Қ.И.Сәтбаев қазақтан шыққан тұңғыш геолог
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
(1899-1964 жж.)
Қ.И.Сәтбаев туралы сөз болғанда мен көз алдыма біртұтас, жігерлі, кең,
мемлекеттік ауқымда ойлай алатын ақылы бар адамды елестетемін. Қ.И.Сәтбаев
толық ғылыми көзқарасы бар, дұрыс жол таңдап ала білген,алға қойған
мақсатына қалтқысыз баратын азамат. Қазақстанның шексіз даласында дүниеге
келген ол,өмір үшін, жеңіске жету үшін күреске бейімдейтін қатал табиғаттың
қасиеттерін өз бойына жинаған.
Академик Д.И.Щербаков
Қ.И.Сәтбаев қазақтан шыққан тұңғыш геология-минералогия ғылымдарының
докторы, СССР Ғылым академиясының академигі, 1946 жылы құрылған Қазақ ССР
Ғылым академиясының алғашқы президенті болды. Қадірмен қазақ зиялыларынң
бірі ретінде ол өз бойында нағыз ғалымның болмыс-бітімін және өз дәуірінің
азаматтық тамаша қасиеттерін сіңіре білген, өзін түгелдей ғылымға арнаған,
азаматтарға, Отанына адал болған жан. Оның жоғары эрудициялылығы,ғылымның
көптеген бағытында нағыз энциклопедиялық білімі болғандығы өз замандастарын
да, бүгінгі ұрпақты да таңқалдырмай қоймайды. Ол орыс және қазақ тілдерінде
көптеген ғылыми еңбектер жазды. Орыс тілдеріндегі еңбектері 8 том болып
баспадан шығады,ал қазақ тілінде жазған жүзден астам мақалалары мен
сөздері, әдебиет пен өнер, жалпы мәдениетіміз жайында толғақты мәселе
көтерген эсселері енгізілді. Қ.И.Сәтбавтың үлкен өмір жолын толық қамтитын
бұл материалдар 9 бөлімге сұрыпталып берілді. Мақалаларының көпшілігі Үлкен
Жезқазғанды құру үшін күреске үндейді, Қазақстанның минералдық қорларын
көбейту, оның өндіргіш күштерін, ауыр өнеркәсіпті өркендету мәселелеріне
арналған.
Қазақстан ғылымын дамытудың бастауында тұрған, Жезқазған мыс алыбын ашып
байлығын еселеуге елеулі үлес қосқан бұл адамның мұқалмас күш-жігері,
тынымсыз ізденісі жайында айту бір сәттік іс емес, немесе шағын бір
кіріспенің міндетіне жатпайды.
Қ.И.Сәтбаев туралы талай рет айтылып,талай кітап жазылды. Әлі қанша
зерттеулерге жол ашық тұрғаны белгілі.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде Павлодар облысының
Баянауыл ауданында көшпелі қазақ отбасында дүниеге келген.1911 жылы ауыл
мектебінде бастауыш білім алып, Павлодардың орысша-қырғызша училищесіне
түседі,ал 1914 жылы Семейдің мұғалімдік семинариясында оқиды. Оны бітіріп,
елінде мұғалім және халық соты болып бірнеше жыл қызмет істейді.
Қ.И.Сәтбаевтің 1921 жылы күтпеген жерде Томскінің техноголиялық
институтының геология профессоры М.А.Усовпен кездесуі оның өміріне үлкен
өзгеріс әкелді. Жердің құрылысы, Қазақстан жер қойнауының байлақтары туралы
М.А.Усовпен болған әңгімелер оған әрі қарай оқудың қажет екенің
көрсетті.1921 жылдың күзінде қабылдау емтиханын жақсы тапсырғаннан кейін ол
Томск технологиялық институты тау-кен факультетінің геология-барлау
бөлімшесіне студент болып қабылданды.
1926 жылдың шілдесінде Қаныш Имантайұлы осы институттағы оқуын аяқтап,
диплом қорғап,тау-кен инженері-геолог мамандығын алды. Республика басшылары
оны 1925 жылы құрылған Жезқазған мыс кен орнын және салынып жатқан
Қарсақбай мыс заводын біріктіретін Атбасцветмет тресіне жұмысқа жіберді.
1926-29 ж. мардымсыз кенді өңір саналған Жезқазғанның қазір Одақтағы ірі
мыс рудалы аудандар қатарына жатқызылуы тікелей Сәтбаев еңбегінің нәтижесі.
Бұрыңғы жиналған геологиялық деректерге терең анализ жасған Сәтбаев бұл
кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы геологиялық-барлау жұмыстарын
ұйымдастыруға болатын ірі объект екенің дәлелдеді. Өз зертеулерінің
нәтижесінде Сәтбаев Жезқазған кенінде руда қалыптасуының төмендегідей,
кейіннен дәлелденген ғылыми критерийлерін ұсынды:
1)Тектоникалық критерий.
2)Стратиграфиялық критерий.
3)Литологиялық-петрографиялық критерий.
4)Құрылымдық критерий.
Сәтбаевтың басшылығымен жүргізілген комплексті зерттеулердің нәтижесінде
Жезқазғанның ақиқат қоры бұранғы белгілі өндірістік қорынан 2,5 есе көп
екені анықталды. Еліміздегі мысты құм тас кендеріне және руда белгілеріне
өндірістік-экономикалық баға берілгенде негізгі критерийлер ретінде енді
Жезқазғанның руда бақылаушы факторлары жөніндегі Сәтбаевтың қағидалары
негізге алынатын болды. Болашағы ғылыми тұрғыдан аса тыңғылықты негізделген
дүние жүзіндегі аса ірі мыс кендерінің бірі саналатын Жезқазғанда салынған
мыс балқыту комбинаты түсті металлургияның Одақтағы аса ірі
кәсіпорындарының біріне айналды.
1929 жылдың басында Атбасцветмет тресінде геологиялық барлау бөлімшесі
ашылып,оны Қ.И.Сәтбаев басқарды. Сол жылдың күзінен Жезқазғанда тұрақты
барлау жұмыстары жүргізілді. Соған байланысты геолком қызметкерлері мен
білімдар жас инженердің арасында үлкен тартыс басталды. Олар Жезқазғанды
ұсақ қана кен орны бар,онда көп қор жоқ деп тұжырымдаса, Қ.И.Сәтбаев
Жезқазғанда үлкен қор жатыр деп ұйғарды. Бұл ғылыми ғана айтыс-тартыс емес
еді,гәп басқада болды. Атап айтқанда, Жезқазғанды басталып жатқан елімізді
индустрияландыру жоспарына кіргізбей, үлкен мыс комбинатының құрылысына жол
бермеу ниеті тұрды. Осы қиындықтарға қарамастан Жезқазған 1931 жылдың
аяғында өзінің мыс қоры жағынан Одақ бойынша 1-ші орынға шықты,ал 1934 жылы
Американың мыс провинцияларын басып озды. Әйтсе де Қ.И.Сәтбаевтың
қарсыластары 1938 жылдың аяғына дейін құрылыс жұмыстарына кедергі жасаумен
болды.1938 жылдың 10 ақпанында жаңа Жезқазған комбинатының құрылысын бастау
туралы №50 тарихи бұйрық келді. Бұл-ізденімпаз жас ғалымның мұқалмас күш-
жігерінің,елін,жерін сүйген шексіз патриотизмнің айқын жемісі еді.
1941 жылы Қ.И.Сәтбаев жаңадан ұйымдастырылған КСРО ҒА филиалының
Геологиялық ғылымдар институтының директоры болып Алматыға ауысты. Сол
жылдың күзінде Қазақ филиалы Президиумы төрағасының орынбасары,келесі жылы
төрағасы болып тағайындалды.
Қанекең бірінші күннен бастап филиалдың және институттың тақырыптық
жоспарын мүлде өзгертіп, ғылымды соғысқа көмектесуге бағыттады.1942 жылы
Қ.И.Сәтбаев Қазақ ССр Жезқазған аймағының кен орындары атты монографиясы
үшін КСРО-ның Мемлекеттік сыйлығын алды,сол жылы оған жұмыстарының жалпы
қорытындылары бойынша және ғылыми жұмыстарды ұйымдастырғаны үшін геология-
минералогия ғылымдарының докторы дәрежесі берілді.
Қ.И.Сәтбаевтың бұл тұста ғылыми қызметінің негізгі мақсаты-ғылыми
зерттеулерді республика шаруашылығының, мәдениетінің дамуымен байланыстыру
болды. Соғыс жылдарында филиал республиканың ірі өнеркәсіп орындары-
Жезқазған, Балқаш комбинаттары мен кенді Алтайдың металлургиялық
кәсіпорындарыиен тығыз байланыста жұмыс істеді. Өндірістің тапсырмасы
бойынша зерттеулер жүргізіліп, олардың нәтижелері өндіріске енгізіліп
отырды. Сөйтіп филиал аз уақыттың ішінде Қазақстанның ғылыми орталығына
айналды.
1943 жылдың күзінде Қ.И.Сәтбаев КСРО ҒА-ның корреспондент-мүшесі болып
сайланды. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың ауқымдылығы және ғылыми
зерттеулерді әрі қарай дамыту қажеттігі филиалды Қазақстан Ғылым
академиясына айналдыруға алғы шарттар жасады. 1946 жылы Қазақ ССР ҒА
құрылды, оның бірінші президенті болып Қ.И.Сәтбаев сайланды.Сол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz