Қарахан мемлекетінің құрылуы және Сатух Боғра Қараханның кезеңі



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

1. Қарахан мемлекетінің құрылуы және Сатух Боғра Қараханның кезеңі
2. Қарахандардағы жер иелену жүйесі және Ихта институты
3. Қарахандардың Мауранахрға жорығы және саяси билік үшін көршілерімен
күресі
4. Қарахандардың Газнауилермен және Селжұқтармен қарым-қатынасы
5. ХІ ғ саяси өзгерістер және Қидандардың шабуылы. Қарахан мемлекетінің
ыдырауы.

Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария,Талас, Шу өңірін
құтты қоныс етті. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағүн,
кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы болды. Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке,
Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттары мен қолөнершілері
мекендеген.
Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915 955 жж.) болып
есептелінеді. Ол Қарахан хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін
асырушылардың бірі - Білге құл - Қадырханның немересі. Сатұқ Тараз және
Қашқар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып,
өзін жоғары қаған деп жариялайды. Қарахан мемлекетінің өз тарихы осы
уақыттан басталды. Мемлекеттің күшеюіне қарлық, шігіл, ягма тайпалары үлкен
үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960
жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астана қаласы
Қашғар болды. Сатұктың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді.
Кейін бұл өңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды.
955 жылы Мұса өлген соң Қарақан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның
баласы Әли Арсылан ханға көшті. Оның енші жерінің орталығы Қашғар болды.
Сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді.
Қарахан мемлекетінің саяси тарихы Әли Арсылан өмір сүрген алғашқы ондаған
жылдың өзінде-ақ негізінен ықпалды әрі күшті екі отбасы әулетінің - Әли
Арсылан хан мен Хасан (Харун) Боғра ханның ұрпақтары арасындағы өзара
қырқысқан күреске толы болды. Алғашқы кезде Әли Р) ұрпағының ықпалы
күштірек болса, ал кейін бұл ықпал Хасан (Хасанилерге) ұрпақтарына көшті.
X ғ. 80-ші жылдарында Орта Азиядағы күшті мемлекет Согдиана феодалдық
талас-тартыстардың нәтижесінде әлсірей бастады. Оны Қарахан мемлекетінің
билеушілері пайдаланды. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун)
Богра хан Исфиджабты бағындырды. Ал 992 жылы карахандықтар шығыста Хотанды,
батыста Бұқараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсыланның
баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне ойсырата соққы берді.
Қарахан хандығы қиян-кескі ұзақ соғыстардан кейін 1004-1005 жылдары
Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті ХІ-
ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді: 1.
Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы
әуелі Орда (Баласағұнға жақын), кейін Қашғар қаласы болды. 2. Мәуеренахр
жерлері - Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Үзкент, кейінірек Самарқанд
болды.
Жетісу мен Шығыс Түркістанды XI ғ. басында Хасан әулетінен шыққан
Туған хан билеп тұрды. Бірақ онымен Боғра-хан Харунның баласы Қадырхан
Жүсіп бәсекелес болды. 1005 жылы Қадыр-хан Жүсіп Туған- ханды Қашғардан
тықсырып шығарды.
1017-1018 жж. Жетісу Шығыстан көшпелі тайпалар шабуылына үшырады.
Олармен шайқастан кейін көп ұзамай Туған хан дүние салды. Осы кезде Қадыр-
хан едәуір күшейіп, Шығыс Қарахан мемлекетіндегі бүкіл билік оның қолына
көшеді. 1032 жылы Қадыр-ханның иелігіне Жетісу, Исфид-жаб пен Тараз
өңірлері және Шығыс Түркістан жері қарады. Бірақ осыған қарамастан Шығыс
Қарахан қағандығында билік үшін күрес шиеленісе түсті.
1056 жылы Қадырханның ұлы Иинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы
күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алды, бірақ ол көп ұзамай Ииналды у
беріп өлтіреді. Тақкд Иинал-тегінің баласы Ибраһим ие болады, ол біраздан
кейін Барысхан өміршілігімен соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс
қағанатын он бес жыл бойы 1059-1074 жж. Кадырханның балалары Юсуф
Тоғрулхан мен Бограхан Харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс
қағанатқа күшпен қосылады, ал екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны
бойлай өтеді.
Қарахан мемлекетінін басшысы - хақан, оған ең жақын кеңесші, көмекші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарахан мемлекеті - ертедегі мемлекет
ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЭТНИКАЛЫҚ-САЯСИ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қарахан мемлекетінің құрылуы және оның территориясы
Қарахан мемлекеті
Қарахан мемлекеті, жер аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы, саяси құрылысы, мәдениеті
Ұлы Түркі қағанаты
Қараханн мемлекетінің негізін салушы хан
Қарахандықтар мемлекетінің қалыптасуы
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Көне түрік, Батыс түрiк, Түргеш қағанаттары
Пәндер