ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ АУМАҚТЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ АУМАҚТЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

2007 жыл

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

Аймақтардың қазіргі кезеңдегі даму бағыттары және әлемдік тәжірибе4

Тарау 2. Аймақ бағасы9

2. 1. Экономикалық факторлар9

Табиғи потенциал9

Өнеркәсіп10

Транспорт және коммуникация10

Инвестициялар12

Тұрмыстық қамсыздандыру инфрақұрылымдары12

Ауыл шаруашылығы14

Еңбек нарығы15

Қаржылай-несиелік сектор16

Сыртқы экономикалық қатынастар17

2. 2. Әлеуметтік факторлар18

Демография18

Миграция18

Білім беру жүйесі19

Денсаулық сақтау саласы19

Жұмыссыздық деңгейі және еңбек жағдайы20

Халықтың тұрмыс жағдайы мен тұтынушылық қабілеті21

Қоршаған ортаны қорғау саласы21

2. 3. Технологиялық факторлар22

Өнеркәсіптің инновациялық қызметі22

Ғылым, технология және инновация дамуы23

2. 4. Бизнес ортаның хал ахуалы және институтционалдық даму24

Бизнес-орта24

Институционалдық баға25

Шағын және орта бизнес дамуы26

2. 5. Облыстың Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырмалы түрдегі анализі26

2. 6. Әлемдік, ұлттық, аймақтық экономикасы бойынша облыстың бәсекеге қабілеттілігінің сандық бағасы727

2. 7. Қарағанды облысы мен оның ірі қалаларының әлемдік, ұлттық, аймақтық деңгейде алар орны28

Тарау 3. Қарағанды облысының территориялық стратегиялық даму сипаты35

Облыс экономикасын түрлендіру / шикізат секторынан тәуелсіз болу37

Экономикалық дамуды қамтамасыз ететін адамдар ресурсын дамыту52

Бизнес-климатты жақсарту мен шағын және орта бизнесті табысты жетілдіруге ынталандыру56

Аймақты территориялық тұрғыдан тиімді дамыту60

Аймақ тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту73

Тарау 4. Қарағанды облысының инвестициялық қарқынды жобалары81

Тарау 5. Қарағанды облысын аумақтық даму стратегиясын жүзеге асырудағы күтілетін нәтижелер86

Қосымшалар:88

Кіріспе

Қарағанды облысының 2015 жылға дейінгі территориялық даму Стратегиясы - « Қазақстанның әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің қатарына кіру Стратегиясы » деген Елбасының 2006 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқына жолдаған Үндеуі және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі территориялық даму Стратегиясы негізінде жасалып, Қарағанды облысының әлеуметтік экономикалық жедел дамуының орташа жоспары болып отыр.

Стратегияны жасауда Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің аймақтарды бәсекелестік тұрғыдан дамыту стратегиясын жасауға арналған Әдістемесі мен Дүние жүзілік даму Банкысының жобасында қарастырылған құралдар пайдаланып отыр .

Стратегия Қарағанды облысын аймақтық экономикалық тұрғыдан дамыту мақсатында, оның келешектегі мүмкіндіктері мен даму бағыттарын айқындап беруді көздеп отыр.

Стратегия - атқарылған зерттеу қорытындылары мен жергілікті жоғары оқу орындарының, сарапшылар кеңестерінің, қалалық үкіметтің, кәсіпкерлердің мүдделлі тараптармен бірлесе отырып жүргізген статистикалық көрсеткіштер анализының жиынтығы болып отыр.

Аталмыш құжат жүргізілген жұмыстардың негізгі кезеңдерін қамтып отыр.

Құжаттың басты мақсаты - Қарағанды аймағының жоспарлық стратегиялық дамытуға байланысты алғышарттар мен жобалар, бағадарламалар мен зерртеулер, толғаныстар мен талқылауларды бір ғана құжатта топтастыру.

Бұл құжат- жобалар мен бағдарламаларды, кеңестер мен мониторингтерді, қорытындылар мен Стратегияға енгізілу мүмкіндігі бар өзгерістерді жүзеге асыруда пайдаланылады.

Стратегияны жасау 2 кезеңнен тұрады- Стратегияның базалық түрін жасау кезеңінде облыстың әлеуметтік экономикалық дамуына сараптама жасалынып, оның территориялық дамуы мен маманданудағы бәсекеге қабілеттілік бағыттары айқындалды.

Зерттеу қорытындылары Қарағанды әкімшілігінде құрылған Жұмысшы топ келісімінен өтіп, кәсіпкерлер мен жоғары оқу орындарына және басқа да мүделлі тараптарға таныстырылды.

Екінші кезең барысында кеңестер, қалалық жиындар, кәсіпкерлер және қала басшылығымен кездесулер, сондай-ақ Қарағанды, Балқаш, Теміртау қалаларында семинарлар өткізілді.

Қарағанды облысының экономика мен бюджетті жоспарлау департаментінің тапсырысы бойынша аймақтық дамудың Ғылыми Зерттеу Институты облыстың ірі қалаларының ұлттық, аймақтық және әлемдік экономика жүйесіндегі алар орны мен бағыттарын айқындауға арналған маркетингтік зерттеулер жүргізді.

Дүниежүзілік Банктың ұсынысы бойынша Кәсіпкерлер Форумы мен Сандж зерттеу Орталығы Қарағанды облысының жеке, жалпы және мемлекеттік секторларына институтционалдық тұрғыдан баға беріп, бизнес-ортаның анализын жасап берді.

Стратегия - кеңестер мен ақылдасулардың қорытындысы және терең зерттеулердің қысқаша баяндамасы болып табылады.

Баяндамалардың толықтай түрін Қарағанды облысының экономика және бюджетті жоспарлау департаментінен, Алматыдағы дүниежүзілік Банк кеңсесінен, АҚ «Маркетингтік- аналитикалық зерттеу Орталығынан» алып танысуға болады.

Аймақтық экономикаға жүргізілген зерттеулер мен келтірілген анализ қорытындыларының негізінде Қарағанды облысының даму бағдарламасының алғышарттары, мақсат-міндеттері анықталып, салааралық құнды жобалардың тізімі жасалынды.

Осы алғышарттар, келешектегі мақсат-міндеттер Қарғанды, Жезқазған, Балқаш қалаларында өткізілген семинарларда жергілікті жұртшылықтың қатысуымен талқыланды.

Аудандық, қалалық әкімшіліктер мен кәсіпкерлердің ұсыныстарының негізінде жасалған құнды жобаларды Қарағанды облысының өнеркәсіп пен кәсіпкерлік департаменттері қуаттап отыр.

Аймақтардың қазіргі кезеңдегі даму бағыттары және әлемдік тәжірибе1

Бүгінгі таңда аймақтардың экономикалық даму нәтижелері олардың жедел өзгермелі халықаралық және ұлттық деңгейдегі нарықтық қатынастарға тезірек бейімделу қабілетіне байланысты болып отыр.

Аймақтардың келешектегі экономикалық жағдайын жақсарту үшін стратегиялық тұрғыдан жоспарланған экономикалық даму бағыттары пайдаланылып отыр.

Жергілікті экономикалық даму (ЖЭД) аймақтың (қаланың) экономикалық потенциалын қалыптастыра отырып, аймақтың болашақтағы экономикалық дамуын жетілдіріп, халықтың тұрмыс деңгейін көтеруді көздеп отыр.

Экономикалық дамуды жетілдіріп, аймақтың тұрғындарын еңбекпен қамтамасыз етуге бағытталған осындай күрделі процесске жеке меншік иелері, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар бірлесе отырып ат салысуы тиіс.

Әрбір қала мен елді мекен экономикалық дамуды жетілдіруге қолайлы өзіндік жергілікті жағдайларымен сипатталады. Аталмыш жергілікті жағдайлар экономикалық даму стратегиясын ендіру мен қалыптастыруға негіз бола алады. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, жергілікті күшті экономиканы қалыптастыру үшін қауымдар жергілікті жердің әлді, әлсіз жақтарын және мүмкіндіктері мен қауіптерін ескере отырып, бірлескен стратегиялық тұрғыда жоспарланған іс әрекеттер жүргізуі тиіс.

Бұндай процесс аймақтарға деген бизнестің, жұмысшы күші мен жәрдем институттарының қызығушылығын арттырады.

ЖЭД тәжірибе жүзінде 1970-шы жылдардың басында қолға алынды, сол кездері жергілікті басқару органдары аймақтар мен қалаларды экономикалық жағынан нығайтудың қажеттілігін білді.

Жеке секторларды дамытудағы келеңсіздіктерді жойып әлеуметтік -экономикалық дамуды белсенді түрде зерттей отырып, нығайту мақсатында стратегиялық бағдарламалар мен жобалар қабылданып отырылды. Осылайша, аймақтар өзінің экономикалық базасын ұлғайтып, тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз етіп отырды.

Қазіргі таңда қалалар мен аудандық жерлердің алдында бұдан да зор мақсаттар қойылып отыр, ол дегеніміз аймақтардың жергілікті экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлы түрде жүргізу қажеттігінің зор маңызы бар екенін көрсетеді.

Жергілікті экономикалық даму эволюциясы

ФОКУС
ҚҰРАЛДАР
ФОКУС: 1960-жж. бастап 1980-жж. басына дейін.
ҚҰРАЛДАР:
ФОКУС:
  • Жергілікті районың сыртқы мобилдық өндіріске инвестицияларды тарту
  • Ірі компаниялар үшін субсидиялар
  • Берік инфрақұрылымға инвестицияларды жүзеге асыру

(тек мемлекеттік секторы үшін)

ҚҰРАЛДАР:
  • Ірі гранттар, салықтардың мөлшерлерің төмендету, өндірістік инвесторларға жұмсақ несиелер
  • Берік инвестицияларға субсидтенген инвестициялар
  • Арзан жұмыс күшін жалдау арқылы өндірістік шығындардың төмендету фокусы
ФОКУС: 1980-жж. -нан 1990-жж. ортасына дейін
ҚҰРАЛДАР:
ФОКУС:
  • Бар болған жергілікті кәсіпорындардың сақтауы мен дамуы
  • Ішкі инвестицияларды тарту кезінде оған үнемі акцент жасау, бірақ әдетте, нақты салаларға немесе белгілі географиялық жерлерге бағытталған әрекет

(мемлекеттік сектордың басшылығымен)

ҚҰРАЛДАР:
  • Бизнестің бөлек субъекттеріне тіке төлемдер
  • Жұмысқа арналған бизнес-инкубаторлар/аумақтар
  • Техникалық кеңес беру, шағын кәсіпорындарды қолдау және тренингтер өткізу
  • Жаңа кәсіпорындардың шығаруын қолдау
  • Берік және жұмсақ инфрақұрылымдарға инвестциялар
ФОКУС: 1990-жж. аяғы
ҚҰРАЛДАР:
ФОКУС:
  • Іскер ахуалын түгелімен жайлы қалыптастыру
  • Жұмсақ инфрақұрылымдарға инвестициялар (мысалы, адам қорларын даму, біліммен алмасу, реттеуді рационалдау)
  • Мемлекеттік-жеке әріптестік
  • Жалпақ жұрттың берекесі үшін жеке сектордың инвестицияларын қолдану
  • Жергілікті тұрғындар және әлеуетті инвесторлар үшін өмірдің сапасын жақсарту
  • Жергілікті артықшылықтар тұғысынан қарағанда, ішкі инвестицияларды тарту

(әдетте мемлекеттік сектордың басшылығымен)

ҚҰРАЛДАР:
  • Жергілікті іскер аухалын жайлы қалыптастыруға бағытталынған біріктірілген стратегия
  • Жергілікті компаниялардың дамуын ынталандыру
  • Жергілікті қоғамның арасында қарымқатынастарды және ынтымақтастықты дамыту
  • Бірлескен іскер байланыстарды дамыту
  • Еңбек күшті дамыту және жұмсақ инфрақұрылымды қамтамасыз ету
  • Өмір тіршілігінің сапасын жақсартуына қолдай жасау
  • Қызмет көрсету секторына және өндірістік секторына акцент жасау
  • Экономикалық байланысқан бизнес кластерлерді ынталандыру

Аумақтық және жергілікті экономикалық даму бағдарламасын енгізу

Тарау 1. Жұмысты ұйымдастыру

Бұл тарауда қысқаша түрде Стратегияны жасау процессі сипатталып, жұмыс жасау барысында пайдаланылған әдістемелерге нұсқау келтіре отырып, процесстің бірізділік схемалары мен мүдделі тараптардың қатынасы беріліп отыр.

Жоғарғы тарауларда көрсетіліп отырғанындай, Стратегия - Дүние жүзілік территориялық Даму Банксінің әдістемелік нұсқауларына сәйкес жасалынған. ( www. worldbank. org/urban/led) .

Аймақтық стратегиялар жасау процессі бес кезеңнен тұрады:

  1. Ұйымдастыру жұмыстары
  2. Жергілікті экономика болжамы
  3. Стратегияларды жасау
  4. Жүзеге асыру
  5. Мониторинг пен баға

Ұйымдастыру жұмысы және аймақтық экономикаға берілетін баға бойынша тарауларға барлық ұйымдастыру шаралары мен зерттеу қорытындылары жатады, сонымен Стратегия - болжам, мақсат, міндет, бағдарламалар мен жобалар сияқты 5 бөліктен тұратын матрица болып отыр.

3 тарауда осы матрицаның 5мақсаты беріліп отыр, онда мақсаттан туындайтын міндеттер, бағдарламаларды іске асыруға қажетті жобалар келтірілген.

Жұмысты ұйымдастыру кезеңінде Қарағанды облыс әкімшілігінде құрылған Жұмысшы топ стратегияның алдын ала жоспары мен соңғы түрін қарады.

Қарағанды облыс әкімшілігіне қарасты Жұмысшы топ келесі құрамнан тұрады:

  1. Экономика мен бюджеті жоспарлау Департаменті;
  2. Кәсіпкерлік пене өнеркәсіп Департаменті;
  3. Қаржы Департаменті;
  4. Әлеуметтік бағдарламалар мен еңбекпен қамтуды үйлестіру жөніндегі Департамент;
  5. Мәдениет Департаменті;
  6. Денсаулық сақтау Департаменті;
  7. Білім беру Департаменті;
  8. Ауылшаруашылық Департаменті;
  9. Пассажирлік көлік және автомобиль жолдары жөніндегі Басқарма;
  10. Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалану жөніндегі Басқарма
  11. Қоршаған ортаны қорғау Басқармасы ;
  12. Облыстық миграция Басқармасы;
  13. Қарағанды облыстық кәсіпкерлер Ассоциациясы.

Стратегияны жасаушы жобалық топ ААҚ «Маркетинг - аналитикалық зерттеу Орталығының» мамандарынан тұрады.

Дүние жүзілік территориялық Даму Банкі әдістемелік көмек көрсетті.

Стратегияны аймақтық деңгейде жасауға қатысушылар негізінен ҒЗИ басшылығы мен мамандарынан, сондай-ақ Қарағанды, Балқаш, Жезқазған қалаларының әкімшіліктеріндегі экономика және бюджетті жоспарлау департаменттерінің мамандарынан, кәсіпкерлер мен өнеркәсіп қызметкерлерінен тұрады.

Стратегияның бастапқы түрі бойынша Қарағанды қаласында 5-тен астам көрмелер өткізіліп, Жезқазған, Балқаш қалаларында семинарлар жүргізіліп, Қарғанды, Балқаш, Жезқазған әкімшіліктері және облыс кәсіпкерлері, жоғарғы оқу орындары, кәсіпкерлер ассоциациясы, экологиялық мәселелер бойынша мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен кеңесу шаралары өткізілді.

Тарау 2. Аймақ бағасы

Бүгінгі таңда аймақ ресурстарының құндылығы маңызды емес, нарық экономикасының талаптарына сай ресурстарды бейімдейтін және қайтадан қалыптастырушы аймақтық басшылық пен бизнестің мүмкіншіліктері маңызды болып отыр. Аймақ экономикасының бағасы экономикалық, әлеуметтік, технологиялық факторларға, бизнес-ортасы мен институтционалдық дамуға негізделген (сурет-схема 1) .

1 Кесте. Аймақтық дамуға әсер етуші факторлар

2. 1. Экономикалық факторлар

Табиғи потенциал

Облыс Сарыарқаның оңтүстік бөлігінде орналасқан. Оның Батысында Торғай жері, оңтүстігінде Бетпақдала және Балқаш көлі орналасқан. Облыс рельефы - жоталы, ұсақ құмды, төбелі жазық. Облыстың батысында Ұлытау таулары, шығысында Қарқаралы, Кент, Қу, Қызылтас, Қызыларай, Кешубай және басқа таулар; оңтүстік-батыс және оңтүстігінде Аралдық, Карақұм, екі Мойынқұм, Жетіқоңыр құмды массивтері бар.

Облыс - минералды-шикізат ресурстарына бай. Облыста көмір, жез, қорғасын, марганец, темір, молибден, вольфрам кен көздері бар; сонымен қатар мышьяк, кобальт, никель рудалары табылып отыр. Руда емес шикізаттар запасы: құрылыс тастары, цемент шикізаты, батпақ, құм және тағы басқалар бар.

Климаты континентальды, қысы суық, қары аз, жазы ыстық, құрғақ.

Басты өзендер: Нұра, Торғай, Сарысу, Шідерті, Улы-Жыланшық, Құланөтпес, Қалмаққырған, Түндік, Тоқырауын, Жарлы, Талды және басқалар. Шағын тұзды көлдер өте көп. Ірі көлдері: Балқаш, Қарасор, Қыпшақ, Керей, Қарақойын, Қияқты, Шошқакөл, Балықтыкөл. Су қоймалары: Нұра өзеніндегі Теміртау (Самарканд), Шерубайнұралық, Кеңгір өзенінде - Кеңгірлік, Жезділік, Атасу өзенінде - Қылыш су қоймалары бар. Ертіс-Қарағанды- Жезқазған каналы бар.

Өнеркәсіп

Облыста құрылыс пен металлургияға қажетті рудалық емес шикізаттың ірі запастары бар. Минералды шикізаттық ресурстарды өндіретін ірі кен көздері мен шикізаттың әртүрлілігіне және отынның, энергия мен су көздерінің бар болуына байланысты облыста қара мен түрлі түсті металдар өндірісі, көмір өндіруші өнеркәсіптер мен химия, энергетика, тағам және құрылыс өнеркәсіптері дамып отыр.

Облыста метал өндіруші және машина жасаушы кәсіпорындардың дамуына ықпал ететін жеткілікті потенциал бар.

Сонымен қатар, аймақта ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін шикізат базасы мен өндірістік қуат бар.

2006 жылы облыста өндірілген өнім мөлшері 717, 2 млрд. теңгені құрап отыр.

Қарағанды облысы бойынша кокс өнімі 99%, рафинадталған мыс өнімі 95%, 88% - қорғасын, күміс өнімі, 68% темір рудаларының концентраты, 60% мыс концентраты, жалпы жазық жалдық өнім, марганец рудалары, 87% маргарин, 50% былғары, әктас, 25% алтын, 15% балық, 11% ет, 12% ұн, республикада өндіріліп отырған энергияның 16%2 өндіріліп отыр.

1 кестеде (осында және одан әрі 2 Қосымшаны қара) 2006 жылы өндірілген өнімнің толықтай тізімі берілген және оның Қазақстан Республикасының өніміндегі 10%: аса үлесі көрсетілген.

Транспорт және коммуникация

Қарағанда облысының айтарлықтай көлемін ескергенде, оның темір жол мен автомобиль жолдарының болуы - облыс экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда және территорияның біркелкі дамуы мен тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсартуда маңызды орын алады.

Қарағанды облысының географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы аймақтың транзит потенциалын дамытуға қолайлы жағдай туғызып отыр.

Қарағанды облысының территориясы бойынша меридиандық трансқазақстандық Петропавловск - Астана - Қарағанды - Шу темір жол магистралы, трансазияттық солтүстік темір жол магистралы (Достық - Ақтоғай - Саяқ - Мойынты - Астана - Петропавловск (Пресногорьковская), және транзиттік автомобильдік Алматы-Екатеринбург коридоры өтеді.

Темір жол транспорты: Қарағанды облысы бойынша темір жол магистральдарының тығыздығы өте төмен болып есептелінеді және 1000 км 2 жерге 4, 5 км. болып табылады. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, Еуропа одағы бойынша 50 ден 110 км -ге дейін, көптеген ТМД елдерінде 23-тен 37 км-ге дейін созылып жатыр.

Жалпы бүкіл Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 5, 2 км болып отыр. Қарағанды облысының өндірістік жетекші қалаларын басып өтетін транзиттік темір жол магистральдарының жоқтығынан, Жезқазған қаласы облыс пен қала экономикасын дамытуда кедергі болып отыр.

Автомобильдік транспорт: жалпы Қарағанды облысы мен аудандық деңгейдегі автомобильдік жолдардың ұзақтығы 2 кестеде бейнеленген.

Тек елді мекендердің 49% ғана жолдарының тығыздылығымен сипатталады, ал 50% ауылдар грунтты және гравиялық жолдар болып келеді және ауылшаруашылығының территорияларын дамытуда кері ықпалын тигізіп отыр.

501 елді мекеннің 270 жолаушы көлікпен қамтамасыздандырылған, бұл барлық елді мекеннің 54 % құрайды.

Әуе транспорты: Қарағанды облысының территориясында 3 әуе жай бар: Қарағанды қаласында - ААҚ«Аэропорт «Сары-Арқа», Жезқазған қаласы бойынша - ААҚ «Авиакомпания «Жезқазған-Эйр», Балқаш қаласында- Балқаш әуе-жайы, филиал ААҚ «Авиакомпания «Жезқазған-Эйр».

Қарағанды ААҚ ««Сары-Арқа Аэропортының» потенциалы өте жоғары және халықаралық нормалар мен стандарттарға сай болып отыр.

Байланыс: облыс бойынша байланыс қызметін негізінен монополистік компаниялар ААҚ «Казақтелеком», ААҚ «Қазпочта» атқарады. Аймақта бұдан басқа да бірнеше тәуелсіз байланыс операторлары жұмыс жасайды. Былайша айтқанда, аймақта GSM 2 мобильді оператор, CDMA стандартында жұмыс істейтін 1 мобильді оператор, экспресс-почта қызметін атқарушы бірнеше фирмалар бар.

Жалпы алғанда, қалалар бойынша байланыс қызметі жеткілікті болып тұр. Почта бөлімшелерінің жүйесі қысқартылған, ААҚ «Қазақтелеком» абоненттер санының өсуін қамтамасыз етіп отыруға жағдай жасауда. Ауылдық жерлердегі байланыс қызметі өте төмен деңгейде болып отыр (кесте 3) .

Инвестициялар

2006 жылы негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 147, 3 млрд. теңгені құрап, 2005 жылмен салыстырғанда 91, 3 % болды. 2006 жылы инвестициялардың күрт төмендеп кетуінің негізгі себебі - 2005 жылы Қазақстан-Қытай «Атасу - Алашанькоу» (26, 8 млрд. теңгелік), «Атасу - Алашанькоу» (26, 8 млрд. теңгелік) мұнай құбырлары бойынша және қорғасын құю (34, 9 млрд. теңгелік) Миттал Стил Теміртау» цехы, «Жәйремдік ГОК» жөндеуге жұмсалған (3, 0 млрд. теңгелік) ірі жобаларыныңың аяқталуына байланысты еді.

2006 жылы осы өнеркәсіптер арқылы негізгі капиталға 36, 9 млрд. теңге инвестиция тартылды, ол дегеніміз 2005 жыл деңгейімен салыстырғанда 57 % болып отыр.

Өндіріліп жатқан қара және түрлі -түсті металлургия саласындағы жаңа қондырғыларды орналастыруға, инвесторлардың энергетика объектілерін пайдалануына және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың рудалық базасын кеңейтіп, олардың негізгі қорларын жаңартуға айтарлықтай инвестиция тартылды.

Инвестицияның ең жоғарғы көлемін (65, 5%) шет елдік компаниялардың қатысуымен біріккен кәсіпорындар пайдаланды. Ал инвестицияның басқа қалған 34, 5% бөлігі шет елдік кәсіпорындарға тән. Соның ішінде: ААҚ «Миттал Стил Теміртау» және и «ААҚ ЖК «Эфес Қарағанды пиво зауыты», шет елдік инвестиция арқылы олардың жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарына реконструкция жұмыстары жасалды.

2006 жылы ұйымдар мен кәсіпорындардың өндірістік қорларды жаңартуға бағытталған жұмыстарына және жаңа өнеркәсіптерді іске қосуға жұмсалған қаржы мөлшері 94, 7 млрд. теңгені құрады (110, 7% 2005ж. ) .

Тұрмыстық қамсыздандыру инфрақұрылымдары

Жылумен қамтамасыз ету: облыстың елді мекендерін жылумен қамтамасыз ету төмендегідей жүргізіледі:

2477 Гкал/с өндіретін 8 жылу электростанциясы, 369 Гкал/с бар қатты және сұйық негіздегі 522 автономдық жылу өндіруші, 1227, 8 Гкал/с бар жергілікті 60 қазандық облыстың тұтынушыларын жылумен қамтамасыз етеді. Облыстың барлық жылу көздері 4073, 8 Гкал/с., өндіреді, бірақ бұл облысты жылумен қамтамасыз ету шығындарын өтей алмайды.

Облыс бойынша жылу жүйелерінің созылмалы ұзақтығы 2154, 6 км, соның ішінде магистралдық жүйенің ұзындығы - 596, 3 км және ішкі кварталдық ұзындық 1558, 3 км болып отыр. Орталық жылу жүйесіне 6491 тұрғын үй қосылған, 220 денсаулық сақтау және 636 білім беру объектілеріне жылу тартылған.

17 қала мен облыстың поселкелері орталықтандырылған жылу мүшесі арқылы жылытылады, ал басқа елді мекендер, тек қана АСО жылу энергиясымен және пеш жағу арқылы жылытылады. Қарағанды облысының тұрғын жағдайы 4 кестеде бейнеленген.

Қарағанды қаласың жылумен қамтамасыздандыру жүйесін комплекстік дамыту мақсатында 2006 жылы «Логос» ЖШС техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН), қаланың жылумен қамтамасыздадыру кестесін әзірледі. ТЭН мақсатты 2020 ж. мерзіміне дейін Қарағанды қ. жылумен қамтамасыздандыруды сенімді және сапалы ұйымдастыру бойынша тиімді техникалық шешімдерді таңдау, тиісті ауқымдардың бағасы, қайта құрудың орындау кезегін анықтау, қаланың жылумен қамтамасыз етілген жаңа нысаналардың құрылысы болып табылады. 2007 ж. ТЭН негізінде көрсетілген қаланы жылумен қамтамасыз ету кестесі әзірленіп жатыр.

Электроэнергиямен қамтамасыз ету: 2005 жылы тұрғын үйлерді электроэнергиямен қамтамасыз ету 100% болды.

Облыстың шаруашылық комплексін 8 электростанция электроэнергиямен қамтамасыз етеді- олардың генерациясы 1550 МВт дейін жетіп, ал мұқтаждық 500 МВт болып отыр. Жалпы тұтыну мөлшері 2050 МВт болып отыр.

Электроэнергияны тасымалдау 4 кәсіпорынның жүйелері арқылы жүзеге асып отыр: ЦМЭС ААҚ «КЕГОК», ЖШС «Қарағанды-Жарық», ЖШС «Қарағанды РЭК» және ААҚ «Жезқазған РЭК», электротасымалдау желістерінің жалпы ұзақтығы 31151, 4 км, подстанциялар саны - 3172 дана болып отыр. Станциялардың барлығы дерлік анықталған үрдісте жұмыс жасайды, олар жылу мен электроэнергияны жасалған келісімшарт негізіне сай таратып отыр.

Қарағанды облысы әруақытта электр энергиясына мұқтаж. Қазіргі уақытта жалпы қуаты 2050 МВт және 8 электростанциясының генерациясы 1550 МВт болса да, электр энергиясының тапшылығы 500 МВт болып отыр. Экономиканың даму қарқынының өсіп отырғанын ескеретін болсақ, энергия тапшылығының болуын болжау қиын емес.

Газбен қамтамасыз ету: қала тұрғын үйлері 20, 7% газбен қамтамасыздырылған, ал аулдық жерде үйлер 76, 5%. Қарағанды облысында тұрғындарды газбен қамтамасыз ету жөнінде тұрмыстық әжет үшін 14 ірі арнайы кәсіпорындар айналысады, оның ішінде ең ірі «AlemGaz» ЖШС, «Теміргаз» ЖШС болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру аймақтары
Нұрлы көш бағдарламасы
Жергілікті өзін - өзі басқарудың модельдері
Қазақстанның шағын қалаларындағы әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін теориялық тұрғыдан зерттеп, оған әсер ететін факторларға тұжырымдама және талдау жасау негізінде олардың экономикалық дамуының негізгі бағыттарын жетілдіру үшін ұсыныстар жасау
Стратегиялық жоспарлау бөлімдері
Қазақстан аймақтарының әлеуметтік - экономикалық дамуын реттеу жүйесін қалыптастыру
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы
Табиғат ресурстарының ұдайы өндірісін тиімді пайдаланудың ерекшелігі
Қазақстанның шағын қалалардың дамыту бағыттары
Депрессивті қалалардың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz