Зейнетақы заңы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

« Астана Медицина Унивеситеті» АҚ

« Қазақстан тарихы және философия» кафедрасы

C:\Users\Дамир\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\logo_astana.png

СӨЖ

Тақырыбы: «Зейнетақы заңы »

Орындаған: 134 группа студенті

Каримова Айнура

Қабылдаған: Урустембаева Ж. Т

Жоспар

Кіріспе

Зейнетақы қоры туралы заң

Негізгі бөлім

  1. Зейнетақы жүйесінің дамуы
  2. Қазақстанның зейнетақы жүйесі: оның өздігінен дамупроблемалары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Зейнетақы қоры туралы заң

Зейнетақы дегеніміз - азаматтарға заңда белгіленген жағдайларда мемлекет немесе өзге де субъектілер тарапынан өмір бойы үздіксіз беріліп отыратын ақшалай төлем.

Зейнетақы реформасы

Кеңестік дәуірде жұмыс істейтіндердің есебінен зейнетақылық қордың толықтырылып келгендігі белгілі. Өндіріс орындарының тоқтап тұруына, жұмыссыздыққа байланысты бұл жүйе мүмкін болмай қалды. 1997 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңы қабылданды. Осы заңды орындау негізінде Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қоры (МЗЖҚ) құрылды. МЗЖҚ-ның құрылу мақсаты негізгі қызмет түрлері - салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын жинау және зейнеткерлерге зейнетақы төлеу; зейнетақы активін қалыптастыру, сондай-ақ оларды мемлекеттік қүұнды қағаздар, мемлекеттік банк депозиттері, халықаралық қаржы ұйымдарының құнды қағаздарына айналдыру.

Нарықтық экономика жағдайында МЗЖҚ-мен қатар мемлекеттік емес қорлардың құрылуы да жаппай сипат алуда. Жартылай мемлекеттік қамтамасыз ету жағдайында жаңа жинақтау жүйесіне көшу зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығын (ЗТМО) құру қажеттігін көрсетті, ол бірыңғай нөмірлеу үшін әлеуметтік жеке код (ӨЖК-СИК) үлестірумен айналысады.

Зейнетақымен қамтамасыз етуді реформалаудың басты мақсаты - мемлекеттік зейнетақы жүйесін тұрақты қаржыландыруға қол жеткізу

Қазақстандағы қазіргі зейнетақы жүйесі Үкімет елімізде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау тұжырымдамасын мақұлдаған және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң қабылданған кезден, яғни 1997 жылдан бастау алады.

Зейнетақы жүйесінің дамуы

Зейнетақымен қамсыздандыру кез келген ел үкіметінің басты назарындағы әлеуметтік мәселелер қатарына жатады.

Қазақстан Республикасында да азаматтардың қартайғанда әлеуметтік қамсызданды­руға құқықтары Конституцияда бекітілген.

Қазақстан қоғамдық қатынастар өзгерістерге ұшырап жатқан қиын жағдайларда әлеуметтік қамсыз­дандыру моделін таңдауды жүзеге асырды. Әлеуметтік кепілдік берудің патерналистік схемасын адам дамуының қажеттіліктеріне, саяси реформалар мен экономиканы ұйымдастырудың жаңа нарықтық қағидаттарына қарай қайта өзгерту қажеттігі туындады. Таңдау әлеуметтік қамсыздандыруды ұйым­дас­тыру және халықаралық институттардың ұсы­ным­дарын есепке ала отырып жасалды.

Зейнетақы реформасы капитал рыногын жеке­шелендіру және дамытудан тұратын үш бірдей экономикалық даму стратегиясының ажырамас бөлігі ретінде жоспарланған болатын. Экономика­лық дамуды ескеретін қаржылық тұрақты, дербестендірілген зейнетақы жарналар арқылы еңбек үлесімен өлшенетін әділ жүйе құру қайта құрудың басты мақсаты болып табылды.
Реформаның ұзақ мерзімді мақсаты төлемдері белгілі ынтымақты зейнетақы жүйесінен аударымдары нақты жинақтаушы жүйеге өтуден тұрады.

Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін дамыту жөніндегі зерттеу жұмыстарының шеңберінде жүргізілген Дүниежүзілік банктің актуарлық есептеулері бойынша аталған транзит 2043 жылға қарай аяқталады деп болжануда. Сол уақытта зейнеткерлер зейнетақыны толықтай капитал рыногында инвестицияланатын міндетті дербес жинақтау шоттарындағы жинақтардың есебінен алуға тиіс.

Еліміздегі зейнетақы жүйесін реформалаудың 14 жылы ішінде толыққанды көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құруға арналған тұжырымды және норма­тивтік құқықтық база қалыптастырылды, жинақ­таушы зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымы жасалып, дамытылуда, зейнетақы жүйесін басқарудың белгілі бір тәжірибесі жинақталды. Бұл қолданыс­тағы жүйеге қажетті талдау жүргізуге және тиісті түзетулер енгізуге мүмкіндік берді.
Қазіргі таңда зейнетақы қызметі рыногында 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеуде. Са­лым­шылардың дербес зейнетақы шоттарының саны 8, 2 млн. бірлікті құрайды. Бұл ретте қорларға міндетті зейнетақы жарнасын белсенді төлеуші­лердің саны 5, 6 млн. адамды немесе жұмыспен қамтылған адамдардың 67 %-ын құрайды (1999 жылмен салыстырғанда 1, 5 есеге көп) . Салымшы­лардың зейнетақы жинақтары 2011 жылдың басынан бері 393, 2 млрд. теңгеге немесе 17, 4 %-ға көбейіп, 2 триллион 651 млрд. теңгені құрады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері 2 триллион 546 млрд. теңгеден астам сомаға инвестицияланды, бұл барлық зейнетақы жинақтары сомасының 96 %-ы. Реформаның алғаш­қы жылдары қорлардың инвестициялық порт­фелінде мемлекеттік құнды қағаздар басым болған болса, қазіргі кезде мемлекеттік құнды қағаздарда инвестициялардың үлесі төмендеген, бұл орайда корпоративтік құнды қағаздарға және екінші деңгейдегі банктердің депозитіне салынған зейнетақы жинақтарының көлемі өсуде.

Қазақстанда өмір сүру ұзақтығына қарамастан, зейнет жасына жеткеннен кейін сақтандырылған адамға аннуитеттер төлеуді көздейтін зейнетақымен сақтандыру жүйесі де белсенді енгізілуде. 2007-2011 жылдар аралығында зейнетақы аннуитеті шартын жасаған салымшылардың саны 300 есеге (29 шарттан 6, 5 мың шартқа дейін), зейнетақы аннуитеттер бойынша сыйақылар жинағы 500 есеге (32 млн. теңгеден 15, 8 млрд. теңгеге дейін) өсті.
2008 жылы басталған әлемдік қаржы-экономи­калық дағдарыс дамыған елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына едәуір әсерін тигізді. Дағдарыс ықпалын ескерген Қазақстан қаржы жүйесін сауықтыру жөніндегі кешенді шаралармен қатар, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз санатының өмір сүру деңгейін төмендетіп алмау үшін алдын алу шараларын қарастырды. Осындай дағдарысқа қарсы шаралардың бірі зейнетақы төлеміне құқық туындаған сәтте, яғни зейнетке шығар кездегі инфляция деңгейіне қарай міндетті зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша кепілдіктермен қамтамасыз ету болды.

Сондай-ақ, мемлекет зейнетақы алу құқықтары реформаға дейін туындаған 1 млн. 735 мың зейнеткер үшін ынтымақты зейнетақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауда. Зейнетақы жүйесін реформалаудың алғашқы жылдарында табысты орташа зейнетақымен ауыстыру ставкасы кеңес кезіндегіден (1991 жылы - 42, 8%, 2001 жылы - 34, 2 %) төмен болған болса, 2005 жылы базалық зейнетақы төлемінің енгізілуін, сондай-ақ соңғы үш жылғы жыл сайынғы 25-30%-дық өсірулерді ескере­тін болсақ, ынтымақты зейнетақы жүйесіндегі зейнеткерлердің ауыстыру ставкасы 2011 жылы 46, 1 %-ды құрады, бұл Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымына сай келеді.
Мұндай шаралар зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшерін 24047 теңгеге, орташа мөлшерін 35829 теңгеге, ең жоғары мөлшерін 52226 теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді [3] .

Дамудың оң үрдістеріне қарамастан, зейнет­ақымен қамсыздандыру жүйесінде шешімі табыл­маған оның қаржылық тұрақтылығы, сенімділігі, шынайылығына (зейнетақы төлемдерінің сәйкестігі) және әлеуметтік тиімділігіне қатысты бірқатар жүйелі проблемалар бар. Қазіргі таңда Эконо­микалық даму және сауда министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесіп қолданыстағы зейнетақы жүйе­сінің жай-күйіне кешенді талдау жүргізу, сондай-ақ оны одан әрі жетілдіруге жағдай жасау үшін әдістемелерді айқындау жұмыстары басталды. Сондай-ақ Қазақстанның Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберінде зейнетақы жүйесінің бар­лық деңгейлерінде актуарлық есептер жүргізу және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетіл­ді­ру және одан әрі дамыту жөнінде ұсынымдар әзір­леу үшін Дүниежүзілік банк сарапшылары тартылған.

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақ­стан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Президент - Ұлт көшбас­шысы Нұрсұлтан Назарбаев «қазақстандық жолдың жаңа кезеңі - ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер» екенін атап өтіп, Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында жақын онжылдықта әлеуметтік қорғау мәселесі еліміздің негізгі даму басымдықтары болып белгіленген. Осыған байланысты, жақын келешекте қолданыстағы зейнетақы жүйесіне параметрлік өзгерістер енгізуді талап ете­тін базалық және ынтымақты деңгейлерде зейнет­ақы төлемдерінің мөлшерін арттыру тетіктерін әзірлеу өзекті мәселенің бірі болып тұр. Келешекте, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін базалық зей­нетақының мөлшері 2015 жылға ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің 60%-на жеткізіледі, ал ынты­мақты зейнетақы төлемдері жыл сайын инфляция деңгейіне қарай міндетті түрде өсіріліп тұрады.

Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы қорла­рының қызметімен қамтуды кеңейту, жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін және олардағы зейнетақы төлемдері тетігін жетіл­діру, сондай-ақ зейнетақы аннуитеттері рыногын дамыту қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйе­сін жетілдірудің басты бағыты болып табылады.

Қазақстан Үкіметі 2011 жылдың наурызында бекіткен «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарла­масы­ның аясында тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту жоспарланып отыр. Аталмыш бағдарлама өз бетінше жұмыспен қамтыл­ғандар, жұмыссыздар мен табысы аз қазақстан­дықтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесуге ғана емес, өз бетінше жұмыспен қамтылған адамдарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартуға да бағытталған. Жұмыспен қамту бағдарламасының нәтижесінде жинақтаушы зейнет­ақы жүйесімен қамтылған өз бетінше жұмыспен айналысатындардың саны 2016 жылға қарай шамамен 1, 0 млн. адамды құрайтын болады. Бұл ретте бағдарламамен қамтылған өз бетінше жұмыспен айналысушы адамның 60 %-ы жалдамалы қызметкер мәртебесіне ие болады. Өз бетінше жұмыспен айна­лысатындардың жалақысын төлеуге жұмсалатын субсидия сомасынан 10 % мөлшерінде міндетті зейнетақы жарна аударылатын болады. Өз бетінше жұмыспен айналысатындардың екінші бөлігі (40 %) өз пайдасына 22, 2 млрд. теңге сомасында міндетті зейнетақы жарнасын аударады [5] .

Сонымен бір уақытта өз бетінше жұмыспен айналысатындардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу есебі мен мониторингін жетілдіру шаралары қабылданады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвести­циялық проблемаларын шешу құнды қағаздар рыногының жай-күйімен тікелей байланысты, себебі салынған зейнетақы активтерінен инвес­тиция­лық табыс алу портфельдік инвестициялар шеңберінде ғана мүмкін және орынды болады. Биылғы жылдан бастап, жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржылық құралдар құрылымы бойынша және инвестициялық қатерлер деңгейі бойынша ерекшеленетін бірнеше инвестициялық портфель­дерді (консервативтік, біркелкі) қалыптастыратын болады. Бұл орайда жинақтаушы зейнетақы қоры­ның әрбір салымшысына (алушысына) зейнетақы жинақтарын көбейту мақсатында инвестициялық портфельді өз бетінше таңдау құқығы беріледі.

