Қара алтын жауһар мен қауқар



Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
“Қара алтын”: жауһар мен қауқар

Кез келген мемлекетті бүкіл әлемге танытатын өзінің құндылығы болады десек,
біздің елімізде де сол құндылықтардың бір бөлігін жерасты қазба байлықтары
құрайды. Елбасымыз “экономикамыздың басты локомотиві” деп баға берген мұнай
арқылы еліміз алдыңғы қатарлы 10 мемлекеттің қатарына қосылып үлгерді. Сол
арқылы біздің елді төрткүл дүние танитындай болды. Мұнай саласын жақсарту
мақсатындағы жүргізілген реформалар өз деңгейінде жүзеге асырылып жатыр.
Еліміздегі мұнай өнеркәсіптері жыл сайын жаңа қарқынмен дамып келеді.
Қазіргі кезде ел экономикасында байқалған оң өзгерістердің дені мұнай
саласында екені және рас. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, талай
жыл “Ембімұнайгаз” өндірістік филиалын басқарған Нұрпейіс МАҚАШҰЛЫМЕН
болған сұхбат осы саланың бүгінгі таңдағы даму-өркендеу барысы туралы.

– Нұрпейіс Мақашұлы, ғасырға жуық тарихы бар мұнай өндірісі ел
экономикасына барынша қозғау салып, жыл өткен сайын жаңа қарқынмен өрістеп
келеді. Әр нәрсеге уақыт сыншы десек те, кеңестік кезеңмен салыстырғанда
тәуелсіздік алған он төрт жыл ішінде еліміздің мұнай өндірісі саласында
қандай өзгерістер байқалды?
– Еліміз егемендік алғалы бері талай өзгерістерді, талай қиыншылықты бастан
өткеріппіз. Бірақ, сол қиыншылықтар өз еңсемізді тіктеп, болашақ
бағытымызды, жүрер жолымызды айқындап алуға көмектескенін де айта кеткен
абзал. Әрине, кеңестік кеңістіктегі ел экономикасын әлемдік деңгейдегі орны
айрықша маңызға ие, мақсат-мүддесі айқын бүгінгі таңдағы әлеуметтік-
экономикалық жағдаймен салыстыруға мүлде келе қоймас. Жаратқан иенің
жазиралы кең байтақ жерімізге берген ерекше сыйы–“қара алтынның” қасиетті
қазақ жерінің ырыс-несібесін арттырудағы, жұрттың әл-ауқатын жақсартудағы
рөлі қаншалық зор маңызға ие екендігін соңғы жылдары әсіресе Каспий
төңірегіндегі әңгіменің үдей түсуімен әбден байланыстыруға болар еді.
Экономикалық мәселе бүгінгі таңда қоғамдағы ең негізгі салаға, адам
өмірінің деңгейін ажыратар өзекке айналып отырған кезде мұның бойына қуат
дарытар қантамыры іспеттес мұнайға деген талап пен тәртіпті ендеше елдік
мәселе деп қарау лазым. Бұл реттен келгенде, ел экономикасын тиімді
реформалау бағытында да біршама ауыз толтырып айтарлықтай қыруар жұмыстар
атқарылуда. Аз уақыт ішінде экономиканы өркендету жолында түрлі нарықтық
реформалар жүзеге асырылып, елімізге шетелдік инвестиция көптеп тартылуда.
Бұның бәрі нені көрсетеді? Бұл ең алдымен, жаңадан бой көтеріп, еңсе
тіктеген жас мемлекеттің хал-қауқарының өсіп, тәжірибелі елдер экономикасы
деңгейіне дейін көтерілуіне барынша күш салу мақсатынан туындаған еді.
Өткен жылдарға көз жіберген Елбасымыз биылғы халыққа Жолдауында: –“Ол
жылдар біздің мемлекетіміздің ұстанар бағыты мен алдына қойған мақсатын
айқындаған жылдар болды. Осындай сын сағаттарда байқаусызда жіберілген бір
ағаттық іс пен бұрыс шешім еліміздің алдағы бағыт-бағдарын мүлдем басқа
арнаға бұрып, елеулі өзгеріске ұшыратуы мүмкін еді”, – деген болатын.
Расында сол кезде қалт жіберген қандай да бір ағаттық шешім ел
экономикасына орасан зор шығын әкелер еді. Сол себепті, ел игілігі –”қара
алтынды” тиімді пайдалану–тек экономиканың ғана емес, мемлекеттің болашақта
ұстанар саясатын айқындап берді десек, артық айтпайтын шығармын.
– Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басқосуынан
кейін әлем назарының Каспий аумағында туындап жатқан мәселелерге барынша
ауа түскені, ал бұл туралы әлемдік қауымдастықта түрлі пікірлердің қылаң
беріп қалып жатуы да мәселеге байыпты үңілуді қажет етері сөзсіз. Мұндай
алаңдаушылықтар шет мемлекеттердің мұнай өндірісінен гөрі әлдебір саяси
мақсатты көздеуінен туындап отыр деуіміз керек пе?
– Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басшыларының кездесуінен
кейін, шынында да алуан түрлі пікірлер мен көзқарастардың байқалып қалғанын
айту керек. Қазіргідей жаһандану заманында кез келген мемлекет үшін саяси
мәні аса зор осындай мәселелер төңірегінде дәл мұндай көріністің айқын
байқалып қалатындығын жоққа шығармасақ та болады. Сәті келіп тұрса, әркім
өз “қоржынын” бөтеннің игілігімен толтыра түсуге қашан да бейім тұрады. Дәл
осындай көрініс басқосудан кейін Каспий теңізі төңірегінде ерекше байқалған
еді. Десек те, бір кездегі кеңестік кеңістікте орналасқан мемлекеттердің
бірі –Қазақстанның саяси аренаға шығуы арқылы ең алдымен, өзінің дербес үні
мен алға қойған мақсат-мүддесін барынша жан-жақты саралап, айқындап
алғандығы, айналамыздағы әр мемлекеттің “миының қатпарында” жатқан ойын дөп
басып табу арқылы екі таразының басын тең ұстауды, түйткілді дүниенің
түйінін абайлап шешу арқылы ымыралыққа жол ашуды мақсат тұтқандығы
қуантады. Еліміздің игілігіне көз тігіп отырған кейбір көршілес
мемлекеттердің қым-қуыт саясатының шеңгеліне ілінбей, тек еліміздің
тыныштығы мен бірлігіне зиян тигізбейтін мақсатты көздеу – Елбасы ұстанған
саясаттың басты арнасы екені және аян. Ал бұл ұстаным еліміздің басқа ел
алдындағы деңгейінің қандай болу керектігіне қозғаушы күш болары анық.
– Мұнай саласына қатысты жасалып жатқан жобалардың ел экономикасының
өркендеуіне тигізер ықпалы қаншалықты?
– Бүгінде Қазақстанның әлемдік өркениет өркешінен ойып тұрып орын
аларлықтай деңгейге жеткендігін дәлелдейтін кез жетті. Бұл тұрғыда
экономиканың басты қозғаушы күш екендігін де ұмытпаған жөн. Ал экономиканың
күшті қарқын алуына өз кезегінде тиімді қабылданған заңдар мен дер уақытта
жасалынған жобалар да ықпал еткені даусыз. Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай
құбырына келсек, оны қазіргі таңдағы ең тиімді жоба ретінде бағалауға
болады. Сол арқылы біз Әзірбайжан арқылы Ақтаудан экспортқа шығарылатын
мұнайдың мөлшерін арттыруға мүдделі болып отырмыз. Көршілес Қытай мемлекеті
мен Қазақстан арасындағы байланысты кеңейту мақсатындағы Атасу-Алашанқай
бағытындағы жоба да біз үшін аса маңызды жоба болып есептелініп келді.
Көпшілікті өзіне қаратып отырған Каспий теңізі біреу болғанымен, оның
байлығы – “қара алтынды” тең бөліскісі келетін мемлекет бірнешеу. Осы
мемлекеттердің әрқайсысы да өз кезегінде өздеріне тиесілі үлестің қомақты
көлемде болуын барынша қарастырып бағатыны белгілі. Сол себепті, теңіздің
құқықтық мәртебесін айқындауда нақтыланған батыл позиция ұстанып, осы
жолдағы істерді неғұрлым тиянақты атқару аса маңызды. Қазақстанның
көпвекторлы саясаты өзінің геосаяси жағдайын, экономикалық, саяси мүддесін
басқа елдермен өзара татулық, сенім, шекаралық тұтастық негізінде тіршілік
жасауға негіздеп отыр. Көпвекторлы саясат мұнай саясатын жүргізу үшін де
тиімді.
– Қазіргі таңда сізді мұнайға қатысты не нәрсе көбірек алаңдатады?
– Мұнай – халқымыздың игілігі үшін бізге Құдайдың берген несібесі. Десек
те, сол несібені біз қаншалықты дұрыс пайдаланып, қаншалықты бағалай алып
жатырмыз? Міне, осы сауалдар мені жиі толғандырады. Әрине, оның бәрі
бірінші кезекте тек өзімізге байланысты. Осы байлықты тиімсіз ысырап қылу
ең әуелі жер қойнауы байлығының таусылуына әкеліп соғатынын естен
шығармасақ деймін. Қазір онсыз да Мақат, Құлсары, Доссор кен орындары мен
Ескен, Байшонас, Қошқар, Комсомол кеніштерінде мұнайдың мүлдем сарқылуға
шақ қалғаны жанымызды жабырқатар еді. Ал “Ембімұнайгаз” өндірістік
филиалының кеніштерінде 75 миллион тоннадай ғана қор қалғандығы анықталды.
Егер мұнайды бұдан кейін де жылына 3 мың тоннадай тиімсіз пайдалана берсек,
20 шақты жылда бұл жерде мұнайдың тіптен сарқылып, таусылуына әкеліп
соғатынын ұмытпаған жөн. Сондықтан да қазір ел игілігіне айналып отырған
мұнайға жай көзбен қарамай, оны тек шикізат күйінде ғана пайдаланбай
барынша тиімді өндіріп өңдеуге де зор мән берілуі қажет.
– Ал осы мәселеге мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отыр?
– Бүкіл әлемдік экономикалық аренаға кеңінен танымал болған елдер қай кезде
болмасын басқа елдермен жақсы қарым-қатынас орната отырып, бірінші кезекте
“ең алдымен, өз еліме қай жағынан пайда әкелсем, экономикаға игілік пен нәр
әкелетін әне бір бұлақ көзін өз жеріме қалай бұрып алсам” деген мәселе
төңірегінде бас қатыратыны белгілі. Десек те тек өзгенің игілігіне ғана көз
тіге бермей, өз игілігіңді тиімді пайдалануға да көп көңіл бөлінсе екен
дейміз. Мұны ең алдымен мұнай саласына байланыстырып айтқан жөн. Өз
мемлекетімізге пайда әкелудің бірден-бір жолы – мұнайды тек шикізат күйінде
ғана сатып емес, оны өңдеп, түрлі өнімдерді өндіріп, қымбатқа сату ел
экономикасы үшін аса тиімді болмақ. Осы тұрғыда біршама игі жұмыстар да
атқарылып жатыр. Солардың бірқатарына тоқтала кетсек, қазіргі таңда
елімізде “Аджип” консорциумы, “Қарабатан” мұнай-газ өңдеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетіндегі төрттаған (рубаи) жанры
Асыл тас атауларының этимологиясы
Шығармаларға әлеуметтік талдау
Қыпшақ Қойлыбай бақсы
Дәстүрлі түркілік дүниетанымындағы әлем
Кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерін талдау негіздері
Түркі сопылық ерекшеліктері
Кванттық теорияны философиялық талдау
УИЛЬЯМ ШЕКСПИРДІҢ ӨНЕР ЖОЛЫ
Олжабай батыр
Пәндер