Д.Исабеков Қарғын
Д.Исабеков Қарғын
“Қарғын” романы алғаш рет 1980 жылы “Жазушы” баспасынан жарық көрді. Кітап
баспадан шыққан бойда жастардың сүйіп оқитын шығармасына айналды.
Романның негізгі оқиғасы Алматы қаласында өтеді. Негізгі идеясы – адам
бойындағы шынайы махаббат, адал сезім, биік парасатты жан-жақты көрсету.
Шығарманың басты кейіпкері – атышулы жас жазушы Жасын және жоғары оқу
орнына енді ғана түскен стдудент қыз Бағила. Жасын Мәдиев – ойы алғыр, өмір
шындығына жасқанбай тура қарайтын талантты жазушы. Оның Бағилаға деген
шынайы сезімі де өз мінезі сияқты қайшылыққа толы, тіпті, ішкі жан-
дүниесінің өзімен-өзі арпалысы кезінде байқаусыз жас қыздың арына тиетін де
сөздер айтып қалады.
Олардың алғаш танысуы поезд үстінде өтеді. Мектепті жаңа бітірген Бағиланы
әкесі Алматыға оқуға алып келе жатады. Оның әкесі Қаратай – ауданның
бірінші басшысы. Әлдеқалай себеппен Жасын солар мінетін купеге жайғасқан
екен. Әкесі мен қызы екеуі енді жайғаса бергенде газет-журналдарды құшақтап
сырттан Жасын кіріп келеді. Аудан басшысы және оның төңірегіндегілер оған
жақтырмай қарайды. Басқа купеге ауысуын сұрайды.
Жасын олардың дегеніне көнеді. Купеден шығып бара жатып, үлкен басшының
жанындағы көптеген жандайшаптарға қарап: “Жарайды. Көндім. Сендерге жаным
ашығандықтан келістім” дейді.
Купеде жігіттің бір бет қағазы қалып қойыпты. Онда жазушының ойлары, өмірге
көзқарасы, құдайдай табынып келген әлемдік әдебиетінің классиктері жайлы
сын пікірлері, олардың көркемдік әлеміндегі концепцияларына қарсы өз ойлары
жазылыпты. Бағила осы бір сәттен бастап өз тәрбиесі мен пайымдауларына,
өмірлік тұжырымдарына мүлдем жаңа бетбұрыс енгендей, бұрын өзі ойлап
көрмеген мүлдем жаңа дүниенің есігін ашқандай болады.
Бағила университетке оқуға түседі. Бірақ ол бір жалт етіп жоқ болған қыран
көз, сөзі мірдің оғындай өткір, өн бойынан батылдық пен қайсарлық, биік
парасат шашып тұрған сол бір жігітті ұмыта алмайды.
Олар бір жыл өткен соң ғана таксидің ішінде қайта кездеседі. Жауын құйып
тұрған соң Бағила кез келген машинаға қол көтеріп тұрған. Такси ішіндегі
адамға көңіл бөлмей, ол баратын жерінің адресін айтады. Біраз ұзаған соң
ол:
- Сәламатсыз ба? – деген қоңыр дауыстан селт ете қалады.
Бұл жігіт сонау кезде өздері купеден қуып шыққан жігіт екен. Жігіт купеде
қалып қойған қағазын сұрайды. Жай сұрап қана қоймайды, “өзім ұнатпайтын
адамдардың қолында ойларым жазылған қағаз ғана емес, ұлтарағымның қалғанын
да қаламаймын” дейді.
Бағила ашу-ызадан жарыла жаздайды. Өзін де, әкесін де жазғыра сөйлеген
мына бейтаныс адамның алдында ол қорланып, машинадан түскенше асығады.
Қанша ұнатпағанмен, олардың арасында байланыс жібі жалғасады.
Келесі бір күні Бағила оның купеде қалып қойған бір бет қағазын әкеп
береді. Олардың таныстығы осылай басталады.
Бір кезде өзі ұнатпаған бұл жігіт атышулы екі кітаптың авторы, жастығына
қарамай әйгілі боп үлгерген жазушы Жасын Мәдиев екен.
Бағила Алматыдағы немере ағасы, университет профессор Сәргелдең үйінде
тұрып оқиды. Ол – қызғаншақ, күдікшіл, мансапқор адам. Әйелі қайтыс болып,
өзінен он екі жас кіші Мәликеге үйленген. Мәлике болса көрікті, сөз қадірін
білетін, бірақ, өмірде жолы болмаған әйел. Жолы болмағандықтан да амалсыз
осы Сәргелге тұрмысқа шыққан. Бағила оны Лике деп еркелетіп атайды. Лике
болса Бағиланы “Сур” деп еркелетеді. Оны Мәликенің өзі: “Сен сурет секілді
сұлусың, әрі Куприннің “Ольга Сур” деген әңгімесіндегі Сурға ұқсайсың” деп
түсіндіреді.
Ол екеуі ежелгі достардай сырлас боп кетеді. Мәлике – дүниеге көңіл көзімен
қарай білетін, жан-дүниесі кең де таза адам. Ол Бағиланы туған сіңлісіндей
жақсы көреді. Өмір жайлы, махаббат жайлы, қазіргі адамдардың қулығы мен
айласы жайлы, адалдық пен аярлықтың қандай болары жайлы көп-көп әңгіме
шертеді. Сәргел болса – қызғаншақ, күдікшіл, сәл нәрседен секем алғыш.
Әйеліне, немесе немере қарындасына біреу-міреу көз тастай қалса да
қызғанады. Оның бұрынғы әйелі де оның осы қызғаншақтығынан көп азап шеккен.
Тіпті, өлер алдында ол: “Ал, мен кеттім. Қызғансаң о дүниеге кел” деп қағаз
жазып қалдырған.
Бағиланың әкесі – аудан басшысы. Алматыдағы көптеген басшыларды таниды.
Сәргел болса оның беделін пайдаланып, докторлық диссертациясын жеделдетіп
қорғамақ. Бағиланы үйінде тұрғызуында да осындай ішкі есебі бар.
Бағила кейіннен білді. Жасынның әйелі, екі баласы бар екен. Бірақ, ерекше
бір сезім оны Жасынмен кездесуге ылғи да жетелеп тұратын секілді. Олар
талай кездесті де. Бұрын ешқашан жігіт қасында отырып көрмеген Бағила
Жасынмен тым жақын боп кетті. Бірақ, Жасынмен бірге жүру, онымен қатар
отыру кей кезде жас қыз үшін азап сияқты боп көрінеді. Оның сөздері
тікенектей өткір, үнінде кісі зәбірлейтін леп есіп тұрады. “Бұл қандай
адам?” Жақсы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz