Қылмыстық құқығының ерекше бөлімінің жүйесі


Тақырыбы : «Қылмыстық құқығының ерекше бөлімінің жүйесі»
1. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі және оның маңызы.
2. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің жүйелері
1. Қылмысты дұрыс саралаудың әділсоттылықты жүзеге асырудағы маңызы.
Қылмыстық құқық ерекше бөлімінің нормаларын формальды - тоғышарлықпен талқылауға және ерекше бөлімнің нормаларының заңдылық табиғатын түсіндіруде нигилистік көзқарасқа жол бермеу.
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің жүйелері .
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі қылмыстың жеке түрлеріне қылмыстық жауаптылық негіздерін және осы қылмыстардың құрамының белгілерін, сондай - ақ оған тағайындалатын тиісті жаза түрлерін белгілейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.
Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінде қылмыс туралы ұғым, жаза түрлерінің тізбегі, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың жалпы принциптері ( қағидалары ) сөз болса, ал Ерекше бөлімде нақты қандай қоғамға қауіпті іс - әрекеттің қауіпті қылмыс болатыны жасалған қылмысқа қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларымен белгіленген нақты бір жаза түрін тағайындау мәселелері қарастырылады.
Жалпы бөлімнің нормаларын басшылыққа алмайынша Ерекше бөлімнің нормаларын қолдану мүмкін емес, немесе керісінше Ерекше бөлім
нормалары болмаса Жалпы бөлім нормаларының іске асырылуы мүмкін емес.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінде көрсетілген Қылмыстық құқықтың нақты белгілі бір бабы бойынша қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінде көрсетілген Қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін . Жалпы бөлімде көрсетілген нормаларға соқпай өтуге болмайды. Мысалы, кінәнің нысандары және олардың мазмұны, қылмыстық жауаптылықты белгілейтін жас мөлшері, қылмысқа қатысудың ұғымы, қылмысқа қатысу нысандары және қатысушылардың түрлері, қылмысқа даярланғандық немесе оқталғандық сияқты түсініктер тек қана Жалпы бөлімде айқындалған. ҚР - ы ҚК - ң 103 - бабы бойынша - денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәліні қылмыстық жауапқа тартып, соттау үшін, біріншіден бұл қылмысты жасы 14 - ке толған есі дұрыс ( 15, 16 - баптар ), қылмысты қасақаналықпен ( 20 - бап ), қажетті қорғану белгілері жоқ болған жағдайда ( 32 - бап ) жасалғанын анықтау қажет. Осы жасалған қылмыс үшін жаза тағайындағанда сот ҚК - ң Жалпы бөлімінің мынадай қағидаларын басшылыққа алады : 38 - бап ( жазаның мақсаттары ), 52 - бап ( жаза тағайындаудың жалпы негіздері ), 53, 54 - баптар ( жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән - жайлар ) және т. б. Немесе ҚК - ң 55 - бабын қолданып заңда көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілірек жаза тағайындауы мүмкін. Жалпы және Ерекше бөлімдердің мақсаты қоғамға қауіпті іс - әрекеттерге заңдылық баға беріп, істелген қылмыс үшін заңда белгіленген жазаны әділ қолдану болып табылады.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі курсының пәні дегеніміз қылмыстың жеке түрлеріне қылмыстық жауаптылық белгілеу және осы қылмыстың құрамының белгілерін, оларға тиісті жазаны анықтайтын нормалардың мазмұнын ашу болып табылады.
Әділсоттылықты, заңдылықты жүзеге асыруда Қылмыстық құқықтың
Ерекше бөлімінің маңызы өте ерекше . Қылмыстық құқықтың 19 - бабының 3 - тармағында көрсетілгендей қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Қылмыстық заңның осы нормасының өзі адамды қылмыстық жауапқа тарту үшін және оны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп табу үшін оның жасаған іс - әрекетінде белгілі бір қылмыс құрамының белгілері болуы керек екендігін және қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс - әрекетті істеу қылмыстық жауаптылықтың бірден - бір негізі болып табылатынын айқындайды. Қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы істелген іс - әрекетті нақты бір қылмыс құрамына жатқызу және осы іс - әрекетке Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптар бойынша құқықтық баға беруді қылмыстық құқық теориясы қылмысты саралау деп атайды. Қылмысты дұрыс саралау құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік борышы, негізгі міндеті.
Қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қайшы іс - әрекеттерді Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімдеріндегі баптарға дәлме - дәл жатқызу, дұрыс саралау - заңдылық принципін бұлжытпай жүзеге асырудың шарты болып табылады. Егер нақты бір іс - әрекетті, мысалы ұрлықты, бір сот ұрлық деп, екіншісі тонау, ал үшіншісі қарақшылық деп сараласа, бұл заңдылық жөніндегі конституциялық принциптің өрескел бұзылғандығы болып саналады. Қылмысты дұрыс сараламаудың нәтижесінде қылмысты іс - әрекетті жасаған кінәлі адамға жөнсіз жеңіл немесе ауыр жаза қолданылуы мүмкін.
Қылмысты дұрыс сараламаудың өзі қылмыстық құқықтың алға қойған басты мақсаттарының бірі жасалған іс - әрекеттерге дұрыс, әділ жаза тағайындау принципіне қайшы келеді. Қылмысты дұрыс саралау - жеке адамдардың ҚР - сы Конституциясында, басқа да заңдарда көрсетілген құқықтарын, бостандықтарын қорғаудың кепілі болып табылады. Қылмысты дұрыс сараламаудың сотталған адамға тигізетін адамға зардабы да зор. Кінәлінің іс - әрекетін дұрыс сараламау, оның заң қорғайтын мүддесіне келтірілген зор кесел болып табылады. Іс - әрекетті дұрыс сараламау салдарынан - адамға негізделмеген жаза тағайындалып қана қоймайды, ол оның тағдырына байланысты көптеген зардаптарға әкеп соғады. Мысалы : қылмысты дұрыс сараламаған жағдайда, оған көп немесе аз жаза тағайындалуы мүмкін. Қылмысты дұрыс сараламау оған белгіленген түзеу колониясының түріне де, сондай - ақ кінәліні мерзімінен бұрын шартты жазамен босату немесе босатпауға да әсер етеді.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нормаларын оқығанда оны формальды - тоғышарлық әдіспен пайдалануға ешқандай да жол берілмеуі керек. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нормаларын Жалпы бөлім нормаларымен байланыссыз, жеке дара, оларды әлеуметтік - саяси бағыттарынан тысқары, қоғамның әлеуметтік - экономикалық жағдайынан мүлдем сыртқары түрде зерттеу - формальды - тоғышарлық әдіс болып табылады. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімін формальды - тоғышарлықпен оқып білуге, зерттеуге үзілді - кесілді тыйым салыну керек.
Сонымен бірге Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нормаларын оқып үйренуде нигилистік көзқарасқа жол берілмеуі керек. Нигилистік көзқарастар қылмыстың құрамының белгілерін өзінше, заңға байланыссыз талқылау немесе арнаулы қылмыстық заң нормалары жоқ болғанына қарамастан, соған ұқсас басқа заңдармен қылмыстық жауапқа тартуды көздейді. Мұндай көзқарас заңдылық принципіне мүлдем қайшы.
2. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөліміндегі нормалар белгілі бір тәртіппен, жүйеге бөлініп орналасады. Ерекше бөлімнің жүйелері деп - қылмыстық жауаптылықты белгілейтін жеке қылмыстық нормалардың топтық обьектілік белгісі бойынша белгілі бір жекелеген топтарға бөлініп, қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай рет - ретімен, дәйектілікпен орналасу тәртібін айтамыз. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жүйесін дұрыс құру қылмысты дұрыс саралауға ғана емес, сонымен бірге онымен белсенді күрес жүргізуге, оның алдын алуға, әділ жаза тағайындауға толық мүмкіндік береді. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі нормаларын бөлудің негізі болып - қылмыс обьектісі, атап айтқанда қылмыстың топтық обьектісі негіз бола алады. Топтық обьект қоғамға қауіптілігі бірдей едәуір қылмыс топтарының обьектісі, яғни ол өзара ұқсас қылмыстардың бір тарауға топтастырылуының негізі. Кейбір қылмыстарды топқа бөлу - топтық обьект ғана емес, қылмыстың субьектісінің ерекшеліктері де ескеріледі. Мысалы, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы, әскери қылмыстар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz