Қант диабетімен ауыратын науқастардың психологиялық ерекшеліктері


Жоспар.
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
2. 1. Қант диабетімен ауыратын науқастардың психологиялық ерекшеліктері.
2. 2. Бронхиалді астмамен ауыратын науқастардың психологиялық ерекшеліктері.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Емдеу жұмыстары барысында дәрігер мен науқастың өзара қарым-қатынасының моральды этикалық мәселелері маңызды. Науқас болып жатқан оқиғаларды, яғни ауруына байланысты қоғамдағы орны мен туысқандарының арасындағы жағдайы өзгереді. Денесінің қызметінің өзгеруіне байланысты, науқастың сыртқы ортадан қажетті талап - тілектері өзгереді. Науқастың ішкі ағзасы ғана өзгермей, оның психологиясына да әсер етеді.
Ауру енді басталғанда, науқастың психикасы оған үйреншікті өмірі, жұмысы, ұйқысының бұзылуына байланысты бірден өзгереді.
Созылмалы ауруларда психологиялық өзгеруі невротикалық симптомдармен көрсетіледі. Кейбір жағдайлар (гипертониялық ауру, атеросклероз, қант диабеті) психоорганикалық бұзылуларға әкеліп соқтырады. Бұл кезде науқастарда шаршау, ызалану, ренжігіштік, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі байқалады. Созылмалы аурудың ұзақтығы, айлап, жылдап стационарда жатудың қажеттілігі тұлғаның патологиялық дамуы ретіндегіөзгерістерге ұшыратып, бұл адамда бұрын болмаған мінез - құлық пайда болады. Осы науқастардың мінезінің өзгеруі емдеу шараларын қиындатып, мүгедектікке соқтыруы, емдеу мекемелерінде ұрыс - керіс тудыруы, айналадағы адамдардың теріс көзқарасын қалыптастыруы мүмкін.
Бұл науқастардың ұйқысы үстіртін болады - олар тез оянады, әр түрлі шуды, сөйлесуді, жарықты жақтыртпайды. Науқастарда қорқыныш пайда болып, жиі - жиі жарықты өшірмеуін немесе қасында отыра тұруын өтінеді.
Қазіргі таңда қоғамда көптеген созылмалы аурулары бар сәбилер дүниеге келуде. Олар бұл өмірдің ашып келген соң қоршаған орта жақпай, яғни денсаулықтарына зиян келтіруіне байланысты көптеген жағдайлардан шектелулеріне тура келеді. Мүгедек балалар денсаулықтарына байланысты үйлерінде оқуы керек. Қазіргі таңда мемлекет мүмкіндіктері шектеулі балаларға жағдай жасауда. Көптеген ақаулықтары бар және мүмкіндіктері шектеулі балалардың дамуындағы ауытқулардың түзетілуіне, әлеуметтік бейімделуіне, білім алуына жағдай жасай отырып, оларды жалпы оқу үрдісіне кірістіреді.
Олар дың кеселі болғанмен қоғамнан шектелулеріне болмайды. Мысалы кішкентай балалар басқа балалармен ойнағысы келеді, бірақ денсаулығы көтермеуіне байланысты балалық кезеңнен шектеледі. Жүрегі ауыратын науқастар шумды көтермейді. Сол себепті олар көпшілік жерде жүрмейді. Мысалы мүгедек балалар жағдайын қарастырсақ: медициналық-ұйымдық деңгейде - аурулардың кеш анықталуы, аурулар мен мүгедектіктің алдын алуға жеткілікті мән берілмеуі, тегін медициналық көмекке қол жеткізудің, медициналық қызметтер сапасының төмендеуі, бірыңғай оңалту жүйесінде мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін үйлестірудің болмауы;
Гипертониялық ауруларда, қант диабетімен ауырғанда бас миында интеллектуалдық төмендеуге соқтыратын органикалық өзгерістер көбейеді. Нәтижесінде науқастың өзінің және туыстарының жағдайын дұрыс бағалауы бұзылады.
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты
Кардиохирургиялық бөлімшелер
Қант диабетімен ауыратын науқастардың психологиялық ерекшеліктері.
Қант диабеті қазіргі кезде ең көп тараған аурулардың бірі. Ол эндокринді ауруларға жатады. Көңіл күйі, мінезі, тұлғаның қатты өзгерісі және психоздық жағдайы қант диабетінде кейбір жағдайларда байқалады.
Көптеген авторларнегізгі психикалық бұзылулар катты түршігу мен тез шаршау түрінде көрінеді дейді. Осындай науқастармен қарым - қатынас жасауға дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге қиындық тудырады, бірақ оған қарамастан, олар басқа эндокринді патологиялық науқастарға қарағанда ашық мінезді.
Қант диабетімен ауыратын тұлғаларға жоғарғы эмоционалдық, сөз терушілік, кейбір ретте өздерінің уайымын жеңіл айту, қоршаған ортамен тез ұрыс - керіске келу, жиі қанағаттанбаушылық жағдайды сезіну, реніштер мен өзін - өзі кем сезіну сияқты мінез - құлық тән.
Мұндай науқастар өздерінің жоғары эмоциялық жағдайына байланысты ойланбаған қылықтар жасайды, сол сәттегі көңіл күйін басшылыққа алып, өз жағдайын есепке алмай тамақтануы да кәміл.
Кейбір жағдайларда болымсыз нәрсеге ашуы келуі мүмкін. Мұндай науқастардың ерекшелігін дәрігер үнемі есепке алып және түсінуі керек, ашу үстінде олар денсаулығына зиян ойламаған қылықтар жасауы мүмкін.
Кейде есте сақтау қабілетінің (ұмытшақтық) азды - көпті төмендеуі байқалады. Сондықтан дәрігер науқастың туысқандарына емделудің өзгерісін немесе тексерілудің қажеттілігі туралы нұсқау беруі керек.
Қант диабетінде психоз сана - сезімі әр түрлі тереңдікте және көрсетілген демириозды - аметивті бұзылулар түрінде мінезделеді. Кейбір ретте қоршаған ортаны қиялшылдықпен қабылдауы, әр түрлі нәрсеге ашуланшақтық, көңіл күйін жақсы сияқты әсерді қалыптастыратын сөзшеңдік байқалады.
Қант диабетімен ауыратын науқастың шектен шыққан эмоциялық реакциясы денсаулығының төмендеуіне әкеп соқтырады. Осыған орай науқастың психикалық ерекшелігін ескере отырып және психотерапиянытиімді пайдалану ынғайын табудың мәні зор, сонымен қатар өз уақытында транквилизаторды тағайындау.
Бронхиалді астмамен ауыратын науқастардың психологиялық ерекшеліктері.
Қазіргі кезде ғалымдардың көпшілігі бронхиалді астма психикалық зақымдар мен эмоционалдық әсерлер белгілі бір роль ойнайды деп санайды.
Бронхиалді астма - бронхының бұзылуынан пайда болатын ауру.
Бронхиольді астма кезіндегі психикалық бұзылыстарда тұншығу приступын қиналыспен күту түріндегі қорқыныштар болады. Кейбір науқастарда тек қана бронзиальді астманың ұстамасынан ғана емес, жүрегі үшін қорқу сияқты ипохондриялық қорқыныш та пайда болады. Науқастар әр түрлі күшті дәрілерді қабылдауға байланысты, жүректің жұмысы да нашарлайды деп қорқады. Осы қорқыныштар үшін дәрігерлік терапияда қиындықтар туындайды, сондықтан бронхиальды астмамен ауыратын адамдармен психотерапиялық жұмыстарды жүргізудің мәні зор.
Истероформалық бұзылулар ипохондриялық бұзылуларға қарағанда сирек кездеседі, бірақ олар вегетативті және сенсорлық пароксизма түрінде болады.
Мысалы: 32 жасар науқас Г - ға күйеуі басқа әйелге кететіні туралы айтқанда, аяқ астынан бронхиалді астманың приступы ұстап қалды. Ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Астмаға қарсы дәрілер приступты тоқтата алған жоқ. Науқастың өміріне қауіп төнді. Оның күйеуі шақырылып, әйелінің жағдайын хабарлағаннан кейін, ол әйеліне шешімін өзгерткені жайында айтты. Біраз уақыт өткеннен кейін приступ тоқтайды.
Осы оқиғада бронхиалді астманың туындауында шешуші рольді истерикалық механизм атқарды.
Бронхиалді астманы емдеу жүйесінде психотерапияны орынды пайдалану мен науқасқа аутогенді жаттығуларды үйрету маңызды орын алады.
Егер истерикалық талмалар тұншығу приступы түрінде болып, психикасына зақым келтіретін оқиғалардан пайда болса, онда гипнотерапияжақсы нәтиже береді.
Бронхиалді астманың приступы бірінші рет болған науқастарда тұншығуға байланысты ерекше қорқыныш байқалады. Осы кезде дәрігердің науқас пен оның туыстарын жігерлендіріп, тыныштандыратын әңгімесінің маңызы зор. Ол әңгіме ауруды ары қарай емдеу барысында да үлкен роль атқарады.
Созылмалы аурумен ауыратын науқастарға:
- науқас балаларды білім беру жүйесінде және үйде оқытудың сапасын арттыру;
- науқас балаларды медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде, білім беру жүйесінде оқыту жөніндегі әдіснамалық базаны әзірлеу;
- науқас балаларды үйде жеке оқытуды жетілдіру;
- науқас балаларды ерте жасынан әлеуметтік бейімдеуді және кәсіптік оңалтуды жүзеге асыру
Қорытынды.
Ауру басталғанда үйреншікті өмірі, ұйқысы, жұмысы өзгергендіктен, психикасы да өзгеріске ұшырай бастайды. Осы кезде дәрігердің психотерапиялық әсері маңызды роль атқарады.
Дәрігерлер таңертең науқастарды аралап шыққанда, олардың көзінше әр түрлі терминдерді пайдаланып, аурудың ерекшеліктерін айтуға болмайды, себебі ол науқаста қандай реакция тудыратының білмейді.
Аралап шығу 3бөлімнен тұрады: бірінші- науқастың жағдайын кабинетте талқылау, екінші - науқасты палатада тексеру, үшінші - науқастың жағдайы туралы қортынды анализді қайтадан кабинетте жасау.
Кейбір кезде дәрігер қойылған диагоноздың дұрыстығына күмән келтіреді. Бұл кезде оны науқас білмеуі керек. Жаңа тексеруді тағайындағанда, басқа диагоноз қою үшін еме, диагностиканың кейбір детальдарын анықтап, терапияның бұрынғыдан да әсерлі түрін қолдану үшін керек деп айту.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz