Экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын айқындау



МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Қазақстандағы экологиялық проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

2. 2 Қазақстандағы экологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

2. 3 Экологиялық мәселелерді шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе

Адамзат жаһандық проблемалардың ауыр жүгін арқалап, XXI ғасырға қадам басты, олардың шешімі әлеуметтік прогресс және адамзаттың өркениетінің аман қалуына тәуелді болып тұр. Ол мәселелердің қатарындағы ең өткірі экологиялық проблема болып табылады. Адамзат үшін атомдық және химиялық әлемде өмір сүру неғұрлым қолайлы болуда, бірақ радиация, қоршаған ортаның улы қосылыстармен ластануы, химиялық қарулардың әлеуетті қаупі адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін қосымша мәселелердің пайда болуына әкелді.
Зерттеудің өзектілігі. Экологиялық проблемалардың барлық түрлері тең дәрежеде Қазақстанның алдында да тұр. Алайда біздің елімізде жағдайды күрделілендіретін мәселе - Қазақстанның ұзақ уақыт бойы ядролық қаруларды сынаудың базасы болып табылуы. Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайдың нашарлауы тұрғындардың өміріне қауіп төндіруде. Әскери полигондардағы сынақтарды, өнеркәсіптік кәсіпорындарды пайдаланып болған соң, улы өнеркәсіптік заттарды тонналап қоршаған ортаға тастауынан, ал ауыл шаруашылығы арам шөптер мен құрт-құмырсқаларды жою үшін улы химиялық заттарды пайдалануынан Республика аумағының төрттен бір бөлігі өмір сүруге жарамсыз. Жердің шөлге айналу салдарынан жайылымдардың тең жартысы пайдалануға келмейді, суармалы жердің 75% сортаң жерлерге айналған. Жекелеген аудандарда адамдардың орташа өмір сүру ұзақтылығы дамыған елдерге қарағанда 15-20 жылға қысқарды.
Бүгінгі күнде Қазақстанда ғылыми зерттеу жұмыстарының көбі қоршаған ортаны қорғау саласына ерекше назар аударуда. 2007 жылы 9 қаңтарда ҚР Экологиялық кодексі қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстан ТМД елдері арасындағы осындай кодексті қабылдаған жалғыз ел екенін ерекше атап өту қажет. Бұдан басқа, үш томдық ұлттық Экологиялық атлас құрастырылған, әскери-сынақ полигондарында және Байқоңыр космодромында зерттеу жұмыстары жүргізілуде, қоршаған ортаның жағдайы және тұрғындардың денсаулығы арасындағы байланыс мәселелері зерттелуде. Жыл сайын қоршаған ортаның жай-күйі туралы ұлттық есеп баспаға шығарылады.
Алайда экологиялық проблемаларды шешу тек мемлекеттің ісі ғана болуы мүмкін емес. Әрбір адамның бойында осыған деген өз қатысын, елінің экологиялық болашағы үшін азамат ретіндегі оның жауапкершілігі туралы түсінігін қалыптастыру қажет. Сондықтан оқушыларға экологиялық тәрбие беруді отаншылдық тәрбие берудің құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыруға болады.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстанда бүгінгі күні орын алған экологиялық мәселелерге зерттеу жасай отырып, оларды тиімді шешу жолдарын танып-білу.
Зерттеу міндеттері:
- Қазақстандағы экономикалық мәселелерге терең сипаттама жасау;
- Оның адамзат өміріндегі алатын орнын айқындап, маңыздылығын ашу;
- Экономикалық мәселелерді шешу жолындағы жасалынып жатқан зерттеулер мен ізденістерге талдау жасау;
- Экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын айқындау.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Қазақстандағы экологиялық проблемалар

Қазақстан Республикасы жаңа ғасыр табалдырығын аттай отырып, басқа мемлекеттер сияқты қоршаған орта туралы күрделі проблемаларға тап болды.
Қазақстанда ондаған жылдар бойы қоршаған ортаға экстремалды жоғары техногенді жүктемелерге байланысты табиғатты пайдаланудың шикізатты басым жүйесі жіктелді. Бұл пайда болудың ғана себепшісі емес, сонымен қатар біздің республикамызда ауыр зардаптар түрінде қалған экологиялық проблемалардың тұрақты өсуіне де байланысты.
Экологиялық қауіпсіз және орнықты дамуға көшу қазіргі уақытта Қазақстанның даму стратегиясындағы басым бағыттардың біріне айналып келеді, мұнда оның құрамдас бөліктерінің бірі қоршаған ортаны қорғау болып табылады. Осы мақсатта қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның, су көздерінің жай-күйі, өндіріс пен тұтыну қалдықтары, сондай-ақ Қазақстанда табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу мен қоршаған ортаны қорғау туралы ақпарат зерделенді.
Бүгінгі таңда әлемде өте ірі әрі дамыған қалалар саны өте көп. Қала халқының саны артып, өндіріс көлемі ұлғайған сайын оның қоршаған ортаға тигізер зияны да арта түседі.
Семей ядролық полигонында 40 жыл бойы жүргізілген ядролық қаруларды сынау қоршаған табиғат ортасына және адамдардың денсаулығына орны толмас зардаптарын әкелді, халықтың өлім-жітіміне, жалпы ауру түрлерінің артуына әкелді. Семей өңірінің барлық аумағы, Павлодар, Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарына шекаралас жатқан полигон экологиялық зардаптар аймағы болып танылған.
Планетаны Арал теңізі проблемасы алаңдатуда, оның өміршең қажетті су ресурстарын қалпына келтіру үшін ғалымдардың күштері бағытталған.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудың мүлдем жаңа мемлекеттік жүйесін құру мен қалпына келтіру жылдары болды. Оның бастауына мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісі қызмет етті, онда Қазақстандағы экологиялық проблемалар алғашқы рет қарастырылды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажеттілік анықталды.
Осы мақсатта Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Президент Жарлығымен бекітілген 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеген. Осы тұжырымдаманың негізі 2030 Стратегиясында салынған, онда қоршаған ортаны қоректендіру, тазалығын жақсарту және экология біздің мемлекетіміздің дамуындағы басым бағыттардың бірі болып табылады.
Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасының жалпы түсінігі дәстүрлігімен қатар, дәстүрлі емес сипаттағы қатерлердің кең спектрін енгізеді, олардың арасында қоршаған орта жағдайының нашарлауы негізгі компоненттердің бірі болып табылады. Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің негізгі стратегиялық компоненттері және мемлекеттік басымдықтардың маңызды аспектісі болып табылады, себебі адамзат дамуының осы кезеңінде экологиялық проблемалар тірі қалу роблемасына өтуі мүмкін кезде биосфераға мүмкін әсер ету шегінде болады [1, 45 б.].
Қазіргі кезде біздің республикамыздың көптеген өңірлерінде экологиялық ахуал тек қолайсыз ғана емес, сонымен қатар өте апатты жағдайда. Бүгінгі кезде барынша қауіптісі экологиялық дағдарыстың пайда болуы болып табылады, техногендік босауға, топырақтың құлдырауы, су ресурстарының азаюы мен ластануы, ормандар санының қысқаруы, биологиялық әр түрліліктің қайтарымсыз қысқаруы және тірі табиғаттың генетикалық қорының бұзылуы, радиациялық бұзылу, қауіпті және улы заттардың жинақталуы жатады.

2. 2 Қазақстандағы экологиялық зерттеулер мен бағдарламалар

Елбасының қолдауымен 1999 жылы біздің республикада экологиялық білім бағдарламасы, экологиялық білім тұжырымдамасы, т.б. құжаттар қабылданды. Мектептер үшін экологиялық білім беру бағдарламасы, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Мұның бәрі Қазақстанда 2030 бағдарламасын іске асыру бағытында орындалып жатқан игі істеп болса керек. 2003 жылы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдасына (№1241 Жарлығымен) қол қойды. Бұл Қазақстанда қалыптасып отырған экологиялық ақуалды жақсартудың шараларын белгілеген аса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік экологиялық мәселелер
Жоғары оқу орындарында шетел тілін үйренудің теориялық негіздері
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАНЖАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАР
Педагогтың кәсіби-әдістемелік дайындығын дамыту мәселелері
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру
Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы, зерттеу тұжырымдамасы (проблемалық дәріс)
Ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу
Менеджменттегі басқарушылық шешімдердің рөлі
Жастар — ел ертеңі
Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі мәселелері және міндеттері
Пәндер