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері тетіктерін жетілдіру және келешекте зейнетақы аннуитеттері рыногын дамыту аяқтал­ғаннан кейін аннуитеттерді одан әрі кеңінен қолдану, бірлескен аннуитеттердің түрлерін енгізу жоспарлануда, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібіне де бірқатар өзгерістер енгізілетін болады.

Қорыта келе, Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамытудың келешек перспективалары ұлттық экономиканың шикізат моделінен индустриялық-инновациялық моделіне өтуімен тығыз байланысты, оның басты құрамдас бөлігі қоғам мен мемлекеттің заманауи зейнетақы жүйесінің жалпы рентабель­дігіне тікелей әсер ететін тыныс-тіршілігінің барлық салаларын жаңарту болып табылады, ал мемлекеттік шығыстарды жоспарлаудың негізгі басымдығы халықтың тұрақты өсуі, өмір сүру деңгейінің артуы және олардың әл-ауқатын нығайту болған және бола да береді .

Зейнетақымен қамтамасыз ету

Республикада 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттік зейнетақыға шығу ережелері мен тәртіптерін және зейнетақы жинақ қоры жүйесінен зейнетақымен қамтамасыздандыруын реттеуші Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы өз күшіне енді .
Зейнетақымен қамтамасыздандыру екі жүйеден тұрады :

  • ортақ жүйеден ( зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамтамасыздандыру ) ;

Ортақ жүйе республикалық бюджетке түскен әлеуметтік салық пен басқа да төлемдерге негізделген .

  • жинақтаушы зейнетақы жүйесі ( жинақтаушы зейнетақы қоры ) ( Зейнетақымен қамтамасыздандыру бөліміне сілтеме / Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру ) .

Зейнеткерлік жасы

Зейнетақы жасы фиксациялы болады : еркектерге 63 жастан және әйелдерге 58 жастан .

Зейнетақының ең төменгі және орта мөлшері

Ең кіші зейнетақы жыл сайын заңды түрде бекітіледі . Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақы алатындар саны Республикада 1645, 1 мыңға жуық .
Зейнетақының ең кіші мөлшері 2005 жылдың санағы бойынша 6200 теңгені құрады . Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 2005 жылға 9142 мың теңгені құрады . 2005-2007 жылдарға Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік өзгерістерінің әрі - қарай тереңдетілу Бағдарламасына сәйкес, 2005 жылдың 1 маусымынан бастап, ортақ жүйеден зейнетақы деңгейін көтеруге мүмкіндік берген сонымен бірге жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушы - жас буынға әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуге тартылған зейнетақыны төлеу мемлекеттік негізін енгізілді .
2005 жылғы 1 шілдесінен негізгі зейнетақыны төлеу есебімен зейнетақы төлемдерірінің ең кіші мөлшері 9 200 теңгені құрады, негізгі зейнетақыны төлеу есебімен орта зейнетақының мөлшері 12142 теңгені құрады .
2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8%. инфляцияның деңгейінің озығына тиісті көтерілген .

Зейнетақы тағайындау үшін қайда бару керек

Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін азаматтар, зейнетақыны тағайындау туралы өтінішті тұрақты тұрғылықты жеріне байланысты зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтарының аудандық ( қалалық ) бөлімшелеріне белгіленген барлық құжаттарды әкеледі . Зейнетақыны тағайындауға қажетті құжаттар тәртібі Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы Нұсқаулықта аталған

Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы толығырақ

Республикада 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымындағы мемлекеттік зейнетақыға шығу ережелері мен тәртіптерін және зейнетақы жинақ қоры жүйесінен зейнетақымен қамтамасыздандыруын реттеуші « Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы өз күшіне енді
Зейнетақымен қамтамасыздандыру екі жүйеден тұрады :

  • ортақ жүйеден ( зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамтамасыздандыру ) ( Зейнетақымен қамтамасыздандыру / Зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлеу бөліміне сілтеме ;
  • жинақтаушы зейнетақы жүйесі ( жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру ) .

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі өздерінің қарттық кезеңдерінің әл - ауқаттылығына жауап беруші азаматтардың жеке жауапкершілігімен, жасалынған салымдардың және зейнетақы төлемдерінің арасында тікелей байланысты орнату

Зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты Қазақстан Республикасының Заңнамалары

  • 1997 жылдың 20 маусымындағы « Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы » Қазақстан Республикасының Заңы
  • 2001 жылдың 25 наурызындағы «Зейнетақыны тағайындау мен төлеу, еммлекеттік базалық зейнетақыны төлеу, мемлекеттік әлеуметтік төлемдер мен Орталықтан мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру тәртиібі туралы Құрылымды бекіту туралы» ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің № 17-п Бұйрығы
  • Міндетті зейнетақы төлемдері есебінен құрылатын зейнетақы жинағынан төленетін зейнетақы төлемдері, жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін ерікті кәсіби зейнетақы салымдарын құру ережесі
  • Кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерлік есепьерінің әдісі
  • Қазақстан Республикасы зейнетақы қорларының тізімі

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіның негізгі принциптері

Реформадан қазіргі кезеңге дейін жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі принциптері мыналар:

  • зейнетақы жүйелерін мемлекеттік реттеуі;
  • зейнетақы жинақтарын қалыптастыру үшін азаматтарға жинақтаушы зейнетақы қорларын таңдауға құқықтық қамтамасыз ету;
  • азаматтарға арналған, белгіленген зейнетақының ең кіші мөлшерімен қамтамасыз ету жөнінде тікелей мемлекеттік кепілдік;
  • зейнетақы жинағының құрылуы үшін, жұмысқа қабілетті әрбір азамат қатысуының міндеттілігі;
  • азаматтардың зейнетақы жинақтарындағы қаржы салымдарының сақталу тиімділігі;
  • жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақтарға азаматтардың мұрагерлігіне құқықтарын қамтамасыз ету;
  • әр азаматтың қосымша ерікті зейнетақы қамтамасыздығына құқығы;
  • азаматтардың зейнетақы жинақтарының қаржы салымдары арқылы экономикаға үлесі.

Жинақтаушы зейнетақы қорына бөлу

Жұмыспен қамтушы жұмысшының атынан, жұмысшы таңдаған зейнетақы қорына жұмысшының айлық табысынан 10- пайыздық міндетті зейнетақы салымдарын аударуды жүзеге асырады . Кейіннен, болашақ зейнетақы салымдарын төлеу мөлшері, салымшылардың есебінен ғана емес, алынған инвестициялық табыстарының есебінен де жүзеге асады .

Салымшының хұқтары мен міндеттері

Салымшы зейнетақы қамтамасыздығы келісім - шартының бір ғана тарапы бола алады және міндетті зейнетақы салымдарының есебінен зейнетақы жинағын бір ғана жинақтаушы қорында ие бола алады .
Салымшы жылына екі рет өзінің зейнетақы жинағын, жинақтаушы бір қордан екінші қорға ауыстыруға құқығы бар .
Қолданыстағы заңға сәйкес әрбір азамат өзінің игілігіне ерікті зейнетақы салымдарын жасауға құқылы, онысымен зейнетақы қамтамысздығының қосымша дәрежесін қалыптастырады . Сонымен қатар ерікті салымдардың салымшылары, алушының пайдасына жеке және заңды тұлға бола алады .
Еңбектері денсаулыққа зиянды, ауыр және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмысшыларды әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамтамасыздандару мақсатында, өндіріс орындарындағы өте қауіпті еңбек жағдайларында еңбек етушілерге ерікті мамандандырылған зейнетақы салымдары заңмен ескерілген .

Зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталық

Зейнетақымен қамтамасыздандыру жүйелеріндегі өткізілген өзгерістер барысында, оның бөлімдерінің ең маңыздысы - зейнетақыны төлеу Мемлекеттік орталығы құрылды ( Орталық ) . Орталық зейнетақы жинақтаушы қорында маңызды рөл атқарады, ең бастысы ақпараттық жүйелерді іске асырады . Орталық, міндетті зейнетақы салымдарының адамдыфициялық есебін жүзеге асырады, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдарын аударады және бюджет қаржысының есебінен зейнетақы қамтамасыздығына құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдерін жүргізеді .

Жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін жасаудағы мемлекеттік органдардың функциялары

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес міндетті зейнетақы салымдарын толық және уақтылы төлеуді және өсім пұл салуын республиканың салық органы жүзеге асырады .

Жинақтаушы зейнетақы қорларының, қаржы салымдарын басқару зейнетақы активтері ұйымдарының, кастодиан-банктерінің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеушілік және бақылаушылық жүйелерін атқарушы өкілетті орган, Қазақстан Республикасының нарық рыногын және қаржы ұйымдарын бақылаушы реттеуші Агенттік болып табылады. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі халықты зейнетақымен қамтамасыздандыру саласында мемлекеттік саясатты құру жүйелерін жүзеге асырады

Қазақстанның зейнетақы жүйесі: оның өздігінен даму
проблемалары

Қазіргі уақыттағы басты міндетіміз - қаржы жүйесін жылдам тұрақтандыру, оны жаңа жаһандық нақты ахуалға сәйкестендіру.

Біріншіден, қаржы секторының теңгенің еркін бағамы жағдайында тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Мұндағы қағидатты сәт сол, Ұлттық валютаның бағамына Ұлттық қор қаржылары есебінен шексіз қолдау көрсету тәжірибесіне қайта оралу болмайды. Ұлттық банк банк секторының барлық субъектілеріне жұмыс істемейтін несиелер бойынша стресс-тестілеу жүргізуі қажет. Оның нәтижелері бойынша оларды мойындау және есептен шығару жөнінде шаралар қабылдау керек. Капиталдандыру проблемаларын шеше алмаған банктер қаржы жүйесінен «кетуі» тиіс. Қазақстандық банктер барлық халықаралық стандарттарға, соның ішінде, Базель комитеті мен Халықаралық валюта қорының стандарттарына сәйкес келуі қажет. «Долларсыздандыру» құралдарын кеңейту арқылы ұлттық валютаға деген сенімді нығайтуға қол жеткізудің маңызы зор.

Екіншіден, инфляциялық таргеттеу шеңберінде Ұлттық банк орта мерзімді болашақта инфляция деңгейін 4 пайызға дейін төмендетуі керек. Ол үшін пайыздық мөлшерлемелерді икемді өзгерту тетігі толыққанды пайдаланылуы тиіс.

Үшіншіден, Ұлттық банктегі институттық кемшіліктерді жою қажет. Біртұтас Зейнетақы қорын, Проблемалы несиелер қорын және басқа да қаржы институттарын оның бақылауынан шығару керек.

Төртіншіден, 2016 жылы зейнетақы активтері жеке қазақстандық немесе шетелдік компаниялардың басқаруына берілуі тиіс. Зейнетақы жиналымдарының табыстылығын арттыру мақсатында зейнетақы қаржыларын инвестициялауға көзқарастарды қайта қараған жөн. Зейнетақы қорына көзқарас пен басқару да Ұлттық қорға көзқарас пен басқару сияқты болуы керек.

Ұлттық банк қоғам мен қаржы мекемелеріне өз қызметінің мәселелері бойынша үнемі тиянақты ақпарат беріп тұруы тиіс. Қаржы секторына қатысушылардың бәрімен қалыпты жұмыс бабындағы үнқатысуды жолға қоюдың маңызы зор. Осы аталған барлық кезек күттірмес шараларды қабылдағаннан кейін ғана экономиканы ынталандыруға, соның ішінде монетарлық тәсілдермен ынталандыруға кірісуге болады. Мен жаңа басшылықтың Ұлттық банкті сауатты басқаратынына сенемін. Біздің бәріміздің де ұлттық валютамыз - теңгеге сенуіміз қажет. Теңге салымдары - бүгінде азаматтардың жиналымдарын сақтаудың ең үздік құралы.

ЕКІНШІ. Бюджет саясатын оңтайландыру

«Көрпеге қарап көсілу» - бұл, әсіресе, жаһандық дағдарыстың ықпалы жағдайында біз үшін тексерілген қағидат және бюджет саясатының дұрыс моделі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының зейнетақы нарығы
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығында еңбек стажы
Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қалыптасуындағы құқықтық негіздер
Орталықтан зейнетақы тағайындаудағы еңбек өтілі
Адамс құқығы доктринасы құқықтық мемлекетті және ынтымақтастық
Зейнетақы нарығы
Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыруға құқықғын қорғау
Банктік емес ұйымдардың түрлері және жүзеге асыратын операциялары
Қазақстандағы зейнетақы реформасының даму сатылары
Қазақстан Республикасының экономикасының нақты секторын белсендірудегі бағалы қағаздар нарығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz