Қант диабетінің алиментарлық профилактикасы



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Ф КГМУ 43-0401

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Жалпы гигиена, экология және тағам гигиенасы кафедрасы

ДӘРІС
Тақырыбы: Қант диабетінің алиментарлық профилактикасы.

Дисциплина: Ұтымды тамақтану негізі
051101 мамандығы - мейірбике ісі
Курс 3

Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат

Қарағанды 2011ж.
Жалпы гигиена, экология және тағам гигиенасы кафедрасы отырысында
бекітілген

______ _______ 2011ж. Хаттама № ____

Кафедра меңгерушісі ________________ Терехин С.П.
● Тақырыбы: Қант диабетінің алиментарлық профилактикасы.
• Мақсаты: жұқпалы емес ауруларға тамақтану сипаты әсерінің глобальді
және региональді мәселелерімен, алиментарлы тәуелді аурулар
профилактикасының негізгі принциптерімен студенттерді таныстыру;
• Дәріс жоспары:
1. Кіріспе. Қант диабетінің емі мен профилактикасында диетотерапия
ролі.
2. Қант диабеті кезінде диетотерапия мақсаттары.
3. Негізгі тамақтық заттарды қабылдау ережесі. Гликемиялық индекс. Нан
бірлігі туралы түсінік.
4. Қанталмастырушылар сипаттамасы.
5. Қант диабетінің алиментарлық профилактикасы.
6. Қорытынды.
• Дәрістің тезистері (5 беттен кем емес)
2002 ж. Американдық диабетологиялық ассоциация эксперттері өткен 8
жылғы әртүрлі рандомизирленген және бақыланған зерттеулер нәтижелеріне
техникалық байқау жүргізді. Бұл зерттеулер қант диабетінің прфилактикасы
бойынша ұсыныстар мен принциптерді құрастыруға мүмкіндік берді.
Ұсыныстар мақсаты қант диабеті ауруының емі мен өмірін сапасын
жақсарту болып табылады.
Қант диабетінің кез келген типінің емі – кешенді және физикалық
жүктемесіне мөлшерленген диетаны, диабетті өзіндік бақылауға үйретуді,
медикаментозды терапияны, кеш асқынулардың емі мен профилактикасын құрайды.
Диабеттің барлық түрін емдеу кезінде қандағы қанттың күнделікті
өзгерісін қалыпты көрсеткіште ұстауға талпыну қажет. Қант диабеті кезінде
компенсация жағдайын куәландаратын негізгі көрсеткіш ашқарында және тәулік
бойы қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері, сондай-ақ, зәрде глюкозаның
болмауы болып табылады.
Емдік тамақтану – диабетті емдеудегі алынбайтын компонент және
науқасты дайындаудағы міндетті бөлім. Қант диабеті кезіндегі диеталық
тамақтанудың негізгі принципі метаболиттік бұзылыстарды қалыптастыруға
бағытталған.
Тамақтану бойынша ұсыныстар тек қана ғылыми амалдарға ғана емес,
сондай-ақ, өмір сүру салтын, өмірлік белсенділік позициясын, физикалық
белсенділігін, науқастың мәдени және этникалық ыңғайын ескеріп
тағайындалады. Гликемия, липид және артериялық қысым деңгейін үнемі бақылап
отыру қажет, өйткені,олардың жоғарлауы қант диабетінің әртүрлі асқыну
қаупін жоғарлатады.
Бұрындары (инсулинді және пероральді қант төмендетуші препараттарды
қолданбас бұрын) диета қант диабетін емдеуде жалғыз ғана әдіс болған.
Қант диабеті ауруын емдеуде инсулинді және пероральді қант төмендетуші
препараттарды қолдану тәжірибесі біртіндеп диетотерапияға деген қатынасты
өзгертті.
Кейбір елдерде эндокринологтар ерікті диета (тамақтанудаешқандай
шектеусіз) деп аталатын қан плазмасындағы инсулин құрамын жоғарлататын
препараттар немесе инсулинмен науқастың жағдайын бақылауға негізделген
әдісті ұсынуда. Алайда, инсулиннің дұрыс емес мөлшерін таңдау гликемия,
дене салмағы жоғарлауына, глюкозаға толеранттылықтың дамуымен байланысты
инсулин мөлшерінің жоғарлауына, қант диабетінің прогрессивті асқынуларына
әкелді.
Қазіргі уақытта бүкіл әлемде қайтадан қант диабеті ауруында
диетотерапияға аса көңіл бөлінуде.
Қант диабеті кезінде диетотерапия мақсаттары
2002 ж. Американдық диабетологиялық ассоциация ұсыныстарына сәйкес ҚД
диетотерапиясының негізгі мақсаттары келесідей болып табылады:
1. Метаболиттік процестердің отимальді деңгейіне қол жеткізу және
қолдау.
2. Мүмкін болатын асқынуларды ескерту мен алдын алу үшін қандағы
глюкоза деңгейін қалыпты көрсеткіщке жеткізу және осы
көрсеткішті тұрақты ұстап тұру.
3. Макротамырлық асқыныстардың дамуын төмендету үшін липидті
алмасуды қалыпқа келтіру.
4. Жүрек қан тамырлық асқыныстардың дамуын төмендету үшін
артериялық қысым көрсеткіштерін қалыпта ұстау.
5. Қант диабеті асқынуларын емдеу және алдын алу; жүрек қан тамыр
аурулары, дислипидемия, семіздік, сондай-ақ, артериалды
гипертензия және нефропатияның емі мен профилактикасы үшін
салауатты өмір салты мен тағамдарды қабылдау модификациясы.
6. Қант диабетінің ағымын жақсарту үшін физикалық белсенділік пен
тамақтануда сау азық-түліктерді қабылдау.
7. Тағамдарды қабылдау өмір салтын, науқастың қалауы мен
өзгерістерге дайындығын, адамның жеке және мәдени ерекшеліктерін
ескеру керек.
8. Ерте жастағы I-тип қант диабеті науқастарына қалыпты даму мен
өсуге кепілдік беретін азық-түліктерді энергетикалық құндылығы
бойынша адекватты қабылдауды қамтамасыз ету, физикалық
белсенділік пен тағаммен инсулинді енгізу тәртібін сақтау.
9. Ерте жастағы II -тип қант диабеті науқастарына инсулин
резистенттілікті төмендету үшін физикалық белсенділік пен
тамақтану жағдайын өзгертуге ықпал ету керек.
10. Қалыпты репродуктивті қызмет үшін жүкті әйелдер мен емізетін
аналарды адекватты энергетикалық қажеттілік бойынша керекті
тамақтық заттармен қамтамасыз ету.
11. Ересек адамдардың жасына сай тамақтық және психоэмоцианалдық
қажеттіліктерін қарастыру.
12. Инсулинмен немесе инсулин секрециясын күшейтетін заттармен
емделуші адамдарға гипогликемияны, жедел ауруларды және
физикалық белсенділікпен байланысты гликемия бұзылыстарын
өзіндік емдеуге оқытуды ұйымдастыру.
13. Қант диабетіне бейім адамдарда аурудың даму қаупін төмендету
үшін физикалық белсенділікті насихаттау, егер артық дене салмағы
байқалса, төмендету немесе қалыпты дене салмағын артық болудан
сақтау.
Қант диабеті кезінде диетотерапия принциптері
• Диетаның негізгі принципі – бұл науқастың жасына, жынысына, дене
бітіміне, дамуына, кәсібі мен физикалық белсенділігіне, науқастың
психоәлеуметтік және мәдени қалауына сәйкес тамақтану нормаларын дені
сау адам тамақтануына жақындату.
• Қант диабеті науқастарының диетотерапиясы аурудың ағымын,
асқыныстардың болуы мен қосалқы ауруларын толық ескеріп жүзеге асыру
керек.
Қант диабеті кезінде көмірсуларды қабылдау ережесі.
Қант диабеті науқастарының рационында көмірсуларға аса көңіл бөлу
керек. Көмірсулар негізгі энергия тасымалдаушылар. Ұтымды тамақтануда
тәуліктік энергетикалық құндылықтың 54-56 %-ы, қант диабеті кезінде 40-тан
60%-ға дейін көмірсу есебінен жабылады.
Көмірсулардың қарапайым (моно- және дисахаридтер) және күрделі (олиго-
және полисахаридтер) түрлері бар. Күрделі көмірсулар асқазан ішек
трактісінде қорытылатын (крахмал, гликоген) және қорытылмайтын (целлюлоза,
гемицеллюлоза, пектинді заттар) болып бөлінеді.
Қант диабеті науқастарын емдік тамақтануындағы тарихи маңызды принцип
жеңіл сіңірілетін көмірсуларға бай азық-түліктерді: қант, бал, варенье,
шоколад, торт, печенье, мармелад, сондай-ақ, манная және күріш жармасы
тағамдарын тамақтану рационынан алып тастау болып табылады.
Сонымен қатар, бұл тағамдар мен азық-түліктерді кенеттен болған
гипогликемияның алдын алуға, сондай-ақ, кетоацидоз емінде қолдануға болады.
Тамақтану рационында тәтті тағамдарды қатаң шектеуді кейбір науқастар
психологиялық тұрғыда нашар көтереді. Сондықтан, науқасқа әдетте
ұсынылмайтын азық-түліктерді (мысалы, пирожное, конфет) анда-санда
қабылдауға рұқсат беретін "поощрения"әдісі қолданылады.
Науқастар рационын негізінен күрделі көмірсулар: нан, жармалар,
көкөністер, жеміс-жидектер құрайды. Өсімдік текті азық-түліктерден (
әсіресе, жеміс-жидектерде) ацидозбен күресу үшін сілтілі валентті
тағамдардың басымдылығы аса маңызды.
Өсімдік текті азық-түліктердің жікетелуі (көмірсулардың құрамы
бойынша)
Көмірсулардың құрамы бойынша көкөністер мен жеміс-жидектерді 3 топқа
бөледі.
100г өнім құрамында 5г-нан төмен көмірсу кездесетін азық-түліктер:
қияр, қызанақ, белокочанды және түрл-түсті орамжапырақ, кәді, баклажан,
салат, шавель, шпинат, ревень, редис, редька, саңырауқұлақ, асқабақ, аскөк,
клюква, лимон, облепиха, қышқыл сорттағы алма мен қара өрік. Бұл азық-
түліктерді 600-800г күніне қабылдауға болады.
100г өнім құрамында 5г-нан 10г-ға дейін көмірсу кездесетін көкөністер
мен жеміс-жидектер: сәбіз, қызылша, жуа, сельдерей, брюква, тәтті перец,
бұршақ өнімдері, мандарин, апельсин, грейпфрут, сары өрік, алыч, қарбыз,
қауын, кизил, алмұрт, шабдалы, брусника, земляника, құлпынай, қарақат,
крыжовник, черника, алша, тәтті сорттағы алма мен қара өрік. Бұл азық-
түліктерді 200г-ға дейін күніне қабылдау ұсынылады.
100г өнім құрамында 10г-нан жоғары көмірсу кездесетін көкөністер мен
жеміс-жидектер: көк бұршақ, тәтті картоп (батат), ананас, банан, граната,
шие, инжир, финики,құрма, черешня, рябин, жүзім, кепкен жеміс-жидектер
(изюм, инжир, чернослив, курага). Бұл азық-түліктер қорытылу кезінде
қандағы глюкоза деңгейін тез жоғарлататын болғандықтан қабылдау
ұсынылмайды. Картопты жалпы көмірсу мөлшерін нақты есептегеннен соң ғана
200-300г күніне рұқсат етіледі.
Гликемиялық индекс – бұл тағамның қандағы қант деңгейін жоғарлатуға
қабілетті сипаттайтын көрсеткіш.
Жоғары гликемиялық индексті азық-түліктер қандағы қант деңгейін тез
жоғарлатуды қамтамасыз етеді. Олар ағзада тез сіңіріледі және оңай
қорытылады. Сол және басқа да азық-түліктердің гликемиялық индексі жоғары
болған сайын өз кезегінде ағзамен көп инсулин порциясын өндірумен жүретін
қандағы қант деңгейінің көтерілуі де жоғары болады.
Төмен гликемиялық индексті азық-түліктердегі көмірсулар тез
сіңірілмегендіктен қандағы қант деңгейін баяу жоғарлатады.
Азық-түліктердің гликемиялық индексі түсінігі көмірсу түріне, жылумен
өңделуіне, құрамындағы белок пен май мөлшеріне байланысты.
Гликемиялық индекс – салыстырмалы түсінік. Оны құрастыру негізіне
глюкоза алынған, оның гликемиялық индексі 100-ге тең болған, ал барлық
қалған азық-түліктердің индексі белгілі бір пайыздық мөлшерде салыстырмалы
глюкозаның гликемиялық индексімен анықталады. Көптеген жағдайларда
гликемиялық индекс есептеуінде глюкоза емес, ақ нан алынады. Глюкозаның
немесе ақ нан гликемиялық индексі арқылы барлық қалған азық-түліктердің
салыстырмалы көлемі есептеледі.
• Клетчатка құрамы көп мөлшерде кездесетін әртүрлі азық-түліктердің
суммарлық гликемиялық индексі төмен болады.
• Жылулық өңдеуге ұшыраған азық-түліктермен салыстырғанда шикі көкөністер
мен жеміс-жидектер гликемиялық индексі төменірек.
• Көмірсулармен белоктардың араласуы жалпы гликемиялық индексті
төмендетеді.
• Азық-түліктің ұсақталуы жоғарлаған сайын гликемиялық индекс жоғарлайды.
• Тағам неғұрлым ұзақ шайналса, көмірсулар соғұрлым ұзақ сіңіріледі (
посталиментарлы гликемия төменірек).
НБ (нан бірлігі)– бұл 12 г көмірсуға тең азық-түлік мөлшері ( шамамен
50 ккал-ға сәйкес). 1НБ өңдеуге шамамен 2 БІРЛІК инсулин керек. Тағамды бір
қабылдағанда 6-8 НБ-нен көп қолданбаған дұрыс.
Алғашқы кезде нан бірлігі тек инсулин қабылдаушы қант диабеті
науқастарына арналған болатын. Оларға енгізілетін инсулинға сәйкес
көмірсулардың тәуліктік нормасын сақтау жоғары деңгейде маңызды. Сонымен,
егер сіз азық-түліктер таңдауынан кателесіп, инсулин мөлшеріне сай
тағайындалған көмірсудың мөлшерінен көп қабылдасаңыз қандағы қант деңгейі
жоғарлайда. Немесе керісінше, сізге қажет көмірсу мөлшерінен тұрақты түрде
аз қабылдасаңыз сізде гипогликемия дамуы мүмкін.
Нан бірлігі түсінігін енгізу арқасында қант диабеті науқастары
көмірсуқұрамды азық-түліктерді басқа көмірсулы тағамдармен алмастырып,
дұрыс мәзір құрастыру мүмкіндігіне ие болды.-
Адамның көмірсуға тәуліктік қажеттілігі шамамен 18-25 нан бірлігін
құрайды. Оларды 6 реттік тағам қабылдауға бөлген жөн. Таңғы ас, түскі ас
және кешкі аста 3-5 нан бірлігін, екінші таңғы ас пен сәскелік аста 1 нан
бірлігінқабылдау ұсынылады. Көмірсуқұрамды азық-түліктердің үлкен бөлігін
тәуліктің бірінші жартысында қабылдаған абзал.
Азық-түліктердің химиялық құрамы кестесін қолдана отырып, кез келген
азық-түліктің нан бірлігін есептеуге болады. Сонымен қатар,көмірсулардың
жалпы мөлшері тұрақты болып қала беретін, рационның көмірсулық бөлігін
әртүрлі етуге болады. Мысалы, салмағы 50г (2 нан бірлігі) қара нан орнына
300г черника (2 нан бірлігі) немесе 0,5л сүт (2 нан бірлігі) немесе 150г
қайнатылған картоп (2 нан бірлігі) жеуге болады.
Қанттөмендетуші әсерге ие тағамдарға белокочанды және брюссельдік
орамжапырақ, грейпфрут, лимон, апельсин, сарымсақ, жуа, саңырауқұлақ,
шпинат, сельдерей, овес, черника, земляника жатады. Соңғы кездері ғалымдар
қанттөмендетуші әсерге ие және инсулин құрамды топинамбурға (топырақтық
алмұрт) назарын аударуда.
Калий, темір, кремний және цинк арқасында қант диабеті кезінде
топинамбур электролитті алмасуға жақсы әсерін тигізеді.
Соңғы жылдары қант диабеті диетотерапиясында қорытылмайтын
полисахаридтерге (целлюлоза, гемицеллюлоза, пектин) аса көңіл бөлінуде.
Тамақтық талшықтар ішек перистальтикасын күшейтеді, холестериннің және май
қышқылдарының сіңірілуін төмендетеді және ішекте токсикалық азық-
түліктердің, сондай-ақ, белок, май және көмірсулардың бөлігін
адсорбциялайды. Соңғы мәліметтер бойынша, тамақтық талшықтар көп мөлшерде
түскен жағдайда ғана (күніне 40-50 г артық) тиімді әсерін көрсетеді.
Қанталмастырғыштар және тәттілендіргіш заттар.
Қант диабеті науқастарының рационынан қантты қабылдауды бірден алып
тастау немесе қатал шектеу қажеттігі нашар дискомфортты жағдайларға
әкеледі. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер тәттіні рационнан алып тастау
нашар қөтереді, сондықтан, өсімдіктен немесе химиялық әдіспен алынған қант
алмастырушы заттар кеңінен қолданыла бастады.
Науқастар қант алмастырғыш зат ретінде сорбит, ксилит, фруктоза,
сахарин, аспартам, натрий цикломаты және стевий экстракті қолданылуы
мүмкін.
Ксилит пен сорбиттің іш босату қасиетін ескеріп, оларға жеке
қабылдаушылықты бекіту керек.
Қант алмастырғыш заттарды тек аурудың компенсация және субкомпенсация
кезінде қолданады.
Қант алмастырғыш заттардың энергетикалық құндылығын ескерген жөн.
Ксилит, сорбит және фруктозаның тәулліктік мөлшері 25-30 г ал, қарт
аадамдарда
15-20 г (джем, кондитерлік өнімдер және т.б.қосқанда).
Қосымша әсерлер пайда болса (жүрек айну, метеоризм, қыжыл және ауыздан
метал дәмін сезіну) препаратты қолдануға рұқсат етілмейді.
Сорбит – рябина, алмұрт, алма және қара өріктен алынатын алтыатомды
спирт.
Сорбит – өсімдік шикізатынан дайындалатын суда жақсы еритін тәтті
ұнтақ.
Зат алмасу процестеріне қатыса отырып, 1г сорбит 4ккал энергия түзеді.
Инсулиннің қатысуынсыз метаболизденеді. Күніне сорбитті 30г артық қолдану
іш босату және іштегі жағымсыз әсерлерді шақыру мүмкін. Сорбитті ыстық
кулинарлық өңдеуге ұшыраған тағамдарға қосуға болады. Сорбит тәттілігі
бойынша сахарозадан төмен.
Сорбитті сортитолды циклге қосу катаракта, нейропатия және
микроангиопатия дамуына әкелуі мүмкін. Сорбитті 2-3 ай қабылдағаннан соң 1-
2 ай үзіліс жасау ұсынылады.
Ксилит – ксиланға бай ауылшаруашылық қалдықтарынан алынатын бесатомды
спирт.
Ксилит – жүгері қабығынан және мақта шитінен алынатын, суда жақсы
еритін тәтті кристалды зат.
Ксилиттің тәуліктік мөлшері ішек бұзылысына әкелетіндіктен 30 г аспау
керек. 1г ксилиттің сіңірілуі кезінде 4 ккал энергия түзіледі. Тағамды
жылулық өндегенде қолданылуы да мүмкін. Сорбит тәттілігі бойынша
сахарозадан төмен. Инсулиннің қатысуынсыз метаболизденеді.
Сорбитті сортитолды циклге қосу катаракта, нейропатия және
микроангиопатия дамуына әкелуі мүмкін. Сорбитті 2-3 ай қабылдағаннан соң 1-
2 ай үзіліс жасау ұсынылады.
Фруктоза – жеміс-жидектер және қанттың құрамына кіретін тәтті зат.
Фруктозаның энергетикалық құндылығы 3,8ккал\г. Ыстық тағамдарды дайындауға
да жарамды.
Фруктоза глюкозамен салыстырғанда баяу сіңіріледі және инсулиннің
қатысуынсыз метаболизденеді, сондықтан, фруктозаны инсулин жеткіліксіздік
науқастары жақсырақ көтереді.
Фруктоза қанттан екі есе тәтті. Оны тәуліктік қолдану 30г аспау керек.
Фруктозаны 30г артық қабылдау қандағы ТӨТЛП холестерин мен жалпы холестерин
құрамын жоғарлату арқылы қант диабеті декомпенсациясына, сүт қышқылы
концентрациясының жоғарлауына, көзде, жүйке тіндерінде және тамыр
эндотелийінде фруктоза мен сорбиттің жиналуына әкеледі. Бұл қатаракта,
нейропатия, микроангиопатия және атеросклероз дамуын тездетеді.
Аспартам – қосыша әсері және энергетикалық құндылығы жоқ, қанттан 200
есе тәтті екі аминқышқылынан (аспарагин және фенилаланин) тұратын зат.
Аспартамның бір таблеткасы тәттілігі бойынша 3,2 г қантқа тең.
Препарат инсулиннің қатысуынсыз метаболизденеді, оның энергетикалық
құндылығы – 3,7 ккал\г, кариестің дамуына қарсы тұрады. Гидролиздену
кезінде аспартам тәттілігінен айрылады. Гидролизденуін органикалық
қышқылдар мен төменгі температура арқылы алдын алуға болады. Қайнау кезінде
өзінің қасиеттерін жоғалтады. Аспартамның тәуліктік мөлшері 20-40 мг\кг
дене салмағына.
Сахарин – ортосульфобензой қышқылы туындысы. Сахарин қанттан 500есе
тәтті, суда жақсы еритін қышқылтым дәмі бар, кристалды ұнтақ. Энергетикалық
қындылығы өте төмен. Сахаринді әртүрлі атаулармен шығарады, тәуліктік
мөлшері – 2,5 мг\кг дене салмағына, яғни, 2 таблеткадан артық емес. Бір
таблетка тәттілігі шамамен бір шай қасық қантқа тең.
Сахарин зат алмасу процестеріне қатыспайды. Қышқылтым дәмдік қасиетіне
байланысты қайнатуға ұсынылмайды. 10-20% ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАНТ ДИЕБЕТІ - 2 ТОП ПРАФИЛАКТИКАСЫНДАҒЫ МҮГЕДЕКТІКТІҢ АЛДЫН АЛУ
Балалар мен жасөспірімдердегі семіздік пен қант диабетінің алдын алу
Қант диабеті және оның типтері
Химиялық элементтердің табиғатта таралуы
Қант диабетінің бұзылусының себептері
Алиментарлық аурулар, олардың алдын алу
Қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту
Сиыр кетозы
Тағам статусы бойынша тамақтану адекваттылығын бағалау
Қант диабетінің патогенезі және этиологиясы
Пәндер