Бесеудің хаты



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Астана Медицина Унивеситеті АҚ
Қазақстан тарихы және философия кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Бесеудің хаты

Орындаған: 134 группа студенті
Каримова Айнура
Қабылдаған: Урустембаева Ж.Т

Бесеудің хаты
Сталинге жазылған атақты "Бесеудің хаты" туралы осы күні көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. Туған елінің қиын жағдайын ойлап өз бастарын қатерге тігіп, шыбын жандарын шүберекке түйіп шыққандар Мүсірепов, Ғатаулин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиевтар еді ғой. Олардың жарқын есімдерін жер бетінен жоғалып кетпесе қазақ ұмытар ма?
Бірақ, солар туралы тереңірек білгісі келген оқырманға дерек тапшы болушы еді. Бір Ғабеңнен басқасының атын білгеніміз болмаса, затын біле қоймайтынбыз. Осы олқылықтың бір парасын тарихшы, Алаштың ардақтыларын көптен бері зерттеп жүрген Өмірзақ Озғанбай толтырыпты. Оның "Рухы биік тұлға" атты жаңа еңбегі атақты "бесеу-дің" бірі Мүтәш Дәулетқалиевқа арналған. Шерхан Мұртазаның алғы-сөзімен жарық көрген бұл кітаптан көзі ашық оқырман М.Дәулетқалиев өмірінің көптеген деректерімен тереңнен танысады. Оның Батыс Қа-зақстан облысындағы Орда өңірінде өмірге келгенін, 1930 жылы Мәс-кеудің Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтын бітіргенін, содан елге келіп түрлі салада басшы қызметтер атқарғанын біледі. Ал "Бесеудің хаты" жазылған 1932 жылғы 4 шілдеде ол КомВУЗ-дың (кейіннен жоғары партия мектебі болған) ректоры қызметінде болған екен. Әлі 1937 жыл болмағандықтан, Голощекин қанша тісін қайраса да олардың басын жойып жіберуге құдіреті жетпей, тек "оппортунистер" деп қудалауға ұшыратады. Сол себепті Мүтәш ағамыз Арал қаласы парткомының бірінші хатшысы қызметіне "жіберіледі". Одан қайтадан Алматыға келіп, Қазақ өлкелік комитетіндегі мәдениет бөлімін басқарады. Бұл қызметте де шыдатпай, Қордай аудандық партия комитетіне хатшы боп кетеді. Әйтеуір, 1935 жылы Қазақстаннан кетіп, көзі жоғалғанша Голощекин оның соңына әбден түскен екен.

1932 жылы 4 шiлдеде БК (б) П Қазақ өлкелiк комитетiнiң бiрiншi хатшысы Ф.И.Голощекинге бiр хат келiп түседi. Қазақстан ауыл шаруашылығының астаң-кестеңiн шығарып, қорасында ашатұяқ қалмаған қарапайым халықтың қырылғанына қарап ләззаттанып отырған басшы хатты ашып қалғанда-ақ өрт сөндiргендей түнерiп кетедi. Хаттың қысқаша мазмұны мынадай едi:
Ф. Ордер
Шындықты бұрмалап, жоғары жаққа Кеңестер елiнде бәрi керемет! деп есеп берiп келген Өлкелiк комитеттiң төбесiнен жай түсiрген бұл хатты жазған бесеу кiм едi? Тарихшы не болмаса өздiгiнен iзденетiн аз ғана топ болмаса, барша бұқара бүгiнде Бесеудiң хатын да, оны жазған бесеудi де ұмыт қалдырғандай. Тiптi қазақ тарихында сондай бiр оқиғаның болғанын да, оның трагедиялық ақырын бiлмейтiндер де бар. Шыны керек, хабары бар деген өзiмiздiң де бiр Ғабеңнен басқасының атын бiлгенiмiз болмаса, затын түстеп бере алмаймыз. Ал ақиқатында бес том кiтап жазуға лайық бесеу мiне мыналар:

1. Кеше ғана бiр қойдың етiн бiр-ақ асып жеп, қымызды сабасымен iшетiн халықтың ендi бүгiн бiр уыс бидайға зар болып, аштықтан қырылып жатқанына бейжай қарай алмаған жазушы Ғабит МҮСIРЕПОВ басында Мұташ Дәулетқалиевке ғана осыны қолға алу керектiгiн айтып, сыр бөлiссе керек. Содан екеуi түнделетiп бiрде Мұтағаңның, бiресе Ғабеңнiң үйiнде бас қосып, тiптi жарларына да тiс жармай, құпия түрде хат мәтiнiн әзiрлеуге кiрiседi. Хат дайын болғанда, қатарларына тағы Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков пен Қадыр Қуанышевтар қосылады. Сонымен, бесеудiң басын қосқан - жазушы Ғабит Мүсiрепов.
2. Ал ендi Ғабеңмен бiрге хат мәтiнiн әзiрлеген Мұташ ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ кiм едi? 1904 жылы Батыс Қазақстан облысы Орда ауданының Тайбұрат деген жерiнде дүниеге келген ол 1923 жылы Орынбордың рабфагында жазушы Ғабит Мүсiрепов, Сәбит Мұқанов, Бейiмбет Майлиндермен бiрге оқыған. Содан кейiн Мәскеудегi Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтын бiтiрiп, елде түрлi салада басшылық қызметтер атқарған Мұташ Дәулетқалиев хат жазылған тұста КомВУЗ-дың (кейiннен жоғары партия мектебi болған) ректоры қызметiнде болған екен. Голощекин қанша тiсiн қайраса да, олардың көзiн жойып жiберуге құдiретi жетпей, тек "оппортунистер" деп қудалауға ұшыратады. Сол себептi Мұташ ағамыз Арал қаласы парткомының бiрiншi хатшысы қызметiне "жiберiледi". Одан қайтадан Алматыға келiп, Қазақ өлкелiк комитетiндегi мәдениет бөлiмiн басқарады. Бұл қызметте де шыдатпай, Қордай аудандық партия комитетiне хатшы боп кетедi. Әйтеуiр, 1935 жылы Қазақстаннан кетiп, көзi жоғалғанша Голощекин оның соңына әбден түскен екен. 1938 жылы Мүкең "халық жауы" деген жаламен ұсталады...1982 жылы Алматы қаласында өз ажалынан дүниеден озған.
3. Үшiншi тұлға - сол тұста Қазақ мемлекеттiк баспасының меңгерушiсi қызметiн атқарған Мансұр ҒАТАУЛИН. Ол 1903 жылы Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданы Нысамбай ауылында туылған. Сол тұстағы құрдастары секiлдi ол да алғаш ауылдағы шiркеу мектебiнен сауаттанып, содан соң бiлiмiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан тарихындағы Бесеудің хаты
Қазақ драматургиясы туралы
Шерхан Мұртаза
АТАҚТЫ “БЕСЕУДІҢ” БІРІ ТУРАЛЫ
Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы
Драма және драматургия негіздері
Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі
Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесіндегі сабақтар
1921 - 1922 жылдардағы аштық
Қазақстан тарихының батыс деректемесінен көрініс табуы
Пәндер