Қаржаубай Сартқожаұлы



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қаржаубай Сартқожаұлы туралы.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Түркітану және алтайтану
орталығының директоры, филология ғылымының докторы, профессор, Күлтегін
сыйлығының иегері.

Кеңес одағы ыдырағаннан кейін түркітану ғылымы тоқырауға ұшырай
бастады. Осы саланың ғалымдары жаңа кезеңді бастан кешіріп жатты.
Қазақстана астанасын Ақмолаға көшіруге бастамашыл болған Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев Еуразиялық Одақ идеясының аясында түркітану ғылымына айрықша
назар аударды. Астанаға Күлтегін ескерткішінің ғылыми көшірмесі алынды.
Саланың көкейкесті мәселелерін қатыстырып, оны жүйелеу мақсатында 2001 жылы
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да алғаш рет Түркі эпиграфиясы бөлімі жұмыс
жасай бастады. Бөлім Монголия Республикасынан арнайы шақырылған белгілі
түрколог-ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының басқаруына берілді. Кейін бұл бөлім
нығайып, Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығына айналды.
Өткен 10 жыл ішінде Орталық көне замандардан ХVІ ғасырға дейінгі түркі
халықтарына ортақ Еуразия құрлығындағы жазба деректерді іздестіру, жинау,
ғылыми айналымға еңгізу жұмыстарымен айналысты. Университет басшылығының
ұйытқы болуымен Қ.Сартқожаұлы басқарған ғылыми топ мынадай іргелі жұмыстар
атқарды:
1. Тұңғыш рет түркі этносының Жазу тарихы музейі ашылды
М.Жолдасбековтың ұйытқы болуымен. 2004 жылға дейін мұндай
мұражай болмаған еді. Бұл мұражай 3000 жылдық түркі халықтары
жазу-сызу өнерінің тарихын айғақтайды.
2. Ерте орта ғасырдағы түрік тілдік және тарихи жәдігерліктерінің
қайталанбас мұралары Күлтегін, Елтеріс, Құтлұғ қағандардың бас
мүсіндерінің көшірмелері жасалынып, аталған мұражайға қойылды.
3. Күлтегін атты тарихи-деректі фильм түсіріліп, халыққа
жеткізілді.
4. Моңголия Республикасына, мәрте, Оңтүстік Сібірге (Алтай, Тува,
Хакасия) 2 мәрте, Орталық және Батыс Қытайға 2 мәрте экспедиция
жасақталып, ғылымға белгілі-белгісіз 600-ге жуық түрік руни
жәдігерліктері мен 200-ге жуық көне ұйғыр графикасымен жазылған
деректер орталық қорына жинақталды.
5. Орта ғасырдың классикалық жәдігерлері – М.Қашқари сөздігі,
Қутағу білік, әл адап сөздігі, қыпшақ тіл материалдары т.б.
орталық қорына қосылды.
6. Экспедиция нәтижесінде Қ.Сартқожаұлының 150-ге жуық ғылыми
мақаласы жарық көрді және мынандай іргелі еңбектері ғылыми
айналымға енді.
- Объединенный каганат тюрков (в 744-760г) Астана, 2002г. (15 п.л.);
- Орхон мұралары Астана, 2003ж. (30 б.т.);
- Орхон ескерткіштерінің толық атласы. І том. (М.Жолдасбековпен
бірге). Астана, 2005 ж. (60 б.т.):
- Атлас Орхонских памятников (в соатворства М.Жолдасбековым).
Астана, 2007 г. (60п.л.);
- Байырғы түрік жазуының генезисі. Астана, 2007 ж. (21 б.т.);
- Осы еңбектің толықтырылып екінші басылымы. Павлодар 2010 ж. (21
б.т.):
- Орхон ескерткіштерінің толық атласы ІІ том. Астана 2011 ж.
(баспада 60 б.т.).

Университет ректорының тікелей атсалысуы нәтижесінде 2010-2011 оқу жылы
Түрология кафедрасы ашылып, бакалавриат мен магистратура, доктарантура
бағдарламалары жүзеге аса бастады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті – түркология саласы бойынша бірден-бір жетекші оқу
орнына айналып отыр.

Жазу тарихына байланысты ақпараттар.

Жазу – адамзаттық ақыл-ой парасатының жемісі, адамның сәби санасын
тербетіп, өркениетке тәрбиелеген ой ұйытқысы. Ол кеңістіктер мен уақыт
арасындағы иылсымдарды байланыстырды. Сол арқылы дүниетаным мен тарих
тәжірибелері жинақталып, рухани мәдени құндылыққа айналды. Егерде жазу
өнері дүниеге келмесе, онда адамзат тарихы мүлдем басқаша жолмен дамыр еді.
Тастағы таңбалардан бастап бүгінгі қалыптасқан әріп үлгісіне дейін жазу
тарихы төрт түрлі (пиктографиялық, идеографиялық, буындық және әріптік-
дыбыстық) даму дәуірінен өтті. Бұл – адамның ойлау мен сөйлеу қабілетін
байланыстырды, сөздік қорын молайтып, тектік тіл жүйесін қалыптастырды.
Адамзаттың даму тарихындағы көшпелілер өркениетін қалыптастырып,
мәңгілік ел идеясын ұсынған, қазір өзара тамырлас 33 тілде 30-дан астам
диалектіде сөйлейтін түбі бір түркі жұрты да өзінің әлмисақтан бергі
тарихында 16 жазу үлгісін қолоданды.
1. Фразограммалық шолу.
Түркі этносының төл туындысы байырғы түрік бітігтің бастау қайнары
б.з.б. 20-15 мың жыл бұрын тас бетіне жазылып бізге жеткен петроглифтен
басталады. Пиктографиялық бұл идеограммалар Еуразия құрлығында мол
сақталған. Соның бірі Солтүстік Алтай жотасының Хойт-Ценхер үңгірінен
табылған суреттер. (А.П.Окладников. Цетнтральноазиатский очак
бервобытного искусство. ВАН. 1967, №1. – 108стр.) Бұл идеограммаларды
жазу тарихында фразограммалық жазулар деп атайды.
Б.з.б. 14-10 мың жыл бұрын тасқа қашалып сақталған. Аршан-хад таңбалары
(Э.А.Новоградова. Аршан-хад древнейший памятник изобразительного
искусства Восточный монголий История и культуры Центральной Азии. 1983
с., 306 – 310) болмақ.
2. Логограммалық жазу.
Осы фразограммалық жазудан бас алған түркі халқының бітік (руника)жазуы
өзінің даму тарихының келесі кезеңдерінде логограммалық, буындық (3.
Буындық жазу) және фонограммалық жазу (4. Фонограммалық жазу (Түрік
бітік)) кезеңдерін басып өтіп б.з. 552 -580 жылдар аралығында байырғы
түрік бітігі (руника) жазуының грамматикалық ережесін жасап, ежелгі түрік
бітігке реформа жасаған екен. Сартқожаұлы Қ. Байырғы түрік жазуының
генезисі. Астана, 2007. – 93-153 беттер).
Байырғы түрік бітіг әлемдегі бүгінгі 250 -300 миллион түркілердің
ата-бабасының өздері жасап шығарған бірден – бір төл жазуы – төл
туындысы. Бұл жазуға жаттық пиғылы, ой-санасы (мышление) кіріспеген таза
түркілік туынды. Байырғы түрік әліпбиі буындық кезеңнен кейінгі
фонограммалық кезеңнен бастап нағыз әліпбилік жазуға ұласқан. Әліпбилік
жазу үлгісіне ауысқан. Бұл б.з.б. ІV-ІІ ғ.ғ. аралығы. Осы кезеңнен алып
қарасақ б.з. Х ғасырына дейін 1200 – 1400 жыл қолданыста болған. Б.з. ІХ
– ғасырынан кейін соғды, соғдыдан бас алған ұйғыр жазуын Х ғасырдан
бастап арап әліпбиіне көше бастады. Соғдыдан кейінгі бүгінге дейін
пайдаланып келген жазуларымыз түркі емес, жаттық санасымен жасалған өгей
әліпбилер.
Байырғы түрік бітігінің ғылыми жүйесін 1400 жылдан соң А.Байтұрсынов
жаңғыртып арап графикалы қазақ (төте) әліпбиге еңгізді.
5. Қытай иероглифін дипломатиялық қатынаста б.з. VІІ – VІІІ ғғ.
дәуірінде дипломатиялық тұрғыда қолданған. Оның тарихи дерегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байырғы түркі жазба ескерткіштеріндегі әлеуметтік- саяси рәміздер және оның Қазақстанның өркениеттік дамуымен сабақтастығы
Тасқа жазу, Орхон-Күлтегін ескерткіштері
Қазақстанның даму жолдары және перспективалары: «Мәңгілік ел» идеясы
Тәуелсіздік мұраты - Мәңгілік ел
Қазақ жазу тарихы
Керей мемлекеті
Қазақ әдебиттану ғылымында көне түркі ескерткіштерінің әдеби тұрғыдан зерттелуі
Алаш хан туралы
Керей (тайпа)
Тарихи көрнекі жерлердің туризмді дамытудағы рөлі
Пәндер