Қаратау би


Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі
«Қаратөбе мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жұмыстың авторы: Каримова Айнура Бөкенбайқызы
Сыныбы: 11
Жұмыстың тақырыбы: Қаратау би
Жұмыстың секциясы: Тарих
Жетекшісі: Тарих пәні мұғалімі Досқазиев Қанат Мұратұлы
Қаратөбе 2016 жыл
Мазмұны:
- Түсініктеме . . . 3 бет
- Кіріспе . . . 4-5 бет
- Негізгі бөлім . . . 6-8 бет
- Қорытынды . . . 9 бет
- Қолданылған әдебиеттер . . . 10 бет
Түсініктеме
Өлкеміздің шежірелі тарихынан сыр тарту мақсатында аудандық мұрағатқа жол тарттым. Бойына құнды мұралар сыйдырып тұрған сөрелердің ішінен ауданымыздағы тарихи-мәдени ескерткіштер ішінен Қаратау би кесенесі тарихы және қазіргі кездегі жағдайы көзіме жылы ұшырай кетті. Одан әрі қағаз парақтарын ақтара бердім. Менің негізгі мақсатым ауданымыздағы Қаратау бидің тарихи маңызын анықтау болатын . Соны іздестіру барысында менің көзіме кейбір қызықты деректер түсті. Салыну тарихы, бейнелеу ерекшеліктері қызықтырып әкетті. Сол себепті, мен осы Қаратау би туралы құндылықтар мәнін ашуды өз жұмысымның тақырыбы ретінде алдым. Ендігі бұл жұмысымыздың арқауы осы Қаратөбе ауданының тарихи-мәдени құндылықтарының мәнін ашу туралы болмақ.
Зерттеу әдісі.
Аудандық мұрағат, мұражай және кітапханадан қажетті материалдарды іздестіру, сұхбат, сауалнама жүргізу.
Жұмыстың өзектілігі:
Қаратау би толық зерттелмеген және архив деректермен жұмыс.
Жұмыс жаңалығы:
Қаратау би құлпытасы мен мөрінің табылуы.
- Жұмы Жұмыс өзектілігі :
- Қаратау би толық зерттелмеген және архив деректермен жұмыс ДЛЛЛ
жжЖЖЖ Қаратау би толық зерттелмеген және архив деректермен жұмыс
Қаратау би толық зерттелмеген және архив деректермен жұмыс .
Қаратау би толық зтелмеген және архив
Кіріспе
Қаратөбеден шыққан белгілі адамдар жайлы сөз болғанда әнші Мұхит, Ғарифолла Құрманғаиев, Бақытжан Қаратаев т. б есімдерін қаратөбеліктер мақтанышпен айтады.
Қаратөбелiк өлкетанушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесi Қайыржан Хасанов Сырым батырдың үзеңгiлес жолдасы Қаратау би Өмiрзақұлы жайлы көп жылдан берi iзденiп, ақыры Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданындағы Жусандой ауылдық округiне қарасты «Бекмағамбет» қыстағы жанындағы құм шағылға айналған көне қауымда жерленгенiн, құлпытасы мен биiк төбеге айналған зиратын тапты. Көне қауым қазiр де «Қаратау қауымы» деп аталады. Осынау iзденiс нәтижесiнде журналист-жазушы Қайыржан Хасанов «Қаратау би» деген деректi шығарма жазған. Сол шығармадан үзінді келтере кеткенді жөн санадым.
1785 жылы маусым айында Қобда бойында өткен жиында Сырымнан кейінгі Бас старшын Қаратау би сөйледі. «Біз, Кіші жүздің қазақтары, ешкімнің ауласына түсіп, малын, төңірегінде жүрген жұртын тұтқындаған кезіміз болған жоқ. Оның үстіне біздер, Бас ағымандар, халқымызға, қала берді орыс патшасына адал қызмет етеміз деп қолымызға Құран ұстап, ант бердік.
Қарапайым халыққа жан тыныштығы мен бейбіт өмір керек. Осыны орыс билеушілерінің түсінгендерін қалаймыз. Екіншіден, көзімізді ашқаннан хан қыспағында өмір сүріп, ұрпақ өсіріп келеміз. Жаны жайсаң болса да, хан деген қаһарлы атағы бар Әбілқайыр кезінде кең тынысты ғұмыр кештік. Оның орыстармен тіл табысуы арқасында жоңғар шапқыншылығынан құтылдық. Әбілқайыр қапыда қаза тапқан соң, оның орнына билеріміз бен старшындарымыз ақ киізге орап хан сайлаған Нұралыны патшайымнан хан етіп тағайындауды сұрап өкілдер жіберіп, өтінішіміз орындалғанына риза болғанбыз. Өкінішке қарай, бұл ханнан көріп отырған рахатымыздан мұшақатымыз көп. Әбілқайырдың ұлдары басымызға мініп, халқымызды тонай бастағанына дәлел көп. Жайық казактарының да зорлығы айтарлықтай. Осының бәрі жұрттың ыза-кегін туғызуда. Нанбасаңыз, осы жиынға қатысу үшін әр рудан келген мына атқамінерлерден сұраңыз. Сіз осы аймақтың билеушісіз, халық атынан айтқан осы сөзіме құлақ салсаңыз», - депті Қаратау би.
Ал, осы ғылыми жұмысым да, атақты Сырым батырдың үзеңгілес жолдасы би Қаратау Өмірзақов жайында кеңнен қозғамақпын.
Негізгі бөлім.
Ресей патшасының сенімді өкілдерінің бірі Н. И. Бахметьевтің 1802 жылы І Александр патшаға жолдаған хабарламасынан кейін Қаратау батырдың есімі патша шенеуніктерінің құжаттарында кездеспейді. Осыған қарап, 1802 жылдан кейінгі уақыт батырдың тарихи өміріңдегі соңғы кезең болды-ау деген ой туындайды.
Қаратау Өмірзақұлы деген кім еді? Қаратаудың руы Ысық - Сарысық. Байбақты Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1738-1797 жылдардағы азаттық қозғалысында ысықтар тобын басқарған. Орыс патшасына арыз жазып, оның рұқсатымен 10 мың үй ысықты Жайықтың бергі бетіне көшірген.
Қаратау Өмірзақұлы ХVІІІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген. Оның билігінде 3 мың түтінді құрайтын он мың ысықтар болған. Ол 1783-1797 жылдары он төрт жыл бойы үзбестен Сырымның саясатын қолдаған. Сырым Датұлының қатысуымен ру қолбасшыларын өзінің жаз жайлауы -Көкөзек өзенінің бойындағы ұлысына жинап, өзекті мәселелерді шешкендігін тарихи еңбектерден оқып жүрміз. Қаратау бидің қыс қыстауы Қайыршақты - Гурьевтен 35 шақырым жерде. Теңіз жағасына шығып қалған қайыршақ (ракушка) көп болғасын ба қазіргі Теңдік ауылы Қайыршақты деп аталыпты.
1998 жылы қыркүйек айының бірі күні Қаратөбе ауданына келген экспедицияның жетекшісі, тарих ғылымының докторы Серік Әжіғалиев, аудан әкімінің сол кездегі орынбасары (қазір Қаратөбе аудандық мәслихаттың хатшысы) Батырғали Тойшыбаев үшеуіміз «Қаратау» қауымына келдік. Менің ішкі мақсатым - тарихшы ғалымға қауымдағы көне құлпытастарды оқытып, болса Қаратау бидің құлпытасын табу болатын.
Тарихшы ғалым құлпытастардағы жазуларды оқыды. Бір құлпытаста «Ақсары тайпасы Күнбай баласы Мұханбет 62 жасында 1859 жылы опат болған» деп жазылыпты. Биіктігі 1 метр 78 сантиметр екінші құлпытаста «Шеркеш Шумақ тайпасы Шерубай бөлімі 1850 яздым Ядыгер өлмек үшін яздырды Ахмет мырза» делінсе, үшінші құлпытаста «1866 Көкембай баласы»… Құмға көміліп қалғандықтан, арғы жағы оқылмады. Бұлардың арасында Қаратауға қойылған құлпытас кездеспеді. Уақытының аздығынан Серік Ескендірұлы көрші Сырым ауданында қалған экспедицияның екінші құрамына баратын болғандықтан, кетуге асықты. «Бекмағанбет» қыстағында тұратын малшы Ерсайын Сариевтің Қаратау бидің құлпытасы деп ақтық байлап жүргені шеркештің шерубай бөлімінің жігіті болып шықты.
Қаратау бидің зиратын іздеу барысында кездесіп сөйлескен кісілеріміздің бірі - Шөптікөл ауылдық округіне қарасты Бесоба ауылының тұрғыны, сейтектің шорманы Қайыпқали Отарғалиевтің кезінде «Бесоба» колхозының төрағасы болған әкесі Отарғалидан естігенін әңгімеледі. Қаратауға қойылған құлпытастың бас жағын жоқшылық жылдары біреу диірментас үшін сындырып алыпты. Сол уақыттан бастап зират құлпытассыз қалыпты. Түнде өзін әлденеңе мазалай берген соң әлгі кісі құлпытастың сол сынық бас жағын «Көкөзек» бойына кері әкеліп тастапты.
«Қауымның ортасында тұрған биік екі құлпытастың артында жатқан екі төбенің оң жақтағы біріншісі Қаратаудың зираты» деп айтушы Отарғалидың сөзін жеткізуші Қайыпқалидың айтуымен ғана зират табылды.
Қаратау бидің зираты қазіргі Жусандой ауылдық округінен күншығысқа қарай 7-8 шақырым жердегі «Бекмағамбет» қыстағының бергі бетіндегі Көкөзек бойында. Әуелі биік мола болыпты. Кейін құлап, үлкен төбеге айналған. Қазір үстіне қалың қияқ пен ши шыққан.
Қаратау бидің моласы табылса да, құлпытасының сынығы кездеспеді. Құлпытастың сынығын іздеп табу, табылса оны арабша сауатты қариялармен келіп оқытып іздеу керек болды.
Артынан Мәрбан Бекмағанбетов деген қариямен келіп, Көкөзекке құяр жерде қалың шөптің арасындағы құлпытас сынығын тауып аударып көрдік. Жазулары анық сақталған, сынған құлпытастың бас жағы екен. Мәрбан ағай құлпытастағы көне жазуларды оқи алмағасын, жазуы бұзылмасын деп қайта аударып, баяғы күйінше қалдырып кеттік.
«Қос батырдың хикаясы» кітабында жазылған Қаратау би жайлы азын-аулақ деректерді оқыған шығар, әйтеуір Атырау арқылы Алматыдағы «Қазақойл» компаниясының жауапты қызметкері Болат Салық пен Тарғын деген жігіттер келіп, көне қауымда болды. Көрген-білгендерін Алматыдағы танымал азаматтарға жеткізетінін айтып, олар Атырауға кетті.
2001 жылы тамыз айының 28 күні Алматыдан Нұрберген бастаған жігіттер келіп, «Қаратау» қауымында болып, көне зираттарды аралап, құлпытастарды суретке түсірді. Қаратөбенің Көкөзегі - Қаратау бидің кезінде ставкасы болған, жаз жайлауы дедік. Көкөзек өзенінің құя берісінде қалың шөптің арасынан Мәрбан ағай екеуіміз тапқан құлпытасты Нұрберген Өтепұлы Балғымбаев суретке түсіріп алды. Алматыға барғасын, араб тілінің мамандарына көрсетіпті.
Олар құлпытас сынығында құран хадисінен үзінді келтіріліп, «руы ысық, тайпасы сарысық, бөлімі… Умирзақ» деген жазуды оқыпты. Құлпытастың төменгі жағы болмағандықтан, Өмірзақұлы Қаратаудың қашан туып, қашан өлгені, белгіні кім қойғаны белгісіз болыпты. Десек те, бидің жерленген зираты бар, құлпытасы табылды.
Кесене тұрғызуға қажетті құрылыс материалдарын тиеп жеткізу үшін «КАМАЗ» машиналарының қиналмай жүруіне қолайлы кез - жазғытұрғы су кеуіп, жер аяғы кеңіген сәт десті олар. Сөйтіп, батыр бабасының басына белгі қоюды жоспарлаған Балғымбаевтар әулеті жер аяғы кеңіген соң Жусандойға келіп, көздеген мақсаттарына кірісуге қамданды.
2002 жылы мамыр айының 7-сі күні Нұрберген Өтепұлы өзінің бірге оқыған досы Ермекпен Қаратөбеге келіп, сосын Жусандой ауылдық округі аймағында Бекмағамбет елді мекенінің батыс бетіндегі Көкөзек бойындағы Қаратау қауымына соқты. «Көп кідірмей келіп, Қаратау бидің басына кесене тұрғызу үшін іргетасын құямыз. Құйылған іргетастың цементі әбден бекіген соң шамамен маусым айының ондарында келіп, мазарын көтереміз» деді олар.
Айтқандайын, көп жыл Гурьев облыстық партия комитетінің құрылыс бөлімінің меңгерушісі болған Өтәлі Балғымбаевтың сызуымен бейнеленген кесененің іргетасы Жусандой ауылындағы жұмыссыз жүрген жігіттердің күшімен құйылды. Олардың еңбекақысы Балғымбаевтардың есебінен күнде кешкісін қолма-қол төленді. Іргетас осылай даяр болды. Кесене тұрғызуға қажетті Самараның қызыл тастары тасылды.
2002 жылы маусым айының 4-10 аралығында Атырау қаласынан келген Атырау мұнай өңдеу зауытының, Ембі сәулет құрылыс мекемесінің құрылысшылары жұмыс жасады. Осылай өз қаражаттарына Балғымбай әулеті атынан Қаратау бабасының басына ескерткіш кесене тұрғызды.
Кесене ішіне қойылған мәрмәр плитаның алдыңғы бетіне «Сырым батырмен XVIII ғасырдың аяғында ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан тарихи тұлға ҚАРАТАУ Өмірзақұлы, руы ысық - Сарысық. Белгі қоюшылар - ұрпақтары - Балғымбай әулеті. 2002 жыл» деп, екінші бетіне ақын Махамбет Өтемісұлының:
Еділ үшін егестік,
Тептер үшін тебістік.
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық.
Теңдіктің туын бермедік,
Теңсіздікке көнбедік! - деген жалынды жыры жазылды.
Қаратау бидің мөрі
Профессор, белгілі арабтанушы Әшірбек Муминовтың ұсынысымен «DANAkаz» журналы «Мөр» атты жаңа айдар ашып отыр.
Әлбетте, тарих ғылымында мөртаңбалардың шығу тарихын, ерекшелігін зерттейтін « сфрагистика (грек. Σφραγις - мөр, таңбалау) немесе сигиллография (латын. Sigillum - мөр, таңбалау) атты салалары бар екенін білеміз. Бірақ, біздің мақсатымыз ол ғылыммен түбегейлі шұғылдану емес, ұлт тарихында орны бар тарихи тұлғалардың қалың оқырманның қолы жете бермейтін алыс архивтерде, сарғайған құжаттарда сақталған қолтаңбаларын, дәлірек айтсақ, мөртаңбаларын жария ету.
Мөр суреті «Тұтқындар туралы» атты істен алынған. Ресей Федерациясы, Орынбор мемлекеттік архиві, 5 қор, 1 тізім, 30 іс, 64 бет. 1789-1790 жж.
Мөрдегі жазу: «Қаратау би бин Өмірзақ»
Қорытынды
Қорыта келе, көп жылдан бері Қаратөбе ауданы, Жусандой ауылдық округіне қарасты «Бекмағамбет» елді мекеніне қарай жүрсеңіз алыстан мұнартып көрінетін қызыл кесене - батыр, би Қаратау Өмірзақовтің - кесенесі. Бұл тарихи тұлға - қаратөбеліктердің тарихи тақырыпта әңгіме қозғардағы тірегі, әрқашан мақтанышы. Тарих көші алға басқан сайын есімі ұмытылып бара жатқан тарихи тұлға Қаратау Өмірзақов батырдың зираты мен құлпытасы табылыды. Ендігі мақсатым батырдан тараған ұрпақ бар ма, болса кімдер? Оларды қайдан іздеп табуға болады? Осы сұрақ жауабын табу, ізденіс жұмыстарын жалғастыру. Болашақта қаламгердің Облыстық мұражайдағы, Алматыдағы Ғылым Академиясындағы мұраларын жинақтап, жүйелеп, терең зерттеп жас ұрпаққа таныту мақсатында естелік еңбек жазғым келеді.
Ұсыныс:
І. Балалар саяхаты және туризм орталығының тарихи ескерткіштер маршрутының қатарына қосу, аудан әкімшілігіне кесене маңын тазалап гүлдендіру, жандандыру шараларын жүгізу үшін ұсыныс
ІІ. Мектеп оқулығына Қаратау Өмірзақұлын енгізу. 8-сынып &9 50-бет. Мектеп бағдарламасындағы тарихи курстар. Аудандық кітапханада көрме және арнайы танып білу, оқу кIV. Облыстық деңгейде Қаратау Өмірзақұлы атына көше атын беру. үндерін ұйымдастыру
III. Әлеуметтік желілерде баспасөз беттерінде көбірек басып шығару:
Қолданылған әдебиеттер:
1. Ана тілі газеті «Қаратау би»
2. Архив материалы
3. Қаратөбе энциклопедиясы
4. Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясы
5. Қайыржан Хасанов «Ескірмейтін есімдер» Орал қаласы 2008
6. Қайыржан Хасанов «Қаратау би» 2002 ж
7. «DANAkаz» журналы 2016 жыл №6 саны
Ізденуші Каримова Айнұрдың «Қаратау би » атты ғылыми жобасының орындалуы жөніндегі
ПІКІР
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz