Жеке адамға қарсы қылжыстардың жалпы сипаттамасы


Тақырыбы: «Жеке адамға қарсы қылмыстар»
1. Жеке адамға қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері.
2. Жеке адамға қарсы қылжыстардың жалпы сипаттамасы
1. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. ҚР - ң Конституциясының 2 бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1 - бабында «ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», деп жарияланған. Осыған орай ҚР - ғы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқық та адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. ҚР - ң ҚК - ң 2 - бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. ҚР - ң барлық заңідары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен әруақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да ҚР - ң ҚК - ң Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық обьектісі жеке адамның дұрыс іс - қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Тікелей обьектілерінің ерекшеліктеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді :
1. Өмірге қарсы қылмыстар : адам өлтіру ( 96 - бап ) ; жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі ( 97 - бап ) ; жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру ( 98 - бап ) ; қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру ( 99 - бап ) ; қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру ( 100 - бап ) ; абайсызда адам өлтіру ( 101 - бап ) ; өзін - өзі өлтіруге дейін жеткізу ( 102 - бап ) .
2. Денсаулыққа қарсы қылмыстар : Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ( 103 - бап) ; денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру ( 104 - бап ) ; денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру ( 105 - бап ) ; денсаулыққа жан күйзелісі ( аффект ) жағдайында зиян келтіру ( 108 - бап ) ; қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру ( 109 - бап ) ; қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру ( 110 - бап ) ; денсаулыққа абайсызда зиян келтіру ( 111 - бап ) ; азаптау ( 107 - бап ) ; қорқыту ( 112 - бап ) ; ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету ( 113 - бап ) ; соз ауруларын жұқтыру ( 115 - бап ) ; адамның иммун тапшылығы вирусын ( ВИЧ/ЖҚТБ ) жұқтыру ( 116 - бап ) ; медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы ( 114 - бап ) ; заңсыз аборт жасау ( 117 - бап ) ; науқасқа көмек көрсетпеу ( 118 - бап ) ; қауіпті жағдайда қалдыру ( 119 - бап ) .
3. Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар : Адамды ұрлау ( 125 - бап ) ; бас бостандығынан заңсыз айыру ( 126 - бап ) ; психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру
( 127 - бап ) ; адамдарды пайдалану үшін азғырып - көндіру ( 128 - бап ) .
4. Жеке адамның ар намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар : Жала жабу
( 129 - бап ) ; қорлау ( 130 - бап ) .
5. Жыныстық қылмыстар : Зорлау ( 120 - бап ) ; нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану ( 121 - бап ) ; он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс - әрекеттер ( 122 - бап ) ; жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс - әрекеттерге мәжбүр ету ( 123 - бап ) ; жас балаларды азғындату ( 124 - бап ) .
2. Жеке адамға қарсы қылжыстардың жалпы сипаттамасы.
Адам өміріне қарсы қылмыстар . Адам өміріне қарсы қылмыстардың ішінде кісі өлтіру ерекше ауыр қылмыс деп есептеледі. Адам өлтірудің ауырлық дәрежесі мән-жайларға тәуелді болады. Қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай белгіленеді: 6 жылға бас бостандығынан айырудан бастап өлім жазасына дейін. Адам өлтірудің объектісі - адам өмірі болып табылады. Адамның өмірі туу процесі басталған сәттен басталған 9 мерзім кезеңінде өмірге қол сұғуды адам өлтірудеп бағалау керек.
ҚР Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» - деп айқын көрсеткен.
Орталық нерв жүйесінің жасушаларының жойылуы салдарынан жүрек жұмысының және ми қызметінің толықтай тоқтауы адамның өлу сәтінің басталуы деп есептеледі. Мұндай өлім биологиялық өлім деп аталады. Оған қарағанда клиникалық өлім жүрек жұмысының тоқтап қалуымен сипатталады. Бірақ адамның тірі қалу мүмкіндігі бар. Науқас адамға осындай сәтте қылмыстық ықпал етуді адам өлтіру деп есептеу керек.
Адам өлтіруде кез келген адам жәбірленуші болуы мүмкін, мұндайда жәбірленушінің жынысы, жасы, әлеуметтік жағдайы, діни сенімі, денсаулық жағдайы және басқда жеке мінездемелерінің ешқандай маңызы жоқ. Объективтік жағынан адам өлтіру белсенді әрекетпен де әрекетсіздіктен де жасалуы мүмкін. Белсенді әрекетке дене жарақаттары жатқызылады: улы заттар беру, тұншықтыру және т. б.
Немесе психикалық корқыту, инфаркт болуға себепші ойдан шығарылған мәліметтерді хабарлау және т. б. Барлық адам өлтіру қылмыстарын үш топқа бөлуге болады: жай адам өлтіру; жазаны ауырлататын мән-жайда адам өлтіру; жазаны жеңілдететін мән-жайда адам өлтіру. Осындай қылмыстарды жасаған кезде калпына келтіруге немесе өтеуге болмайтын салдарлар туындайды, өйткені өмір адамға екі рет берілмейді.
Денсаулыққа қарсы қылмыстар . Денсаулыққа қарсы қылмыстарға денсаулыққа әр түрлі ауырлықта зиян келтіру, ұрып соғу, сондай-ақ соз ауруларын жұқтыру және адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы жатқызылады. Мұндай қылмыстардың объектісі адамның денсаулығы болып табылады.
Адамның денсаулығы - бұл адам денесінің анатомиялың, тұтастығы және оның тәндері мен органдарының дұрыс қызмет етуі.
Мұндай қылмыстар әрекетпен немесе әрекетсіздікпен жасалуы мүмкін және басқа адамның денсаулығына зиян келтіруден тұрады. Өз денсаулығына зиян келтіру қылмыс деп есептелінбейді. Тек бір ғана жағдайда, дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтаруда ғана дене мүшесіне зақым келтіру қылмыс деп қарастырылады.
Адамның денсаулығына зиян келтіру дене жарақаттарын салудан және адам организмінің физиологиялық қызметін басқа жолмен бұзудан (жүктілікті тоқтату психикалық ауру, есірткі немесе уытқұмарлықпен ауыру көрінуі мүмкін.
Денсаулыққа зиян келтіру тәсілдері әр түрлі болуы мүмкін: механикалық ықпал ету, химиялық немесе термиялық құралдар қолдану. Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесіне байланысты ауыр, орташа ауырлықтағы және жеңіл деп бөлінеді.
Қылмыстық кодексте адамға қаза келтіру мен денсаулыққа зиян келтіруге ғана емес, сонымен бірге осы объектілерді зиян келтіру қаупінде қалдыратын әрекеттерге жауапкершілік бекітілген. Ондай қылмыстарға мыналар жатқызылады: қорқыту, өміріне қауіп төндіру, ауыстырып салу не басқаша пайдалану үшін адамның органдарың немесе тінін алуға мәжбүр ету, медидина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы, заңсыз аборт науқасқа көмек көрсетпеу, қауіпті жағдайда қалдыру.
Жыныстық қылмыстар . Жыныстық қылмыстарға заңда мыналар жатқызылған: зорлау, нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану, он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу секілді нәпсіқұмарлық сипатындағы өзге де іс-әрекеттер, жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипатындағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету, жас балаларды азғындау.
Жыныстық қатынастар адам өмірінің ажырамас бір бөлігі. Олар адамгершілік нормалары, отбасы заңдарының нормалары арқылы қамтамасыз етіледі. Алайда жыныстық еркіндікке қолсуғушылық пен қылмыстық қолсуғушылық қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады. Соған орай, мұндай қолсұғушылықтар ашық жыныстық зорлаудан немесе кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық адамгершілік нормаларын өрескел бұзудан көрінеді.
Жыныстық қылмыстардың ішінде ең қауіптісі және ең көп таралғаны - зорлау. Әйелдің жыныстық еркіндігі, жыныстық еркіндікке қолсұғылмаушылығы, жас балалар мен кәмелеттік жасқа толмағандардың қалыпты дене дамуы мен адамгершілік тәрбиесіне қарсы әрекеттер зорлау объектісі болып табылады. Әйел адам жыныстық әріптесін таңдауды өзі. Осы қылмысты жасағанда тек әйел адам ғана, адамгершілік сипатына, зорлаудың алдындағы жүріс-тұрысына, әлеуметтік мәртебесіне және т. б. қарамастан жәбірленуші болып есептеледі.
Зорлау табиғи түрдегі жыныстық қатынасты зорлықпен жасау көздейді. Жыныстық нәпсіқұмарлығын басқадай зорлықпен қанағаттандыру зорлау деп танылмайлы, бірақ нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану жауапкершілікке әкеп соғады. Әйелді еркінен тыс күштеп не психикалық мәжбүрлеу арқылы жасалған жыныстық қатынас қана зорлау деп саналады. Жыныстық қатынас жасауға әйелдің келісімін алдау немосе сенімге қиянат жасау аркылы алуға әрекеттенген адамның әрекеті зорлау деп қарастырылмайды. Мысалы, (әйлмен некеге тұрамын деп жалған уәде беру. ) Айыптының еркінен тыс себептерге байланысты зорлау тоқтатылған жағдайда, оның әрекеттері зорлауға дайындалу не оқталу деп қарастырылады. Зорлауға дайындалу деп - киімдерін шешу, күштеу не психикалық мәжбүрлеу шараларын қолдануды және т. б. айтады. Физиологиялық жыныстық қатынас жасауға бағытталған зорлаушының әрекеттері оқталу деп есептеледі.
Бостандық пен жеке бастың қосұғылмаушылыгына қарсы қылмысар.
Жеке адамның бас бостандығына және қолсұғылмаушылығына қарсы әрекет, бас бостандығынан заңсыз айыру, психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру және адамдарды саудаға салу сияқты әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады. Бұл қылмыстар азаматтардың жеке бас бостандығына қарсы бағытталған. Жеке адамның бас бостандығы - орналасу орнын, жүріп тұруды, өмір сүруді таңдау құқығын білдіреді. Объективтік жағы басқа адамның бостандығын қандай да бір нысанда бейнеленетін құқыққа қайшы әрекеттерден тұрады.
Жеке адамның ар намысы мен қадір қасиетіне қол сұғатын қылмыстар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz