С.Сәдуақасовтың кадр саясаты


« Астана Медицина Унивеситеті» АҚ
« Қазақстан тарихы және философия» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «С. Сәдуақасовтың кадр саясаты»
Орындаған: 134 группа студенті
Каримова Айнура
Қабылдаған: Урустембаева Ж. Т
Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) - кеңестік мемлекет, саяси, мәдениет қайраткер. Бұрынғы Көкшетау облысы, Ленин ауданы, Жарқын ауылында туған.
Он жасына дейін «Ғалия медресесін» бітірген өз әкесі Сәдуақас хазіреттен тәлім-тәрбие алып, одан кейін Әбіл молда мектебінде білімін жалғастырады. 1912-1915 жылдары Павлодардағы екі кластық орыс-қазақ училищесін бітіріп, бір жыл мұғалім болады да, Омбыдағы ауылшаруашылық мектебіне түседі.
1918-1920 жылдары «Центросибирь» кооперативтер бірлестігінде қызмет етеді.
1920 жылы Орынборда Қазақстандағы алғашқы жастар ұйымының хатшысы болып сайланады.
Сол жылы жаңа құрылған Қазақ Автономиялы республикасының үкімет басшылығына қызметке алынады. 1925-1926 жылдары «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақстан») газетінің жауапты шығарушысы, әрі «Қызыл Қазақстан» («Ақиқат») журналының редакторы, 1925-1927 жылдары Қазақ АССР Халық ағарту комиссары, 1927-1928 жылдары Ташкенттегі қазақ педагогика институтының ректоры қызметтерін атқарды.
1928-1932 жылдары Мәскеу көлік инженерлері институтын оқып бітірген соң Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысында инженер-құрылысшы болып еңбек етті.
Мемлекеттік, қоғамдық қызметпен қоса әдеби-ғылыми шығармашылықпен айналысып, сол кезде шығып тұрған қазақ, орыс тілдеріндегі көптеген газет-журналдарда саясат, шаруашылық, ел ісі, мәдениет, әдебиет, өнер, тарих мәселелерін сөз еткен мақалалары жарияланды.
Көркем әңгімелері де жарық көрді. Оның «Жастармен әңгіме» (Орынбор, 1925 жылы), «Ұлт театры туралы» (Қызылорда, 1926 жылы), «Қазақстандағы халық ағарту мәселелері» (Қызылорда, 1927 жылы) деген үлкенді-кішілі кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ Қазақстандағы ұл-азаттық көтеріліс пен Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірін арқау еткен «Сәрсенбек» атты романы да бар. «Салмақбай, Сағындық» (1923 ж. ), «Күміс қоңырау» (1927 жылы) повестері қазақ әдебиетіндегі проза жанрын дамытуға қосылған үлес болып табылады.
С. Сәдуақасов «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақстан») басылымды екі рет (1921 жылы қаңтар - 1921 жылы ақпан және 1925 жылы қаңтар - 1926жылы сәуір) басқарған кісілердің бірі.
Смағұл Сәдуақасовтың бүкіл қайраткерлік, азаматтық болмысы жарқырай танылған кезең 1925-1927 жылдар еді. Бұл кезде ол республика халық ағарту комиссары, әрі өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі болды. Бұл кезең сонымен бірге Ф. И. Голощекиннің Қазақстан өлкелік партия комитетін басқару кезімен дәлме дәл келеді.
С. Сәдуақасов мен Ф. Голощекиннің арасындағы келіспеушілік, қақтығысты тарихшылар төрт түрлі мәселеден сабақтап жүр. Олар біріншіден, мекемелердегі іс қағаздарын қазақыландыру, екіншіден, қазақтың оқыған, көзі ашық зиялы қауымына деген көзқарас, үшіншіден, байлар мен орташаларға деген көзқарас, төртіншіден, өнеркәсіпті дамыту.
Асыл азамат 33 жыл ғана ғұмыр сүріп, 1933 жылы Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысындағы апатта қайтыс болды.
Уақыт Смағұл Сәдуақасов бастаған бірінші топтың болжамының дұрыс екендігін көрсетті. 20-шы жылдардың соңына қарай жаңа биліктің экономикалық және әлеуметтік саясатына қарсылық танытқан бас көтерулер бүкіл қазақ даласында өріс алды. Қарулы қарсылық сонымен бір мезгілде ауқаттылар мен орташалардың негізгі байлықтары - малдарын жаппай аяусыз қырып салуға немесе көрші елдерге қоныс аударуға ұласты. Қазақ даласында мал басы күрт кеміп кетті. Бұл ешқандай да асыра айтусыз нағыз «азаматтық соғыстың» көрінісі еді.
Сонымен, Голощекин келген мезгілден бастап Қазақстандағы мемлекеттіліктің мазмұнын анықтауға байланысты егес жоғарыда аталған екі топтың арасында өрбіді. Голощекин өз тарапынан қазақ басқарушы тобы арасындағы ымырасыз күрестің түпкі тамыры мен шынайы мазмұнын түрлі айла-әдістер арқылы мүмкін болғанша тереңірек жасыруға тырысты. Анығырақ айтқанда, алғашқы топтың енді қалыптаса бастаған мемлекеттік билікке ұлттық мазмұн беру әрекетін мойындауға қарсылық танытты. Оның мұндай ұстанымы орталықтың саяси бағытына сәйкес келетін еді. Сондықтан да Голощекин жоғарыда аталған екі топтың арасындағы күресті қазақ қоғамы ішінде бұрыннан келе жатқан «топшылдық дерті» есебінде көрсетуге тырысты. Кезінде Т. Рысқұлов Қазақстан басшысының бұл қитұрқы әрекетіне «голощекин әдісі» деген ат беріп, оның астарында «щиналармен» қорқытып кез-келген өзара сынды қыспаққа алу, «сол арқылы партия ұйымының назарын соңғы жылдары Қазақстандағы социалистік құрылыс мүддесіне ұшан-теңіз зиянын тигізген қателіктердің түп-тамырын ашудан басқа жаққа аударып жіберу» мақсаты жатқандығын дәл басып көрсеткен еді.
Міне, осы тұрғыдан келгенде С. Сәдуақасов ұсынған саяси ұстаным сол тарихи мезгілде мәскеулік Орталықтың Қазақстанда орнықтыруға бет алған билік жүйесіне балама мемлекеттік басқару тәртібі болатын. Бұл соңғы ұстанымның негізінде Ә. Бөкейханов бастаған алғашқы буын ұлт зиялыларының, сондай-ақ С. Сәдуақасов, Т. Рысқұлов және Ж. Мыңбаев бастаған келесі екінші буын қайраткерлердің мемлекеттілікке байланысты қазақ қоғамының терең де түпкілікті сұраныстарына үйлесімді теориялық тұжырымдары жатты.
Мемлекеттік аппаратты жергіліктендіру нені білдіреді? Кеңестік идеологиялық аппарат С. Сәдуақасов пен оның идеялас серіктерін «Қазақстан - қазақтар үшін» ұстанымдағылар немесе қазақ қоғамының сауаттылық деңгейімен және маман кадрлардың жетімсіздігін есепке алмастан тез арада «партиялық және кеңестік аппаратты тек қазақ ұлтының пайдасына сәйкестендіріп» қазақтандыруды талап етуші топ ретінде көрсетуге тырысты. Ал, шын мәнінде С. Сәдуақасов жоғарғы басшылық арасында жергіліктендіру саясатының ішкі мазмұнын терең түсінген қайраткер болатын. Ол Өлкелік партия комитетінің бюро мәжілісінде: «Егер бүкіл аппарат тек қазақтардан ғана тұрса, біз осыны жергіліктендіру деп мойындай аламыз ба? Қызметтес адамдар бұл жергіліктендіру емес деп айтып жүр. Мен де олармен келісемін. Жарайды, аппаратта тек қазақтар ғана отыр делік, ал егер олар сол аппаратты қалың бұқараға қызметке қоюда түк бітіре алмаса, ондай жергіліктендіруден не пайда?» деп көрсетті. Ал баспасөзде жарияланған мақаласында: «Проценттер мәселенің түйіні емес, бірақ оларды да ұмытуға болмайды. Тұрғындардың 90 проценті қазақтардан тұратын үйездердегі мекемелердің орыс тілінде қызмет етуі қандай принциптерге сай келер екен?» - дейді.
Ескі патшалық отарлаушы аппараттың жұмысын жақсы білетін С. Сәдуақасов оның халықты түрлі қасиетінен, салт-дәстүрінен айырып, бойында құлдық мінездің тамыр жаюына жағдай туғызғанын терең түсініп, жаңа мемлекеттік биліктің негізгі міндеті - халықты рухани құлдықтан құтқару, еңбекші бұқараның тек таптық қана емес, сонымен бірге, ұлттық мүддесін де қорғай алатындығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде де дәлелдеуін талап етті. Осы ойды айта келіп ол «Еңбекші қазақта» жариялаған мақаласында нақты мысалға сүйеніп, төмендегідей тұжырым жасады: «Мысал үшін мынандай бір сөз айтайық: қазақ базарға сатуға сиырын алып келді. Расписка қазақша жазылған. Оны қазақша білмейтін милиция дұрыс деп таппады. Алған расписканы орысша жазып әкел деді. Жай қарағанда, бұл, әрине, ұсақ нәрсе. Ұлттық психология жағынан тексерсек, бұл - үлкен жұмыс. Қазақша жазылған расписка жарамағаннан кейін ана қазақтың жүрегінде өз ұлтының кім екендігі сезіледі. Оның көзіне қазақтың жұмысының бәрі орынсыз, осал секілді боп көрінетін болады. Ол өзінің күшіне сенбеуге айналады. Оған басқа ұлттың алдында жасқаншақтық пайда болады, өз жерінде кеудесі көтеріліп, аяғын алшаң басып жүре алмайды». («Еңбекші қазақ», 1927, ақпанның 16-ы) .
С. Сәдуақасов мемлекеттік аппаратты қазақтандыруды батыл қойып, ол процестің пәрменді түрде жүруі үшін күрес жүргізгенде, оның қарсыластары ойлағандай, арзан бір күндік, тар таптық немесе пендешілік мақсаттарды көздеген емес. Редактор қызметіне бекітіле салысымен «Еңбекші қазақтың» өзі қол қойған санында жариялаған «Ойланатын уақыт жетті» атты бас мақалада: « . . . Қазақ тілін іске асырғандағы біздің мақсат: қазақтың бір-екі оқығанын «төре» қылу, оларға ақша табу емес. Мекемеде отырған қазақ ауылда жатқан қара шаруамен қазақша байланыссын. Ауылдан біреу қалаға келсе, қара қазақ өз тілінде арыз етіп, өз тілінде жоғын жоқтап алатын болсын. Бұл сықылды жеңілдіктер біздің «қазақтандырылған» мекемелеріміздің қолынан әбден келетін болсын. Осы күнгі біз білетін мекемелер бұны істеп отырған жоқ . . . » - деп жазды («Еңбекші қазақ», 1925, қаңтардың 8-і) .
Бұл дәлелсіз айтылған сөз емес, оның негізінде республика жағдайынан кең және терең хабардар қайраткердің әбден көзі жеткен тұжырымы жатты.
Жоғарыда айтылғандай Голощекин Қазақстанға келгенде С. Сәдуақасов Халық ағарту комиссары және «Еңбекші қазақтың» жауапты редакторы қызметтерін қатар атқарып жүрді. Халық ағарту комиссариаты бұл кезде республикадағы ең ірі комиссариаттардың бірі болатын. Оған оқу орындары түгелдей, театр және өнер, ғылым мен баспа қарады. Республика өмірінде бұл комиссариаттың рөлінің жоғары болуы, сондай-ақ оның жергілікті қазақ халқының күнделікті тыныс-тіршілігімен тығыз байланыста болуында еді. Міне, осы тұрғыдан алғанда, бұдан бұрын А. Байтұрсынов, А. Кенжин сияқты белгілі қайраткерлер істеген Оқу-ағарту халкомы қызметіне С. Сәдуақасовтың келуі де, әрине, кездейсоқ емес-тін. Тура сол тарихи кезеңде Қазақстандағы оқу-ағарту жүйесінің ең өзекті мәселелерін, даму үрдістерін жақсы білетін және қоғамдық сұранысқа сәйкес тура шешімдер қабылдай алуға даяр басқа қайраткерді табу қиын еді. Өзінің халкомдық қызметінде С. Сәдуақасовтың екі мәселеге аса үлкен назар аударғандығын байқауға болады. Олар жаңа талапқа сай мұғалім кадрларын қалыптастыру және қазақ мектептерін оқулықтар, оқу құралдарымен қамтамасыз ету еді. Оқу-ағарту халкомының сол тарихи кезеңдегі қазақ мектебінің өзекжарды мәселелері туралы, мұғалімдердің негізгі міндеттеріне байланысты пайымдауларын оның «Еңбекші қазақта» (1926, ақпанның 6-ы) жариялаған «Оқу ісінің кемшіліктері, оларға қарсы шаралар» атты мақаласынан айқын аңғаруға болады. Онда комиссар: «Мектепті түзейтін мұғалім. Мұғалім мектептің ұстасы. Мектепті бұзатын да мұғалім. Балық басынан шіриді. Мұғалім жолынан таймай, мектеп бұзылмайды. Мұғалім деген қадірлі ат. Мұғалім қадірлі болғанда ғана мектеп көркейеді. Жұрт мұғалімді танымаса, оны сыйламаса, мектеп те жөнделмейді», - деп көрсетіп, одан әрі қазақ мұғалімдері арасында орын алып отырған кемшіліктерді үлкен жанашырлықпен баяндайды. Олар жұртты да, өкіметті де алдайтын жалған мұғалімдік, әкімшілдік, атқамінерлік. Ауылдағы мұғалім азаматтардың «нағыз үлкен істі, нағыз керекті істі дұрыстап қолға алудың орнына көбінің «әкімшіліктің соңында далақтап шауып» жүргенін, ал осы сипаттағылардан: «Милицияға бастық боласың ба, мұғалім боласың ба?» десе . . . алдымен «милицияны таңдайтындығын» айтып, өкініш білдіреді. Бұл оқу-ағарту халық комиссары тарапынан дер уағында айтылған орынды сын болатын. Бірақ, С. Сәдуақасовтың оппоненттері халком пікірінен басқа астар іздеді, оны совет мектебін, совет мұғалімін мұқату, кемсіту мақсатында айтылған сын есебінде бағалады. Голощекинге оның серіктеріне мақала мазмұнын осы тұрғыдан жеткізуге тырысты.
Тарихи шындық сондай, 20-30-шы жылдары қазақ мектептері мен педагогикалық оқу орындарында айналымға түскен оқулықтар мен оқу құралдарының авторлары негізінен партияда жоқ, кезінде ұлт-азаттық қозғалысқа белсенді ат салысқан ұлт зиялылары болатын. Олардың қатарында А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, Ж. Аймауытов, К. Кемеңгеров, Ә. Бөкейханов, Е. Омаров, М. Әуезов, Ж. Тілеулин, М. Жолдыбаев, Т. Шонанов, М. Жұмабаев және басқа көптеген ғалым, жазушылар бар еді.
Оқу-ағарту халкомының жұмысын қараған өлкелік партия комитетінің бюросында қазақ тіліндегі оқулықтарды оқу-ағарту комиссариаты тек алаштық зиялыларға жаздыруда деген пікірге жауап берген С. Сәдуақасов: «Оқулықтар мәселесі жөнінде мен аз айтып келе жатқан жоқпын. Біздің қазақ мектептерін басқаруымыз және оның ісін жоспарлауымыз қаншалықты дұрыс болғанымен, егер оларды жеткілікті дәрежеде қазақ тілінде жазылған оқулықтармен қамтамасыз ете алмасақ, жасаған әрекетімізден ештеме де шықпайды. Оқулық жазу ісіне біз партияда жоқ бірнеше зиялыларды тарттық, ал олар жақсы-жаманды біраз оқулықтар жарыққа шығарды. Ал бұл іске тартқан коммунистер не бітірді? Шынын айту керек, оқулық жазу өте бейнетті, ауыр, ерекше жұмыс, бізде коммунистердің ондай жұмысқа құлқы жоқ. Ал егер оған ірі қызметкерді жұмсасақ, олар каторгаға жер аударылғандай күйге түседі . . . Байтұрсыновтың оқулықтары қаншама жарамсыз дегенімен, бізде қазір олардың өзі де жетпей отыр. Осы тұрғыдан алғанда, әрбір жиналыстарда, әрбір көше бұрылыстарында партияда жоқ зиялыла
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz