тұс болатын, әсіресе, Әмір-Темір өз қамқорына алған - Мұхаммед ұрпақтарынан саналатын - «сайидтер», «шарифтер», «қожалар» мемлекеттік идеологияға айтарлықтай ықпал жасап отыратын еді. Түркістанға Әбілхайыр ұрпақтары билік жүргізген тұста да бұл көрініс жалғасын тапты.

Әмір Темір 1391, 1395 және 1397 жылдары Йасы-Түркістанға соғып Ахмет Иасауидің басына мінажат еткендігі белгілі, осы кезеңде және онан соң да біршама уақыт кесене ішіне мәйіт жерлеу тоқтатылған сияқты.,

Бұл кезеңді негізінен құлпытастар арқылы қарастыратын болғандықтан, кесене мен құлпытастардың зерттелу тарихына қысқаша шолу жасап өтейік.

Түркістан қаласы мен оның тарихи ескерткіштерін зерттеу өткен ғасырдың екінші жартысында басталған болатын. Көптеген орыс шығыстанушы ғалымдарының ішінен тек қорым-некрополь мәселесін қозғаған еңбектерді ғана қарастыруға мүмкіндігіміз бар.

Иасы-Түркістан қорым-некрополін зерттеу XIX ғасырдың 60-шы жылдары басталды десек қателеспейміз. Бұл жұмыстың негізін салушы 1865-1866 жылдары Түркістанда болған уфалық судья Мір-Салық Бекчурин болды. Ол «Әзірет мешітінің» құрылысын суреттеп жазумен қатар, басқа да некропольге қатысты құрылыстар жайлы баяндайды.

1866 жылы географ А. К. Гейнс Иасы (Түркістан), Сауран, Қарнақ, Сайрам (Испиджаб) қалаларының орынын зерттеп, суреттеп жазды. 1867 жылы Орыс археологиялық қоғамының тапсыруымен ғалым П. И. Лерх Түркістан қаласымен қоса кесенені және құлпытастарды да зерттеді, сонымен бірге, тастардағы эпитафиялық жазулардың аудармасын жасауға қадам басқан тұңғыш ғалым болды.

  1. ғасырдың басында жерленгендердің құлпытастарынан сақталға-ны бірнешеу, оның ішінде Қазақ хандығына қатысты жалғыз тас қана сақталған, ол - Жәнібек ханның қызы Аман Бике ханымның құлпытасы. М. Е. Массон өзінің еңбегінде Бұл тастың «Кіші Ақсарайда» тұрғандығын жазады. Аман Бике ханым хиджра бойынша 925, яғни, 1518- 1519 ж. ж. қайтыс болған.

V - КЕЗЕҢ

Бұл кезең XVI ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың аяғына дейінгі кезеңді толық қамтып, негізінен Қазақ хандығы тарихымен тығыз бай-ланысты болатындықтан, аздап тарихи шегініс жасауымызға тура келеді.

Түркістан қаласының ортағасырлық тарихы - Сыр бойы қалалары үшін болған Тимуридтер, Шайбанидтер, Қазақ және Моғол хандары арасындағы саяси оқиғалармен тығыз байланысты. Тәуекел хан өзінің інісі Есім сұлтанды 20 мындай әскерімен Самарқанда қалдырып, өзі 70-80 мың әскерімен Бұхараны қоршауға алып 20 күн соғыс жүргізді, бірақ, қала маңыңдағы бір шайқаста Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке келіп қайтыс болады. Тәуекелдің орнына Есім хан болып жарияланады да, ол Бұхара мен Самарқан билеушісі Мұхаммед Сұлтанмен бітім шартын жасасты. Осының алдында ғана Тәуекел Иасы-Түркістанды жаулап алған болатын, осылайша, XVI ғасырдың соңында Түркістан Қазақ хандығының қол астына түпкілікті түрде өтті.

Осы уақыттардан бастап Иасы қаласының аты да өзгеріп, маңызы да арта бастайды, ол «Түркістан» деген жаңа атауға ие болды.

Тарихшы Әбілғазы ханның хабарлауынша - Есім хан Түркістан қаласын Қазақ хандығының астанасы етіп бекітеді. Осыдан бастап екі жарым ғасыр бойы Түркістан қазақтың 14 ханына астана ретінде қызмет атқарады.

ХАНДАР:

ХАНДАР

ГЕНЕАЛОГИЯСЫ:

ГЕНЕАЛОГИЯСЫ

ХАНДЫҚ ҚҰРҒАН МЕРЗІМІ:

ХАНДЫҚ ҚҰРҒАН МЕРЗІМІ

ХАНДАР:

І. Есім хан

ГЕНЕАЛОГИЯСЫ:

Шығай ханның ұлы

ХАНДЫҚ ҚҰРҒАН МЕРЗІМІ:

1598-1614, 1627-28 ж. ж.

ХАНДАР: 2. Жәңгір хан
ГЕНЕАЛОГИЯСЫ:

Есім ханның ұлы

ХАНДЫҚ ҚҰРҒАН МЕРЗІМІ:

1629-1652 жж.

ХАНДАР:

З. Тәуке хан

ГЕНЕАЛОГИЯСЫ:

Жәңгір ханның ұлы

ХАНДЫҚ ҚҰРҒАН МЕРЗІМІ:

1652-1715 жж. (59)

ХАНДАР: 4. Қайып хан
ГЕНЕАЛОГИЯСЫ:

Қосрау сұлтанның ұлы

ХАНДЫҚ ҚҰРҒАН МЕРЗІМІ:

1703-1710-1718 жж.

ХАНДАР: 5. Әбілқайыр хан
ГЕНЕАЛОГИЯСЫ:

Қажы Сұлтанның ұлы

ХАНДЫҚ ҚҰРҒАН МЕРЗІМІ:

1710-1748 жж.

ХАНДАР: б. Сәмеке хан
ГЕНЕАЛОГИЯСЫ:

Тәуке ханның ұлы

ХАНДЫҚ ҚҰРҒАН МЕРЗІМІ:

1724-1738 жж.

ХАНДАР: 7. Әбілмәмбет хан
ГЕНЕАЛОГИЯСЫ:

Болат ханның ұлы

ХАНДЫҚ ҚҰРҒАН МЕРЗІМІ:

1739-1771 жж.

ХАНДАР: 8. Сейіт хан
ГЕНЕАЛОГИЯСЫ:

Сәмеке ханның ұлы

ХАНДЫҚ ҚҰРҒАН МЕРЗІМІ:

1741-1745 жж.

ХАНДАР: 9. Есім хан
ГЕНЕАЛОГИЯСЫ:

Сәмеке ханның кіші ұлы

ХАНДЫҚ ҚҰРҒАН МЕРЗІМІ:

1755-56-1798 жж.

ХАНДАР:

10 Болат хан

ГЕНЕАЛОГИЯСЫ:

Әбілмәмбет ханның ұлы

ХАНДЫҚ ҚҰРҒАН МЕРЗІМІ:

1771-1798 жж.

ХАНДАР:

11. Абылай хан

ГЕНЕАЛОГИЯСЫ:

Уәли сұлтанның ұлы

ХАНДЫҚ ҚҰРҒАН МЕРЗІМІ:

1771-1780 жж.

ХАНДАР:

12. Тәуке хан

ГЕНЕАЛОГИЯСЫ:

Әбілмәмбет ханның ұлы

ХАНДЫҚ ҚҰРҒАН МЕРЗІМІ:

шамамен1785-97 жж.

ХАНДАР:

ІЗ. Тоғай хан

ГЕНЕАЛОГИЯСЫ:

Қарабас сұлтанның ұлы

ХАНДЫҚ ҚҰРҒАН МЕРЗІМІ:

шамамен XIX ғ. басы 1826 ж.

ХАНДАР: 14. Әликен хан
ГЕНЕАЛОГИЯСЫ:

Қарабас сұлтанның кіші ұлы

ХАНДЫҚ ҚҰРҒАН МЕРЗІМІ: 1858-1860 жж.

Түркістан қаласын Қазақ хандығының және өзі билеген аймақтың астанасы ретінде пайдаланған Есімнен басталатын хандар тізімі мынадай:

Жоғарыда тізімі келтірілген хаңдардың барлығы да Түркістаңда, Ахмет Иасауи кесенесінде немесе оның маңына жерленген деп кесіп айту ағаттық болар еді, әйтсе де біршама деректер арқылы бұл мәселені қарастырып көрейік.

Түркістанды астана еткен хандардың алғашқылары - Есім, Жәңгір, Тәуке хандардың жеке-жеке кесенелері болғандығы жайлы Бұлыңғыр болса да дерек бар.

Шоқан Уәлихановтың досы Г. Н. Потаниннің әкесі Н. И. Потаниннің 1829-1830 жылғы Омбыдан Қоқан хандығына барар сапарында Түркістанға соққаны және Ахмет Иасауи кесенесінің алдыңғы бетінде ескірген кесенелерді көргені, оларды шырақшылардың «Есім, Жәңгір, Тәуке хан мазарлары» деп түсіндіргені жайлы жазба деректер хабарлайды. 1957 жылғы түсірілген кесене айналасының жер бедерінің көрінісінде де (топосъемка) жеті құрылыстың ізі биік топырақ үйіндісі түрінде көрсетілген. Археолог Н. Б. Немцова 1958 жылы Бұл төбешіктердің үшеуін зерттеп - олардың біріншісі - Шілдехана, екіншісі мен үшіншілері көне кесенелер қалдығы екендігін анықтаған. Тағы бір қазба орынын кесененің батыс мұнарасынан оңтүстік-шығысқа қарай 24 метр жерден белгілеген, Бұл қазіргі билет кассасының тұрған орнына сай келеді: Көлемі 15x12 м. жерді төрт бұрышты етіп қоршап, ортасына «Мавзолей Есим-хана» деп жазып қойған.

"Ал, қазіргі күнгі Есім хан кесенесін 1958 жылғы «Схема расположения сооружений вскрытых в 1954-1958 г. г. » деген план-схемада «Мавзолей со склепом» деп қана атаған, яғни бұдан шығатын қорытынды:- қазіргі Есім хан мазары деп жүргеніміз - Жәңгір не Тәуке хандікі болуы керек. Қалай болғанда да, 1974 жылы Ахмет Иасауи кесенесін айналдыра (тереңдігі 6 метрден 9 метрге дейін ауытқитын) жер асты суларын бір жерге жиятын дренаж жүйесін қазып жатқан кезде, тап сол «Мавзолей Есим-хана» деген жерден жер асты мүрдеханасы шығады

Мұнан соңғы Түркістаңда жерленген Қайып хан 1715 ж. Тәукенің мұрагері ретінде Ұлы хан билігін алғанымен 1718 жылы Орта жүз сұлтандарының қолынан қаза тапты. Тәукеден соң-ақ, әр жүздің өз ханы пайда болды және жүздердің одан әрі даму тарихы да оқшаулана бастады. Келесі Кіші жүздің ханы Әбілқайыр 1719-1725 ж. ж. аралығында Түркістанды астана етіп тұрғанымен, 1748 жылы Барақ сұлтанның қолынан қаза тауып, сол мандағы Қабырға өзеніне жақын (Ақтөбе облысы), көнеден келе жатқан Хан Моласы қорымына жерленеді, І750 жылы Қарнақ қалашығында (қазіргі Атабай селосы) Барақ ханды жоңғар тыңшылары ақыры уландырып өлтіреді де, денесі Түркістанға жерленеді.

Біздің қолымызда «Казпроектреставрация» ғылыми-зерттеу институтының маманы Г. Д. Галкинаның 1975 жылы түсірген Ахмет Иасауи кесенесінің бірінші қабатының план-жобасы бар, мұнда құлпытастардың сол жылдардағы орналасуы ғана түсіріліп қоймай, олардың кімнің басына қойылғандығы жайлы да мәлімет беруге тырысқан.

Ахмет Иасауи кесенесін ұзақ жыддар бойы зерттеп, қалпына келтіру жұмыстарымен айналысқан Л. Ю. Маньковская өзінің «Искусство зодчих Узбекистана» деген еңбегінде тап осы дәлізді жергілікті халықтың бірде «Әбілхайыр хана», бірде «Абылай хана» деп атайтындығын айтады.

Тағы бір деректі Шәді төре Жәңгірұлынан табамыз, ол өзінің «Тари-хат» атты жырының «Абылайдың дүниеден өтуі» деген тарауыңда Төле бидің Уәли сұлтанға Самарқаннан тас алдырып, Абылайдың атын жазып басына қоюға ұсыныс айта келіп, мәйітті жууға әр рудан адам кіргендігін және алтындаған табытқа салып, Түркістанға алып барып:

« . . . Әзіреттің босағасына орын қазды,

Осылай болмақтығын қабыл көріп,

Сол уақытта табытты алып келді,

Өлікті қазған жерге салып көмді .

Айтылған Самарқанға адам барып,

Мал беріп мәрмәр тасты келді алып», -

деп оқиғаны әрі қарай өрбітеді.

Осы жинақта жарияланған Құрманғали Халидұлының «Әбілфейіз хан» деген мақаласында «Түркістанда Абылай хан мен Әбілфейіз ханның қабірлеріне қойылған тастарда тарихи (жылы) барлығын айтқан кісілер нақтылы жылынан хабар бере алмады» деп көрсетеді.

Тағы бір тасы жоқ, тарихы бар кесенеге қойылған тұлға жайлы М. Дулатов хабарлайды. Ол Кенесары ханның әкесі Қасым сұлтан.

Осы V-кезең - Қазақ хандығы тұсында кесенеге не оның айнала-сына жерленген билердің ішінен бізге белгілілері Қаз дауысты Қазыбек (1667-1764) бабамыз бен Қарауыл Қанай би (1695-98-1775-80) . Қалған жеті бидің үшеуінің құлпытасы бар, бірақ олар XIX ғасырда - Қоқан, Орыс патшасы билігі тұсында өмір сүргендер.

Қазақ хандығы тұсында Түркістан топырағы бұйырған, ел бастаған біршама батырлар тарихтан да белгілі. Олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталу мүмкін болмағандықтан өмір сүрген жылдары бойынша тізімін келтірейік:

  1. Арғын Қанжығалы Бөгенбай батыр (1690-1775)
  2. Арғын Шақшақ Жәнібек батыр (1693-XVIII ғ. )
  3. Матай Бөрібай батыр (1694-1756-60)
  4. Ұлы жүз Қойкелді батыр (1702-1795)
  5. Тобықгы Мамай батыр (XVIII ғ. басы -1810)
  6. Қоралас Жауғаш батыр (1733-1787)
  7. Қаракесек Жарылқап батыр (1733-1784-86)
  8. Арғын Сейдалы Нияз батыр (XVIII ғ. )
  9. Қарпық ұлы Төкей батыр.
  1. Қоңырат Сырғақ батыр Ниязұлы.
  2. Мәнжіғұл батыр.
  3. Сіргелі Тілеуке батыр.
  4. Андықожа батыр.
  5. Тарақты Наймантай батыр.
  6. Есіркеп батыр.
  7. Есей батыр.
  8. Әжібай батыр.
  9. Қаржас Мырзақұл батыр.

VI - КЕЗЕҢ

Бұл кезең негізінен XIX ғасыр мен XX ғасырдың алғашқы ширегін, атап айтсақ - Қазан төңкерісіне дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңдегі жалпы саяси жағдайды байқау үшін аздап тарихқа шегініс жасап көрейік.

1821 жылы Тентек-төре бастаған қазақ қолдарының Түркістаңды азат етпек болған әрекеті сәтсіз аяқталды. Қала ұзақ уақытқа қоқандықтардың иелігіне өтті. Тек 40 жылдан аса уақыт өткен соң 1864 жылдың 12 маусымында қала орыс әскерлерінің полковник Веревкин бастаған отрядының қолына өтті.

Үшінші би - Арғын руынан, Шыны би Серке ұлы деген адам хиджрамен 1295 жылы, біздіңше 1877 ж. қайтыс болған.

Төртіншісі - Құрманай тайпасы, Жаппас ұрығы (руы) Қожамқұл баласы Тұрдықұл би деген кісі, ол хиджрамен 1313 жылы, яғни 1895 жылы дүниеден өткен.

Бесіншісі - XVIII ғасырдың аяғында өмір сүрген Есіркеп би деген кісі, Бұл кісінің құлпытасы сақталмаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үйсіндер
Радиоактивті қалдықтарды көмуді әлемдік тәжірибеде талдау
ЕЖЕЛГІ ҮЙСІН ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫЛЫҒЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ
Үйсіндер тарихы
Атасу кезеңі
Қола дәуірі туралы
Ғұн және Усун мемлекеттері
Шығыс Қазақстан қола дәуірінде
Орталық Қазақстанның тайпалары
Үйсіндер мен қаңлылар (б.з.б.II-б.з.Vғ.ғ).
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz