Қаржы жұмсауға аудит


Қаржы жұмсауға аудит
Бұл тарауды оқи отырып, Сіздер мынаны білесіздер:
- қаржы жұмсауға аудиттің мақсаттары мен міндеттерін;
- қаржы жұмсауға аудит жүргізу негізіндегі негізгі құжаттар тізімі;
- қаржы жұмсаудағы тексерудегі жүйелі жұмыстар;
- тәртіп бұзушылықтың негізгі түрлері, олар қаржы жұмсауға аудит жүргізу нәтижесінде айқындала алады;
Қаржы жұмсауға аудиттің мақсаты тексерілетін мерзімде қолданылатын нормативті құжаттар ұйымда қолданылатын әдіске сәйкес бухгалтерлік есеп пен салық салуды белгілеу болып табылады.
Қаржы жұмсауға аудиттің міндеттері болып мыналар табылады:
- бастапқы құжаттар мен есептік регистрлердің мәліметтері бойынша қаржы жұмсаудың құрамын зерттеу, оларға меншік құқығын растау;
- қаржы жұмсаудың синтетикалық және талдау есебінің жағдайын бағалау;
- қаржы жұмсаудың ішкі бақылау мен бухгалтерлік есеп жүйесін бастапқы бағалауды растау;
- заңдылық талаптарын сақтауда қаржы жұмсау операцияларын бухгалтерлік есепте дер кезінде жаңа толық бейнеленуін тексеру;
- қаржы жұмсау операциялары бойынша кірістер есебінде есептеудің, түсімнің және бейнелеудің дұрыстығын растау, қаржы жұмсауға түгендеуді дер кезінде жүргізу, оның нәтижесінде айқындау және бухгалтерлік есеп шоттарында бейнелеу;
Негізгі нормативтік құжаттар:
- «Бухгалтерлік есеп туралы» заң;
- Қар. мин бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есеп берушілікті жүргізу бойынша ережелер;
- Қар. мин бұйрығымен бекітілген «Қаржы жұмсауға есеп» бухгалтерлік есеп бойынша ереже.
- Қар. мин бұйрығымен бекітілген ұйымның қаржы шаруашылық қызметіне бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары және оны қолдану бойынша нұсқаулық;
- «Ұйымдағы есеп берушілік формалары туралы» Қар. мин бұйрығы:
Айдиторға ұсынылатын құжаттар: бухгалтерлік баланс (№1 форма), пайда және зиян туралы есеп (№2 форма), ақшалай қаржының қозғалысы туралы есеп (№4 форма), бас кітап немесе айналым-сальдоның ведомость, ұйымның есептік саясаты туралы бұйрығы, 58 «Қаржы жұмсау», 59 «Қаржы жұмсауды бағалаудың резевтері», 50 «касса», 51 «Есеп айырысу шоты», 75 «Құрылтайшылармен есеп айырысу», 76 «Түрлі дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу», 91 «Басқа кірістер мен шығыстар», 90 «Сату», 98 «Болашақ мерзімнің кірістері».
Қаржы жұмсауға аудит жүргізуде жүзеге асырылатын жұмыстарды үш жүйелі кезеңге бөлуге болады: танысу, негізгі, қорытынды.
Танысу кезеңі
Қаржы жұмсауға аудиттің негізгі міндеті қаржы жұмсау туралы ақпараттық қаржылық есептілігін растау болып табылады. Аудиторға ұсынылған бухгалтерлік есептіліктің барлық комплектін зерттеп, мыналарды белгілеу қажет: 140 «Ұзақ мерзімді қаржы жұмсау» және 250 «Қысқа мерзімді қаржы жұмсау» бухгалтерлік балансының (№1 форма) 140 жолы бойынша көрсетілген мәліметтерге сәйкес айналым-сальдолық ведомостар немесе бас кітапта көрсетілген есепті мерзімнің басы мен соңындағы қаржы жұмсау шоттарындағы қалдықтар туралы мәліметтер. Процедураны толтыру мысалы 7. 1. қосымшада (1 процедура) келтірілген.
- бағалы қағаздар сатып алу және басқа қаржы жұмсау туралы мәліметтер ақшалай қаржы қозғалысы туралы есептің (№4 форма) 300 жолы бойынша көрсетілген мәліметке сай келеді. Одан басқа ақшалай қаржының қозғалысы (№4 форма) туралы есептің 250 жол бойынша мәліметтер басқа ұйымдарға берілген займдарды өтеу бойынша ақшалай қаржының түсуі туралы мәліметпен сай келуі тиіс. Процедураны толтыру мысалы 7. 1. қосымшада (2 процедурада) келтірілген;
- бухгалтерлік баланста (№5 форма) қосымщада көрсетілген VI бөлімдегі «Қаржы жұмсау» мәліметтері 58 «Қаржы жұмсау» шоттары бойынша талдау есебінің мәліметтеріне сай келеді. Процедураны толтыру мысалы 7. 1. қосымшада (3 процедурада) келтіріледі;
- есепті мерзім ішінде алынған дивидентер сомасы пайда және зиян туралы есеп (№2 форма) мәліметтеріне сай келеді. Процедураны толтыру мысалы 7. 1. қосымшада (4 процедура) келтірілген;
- есепті мерзім ішінде қаржы жұмсау шығып қалу нәтижесіндегі қаржы нәтижесі пайда мен зиян туралы (№2 форма) есеп мәліметтері сай келеді. Процедураны толтыру мысалы 7. 1. қосымшада (5 процедурада) келтірілген.
Одан басқа осы қаржы жұмсау аудитінің мәліметтері бастап құжаттар және есеп регистрлері негізінде қаржы жұмсау құрамы туралы ақпараттар талданады, оларға меншік құқығы расталады, қаржы жұмсауды ішкі бақылау жүйесі мен бағалы қағаздар сақтауды ұйымдастыру зерттеледі, қаржы жұмсаудың экономикалық мақсатқа сайлығы бағаланады.
58 «Қаржы жұмсау» шоты және бастапқы құжат бойынша бухгалтерлік есеп регистр негізінде қаржы жұмсауға активтердің белсенді түрлерін жатқызудың, оларға меншік құқығы барлығының дұрыстығын тексереді.
Қаржы жұмсаудың барлығын растайтын бастапқы құжаттар
Аудиторға бағалы қағаздармен операцияларды реттейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес қаржы жұмсауды растайтын жоғарыда көрсетілген келісім-шарттарға сәйкес тексеру жүргізу қажет.
Одан ары ПБУ 19/02 талаптарына сәйкес қаржы жұмсау болып табылмайтын 58 «Қаржы жұмсау» активтер шотында ескерілмейтінін айқындау қажет, ал нақ:
- келесі қайта сату немесе жою үшін акционерлік қоғам акционерлерден сатып алған меншікті акциялары;
- вексель беруші ұйым сатушы ұйымға сатылған тауарлар, өнімдер, орындалған жұмыстар, жасалған қызметтері үшін берген векселі;
- кіріс алу мақсатында уақытша пайдалануға (уақытша иеленумен пайдалану) төлем үшін ұйымға берілетін материалдық-заттай формаға ие жылжымайтын және басқа мүліктерді ұйымның жұмсауы;
- қызметтің әдеттегі емес түрлерін жүзеге асыру үшін сатып алынған қымбат бағалы металдалр, ювелир бұйымдар, өнер туындылары және басқа да ұқсас құндылықтар;
- негізгі қаржы, материалдық-өндірістік қорлар сияқты материалдық-заттық формасы бар активтер, ал сондай-ақ материалдық емес активтер, олар қаржы жұмсау болып табылмайды.
Бухгалтерлік есеп қабылданытан қаржы жұмсаудағы бір мезгілде келесі үш жағдайдың орындалуын да сондай-ақ тексеру қажет (ПБУ 19/02) -бен бұл талап бекітілген;
- ұйымның қаржы жұмсауға қолданылатын құқығын растайтын тиісінше толтырылған құжаттарының барлығы және бұл құқықтан туындайтын ақшалай қаржы немесе басқа да активтер алу;
- қаржы жұмсауға байланысты қаржы тәуекелін ұйымдастыруға өту;
- экономикалық пайда (кіріс) ұйымдастыру әкелетін қабілеттілік.
Қаржы жұмсау синтетикалық және талдау есебінің жағдайын тексеру келесімен жүргізіледі:
- қаржы жұмсаудың бухгалтерлік есебінің бірлігі бойынша және бұл қаржы жұмсауды жүзеге асырған ұйымдар қамтамасыз етілуін анықтау қажет (бағалы қағаздар эмитенті, басқа ұйымдар, олардың қатысушылары ұйым, ұйым-заемшылар, т. б. табылады) .
Мысалы, қабылданған бухгалтерлік есеп бойынша мемлекеттік құнды қағаздар және басқа да ұйымдардың құнды қағаздары талдау есебінде ең кемінде келесі ақпарат түрінде құрамы тиіс: эмитенттің атауы және бағалы қағаздың аты, нөмірі, сериясы т. б. нақты баға, сатып алу бағасы, бағалы қағаздар сатып алуға байланысты шығыстар, жалпы саны, сатып алу датасы, сату датасы немесе басқа шығуы, сақтау орны.
Ұйым талдау есебінде ұйымның қаржы жұмсауы, соның ішінде олардың топтары (түрлері) кесіндісі туралы қосымша ақпарат қалыптастыра алады.
Ұйым ПБУ 19/02 қабылданғанға дейін бағалы қағаздарды тіркеу кітабын жүргізуге міндетті, онда талдау есебін қамтамасыз ететін ақпарат мазмұндалады.
ПБУ 19/02 қабылдаған соң бағалы қағаздарды тіркеу кітабын жүргізудің қажеттілігі болмай қалады, бұл күндері оны жүргізу туралы ережелер тек нұсқаулық сипат алады;
58 «Қаржы жұмсау» шотында бухгалтерлік есеп қалай ұйымдастырылғанын, субшот қалай пайдаланатынын, шоттар жоспары немесе есептік саясат туралы бұйрықта бекітілген ұйым шотының жұмысшы жоспары қолданылатын 58 «Қаржы жұмсау» шотына ашылған субшот жүйесіне сәйкес келетінін анықтау қажет.
Негізгі кезең
Қаржы жұмсау аудитінің осы кезенде қаржы жұмсауды ішкі бақылау мен бухгалтерлік есептің бастапқы бағасын растау, заңдылық талаптарын сақтауда қаржы жұмсау операцияларының бухгалтерлік есебінде дер кезінде және толық қамтылытып көрсетілуін тексеру, қаржы жұмсау операциялары бойынша кірістер есебінде есептеу, түсу және қамтып көрсетудің дұрыстығын растау жүргізіледі.
Қаржы жұмсауда ішкі бақылау мен бухгалтерлік есеп жүйесін бастапқы бағалауды растау келесімен түзеледі. Аудитор белгілейді:
- бағалы қағаздар сақталуы және коммерциялық құпияны жарияламауды қамтамасыз ететін жауапты адамдар тобы анықталған ба,
- қаржы жұмсаудың сақталу және ол туралы ақпаратты қамтамасыз ететін жағдай жасалған ба;
- қаржы жұмсауды тиісті топтарға жіктеу жүргізілген бе;
- бағалы қағаздың құнсыздануына резевтер қалыптастырылған ба;
ПБУ 19/02 талаптарына сәйкес қаржы жұмсау бухгалтерлік есепке бастапқы құны бойынша қабылданады. Сондықтан аудитор келесі құрайтындардан қаржы жұмсау қалыптасатындығын анықтау қажет:
- сатушымен келісім-шартқа сәйкес төленетін сомалар;
- аталған активтерді сатып алуға байланысты ақпараттық және кеңестік қызметтер үшін ұйымдар мен басқа адамдарға төленетін сомалар;
- Қаржы жұмсауды алу туралы шешімдер қабылдануына байланысты егер ұйымға ақпараттық және кеңестер жасалған болса және ұйымдар ондай сатып алулар туралы шешім қабылдамаса, аталған қызметтің құны коммерциялық ұйымның қаржы нәтижелеріне жатады (басқа шығыстар құрамында) немесе қаржылық жұмсауды сатып алуға шешім қабылдаған кездегі сол есепті мерзімде коммерциялық емес ұйым шығыстарының артуына жатқызылады;
- Делдалдық ұйымға немесе ол арқылы қаржы жұмсау ретінде активтер сатып алынған басқа адамдарға төленетін ақы;
- Қаржы жұмсау ретінде сатып алынатын активтерге тікелей байланысты басқа шығындар;
Егер ұйым бағалы қағаздар сатып алу үшін несие алып, бағалы қағаздарға меншік құқығын өткен сәтке дейін заем қаржысы бойынша пайыз есептелсе, ондай пайыздар бухгалтерлік есепте қаржы жұмсаудың бастапқы құнына қосылуы тиіс.
Келісім-шартта көрсетілген сомамен салыстыру бойынша бағалы қағаздар сатып алуға шығын сомасының мәнсіздігі жағдайында, ПБУ 19/02 сол есепті мерзімдегі басқа шығыстардың құрамында мұндай шығындарды мойындау мүмкіндігі беріледі, онда аталған бағалы қағаздар бухгалтерлік есепке қабылданады.
Мұнда ПБУ 19/02 мәндік өлшемі белгіленбеген, бұл оның мөлшері мен шығыстар құрамын дербес анықтау мүмкіндігін береді, олар бір мезгілде жұмсалған деп есептеледі. Шығыстардың шекті шамасы және егер қажет болса, мұндай шығыстар құрамы есеп саясаты бойынша бұйрықта белгіленуі тиіс.
Жарғылық капиталға салым ретінде жүзеге асырылған немесе қайтарымсыз алынған қаржы жұмсауды бағалауға не қатысты десек, онда ол тауарлық-материалдық құндылықтар немесе негізгі қаржылар үшін бухгалтерлік есепте пайдаланылады, яғни жарғылық капиталға салым шотына енгізілген қаржы жұмсаудың бастапқы құны құрылтайшылармен келісілген оларды ақшалай бағалауға тең.
Жай серіктестіктің келісім-шарты бойынша салым шотына енгізілген активтің бастапқы құны серіктермен келісілген ақшалай бағаға тең.
Қайтарымсыз алынған қаржы жұмсаудың бастапқы құны бухгалтерлік есепке қаржы жұмсаудың қабылданған датасына олардың ағымдағы нарықтық құны тең (бағалы қағаздар рыногында сауда белгіленген тәртіппен ұйымдастырушымен нарықтық бағаға арқа сүйейді) . Егер белгіленген тәртіппен сауда ұйымдастырушылармен әлдебір бағалы қағаздың нарықтық құнына арқа сүйемесе, олардың бастапқы бағасы оны сатудың нәтижесінде қағазға бухгалтерлік есеп қабылданған датада алынуы мүмкін.
Айырбас келісім-шарты және ақшалай емес қаржылармен міндеттемені орындау қарастырылған қаржы жұмсаудың бастапқы құны берілген немесе берілуге жататын активтердің құнына тең.
Егер берілген активтің құнын белгілеу мүмкін болмаса, бастапқы құн ұқсас келісім-шартта қолданылатын бағадан шыға отырып анықтала алады. Пайдаланудағы және ұйымның иелігіндегі бағалы қағаздардың бастапқы құны келісім-шартта көрсетілген ақшалай бағамен анықталады.
Егер қаржы жұмсаудың құны, ол бойынша олар сатып алынған болса, шетелдік валютамен белгіленсе, бухгалтерлік есепке ол теңгелік бағалаумен қабылданады. Ол шетелдік валютаны активті есепке қабылдау датасы белгіленген Халық Банкі бағамы бойынша қайта есептеу жолымен анықталады.
Қаржы жұмсаудың бастапқы құны өзгерген жағдайда құн тек ПБУ 19/02 және заңнамамен белгіленген жағдайда ғана өзгереді. Қаржы жұмсау, ол бойынша белгіленген тәртіппен ағымдағы нарықтың құн бойынша анықтауға болады, бұрынғы есепті дата оларды бағалауды түзету жолымен ағымдағы нарықтық құны бойынша есепті жылдың соңында бухгалтерлік есеп берушілікте қамтылып көрсетіледі. Аталған түзетуді ұйым ай сайын немесе тоқсан сайын жүргізеді.
Есепті датада ағымдағы нарықтық құн бойынша қаржы жұмсауды бағалау мен қаржы жұмсаудың бұрынғы бағалаудың арасындағы айырмашылық коммерциялық ұйымның қаржылық нәтижелеріне (басқа кірістердің немесе шығыстардың құрамында) немесе қаржы жұмсау есебі, шотының корреспонденциясында коммерциялық емес ұйымның кірістеріне немесе шығыстарына жатады.
Қаржы жұмсауға аудиторлық тексеру жүргізгенде ұйымның есептік саясатында белгіленген оларды жұмсаған деп есептеуде (шығаруда) қолданылатын бағалы қағаздардың өзіндік құнын бағалау әдістеріне сәйкес анықтау керек (қаржы жұмсауда бухгалтерлік есептің әрбір бірлігінің бастапқы құны бойынша, орташа бастапқы құны бойынша, қаржы жұмсауда бірінші сатып алу уақыты бойынша бастапқы құн бойынша ФИФО әдісі) .
Егер ұйымның есеп саясатында қаржы жұмсаудың құны түскенде резерв жасау қарастырылған жағдайда, оны қалыптастыру мен пайдаланудың дұрыстығын тексеру керек.
Резервтер жасалған сомаға 91 «Қалған кірістер мен шығыстар» шотының дебеті бойынша және 59 «Қаржы жұмсаудың құны түскендегі резервтер» шотының кредиті жазба жасалады. Мұндай жазба көрсетілген резервтердің шамасы артқанда жасалады. Жасалған резервтердің шамасы кемігенде, сондай-ақ қаржы жұмсау шығарылғанда, олар бойынша бұрын тиісінше резевтер жасалған болса 59 «Қаржы жұмсаудың құны түскендегі резевтер» шотының дебеті және 91 «Басқа кірістер мен шығыстар» шотының кредит бойынша жазба жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz