Қантты өсімдіктерге сипаттама


Қантты өсімдіктерге сипаттама.
Қызылша - алабота тұқымдас екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы жапырақ сағақтардың қуатты дегелегі және тамыржемісі өседі. Жапырақты қызылшаның тамыржемісі онша үлкен емес, ал тағамдық қызылшаның тамыржемісі көкөністің бір түрі жуандау, етті әртүрлі формада - домалақ, конус, цилиндр тәрізді болып келеді. Гүлді сабақтар екінші жылы шығады. Жемісі пісе келе 2-6 дейін қиысып бітіп, жеміс шоғырын (түйнектер) түзейді.
Бірқатар биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылық қажеттігіне қарай қызылшаның тамыржемісі үш топқа бөлінеді; тағамдық, қантты, жемдік. Мангольд сорттары да жапырақты, сабақ-жапырақты болып бөлінеді. Осылардың бәрінің ішінен ең көп тарағандары - тағамдық қызыл және жапырақты мангольд түрлері.
Қызылша - суыққа орташа төзімді өсімдік, дәндері -3-4°С көктейді, көктері - 3-4°С суыққа төзеді. Тамыржемісінің өсуіне қолайлы температура 18-20° С. Қатты ыстық (35-30° С) өсімдіктің өсуін тоқтатады да тамыржемісін қатайтып жібереді. Құнарлы топырақты қажет етеді, бірақ қызылшаға жас қи төксе, тамыржемісінің түрі өзгереді. Қызылша сортаң жерде жақсы өседі, бұл оның теңіз жағалауларында өскен жабайы тегінен қалған қасиеті болса керек. Қызылшаға жарық көп түсетін ашық учаске бөлген жөн.
Қызылшаны сепкеннен кейін, бір жеміс шоғырынан бірнеше көк өсіп шығады, ал 2-3 нағыз жапырақтар шыққаннан кейінгі сирету кезінде араларын 6-7 см етіп, ең жақсы өскен өсімдіктен бір-бір жапырақтан қалдырады. Аралары аса алыс болса, қызылша тамыржемісі тым іріленіп, сапасы (шырыны және биязылығы) төмендейді.
Қызылша тұқымын тез көктету және өніктің өсуін жақсарту үшін 24 сағат бойы 3% сутегі тотығының ерітіндісіне салып жібіту керек.
Тағамдық қызылшаны жапырақтары сарғая бастаған кезде жинауға кіріседі. Жинағанда тамыржемістерін оларға зақым келтірмей қазып алады. Осы күйінде оларды күзгі және қысқы кезеңдерде ұзақ уақыт сақтауға әрі пайдалануға болады. Жапырақты қызылша нашар сақталады: оны, егілгеннен соң 2 ай жазғы күндері ғана пайдаланады. Осы кезде өсімдіктің 5-7 жапырағы шығады.
Қант қызылшасының (алабота тұқымдасы) жабайы тегі осы күнге дейін Жерорта теңізі мен Қара теңіз маңында өседі. Жабайы қызылшаның тамырында қанттың мөлшері 1% қана болса, қолдан өсіретін түрлерінің қанттылығы 24-25%, салмағы 400 грамнан бірнеше килограмға жетеді. Қызылшаның қанттылығы бірден осындай жоғары болған жоқ. XIX ғасырдың бас кезінде оның қанттылығы 6, 7% қана болса, 1860 жылдары 10%-ке, XX ғасырдың 30-жылдарында 18-20%-ке, ал қазіргі кезде 24-25%-ке дейін жоғарылады.
Қызылшаның тамыржемісінде қанттың болатындығын бірінші рет 1747 жылы неміс аптекары Маркграф байқаған. Маркграфтың ашқан жаңалығын әрі қарай дамытқан Ахард болды, ол Европада бірінші рет қант заводын ашты, 1811 жылы Наполеон қант қызылшасын көп сеуіп, қант өнімін жоғарылатқандарға сыйлық беруді белгіледі. Россияда алғашқы қант қызылшасы заводы 1802 жылы Тула облысында салынды. Қызылшаның тамыржемісінде қантпен қоса 4-5% клетчатка, 2-3% минералдық заттар болады.
... жалғасыҚант қызылшадан басқа Солтүстік Америкада өсетін қант үйеңкісі, қант соргосы, АҚПІ-та жүгері, Үндіқытай мен Малайя архипелагында қант пальмасы, құрма пальмасы, қарбыз, қауын, қант қамысы және т. б. өсімдіктерден алынады.
Қызылша өте ертеден өсіріледі. Тигр, Евфрат өзендерінің жағалау-ларында тұратын халықтар оны біздің эрамыздан 2-1, 5 мың жыл бұрын өсіре бастаған. Қызылша өсіруді алғаш қолға алған арабтар болды, олар қызылшадан дәрі жасап, медицинаға қолданған. Алғашында қызылшаны бақша және дәрілік өсімдік ретінде өсірген, тамаққа тек жапырақтарын пайдаланған, тамыржемісіне ешкім көңіл аудармаған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz