Қарахан мемлекеті, жер аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы, саяси құрылысы, мәдениеті


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қарахан мемлекеті, жер аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы, саяси құрылысы, мәдениеті.

Қарахан мемлекеті туралы негізгі қүжаттарды және хабарларды араб және парсы авторларының еңбектерінен білеміз. Қарахандық жалғыз тарихшы - имам Абул Футухал Гафира әл-Алманидың "Тарихи Қашқар" кітабынан бір ғана қарахандықтардың шығу тегі туралы азды-көпті мәлімет берді. В. В. Бартольд қарахандықтардың тегін іздеуде үш тайпаны қарлұқ, яғма, шігіл (чигиль) атаумен шектеледі. Осылардан белгілі болғаны - шігілдер мен яғмалар, түркештер тайпала-рының біреуі, тухсиляр, орхон түркілерінің қалдықтары қарлұқ тайпалары одағының құрамына кірді және бұл тайпалардың одағы тарихта IX ғасырдан бері бірге деп есептелінеді. Сонымен Қарахан мемлекеті қарлұқ шігіл мен яғма тайпаларынан құрылды.

Қарахан әулетінің бірінші билеушісі Білге Қүл Қадыр қаған болды. Қарахан мемлекетіндегі билік екі тайпаның ақсүйектері арасында бөлінді. IX ғасырда Қарахан тайпалық одағының негізін құраған шігілдер мен яғмалар тайпасы болатын. Шығыс бөлігінің қағаны шігіл тайпасынан шыққан. Ол Арслан Қара қаған деп атадды. Оның астанасы Баласағүн 1 мен Қашқарда болды. Батыс бөлігінің қағаны яғни кіші қаған Таразда, кейінірек Самарқанда болды. Осылайша билеушілердің күрделі иерархиясы өмір сүрді.

Қарахан қағаны Оғылшақ тұсында Самани әмірі -Исмаил Ибн Ахмад 993 жылы Таразға жорық жасады . . . Олар (ирандықтар) 993 жылы Тараз қаласын басып алып, оған қоса түркілердің қимақ тайпасының жерін, кейіннен ұлан байтақ жерге иелік еткен қыпшақ халқы шыққан аймақты, Ертіске барар жолды жаулап алды.

Қарахандықтар мен Саманилер арасында үзаққа созылған ауыр соғыс басталды. Ақыр соңында түркілер жеңіп шықты. Саманилер мемлекетін түркілердің жаулап алуы X ғасырдың соңында Қашқарда емес, Баласағүнда іске асты. 922 жылы Богра ханның Самарқан және Бұхара алғашқы сәтті жорығы жасалды. Содан соң ол Баласағүнға қайтып оралды, сол жерде сол жылы (923 ж. ) Богра хан қайтыс болды.

Бірінші болып ислам дінін қабылдаған (960 ж. ) Сатух Богра ханның немересі Богра хан Харунның түркі мирасты-ғының қол астындағы аздаған түркі иелігі орналасқан Исфиджаб немесе Сайрамды меншіктенуі оның алғашқы қадамы бодды.

Мауреннаһрды жаулап алғаннан кейін қарахандықтар бұл маңның негізгі қалалары болып табылатын Бұхарада не Самарқанда түрмады. Олардың орталығы алғашында Шығыс Өзкенттегі бұрын үлкен маңызы болмаған шекаралық Ферғана қаласы бодды. Өзкент бұрыннан бар қала болса да, түркілер оны өздерінше атап алды: "Узкент - наш собственный город". Шаш (Ташкент) маңайының негізгі қаласы Бинкент те түркі атауын алды. Бируни шығармаларынан білетініміздей, XI ғасырда Бинкент атауының орнына түркіше Ташкент "тас қала" атауы өмір сүрді.

1008 жылдың қаңтарында Қарахан әскерлері Балх 1 (Вазирабад) қаласына шабуыл жасап, Солтүстік Ауғанстан түбегінде Ғазнау 2 отрядтарынан жеңіліп, содан соң Амудариядан әрі жорыққа шыққан жоқ.

Қарақандықтар ғазнауилермен болған соғыста көптеген шығынға үшырады. Кейін батыстық Богра Қара қаған, шығыстық Арслан Қара қағанның жері - Шығыс Түркістан бол-ды. Шекарасы Махмуд Қашқаридың айтуымен ғана мәлім.

Жеке-дара аймақтарды билеуші әулет құрамындағы Ілек хандар өзара қырқысьш, алауыздық тартыстар өріс адды. Тамгач ханға бағынғысы келмеді. Соның салдарынан мемлекет әлсіреді.

Қорыта келгенде, Қарахан мемлекеті түрік халықтарының алғашқы феодаддық мемлекеті. 940 ж. Түрк тайпалары Қарл үқ қағандығының астанасы Баласағүн қаласын басып алып, Жетісу, Қашқар жерін қамтыған қарахан мемлекетің қүрды. 990 ж. Қарахан әулетіне Тараз бен Исфиджаб біріктірілді. 992 ж. Қарахан мемлекетінің билеушісі Боғрахан Хасан аз уақытқа болса да Бұхараны басып алды. Ал 999 ж. Олар Орта Азиядағы самани әулеті иеленген жерлерді жаулады. Амудария қарахан әулеті мен ғазнауи ә>летінің арасыңдағы шекара бодды. Қарахан әулеті 2 ғасыр бойы Амудариядан бастап, Сырдарияның төменгі ағысынан батысында Жетісу Қашқарға дейінгі жерлерді жайлады. Қарахан мемлекетінде Қарлұқтардың шігіл, яғма тайпалары басты роль атқарды. Мемлекет екі үлкен бөліктен түрды. Орталығы Баласағүн саналатын шығыс бөлікті Арслан Қарахан, орталығы Тараз, кейін Қашқар болған 2-батыс бөлікті Боғра Қарахан биледі. Үсақ иеліктер ілек, тегін деп аталды. Олардың өз беттерімен аттары жазылған теңге шығаруға дейін праволары болды. 1016 жылы Қарахан әулеті билеушілерінің арасында өзара қырқысу соғыстары күшейіп, XI ғасырдың 30 жыддары мемлекет екіге бөлінді. Батыс бөлік (орталық Бұхара) Мауараннахрдан Ходжентке дейінгі жерлерді; шығыс бөлік: Тараз, Исфиджаб. Шаш, Ферғана, Жетісу, Қашғар аймақтарьш қамтыды. Шығыс бөліктің саяси, әскери орталығы Баласағүн болып саналғанымен мәдени және діни орталық Қашғарда болды. Қазақстан тарихы осы шығыс қағандыққа байланысты қарастырылды. Бұлардың аралығыңда басқьшшылық соғыстар жиі болып тұрды. XII ғасырдың 2-ширегінде қидандар Жетісуды Баласағүн қаласымен қоса жаулап алды. Содан кейін Шығыс қарахан өулетінің батыс бөлігіне қауіп төнгізді. 1141 жылы қарахан әулеті мен салжүқтардың біріккен әскерін қиратқаннан кейін Қарахан мемлекетінің 2 қағаңдығының да билігі қарақытайлардъщ қолына көшті. 1210 ж. Наймандармен соғыста шығыс Қарахан әулеті бөлініп тасталып, 1212 ж. Қарахан мем-лекеті біржолата құлады. Қарахан мемлекеті омір сүрген кезіңде құлан-ғайыр аймағында экономикалық, әлеуметтік және мәде-ни жағьшан едәуір орлеу болды. Феодаддық қарым-қатьшастар дамып, түркі тілдес тайпалардың бірлігі нығайды. Жетісу, Онтүстік Қазақстан жерінде көшпелі түріктердің сггырықіігыльщ өмірге бейімделіп, қала мәдениеті жедел дамыды. Қарахан мемлекетінің саяси құрылымы өздерінен бұрынғы көне түрік идеяологиясы мен мәдениетіне үқсамайтын озгеше сипатта бодды. 960 ж. қарахан әулеттері мұсылман дінін мемлекеттік дін деп жариялады. Осыған байланысты кене түрік руна жазуларының орнына араб жазуы келді. Түркі тілінде біраз шығармалар жазыдды. Олардың арасында Жүсіп Баласағүнидің "Құтадғу білік", Махмүд Қашғаридің "Диуани лүғат ат-түрік", Ахмед Яссауидің "Диуан-и Хикмат" сияқты еңбектері бар.

Қарахан өнері - Қарахан мемлекеті кезінде тұрғызылған сәулет әнерінің озық үлгілері. Х-ХІІ ғасырларда Жетісу, Сырдария алқаптарында қала (Тараз, т. б. ), мавзолей (Айша бибі күмбезі, Аяққамыр, Алаша хан күмбезі, Бабаша хатун мавзолейі, Жошыхан күмбезі, Сырлытам т. б. ) кәпір салу ісі (Талас озені бойында) өркендеді.

Архитектуральщ құрылыстарға күйдірілген қышты пайдалану ғимараттардың композршиялық түр-типтерін қалыптастыруға, арқа-свод-күмбез конструкциясын кеңінен қолдануға, көркемдік әдістерінің алуан түрін іске асыруға жол ашты.

Олардың сыртқы қабырғаларының күмбездері мен ішкі еңселері ғимарат құрылымымен үндес, тартымды ою-орнектермен әсемдедді.

Құрылыстарда қашап, қүйып жасалған 8 қырлы, жүлдыз гүдді, кілем орнегі тәрізді нақыштар көптеп пайдаланылды.

Осы заманғы сәулет өнерімен бірге сөн және қосалқы өнерінің кейбір салалары дамыды. Мысалы, бедерлеу, кесу, жапсыру әдістері арқылы жасалған бояулы қабырға орнектері мен су қүбырлары (Қараңыз Алматыда Тараз моншасы) . Ромб не шеңбер түріндегі үлкен әрі анық ою-орнектермен әсемделген тұтыну заттары т. б. қол өнерінің мұралары Орта ғасырдағы қазақ сәулет өнерінің, сән және қосалқы онердің даму кезеңін көрсетеді.

Қарахан мемлекетіне қидандардың (қара қытайлардың) басып кіруі. Найман ханы Күшліктің қарақытайларды талқандауы.

XII ғасырдың ЗО^жылдары Солтүстік Қытайдан қуылған көшпелі қидандар (қарақытайлар) Жетісу мен Шығыс Түркістанды басып адды.

Қытайда үстемдік құрған кезде Қарақытайлар (қидандар) өз әулетіне Ляо есімін берген. Олар қытай тарихында осы атаумен белгілі болса, мұсылман тарихшылары оларды "қара қытай" деп те атайды.

Қытайда билік жүргізген Ляо әулеті қытай мәдениетін игерген болатын. Алайда, Манчжурияда тунгустардан шыққан чжурчжен халқы күшейген соң Ляо әулетінің соңғы өкілдеріне қытайдан кетуге тура келді. 1125 жылы чжурчжен халқы Ляо әулетін бағындырып, Солтүстік Қытайды өзіне қаратты. Сөйтіп, олар мүнда "Алтын династиясының" негізін қалады. Ол монғолша "Алтын ханы", ал түрікше "Алтун хайы" деп аталды. Ляо әулетінің соңғы өкіддері батысқа қарай кеткенде, халқының бір бөлігі ғана олардың соңынан ерді де, қалғандары Қытайда қалып чжурчжендерге бағынып қалды.

Мұсылмандар кейіннен Батысқа кеткен қытайларды да, чжурчженрдерге бағынып қалып қойған қытайларды да "қарақытай" деп атаған. Қытайдан қашқан қарақытайларды Қашқар ханы (ұйғырлар) талқандайды, исламның бұл жеңісі жөнінде Селжук сүлтаны Санжар Халифа жазған болатын.

Батыс Монғолия арқылы неғүрлым Солтүстік жолмен жүрген қарақытайлардың екінші бір бөлігінің сапары сәттірек болды. Олар Енисей өзенінің жоғарғы сағасыңда қырғыздар шабуылына тап болғанымен, бұл жерден аман-есен өтіп, ары таман - Оңгүстік батысқа барып, Чагучак аймағында Эмиль қаласының негізін қалады.

Бұл кезде Қарахандықтар мен оның көшпенді бағыныш-тылары арасындағы алауыздықтарының салдарынан соғыс болып жатқан еді. Қарақытайлар хан жағына шығып, оны қарсыластарынан қорғап шыққаны үшін сол жерге орын теуіп қалуға мүмкіндік алды. Осы жерден қарақытайлар бүған дейін Шығысты басып ала алмаған Қашқар хандығын өзіне бағындырады және өздерінің жаулары - қырғыздарды жазалау мақсатымен Солтүстік шығысқа жорық жасады, ұйғырлар да оларға бағынышты болады.

1137 жылы қарақытайлар Қарахан мемлекеті ісіне араласа бастады. Мүнда да хан мен көшпенділер басшылары арасында күрес жүріп жаткан еді. Бұл жолы қарақытайлар ханға қарсы болған көшпенділер жағына шығып, оны Самарқан және Ходжент түбінде талқандады. Ал 1141 жылы Самарқанның Солтүстігшдегі Котван жазығында Санжар сүлтан қарақытайлардан жеңіліс тапты. Қуатты Селжук сүлтанының дінсіз-дерден бұлай жеңілуі оның замаңдастарына қатты әсер етті. Шын мәніңде, қаракытайлар ол кезде Амударияның жағасына тоқтап, кейіннен Балх қаласын қоса алғандағы өзеннің Оңгүстік аймағын өзіне бағындырды. Хорезмді қоса алғандагы Бұхараға дейінгі бүкіл мұсылмаңцық Түркістан оларға бағынды. Қарақытайлар императоры Ғурхан (бүтқа табынушы) деп аталып, кейін оның билік жүргізушілері гурхандар деп аталып кеткен. Хорезмнен ұйғырлар еліне дейінгі ұлан-байтақ жер гурхандар иелігінде болды.

Әдеттегі көшпенді мемлекеттерден қарақытайлар мемлекетінің айырмашылығы - онда аймақтарға бөлінушілік болған жоқ. Тіпті, Гурхан II ешкімге жүз атты әскерден артық бермеген деп айтады. Оның есесіне бағынышты мемлекеттердің ішкі автономия ісінің принципі кеңінен қолданылған. Қарақытайлар Баласағүндағы қарахандықтар иелігін ғана жойып жіберді, мүнда қала тұрғындарының көпшілігі мұсылмандар болғанына қарамастан, бар істі Гурхан өзі басқаратын. Ал басқа барлық басып алынған аймақтарда - Қапгқар мен Мауреннаһрда бұрынғысынша Қарахандықтар әулеттері де өз орнында қалды. Шығыста ұйғырлар Гурханға салық төлеу арқылы бағынышты бодды. Бұдан басқа бірқатар жекелеген княздардың сарайында Гурханның окілі болатын. Қысқасы, Қарақытайлар әскер басшылары ғана болды.

Гурханның өкілі вассалдық иелердің сарайына салық жинау үшін ғана келіп, кейіннен қайтып кететін, ал кейде вассалдық иенің өзі салықты Гурханға апарып беру қүқына иеб£щды.

Қарақытай мемлекетінің ерекшелігі - оның билеушілері 1211 жылға дейін, яғни найман Күшлік ханның билігі орнағанға дейін Қарахан әулетінің қызметінде болды.

1212 жылы Самарқанда батыс қарақытай әулетінің соңғы өкілі - Хорезмшах Мұхаммедтің бүйрығымен дарға асылды. Ал содан соң Қарахаңдардың Ферғана тармағы да жойылды. Осы уақыттан бастап Орта Азия, Жетісу, Қашқария жаңа этникалық келбетке енді, жаңа әлеуметтіктердің талаптары мен түркі тайпаларының отырықшылануы, бәрінен бұрын қала мәдениетін қабылдаған тайпалардың этносы қалыптасты. Қарахандықтар әулетінің үлкен оқиғасы - әулеттің және оған тәуелді тайпалардың 940-950 жылдары ислам дінін қабылдауы.

Шыңғысханнан жеңілген наймандар ханы Күшлік қарақытайлар мемлекетінің тағдырын шешті. Ертістің жоғарғы ағысын мекендеген Наймандардың келуі, қарақытай мемлекетінің де түбіне жетті.

Найман ханы Күшлік 1211 жылы Гурхан (қарақытай) мемлекетін жеңді. Хорезмшах Күшлікке қарсы шығып, Күшліктің пайдасына қарай бірқатар облыстардан бас тартты, нақтырақ айтқанда, Исфиджабты (Сайрамды), Ташкентті және Ферғананың Солтүстік бөлігін Күшлікке қалдыра отырып, қалалардағы халықты өзімен бірге ала кетті, қалалар қаңырап бос қалды. Күшлік осы аймақтарды алғаннан кейін Орта Азия тарихында түңғыш рет және соңғы рет ислам дінін қудалау әрекетін жүргізді. Бұл процесс 1218 жылы монғол әскерлері келгеннен кейін ғана тоқтап қадды.

Оғыз мемлекетінің құрылуы, қоныстану аумағы. Әлеуметтік саяси жағдайы

Оғыз мемлекеті - IX ғасырдың ортасы мен XI ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысы мен оған келіп қосылатын Батыс Қазакстан жерінде пайда болған оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті. Сірә, оғыздардың бастапқы қоныстанған жерлері Орта Азияның Оңтүстік шығыс аймақтары болса керек. Ертедегі оғыздардың топтасып қалыптаса бастауы Батыс Жетісу жерімен байланысты. VIII ғасырдың ортасына таман ертедегі оғыз топтары Жетісу өңірінен көше бастады. Бұл негізінен Батыс Түрік және Түркеш қағандықтары құлағаннан кейінгі тайпалар арасындағы өзара қырқыс пен Жетісуда Қарлұқ бірлестігінің құрылуына байланысты болды. IX ғасырдың басында оғыз көсемдері қарлүк және қимақтармен одақтасып, қангор-печенег бірлестігін қиратып, Сырдария мен Арал маңындағы жазықтықты иеленді. Ал IX ғасырдың аяғында хазарлармен одақтасқан оғыздар печенегтерге қайта соққы беріп, Еділ мен Жайық өзендерінің аралығын жаулап алды. Оғыз мемлекетінің астанасы - Янгикент Еділ жағалауы мен Маңғышлақ, Үстіртті басып өтіп, Европа мен Азияны жалғастыратын маңызды жол тораптарының тоғысқан жершде орналасқан. Янгикент арқылы маңызды керуен жолдары қимақтар еліне, Хорезм мен Мауаранахрға өтетін. Янгикент билеушілерінің мемлекет құрамы бір текті болмады. Оғыздардың құрамына ежелгі тайпалар ретінде негізінен түркіленген Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларын мекендеген этникалық топтар және Жетісу мен Сібірдің жартылай кошпелі және кошпелі ру-тайпалары кірді. Оғыздар бірнеше тайпадарға, тайпалар коптеген ру тармақтарына бөлінді. Махмуд Қашғаридың (XI ғ. ) деректері бойынша, оғыздар алғашқыда 24 тайпадан түрды. Оғыздар бузуктар мен учуктар болып 2-ге бөлінді, осыған сәйкес олар оғыз әскерінің оңжәне сол қанаттарын құрады. Оғыздардың түркі тілдес тайпалар мен халықтар - қарл үқтармен, башқүрттармен, қимақтармен, қыпшақтармен тығыз байланыс жасаулары олардың бір-бірімен жақындаса түсулеріне септігін тигізді. Махмуд Қашғари оғыздар мен қыпшақтардың создеріне жақындық барын бірнеше рет атап корсетті. Оғыз мемлекетінде мызғымас бірлік болған жоқ. Араб географы әл-Идрисидің (XII ғ. ) айтуы бойынша оғыздарда бірнеше "патша" болды.

Тұрақты салық жинау жүйесі болды. Оғыздар қоғамында жеке меншік дамып, бай адамдардың оқшауланып шығуы шапшаң қарқынмен жүрді. Мүлік теңсіздігінің негізі мал байлығынан байқалған жеке меншікте болды. Араб саяхатшысы Ибн Фадлан оғыздардың арасынан шыққан байлардың үйір-үйір малдары болғаны, олардың ішінен 10 мыңдай жылқысы барларын да коргені жайлы айтады. Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды роль атқарды. 965 ж. Оғыз жабғуы мен Киев князы Святославтың арасында хазарларга қарсы әскери одақ жасадды. Киев Русінің оғыздармен әскери-саяси одақ жасауы олардың саяси, сауда-экономикалық мүдделерінің бір екенін көрсетті. X ғасырдың аяғында оғыз жабғуы орыс князьдарымен бірлесе отырып, Еділ Бұлғарларына үлкен соққы берді. Х-ХІ ғасырларда Оғыз мемлекеті әлсірей бастады. Ауыр салыққа наразы оғыз тайпаларының арасында көтерілістер жиіледі. Мүндай көтерілістер шамамен X ғасырдың ортасында билік құрған Әли ханның тұсында болды. Жабғудың екі жүзді саясатына наразылықты X ғасырдың ортасында Жент қаласы маңыңда қоныстанған салжүқ көсемдері пайдаланып кетті. Олар Янгикенттегі оғыз билеушілеріне қарсы көтеріліске басшылық етіп, Жент қаласын басып алды, бірақ бұл иелік үзаққа созылмады. Олар көп кешікпей Жент аймағынан кетуге мәжбүр болды. Әли ханның мұрагері Шаһмөліктің тұсыңда оғыздардың күшейгені соншалық, олар 1041 ж. Хорезмді басып алды. Арада 2 жыл өткен соң оғыздардың соңғы жабғуы Шаһмәлік салжүқтардың қолына түтқынға түсіп өлтірілді. Салжүқтармен болған көп жылдық қақтығыстар мен соғыстар оғыз бірлестігін іштей титықтатып әлсіретті. Оғыз мемлекеті Қыпшақ тайпаларының соққысынан соң күйреді. Қыпшақтардан ығысып, олардың едәуір тобы Шығыс Европа мен Кіші Азия жеріне өтіп кетті де, қалғандары қарахан мен салжүқ билеушілерінің қол астына көшті. Ал қалдықтары XI ғасырдың ортасында түркі тілдес Дешті Қыпшақ тайпаларының арасына тарады. Оғыздардың этнонимі қазақ руларының, Кіші және Орта жүз тайпаларының аттарыңда сақталып қалды.

Қимақ мемлекеті, қоныстану аумағы, шаруашылығы әлеуметтік саяси жағдайы, мәдениеті.

Қимақ деген ел аты орта ғасырлардағы араб, парсы авторларының жазба деректерінде жиі кездесіп отырды. XI ғасырда Махмүд Қашқари "Диуани лүғат ат-түрік деген еңбегіңде қимақ елін "имак" деп атаған. Қимақтар VII ғасырда Ертіс алқабы мен Алтай тауының Солтүстігіне қоныстанған. Ол кезде қимақ тайпалары Батыс Түркі қағандығының құрамында болған. Батыс Түркі қағандығы ыдырай бастаған кезде қимақтар одан бөлініп шықты. Олар VIII ғасырда Ертіс өзенінің орта ағысын иемденіп, бірте-бірте батысқа қарай іргесін кеңейтіп, IX ғасырдың басында Жетісудың Солтүстік батысыңдағы Алакөл алқабына дейінгі жерді қамтыды. Балқаш көлі қимақ тайпалары мен қарлұқ тайпаларының арасындағы табиғи шекара еді. 840 жылы Монғолиядағы Ұйғыр хандығы құлағаннан, кейін, қимақтар күшейіп, іргелі елге айналды.

Қимақтар жайы тек араб және парсы деректерінен белгілі. Бұл деректерді Қазақстанның тарихшы-шығыстанушысы Б. Е. Көмеков зерттедіЯТд, алғашқылардың бірі болып осы тайпаның генезистік құрылымы мен аз ғана өмір сүрген Қимақ мемлекетінің тарихи өмірінен біраз мәліметтер берді.

Деректерде қимақ елінің аудаңдарын басқарған "он бір билеушінің" аты аталады. Бұл билеушілер - патша яғни хан деп танылып, қағандықпен бекітілді де, өз иеліктерін мұрагерлікпен басқарды. $>?щан көретініміз кимақ мемлекетінің саяси басқару жүйесі мен құрылымы мол Қарахан қағандығындай болған. Мүндай мемлекеттік бірлестіктердің ішкі тұрақсыздығы, тақ мұрагерлері арасыңцағы тартыс, оларды күшті қарсыласына төтеп беру мүмкіндігінен айырып, түптеп келгенде, мемлекеттің құлауына алыпкелді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Орта ғасырдағы Қазақстан жайлы
Түргеш қағанаты
Ежелгі қазақ тарихы пәнінен дәрістер
«түрік дәуірінің кезеңделуі»
Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
Қазақстан тарихы
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛАР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан түркілер дәуірінде vi-x ғ.ғ
Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылымын көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz