Жаза түсінігі және белгілері
Тақырыбы : Жаза түсінігі және белгілері
1. Жаза түсінігі және белгілері.
2. Жаза мақсаттары.
3. Жаза жүйесінің түсінігі және түрлері.
1.Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізуде әртүрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, рухани, экономикалық шаралардың барлық түрлерін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстылықтан қорғану мәселесіне ерекше көңіл аударады. Сондықтан біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмыстылыққа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселе жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, қоғам мүшелерінің белсенділігін, құқықтық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнайы заңда көрсетілген жағдайларда ғана іске асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын фнукцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе, ауыр не аса ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттің күштеу шаралары саналуан. Оларға тек қылмыстық құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шалара да жатады. Қылмыстық құқықтық шара мемлекеттің күштеу шараларының бірі бола отырып, өз ерекшеліктерімен сипатталады.
Біріншіден, қылмыстық шара - мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек қана заңмен белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны қолдану тәртіптері анықталған. Сот қылмыста кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шеңберде оның шегінен шықпай жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңіл шара тағайындауға құқылы.
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодекстің 38-бабында жаза дегеніміз сот үкімімен тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция қызметкері әкімшілік жазаға, салық инспекциясының лауазымды адамы салық төлеуден бұлтарған адамды заңда көрсетілген тәртіппен жазаға тартады немесе әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімшілік құқықбұзушыларды жауапқа тарта алады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде-біреуі қылмыстық жаза қолдануға құқылы емес, қылмыстық жазаны қолдану тек сот құзыретінде ғана болады.
Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай-ақ тағайындалған жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату және жазасын жеңілдету Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек сот құзыреті болып табылады. Бұл да қылмыстық жазаның басқа күштеу шараларынан мәнді өзгешелігін көрсетеді.
Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде, ашықтан-ашық тағайындалады. Яғни қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жазаны тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе заңды тұлғалар арқылы емес, мемлекет арқылы жария түрде тағайындалады. Қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан тағайындалады, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, мекеме, ұйым, лауазымды және адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып табылады.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға қолдануы мүмкін. Яғни бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық құқықтық салдары болып табылады. Сондықтан қылмыстық заңда адам өз кінәлігі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамға қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуыға тиіс, - делінген. Сондай-ақ әрбір істелген қылмыс үшін жаза тағайындау міндетті емес. Мұның мәні мынада: егер тергеу жүргізген немесе істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруіне байланысты кінәлінің істеген әрекеттерінің қоғамға қауіпті мәні жойылса немесе оның өзі қоғамға қауіпті емес деп танылса, қылмыс нысандары бар іс-әреекттер жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босату керек (68-бап).
Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық, әкімшілік немесе тәртіптік құқықтық жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін.
Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқықтық баға болып табылады. Бетіне басу мен кінәләудің дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәлінің жеке тұлғасына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына тікелей байланысты болады.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыруы немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасағанда кінәліге заңда көрсетілген реттерде ерекше жаза - өлім жазасы да тағайындалуы мүмкін. Кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам моральдық, материалдық, мүліктік зардаптар шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.
Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді. Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқықтық зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейде қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады. Немесе сотталғандық атақ қылмысты саралауға, жаза мөлшерін, жаза өтеудің колониясының режимінің түрін анықтауға әсер етуі мүмкін. Сонымен қылмыстық жаза дегеніміз сот арқылы мемлекет атынан қылмыс жасаған адамға қылмыстық заңмен белгіленген қылмыстық шараны қолдану болып табылады.
Қылмыстық шараның әкімшілік құқықбұзушылық үшін қолданатын жазадан айырмашылығы мынадай: біріншіден, қылмыстық жаза бұл істелген қылмыстың зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz