Ғалым-геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
(1899-1964)
ЮНЕСКО-ның көмегімен бүкіл әлемге еліміздің ұлы пәрзентінің
өмірбаяны мен еңбек жолын, ғылыми бай мұрасын, даналығын уағыздау
арқылы қазақ халқын, сүйікті Республикамызды көрсете біліп, оның
қасиетті топырағында осындай алыптардың туғанынан мақтан етейік.
Н Назарбаев
Павлодар қаласында сөйлеген сөзінен, 25 қараша 1998ж.
Жер қойнауының сиқырлы жиһазын тамаша көрегендікпен аша білген
академик Қ.И.Сәтбаев - қазақ халқы мен Қазақстан тарихындағы зор құбылыс.
Ол аса көрнекті ғалым-геолог қана емес, өз заманының әйгілі табиғат
зерттеушісі, әлемдік өреге көтерілген ойшыл ғұлама. Қаныш Имантайұлы
мемлекет және қоғам қайраткері ретінде, ғалымдағы мен шебер
ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Қазақстанның индустриялық даму
жолындағы өркениетті үрдістің көш басында болып, кемеңгер ғалым атанды.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде Семей облысы, Павлодар
уезі, Ақкелін болысының №4 ауылында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл
ауданы, бұрынғы Қ.И.Сәтбаев атындағы Теңдік совхоздың ауылы) өз уақытында
қазақтың игі жақсылырына белгілі болған аукатты әулетте дүниеге келген.
Ұлы ғалым, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, геология-
минералогия ғалымдарының докторы (1942), профессор (1950), КСРО Ғылым
академиясының Қазақ филиалы геологиялық ғылымдар институтының алғашқы
директоры (1941-1964), филиал Төралқасы төрағасының орынбасары (1941-1942),
төрағасы (1942-1946), Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі (1946), КСРО
Ғылым академиясының академигі (1946), Төралқа мүшесі (1961-1964), Совет
Одағы геологтары ұлттық комитеті төрағасының орынбасары (1957-1964), Тәжік
ССР Ғылым академиясының құрметті мүшесі (1951), Қазақстан Компартиясының
Орталық Комитетінің мүшесі (1949), академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1964
жылы 31 қантарда Мәскеуде дүние салды. 1964 жылы 3 ақпанда Алматыда
жерленді.
Болашақ ғалымның әкесі Имантай Сәтбаев (1845-1928) ауыз әдебиеті мен
өз жерінің тарихын білетін, түркі тектес һәм шығыс елдерінің әдебиетімен
таныс аса сауатты адам болыпты. Имантай Сәтбаев қазақтың тұңғыш ғалымы
Шоқан Уәлихановқа зор құрметпен қараған, оның әкесі Шыңғыспен жақсы таныс
болып, сыйластық құрған. Орыстың белгілі ғалым-этнографы, Шоқан
Уәлихановтың бірге оқыған досы Г.Н.Потанин Ресейдің географиялық қоғамның
ауыз әдебиетін жинастыру қызметіне Имантай Сәтбаевтың көмегін пайдаланған.
Қ.И. Сәтбаевтың анасы Әлима Исақызы (1862-1904) кенже ұлы Қаныш бес
жасқа келгенде қайтыс болған. Жас Қаныш Имантайдың бәйбішесі Нұрым
Тасболатқызының (1850-1929) мейірбан әрі құтты бауырында өсті. Болашақ
ғалым өз әкесінен, ауылдық молдадан, оған қоса жергілікті екіжылдық Ақкелін
мектебінен алғашқы білім алды. Бала Қаныш сол күндерден-ақ ерекше
ұғымталдық қабілет танытты. Бұл жайында көп жылдардан кейін Өмірдің төрт
мезгілі атты кітабында академик Ш.Ш Шокин былай деп жазады: мені бір
көргенінен жадында сақтап қалғыш мінезі талай таңдантты. Арада он жыл өтсе
де бір ұшырасқан адамды кеше ғана кездескендей ұмытпайтын.
Ауыл мектебінен кейін оқуын Павлодардағы екіжылдық орыс-қазақ
училищесінде жалғастырған жас талант оны 1914 жылы үздік аяқтады. Сол жылы
Семейдегі мұғалімдер семинариясына түсіп, 1918 жылы бітіріп шықты. 1918-
1919 жылдары Семейдегі педагогикалық курстарда жаратылыстану пәнінің
мұғалімі, 1919-1920 жылдары Ақкелін болысындағы 4-ші ауылында мұғалім, 1920-
1921 жылдары Баянауылда халық судьясы қызметтерін атқарды. Жас Қаныштың
қалыптасуына ата-анасы, оқыған ортасы және сол заманның озық азаматтары –
туған ағасы Ғабдулғазиз Имантайұлы Сәтбаев (1894-1937), немере ағалары
Әбікей Зейінұлы Сәтбаев (1897-1937) үлкен әсер етті. Үшеуі де отыз жетінші
жылдың жазықсыз құрбаны болды. Ағаларының қазасы Қаныш Имантайұлының
қабырғасын қайыстырды, өзінің болашағын терең ойлауға мәжбүр қылды. Сәтбаев
өмірбаянының осы жағы Шәмшиябану Қанышқызы Сәтбаеваның Сәулелі әулет
(1996) атты кітабы жарық көргенше жан-жақты айтылмады. Ағаларының саяси
репрессияға ұшырауы, Мекке сапарында дүние салған атасы Сәтбайдың қажылығы
академиктің ішінара қарсыластары үшін тоталитарлық жүйенің идеологиялық
қырсығын тигізуге қару болды.
Қаныш Имантайұлының азамат болып қалыптасуына Абай Құнанбаев, Шоқан
Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Сұлтанмахмұд Торайғыровтардың үлгілі өмірі
мен еңбектері жұғынысты әсерелерін тигізді. Ол Абайдың поэзиясын жақсы
игеріп, оның көптеген шығармаларын хатқа айтып машықтанды, лирикалық
әндерін үздік орнап жүрді. Студенттік жылдарында Ш.Уәлихановтың
шығармаларын терең таңдап, мұқият оқиды. Шоқанның Қостанай төңірегіндегі
ақын-жыраулардың аузынан жазып алған, әйгілі Едіге батыр жайындағы Ер
Едіге эпосын қазақ тіліне аударды. Осы еңбегі 1927 жылы Мәскеуде басылып
шықты. Бұл аңызды қазақшаға қайта аударуымның негізгі себебі – бұрынғы
Мелиоранскийдің аударған нұсқасында аты қазақша, заты кітапшілдеу ноғайша
болып кетуіне байланысты, - деп қаныш Имантайұлы анық жазды. Бұл еңбегін
ана тілін деген үлкен қамқорлығын һәм тіл ұстартуға қосқан тамаша үлесі деп
білеміз.
Шоқан Уәлиханов сияқты ауыз әдебиетін зерттеуді Қ.И. Сәтбаев
Баянауылда жүргенде бастап, студент кезінде жалғастырды. Жезқазған Ұлытау
өңірінде талабын күрделі ғылыми зерттеуге айналдырған ол көптеген
этнографиялық тарихи мұраларды ашты. Жезқазған ауданындағы көне заман
ескерткіштері атты еңбегін ғылыми қауым жақсы біледі. Ғылым академиясының
Президенті қызметін атқарған кезде, Шоқан Уәлихановтың алғашқы толық
шығармалар жинағын басып шығаруды қолға алып, бұл игілікті істің
бастаушысы, ұйымдастырушысы болды. 1961-1972 жылдары Ш.Уәлихановтың бес
томдық шығармалар жинағының бас редакторлығы міндетін академик Әлкей
Марғұланға тапсырып, өзі редколлегия мүшесі ретінде оның ойдағыдай жарық
көруіне атсалысты. Қаныш Имантайұлы 1919 жылдан бастап және студент кезінде
жазумен шұғылданған қазақ орта мектебінің төменгі және жоғарғы сыныптарна
арналған Алгебра оқулығын 1924 жылы аяқтап, сол кездегі Білім Халық
комиссариатына оқулық ретінде бекіттіреді. Өкінішке қарай, кітап кезінде
жарыққа шықпай қалған екен, қазір Халықаралық Қ.И,Сәтбаев Қоры бұл еңбегін
ел қолына жеткізуді көздеп, тиісті шаралар жасап жатыр.
1921 жылы Баянауылға емделуге келген профессор, кейіннен академик
Михаил Антонович Усов Қаныш Сәтбаевтың геолог болуына үлкен әсер етіп, өз
Отанының қазба байлықтарын зерттеуге ынта-жігерін арттырды. 1921 жылы күзде
ол қабылдау емтихандарын ойдағыдай тапсырып, Томск технологялық институтың
тау-кен факультетінің геология бөліміне қабылданды. Институтта оқыған
кездері Қ.И.Сәтбаевтың өмірге көзқарасы, дүниетанымы кеңи түсті, өйткені
сол кездегі орыстың атақты ғалым-геологтары, Томск технологиялық
институтының профессорлары В.а.Обручев пен М.А.Усовтан ғалымдық жолына азық
боларлықтай мол өнеге-дәріс алғаны белгілі. 1926 жылы Сәтбаев институтты
үздік аяқтап, тау-кен инженер-геологы деген мамандық бойынша диплом алған
алғашқы қазақ болды. Институтты бітіргеннен кейін ол Қазақстан Халық
шаруашылығы орталық кеңесінің ұйғарумен Атбасцветмет тресінің геология
бөлімін басқаруға жіберілді. Бұл треске Жезқазған мыс кен орындарын,
Байқоңыр көмірін зерттеу және ағылшындар бастап, аяқтамаған Қарсақбай мыс
зауытының құрылысын жалғастыру міндеттелді. Бұған қоса Орталық
Қазақстандағы басқа да кен орындарының жұмысын қадағалау тапсырылды.
Қ.И.Сәтпаев Атбасцветмет тресінің беделді қызметкері болды. Ол кезде
бұл мекеменің кеңсесі Мәскеуде еді. Жас маман жазда өнеркәсіп орындарында
болса, қыста Мәскеуде лабороториялық талдау жасаумен айналысты. Қарсақбайға
Қаныш Имантайұлы 1926 жылы келді. Оның алдында Жезқазған-Ұлытау ауданындағы
кен байлықтарын іздеу мен геологиялық барлау жұмыстарын жаңа техникамен
кеңінен жүргізу тәрізді аса маңызды міндет тұрды. Қ.И.Сәтпаев бұл
жұмыстарды асқан іскерлікпен атқарып, Жезқазған кен орнында мыс қорының
орасан мол екендігін анықтады. Сөйтіп, ағылшындар мен Одақтық геолкомның
мыс қоры бұл өңірде мардымсыз, Қарсақбай зауыты үшін көп болса он жылға ған
жетерлік 60 мың тонна мыс бар деген топшылауына батыл тойтарыс жасалды.
1928 жылы Сәтбаевтің қазақстан халық шаруашылығы журналында
Қарсақбай ауданы және оның болашағы атты мақаласы жарық көрді. Ойшыл
ғалым, білікті зерттеуші, практикалық материалдарды ғылыми түрде нақтылды
іске қоса білетін оқымысты-инженердің пайда болғаны ел құлағын елеңдетті.
Жезқазғанның мыс аптаған мыңдайы жарқырай бастады.
1928 жылы шахталар мыс кенін өндіруге кірісіп, қарсақбай мыс заутының
алғашқы қара мысы қорытылды. Атбасцветметтің жұмысы Қарсақбай мыс
комбинатына жүктелді. Сол жылы Сәтбаев Мәчкеудун Қарсақбайға қоныс аударын,
комбинаттың геологиялық бөлімін басқарды. Кейіннен бұл бөлім Геологиялық
кеңсе, Жезқазған геологиялық кешенді экспедициясы болып өзгерді. Жас
ғалымның танымсыз еңбегінің нәтижесінде Жезқазған мыс қорының бұрынғы
болжаулардан әлдеқайда көп екені белгілі болды. 1932 жылы Сәтбаев өзінің
алғашқы монографиялық жұмысын Жезқазған мыс-кен ауданы және оның алғашқы
ресурстары деп атады. Бұл еңбегі өзін де, Жезқазғанды де кеңінен танытты.
Өмірге үлкен оқымысты, жер білгірі келгенін сезген ел қуанды, ғылыми қауым
жас ғалымды жоғары бағалап, өз қатарына қосты.
1934 жылы қараша айында Одақтық Ғылым академиясының сессиясында
Сәтбаев Мыс, көмір, темір, марганец рудалары және Жезқазған-Ұлытау
ауданының басқа да қазба байлықтары атты тақырыпқа баяндама жасап,
Жезқазған пайдалы кен орнының, тұтас Жезқазған-Ұлытау ауданының кен
байлығын жан-жақты дәлелдеп берді. Осы баяндаманың негізгі хабарлары
сессияның шешіміне енгізілді. Бірақ кедергіде кемістік болған жоқ, алда әлі
көптеген щиеленістер тұр еді. Одақтық геолком Жезқазған кенінің молдығына
іш тартып сенбеді, геологиялық-барлау жұмысын ақшамен қамтамасыз етуден
консерваторлар бас тартты.
Осындай ауыр күндерде асқан табандылық көрсеткен Қ.И.Сәтпаев өзінің
зерттеулеріне деген берік сенімінің арқасында 1934 жылы Одақтық ауыр
өнеркәсіп Халық комиссары Г.К.Орджоникидзенің қабылдауында болып, оны айқын
дәлелдермен Жезқазған кен орнының зор мүмкіндігіне сендіре білді. Барлау
жұмыстарын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік туды. 1937 жылы мыс қорының
жаңа есебі оның мөлшерін бұрынғыдан көбейте түсті. Жезқазғанда түсті
металлургия өнекәсібінің алып комбинатын құру ешкімнің күмәнін тудырмады.
Сол жылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz