Қаржылық активтер есебі


МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
1 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ТҮСІНІГІ, БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ
2 ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІ
3 ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРІ ҚҰРАМЫ МЕН ҚОРЛАНУ КӨЗДЕРІН ТАЛДАУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ
Кіріспе
Бүгінгі нарықтық экономиканың жағдайында бухгалтерлік есепті жүргізу, басқару жүйесінің ең маңызды және міндетті шарты болып табылады. Бухгалтерлік есеп өндірістің хал-ахуалын, экономикалық жағдайын анықтап, негізгі міндеттерді нақты сипаттайтын бірден-бір жүйе.
Біздің еліміздің экономикалық сатыларының бірі, бұл - қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына көшу. Сондықтан да, осы сатының қиыншылықтарына ерекше мән беру керек. Қазақстанның ҚЕХС өту кезіндегі сұрақтар бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді қажет етеді. Бірақ, бұлар өздігімен көптеген есеп берумен негізделеді, бұлар қайта құруды керек етеді. Алдағы жылдары дамудағы бағыт - ХҚЕС-тың қазақстандық қаржы жүйесінің жағдайларына одан әрі бейімделуін жүргізу.
Нарықтық экономиканың нағыз шарықтап келе жатқан шағында күрделі экономикалық механизмді басқару өндірістегі дәл, әрі нақты жүргізілген есеп арқылы ғана жүзеге асуы тиіс.
Бухгалтерлік есеп ұйымның мүліктік және қаржылық жағдайы жөнінде дәл әрі шынай ақпарат көзі ретінде қалыптасқан. Шаруашылық қорлары мен олардың қорлану көздері негізгі қаржылық есептілік нысаны саналатын бухгалтерлік баланста көрініс табады. Шаруашылық субъектісінің иелігіндегі ресурстар қоры мен сырттан тартылған қаражат мөлшері жөнінде, олардың өзара арақатынасы жөнінде мәліметті де бухгалтерлік баланстан алуға болады. Яғни, бухгалтерлік баланс шаруашылық қорларын белгілі-бір мерзімде топтастырып көрсету құралы ретіндегі маңызын сақтауда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есеп жүйесіндегі барлық өз иелігіндегі және сырттан тартылған қорлары баланстың актив және пассив деп аталатын өзара тепе-тең бөлімдерінде топтастырылып көрсетіледі.
Актив деп кәсіпорынның ақшаға бағаланатын игіліктері мен құқықтарын, мүліктерін айтады. Олар кәсіпорынның өткен мерзімдегі қызметтерінің нәтижелері болып есептеледі. Кәсіпорындар өз меншігіндегі активтерін сол кәсіпорынды басқару, өнім өндіру, жеке адамдар мен заңды тұлғаларға қызмет көрсету, яғни өздерінің алдағы уақытта табыс табуы үшін пайдаланады.
Кәсіпорындар активтерді өздері өндіру арқылы, сатып алу арқылы, басқалардан уақытша жалға алу арқылы иеленеді. Активтер өздерінің пайдалану мерзіміне қарай екі топқа бөлінеді:
- қысқа мерзімді - ағымдағы активтер (бір жыл аралығында пайдаланылатын активтер) ;
- ұзақ мерзімді активтер (бір жылдан артық мерзімде пайдаланылатын) .
Осы жіктелуі үлгісінде, яғни өтімділігі жоғарыдан төменіне қарай қағидасы бойынша активтер бухгалтерлік баланста көрсетіледі. Қысқа мерзімді активтер өтімділігіне қарай жоғары өтімділікті және баяу (төмен) өтімділікті болып екіге бөлінеді. Кәсіпорындардың өз өндірісінде, яғни шаруашылық қызметі барысында пайдаланылатын активтері өтімділігі баяу активтер құрамына жатады, ал өтімділігі жоғары активтер өздерінің тез арада қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ағымдағы активтер халықаралық есептілік стандарттарына көшумен байланысты қысқа мерзімді деп аталатын болды. Ұзақ мерзімді активтер ұйымның өндіру мүмкіндігін, яғни өндірістік қуатын сипаттайтын қорлары болып табылады.
1 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ТҮСІНІГІ, БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ
Ұйымдар өз меншігіндегі активтерін сол кәсіпорынды басқару, өнім өндіру, жеке адамдар мен заңды тұлғаларға қызмет көрсету, яғни өздерінің алдағы уақытта табыс табуы үшін пайдаланады. Осы активтерді пайдалану арқылы алынатын кіріс кәсіпорынның ақша қаражаттарына тікелей немесе жанама әсер етіп, олардың көлемін арттырады. Ұйымдар активтерді пайдалану арқылы табатын пайдалары төмендегідей себептермен байланысты:
- өнім өндіріп сату нәтижесінде;
- қызмет көрсету нәтижесінде;
- басқа активтерге айырбастау нәтижесінде;
- міндеттемелерді өтеу мақсатында пайдалану арқылы;
- ұйымның меншік иелерінің арасында бөліске түсуі нәтижесінде және басқа да операциялардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына көшумен байланысты қаржылық есептіліктің формаларына, шоттар жоспарының құрылымына да өзгерістер енгізілді. Жаңадан қабылданған жұмысшы шоттар жоспарына сәйкес ағымдағы активтер өтімділік деңгейіне қарай қысқа мерзімді деп аталып, 1-ші бөлім шоттарында, ал ұзақ мерзімді активтер 2 бөлім шоттарында есепке алынады. Шоттар жоспарындағы осы өзгеріске орай негізгі есептілік формасы саналатын бухгалтерлік баланстың да құрылымы өзгеріп, оның актив жағының бірінші бөлімінде қысқа мерзімділер, ал екінші бөлімінде ұзақ мерзімділер көрсетілетін болды.
«Восток Мунай Сервис» ЖШС - нің есеп саясатында ағымдағы активтер есебінің ұйымдастырылуын қадағалайды. Қандай ұйым болса да өз қызметі барысында заңды тұлғалар және жеке адамдармен қарым-қатынас жасайды және ол операциялардың барлығы ақшамен есеп айырысу операцияларына қатысты болады. Ұйымдар ақшамен есеп айырысу операцияларын Қазақстан республикасының Ұлттық банкі бекіткен ережелер мен тәртіптерге сәйкес жүргізіп отырады. Ақша қаражаттарымен жүргізілетін операциялар бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу үшін мыналарды басшылыққа алу қажет:
- ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;
- ұйымдардағы ақша қаражаттарының түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
- есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, ақшалардың кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
Бүгінгі күні ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау қаржы нарығының дамуына сәйкес күрделене түсті. Ақша және оның баламаларының дұрыс ашылып көрсетілуі ұйымның шаруашылық қызметінің нәтижесін нақты бағалау үшін өте маңызды. Ұйымдардың ақшалары олардың кассаларындағы қолма-қол ақша, есеп айырысу және валюталық шоттардағы, арнайы шоттардағы ақшалардан құралады. Ақша баламалары дегеніміз - бұл ақшаға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар, депозиттік сертификаттар жатады.
- Қаржы нарығының маңызды бөлігі - ол бағалы қағаздар нарығы. Ұйымның басқа бір заңды тұлғалардың бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсаған қаржылары қаржылық салымдар ретінде есепке алынады. Қаржылық салымдар бағалы қағаздар нарығымен тікелей байланысты. Іс жүзінде акция, облигация және басқа бағалы қағаздарды шығару арқылы капиталды тартуды көздеуші заңды тұлға эмитент деп аталып, сол қағаздарды сатып алушылар алдында борышты болып табылады.
Қысқа мерзімді активтердің көлемді бір бөлігі - қысқа мерзімді дебиторлық борыштар. Дебиторлық борыштардың әрқайсысы жеке ашылып көрсетіледі. Дебиторлық қарызды талап ету мерзімі Салық кодексі бойынша анықталады. Талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыштар сомалары шаруашылық нәтижелеріне жатқызылады. Ұйымдардың басқа заңды тұлғалардан немесе жеке адамдардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері және аванс ретінде алдын-ала төлеген сомалары бойынша алуға тиісті борыштары - дебиторлық борыштар деп аталады. Осы ұйым алдында берешек борышы бар заңды тұлғалар мен жеке адамдар дебиторлар болып табылады. Олар ұйым алдында аванстық есеп құрастыра отырып есеп береді. Өтелетін уақытына қарай дебиторлық борыштар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді және шоттар жоспарының бірінші бөлімінде, сәйкес баланс активінің де 1 бөлімінде есепке алынады. Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынуға тиісті дебиторлық борыштар қысқа мерзімділер қатарына жатады. Дебиторлық борыштардың негізгі түрлеріне сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борыштары, жұмысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық борыштары және еншілес, тәуелді, бірлесіп-бақыланатын серіктестіктердің дебиторлық борыштары жатқызылады. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге сатқан тауарлары үшін ұйым вексельдер қабылдауы мүмкін. Алынған вексель анықталған мерзім ішінде белгіленген соманы төлеу жөніндегі жазбаша міндеттемені білдіреді. Вексель дегеніміз - оның иесінің белгіленген уақыт біткенде борышкердің қарызды төлеуін талап ету құқығын растайтын жазбаша борыштық міндеттемесі. Вексельдер пайдаланылуы барысында бірнеше міндеттер орындалады:
- дебиторлық борыштың өтелу мерзімін белгілі бір уақытқа ұзарту;
- шот-фактураға және басқа құжаттарға қарағанда дебиторлық борыштарды нақты дәлелдеу;
- пайыз түрінде төлем алу үшін;
- айналымға жіберілу мүмкіндігінің болуы.
Жасалу үлгісі мен қолданылуы бойынша вексельдер жай және аударылмалы деп екіге бөлінеді.
- жай вексель дегеніміз төлем мерзімі келген кезде вексель ұстаушыға белгіленген сомада ақша төлеуді вексель беруші өзіне ешқандай шарт қоймастан міндеттейтін құжат болып табылады. Яғни, бұл борышкердің жазбаша міндеттемесі.
- аударылмалы вексель (тратта) - кредитордың (трассанттың) қарызгерге (трассатқа) белгілі-бір соманы үшінші бір тұлғаға (ремитентке) төлеу жайлы жазбаша өкімі болып саналады.
Дебиторлық борыштар есебіне қатысты ерекшеліктердің бірі дебиторларға тікелей қатысты. Дебиторлық борыштар есеп беруге тиісті болатын кәсіпорынның өз қызметкерлерімен және еншілес (тәуелді) серіктестіктерге қатысты ұйымдастырылады.
Есеп беруге тиісті адамдармен оларға аванс ретінде берілген іссапар шығындары, өкілеттік шығындары бойынша және кәсіпорынға келтірілген залалдарды өтеуімен байланысты операциялар бойынша дебиторлық борыштар есебі жүргізіледі.
“Шаруашылық серіктестіктері” дегеніміз пайда табу мақсатын көздеуші, жарғылық қорының мөлшері құрылтайшылардың үлестерінің құны арқылы анықталатын коммерциялық ұйымдар. Оларға толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектелген серіктестіктер жатады. Еншілес серіктестік дегеніміз - бір серіктестіктің жарғылық қорына негізгі шаруашылық серіктестік үлес қоса алатын серіктестік болып табылады. Тәуелді серіктестіктің еншілес серіктестіктен айырмашылығы, олар филиал болып табылады және ондай серіктестіктердің өз алдына бөлек жарғылық қоры болмайды, ал олардың балансы ішкі қолдануға ғана арналады.
Уақытында төленбеген дебиторлық борыштар күмәнді дебиторлық борыштар деп аталады. Қазақстан республикасының салық кодексіне байланысты күмәнді борыштар дегеніміз уақытында төленбеген, жабылмаған және тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар болып табылады және де заңға сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыш жатқызылады.
Қысқа мерзімді активтердің тағы бір маңызды бөлігі - тауарлық материалдық қорлар болып табылады. Халықаралық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес “”тауарлы-материалды қорлар” термині тек “қорлар” терминімен алмастырылған. Қорлар шаруашылық процестеріне бір айналымда қатысып, өздерінің құнын толық жаңадан өндірілетін өнімнің өзіндік құнына толық қосатын, оларға көп жағдайда материалдық негіз болатын еңбек заттары болып табылады.
Халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес қорлар үш топқа біріктіріледі:
- қорлар - шикізаттар, материалдар, отын, қосалқы бөлшектер, ыдыс және ыдыстық материалдар, жартылай фабрикаттар түріндегі қорлар;
- дайын өнімдер - өндіріс кезеңдерінен толық өткен, пайдалану мақсатында сатуға дайын, техникалық бөлім қабылдап алған, сапа стандарттарына жауап беретін қорлар болып табылады;
- аяқталмаған өндіріс - өндірістік процестер толық аяқталып бітпеген, жұмсалған шығындар жиынтығы.
Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар шикізаттар, негізгі материалдар, көмекші материалдар, жартылай фабрикаттар және басқалары болып бөлінеді. Шикізаттар деп бұрын біраз мөлшерде еңбек сіңірілген заттар аталады, оларға мысал - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және т. б. Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, олардың материалдық негізін құрастырады. Негізгі материалдарға ұн, мата, кірпіш және басқа өңдеуші өнеркәсіп өнімдері жатады. Өндірістік процестерден толық өткенімен де әлі де өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Олардың аяқталмаған өндірістен айырмашылығы, сол күйлерінде сатуға болады. Көмекші материалдар дегеніміз - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге қажетті материалдар, олар негізгі материалдарға әсерін тигізіп, сапасын өзгертеді. Тауарлық материалдық қорлар есеп саясатына сәйкес нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі.
Міне, көріп отырғанымыздай қысқа мерзімді активтер ұйымның мүліктік қорларының негізгі бір бөлігі болып табылады, олар өндіріс процестерінің іске асырылуына, есеп айырысуға тікелей әсер етеді, сондықтан да олардың бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастыру ұйым үшін маңызды мәселе саналады.
Есеп саясатында тауарлы-материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы қаралған. Қорлардың келіп түсуінің үш көзі қаралған: қорларды жеткізуге аванс беру арқылы; жабдықтаушылардан сатып алу арқылы; есеп беруге тиісті адамдар есебінен. Қорларды жеткізу жөнінде келісім шарт жасалады, оның үлгісі қосымша бетте көрсетліген.
Қорлар нақты өзіндік құны бойынша есепке алынады. Өндіріске босатылған қорларды бағалаудың орташа құн әдісі қолданылады. Өндіріске босату шығыс наклодной құжаты арқылы рәсімделеді.
Қорлардың аналитикалық есебі қоймада сандық-сомалық тәсіл арқылы жүргізіледі. Қорлардың ағымдағы есебін жүргізуге қажетті барлық бастапқы құжаттар жүргізіледі. Қорлар келіп түскендегі жүк құжаттары мен нақты саны, сапасы бойынша ауытқулар орын алған жағдайда 2 дана етіп акті құрастырылады.
1 кесте. Шикізаттар мен материалдар қозғалысының шоттарда көрсетілуі
8110, 8310
7210
Кестеде келтірілген шоттар ішінде ерекше көңіл бөлуді талап ететін шот - 1360 “Қорларды есептен шығарумен байланысты резерв”. 1300 “Қорлар” бөлімшесінің барлық шоттары активті болғанда, резерв есебін жүргізетін шот пассивті, сондықтан оның кредиттік айналымында қалыптасқан резерв сомасы, ал дебеттік айналымында резерв сомасының азаюы көрсетіледі.
Қорларды түгендеу жоспарлы түрде тоқсан сайын, яғни 1 сәуірде, 1 шілдеде, 1 қазанда, 1 қаңтарда жүргізіледі. Түгендеуді арнайы комиссия жүргізеді, олар түгендеу актісін әрбір бірлік бойынша толтырып, түгендеу нәтижесін үш күннен қалдырмай шығаруы қажет. Түгендеу нәтижесінде жетпей қалған мүліктер бойынша кінәлі адамдар анықталып, солардың есебінен өндіріледі.
Дайын өнімдер есебін дұрыс ұйымдастырылуы есеп саясатының 10 бөлімінде қаралған. Құрғақ құрылыс қоспаларын дайындау шығындары шикізаттар мен материалдарды есептен шығарудың нормативтік тәсілін ескере отырып бөліктер (передел) бойынша калькуляцуялау әдісі арқылы жүзеге асырылады. Әрбір даярланатын өнім түрлеріне қатысты шығындар нормасы анықталады. қосымша беттерде әрбір өнім түріне қатысты шығындар нормасы көрсетілген.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста ағымдағы құны бойынша бағаланған жағдайда күнделікті қор биржалары мен биржадан тыс жерлердегі қаржы инвестициялары құнының өзгерісін бақылап және оның нәтижесін бухгалтерлік есеп құжаттарына түзетіп жазып отыруы тиіс. Егер қаржы инвестицияларының ағымдағы құны өссе оны ұйымдар есепті кезең табыстарына жатқызады, ал кеміген жағдайда есепті кезеңнің шығынына жатқызады.
Қысқа мерзімді қаржы инвестицияларын өз балансында сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгі мәні бойынша бағалаған жағдайда ұйымдар төмендегідей тұжырымдарды басшылыққа алады:
а) баланстық құнды тұтастай жиынтық портфель негізінде анықтау;
б) баланстық құнды жиынтық портфель негізінде инвестиция түрлері бойынша, яғни сатып алу құны мен ағымдағы құнының ең төменгі мөлшерін анықтау;
в) баланстық құнды жеке инвестициялар негізінде анықтау.
Ұйымдардың қысқа мерзімді инвестициялары жұмысшы шоттар жоспарына сәйкес 1-ші бөлімнің 1100 “Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар” бөлімшесінің шоттарында есепке алынады. Шоттар активті болғандықтан, олардың дебеттік айналымында қаржылық инвестициялардың сатылып алынуы, көбеюі, ал кредиттік айналымда олардың есептен шығарылуы көрсетіледі.
Есеп саясаты бойынша ақша қаражаттарының есебі Типтік шоттар жоспарының 1010, 1040 шоттарында жүргізіледі. Шет ел валютасындағы операциялар есепке алғанда олардың құны сол күнгі ҚР Ұлттық банк бекіткен ресми курс бойынша анықталады.
Ұйымдардың кассасы еңбек ақы бойынша есеп айырысуға, күнделікті қажетті шығындарды төлеу мақсатында, кеңсе тауарларын сатып алуға, ұйымның хаттарын және басқаларын пошта арқылы жөнелту үшін есеп айырысу мақсатында, іссапар шығындары мен өкілеттік шығындар бойынша есеп айырысуға қызмет етеді. Касса арнайы жабдықталған бөлмеде орналасуы қажет. Нақты ақша кассирдің мөрі (сургуч) арқылы бекітіліп жабылатын сейфте сақталады. Сейфтің бір кілті мен мөр кассирде, екінші данасы ұйымның басшысында арнайы ыдыста сақталады. Кассадағы жауапты қызметкер күнделікті кассаны жауып, күзетшіге өткізеді. Кассадаға ақша қаражаттарының толық сақталуына кассир жауап береді, ол жөнінде алғаш жұмысқа қабылданғанда толық материалдық жауапкершілік жөнінде келісім-шарт жасалады. Касса операциялары, яғни ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы сәйкес формалары КО-1 және КО-2 ордерлері арқылы рәсімделеді. Олардағы мәліметтер формасы КО-3 касса кітабына тіркеледі. Касса кітабы кассирдің есебі деп аталады, себебі оның көшірме қағаз арқылы толытыратын екінші беті жыртылып алынады. Каса кітабында қалдық күнделікті есептеліп жазылады. Кассалық операциялар бухгалтерлік есепте жұмысшы шоттар жоспары бойынша 1010 “Кассадағы теңге есебіндегі ақша қаражаттары” және 1020 “Кассадағы валюта есебіндегі ақша қаражаттары” шоттарында есепке алынады. Келесі кестеде кассаға кіріске алынатын сомаларға қатысты жиі кездесетін операциялар бойынша шоттар корреспонденциялары көрсетілген.
2 кесте. Касса операцияларының бухгалтерлік шоттарда көрсетілуі
5 қаңтарда
Банктегі валюталық шоттардан № 017018 чек бойынша кассаға ақша алынды
Іс-сапар шығындары үшін
600 000
32 000
6 қаңтар
Карамендинаға іс-сапар шығындарына берілді
7 қаңтар
№4 төлем ведомостісі арқылы желтоқсан айының еңбек ақысы берілді
3010, 4010,
3020, 4020
Кестеден көріп отырғанымыздай касса операцияларының активті шоттарда есепке алынуымен байланысты барлық кіріс операциялары олардың дебеттік айналымында көрсетіледі. Касса шотының кредиттік айналымында кассадан ақша төленген, берілген операциялар көрсетіледі. Оған да мысал келтірейік:
Дт 3350 Кт 1010 - кассадан жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақының берілуі;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz