Өкілдің өкілеттілігі және оның туындау негіздері



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы
К І Р І С П Е ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I Өкілдіктің ұғымы мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Өкілдіктің
субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...7
1.2 Өкілдің өкілеттілігі және оның туындау негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Өкілдіктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
II Сенімхат ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1 Сенімхаттың куәләндырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Сенім хаттың мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ҚОСЫМША
МАТЕРИАЛДАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...25

К І Р І С П Е
өкілдік (representation ағыл. сөзінен) – бір адамның (өкілдің) басқа
адамның өкілдік берушінің атынан оған құқықтар мен міндеттемелер жасап
әрекет етуін айтады. Өкіл өкілдік беруші тұлғаның атынан әртүрлі мәмілелер
жасайды. Өкілдер арқылы басқа да көптеген заңдық әрекеттер жасалады мысалы,
талапарыз ұсыну, жалақыны, посылканы алу және т.б.).
Өкілдің өкілеттігі сенімхатқа, заңға, әкімшілік актіге негізделеді.
Өкіл болушы азаматтар ақыл есі бүтін өз ісіне толық жауап бере алатын
адамдар болуы шарт. Заңды тұлғалардың жарғылық міндеттеріне қайшы келмейтін
болса олар да өкіл бола алады.
Курстық жұмысты жазуда мен заңгер ғалымдарымыз Ғ. Төлеуғалиевтің және
Ғ.А. Жайлиннің еңбектеріне арқа сүйедім.
Сенімхат ретінде бір тұлғаның ,екін шісіне үшінші тұлға алдындағы  өкі-
летігі үшін берілетін жазбаша  құқығы түсіндіріледі. Көп  жағдайда сенімхат
ерікті өкілеттің  құқығын  бекіту үшін беріледі. Егер ерікті өкілдік өкіл
жіберуші мен  өкіл арасында келісім  иемденбесе, сенімхат беру
өзінің заңдық табиғаты бойынша бір  жақты мәмілені көрсететді.Басқаша а йтқанд
а, сенімхат беру және оның заңдық к үшін иемдену үшін өкіл келісімдігі  талап 
етілмейді. Сенімхаттың мынадай негізгі түрлері бар, олар бір ретік, арнайы
және басты сенімхат.
Келісімге қарағанда,  сенімхат өкілдіктің сыртқы әсерін қамтамасыз
етуге  шақырылған. Үшінші тұлға сенімхатпен таныса отырып, өкілдің қандай
артықшылықты иемденетін біледі. Құқық шегінде  өкілмен жасалған кез-келген
мәлімелер  және басқа да заңдық  әрекеттер  өкіл жіберуші үшін міндетті
сипатқа  ие.
Сенімхат заң мәмілесіне ұсынылатын  барлық талаптарға сәйкес келуі ке-
рек. Сенімхат құқықтық заңдық әреке т жасауға ғана берілуі мүмкін; өкіл
жіберушінің еркі еркін қалыптасып,  сенімхатта анық көрсетілуі тиіс; за ңды тұ
л-ғаға берілген сенімхат арнайы құқ ық субъектілігіне қайшы келмейтін мәміле
жасауға ғана қатысты болуы мүмкін.
Курстық жұмытсың өзектілігі: Азаматтық айналымда өкілдік институ-ты
кеңінен қолданылыды. Өкілдік институтының маңыздылығы, ол тұлғаға бір
мезгілде бірнеше нарықта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуіне мүмкіндік
береді, сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды
тартуға қолайлы келеді. Өкілдік институты біздің тәуелсіз Қазақстанда
кеңінен тараған, өйткені бір ғана Тараздың өзінде 150-ге тарта нотариат
кеңселері бар. Ал осы кеңселердің ең көп қолданатын құжаты осы сенімхаттар
жазып оны куәландыру екенін социологиялық зерттеулер көрсетіп отыр. Өкілдік
институтына арналған баптар Азаматтық кодекстің Жалпы бөлімінің 5-тарауын
қамтып жатыр.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Өкілдік ұғымы және
оның түрлеріне сипаттама беру. Өкіл еттілік түсінгін анықтау. Өкілеттілігі
жоқ өкілдік. Сенімхат. Түсінік. Түрлері мен ерекшеліктері. Сенімхат
мерзімі.
Сенім ауысу. Сенімхаттың тоқтатылуы . Коммерциялық сенімхаттың ерекшелі к-
теріне сипатама беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымша
материалдардан тұрады.

I Өкілдіктің ұғымы мен маңызы

1.1 Өкілдіктің субъектілері

Өкілдік деп басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның
(өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа
негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің
азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және
тоқтатады.
Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет
жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін [1]
Өкілдік инстиутының маңыздылығы, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше
нарықта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, сондай-ақ
істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы
келеді.
Іс-әрекеттердің бәрін өкіл арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша
кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі
ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан
тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет
қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі
қол қоюы керек, некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке
өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді. Өкілдік
институтының мазмұны субъектілер  құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол
өз кезегінде құқықтар мен міндеттердің  пайда болуына, олардың мазмұндарын а,
қорғану түрлеріне негізделеді. Атал ған негізгі  элементтердің сипаты ө кілдік
 
ұғымы арқылы көрінеді. 
Өкілдіктің субъектілерінің құрамы ү ш адамнан- өкілдік беруші,өкіл,
және
үшінші жақтан тұрады. Өкілдік  беру ші өкілге іс әрекеттерді жасауды та псырып
, тиісті сенімхат берген болса  ған а немесе өкіл өзінің қызметтерін он ың нұс
қа-уы немесе заңды тұлғаның құжатта ры бойынша істейтін болса  ғана
өкілдің іс-әрекеттері өкілдік  беруші үшін құқықтар мен міндеттер  тудыра
алады. Азаматтық құқықтың кез  келген субъектілері, құқық қабілеттілігі 
бар немесе жоқ адам да, заңды  тұлға да өкілдік беруші бола алады .
Ал Азаматтық  құқық субъектілерінің  бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Аза м
аттық әрекет қабілеттілігі бар кез  келген тұлға, яғни азаматтар мен заңды 
тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі  алдымен азаматтың 18 жасқа толу ке ректіг
ін көрсетеді, өйткені, бұл жаста оғ ан азаматтық әрекет қабілеттігі тол ықтай 
тәнал заңды тұлғадағы өкілдік жарғы мен айқындалған құқық қабілеттілікк е қайш
ыкелмеуі тиіс.
Үшінші  жак, — азамат немесе заңды  тұлға.Үшінші  жак, — азамат неме-
се заңды тұлға. Өкілдің онымен әрек етке түсуі нәтижесінде  өкілдік  бе рушіні
ң 
азаматтық  құқық қатынастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.
Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен
айқындалады, ал ол өз кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына,
олардың мазмұндарына, қорғану түрле ріне негізделеді. Аталған негізгі э лемент
-тердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді. Өкілдіктің субъектілерінің
құрамы үш адамнан — өкілдік беруші, өкіл, және үшінші жақтан тұрады.
Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат
берген
болса ғана немесе өкіл өзінің қызме ттерін оның нұсқауы немесе заңды тұ лғаның
құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші
үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез келген
субъектілері, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да, заңды тұлға да
өкілдік беруші бола алады .
Ал Азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды.
Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез келген тұлға, яғни азаматтар мен
заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу
керектігін көрсетеді, өйткені, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттігі
толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқық
қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс.
Азаматтық кодекс баптарына сай адвокаттар коллегиясынан, тергеушілер,
соттар, прокурорлар қатарынан шығарылған тұлғалар сотта өкіл болға құқығы
жоқ, егер олар тиісті соттың, прокуратураның немесе заңдық өкіл ретінде
болмаса онда олар сотта өкіл болуға құқығы жоқ.
Үшінші жақ ретінде өкіл көмегімен а заматтық құқықтық мәміле жасасу-шы
немесе басқа құқықтық әрекет етуші ретінде кез келген азамат немесе
заңды тұлға бола алады. Өкілдің оны мен әрекетке түсуі нәтижесінде өкіл дік бе
рушінің азаматтық құқық қатынастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.
Заң тек қана өкілге өкілдік беруші атынан өзіне қатысты мәмілелер жасауға
тиым салады. Мысалы, өкіл өкілдік беруші сатып жібер деп тапсырған,
сондықтан өкілдік берген мүлікті өзі сатып алуына болмайды.
Өкілдік негізінде бір тұлғаның (өкілдік беруші, сенім беруші) екінші
тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған
және өкілдік қатынасын асыра пайдаланғанда екінші жақтың өкілдік беруші
тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірақ, Азаматтық
кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір адамның атынан немесе
өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші осы мәмілені
кейіннен мақұлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді
туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің кейіннен
мақұлдауы мәмілені оның жасаған кезінен бастап жарамды етеді.

1.2 Өкілдің өкілеттілігі және кілдіктің туындау негіздері

Өкілеттіктің туындауының негізі — заң фактісі болып табылады. Заңда
мынадай өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде
көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда
көрсетілген фактілер; мәселен, ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері
бола алады, әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және
заңды тұлғалар алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы
өкіл болып қатыса алады ; уәкілетті органның актісі — тұлғаға өкіл болып
қатысуға рұқсат беретін акт. Мысалы, өкілеттік міндетті атқаруды талап
ететін лауазымға тағайындау өкілеттік, сондай-ақ өкілдің (бөлшек сауда
жүйесіндегі сатушы, кассир және т.с.с.) әрекет жасайтын жағдайынан да
көрінуі мүмкін. Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік
тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды.
Мысалы, Теңіз жолы сауда кодексі бойынша кеме капитаны қызмет бабында
жасалған мәмілеге байланысты кеме иесінің және жүк иесінің өкілі болып
табылады, жолшыбай не барған жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің
өкілдері болмаса, жағдайға байланысты талап қою мәселесін өзі шеше
береді, кейбір мәмілелерге билік етеді. [2]
Егер өкіл өзіне берілген өкілдік шегінен шығып кететін болса, онда
өкілдік  беруші тұлға үшінші жақ ал дында өкіл жасаған құқықтық қатынас тардан
өзін еркін сезінеді, себебі ол мұндай шектен шығуға рұқсат (өкілдік)
бермеген болатын.
Мәміле жасауға уәкілдік берілмеген адамның басқа адам атынан немесе
өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші осы мәмілені
кейіннен мақұлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді
туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
Өкілдік берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оның жасалған кезінен
бастап жарамды етеді. [1]
Өкілдің өкілеттілігі болу кез келген өкілдіктің негізгі талабы болып
табылады. Бірақ нақты өмірде өкілеттілігі болмаса да басқа адамдардың
атынан мәмілелер жасап жатады. Мұндай жайттар азаматтық айналымға
қатысушылар арасында таза күйінде кездесіп жатады. Мысалы, азамат өзінің
танысына саяжай үйі керек екенін біліп оның атынан нақты тапсырыс болмаса
да осы үйді оның атынан жалға алып шарт жасасады. Өмірде азаматтық
айналымға қатысушылар арасында жалған өкілдікпен де әрекет жасайтын кездері
кездеседі. Мұндайға мысал ретінде дұрыс толтырылмаған сенімхатпен, немесе
мерзімі өтіп кеткен сенімхатпен әрекет етуді де келтіруге болады.
Өзінің құқықтық тұрғысынан мәміленің жасалуына келісім берудің өзі
біржақты мәміле болып табылады. Ол жазбаша нысанда, хат, телеграмма, факс
және т.б. түрінде болуы мүмкін. Өкілдік берушінің әрекетінен тек қана
мәмілеге тікелей келіскені ғана көрініс тапса болғаны. Мәмілеге келісім
берудің кері күші де бапр, егерде мәміле жасалғанға дейін өкілдік беруші
мәміле жасауға қарсы болса онда ол мәміле жасалмастан бұрын одан бас тарта
алады.

1.3 Өкілдіктің түрлері

Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан
туындайды, әрі ол өкілдік берушінің  еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы
сауда кодексі бойыншакеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге
байланысты кеме иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не
барған жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға
байланысты талап қою мәселесін өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге билік
етеді (ТЖСК-нің 50-бабы) Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп
атайды. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік
беруші өкілдік тауып қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды (мысалы,
тапсырма шарты).
Заңды өкілділік  сот шешіміне немесе әкімшілік актіге негізделеді.
Азаматтық хал актілерін  тіркеу орг анында тіркелген туу  куәліктері не гізінд
е 
ата-аналар өз балаларының өкілі бол а алады. 
Балаларды  асырапалу жағдайында дәл  солай  тіркеу жүргізіледі және асы р
ап алушыларды ата ана ретінде жазыл уына және жаңа туу туралы куәліктің  беріл
уіне  жергілікті атқарушы органның әкімшілік  шешім-актісі негіз бола
алады.
Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп аталады. Мұның өзі
өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілді тауып
қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды. Сонымен бірге өкілдік
берушінің атынан заңдық әрекет жасарда өкілдің өзімен де келісім жасау
талап етіледі. Өкілдік беруші мен өкіл арасында шарт жасалып, онда
өздерінің ішкі қарым-қатынастарын айқындайды (мысалы, тапсырма шарты).
Егер мұндай шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде
олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық
өкілдік туындайды[1] . Мұндай жағдайда коммерциялық өкіл өкілдің өкілеттігі
көрсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда —
сенімхат негізінде әрекет жасайды. Коммерциялық өкілдік екі түрге бөлінеді:
өз өкілдігі және бөтен тұлғаның алдында болатын өкілдік.
Өз атынан болу — заңды тұлға өкілді өз құрылымынан тағайындайды және
ол арқылы өзінің құқықтары мен міндеттерін орындап, мүддесін қорғайды.
Мұндай өкілдікте бір субъект болады, сырттан бөтен тұлғаны айналымға
қатыстырмайды (АК-тің 163-бабының 1-тармағы).
Коммерциялық өкілдіктің екінші түрі — басқалардың мүдделері үшін болса
да өз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік
кезіңде өсиетті орындау тапсырылған адамдар және т. б.).
Коммерциялық өкілдің өкілеттігі жазбаша шартта тікелей көрсетілуі тиіс
немесе оған берілетін сенімхатта да жазылады. Коммерциялық өкіл бір
мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шарттың түрлі тараптардың мүлделерін
білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген тапсырмаларды кәдімгі
кәсіпкердің ыждағаттылығымен орындауға міндетті.
Коммерциялық өкіл өзіне белгілі болған сауда мәмілелері туралы
мәліметтерді өзіне берілген тапсырманы орындағаннан кейін де құпия сақтауға
міндетті [1].
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген сал аларындағы коммерциялық өкілдіктің
ерекшеліктері заңмен белгіленеді. Азаматтық кодексте коммерциялық өкілдік
біздің нарық заманымызға сай тұжырымдалған баптан тұрады. Біз осы баптың
мәтінін толық келтірдік:
1. Кәсіпкерлер шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес
өкілдік етуші адам (коммерциялық өкіл) өкілдің өкілеттігі көрсетілетін
жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда - сенімхат негізінде
де әрекет жасайды.
2. Коммерциялық өкіл сонымен бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын
шарттың түрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады. Бул орайда ол өзіне
берілген тап-сырмаларды кәдімгі кәсіпкердің ыждағаттылығымен орындауға
міндетті.
3. Коммерциялық өкіл келісілген сыйақыны және өзі тапсырмаларды
орындаған кезде жұмсаған шығындарын, егер өздерінің арасындағы келісімде
өзгеше көзделмесе, шарттараптарынан тең мөлшерде төлеуді талап етуге
құқылы.
4. Коммерциялық өкіл өзіне белгілі болған сауда мәмілелері туралы
мәліметтерді өзіне берілген тапсырманы орындағаннан кейін де құпия сақтауға
міндетті.
5. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы коммерциялық
өкілдіктің ерекшеліктері заңмен белгіленеді[1].
Төрелік сотта өкілдік ету – жақтардың, үшінші жақтардың, мемлекеттік
органдардың атынан және олардың мүддесі үшін жасалатын іс жүргізу қызметі.
Ұйымдардың істерін төрелік сотта олардың органдары немесе олардың өкілдері
жүргізе алады, ал азаматтар төрелік сотта өздері немесе өкілдер арқылы іс-
қимыл жасайды. Төрелік іс-жүргізу кодексі заңды тұлғалардың сондай-ақ
азаматтардың істерін өкілдік арқылы жүргізуге рұқсат берген. Төрелік сотта
өкіл болып әрекет жүргізуге кез келген ақыл есі бүтін және өкілдігі
құжатталған азамат бола алады. Ал ақыл есі жетілмеген азаматтардың
құқықтарын төрелік сотта олардың қамқоршылары немесе ата-аналары, асырап
алушылар жүзеге асырады. Немесе олар бұл өкілдікті олардың өзі қалаған
өкілге беруге құқығы бар.

2 Сенімхат ұғымы

2.1. Сенімхаттың куәландырылуы

Сенімхат (ағылш. warrant; power of attorney; proxy;— сенім
білдірушінің өз атынан өкілдік ету үшін екінші тұлғаға берген жазбаша
уәкілдігі. Сенімхат жазбаша нысанда және нотариаттық куәландыру арқылы
жасалынады. Егер сенімхат мүлікті басқару үшін және нотариаттық
куәландыруды талап ететін мәміле жасауға берілсе, оны міндетті түрде
нотариат куәландыруға тиіс. Сенімхаттың мерзімін сенім білдіруші өзі
белгілейді, бірақ заң бойынша ең ұзақ мерзім — 3 жыл. Сенімхатта мерзімі
көрсетілмесе, толтырылған күнінен бастап 1 жыл мерзімге жарамды болып
саналады.
Бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші
адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады (АК-
тің 167-бабының 1-тармағы).
Сенімхатты пайдалану кезінде "уәкіл дік" және "өкілетті" деген терминде р
ді ажырата білу керек. Уәкілдік дегеніміз өкілдің өкілдік беруші атынан іс-
әрекетке қатынасуы, ал өкілеттік өкілдік беруші үшін өкілдің жасауға құқылы
әрекеттерінің шеңбері болып табылады.
Заң жағынан қарағанда сенімхат беру — біржақты мәміле, яғни бұл
өкілеттікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінің ерік білдіруі қажет
және жеткілікті, соңдықтан да өкілдің келісімі талап етілмейді.
Заң сенімхаттың жазбаша түрін міндетті түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өкілдіктің ұғымы мен маңызы. Сенімхат
Сотта өкілдер бола алмайтын тұлғалар
Сотта өкілдік ету ұғымы
Заңды тұлға жайлы
Азаматтық іс жүргізудегі адвокаттың құқықтық жағдайы
Өкілдіктің қолдану аясы
Сотта өкілдік ету түрлері
Сотта өкілдік ету:түсінігі және түрлері
Азаматтық құқықтағы соттағы өкілдік
Сенімхат нысаны, мерзімі және ауысуы
Пәндер