Қазақ зиялылары естеліктеріндегі тоталитарлық қоғам мәселесі



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ зиялылары естеліктеріндегі тоталитарлық қоғам мәселесі

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда бұрын зерттеуге тыйым салынған ұлттық тарихтың құндылықтары терең талдау арқылы ой елегінен өткізіліп, өзінің лайықты бағасын алуда. Осы шындықты халқымыз тек тәуелсіздігін алған сәттен бастап қана оқып, білуге мүмкіншілік алды. Бүгінде өз тарихымызды жан-жақты білу және зерделеу, тәлімінен үйрену, одан сабақ алудың келешек үшін маңызы зор болып отыр. Осы өткен тарихи оқиғалардың маңыздылығы туралы өзінің "Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын" деген еңбегінде Елбасы Н. Назарбаев: "Яғни өткенімізді тұтас күйінде, ешқандай боямасыз, қоспасыз, қаз-қалпында қабылдағанымыз лазым. Ал өткен жылдар шежіресін үнемі әрі бұрмалаусыз зерделеп отырудың жөні бөлек. Мұның өзі өткендегі тәжірибенің жақсысынан үйрену үшін, ескі қателіктерді қаулата бермес үшін, жаманнан жирену үшін қажет," - деп баға берген болатын [1;2].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Тарих толқынын-да кітабында: Ұлттық сипаттың барлық көріністері үшін тоталитаризм әсіресе апатты болды. Жүздеген және мыңдаған жылдар бойындағы ұлттық тарих оның небір нәзік, небір айшықтарымен қоса соншалықты өрескел озбыр-лыққа душар болды. Небір кемеңгер билікшілері мен небір ғажайып өнерпаздары бар қазақ даласының нақты тарихы бүкіл дүниені түп-түгел қайта құрудың жаңа доктринасы шеңберінде түк құны жоқ қайдағы бір жабайы тағылық ретінде қайта жазылды. Ұлттық сананы қорлап, жер қылған осы содырлы нұсқадан біз әлі арыла алмай келеміз, - деп тарихты танып-білуге таптық әдістің тигізген зардабы турасында жазған еді [2, 226].
Тақырыптың зерттелу деңгей: Тарих ғылымында тәуелсіздік жылдары ғана жеке-жеке тұлғалық зерттеулер шыға бастады. Тарихнамада мәселенің зерттелуін 3 кезеңге бөлуге болады: І кезең - ұлт зиялыларының жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырағанға дейінгі 1920-жылдан бастап, 1957 жылы ақталғанға дейінгі кезеңді қамтиды. ІІ кезең - ұлттық зиялыларды 1957-1958 жылғы ақтау шараларынан бастап тәуелсіздік жылда-рына дейінгі аралықты; ІІІ кезең - 1991 жылғы тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі отандық тарихқа жаңаша көзқарастың қалыптасуымен байланысты.
Зерттеулерге келсек, алғашқы жазылу мезгілі азамат соғысы аяқталысы-мен басталған, 1920-жылдардың ортасына дейінгі аралықты қамтитын еңбек-тердің (естеліктер, мақалалар, арнайы зерттеулер) бірсыпырасы [3,213] кейінгі жылдарға қарағанда біршама обьективті жазылған.
Содан кейін, іле-шала бұл мәселеге қалам тартқан С.Сейфуллиннің, Қазақ зиялылары хақында деген мақаласы мен Тар жол, тайғақ кешу тарихи-публицистикалық еңбегі жарық көрген. Алашордашылардың көпшілігін жақсы танитын, олардың жетекшілерімен замандас С.Сейфуллин бұл еңбек-терде 1905 жылдан бастап ұлттық теңдік туралы идеяны ұран етіп алған, жаңа оянып келе жатқан қазақ интеллигенциясының басшыларын атай отырып, олардың даму эволюциясына талдау жасаған. Алаш қозғалысы, Алаш партиясы, Алашорда өкіметі деген ұғымдарды жиі қолданады. Бірақ, бұл атаулардың бір-бірінен қаншалықты өзгешелігі бар екендігіне тоқталып, мән бермейді. Қазақ зиялылары хақында- қазақ интеллигенциясы туралы атты мақаласында ол өзіне тән жалынды большевиктік рухымен Алаш қайрат-керлеріне контрреволюцияшыл, реакцияшыл деп атағанымен, бірақ Қазақ газеті шыққанға дейінгі ізденістеріне жоғары баға берген. Әсіресе, 1936 жылдан кейінгі басылымдарда шындықтың шырайын бұзатын сөз орамдары да жиі кездеседі. Демек, С.Сейфуллин қаншама нақты дерекпен сөйлеймін десе де жекелеген тұлғалар туралы сөз қозғағанда саяси дүрмектен бұра тарта алмай, кезеңдік идеологияның сойылын соққанын көреміз [4,63].
1922 жылдан қазақ қайраткерлеріне қарсы саясат бел алып, жоғарғы мем-лекеттік билікте жүрген алашордашылардың көпшілігін қуғындау басталған болатын. Бұған негіз болған РКП(б) Орталық Комитетінің Қырғыз (Қазақ) бюросының кеңес органдарының құрамына әлеуметтік тегі жағынан жұмыс-шы немесе шаруа әулетінен шыққан адамдарды сайлау, сондай-ақ, алашорда-шыларды және олармен тығыз байланысты болғандарды ұсынбау жөніндегі шешімі еді. Ал 1922 жылы Степная правда газетінің 26-27 шілдедегі 160-161-сандарында Н.Ш. деген бүркеме атпен жарияланған К истории революцион-ного движения в Восточной Киргизии деген мақала бұл мәселе бойынша баспасөз бетіндегі саяси пікірталасқа жол ашып берді. Бұл пікірталасқа Ә.Байдилдин, А.Кенжин, М.Атаниязовтар қатысады.[5,254] Пікірталас барысында Ә.Байдилдин де, А.Кенжин де кезінде Қазақ газетінің тәрбиесінде, Алаш-орданың ықпалында болғандықтан және Алаш партиясының кешегі мүшесі ретінде Алаш қозғалысын тек қана жаман қырынан көрсетуге тырысу әділетсіз іс деген пікірлерін білдірді. Ал М.Атаниязов болса, Алаш партиясының контр-революцияшылдығын ашып көрсетуге тырысқан.
Қазақ қоғамындағы жастардың орны мен ролі туралы сөз қозғап, алашшыл жастардың ұлтшылдық жолына түсуін табиғи заңдылық есебінде бағалаған, сол кездегі жастар қозғалысының жетекшілерінің бірі - Смағұл Сәдуақасов өзінің 1921-жылы жарық көрген Жастарға - жаңа жол деген кітапшасында жастар қозғалысының тарихын жан-жақты баяндап берген [6,99]. Автор Ақпан революциясынан кейін ашылған Қазақстанның барлық аймақтарндағы алашшыл ұлттық жастар ұйымдарының ұзын саны 21 болғанын атап көрсетеді.[6,102-103] Бірақ дерек көздеріне қарағанда, тек Қазақстанның солтүстік-шығыс аумағында ғана алашшыл жастардың 20-ға жуық ұйымы қызмет еткеніне көз жеткіземіз. Сонымен бірге, 1924-жылы Мәскеуден басылып шыққан Қошке Кемеңгерұлының Қазақ тарихынан атты еңбегінде қазақ халқының өткеніне шол жасай келе, ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіне байланысты, Үш жүз партиясының табиғатына қатысты айтылған пікірлері өте құнды болып табылады [7,109].

Кеңестік қайта құру кезеңінде жарық көрген еңбектерде сталинизмнің кесапатты жақтарын ашып айтудың жаңадан басталынған кезі болатын. Өзінше деректік бір топ ретінде мемуар түріндегі жазбаша деректемелер мен көркем әдебиет шығармаларын айтуға болады. Олардың саны да көп, сапасы да жақсы, әйтсе де бұл еңбектердің басым көпшілігі автордың жеке көзқарасына негіздел-гендіктен, белгілі кемшіліктерсіз де емес. Жинақтап айтсақ, тәуелсіздікке дейін жарық көрген ғылыми зерттеулер мен мақалаларда негізінен алаш зиялылары-ның шығармашылық өсу жолдары, азаматтық қайраткерлігі, қазақ мәдениеті мен тарихындағы алатын орны зерттелгенімен оларға тән басты кемшілікті айту керек: С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов сияқты кеңестік қайраткерлер үнемі партия мен үкіметтің сара жолынан ауытқымаған, коммунистік идеяға жан-тәнімен берілген тұлға ретінде біржақты суреттеліп келді. Зерттеушілер олардың төңкерісшілдігін-большевиктігін ерекше көрсетуге тырысты.[12,136]. Ал шындығында, қазақ кеңестік ұлт зиялыларының да коммунист бола тұрып ұлтын, халқын шын сүйген патриоттығы, ұлтжандылық еңбегі ескерілмеді, объективті баға беруге кеңестік идеологиялық қатаң тәртіп мүмкіндік бермеді. Осы кезеңнен бастап Алаш қозғалысына қатысты тарихи шындықты қалпына келтіру жолында жаңа ғылыми әдістеме мен теориялық негіз қалыптаса бастады.
Зерттеу жұмысының деректік негіздері: Зерттеудің деректік негізін Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясы архив қорларының құжаттары мен кітапханаларының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде сақталған материалдар, ғылыми зерттеу жұмыстарындағы мәліметтер, ұлт зиялыларының жеке архивінен алынған қолжазбалары мен балаларының, туыстарының, жерлесте - қызметтестерінің, шәкірттерінің ол туралы жазған естеліктері құрады. Жарияланған құжаттар тоталитарлық мемлекеттің қоғамдық санаға әсер-ықпал ету механизмдерін, қоғамның жүріп жатқан процесстерге реакциясын көрсетеді. Жинаққа бұрын жарияланған деректермен қатар, құпия және өте құпия деген грифтары бар құжаттар кіргізілген.
Сонымен бірге Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. І, ІІ томдар. Алматы. Алаш, 2004, 2005; кеңестік жүйе жүргізген қуғын-сүргіннің құжаттары шоғырланған Политические репрессии в Казахстане в 1937-1938 гг. (Сборник документов. Алматы. Қазақстан. 1998.) [28,256] жинақтарын пайдалану жұмысымыздың деректік негізін байыта түсті.
Алаш қозғалысы: Құжаттар мен материалдар жинағы. Сәуір 1920 - 1928 жж. деген 3-томның 1-кітабында Совет үкіметінің алғашқы жылдарында тарихи жағдаяттарға сәйкес әлеуметтік-саяси өзгерістер мен жаңа мемлекеттік құрылыс процестеріне кеңінен тартылып, кейін тоталитарлық жүйе күшіне мінген кезде сол жүйенің өз қолымен тұншықтырылған 1920 - 1928 жылдардағы Алаш қозғалысы өкілдерінің тағдыры әңгімеленеді.
Алаш қозғалысы: Құжаттар мен материалдар жинағы. Сәуір 1920 - 1928 жж. деген 3-томның 2-кітабында Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материал-дар жинағы. Қаңтар 1929 - шілде 1938 жж. атты 3-томның 2-кітабында бөтен көзқарастағылардың, атап айтқанда таптық теорияны мойындамай, ұлттық идеяны көтерушілердің жақтастарының көзін жоюдың түрлі тетігін іске қосқан кеңестік биліктің ынтасын байқататын құжаттар ұсынылған. Жинақта нәтижесінде 1937 - 1938 жж. саяси қуғын-сүргін құрбаны болуға мәжбүр болған партия және мемлекет қайраткерлерінің алғашқы толқынының билік басынан кетірілу барысын айғақтайтын 1929 - 1932 жж. қазақ зиялыларын тергеу хатта-малары, биліктің атына жазылған хаттар, партиялық органдардың қаулылары жариялануда. [29,129]
История Казахстана ХХ века в документах: Сборник Отв. редактор В. Н. Шепель. Сост.: Е. М. Грибанова, А. Н. Ипмагамбетова. - Алматы: АП РК, 2005. - 84 с. Тарихи деректердің жарияланымдарының даму мәдениеті мен сақталуы - маңызды және салмақты міндет. Ұсынылған құжаттар жинағы альманах принципінде құрастырылған: онда жинақталған ХХ ғасырдың бірінші жарты-сындағы Қазақстан тарихы шеңберінде түрлі тақырыптарға арналған, әртүрлі авторлардың осындай басылымдар талаптарына сәйкес дайындаған материал-дары әртүрлі архивтерде сақталғандықтан бәрін жинақтап топтастырған. [30,248]
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Қазақстандағы тоталитарлық жүйе қыспақтары мен оның ауыр зардаптары тақырыбына арналған тарихи зерттеулерді, деректер мен ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді тақырыптық талдау барысында төмендегідей міндеттер белгіленді:
- ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы зиялы қауымның саяси-әлеуметтік күш ретінде қалыптасу жағдайын ашу; Қазақстандағы ұлттық интеллигенция мен азаттық қозғалыс басшыларының ұлттық тәуелсіздік жолындағы қызметін анықтау;
- Қазақ қоғамындағы зиялылардың, саяси көшбасшылардың тәуелсіз ел болу жолындағы күресінің ХХ-ғасыр соңына дейін сабақтастықпен жалғасқан үдеріс екенін көрсете отырып, Қазақстандағы ұлттық-демократиялық зиялылардың, ұлттық кеңестік қайраткерлердің қоғамдық-саяси қызметі арқылы қазақ елінің ұлттық тәуелсіз мемлекеттілігі туралы ой - пікірлердің даму жолын зерттеу;
- Саяси қуғын-сүргіннің Қазақстан халқының рухани-қоғамдық, экономикалық - әлеуметтік дамуына тигізген кері әсерін деректікматериалдар негізінде ашу.
- кеңестік билік тұсындағы дін мәселесіндегі бұрмалаушылықтар мен саяси қуғындаулар саясатына баға беру;
- тоталитарлық жүйенің солақай саясатының қазақ халқының рухани мәдениетінің негіздеріне, салт-дәстүр мен әдет-ғұрптарына тигізген ауыр зардаптарын көрсету;
- қырқыншы - елуінші жылдардағы репрессиялардың себептері мен бағыттарын және өзіндік ерекшеліктерін анықтап саралау.
- жылымық және тоқырау жылдарындағы саяси айыптаулар мен қуғындаулар сипатын қоғамды демакратияландыру бағдарламасы аясында ашып көрсету.
- Социализмге өту жағдайында таптық күрестің шиеленісуі тезисі негізінде саяси репрессиялардың күшеюін және осыдан туындайтын ірілі- ұсақты шаралардың коммунистік идеологияның алдамшы әрекеттері екендігін түсіндіру.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері хронологиялық тұрғыда өткен ғасырдың 20-50-шы жылдарын қамтиды. Зерттеу тоталитарлық жүйенің қалыптасу белгілерін Қазақстанның әлеуметтік-психологиялық менталитетіне, оның өзіндік геосаяси жағдайына орай анықтай отырып, осы кезеңде партия мен социалистік кеңес өкіметінің қазақ өлкесінде ресми мемлекеттік бағдарына сәйкес келмейтін сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің нығая түсіп, қоғамның тарихи даму заңдылықтарына қайшы келетін эксперименттер жасағанын, 1920 - 30-шы жылдары күшейген тоталитарлық жүйе билік басындағылардың қате саясатын қолдамағандарды халық жауы ретінде қатал жаппай қуғын-сүргінге ұшыратқандығын, ал 1940-50 жылдары сталиндік тоталитарлық жүйе саяси қуғын-сүргінді Қазақстанда да әрі қарай жалғастырғанын, жалпы халыққа қарсы жасалынған заңсыз іс-қимылдарды саралап-талдауға және зерделеуге мүмкіндік береді.
Зерттеу пәні - қазақ зиялыларының КСРО-да орнаған тоталитарлық жүйенің Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі мен мемлекеттік басқару ісіне, рухани-ағарту жұмыстарына тигізген ықпалы мен салдарын зерттеу және оның Отан тарихындағы орны мен ролін жаңадан талдап баға беру. қарастырылып отырған кезеңде Қазақстандағы жалпы ішкі саяси жағдайларға талдау жасауға, сонымен қатар кеңестік жазалау органдарының қанқұйлы әрекеттері нәтижесінде жалпы қазақ зиялыларының қалай қуғын-сүргінге ұшырап, халықтың солақай саясаттың құрбаны болып қырылғанының себеп-салдарын саралау болады.
Тақырыптың зерттеу нысаны - объектісі: ХХ ғасырда кеңес үкіметі төңкеріс арқылы билікке келген алғашқы жылдарда большевиктер халық жаулары, ұлтшылдар деп атақ берген алаш ардақтылары, шығармашылық зиялылары, қазақтың ұлттық саяси элитасы туралы тарихи-әдеби деректер мен құжаттар жинағы және ғылыми зерттеу еңбектер.
Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізін Тоталитарлық тәртіп қоғам өмірінде жоғарыдағылардың көзқарасын жалпы халыққа барлық тәсілдермен күштеп таңып, оларды жеке көзқарастарынан айнуына мәжбүр етеді, сонымен қатар басқа идеялық тұғырдағы өкілдердің көзін жою әрекеттеріне дейін барады. Бәлкім, алдын-ала тоталитарлық қоғам мен қазармалық социализм немесе кең ауқымда саяси репрессиялар жоспарланбаған да болар, әйтеуір осындай декларациялардың ешбір жерде жарияланбағандығы анық. Мұның өзі Қазақ КСР-інде 1920-1930- жылдары қалыптасқан жалпы әлеуметтік-саяси жағдай-ларға үйлестіріліп және ішкі оқиғаларды әлемдік тарихи процесс құбылыс-тарымен байланыстыра отырып жүзеге асқан еді. Дей тұрғанмен, қоғамды индустриялық қоғамға көшіру жағдайындағы әртүрлі себептер, дәл осындай кесапатқа алып келген еді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Зерттеу тақырыбына қатысты мұрағаттар мен кітапханалардағы көптеген тарихи құжаттар мен тақырыпқа қатысты әдебиеттермен жаңа көзқараста танысу және оны талдау арқылы мынадай тұжырымдар жасалынды:
- Тарихи ғылымда бұрын қолданылмаған, соңғы уақыттарға дейін белгісіз болып келген көптеген мұрағаттық материалдар арқылы Қазақстандағы 1920-1930-шы жылдардағы саяси идеологияларға байланысты орын алған қоғамдағы жағдайлар осы мәселеге жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді.
- 1946-54 жылдардағы төрінші сталиндік саяси қуғын-сүргінге Қазақстандағы ғалымдар мен шығармашылық элита өкілдерін ұшыратуы нақты мәліметтер мен фактілер негізінде зерттеліп, аумақтың қоғамдық-саяси өміріндегі ішкі және сыртқы қарама-қайшылықтары объективті-гуманистік тұрғыдан тұжырымдалады.
- Зерттеуде Қазақстанның өңірлік ерекшеліктеріне байланысты бұрын қарас-тырылмаған мәселелер көтерілген. Сондықтан да зерттеудің алдына қойған мақсаты тарихи шындықты еш бұрмаламай шындық тұрғысынан ашу болып табылады.
- Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері негізінен декларативтік тұрғыда болғанымен, өз тарапына жұмысшылар мен шаруаларды, бұрынғы Ресей империясының әртүрлі ұлт өкілдерін тарту арқылы, өздерінің тұрақтылығын сақтай алды, осы негізде большевиктер партиясы басқа ойдағылардың қарсылығын басып- жаншу бағытынан еш тайған жоқ.
- Социализмге өту жағдайында таптық күрестің шиеленісуі тезисі негізінде, саяси репрессиялардың күшеюі ресейлік большевиктік пролетариат диктатурасының заңды революциялық әдісіне айналды.
- Қазақстандағы кеңестендіру саясаты жергілікті халыққа түсініксіз болды. Осы себепті Кеңестер алғашқы уақытта негізінен орыс қауымына арқа сүйеді. Сондықтан да ұлтттық мүдде ескерілмей, оны қорғаушылар қызметі, Өлкедегі жергілікті өкімет РКФСР ХКК мен БОАК комиссиясының қатаң бақылауымен жұмыс істеді.
- Қазақстанда 1920-1930 жылдары бейбіт халыққа қарсы жүргізілген байларды кәмпескелеу, ауыл шаруашылығын қарқындап ұжымдастыру, жартылай көшпелі және көшпелі қазақ халқын күштеп отырықшылыққа көшіру актілері жаппай қуғын - сүргін нәубетінің құқықтық негізіне айналды.
- кеңес өкіметінің социалистік құрылыстың алғашқы жылдарындағы дінге қатысты саясатына баға беріліп, кеңестік билік тұсындағы дін мәселесіндегі бұрмалаушылықтар себептері анықтап, талданды;
- Бүгінгі таңда мұрағат құжаттары мен естелік-деректерінің басын біріктіріп, 1946-54 жылдардағы сталиндік репрессияның Қазақстандағы ғалымдар мен шығармашылық элита өкілдерін саяси қуғын-сүргінге ұшырату себеп - салдарлары туралы толық қамтып зерттеу проблемасы күн тәртібінде тұр. Бұл міндетті ұсынылып отырған және басқа да жаңа зерттеулер арқылы атқаратынымыз анық.
Зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы: Диссертация жұмысының нәтижелері мен тұжырымдарын тоталитарлық тәртіп орнаған кезеңдегі Қазақстандағы интеллегенциясы тарихына қатысты жазылатын еңбектерде, жоғары оқу орындарында лекция курстары мен арнаулы семинар сабақтарын жүргізу барысында әдістемелік және қосымша оқу материалы ретінде пайда-лануға болады.
Жұмыстың сарапталып, сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі мәселелері КазИГЗУ - ының тарих және кейін қазіргі әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар кафедрасында орындалып, талқылаудан өтіп, қорғауға ұсынылған. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері мен қорытындылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған тізімге енген басылымда бір мақала, сондай-ақ республикалық және халықаралық ғылыми конференция материалдарының жинақтарында 2-3 мақала жарық көрді.
Диссертацияның құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспеде тақырыптың таңдалу ерекшелігі мен өзектілігі нақтыланып, жұмыстың нысаны, пәні, мақсат-міндеттері, хронологиялық ауқымы, деректік, методологиялық негіздері, зерттеу әдістері, ғылыми-танымдық және тәжірибелік маңызы мен жаңалығы, қолдануға ұсынылатын негізгі тұжырымдары анықталады.
Ұлт зиялылары және тоталитаризм: тарихи бастау негіздері мен қалыптасу кезеңдері деп аталатын бірінші тарауда 1917 жылдың қазанынан 1991 жылғы желтоксанға дейінгі аралықта ұлттық элитаның құдіреті әрі қасіретті өсуі мен өшу кезеңі. Алдаумен, қорқытумен жалған ұранмен шексіз билігін орнатқан большевиктік-тотаритарлық күш бір ұрпақ алмасудан қысқа уақыт ішінде қазақ мемлекетін құрып жерін қайтарып бергенмен, елге ие болатын саяси элитаны аяусыз жаусатып салды. Олардың ішінде кім жоқ еді. Жасы 70-ке қараған алаш көсемі Әлихан Бөкейханов, әлі 50-ге толмаған қызыл сұңқар Сәкен Сейфулин, 25-інде нарком болған Смағұл Сәуақасов, 18-інде Жетісу өңіріне танымал тұлға Ораз Жандосов, 20-дан асқанда ұлт мәселесін Ленин мен Сталин алдына төтесінен қойған Тұрар Рысқұлов ... Айта берсек, өкініштен өзегін өртенеді.
Жинақтай айтар болсақ ұлттық элита дегеніміз - зерек ақыл ойымен, тегеурінді іс әрекетімен интелектуалдық ізашарлығымен халқының іргерідей дауына шарапатын тигізген адамзат өркениетіне лайықты үлес қосқан ұлтқа үлгі қабілет-қасиетке ие тұлғалардың шоғыры. Ол қоғамдағы ой еңбегі адамдардың ғана емес басқа да әлеуметтік кәсіби қауым құрамына тән[52.156].
Голощекин мен оның еркін іске асырушылар қазақ ұлтшылдарын жазалауда орталықтағы әріптестерінен кем түскен жоқ, тіптен шет аймақтарға тән белсенділікпен асып түсіп жатты. Мәселен, құрамында А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов бар 20 адам алдымен ату жазасына кесіліп, соңынан бұл үкім 10 жылдық концлагерьге ауыстырылды. М.Жұмабаев, Е.Омаров және басқа 7 адам 10 жылдық, ал қалған 15 адам 5 және 3 жылдық мерзімге концлагерьге қамалды. Кесілгендердің біразы лагерьдегі ауыр жағдайға байланысты аман-есен орала алған жоқ.Алаштық интеллигенция ғана емес, өзі сенімсіз деп тапқан аппаратта жүрген қайраткерлермен күресін Қазақстаннан біржола кеткенге дейін тоқтатқан жоқ. Мәселен, осы мезгілде қызметтен босатылып астанадан аласталғандардың арасында Н.Нұрмақов, Ж.Сұлтанбеков және басқа көптеген қайраткерлер бар еді. Бұлардың біразы өмірін қайғылы аяқтады.КСРО - да орныға бастаған тоталитарлық тәртіптің Қазақстандағы ықпал-көрінісі деп аталатын екінші тарауда Қазақстанның 1920-жж қоғамдық-саяси өмірінің қайғылы ерекшелігі мынада болды: осы кезден бастап сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға, бұл зерденің иелері ұлттық интеллигенцияның көрнекті өкілдерін қыруға бағытталған кең көлемді шаралар жүргізе бастады. Сөйтіп, 1920-жж. соңы мен 1930-жж. тоталитарлық жүйе қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында бекіді. Қазіргі Қазақстан интеллигенциясын әртүрлі салаға бөліп қарастыруға болады (көркемөнер, гуманитарлық, жаратылыстану, ғылыми, техникалық, медициналық, педагогикалық, әскери, діни-рухани, әкімшілік-басқару т.б.). Ғылыми-техникалық интеллигенция ұғымы кеңестік билік кезеңінде пайда болып, арнайы жоғары оқу орындарында оқып, практикалық жұмыс кезінде біліммен қаруланған адамдар ғылыми-техникалық идеялар жасап, оны техника мен технологияда жүзеге асырып, жаңа ғылыми және техникалық білімді қоғамдық өмірдің әртүрлі саласында ендіруге ыкпал ете алады деп анықтама берілген. Осы уақытқа дейін ғылыми-техникалық және өндірістік - техникалық интеллигенцияға анықтама беруде оның әлеуметтік-кәсіби жағына мән беріліп, рухани-имандылық, мәдени аспектілері қарастырылмаған. [67,232]. Қорыта айтқанда, ХХ ғасырдың 30-жылдарының соңында Қазақстан жеріне үкімет шешімімен поляк, неміс, шешен, ингуш, қарашай, түрік, балқар және тағы басқа аз ұлт өкілдері қоныстандырылып, Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің экономикасына елеулі үлесін қосты. Аталған ұлттар арасында соғыс майданында, тыл майданында ерлік көрсеткен азаматтар аз болмады. Осы ұлттар арасынан мәдени салада көзге түскендер ел құрметіне ие болды. Бастарына түскен қиыншылыққа қарамастан бұл ұлттар жергілікті қазақ халқымен бірлікте, ынтымақтастықта өмір сүрді. ҚорытындыҚазақ зиялылырының ұлт-азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресінің келесі кезеңі -- Кеңестік билік жағдайында жүрді. Жер мәселесінің толық шешімін таппауы, ішкі Ресейден қазақ жеріне қоныс аударудың толастамауы, өнеркәсіптің шикізаттық сипат алуы, орыстандыру үдерісі, қазақ ұлтының өзін- өзі мемлекеттік басқару үмітінің ақталмауы азаттық үшін қозғалыстың жаңа мазмұн алуына негіз болды. Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев және басқа белсенді қайраткерлерден тұрған саяси топ, Ф.Голощекин айтқандай, алашшыл элитаның келесі екінші жаңа буыны болатын. Бұл буын өзінің бар күш-жігерін кеңестік автономияға ұлттық мазмұн беруге жұмсады. Империялық күштер олардың бұл қызметін саналы түрде бұрмалап, буржуазиялық ұлтшылдықтың немесе ұлтшыл шектеуліктің көрінісі ретінде бағалады..
Сонымен мемлекеттік автономия мәселесіне байланысты қазақ ұлттық интеллигенциясының көзқарасына тоқталар болсақ төмендегідей тұжырымдарды бөліп көрсетер едік:
- Кезінде ұлттық интеллигенцияның белсенділігімен ұйымдастырылған Алашорда және Түркістан (Қоқан) автономиясының қызметі кеңестік тоталитарлық жүйе тұсында негізсіз қараланды.Ал бұл шынайы тарихты көпе-көрнеу бұрмалауға жол ашты:
- Өкінішке орай Алаш қозғалысын негіздеуші ұлттық интеллигенция өкілдерін біржақты айыптауға бәрінен бұрын сол кезеңде таптық көзқарасты және большевиктік ұстанымды белсенділікпен қабылдаған алғашқы қазақ большевиктерінің өздері негіз жасап береді:
- Қазақ большевиктерінің үлкен қателігі - большевиктік билікке деген сенімді, қазақ халқының ауыз бірлігінен, мемлекеттік, ұлттық мүддесінен жоғары қоюлары еді:
- Ұлттық демократиялық интеллигенцияның мемлекеттік автономия мәселесіне көзқарасы саяси күрделі жағдайларға байланысты эволюциялық өзгерістерді бастан кешті.
Алайда олар ұлттық мемлекеттік автономияға қол жеткізбейінше ұлт азаттығына қол жеткізудің мүмкін еместігін де жақсы түсініп, осы үшін белсенді күресті: Ұлттық автономия мәселелеріндегі қазақ интеллигенциясы-ның көзқарастары олардың өздері өмір сүрген заман тәрізді аса күрделі. Олардың шынайы мазмұнын айқын түсіну үшін, жанама зерттеушілердің емес, ұлттық интеллигенция өкілдерінің өздерінің түпнұсқа еңбектерін терең және жан-жақты зерттеуіміз керек.
Ұлттық мүдде үшін, туған халқының игілігі үшін күрескен алаштық қайраткерлер Кеңес үкіметіне жақпады. Олар құрған Алашорда атты үкімет тарих сахнасынан күштеп кетіріліп өздері кейіннен большевиктік саясаттың құрбаны болды. Сондықтан да ұлттық тарихи тұлғалардың өмірі мен саяси қызметіне дұрыс баға беру, тарихымыз үшін ғана емес, егемен Қазақстанның жас ұрпағын рухани және саяси тұрғыдан тәрбиелеу үшін аса қажет.

Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі:

1.Назарбаев Н.Ә. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын Егемен Қазақстан. 1998. 16-қаңтар.
2.Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999. - 296 б.
3.Назарбаев Н.Ә. Жаңа онжылдық - жаңа тарихи белестер: жетістіктер, мәселелер және стратегиясы ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы Егеменді Қазақстан. - 2010, ақпан - 28.
4.Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі №2200 Заңы; ҚР Президентінің 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу деп жариялау туралы Жарлық Егеменді Қазақстан. -30 желтоқсан, 1996; ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінен орай Қазақстан азаматтарына Үндеуі Егеменді Қазақстан. 1997. 31 мамыр.
6.Козыбаев М., Алдажуманов К.С. Тоталитарный социализм: реальность и последствия. А., 1997.
7. Байтұрсынов А.Революция және қазақтар. 1919.Ақ жол. Алматы, 1992. 342 б. Әйтиев Ә. Тарихи күн. Қызыл Қазақстан, 1921. №3; Соныкі. Октябрь төңкерісі және ұлт мәселесі Қызыл Қазақстан, 1923. №1. Соныкі. Из истории обзественно-политического движения в Уральской области Степные зори. Оренбург. 1923. Книга 1. Меңдешов С. Қазақ Республикасының үш жыл жаса-уы Қызыл Қазақстан, 1923. №22; Соныкі. Киргизская автономная Республика Жинь национальностей. 1923. №1. Соныкі. Ленин және шығыстың еңбек-шілері Қызыл Қазақстан, 1924. №1-2; Жолдыбаев М. Октябрь төңкерісі және Қазақстан Қызыл Қазақстан, 1922. №12; Тоғжанов Ғ. Ұлт мәселесі һәм кеңес өкіметі Тілші. 1923. №1. Сейфуллин С. Өткен істердің қорытындысы Қызыл Қазақстан, 1921. №23; Соныкі. Тар жол, тайғақ кешу. Қызылорда, 1927. (Қазақ тілінде қайта басылуы - А., 1936, 1960, 1977, 1997. орыс тілінде Тернистый путь - 1975). Рысқұлұлы Т. Төңкеріс және қазақ халқы Еңбекші қазақ. 1926, 8-июнь. Соныкі. Революция и коренное население Туркестана. Ташкент, 1925. Рыскулов Т. Собрание сочинений в трех томах. Том 1. А., 1997, 49-324 с. Соныкі. Октябрь в Туркестане. Казахстанская правда. 1936. 25-29 апреля; Соныкі. Октябрьге әзірлену күресінде Социальды Қазақстан. 1935, 5 ноябрь. Соныкі. Против извращения истории казахского народа. Большевик Казах-стана. 1936, №1-2. Бекұлы О. Азамат соғысында біз қалай жеңіп шықтық. Қызыл Қазақстан, 1928, №1-2. Рязанов А.Ф.Очерки по истории националь-ного движения Казахстанского народа. Кызыл орда. 1927. с.10
8. Сейфуллин С. Өткен істердің қорытындысы Қызыл Қазақстан, 1921. №23; Соныкі. Тар жол, тайғақ кешу. Қызылорда, 1927. (Қазақ тілінде қайта басылуы - А., 1936, 1960, 1977, 1997. орыс тілінде Тернистый путь - 1975). Сейфуллин С. Тар жол тайғак кешу. Шығармалар жинағы. 4-т. - А.:Жазушы, 1988. - 448 б.
9. Н.Ш. К истории революционного движения в Восточной Киргизии. Степная правда, 1922. 26-27 шілде, №160-161.
10. Бөкейханов Ә. Таңдамалы. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, - 1995. 47-б.
11. Байтұрсынов А. Шығармалары. - Алматы. 1989. 298-б.
12.Мажитов С.Ф. Формирование исторического сознания в Республике Казахстан: реалии и перспективы Современное состояние и перспективы раз-вития исторической науки Казахстана и России: сборник материалов междуна-родной научно-практической конференции. Алматы: Тарих тағылымы, 2008. - 424 с.
13.Алдажуманов К. Открытие "судебные процессы" 1937 года в Казахстане. и др. Материалы семинаров "Круглого стола" и конференции.- Алматы: Казахское общество Адилет при поддержке фонда Сорос-Казахстан, 1998. 53-61 с.
14. А.Сармурзиннің, М.Қозыбаевтың, Х.М.Әбжанов пен Ә.Әлпейісовтың, т.б. зерттеу еңбектері жарық көрді. [15]
15.Нүрпейісов К.
16. Азат елдің әдебиеті қандай болуы керек? Қазақ әдебиеті. 1992. 4-7 б. Какишев Т. Сакен Сейфуллин. М., Молодая гвардия. 1972.2004.-
17.Сейфуллин С. Шығармалар жинағы. 5-т. А., 1988.54-б.
18. Бөкейханов Ә. Таңдамалы. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, - 1995. 47-б.
19. Байтұрсынов А. Шығармалары. - Алматы. 1989. 298-б.
20. История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней. Том 4. А., 1977. 11-236 б.
21. Сейфуллин С. Тар жол, тайғақ кешу. А., 1997; т.б.
22.Байтұрсынов А.Революция және қазақтар. 1919.Ақ жол. Алматы, 1992. 342б
23.Шоқай М. Орта Азиядағы Кеңестер. Париж, 1928. Шығармалар. 3-т.1998.
24. Чокай-оглы. М Туркистан под властью Советов. М.Чокай-оглы - Алматы : Айқап, 1993. - 160 с.
25. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда.-Алматы, 1995.-256 б. Нұрпейісов К., Құлкенов М., Хабижанов Б. Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы. Алматы, 1996.180 б. Нұрпейісов.К Мұстафа Шоқай Қазақстан мен Түркістанның 1917-1927 жылдардағы қоғамдық саяси өмірі туралы Қазақ тарихы. 1997. -№2. 23-25 б. Нұрпейісов К. Қазақ үшін ХХ ғасыр текке өткен жоқ Заман Қазақстан.-1998.30-қаңтар.

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Сталиндік тоталитарлық жүйенің Кеңестер Одағында билік құрып, ондағы халықтарды қорқытып-үркітіп, үрейлендіріп, ұлттық болмысын жоюға тырысқан казармалық социализмді өмірге әкелді. Бұл тәртіп кезінде идеология басты рөл атқарды. Тоталитарлы тәртіп - бұл идеологияға сүйенген тәртіп онда үнемі өздерінің ойдан шығарған "ертегі" қағидалары болды. Сол тәртіптің жүргізетін идеологиясын билік басындағы саяси лидер белгіледі. Тоталитаризм кезінде саяси институттар тарапынан өндіріс пен экономикаға дара билік орнатылды. Осындай билік мемлекеттің барлық саласын, ағарту білім беру, ақпарат құралдарының тетіктерін де, өз қол астына қаратып мықтап ұстады, оларға қатаң бақылау (цензура) орнатты. Таза тоталитарлы мемлекетте қоғамның саяси жүйелерінің бірде-бір саласы еркіндікте болмады, бәрі қатаң бақылауда өмір сүрді. Тоталитарлы тәртіпте жаппай террорлық полицейлік бақылауға жол беріледі. Бұл тәртіпте полицейлік бақылау, күш қолдану қысым жасау басты әдіс болып табылады. Жалған интернационалистік қағидалармен қаруланған әміршіл жүйе өз саясатын жүргізуге лайықты, оны қолдап-қолпаштайтын жасанды идеологияның қызметіне сүйенді. Билік басындағыларға халық мұңын жеткізу мүмкін болмады. Ақиқат бұрмаланды. Тарихтағы сол бұрмалаушылықтың зардабы күні - бүгінге дейін осы халықтың қоғамдық даму жолына зиянын тигізіп келеді.
Қазіргі таңда бұрын зерттеуге тыйым салынған ұлттық тарихтың құндылықтары терең талдау арқылы ой елегінен өткізіліп, өзінің лайықты бағасын алуда. Осы шындықты халқымыз тек тәуелсіздігін алған сәттен бастап қана оқып, білуге мүмкіншілік алды. Бүгінде өз тарихымызды жан-жақты білу және зерделеу, тәлімінен үйрену, одан сабақ алудың келешек үшін маңызы зор болып отыр. Осы өткен тарихи оқиғалардың маңыздылығы туралы өзінің "Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын" деген еңбегінде Елбасы Н. Назарбаев: "Яғни өткенімізді тұтас күйінде, ешқандай боямасыз, қоспасыз, қаз-қалпында қабылдағанымыз лазым. Ал өткен жылдар шежіресін үнемі әрі бұрмалаусыз зерделеп отырудың жөні бөлек. Мұның өзі өткендегі тәжірибенің жақсысынан үйрену үшін, ескі қателіктерді қаулата бермес үшін, жаманнан жирену үшін қажет," - деп баға берген болатын [1;2].
Біз тоталитаризмнен демократияға өткен мемлекетте өмір сүре отырып, шын мәнінде өткен жүйенің қаншалықты қасірет әкелгенін түсінеміз. Қоғам өміріне еніп жатқан жаңа ойлар мен идеялар жылдар бойы кеңестік насихаттаулар арқылы қалыптасқан сананы бір мезетте өзгертпейді. Ұрпақтар алмасуы, тәуелсіз еліміздің жастары ғана бүкіл адамзаттық құндылықтарды қабылдап, жаңа жүйеге өтуге мүмкіндік алу арқасында бұл міндет үдесінен шығуға болады. Кеңестік тоталитаризмнің жүргізген ең ауыр шарасы - саяси репрессиялар. Біздің ойымызша, саяси қудалау тоталитарлық жүйенің ұлттық сана - сезімді күйретуге арнаған бағыты еді.
Міне, сондай көкейкесті шытырман оқиғаларға, саяси науқандарға толы тарихи кезең - ол ХХ ғасыр, оның ішіндегі Кеңестер Одағының социализм құруды іс жүзіне асыруды қолға алған жылдар. Тоталитарлық мемлекет тарихы мен оның жұмыс істеу тетіктерінің мәселелерінің зерттелуі тақырыптың ерекше маңыздылығынан туындаған, өйткені тоталитаризмның жойылуы болашақта халықтың демократиялық қағидалар негізінде өмір сүруіне мүмкіндік ашады. Демократиялық қоғамның дамып өркендеуі үшін тоталитаризм мәселесін зерттеудің саяси-құқықтық тұрғыдан алғанда маңызы зор. Жалпы ұлттық келісім саясаты тоталитарлық жаппай қуғын-сүргін саясатына түбірінен қарама-қайшылықта. Мұның екіншісі қоғам өмірінде жоғарыдағылардың көзқарасын жалпы халыққа барлық тәсілдермен күштеп таңып, оларды жеке көзқарастарынан айнуына мәжбүр етеді, сонымен қатар басқа идеялық тұғырдағы өкілдердің көзін жою әрекеттеріне дейін барады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Тарих толқынын-да кітабында: Ұлттық сипаттың барлық көріністері үшін тоталитаризм әсіресе апатты болды. Жүздеген және мыңдаған жылдар бойындағы ұлттық тарих оның небір нәзік, небір айшықтарымен қоса соншалықты өрескел озбыр-лыққа душар болды. Небір кемеңгер билікшілері мен небір ғажайып өнерпаздары бар қазақ даласының нақты тарихы бүкіл дүниені түп-түгел қайта құрудың жаңа доктринасы шеңберінде түк құны жоқ қайдағы бір жабайы тағылық ретінде қайта жазылды. Ұлттық сананы қорлап, жер қылған осы содырлы нұсқадан біз әлі арыла алмай келеміз, - деп тарихты танып-білуге таптық әдістің тигізген зардабы турасында жазған еді [2, 226].
Ал саяси жетекші топ қандай тарихи кезеңде болмасын ұстанымы тұрғысынан біркелкі, тұтас болған емес, сондай-ақ бұл - толық табиғи құбылыс. Олай болса, ұлттық саяси топ ішіндегі түрлі бағыт-бағдар ұстанған ағымдарының қызметінің негізінде қандай мүдде, себептердің жатқандығын анықтау тарихтану ғылымының бірден-бір міндеті болса керек. Бұл тақырып-тың өзектілігі айқын, өйткені барлық тарихи кезеңдердегідей қазаргі уақытта да басқарушы топтың еліміздің бүгінгі және ертеңгі тағдырына тигізер ықпалы аз емес. Қазақстан егемендігін алғаннан кейін, өзінің түпкі тамырын біліп-тануға, тәуелсіздікке бірнеше ғасырлардағы жетер жолдарын зерттеуге үлкен қадамдар жасай бастайды. Бұл жерде Қазақстанның ұлттық саяси элитасының қоғамдағы орны, зиялы қауымының қызметі мен түрлі кезеңдерде ел тағдырына байланысты ұстанған позициясының маңыздылығын зерттеу осы уақытта өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Тақырыптың зерттелу деңгей: Ұлт зиялысының тарихы мен тағдыры, қоғамдағы орны мен міндеті төңірегіндегі алуан пікір, ғылыми зерттеулердегі қилы-қилы байлам тұжырым бір арнаға сыймайтыны бүгінгі күннің ақиқаты ғана емес, ғасырлардан бері желісі үзілмей келе жатқан үдеріс.
Кеңестік тарихнамада ұлттық саяси партиялар тарихы, ұлт-азаттық қозғалыс көсемдерінің өмір жолын зерттеуі қолдау тапқан емес, ал зерттеле қалған күнде тарихи шындықтан алшақ бұрмаланып жазылды. Зерттеушілер олардың қызметіне буржуазияшыл-ұлтшыл, контрреволюционер,халық жауы деген баға берді. Мұндай тұжырым алаштық бағыттағы қазақ зиялы-ларына да қатысты. Сондықтан тарихнамада теріс, біржақты баяндалуы да, бұл тақырыптың зерттелу қажеттілігін айқындай түседі. Қазақтың жекелеген ұлттық зиялыларының өмірі мен шығармашылық қызметі бүгінге дейін көп болмаса да әдебиеттану ғылымы тұрғысынан ғана арнайы зерттелген. Тарих ғылымында тәуелсіздік жылдары ғана жеке-жеке тұлғалық зерттеулер шыға бастады. Тарихнамада мәселенің зерттелуін 3 кезеңге бөлуге болады: І кезең - ұлт зиялыларының жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырағанға дейінгі 1920-жылдан бастап, 1957 жылы ақталғанға дейінгі кезеңді қамтиды. ІІ кезең - ұлттық зиялыларды 1957-1958 жылғы ақтау шараларынан бастап тәуелсіздік жылда-рына дейінгі аралықты; ІІІ кезең - 1991 жылғы тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі отандық тарихқа жаңаша көзқарастың қалыптасуымен байланысты.
Қазақстандағы кеңестік тарихтануда ең үлкен бұрмалауға ұшыраған, әрине, ұлттық интеллегенцияның қоғамдық-саяси көзқарасы мен қызметі. ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысты екі ағымға: халықтық-революциялық және феодалдық- буржуазиялық ағымдарға бөле отырып, кеңестік тарихнама ХХ ғасырда ұлттық интеллегенцияның саяси-қоғамдық қызметін буржуазия-лық ұлтшылдықтың көрінісі ретінде сипаттап оны бірінші ағымға қарсы қойды. Әрине, тарих ғылымында Ресейдегі революциясының қазақ қоғамына ықпалына және ұлттық интеллегенцияның қоғамдық қызметіне байланысты тек осы жалғыз пікір ғана болды десек қателікке ұрынар едік.
Зерттеулерге келсек, алғашқы жазылу мезгілі азамат соғысы аяқталысы-мен басталған, 1920-жылдардың ортасына дейінгі аралықты қамтитын еңбек-тердің (естеліктер, мақалалар, арнайы зерттеулер) бірсыпырасы [3,213] кейінгі жылдарға қарағанда біршама обьективті жазылған. Қазақ зиялыларының қоғам өміріндегі саяси ахуал, елдің әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігі, рухани сала жайынан алуан түрлі мазмұндағы мәліметтері мен хабарларынан, саяси өзгерістерге талдау жасаған немесе идеологиялық мақсатта жазған өздерінің мақалаларынан мол мағлұмат аламыз. Сонымен бірге ұлт зиялыларының саяси-идеялық көзқарастарының қалыптасып, даму эволюциясынан және өмірбаян-дық беттерінің көмескі тұстарын қалпына келтіру үшін мәліметтер береді.
Содан кейін, іле-шала бұл мәселеге қалам тартқан С.Сейфуллиннің, Қазақ зиялылары хақында деген мақаласы мен Тар жол, тайғақ кешу тарихи-публицистикалық еңбегі жарық көрген. Алашордашылардың көпшілігін жақсы танитын, олардың жетекшілерімен замандас С.Сейфуллин бұл еңбек-терде 1905 жылдан бастап ұлттық теңдік туралы идеяны ұран етіп алған, жаңа оянып келе жатқан қазақ интеллигенциясының басшыларын атай отырып, олардың даму эволюциясына талдау жасаған. Алаш қозғалысы, Алаш партиясы, Алашорда өкіметі деген ұғымдарды жиі қолданады. Бірақ, бұл атаулардың бір-бірінен қаншалықты өзгешелігі бар екендігіне тоқталып, мән бермейді. Қазақ зиялылары хақында- қазақ интеллигенциясы туралы атты мақаласында ол өзіне тән жалынды большевиктік рухымен Алаш қайрат-керлеріне контрреволюцияшыл, реакцияшыл деп атағанымен, бірақ Қазақ газеті шыққанға дейінгі ізденістеріне жоғары баға берген. Әсіресе, 1936 жылдан кейінгі басылымдарда шындықтың шырайын бұзатын сөз орамдары да жиі кездеседі. Демек, С.Сейфуллин қаншама нақты дерекпен сөйлеймін десе де жекелеген тұлғалар туралы сөз қозғағанда саяси дүрмектен бұра тарта алмай, кезеңдік идеологияның сойылын соққанын көреміз [4,63].
1922 жылдан қазақ қайраткерлеріне қарсы саясат бел алып, жоғарғы мем-лекеттік билікте жүрген алашордашылардың көпшілігін қуғындау басталған болатын. Бұған негіз болған РКП(б) Орталық Комитетінің Қырғыз (Қазақ) бюросының кеңес органдарының құрамына әлеуметтік тегі жағынан жұмыс-шы немесе шаруа әулетінен шыққан адамдарды сайлау, сондай-ақ, алашорда-шыларды және олармен тығыз байланысты болғандарды ұсынбау жөніндегі шешімі еді. Ал 1922 жылы Степная правда газетінің 26-27 шілдедегі 160-161-сандарында Н.Ш. деген бүркеме атпен жарияланған К истории революцион-ного движения в Восточной Киргизии деген мақала бұл мәселе бойынша баспасөз бетіндегі саяси пікірталасқа жол ашып берді. Бұл пікірталасқа Ә.Байдилдин, А.Кенжин, М.Атаниязовтар қатысады.[5,254] Пікірталас барысында Ә.Байдилдин де, А.Кенжин де кезінде Қазақ газетінің тәрбиесінде, Алаш-орданың ықпалында болғандықтан және Алаш партиясының кешегі мүшесі ретінде Алаш қозғалысын тек қана жаман қырынан көрсетуге тырысу әділетсіз іс деген пікірлерін білдірді. Ал М.Атаниязов болса, Алаш партиясының контр-революцияшылдығын ашып көрсетуге тырысқан.
Қазақ қоғамындағы жастардың орны мен ролі туралы сөз қозғап, алашшыл жастардың ұлтшылдық жолына түсуін табиғи заңдылық есебінде бағалаған, сол кездегі жастар қозғалысының жетекшілерінің бірі - Смағұл Сәдуақасов өзінің 1921-жылы жарық көрген Жастарға - жаңа жол деген кітапшасында жастар қозғалысының тарихын жан-жақты баяндап берген [6,99]. Автор Ақпан революциясынан кейін ашылған Қазақстанның барлық аймақтарндағы алашшыл ұлттық жастар ұйымдарының ұзын саны 21 болғанын атап көрсетеді.[6,102-103] Бірақ дерек көздеріне қарағанда, тек Қазақстанның солтүстік-шығыс аумағында ғана алашшыл жастардың 20-ға жуық ұйымы қызмет еткеніне көз жеткіземіз. Сонымен бірге, 1924-жылы Мәскеуден басылып шыққан Қошке Кемеңгерұлының Қазақ тарихынан атты еңбегінде қазақ халқының өткеніне шол жасай келе, ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіне байланысты, Үш жүз партиясының табиғатына қатысты айтылған пікірлері өте құнды болып табылады [7,109].

Тоталитарлық тәртіп жүргізген саяси репрессияларға байланысты кеңестiк тарихнаманың қысқаша тұжырымы мынаған саяды: Қазақ елi өз ұлтшыл-дарынан, байшылдарынан құлан таза құтылып, большевиктердiң қызыл туы астында интернационалистiк жолға түстi. Яғни кеңестiк тарихнама үзiлiссiз жүргiзiлген репрессияларды қажеттiлiктен туған шара ретiнде қарастырды. Кеңестік тарихнамада сол кезеңдегі зерттеушілердің негізгі мақсаты социалис-тік қайта құрулардың жағымды жақтарын теріп көрсету болса керек. Кемшілік-тері не тіптен айтылмады, не жадағай айтылып, тағы да осы қателіктерді дер кезінде көріп, оны тез түзей алған партия басшылығының кемеңгерлігі мадақ-талды. Осылай, қателіктердің өзін жеңіске айналдыру (инверсиялау) дағдысы кеңестік тарихнамаға тән екендігі анық болатын. Ресми тарихнаманың басқаша ұстанымда болуы да мүмкiн емес-тiн. Өйткенi оның өзi, проф. Ю.Афанасьев айтқандай, кеңестiк режимге енген, анығырақ айтқанда репрессияланған ғылым болатын. Бұл арада сөз тарихшы аталған әулеттiң түгелдей өз ұстанымын билiк пен ресми идеология талаптарына ылғи да бейiмдеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуы
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
Кеңес өкіметі және оның орнауы мәселелері ұлт зиялылары еңбектерінде
ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ САЯСИ КҮРЕС
Сталиндік репрессия және қазақ зиялылары
КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛІПБИДІ ӨЗГЕРТУ РЕФОРМАЛАРЫ
Жолайырық
Кеңес үкіметі кезіндегі қазақ зиялылары
Қазақ зиялылары қазақ тілінің мәртебесі жайында
20 ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мәдениеті
Пәндер