Мәдениаралық құзыр



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мәдениаралық құзыр
Мәдениаралық құзырлық-бұл тұлғанын басқа мәдениет өкілдерімен жақсы қарым-қатынаста болу қабілеттілігі. Бұл қабілеттілік тұлғаның жас кезінде немесе уақыт өте келе дамуы мүмкін. Мәдениаралық құзырлық структурасына мыналар кіреді:
1) жалпы мәдениеттанулық және мәдени спецификтикалық білім.
2) тәжірибелік қарым-қатынастарды дағдысы
3) мәдениаралық психологиялық қабылдаушылық

:: Пайда болу себептері
Әрбір адамның жеке басының тарихы, жеке өмірі және де үлкен есеппен алғанда өзінің жеке мәдениеті (географиялық, этникалық, моральдік, этикалық, дін, саяси және оның тарихи аспектілері ) және мәдени қажеттеліктері. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста бұл әрине басқа мәдени ортаның, басқа мемлекеттің, басқа жыныстың адамдарына қатысты. Бірақ, бір отбасы ішінде де әртүрлі мәдени құндылықтар тоғысуы мүмкін.
:: Ұстанымдары
Сезімталдық , өзіне сенімділік, өзге мінез-құлықты және ақыл-ой үлгісін түсіне біліп, өз ойын тура, дәл,нақты жеткізе білу қабілеттілігі түсінікті бола білу және икемділікт көрсете білу мәдениаралық құзырлықтың басты ұстанымдары болып табылады. Бұл жерде басты ұстаным:
* Өзге мәдениетке, тұлғаға,ұлтқа сай тәжірбие мен білім
* Сезімталдылық эмпатия (өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі) өзін өзгенің орнына қойып, оның сезімін, қажеттілігін түсіне білу.
* Өзіне деген сенімділікпен, өзінің күшімен әлсізділігінің, қажеттілігі мен эмоционалдық тұрақтылығын сезіне білу.

:: Мәдени айырмашылық
Мәдени белгілер анализінде мәдени масштаб және мәдени аспект арасында бөледі:
* Индивидуализмде (жеке ынталандыру) және коллективизм (яғни топтық ынталандыру)
* Фемининность (үздік өмір сапасымен бәрыңғай ұжымға бағыт-бағдар арқылы сәкестілік қағидасымен жанжалды шешу) конкуреттікке бағдар арқылы тең күресте жанжалдылық шешім.

* Сенімсіздіктен қашу (өзіне қарсы келген жағдайда)

* Биліктік қашықтық ( нақты немесе сезәмге сүйену арқылы белгілі бір қоғам ішіндегі иерархиялық деңгейлер арасындағы айырмашылық бұл қоғам мүшелерінің иерархиялық қабылдау деңгейі, яғни билікті теңдей өлшеуі)

* Монохрондық (бүкіл әрекеттер ретімен орындалады. Полехрондық (көптеген әрекеттер бір уақытта орындалады)

* Структуралық белгілермен (мысалы, орентациямен құндылықтарға бағдар, уақытты және кеңістікті сезіне білу, вербалды коммуникацияны , мәнез-құлық мәнерін селективті қабылдау.
Осы критериялармен елдерді,аумақтарды, әлеуметтік топтарды және де жеке тұлғаларды айырады. Алдына мақсат қойып дайындала білген тұлғалар келісімдерде, әріптектікте орны жоғары болып, жауапты қызметтерге тағайындалуы мүмкін.
:: Мәдениаралық құзырлық тардың моделі
Бізге 13 елдің ғалымдарының мәдениаралық құзырлықтың 66 моделі белгілі. Н.В Черняк классификациясында структуралық компонеттерді өзара қарым-қатынас белгілері бойынша мынадай модельдерге бөлінеді:
Номенклатуралық
Структуралы
Каузальды (себеп-салдар)
Орентациялы
Динамикалы
Мәдениаралық құзырлықтың универсалды және мәдениспецификалық модельдері бар.
Бір үлкен шаңыраққа айналған бұл әлемде ұлтаралық, мәдениаралық қатынастар күннен күнге шекарасын одан әрі кеңейтіп, нығаю үстінде. Осы әлемдік көлемдегі үрдістен қалмай, оған өзінің де үлесін қосам дегендер, елінің болашағын ойлайтын азаматтар әртүрлі тілдерді жан-жақты меңгеруде. Бірақ өзге ұлтпен тіл табысып, жақсы қарым-қатынаста болу үшін сол елдің тек қана тілін меңгеру жеткіліксіз екені атқа таңба салғандай. Сонымен қатар, сол елдің тарихын, ұлттық-мәдени ерекшеліктерін, менталитетін, құндылықтар жүйесін, бір сөзбен айтсақ, мәдениетін білген абзал болар.
Осындай заманауи талаптарға сәйкес қазіргі таңда өзге ұлт өкілдерінің екінші тілді меңгеру барысында мәдениетаралық құзіреттілігіне айрықша назар аударылуда. Екінші тілді меңгеру мәселесі, әсіресе орыс-қазақ екітілдігі, қазақстандық лингвисттердің еңбектерінде жан-жақты зерттелген.
Атап айтатын болсақ, еліміздің белгілі ғалымы Б.Хасанұлы өзініңзерттеулерінде қазақ және орыс тілдерінің қолданылуының заңдамаларын, заманауи тілдік жағдайдағы туған тілдің мәселелерін т.б. өзекті мәселелерін қозғаса, тағы бір қазақстандық лингвистика саласының алпауыты Э.Д.Сулейменова қазақ және орыс тілдерінің дамуының негізгі үрдістері, екі тілді тұлға мен оның креативтік және педагогикалық тұрғыдан дамуы туралы айтып өткен. Әртүрлі деңгейдегі интерференция мәселесі М.М. Копыленко, З.К. Ахметжанова, М.К. Исаева, М.Т. Тезекбаева және К.М. Байболсынованың Интерференция в русской речи казахов атты коллективтік монографиясында орын алған. Г.С. Суюнованың ғылыми жұмыстары қазақ - лингвистарының араласатын қоғамына байланысты кодтық алмасу мәселесін қарастырған болса, ал Г.Д. Алдабергенова тұлғаның интеллектуалдық, этнопсихологилық және этномәдениеттік дамуындағы екі тілділіктің орнын мектеп жастағы билингвжәне монолингв балалардың мысалында анықтаған. Мәдениетаралық компетенция мәселелері жөнінде Н.Н.Васильева, Л.В.Екшембеева, Ж.А.Нұршаихова,Г.С.Суюнова тағы басқа да ғалымдары өзінің еңбектерінде сөз қозғаған. Құзірет, яғни компетенция, дегеніміз сөйлеубарысында қолдану мүддесінде тілді үйренген адамның алған білімінің, тілді үйрену барысында қалыптастырған білік-дағдыларының жиынтығы, білімі мен білік-дағдыларын қолдана білу қабілеті, ал коммуникативтік құзірет нақты әлеуметтік жағдаятта тілді пайдалану нормаларын білу дегенді білдіреді. Осыдан келе мәдениетаралық құзірет ол көп тілдік қоғамда тек қана меңгеріп жатқан екінші тілдің тілдік заңдарын білумен шектелмейді, сонымен қатар тілді сол елдің мәдениетімен сабақтастырып оқытуды, алған білімін практикада мейлінше дұрыс, объектівті қолдана білуді қарастырады. Ұлттық мәдениет, мiнез-құлықтың шағылысулары коммуникацияның арқасында өрнектеледi. Коммуникацияның нақ сол ауызша және ауызша емес символдары халықты және оның сипаттарын, мәдениеттiн, салт-дәстүрін айқын суреттеп береді. Мәдениетаралық компетенция екінші тілді меңгеру барысында үлкен рөл артқарады. Оның қалыптасуы шеттілдік кодты меңгеру мен тұлғаның қоғамға әлеуметтік-мәдени тұрғыдан сіңісуіне тікелей байланысты.

Мақалада көп этникалық ортадағы жағдайда екіншілік тілдік тұлғаның мәдениетаралық құзыретін қалыптастыруға байланысты мәселелер қарастырылады. Мәдениетаралық құзырет өз мәдениеті туралы білімін, бөтен ел мәдениеті туралы алған білімін, аккультурация стратегиясын, сонымен қатар басқа мәдениет өкілдерімен сөйлесе алуын үйренгенін байланыстыратын екіншілік тілдік құзырет тілдік санасының мазмұнды түрі ретінде қарастырылады. Екіншілік тілдік тұлғаның мәдениетаралық құзыретін қалыптастырудың теориялық мәселелері ретінде мәдениетаралық қарым-қатынастың объективті деректерін үйрену ұсынылады. Көп этникалық қоғамда ешбір мәдениеттің бөлектеніп жатпағандығы мәдениетаралық қарым-қатынастың объективті дәлелі болып табылады. Кез келген тілді меңгеруде үйренетін тіл мәдениеті туралы біліміне иек арту керек. Өзінің және өзге мәдениет туралы білім жиынтығы ретінде мәдениетаралық қарым-қатынаста пайда болатын интермәдениетті қалыптастыру екінші факті болып саналады. Екіншілік тілдік тұлғаның мәдени бейімделуі мәдениетаралық қарым-қатынас компоненті ретінде алдына мақсат етіп қойған тілді үйренгенде және өзге мәдениет туралы білімін толықтырғанда ғана болады. Мақалада екіншілік тілдік тұлғаның мәдениетке бейімделуінің стратегиялары аталып өтіледі. Мәдениетаралық құзыреттіліктің қалыптасуы екіншілік тілдік тұлғаның сәйкестілікке ауысуына алып келеді. Мақалада өзін сәйкестендірудегі екіншілік тілдік тұлға уәждемесінің құрылысын жасаушы себептері қарастырылады. Көп этникалық кеңістікте екіншілік тілдік тұлғаның мәдениетаралық құзыретін қалыптастыру бірнеше субъективті және объективті фактілердің болуынан орын алады. Тіл меңгерушінің үйреніп жатқан тілі мен мәдениетіне деген төзімділігін қалыптастыру, стереотиптерден босату және студенттердің коммуникативті-когнитивтік шығармашылығын жандандырудың тиімді жолдарын іздеу басты мақсат болып табылады

Мәдениетаралық құзырлық екінші тілді меңгеру барысында үлкен рөл артқарады. Оның қалыптасуы шеттілдік кодты меңгеру мен тұлғаның қоғамға әлеуметтік-мәдени тұрғыдан сіңісуіне тікелей байланысты. Мәдениетаралық құзырлық белгілі бір қоғамда жағдай, тақырыпқа байланысты дұрыс, сәйкесінше қабылданатын сөйлеу мәдениеті ретінде қарастырылады. Ата жұртына оралған студент-оралмандардың орыс тілін меңгеру мәселесіне келгенде бүл аспектінің маңыздылығы арта түседі, себебі
қазақстандық студенттерден олардың айырмашылығы көбісінің орыс тілін
мүлдем білмеуі, сонымен қатар орыс тілін меңгергенде студент-оралмандар
тек жаңа тілдік жүйемен танысып қана қоймай, сондай-ақ оларға бейтаныс
мәдениетпен бетпе-бет кездескенде белгілі бір қиындықтарға кез болады.
Мәдениетаралық қарым-қатынастың нәтижесі ретінде болжауға келетін
түсініспеушіліктер болуы мүмкін. Бұл мәселе оқушыда тілдік және
мәдениетаралық құзырлықтарды сабақтастыра қалыптастыруды көздеген
лингвоәдістемелік міндеттердің шешімін талап етеді. Осы міндеттер екінші
тілді меңгеру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернеттегі коммуникация және қоғамның тілдік даму мәселесі
Жоғары буында ағылшын тілін оқытуда біліктілік-бағыттаушы амал
Кәсіби құзыреттілік ұғымының мазмұны
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Жаһандану жағдайына болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны, әдістемесі
Мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу
Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыру
Шетел тілі мұғалімінің мәдениаралық коммуникативті біліктілігін қалыптастыруда интернетті пайдалану
Педагогикалық құзырлық түсінігі
Мәдениет - бұл тарихи құбылыс
Пәндер