Қаржы құқыгының қайнар көздері және ақшаның пайда болуы мен маңызы


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Қазақстан Республикасының қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі.
- Қаржы құқыгының қайнар көздері және ақшаның пайда болуы мен маңызы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі.
Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметкерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекетгің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құкықтық нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердін бірі ақшалай қаржы жинау, яғни, жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі зацда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемшекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларга да міндетті жарналар жіберіледі, мысалы зейнетақы жинақтау қорларын айтуга болады. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.
Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлары, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу.
Ал керісінше, несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлары, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы. Бүгінгі таңда несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие бір мемлекеттің басқа шет мемлекеттердің және олардың жеке және заңды тұлғаларының, инвесторлардың, халықаралық қаржылық ұйымдардьщ ақшалай қаржыларын
уақытша пайдалануы. Мемлекет бұндай жағдайда қарыз алушының рөлінде болады. Банктік несие банктік қарауына уақытша айналыстан бос ақшалай қаржыларды жинақтау қатынастарын қамтиды.
Коммерциялық несие банктік қаржыландырудан түбірінен өзгешеленеді. Коммерциялық несие кейде тауарлы деп те аталады. Оның мәні қаржыны қайтаруды кейінге калдыруға рұқсат беріледі. Сонымен кәсіпорын несиеге алған материалдарды кейін өтеуге мүмкіншілік арқылы несие алады. Коммерциялық несие векселмен бекітіледі вексельді банктер есепке алады да, сөйтіп коммерциялық несие біртіндеп банктік несиеге ұласады. Сонда заңнамалар нормаларьгна сәйкес келетін вексель вексель иесіне берілген жазбаша кепілдік болып табылады.
Мемлекеттік қаржылық іс-әрекет және қаржылық бақылау мен айналысатын көптеген органдар бар. Оларға мемлекеттік биліктің жоғарғы өкілетті және атқару органдары - Мәжіліс пен Сенат, Үкімет, Қаржы министрлігі, Ұлттық банк, Санақ палатасы, Қазыналық, салық комитеттері, салық полициясы. басқа да көптеген қаржылық бақылауды іске асыратын әр түрлі инспекциялар жатады.
Мемлекеттік емес кәсіпкерліктен басқа тірлікпен айналысатын субъектілердің қаржылық-шаруашылық жағдайын тексеруді мемлекеттік емес тексеру-бақылау органдары - аудиторлар жүзеге асырады.
Мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің барысында материалды және ұйымдастырушылық сияқты екі түрлі қаржылық қатынастар қалыптасады.
Материалды қаржылық қатынастар мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыру және бөлу үрдісін, ақшалай қаржылардың қозғалысын қосымша реттейді. Бұл қатынастар нақты ақшаның төлеушілерден мемлекеттік қорға не болмаса. керісінше, мемлекеттік қордан оны алушыларға қарай бағытталуымен байланысты. Мысал ретінде мемлекеттік бюджетке түсетін салық, салық төлеушіден мемлекеттік бюджетке барса, керісінше мемлекеттік бюджеттен бөлінетін зейнеткерлерге төленетін зейнетақы, жетім балаларға төленетін көмекақылар бюджеттен азаматтардың әлеуметтік мүқтаждықтарына бағытталады. Ұйымдастырушылық қаржылық қатынастар мемлекеттің ақша, қаржы жүйелерінің, қаржыны мемлекеттік басқару жүйесінің, қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды, мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру барысында қалыптасады. Бұл қатынастар экономикалық сипатта болмағандықтан ақша қаржыларының қозғалысын жанамалайды. Бірақ, олар материалды қаржылық қатынастардың қалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Егер материалды қаржылық қатынастардың негізгі нысаны ақша болса, ұйымдастырушылық каржылық қатынастардың нысаны мемлекеттік қаржылық құрылым болып табылады.
Қаржылық бақылау. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылык іс-әрекетінің ақша-каржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады:
1) бақылау субъектісі;
2) бақылау объектісі;
3) бақылау заты (тақырыбы) ;
4) бақылаудың мақсаты;
5) бақылауды іске асырудың әдістері.
Қаржылық бақылаудың субъектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға құзыреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші объектісі болады.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне ілінген тұлғалар, нақты айтсақ:
1) мемлекеттік органдар;
2) мемлекеттік заңды тұлғалар;
3) мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
4) азаматтар жатады.
Қаржы құқығының қайнар көздері және ақшаның пайда болуы мен маңызы
Дүние жүзінде әр түрлі ақша айналымыңың жүйелері бар, ол тарихи даму кезеңдерінен өткен және әр мемлекеттің заңымен бекітілген. Ақша айналымыңың басты компоненттері мыналар:
- Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом, франк, марка, йена, крона және т. б. ) олар арқылы тауарлар мен кызмет көрсету бағалары белгіленеді.
- Несие және қағаз ақшалар. монеталар жүйесі, олар қолма-қол айналымдағы заңды төлем құралдары болып саналады.
3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша шығарудың заңды түрде бекітілген тәртібі.
4. Ақша айналымың реттеп отыратын мемлекеттік органдар.
Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар:
1. Металл ақшалар айналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын немесе күміс монеталар айналымда болады, олар ақшаның барлық қызметтерін атқарады.
2. Несие және қағаз ақша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға айырбастала алмайды, алтынның өзін айналымнан ығыстырады.,
Тарихи металл ақша айналымыңың (жүйесінің) биметализм және монометаллизм деген түрлері қалыптасты. Биметаллизм алтын мен күмісті пайдалану негізінде XVI- XIX ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде пайда болды. XIX ғасырдың соңында күміс өндірісі жағдайларының өзгеруіне сәйкес ол құнсызданып, алтынмен арасалмағы өзгерді. Күміс монеталардың көбеюі оларды шығаруды тоқтатты. Сейтіп биметаллизмді монометаллизм ауыстырды, мұнда ақша материалы болып, бір ғана металл - алтын есептелетін болды. Қағаз және несие ақшалары осы металға еркін айырбасталады.
Монометаллизмнің үш түрі белгілі: біріншісі - алтын монеталы стандарт.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін қолданылып, қағаз және несие ақшалардың алтынға еркін айырбасталуымен сипатталды.
Екіншісі - алтын кесек стандарты. Ол Англия мен Францияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде енгізілді. Мұның ерекшелігі құн өлшемінін алтынға айырбасталуы, тек ол өлшем алтын кесегі стандартының бағасына сәйкес келуі тиіс.
Үшіншісі - алтын девиздер стандарты, ол 20-жылдарда көптеген елдерде енгізілді, мұнда банкноттарды алтынға шағылған шетелдік валютаға (девиздерге) айырбастады. 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономиқалық дағдарыс монометаллизм дәуірін тоқтатты.
XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап батыс елдерінде бірте-бірте несие ақша жүйесі қалыптаса бастады. Оның айрықша белгілеріне мыналар жатады: несие ақшалардың үстемдік жағдайы, алтынның айырбастан кетуі, банкнотты алтынға айырбастауды жою және оның алтындық мазмұнын жоққа шығару; жеке кәсіпкерлерге, мемлекетке несие беру мақсатында ақша эмиссиясын күшейту; қолма-қол емес айналымды айтарлықтай кеңейту; ақша айналымың мемлекеттік реттеу.
Қазіргі кезде қағаз және несие ақшаларды шығаруды мемлекет тікелей өз билігіне алды.
Ақша массасы дегеніміз не?
Ақша массасы - халық шаруашылығындағы тауарлар мен кызметтің айналымың қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Олар жеке адамдарда, кәсіпорындарда, бірлестіктер мен ұйымдарда және мемлекетте болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, сонымен қатар, төмендегі нормативтік құқықтық актілер жатады: Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. 24 сәуір, 2004 ж; «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 2001 жылғы 12 маусым; «ҚР-дағы БАНКТЕР ЖӘНЕ БАНК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ» Қазақстан Республикасынын 1995 жылғы. 31 тамыздағы Заңы; «ҚР-дағы ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТУРАЛЫ» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz