Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
Тақырыбы : Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы , медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
2 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
3 Медициналық мәжбүрлеу шараларының түрлері
1.Кәмелетке толмағандардың қылмыстары мен оларды қылмыстық және қоғамға жат әрекеттерге тарту туралы істер жөніндегі сот практикасын жинақтаудың қорытындыларын талқылап, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігін және оларға қатысты сот ісін жүргізудің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық-іс жүргізу заңдарының дұрыс және біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында жалпы отырыс қаулы етеді:
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот ісін жүргізуге қатысты заңмен бекітілген талаптар мен ережелерді қатаң сақтау, осы санаттағы істерді уақытылы және сапалы қарау қажеттілігіне соттардың назары аударылсын. Қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 15-бабында көрсетілген. Қылмыстық іс жүргізуші органдар кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның жасын (туған жылын, айын, күнін) дәл анықтау жөнінде шара қолдануға міндетті. Бұл орайда адамның белгілі жасқа толуы ол туған күні емес, келесі тәуліктен бастап есептеледі.
Адамның жасын растайтын құжаттар болмаған жағдайда немесе ол құжаттар күмән тудыратын болса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚІЖК) 241-бабының2-тармағына сәйкес сараптама тағайындау қажет. Мұндайда сараптамашылар белгілеген жылдың соңғы күні туған күн болып есептеледі. Сараптамашылар жастың ең төменгі және ең жоғарғы мөлшерін жылдар санымен белгілесе (мысалы, 14-тен 15-ке дейін), онда сараптама ұсынған жастың ең төменгі мөлшері есепке алынуы қажет. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы және оған жаза тағайындау туралы мәселелерді дұрыс шешу үшін ҚІЖК-нің 117 және 481-баптарында көрсетілген мән-жайлардың елеулі маңызы бар. Сондай-ақ, кәмелетке толмағанның иланушылығы, ашушаңдығы, тәуелділігі, сөзуарлыққа, бастамашылыққа, қиялға бейімділігі сияқты жеке басының өзіндік қасиеттерін анықтап алу қажет. Бұл мақсатта кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеп отырған адамдардан және басқа да адамдардан жауап алып, оның денсаулығына және санасының дамуына қатысты ресми құжаттарды сұратып, сондай-ақ оның жеке басының құжаттарын (күнделіктер, жазбалар, хаттар, аудиожазбалар және т.б.) зерттеген жөн. Кәмелетке толмағанның ақыл-есінің кенже қалуы туралы жорамалға негіз болатын мәліметтер болған жағдайда, оның психикалық жетілуін анықтау үшін міндетті түрде жан-жақтылы психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалады.
Егер мұндайда кәмелетке толмағанның, психикасының бұзылуына байланысты емес, психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсіне алмағаны не оған ие бола алмағаны анықталса, онда ол ҚК-нің 15-бабының 3-бөлігінің ережелеріне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке жатпайды.
Ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалған кезде осындай психикалық дамуы жағынан артта қалуы оған жаза тағайындалғанда ескерілуі қажет. ҚІЖК-нің 71-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына және 486-бабының 2-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағанның қылмыстары туралы істер бойынша кәмелетке толмағанды ұстау немесе қамауға алу кезінен бастап немесе одан сезікті немесе айыпталушы ретінде бірінші жауап алынған кезден бастап қорғаушының қатысуы міндетті болып табылады. Қылмыстық істі жүргізуші орган ҚІЖК-нің 73-бабының 2-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағанның қорғаушыдан бас тартуын, оның себептеріне қарамастан, қабылдауға тиіс емес.
Егер іс тергелген немесе сотта қаралған кезде сезікті, айыпкер, сотталушы кәмелетке толған жағдайда, қылмыстық істі жүргізуші орган ҚІЖК-нің 73-бабының талаптарын қатаң сақтай отырып, оның қорғаушыдан бас тартуын қабылдауға құқылы.
Қылмыстық қудалау органдары және соттар Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-бөлігінің және ҚІЖК-нің 28-бабының талабына сәйкес, барлық жағдайларда кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпкердің, сотталушының білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге тиіс. Алдын ала тергеу барысында кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпкердің қорғалу құқығы бұзылғаны анықталған болса, соттар іс бойынша жиналған дәлелдемелерге баға берген кезде заңдылық пен сот ісін жүргізудің принциптері бұзылған деп есептесе, онда ҚІЖК-нің 9, 116, 128-баптарын басшылыққа алып, заңда көрсетілген негіздер болған жағдайда, істегі материалдардың кейбір дәлелдемелерінің күші болмаған деп танығаны жөн.
Кәмелетке толмаған адамдар жөніндегі істерге міндетті түрде қорғаушының қатысуы туралы заң талаптарының сақталмауы - ҚІЖК-нің 415-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі бұзушылық болып саналып, оны үкімнің бұзылуына әкеліп соқтыратын жағдай деп қарау қажет. Қорғаушының іске қатысуы алдын ала тергеу органдарын және сотты кәмелетке толмаған айыпкердің, сезіктінің, сотталушының заңды өкілін іске қатыстыру міндетінен босатпайды.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілі ретінде ҚІЖК-нің 7-бабының 22-тармағында көрсетілген адамдар ғана бола алады.
Егер кәмелетке толмаған адамның ата-анасы болмаса және ол жалғыз тұрса немесе оны басқа біреу асыраса, бірақ ол тиісті түрде оның қорғаншысы немесе қамқоршысы болып тағайындалмаса, онда ҚІЖК-нің 487-бабының 1-бөлігіне сәйкес іске міндетті түрде қорғаншы және қамқоршы органдардың өкілдері қатыстырылуы тиіс. Заңды өкіл немесе қорғаншы және қамқоршы органның өкілі кәмелетке толмаған сезіктіден немесе айыпкерден бірінші рет жауап алған сәттен бастап іске қатыстырылуы тиіс, бұл туралы тергеуші ҚІЖК-нің 487-бабының 3-бөлігінде көрсетілген олардың құқықтарын түсіндіре отырып, қаулы шығарады.
Туысқандық, қорғаншылық пен қамқоршылықты жүзеге асыру және олардың асырауында болу фактілері заңмен бекітілген тәртіп бойынша расталуы қажет.
Қылмыстық істі жүргізуші орган кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпкердің қатысуымен жасалатын барлық процессуалдық әрекеттерге заңды өкілді өздерінің процессуалдық құқықтарын жүзеге асыруы үшін қатыстыруға құқылы.
Заңды өкіл сот талқылауы аяқталғанша сот отырысының залында болады. Сот оның ҚІЖК-нің 492-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқықтарын сот отырысының дайындық бөлігінде түсіндіруге міндетті. Кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпкердің, сотталушының заңды өкілдерінің бірі қорғаушы міндетін атқарған жағдайда, қылмыстық іс жүргізуші орган іске оның басқа заңды өкілін қатыстыруға, ал ондайлар болмаған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органдардың өкілін міндетті түрде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Адам кәмелетке толған сәттен бастап заңды өкілдің міндеті тоқтатылады, бұл туралы қылмыстық қудалау органдары қаулы шығарады, ал сот өз отырысының хаттамасына тиісті мәлімет енгізеді. Мұндай жағдайларда, бұрын заңды өкілдері болған адамдардан олардың келісімімен куә ретінде кәмелетке толмағанның жалпы психологиялық мінездемесіне, сондай-ақ тұрмыстық және оны тәрбиелеу жағдайларына қатысты мәселелер бойынша жауап алуға болады. Істің мән-жайларын және кәмелетке толмағанның өмір сүру және тұрмыс жағдайларын ескере отырып, оларды ата-анасының, қорғаншылар мен қамқоршылардың немесе басқа да сенімді адамдардың, сондай-ақ өзі тұрған арнайы балалар мекемесі әкімшілігінің қарауына беру жөніндегі бұлтартпау шарасын кеңірек қолданған жөн. Бірақ мұндайда кәмелетке толмағанды ата-анасының немесе басқа адамдардың қарауына беру олардың жазбаша өтініші бойынша ғана мүмкін болатынын ескеру қажет.
Егер кәмелетке толмаған айыпкерді өмір сүру және тәрбие алу жағдайларына байланысты бұрын тұрған жерінде қалдыруға болмаса, онда ол ҚІЖК-нің 490-бабына сәйкес прокурордың санкциясын алған тергеушінің қаулысы немесе соттың қаулысы бойынша арнаулы балалар мекемесіне орналастырылуы мүмкін. Соттар кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша сот отырысын тағайындау мүмкіндігі туралы мәселені шешкен кезде ҚІЖК-нің 300-бабында көрсетілген мәселелермен қатар кәмелетке толмағанды қамауға алудың негізділігін жан-жақты тексеріп, мұндай шараның тек ерекше жағдайларда, ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағанда, ҚІЖК-нің 150-бабында көрсетілген негіздер болғанда ғана қолданыла алатынын ескергендері жөн.
Мұндайда ҚІЖК-нің 491-бабының 4-бөлігіне орай осы кодекстің 153-бабында белгіленген алдын ала тергеу барысында кәмелетке толмағанды қамауда ұстаудың мерзімі алты айдан аспауға тиіс.
Тергеу органдары жоғарыда аталған талаптарды орындамаса және кәмелетке толмағанды негізсіз қамауға алған жағдайда, сот оның бұлтартпау шарасын өзгертуге немесе бұзуға міндетті. Іс жөніндегі дәлелдемелерді, оның ішінде кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпкердің істі алдын ала тергеу барысында берген жауаптарын зерделеген кезде, соттар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін кәмелетке толмағанды оның заңды өкілі арқылы шақыруға және ұзақтығы үзіліссіз екі сағаттан артық емес, ал күніне төрт сағаттан артпайтын жауапты тәуліктің күндізгі уақытында алу қорғаушының, заңды өкілдің, ал қажет болған жағдайда психологтың, педагогтың міндетті түрде қатысуымен алуға міндеттейтін ҚІЖК нің 484 және 485 баптарының талап-тарының орындалғанын тексеруге міндетті.
Заңның бұл талаптарын орындамау, сондай-ақ кәмелетке толмағанның қылмыс жасағанына сезіктенуге немесе оған айып тағуға жеткілікті негіз бола тұра, одан куә ретінде жауап алу кәмелетке толмағанның жауаптарын дәлелдер ретінде тануға жол бермейді.
Қылмыстық іс жүргізуші органдар іске қатысушы педагогтар мен психологтарға ҚІЖК-нің 84-бабында көрсетілген мамандардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге міндетті, себебі олар бұл жағдайда мамандар болып табылады. Соттар қоғамдық қауіптілігі кішігірім қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға, егер ҚК-нің 82-бабында көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы оларды түзеу немесе қайта тәрбиелеу мүмкін болса, қылмыстық жаза қолдану жағдайларын болдырмаулары тиіс.
ҚК-нің 81-бабына орай тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолданумен кәмелетке толмағандарды жазадан босату үшін:
а) кәмелетке толмағанның қылмысты бірінші рет жасауы;
б) қылмыстың онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа санатқа жатуы;
в) кәмелетке толмағанды тәрбиелік әсері бар шараларды қолдану жолымен түзеу мүмкіндігі болуы қажет.
Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шешімді сот қана және істі басты сот талқылауында қарап, айыптау үкімін шығарған кезде ғана қабылдауы мүмкін.
Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың, немесе арнаулы мемлекеттік органның қадағалауына тапсыру, сондай-ақ бос уақытын шектеу және тәртібіне ерекше талап белгілеу сияқты тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралар, соттың пікірінше, оның түзелуіне немесе қайта тәрбиеленуіне қажет мерзімге немесе ол он сегіз жасқа толғанша қолданыла алады. Бұл жөнінде үкімде көрсетілуге тиіс. Қандай да болмасын жағдайда, сонымен қатар, егер кәмелетке толмағандар тәрбиелік әсері бар шараларды қолдану мерзімі ішінде олардан жалтарып немесе жаңа қылмыс жасағанда да тәрбиелік әсері бар шараларды қылмыстық жазаға ауыстыру мүмкіндігі заңда көрсетілмегені түсіндірілсін.
ҚК-тің 77-бабының екінші бөлігіне сәйкес тәрбиелік әсері бар шаралар қолданылған кәмелетке толмағандардың соттылығы жоқ деп танылады. Егер адамның өліміне немесе денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған адам жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның орнын толтырса, ҚК-нің 67-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, оған ҚК-нің 82-бабында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін екендігін соттар ескеруі қажет.
Ескерту. Қаулы 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен. Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-нің 52-бабында көрсетілген жағдайлардан басқа олардың тұрмыс және тәрбие алу жағдайларын (отбасындағы сәтсіз жағдай, ата-ананың, басқа туысқандардың жасөспірімдерге дөрекілікпен, кейде қатыгездікпен қарауы және т.б.), психикалық дамуы деңгейін, жеке басының ерекшеліктерін (психикасының бұзылуы, сабырсыздық, қызбалық және т.б.), қылмыс жасаудың себептерін (тентектік, "елмен бірге", қызғанушылық, кек алушылық және т.б.), жасөспірімге ересек адамдардың әсер етуін ескеруге міндетті.
ҚК-нің 53-бабына сәйкес айыптының кәмелетке толмауы қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай болып табылатынын соттардың ескергені жөн. Кәмелетке толмағанға қатысты үкім қабылдаған кезде соттар ҚІЖК-нің 371 және 494-баптарында көрсетілген мәселелерді шешуге тиісті.
Мұндайда сот үкімде қабылданған шешімнің себептерін көрсете отырып, кәмелетке толмағанға оның түзелуі және қайта тәрбиеленуі қоғамнан шеттетусіз мүмкін болмаған жағдайда ғана бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы шешім қабылдауға құқылы.
Кәмелетке толмағандарға ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау фактілерін жою қажет. Егер кәмелетке толмағанға бас бостандығынан айыру жазасы ҚК-нің 53-бабының 4-бөлігінде және 56-бабының 2-3-бөліктерінде көрсетілген ережелер ескеріле отырып тағайындалса, онда жазаның неғұрлым ауыр түрі мерзімінің немесе мөлшерінің жартысы және төрттен үш бөлігі тиісінше кәмелетке толмағанға аяқталған қылмыс үшін тағайындалуы мүмкін бас бостандығынан айыру жазасы 10 немесе 12 жылдан бастап есептелуі тиіс. ҚК-нің 63-бабының үшінші бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағандарға алдыңғы қылмысы үшін шартты түрде сотталған кезде сынақ мерзімі кезеңінде олар ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстарды қайтадан жасаған кезде, шартты түрде соттауды қолдануға болатынын соттар назарға алуы керек. Кәмелетке толмаған адам шартты түрде сотталған кезде сынақ мерзімі заңда белгіленген қысқартылған мөлшерде: алты айдан бір жылға дейін тағайындалады.
Егер адам бірнеше қылмыс жасап, олардың бірі 18 жасқа толғанша, ал басқалары кәмелетке толғаннан кейін жасалса, сот жазаны қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындаған кезде ҚК-нің 79-бабының талаптарын ескере отырып, әуелі он сегіз жасқа дейін жасаған қылмыстары үшін, ал содан соң кәмелетке толғаннан кейін жасаған қылмыстары үшін түпкілікті жазаны ҚК-тің 58-бабының ережелері бойынша тағайындайды. ҚК-нің 79-бабының 1-бөлігінің мазмұнына орай мүлікті тәркілеу ретіндегі қосымша жаза кәмелетке толмағандарға тағайындалмайды.
Егер ҚК-нің ерекше бөлігінің тиісті бабының санкциясы мүлікті тәркілеуді міндетті қосымша жаза ретінде көздесе, онда соттар оның қолданылмауын, ҚК-нің 79-бабына сілтеме жасай отырып, үкімде дәлелдеулері қажет. ҚК 13-бабының төртінші бөлігіне сәйкес кәмелеттік жасқа толмай тұрып жасалған ұрлық үшін бұрынғы соттылықтар, қылмыстың қайталануын тану кезiнде ескерілмейтіні түсіндірілсін.
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекеттерге немесе қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту туралы істерді тергеген және қараған кезде бұл қылмыстардың тек қасақана жасалатынын ескеру қажет.
Мұндайда қылмыстық жауаптылық, егер айыпты адам осындай қылмысқа тартылған адамның кәмелетке толмағанын анық білген жағдайда ғана туындайтынын басшылыққа алу қажет. Кәмелетке толмағанды қылмыстық әрекетке тарту деп қылмысқа тартушы адамның кәмелетке толмағанның қылмысқа қатысуға ынтасын (ниетін, ұмтылысын) және дайындығын қалыптастыру жөніндегі мақсатты әрекеттерін тану қажет. Мұндайда ересек адамның әрекеттері белсенді болуы тиіс және психикалық немесе денесіне зиян келтірумен (ұру, көндіру, қауіп туғызу және қорқыту, ақша беру, алдау, кек алу, қызғану және өзге де ұждансыз сезімін қоздыру, жауапсыздыққа сендіріп, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz