Қан плазмасының құрамы



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ф КГМУ 43-0401
ИП № 6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЕЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Биохимия кафедрасы

Дәріс Қан биохимиясы

Пән: Биологиялық химия
Мамандық: 051301-Жалпы медицина
Курс II
Мерзімі (ұзақтығы) 50 минут

Қарағанды 2009 ж.

Кафедраның әдістемелік жиылысында бекітілді
Хаттама №_____
"____"__________2009 ж
Кафедра меңгерушісі, профессор ______________ Л.Е. Муравлева

Тақырыбы: Қан биохимиясы.
Дәрістің мақсаты: студенттерді қанның ұю және фибринолиз процесстерімен
таныстыру
Дәрістің жоспары:
Қан плазмасының құрамы
Қан плазмасының белоктық және белоксыз компоненттері
Қанның ұю және фибринолиз жүйесі

Тұзбен бөлу әдісі арқылы қан плазмасы белоктарын үш фракцияға: альбуминдер,
глобулиндер, фибриноген бөлуге болады. Қағаздағы электрофорез әдісі қан
плазмасы белоктарын 6 фракцияға бөлуге мүмкіндік береді: альбуминдер - 54-
62%; (1-глобулиндер 2,5-5%; (2-глобулиндер 8,5-10%; (-глобулиндер 12-15%;
(-глобулиндер 15,5-21%; фибриноген (старт сызығында қалады) – 2-4%. Қазіргі
кезеңдегі әдістер қан плазмасынан 60-тан астам белокты бөлуге мүмкіндік
береді.
Қанның қызметі:
1. Кіші молекулалы заттарды тасымалдау. Қанға түскен көптеген заттар
арнайы белоктармен байланысып тасымалданады. Бұл осы заттарды деградациядан
қорғап, оларды ерітіндіде ұстайды. 2. Электролиттерді байланыстыру.
Плазманың барлық белоктары қандағы катиондарды байланыстырады, оларды
диффунделмейтін формаға ауыстырады. Бұл құбылыс осмостық қысымның
реттелуінде иондық құрамының реттелуінде маңызды роль атқарады. 3. Қанның
онкотикалық қысымын қамтамассыз етеді. 4.Қанның буферлік жүйесінің құрамына
кіреді. 5. Қанның ұю жүйесінің құрамына кіреді. 6. Қанның қорғаныстық
жүйесінің құрамына кіреді.
Денісау адамда белоктық фракциялардың арасындағы сандық қатынас
тұрақты болады. Кейде қан плазмасының әртүрлі фракцияларының арасындағы
сандық мөлшерінің қатынасы ауытқиды, жалпы мөлшері тұрақты болғанмен де.
Бұл құбылыс диспротеинемия деп аталады.
Кейде плазманың жалпы белоктарының мөлшері төмендейді. Бұл
гипопротеинемия деп аталады. Дамуының себебі: а) ұзақ ашыққан кезде; б)
бүйрек патологиясында (зәрмен бірге белок жоғалтылғанда).
Сирек түрде, бірақ кей жағдайларда гиперпротеинемия – плазмада белок
мөлшерінің 80 гл-ден жоғары болғанында. Бұл құбылыс ағзадан көп мөлшерде
сұйықтықтың жоғалтылғанында байқалады. Ол тоқтаусыз құсуда, профуздық іш
өтуде (кейбір ауыр жұқпалы ауруларда: холера, дизентeрияның ауыр формасы).
Плазманың белоктарының арасында сандық мөлшері бойынша басым бұл
альбумин (45 гл), ол қанның коллоидтық-осмостық қысымын ұстауда маңызды
роль атқарады және ағза үшін маңызды аминоқышқылдардың резерві қызметін
атқарады. Альбумин липофильдік заттарды байланыстыруға қабілетті, соның
нәтижесінде ұзын тізбекті май қышқылдарының, билирубиннің, дәрілік
заттардың, кейбір стероидтық гормондардың, витаминдердің белок-
тасымалдаушысы ретінде болады. Мұнан басқа, альбумин Кроме того, альбумин
Са2+ және Mg2+ иондарын да байланыстырады. Альбумин сонымен бірге кейбір
дәрілік препараттарды да тасымалдайды.
Альбуминдік фракцияға транстиретин (преальбумин) де жатқызылады, ол
тироксинбайланыстырушы глобулин және альбуминмен бірге тироксин гормонын
және оның метаболиті йодтиронинді тасымалдайды. Альбуминдер – қарапайым
кішімолекулалы гидрофилді белоктар. Альбумин молекуласының құрамында 600
аминоқышқыл болады. Молекулалық массасы 67 кДа. Альбуминдер, қан
плазмасының басқа да көптеген белоктары тәріздес бауырда синтезделеді.
Альбуминдердің 40%-ға жуығы қан плазмасында болады, басқа бөліктері
интерсциальдық сұйықта және лимфада болады.
Альбуминдермен салыстырғанда глобулиндер суда ерімейді, ал әлсіз
тұзды ерітінділерде ериді. (1-Глобулиндер жоғары гидрофилділікті және кіші
молекулалық массаны көрсетеді. Сондықтан бүйрек патологиясы кезінде зәр
құрамында оңай жоғалтылады. Бірақ, олардың жоғалтылуы қанның онкотикалық
қысымына айырықша ықпал етпейді, себебі олардың қан плазмасындағы мөлшері
жоғары емес.
(1-Глобулиндердің қызметі: Тасымалдаушы. Липидтерді олармен
липопротеиндік комплекстер түзіп тасымалдайды. Бұл фракция белоктарының
арасында гормондарды тасымалдауға арналған белоктар да кездеседі. Мысалы,
тироксин-байланыстырушы белок – тироксинді тасымалдайды, транскортин –
кортизолды, кортикостеронды, прогестеронды тасымалдайды, және қышқылдық
гликопротеин – прогестеронды тасымалдайды. Қанның ұю жүйесі мен комплемент
жүйесінің қызметіне – протромбин қатысады. Реттеушілік қызметі. (1-
Глобулиндердің фракцияларының кейбір белоктары протеолиттік ферменттердің
эндогендік ингибиторы болып табылады. Плазмада (1-антитрипсиннің
концентрациясы біршама жоғары. Оның плазмадағы мөлшері 2 – 4 гл (өте
жоғары), молекулалық массасы - 58-59 кДа. Оның негізгі қызметі – эластинді
(дәнекер ұлпасының негізгі белоктарының бірі) эластаза активтілігін басу.
(1-Антитрипсин де протеазалар: тромбиннің, плазминнің, трипсиннің,
химотрипсиннің және қанның ұю жүйесінің кейбір ферменттерінің ингибиторы
болып табылады. (1-Глобулиндер фракциясына (1-антихимотрипсинді де
жатқызады. Ол химотрипсинді және қанның формалық элементерінің кейбір
протеиназаларының активтілігін басады.
(2-Глобулиндер – жоғары молекулалы белоктар. Бұл фракцияның құрамында
реттеуші белоктар, қанның ұю факторлары, комплемент жүйесінің
компоненттері, тасымалдаушы белоктар болады. Оларға церулоплазмин де
жатқызылады. Ол мыстың тасымалдаушысы, сондықтан әртүрлі ұлпаларда,
негізінен, бауырда мыстың тұрақты мөлшерін қамтамассыз етеді. Тұқымқуалаушы
ауру – Вильсон ауруында – церулоплазминнің мөлшері төмендейді. Соның
нәтижесінде ми мен бауырда мыстың концентрациясы жоғарлайды. Бұл жүйкелік
симптомдардың дамуымен және бауыр циррозымен байқалады.
Гаптоглобиндер. Бұл белоктардың мөлшері жуық шамамен барлық (2-
глобулиндердің 14 бөлігін құрайды. Гаптоглобин тамырішілік гемолизде
эритроциттерден босайтын гемоглобинмен спецификалық комплексті түзеді. Бұл
комплекстердің жоғары молекулалық массасы нәтижесінде олар бүйректер арқылы
шығарылмайды. Бұл ағзаның темірді жоғалтуын болдырмайды. Гемоглобин-
гаптоглобин комплексі ретикуло-эндотелиалдық жүйе (мононуклеарлық
фагоциттер жүйесі жасушалары) жасушалары арқылы ыдырайды, сонан кейін
глобин аминоқышқылдарға дейін ыдырайды, гем билирубинге дейін ыдырайды да
өт құрамында экскреттеледі. Темір ағзада қалып қайтадан пайдаланылады.
Бұл фракцияға (2-макроглобулин де жатқызылады. Оның молекулалық
массасы 720 кДа, қан плазмасындағы концентрациясы 1,5-3 гл. Ол барлық
кластағы протеиназалардың эндогендік ингибиторы болып табылады және инсулин
гормонын байланыстырады.
С1-ингибитор - гликопротеид, комплементті (КПК) классикалық
активтендіру жолының негізгі реттеуші звеносы болып табылады. Плазмин,
калликреиндердің активтілігін басуға қабілетті. Тасымалдаушы белоктар:
ретинолбайланыстырушы белок – А-витаминін, Д-витаминбайланыстырушы белок –
Д-витаминін тасымалдайды. Бұл фракция құрамына қанның ұю жүйесінің
компоненттері және фибринолиз белоктары да кіреді: антитромбин III және
плазминоген.
(-Глобулиндер фракциясына жатқызылады: фибриноген – қанның ұю
жүйесінің белогы; комплементті активтендіру жүйесінің компоненттерінің
белоктары; тасымалдаушы белоктар: трансферин (темір иондарын тасымалдайды),
транскобаламин (В12 –витаминін тасымалдайды), глобулинбайланыстырушы белок
жыныс гормондарын (тестостерон мен эстрадиолды тасымалдайды), ЛП
(липидтерді тасымалдайды); гемопексин бос гемді (порфиринді) тасымалдайды.
Гемқұрамды белоктарды байланыстырып оларды ыдырату үшін бауырға
тасымалдайды.
(-Глобулиндер фракциясында негізінен антиденелер болады. Бұл белоктар
лимфоидтық ұлпаларда, РЭЖ жасушаларында синтезделеді, сонымен бірге
комплемент жүйесінің кейбір компоненттері болып табылады. Антиденелердің
қызметі – ағзаны антиген деп аталатын бөтен агенттерден (бактерия,
вирустар, бөтен белоктардан) қорғау. Қандағы антиденелердің негізгі классы:
иммуноглобулиндер G (IgG); иммуноглобулиндер M (IgM); иммуноглобулиндер A
(IgA), оған IgD және IgE жатқызылады. IgG және IgM комплемент жүйесін
активтендіруге қабілетті.
Гамма-глобулиндер тобына криоглобулинде де жатқызылады. Бұл белоктар
қансарысуын салқындатқан кезде тұнбаға түседі. Денісау адамның
қансарысуында олар болмайды. Олар ревматикалық артритпен, миеломалық
аурулармен ауыратын науқастарда пайда болады.
Криоглобулиндерде фибронектин белогы да кездеседі. Ол жоғары
молекулалы гликопротеин (молекулалық массасы 220 кДа). Ол қан плазмасында
және көптеген жасушалардың бетінде (макрофагтар, эндотелиалдық жасушалар,
тромбоциттер, фибробластталар) болады. Фибронектиннің қызметі: 1.
Жасушалардың бір бірімен әсерлесуін қамтамассыз етеді; 2 Тромбоциттердің
адгезиясын қабілеттендіреді; 3. Ісіктердің метастаздануын болдырмайды.
Плазмалық фибронектин опсонин болып табылады - фагоцитозды
күшейтеді. Қанды тазалауда, белоктардың ыдырау өнімдерінен (мысалы,
коллагеннің ыдырауынан), маңызды рольді атқарады. Гепаринмен байланысып
қанның ұю процестерінің реттелуіне қатысады. Қазіргі кезеңде бұл белок кең
зерттелуде және негізінен, макрофагтер жүйесінің қызметін басатын
жағдайлардың (сепсис және т.б.) диагностикасы үшін пайдаланылады.
Интерферон - гликопротеин. Молекулалық массасы 26 кДа-ға жуық.
Әртүрлі спецификалылықты көрсетеді. Жасушаларда оған вирустар енгенде жауап
ретінде өндіріледі. Денісау адамның қан плазмасындағы оның концентрациясы
аз болады. Бірақ, вирустық аурулар кезінде оның концентрациясы жоғарлайды.
2. Қанның белок емес азотқұрамды заттары. Қанның азотсыз органикалық және
бейорганикалық заттары.
Олар екі топқа бөлінеді: I топ – азотқұрамды белок емес
компоненттер. Қанның белок емес азоты заттарының құрамына жай және күрделі
белоктардың аралық және соңғы алмасуларының өнімдері кіреді. Бұрын белок
емес азотқұрамдыларды қалдық азот деп атаған (олар белокты тұндырғаннан
кейін қалады). Олар мочевина азотынан (50%), аминоқышқылдар азотынан (25%),
кіші молекулалы пептидтерден, креатиннен, креатининнен, билирубиннен,
индиканнан, кейбір басқа да азотқұрамды заттардан тұрады.

II топ – азотсыз органикалық заттар. Оларға көмірсулар, липидтер және
олардың метаболизмінің өнімдері (глюкоза, пируват, лактат, кетондық
денелер, май қышқылдары, холестерин және оның эфирлері) жатқызылады.

Қанда келесі электролиттер болады: бейорганикалық катиондар - Na+, K+,
Ca++, Mg++; бейорганикалық аниондар - Cl-, HCO3-, PO43-, HPO42-, H2PO4- ;
органикалық аниондар. Электролиттердің қызметі: қанның осмостық қысымысның
болуын қамтамассыз етеді; қанның буферлік жүйесінің құрамына кіреді; қанның
электролиттері ұлпа сұйықтықтары мен жасушалардың иондық құрамының
тұрақтылығын ұстау үшін қажет.
Плазманың біршама маңызды буферлік жүйесі бикарбонаттық буфер болып
табылады. Ол әлсіз көмір қышқылынан (рК1= 6,1)және оның қышқылдық анионынан
– бикарбонаттан тұрады (сур.2.). Көмір қышқылы Н2СО3 өзінің ангидриді СО2
–мен тепе теңдікте болады. Екі форма арасындағы тепе теңдіктің тұрақтануы
карбонатдегидрогеназа ("карбоангидраза") ферментімен күшейеді. Плазманың
тұрақты рН-да НСО3- және СО2 концентрациясы 201 қатынасындай болады. Қанда
еріген СО2 өкпе альвеолаларында газдық фазадағы СО2-мен тепе теңдікте
алмасады. Сондықтан НСО3-СО2 –жүйесі тиімді ашық буферлік жүйе болып
табылады. Күшті немесе баяу тыныс алу СО2 концентрациясын өзгертеді, бұл
плазма рН-ы өзгеруіне әкеледі (тыныс алу ацидозы немесе сәйкес түрдегі
алкалозға). Сондықтан, өкпелер жылдам және әрекетті түрде плазманың рН-на
протондарды бөліп алу жүйесінің қатысынсыз ықпал ете алады.
Қан плазмасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егеуқұйрықтардың лимфа мен қан плазмасының биохимиялық көреткіштеріне аллоксанның әсері
Қан плазмасының ақуыздары. Қан ферменттері. Қанның ақуызсыз азотты заттары, қанның қалдық азоты
Қанның құрамы, физикалық-химиялық қасиеттері мен қызметі
Қанның қызметі
Қандағы қоректік заттарды тұрақты ұстап тұратын функционалды жүйе
Қанның мөлшері мен құрамының жасқа байланысты өзігерістері
Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау жайлы
Қан жасушалары
Жергілікті амилоидоз - амилоидтың дәнекер ұлпаға және мүшенің қабырғасына шектеулі жерде ғана шөгуі
Қан жүйесі ауруларын дербестеу
Пәндер